Жүгіртпе жол ӘзірбайжанғА 50 электровоз экспортталады



жүктеу 0.75 Mb.

бет6/8
Дата09.09.2017
өлшемі0.75 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8

ТҰРСЫНҒАЗЫ

ТӨЛЕУБАЙҰЛЫ  РАХИМОВ

Ал,  дүниеден өткенде өкінесің. Көзі тірі

кезінде ол кісілерге  деген  ыстық   ықыла-

сыңды,  оның  қасиеттерін    халыққа,  елге

жеткізбегенің  үшін  өкінесің.  Ол  адаммен

жақын  араласып,  жақсы  білетін    адамдар-

дың  сараңдық жасағанына  ренжисің. Ұлы

адамдардың  бірін-бірі    жоғары    бағалай-

тын  қасиетінің  ағаларымыздың  мінезінде

жоқ  екендігіне  таңырқайсың.  Ағаларымыз

бәрі  де  мықты,    үлгі  алар  жандар,  бірақ

неге  бірін-бірі  мойындамайды.

Мэлс  аға  жөнінде,  оның    елге  сіңірген

еңбегін,  асыл  қасиеттерін  менен  де  жа-

қын  араласқан,  жақс ы  білетін  ағаларым

жазса   деп      тосып  едім...

Таяуда  Мэлс  Тәшеновке  арнап  балала-

ры ас берді. Мэлс аға жөнінде жұбайы  Ер-

кеш  апай  естелік    кітап  шығарған  екен.

Оқып  шыққаннан  кейін  мен  де    бір  пікір

жазсам  деген  ой  келді.

Студент  кезімізде    Семейдегі    Гоголь

атындағы  кітапханадан  шықпаушы  едік.

С аб ақ   о қуғ а  д а,   к ер ек ті  к іт ап тары ңд ы

сұраныс  беріп  алдыруға  да  қолайлы.  Оқу

залында    отыратындардың  дені  студент-

тер.  Сол залда   Мэлс ағаны көрем.  Қалың

кітаптарды  алдырып,  оның  ішінен  бірде-

ңелерді  жазып отырады.    Өзім  туып-өскен

ауылдың  шаруашылық  директоры болып

істейтін    ұзын  бойлы,  аққұба  өңді,  жүріс-

тұрысынан  өзгеше  байсалдылық    байқа-

лып  тұратын,  үлкенге  де,  кішіге  де  ілти-

патпен  амандасып  жүретін,  өте  мәдени-

етт і  М ек еңд і  ү йд е  қ он ақт а    бо л ғ анд а

көргенмін.  Осы  кісіге  деген  әкемнің  пікірі

де  ерекше  болатын.  Өмірдің  ащы-тұщы-

сын  көп  көрген,  ұзақ  жыл    бас шылықта

істеген    әкемнің  көңілі  жөпшенді???  ада-

мғ а  тола  қоймайтын.    "Көп  тыңдап,  аз

сөйлейтін  осы  бауырым  алысқа    шабатын

болады"-  деп  қояды.  Сөз  төркінін    жете

аңғара  бермейтін  баламыз    ғой,  шабады

деген    сөздің  мәнін  де    ұғынбаймыз.

Қазір ойлаймын, қалаға  біраз күнге  ба-

рғанда  басшылардың  кітапханаға  барып,

кітап оқуды былай қойғанда, мәдени орын-

дарға    бас  сұққандары  бар  ма  екен  деп.

Коммунистік  партияның      шатқаяқтап,

Кеңес  өкіметінің    құрдымға  кетер  кезінде,

елімізде    саяси,  экономикалық  дағдарыс

дендеп    тұрған    шақта,  қандай  жолмен

жүруді    таңдап  ала  алмай    тұрған  сол  бір

ал ас апыр ан  кез де  ауд анд ы  б ас қ арғ ан

Мэлс   ағаға   қандай салмақ түскенін екінің

бірі  сезіне алмас. Әкімдік  жүйе әлі құрыл-

маған  уақыт.  Аудандық  партия    комитеті

мен  аудандық  Кеңестің  басшысы  болып

бірінші  басшылықты  біріктірген    сол  кезде

Мекең аудандық  партия комитетінің нұсқа-

ушысы  болып  істеген  маған  аға  референт

деген  жұмысты    ұсынды.  Қазіргіше    айт-

сақ, жалпы Бөлім басшысына  әлде көмек-

шіс іне  келе  ме  екен,  сондай  бір  қызмет

болды.  Ол  кезде    елде  жоқшылық  боп,

дүкен  сөрелері  бос  қалған,    соны  пайда-

ланып  саясат    жасаушылар  көбейген  кез

ғ ой.  Өтінішпен  қабылдауғ а  келгендерді

кіргізу,  жазып  алып,  орындалуын  жауап-

ты  адамдар  арқылы  шешкізу,  бақылауға

алу  -  менің  міндетім.    Мекең  маған  үлкен

сенім  артып,  жеңіл-желпі  шаруаларды  өз

атынан  шеше  беруді  де  тапсырады.  Жоқ-

шылық  не істетпейді, біреу ақырып келеді,

біреу бақырып келеді, біреуі ашуын  шақы-

рып  келеді.  Мекең  көңілі  ақ,    жүрегі  нәзік

адам, не нәрсені  жақын  қабылдайды, со-

лармен  бірдей  қайғырады.    Соны  ойлай-

мын  да,  жаңағыдай  келген  адамдарды  ол

кісіг е  кіргізбей  жайлап,    жұбатып,  мәсе-

лелерін    шешкізіп  қайтаруға  тырысамын.

Мэлс  аға  оны  байқап  жүреді  екен.  Кейін-

нен    маған    сондағы    ісіме    ризашылығын

білдірді.

Ол  кезде    ауданның  бірінші  басшыла-

рының  төрінде Одақтың  Бас хатшысының

суреті  ілінетін.    Мекең  бір  күні  мені    шақы-

р ып   ал ып ,   о с ы   с урет ті  ай ыр б ас тау

жөнінде  тапсырма  берді.  Мен  Бас  хатшы

жаңа  ғана    сайланғандықтан  суреттің

бізде   жоқ    екендігін  айтып едім,  Мекең

маған: "Бұл жерге  М.С.Горбачевтың су-

ретін  емес,  Ұлы  Абайдың    суретін  тау-

ып іл, Абай - мәңгілік,  қалғанының бәрі

уақытша  емес  пе?"  -  деді  жымиып.  Ол

кезде  аудан  коммунистерін  бас қарып

отырған  Мэлс  ағаның  бұл  с өзі  үлкен

ерлік  те,    көрегендік  те  еді.

Ауд анда  әкімш ілік  жү йе    орнағ ан

кезде Мэлс Тәшенұлы аудан әкімдігінен

бас  тартып,  аудандық  Кеңес    төрағасы

болып қалды. Аудандық Кеңесте сессия

өткізуден  басқа    жұмыс  қалмады.  Жал-

пы  бөлім    меңгерушісі    деген  іш  пысы-

ратын  лауазымнан  Би  Боранбай  атын-

дағы  мектепке  директор  болып  бару-

ымды   Мекең  өзі   құп  көрген   еді...

Мэлс  Тәшенұлының  мінезі  де,  таби-

ғаты да басқаша тұлға еді ғой.  Өздерін

ір і  т ұ тқан  т алай лардан   ж оғ ары  ед і.

Аудан    әкімінің    орынбас ары  болып

қызмет    істеп  жүргенде    аудан  әкіміне:

"- Айеке, Мэлс  Тәшенұлы қаншама жыл

аудан басқарды. Ол кісінің  орынбасар-

лары,  мекеме  басшылары  болғандар-

дың  барлығы  сұрап  жүріп,  кісі  салып

ж ү р іп ,     л ай ық т ыс ы  д а,   б ас қ ас ы   д а

ауд анны ң  Құ рм етті  азаматы   атағ ын

алды.    Бір  кісі    лайық  болса,  осы  кісі

лайық  қой,  Алматыға  көшкелі  жатыр"  -

деп  едім.    "Ол  кісі  өзі  көнсе    қарсылы-

ғым жоқ" - деді. Мэлс ағамен екі-үш рет

сөйлесіп  едім,  ол  кісі    келіспеді.  Айта-

тын уәжі "Халық сені құрметті деп есеп-

тесе  болды, ол атақты алсаң да,  алма-

с аң   да  қ ұ рм етт іс ің.   Әк імн ің  бер г ен

атағы саған құрмет бола ма, ол -  үлкен

сұрақ"  -  дейді.  Алған  бетімнен  қайтпай

мен  араға  Еркеш  апайды  салып,  бірге

отырып  үгіттеп  көндіруге  бір  күн  кетті.

Осы  атақты  алған  кезде  марапатқа  де-

г ен  ризашылықпен  бірге,  туғ ан  елг е

деген  сүйіспеншілігі,    махаббаты  айқ-

ын сезіліп тұрды. Мекең Ақсуаттан "Тар-

бағатай   ауданының  Құрметті  азаматы"

болып  көшті.

Ол  кісінің  аса    білімдарлығын  кез-

келген  адам  мойындауы  тиіс.    Маман-

дығын    сондай  жетік    меңгерген  Мэлс

ағаның  ғылымның  қай саласын  алсаң

да  терең  білімі  бар  екеніне  көзің  же-

тетін.


Бірде  Мэлс    ағамен  қасында  орын-

басары  бар  қалаға  сапар    шектік.  Сол

күні  жазушы    Оралхан    Бөкеев  дүние-

ден    өткен  еді.  Мен    сияқты  Мекең    де

Оралхан   Бөкеевті   ерекше   бағалайды

екен.  "Оралхан   көзі   тірісінде  -  ақ    өзін

классик  жазушы  ретінде    мойындатып

кетті"-  деп  бастаған    Мэлс    аға  қалаға

жеткенше    жазушының    шығармалары-

на   талдау жасап  барды.    Өзімнің   тіке-

лей    мамандығым    болғандықтан    та-

лай  ғалымның,  әдебиет    зерттеушілері

мен    с ын шыларының    тал дауларын

оқып    жүрсек  те  Мекеңнің    талдағаны-

на    таңғалдым.    Сол  жолы  әдебиетші

ретінде    мойындап,  басымды  идім.

М эл с   ағ а  б аян ды     ш ебер    тарт а

білетін.    Шаруашылық    басшысы    бо-

лып  жүргенде    қолына  баянын  алып,

түн  ортасына    дейін    жалықпай    көрке-

м өн ер п аз дар ды     д ай ы нд ай т ын ын ,

атақты  сазг ер  Мақан  Баймурзинмен

екеуі  сахнаға    арнап    концерттік    бағ-

дар ламал ар    ж ас ай тынын   ауыл дың

баяншысы,  өнерпаз ағам Дүйсеш  өне-

р ін е    тә нт і  б ол ы п,   р и зашы л ық пен

әңгімелейтін.

Ел көзіне ерте түскендігі ме, ол кісіге

ауру  ерте  ілікті.  Алайда,    сол  аурудың

қыр-сырын  қарап,  одан      жазылудың

жолын    дәрігерлерден    артық  зерттеп,

онымен  күресіп,  басқаларға    кеңес  бе-

руші  еді.  Дәрігерлердің  өзі мойындай-

тын.


Мекеңе берілген осы атақ  халықтың

бер г ен  бағ ас ы  ед і.  О л  кіс інің   өмірі,

т ұ р ғ ан   т ұ ры с ы ,   азам ат ты қ   к елб ет і

кейінгі  жастарға  үлгі-өнеге  болуы  тиіс.

Мэлс  ағаны    кейінгі  жастар  жақсы  білу

үшін    қазірден  іс-шара  жасап,    өнегелі

өмірін  көпке үлгі  ретінде  тарату бүгінгі

ұрпақ    еншісінде  дегім  келеді.



Қуанышбек  БЕЙІЛҒОЖИН,

Тарбағатай  ауданы

Басшылар жөнінде пікір айту,

әрине қиын. Ол басшылықта

отырғанда  жақсы істерін,

біліктілігін,   қасиеттерін айтқың,

жазғың келеді. Солай  айтып,

жазып ұпай  жинайтындар қазір де

көбейіп тұр ғой. Ол дұрыс па, қате

ме кім біледі...

қазасына қайғырып, жылама-

ғаны жоқ-ау, сірә. Әншінің өз

орындауындағы  "Сәби  бол-

ғым келеді" әнінің өзі әншіні

ж о қ т а п   т ұ р ғ а н да й   б ү г і н

қ ұ л а қ қ а   тым  м ұ ң ды   е с т і -

леді…


Жазушы, Астана қаласын-

дағы  "Отырар"  кітапханасы

ғ ылым и  о рт алығ ы ны ң  ди-

ректоры  Тұрсын  Жұртбай,

а қ ы н   Н е с і пб е к   А й т ұ л ы ,

к ү йш і - к о м по з и т о р   Се к е н

Тұ р ы с б е к о в ,   а қ ы н   Х а с е н

Зә к әр ия,   ә н ші ле р   -  Ер к і н

Шүкіманов, Гүлмира Сарина

т.б.  өңір іміздің  айтулы  ұ л-

қыздары  Астана  мен  Алма-

ты дан ,  о блыс   аудан дар ы-

нан  ағылып  келіп  жатты.

Ма рқ ұм ның   о тба сы   м ен

туған-туысқандарына  көңіл

а йт қ ан   Се м ей  қа лас ы ны ң

әкімі  Ермак  Сәлімов  Тұрсы-

н ғ а з ы     Тө ле у б а йұ лы н ы ң

м ә ң г і лі к   м е к е н і н д е г і   ү йі н

қалалық  әкімшілік  тұрғызып

беретінін  жеткізді.

Несіпбек  Айтұлы,  Тыныш-

тықбек  Әбдікәкімовтер  қош-

тасу жырын оқығанда, егіліп

тұрған  көпшілік  жүрегі  езіліп

кеткендей,  жанарлардан  жас

ыршып-ыршып  кетті.

Сүйікті  әншісіне соңғы  рет

қош  айтқан  қа лы ң  қауым  -

қазақ елі  соңғы рет шапалақ

соғып,  ардақты  ұлын  ақтық

сапарға  шығарып  салды.



Қош!  Қош!  Қош!

Жаныңыз  жәннатта

болсын!  Қабіріңіз  нұрға

толсын!

О. Байуақов,

Д. Байуақова,

Д. Жақсыбаев,

К.  Райыс,

М.  Калачян,

В. Саурова,

С.  Байқадиев

және "Ертіс өңірі",

"Спектр"  газеттері

мен  "ТВК-6"

телеарнасының  ұжымы

Қазақ өнері тағы бір дүлдүлінен айырылды.

2016 жылғы ақпанның 26 жұлдызында алаш-

тың ардақты әншісі, сазгер, Қазақстанға еңбек

сіңірген мәдениет қызметкері, Мұқағали Мақата-

ев атындағы сыйлықтың және "Ерен еңбегі

үшін" медалінің иегері Тұрсынғазы Рахимов

өмірден озды.

2016  жылғы  2  наурыз

Әңгіме әлемі

Табиғаттың құдіреті болар, адам бала-

сы  емін-еркін  сыйып  кетерліктей  болып

ойылып  жасалған  қуыстан  ақырын  ғана

аттап-аттап  басып  шықты  да,  тырнаның

мойнындай  ұп-ұзын  мойынын  ары-бері

бұрып  айналаға  көз  жүгіртіп  еді,  таңғалғ-

аннан  көздері  алақандай  болып  кетті.

Алақандай болмағанда қайтсін, түннің бір

уағында  басталып,  көзді  ашып-жұмған-

ша  дүниені  дүрліктіріп  жіберген  ғаламат

сел…  жүріп  өткен  жерінің  бәрін  де  жай-

пап  өтіпті.

Өз  көзіне өзі  сене  алар  емес  -  алапат

тасқын  атандай-атандай  тастарды  дома-

латып  әкеліп,  қаздай-жездей тізілген  кот-

тедждер  арас ына  шашып  тастапты.

Құдды  біреу  қолымен  әдейілеп  тұрып,

құмалақ  шашып  жібергендей  -  дөңкиіп-

дөңкиіп  жатыр.  Қаланың  шіріген  бай-ба-

ғыландары  мен  қарапайым  қазақтары-

ның қараша үйлері аралас-құралас салы-

нған  осынау  аумаққа  бұл  бағана  -  түнгі

екілерге  қарай  келген  болатын.  Өзінің

жоспары  бойынша  екі бірдей  зәулім  үйді

үптеп  (тонап)  кетуге  тиіс  еді,  аяқастынан

басталған  алай-дүлей  с ел  тас қыны

мұның  алдын-ала  құрылған  жоспарының

тас-талқанын  шығарды.  Әйтеуір  өзі  аман

қалды, әйтпесе атандай-атандай тау тас-

тарының  бірінің  астында  қалғанда,  жағ-

дайының  не  болары  тіпті  де  белгісіз  еді.

Осы бір қуысқа тығылып үлгерді, апақ-са-

пақта абдырап жүріп. Сөйтсе де… сөйтсе

де  "үмітсіз  -  шайтан"  дегендей,  мұның

жолы  оңғарылайын  деп  тұрған  сияқты,

өйткені енді ғана ағарып  атқан таң шапа-

ғының  астынан  анық  көрініп  тұр  -  быт-

шыты шығып  жайрап жатқан коттедждер

мен  орташа  келген  қараша  үйлер  аума-

ғында  тірі  жан  жоқ.  Тіпті де тірі  жан  жоқ.

Тәрізі,  кейінгі  кездері  төтеннен  келетін

апат  атаулыдан  әбден  жүректері  шайлы-

ғып  қалған  қала  тұрғындары  астаң-кес-

тең  басталысымен-ақ  үй-мүйлерін,

дүние-мүліктерін  тастай  қашқанға  ұқсай-

ды.  Ал  керек  болса,  мұндай  да  сәттілік

болады екен-ау, ә! Бұл өзі соңғы уақытта-

ры  "қолы  жүрмей",  соның кесірінен "кол-

легаларынан"  әжептәуір  "сөгіс"  естіп

жүрген әккі "трассовиктердің" (трассовик-

тер - жол үстіндегі жолаушыларды авто-

бус сияқты қоғамдық көліктерді тонайтын

ұрылар)  бірі  еді,  соңғы  бірнеше  айдан

бері  "мамандығын"  өзгертіп,  "домушник"

(домушник - үй тонайтын ұрылар) болып

кетті  -  "басекесінің"  бұйрығымен.  Бұл

аумаққа  да  сол  -  алдын-ала  көзделген,

алдын-ала "арнайы зерттеуден" өткен екі

коттеджді  "тазалап"  (тонап)  кету  мақса-

тымен  келген  болатын.  Ендігі  жоспар

өзгеретін  болды.

Әлгінде  ғана  өмір  мен  өлім  арасы-

нан  әрең-пәрең  дегенде  аман  шыққан

"домушник"  айналасына  тағы  да  әккі

ұрының  кәсіби  барлаушыға  берг іс із

көздерімен  тіміскілене  қарады.  Ешкім

жоқ!  Точно  ешкім  жоқ!  Анадайда  ғана

бес-алты адам тау жаққа жалтақ-жалтақ

қарап,  қаланың орталығына  қарай  безіп

барады.  Ал  көшелердің  өзінде  тырп  ет-

кен  көлік  жоқ.  Бар  болғандарының  өзін

тау тастары мен сел айдап әкелген бат-

пақ  басып  қалған.  "Домушник"  бірден

түсінді. Мұндай сәтті… осыншама аумақ-

та  бір де  бір адам  жоқ мұндай  ыңғайлы

сәтті  босқа  жіберіп  алмау  керектігін  "до-

мушник" бірден түсінді. Бірден түсінді де,

манадан  бері  көзінің  тура  алдында

көлбеңдеп  тұрған  жап-жақын  жердегі

екі  қабатты  коттеджге  қарай  бүкшең-

бүкшең етіп зымырай жөнелді. Осындай

саяқ  "жұмыстары"  кезінде  жанынан  та-

стамайтын  үп-үлкен  "қытайский"  қара

сөмкені  қолтығына  қысып  алды.  Баға-

на…  сел басталған  кезде тастар  тасқы-

нынан  аман  қалу  мақсатымен  сасқалақ-

тап,  ары-бері  безіп  жүрген  кезде  осы

сөмкесін лақтырып  тастамақшы да  бол-

ған.


Енді міне, сол бір сасқалақ кезде лақ-

тырып  тастамағанына  да  қатты  қуанды.

Бір  кезде  бірдеңе  есіне  түскендай,  ке-

нет  тоқтай  қалды.  Тоқтай  қалды  да,  се-

рейг ен  мойнын  ирелеңдете  с озып,

көзінің тура алдында алақандағыдай ап-

анық  көрініп  тұрған  иесіз  үйлерді  "до-

мушниктің"  әккі  көзімен  тағы  бір  қарап

өтті.  "Дұрыс,-  деді  өзіне-өзі  күбірлей

сөйлеп,  -  құдай  өзі  бере  салайын  десе

осылай  -  "форточкадан-ақ"  бере  сала-

ды. Мұндай сәтті тез-тез, әрі тиімді… өте-

өте  тиімді  пайдалану  керек.  Анау  бір

қатар-қатар тізілген үш-төрт үйді зырыл-

датып  аралап  шықсам  болды,  мына

сөмкем  сонымен-ақ  толып  қалмай  ма?

Тек… тек арқалауға ыңғайсыз ауыр-пау-

ыр,  үп-үлкен  заттарды  емес,  ақша-пақ-

ша, алтын-палтын сияқты қымбат нәрсе-

лерді  сыпырып  алу  керек  те,  жылдам-

датып  таю  керек.  Әйтпесе  шамалыдан

кейін  бұл  аумаққа  ЧС-тің  адамдары  да

келіп  жетеді.  Мұндай  сел  болатынын

"ЧС"  (чрезвычайная  ситуация  комитеті)

сияқты,  "акимат"  сияқты  "конторалар-

дың"  адамдарға  алдын-ал  ескертпегені

қандай жақсы болды,  ә?! Қандай жақсы

болды!.."

Кенет…  бірдеңе  шиқ-шиқ  ете  қалған-

дай болды. Селк етті. Селк етті де - ши-

қылдаған  дауыс  шыққан  жаққа  жалт

қарап еді - сол жағында… бір аттам ғана

жерде  бір  ит  жатыр  екен.  Осы  маңай-

дағы  байлардың  бірінің иті  болса  керек,

әп-әдемі  -  "ухоженный"  қазақы  қара

төбет!  Таудан  төмен  қарай  домалаған

атандай  тастардың  бірі  кәдімгідей-ақ

езіп… байғұсты басып қапты. Дереу жа-

нына жетіп барды да, өзінен көмек сұра-

ғандай  көздері  мөлие  қарағ ан  қара

төбеттің басынан шіреніп тұрып бір тепті:

"Жамандық шақырмашы-ей, итттің бала-

сы!".  Сөйтті  де  -  қайтадан  бүкшеңдей

жөнелді.  "Ұрыста  тұрыс  жоқ"  деуші  ме

еді-ей,  бір  білгіштер?!"

…Айналдырғ ан  жарты  с ағ аттың

ішінде бес-алты үйдің ішінен "қытайский"

қара  сөмкесін  шытырлаған  долларлар

мен  теңгелерге,  алтын-әшекейлерге,

қымбат-қымбат  сувенирлерге  толтырып

алған  "домушник"  бір  кезде  "уһ!"  деп

белін жазды. Рахат! Қандай рахат, ә! Бір

де  бір  адам  жоқ!  "Какое  везение,  а,  ка-

кое  везение!  Сегодня  просто  повезло!

Просто  повезло!".

  Қала  жақтан  енді-енді  ғана

"ЧС-никтердің"  көліктерінің  ши-

қылдаған дауыстары естіле бас-

таған  кезде    "домушник"  батпақ-

батпақ көшелерде шашылып жат-

қан… бірінің үстіне бірі қолмен қой-

ғандай  қаланып  қалғ ан  атандай-

атандай  тастардың  арасымен  мық-

шыңдап,  жан-жағына  алақтай  қарап

кетіп  бара  жатыр  еді…  кетіп  бара  жа-

тыр  еді,  қайдан  шыққаны  белгісіз,  ал-

дындағы  атандай  тастың  арғы  жағынан

сумаң  етіп  бір  овчарканың  шыға  кел-

месі бар ма? Жай ғана шыға келген

жоқ,  шыға  келген  бетте  шоқиып

отыра қалды да, сасқалақтап қалғ-

ан  "домушникке"  қарап  ырылдап

қоя  берді.  Ой-бай-ау,  енді  не  істе-

мек  керек?  Не  істемек  керек,  а?

Жалма-жан  оң  жағына  жалт  қарап

еді,  анадайдан  андағайлап  өзіне

қарай  жүгіріп  келе  жатқан  "ЧС-ник-

терді"  көрді.  Дереу  сол  жаққа  қарай

бұрылып  кетіп  еді,  аяғының  астында

езіліп  жатқан  асфальт  бетіндегі  жұп-

жұқа  батпаққа  тайғанап  кетті  де…  тайғ-

анап  кетті де  екі  қолы ербең-ербең  етіп,

етпетінен  түсті.  Сол-ақ  екен,  тура  жа-

нындағ ы  атандай  тас тардың  ү стіңгі

біреуі  кенеттен  қытыр-қытыр  қозғалып

келіп… қозғалып келіп, мұның тура осы-

лайша құлауын күтіп тұрғандай, арқасын

езіп-жаншып… басты да қалды. Қыбыр

ете  алмай  қалды.  Езіліп  барады.  Арқ-

асынан  басқан  атандай  тас  езіп  ба-

рады.  Ұрлаған  алтындары  мен  дол-

лар-теңгелері  салынған  "қытайский"

сөмкені  бауырына  баса  құлаған  еді,

әттең-әттең...  қызығын  көре  алмайтын

болды-ау! Қызығын көре алмайтын бол-

ды!  Несі  бар  еді-ай,  а,  осы  бір  атасына

нәлет  алтындар  мен  ақшаларда,  несі

бар  еді?  Кетіп  қалу  керек  еді  бағана…

кетіп  қалу  керек  еді  бағана  қала  жаққа!

Басы  аман-сау  тұрғанда!  Енді  не  бол-

ды, а? Енді не болды? Бітті ғой енді, бітті

ғой, енді бәрі де бітті ғой!

Шыбын  жаны  шырқырап,  үзіліп  бара

жатқанда кешегі "домушник",  бүгінгі "ма-

родер"  жігіттің  есіне  өзі  әлгінде  ғана  ба-

сынан  бір  тепкен  қазақы  қара  төбет

түсті.  Көздері  жәутеңдеп,  "құтқаршы

мені,  шығарып  алшы  мені  мына  атан-

дай  тастың  астынан…"-  деп  жалынған-

дай  қыңсылап  еді-ау,  ә?!  "Әй,  әттеген-

ай,  ә,  әттеген-ай,  ә!  Осы  бір  атасына

нәлет  алтындар  мен  ақшаларға  ұмтыл-

ғанша, сол итті құтқарып қалғаным дұрыс

болған болар ма еді, а, сол кезде? "Жеті

қазынаның  бірі  деуші  еді-ау,  ә,  итті,  ата-

мыз  қазақ!  "Жеті  қазынаның  бірі"  деуші

еді...".

…анадай  жерде  шоқиып  отырғ ан

овчарка  "ата-бабасында"  жоқ  әдетті

бастап,  тұмсығын  көкке  көтере  ұлып

қоя  берді…

u

lt.



k

z

Марат  МАДАЛИМОВ

Үлкен совхоздағы білдей

бір  бөлімшенің  меңге-

рушісінің ерке де шолжақай

қызы болды. Айтқаны айтқ-

ан,  дегені  деген  болып

өркөкіректеу  болып  өсті.

Үлкен  оқуға  түсуге  білімі

жетпеді,  әкесінің  арқасын-

да,  қаржының  күшімен  де

оқуға  болар  еді,  оған  өзінің

мойны  жар  бермеді.  Жас-

тық  шағын  оқумен  өткізсе

қызықты кештерге кім бара-

ды,  жігіт  біткеннің  есін  кім

шығарады?  Ойнаған от  ба-

сар  дегендей  осылай

жүргенде  от  басты,  аяғы

ауыр  екенін  кештеу  сезді.

Енді  не  істеу  керек,  ата-  анасы  өз  аброй-

ларын ойлап жастай жетім  өскен  момын-

дау  бір  жігітке  мұның  қарсылығына  қара-

май  тұрмысқа  берді  де  жіберді.

Ата- анасы шапқылап жүріп жігітке әжеп-

теуір қызмет те тауып берді, үй-жайын са-

лып  ерке  қызы  үшін

барлық  жағдайын  жа-

сауға тырысты. Молшы-

лыққа  үйреніп  қалған

ерке  қызға  бұл  аздық

етіп  күйеуіне  "анау  жоқ,

мынау 

жоқ"- 


деп

әрнәрсені  алдырып

жұмысындағы  қаржы-

дан  жұмсауға  мәжбүр

етті.  Бір  күні  қаржының

жетіспеушілігі  анықта-

лып  жігіт  байғұс  сотта-

лып  кете  барды.  Ата  -

анасы қолдағы бар қар-

жысын  жұмсап  жігітті

құтқарғанымен,  осы

жағдайға  байланысты

өздері  де  шаршап,  жұмыстан  айырылып,

ендігі  кезде  өздеріне  де  басқалардың

көмегі  керек  болып  тұр  еді.

Әйелінің шайпаулығы мен өмірде жолы

болмаған  соң  жетім  өскен  момын  жігіт

ішімдікке  құмарлау  болып  кетті.  Өмірге

келген үш ұл мен бір қыз  шешесінің ықпа-

лында  болып  ішіп  келген    әкелерін    үйге

кіргізбей   ұрып  -соғып  қуып шығатын  бол-

ды.  Күндердің  күнінде  әкелерінің  түбіне

осы арақ пен суық  күндегі күтімсіздік жетіп

о дүниеге  аттанып кете  барды.

Ұл-қыздар  ержетіп  үйленді.  Балалы-

шағалы болды. Жастайынан көрген тәрби-

есі  басқаша  болғандықтан    олардың  да

жүрегінде  мейірім,  шапағат,  ата-анаға  де-

ген  құрмет  атымен  жоқ  болды.  Күші  қай-

тып,  жасы келіп  қалған  аналарын  үш  ұлы

да  үйлерінен  қуып  шығарып  жіберді.  Ба-

рар жері жоқ аналары үш ұлын сотқа беріп

көшеде  қаңғырып  жүр.

Кім  кінәлі,  заман  ба,  қоғам  ба,  әлде

өзіміз  бе?..

Смайыл  ЫБРАҚҰЛЫ


2016  жылғы    2  наурыз

Санкт-Петербор  қаласы  ежелден  көп

конфес сиялы  шаһар  болғ ан.  Қалың

мұ сылман  қауымы  орналасқанына

қарамай  қалада  ұ зақ  жылдар  бойы

бірде-бір  мешіт  болмаған.  Мешіт  салу

туралы  мәселе  алғаш  рет  1882  жылы

көтеріледі.  Сол  кездегі  Ресей  мұсыл-

мандарының  мүфтиі  Тевкелев  Ішкі  істер

министрі  граф  Толстойға  қайырылып,

келісімін  алады.  Дегенмен  бұл  мәселе

ұзаққа  созылып,  тек  1906  жылы  ғана

Санкт-Петерборда  мешіт  құрылысын

жүргізу үшін арнайы Комитет құрылады.

Мешітке  кететін  қаржы  Ресей  империя-

сындағы  күллі  мұсылмандардан  ерікті

түрде  жиналатын  болып  шешім  шыға-

рылады.  Ахун  Г.Баязитовтың  бастама-

сымен жүргізілген мешіт құрылысына он

жыл  бойы  губерниядағы  татарлар  мен

башқұрттардан,  ортаазиялықтар  мен

қазіргі  Қазақстан  аумағындағы  мұсыл-

мандардан  ерікті  түрде  қаржы  жинала-

ды.  Жер  сатып  алу  үшін  Бұхар  әмірі

Сейд-Абдул-Ахат-хан 500 мың рубль бе-

реді.  Әзірбайжанның  мұнай  магнатта-

ры да ақша бөледі. Ақша жинау үшін ұтыс

лотереялары  ойнатылып,  мемлекеттік

құнды қағаздар, мешіт құрылысы бейне-

ленген  пошталық  маркалар  шығарыла-

ды.  1907  жылы  II  Николай  патша  қала

орталығынан  мешіт  құрылысына  жер

бөлуге рұқсат етеді. Жергілікті тұрғындар

бұған  қарсылық  білдіріп,  қаланың  сыр-

тына  салынсын  дегенмен,  1910  жылы

9  ақпанда  Бұ хар  әмірінің  биліг іне

25  жыл  толу  құрметіне  орай  мешіттің

іргетасы  қаланады.  Жобаның  авторла-

Л аң к ес т ік  

( т ер р о р и з м )

п ен   э к с т р е м и с т і к   ә р е к ет -

т ер д ің   к ө р ін іс   б ер уін ің   с е-

бептері  бірнешеу.  Бас ты  с е-

беп - діни сауаттылықтың тө-

мендіг і.  Мұ ны  білмес тік  де-

л ін е д і ,  

д ү н и е т а н ы м н ы ң ,

мәдениетінің  тарлығ ы.

О с ы нд ай   м әд ени ет ін де,

д ү н иетан ым ын да  к емш іл іг і

бар,  сауаты,  санасы  төмен-

дерге  миссионерлер  жолыға-

ды .  Ми с с и онер лерд ің  ү г іт і,

айла-әрекеттері  көп,  шама-

лап  қаржы  ұсынады.  Сөйтіп,

сектаның  белді  мүшесі  болып

шыға келеді. Енді олар сектаға

отбасын,  жолдас-жораларын

тарта  бастайды.  Патриоттық

с ез ім   м ү лд е  ұ м ы ты лады .

Сезімі  уланған.  Енді  ол  руха-

ни  күйге  түседі,  тұлға  ретінде

қалыптасу  жолынан  адасады.

Құ қықтық  білімінің  кемшіліг і-

нен,  адамг ершілік   с анан ың

төмендігінен  тұрмыстық  ома-

луға  айналып,  кедейлене  ба-

стайды.


Дін Ислам - діңгегім


1   2   3   4   5   6   7   8


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал