Жүгіртпе жол ӘзірбайжанғА 50 электровоз экспортталады



жүктеу 0.75 Mb.

бет5/8
Дата09.09.2017
өлшемі0.75 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8

жаң медицина университетіне барған-

нан кейін әлбетте ханзуша білім алды-

ңыздар,  Жапонияға  барып  8  ж ыл

оқ ығанда  ж апон  тіл інде  ж ұм ыс

істедіңіз. Бүгін Шыңжаң университеті-

нде лекцияны кілең ағылшын тілінде

сөйледіңіз. Демек қазірге  дейін  төрт,

бес тілді біледі екенсіз. Ал ана тілдің

құдыреті неде деп ойлайсыз?

  -  Отбасымызда  қазақ  тілінде  көп

мәміле  жасаймыз.  Кішкене  кезімізден

бастап  қазақша  оқығанбыз.  Универси-

тетке  келгенде  ғана  ханзуша  оқыдық.

Онан  кейін  мен  универс итет  оқып

жүргенде  басқа  тілге  қызықтым.  Сол

кезде  менің  бір  мұғалімім  мынадай  бір

сөз айтты: "Егер сен  өз  ана тіліңе  жетік

болсаң,  басқа  тілді  оңай  қабылдайсың.

Өзінің  ана  тілін  толық  білмеген  адам

басқа тілді де шала үйренеді" деді. Мен

ол  кезде  бұл  көзқарасқа  онша  сенгім

де  келмеді,  бірақ  көп  жылдар  өткеннен

кейін ойласам сол дұрыс екен. Мен уни-

верситетке  келген  кезде  ағылшын  тілін

үйренгім  келді,  бірақ  ол  заманда  бізге

ағылшынша  класс жоқ,  мұғалім де жоқ.

Сол  с ебепті  Шыңжаң  медициналық

университетінен  Шыңжаң университет-

ке  әр  күні  кеште  келіп  ұйғыр  мұғалім-

нен  ағылшынша  сабақ  алдым,  қалмай

келетінмін.  Кейде  қыста  қатты суық  бо-

лады, көше автобусына қысылып сабақ-

тан  түсемін.  Тамақ  жеп  болып,  тапсыр-

маларымды  орындай салып, автобусқа

отырып  класқа  келетінмін.  Сонымен

бір күні соқыр ішек болып ауырып, бара

алмадым.  Сөйтіп,  ауруханада  жатсам

ағылшынша  мұғалімім  менің  көңілімді

сұрап  келіпті.  Қатты  әсерлендім.  "Сон-

ша    оқушыңыз  бар,  мені  елеп-ескеріп

неге  келдіңіз?"  дегенімде,  "Сен  әр  күні

қалмай  келетінсің,  сабаққа  келмей  қал-

ғаныңда үлкен себеп бар деп ойладым,

ауырып  қалғаныңды  естіп  келдім"  де-

гені    маған  өте  жігерлендіру  болды.

Содан  кейін,  тіпті,  қалмайтын  болдым,

сөйтіп  мен  ағылшын  тілін  өздігімнен

үйрендім.  Кейін  аспирантқа  емтихан

берген кезде ағылшын тілі едәуір көмек

болды.  Жапонға  барғанда  да  мен  жа-

понша  тіл  білмейтінмін. Ол  кезде  менің

ұстазым  менімен  ағылшынша  сөйле-

сетін.  Кейін  ұзақ  тұрғаннан  соң  жапон-

шаны да үйреніп кеттім. Ал енді Амери-

каға  барғаннан  кейін  орта  ағылшынша

болғаннан  кейін  тез  қабылдап  кетеді

екенсіз,  сонда  кейде  бір  тілді  сөйлеуге

тура  келіп қалады.  Мәселен,  ағылшын-

ша  сөйлеуге  тура  келеді,  сол  кезде

өзіңіздің  қазақшаңызды  қалай  сөйле-

сеңіз, екінші бір тілді солай сөйлеп кете

береді  екенсіз.  Менің  мұғалімімнің  сөзі

есімде,  балаларды  ана  тілін  жақс ы

үйренуге  тәрбиелеу  керек.  Тек  өзіңнің

ана  тіліңді  қанық,  жетік  білсең,  екінші

бір  тілді  оңай  қабылдайсың.  Өйткені,

ғылыми  жақтан  да  оның  жаны  бар  деп

ойлаймын. Адамның миында  тіл жүйесі

деген  болады,  тіл  жүйесі  жақсы  дамы-

са,  екінші  бір  тілді  оңай  қабылдайды.

Өзіңіздің    тілді шала білсеңіз,  екінші бір

тілді  де  шала  білесіз,  мен  бұған  алға-

шында  сенбегем.  Бірақ  өмір  жолымда

бірнеше  тілдерді  үйрендім.  Іс  жүзінде

с ол  көзқарастың  дұ рыс   екендіг інің

дәлелі.  Сондықтан  менің  балаларым

қазақшаны  жақсы  сөйлейді.  Ағылшын-

шаны, жапоншаны толық сөйлейді. Кей-

біреулер:  "Балаларыңыз  неге  қазақша-

сын  ұмытып  қалмаған?"  деп  айтады.

Меніңше  ұмытпаудағы бір себеп,  үйде

қазақ  тілінде  сөйлейміз.  Мен  оларға

қазақшаны  тастама  деймін.  Ана  тілін

жақсы  білс е,  екінші  бір  тілді  жақс ы

ү йренеді  дег енг е  қатты  с енімдімін.

Бірақ  олар  ағылшыншаны  да,  жапон-

шаны  да  жақсы  үйреніп  алды.  Ал  енді

жапондағы  басқа  қазақ  ата-аналар   ба-

лаларына  жапонша  сөйлейді,  жапон-

шаны  тез  үйренсін  деп.  Содан  олар

қазақшаны  ұмытып  қалған.  Ал  менің

ұстанған  жолым  басқаша  болды.  Мен

үйде  тек  қазақша  сөйлеймін.  Ал  ол  ба-

сқа  тіл  үйренуіне  кедергі  болмай-ақ,

одан да жақсы үйренуіне септігін тигізді

деймін.  Меніңше  балаларды  кішкене

күнінен  бас тап  ана  тілін  ұ мытпауғ а

тәрбиелеу  керек.



- Әңгімеңізге рахмет.

Қуандық КӨБЕН

Саудагер Керімберді Бабаевтың дүкені

2016  жылғы  2  наурыз

Сол бір кез...

сы күндері  Семейде мектепте

бірге оқыған достарым-

Төлеш, Ақылбай, Қалияс,

Әділжан,  Талаптан,  Мұқаметқа-

лилармен  аралас-құраласпын.

Әріптестерім бір төбе. Жалғыздық

көрер жерім жоқ. Бірақ, кәріліктің

тақау тұрғаны шығар, студенттік шақ,

сол кезгі достарым есіме жиі түседі.

Кейде  дөңбекшіген  түндерде  студент

жігіттер кеше ғана қол алысқандай

боп көз алдымнан кино лентасындай

өтіп жатады. Ақыры, осы мақала жа-

зылмай жүрек шіркін тынши алмас

деген ойға келдім.  Бураның қара са-

нындай қырық жылдан астам уақыт-

та достық сезімнің суымауы, оның

отының сөнбеуі ғажап қой. Сол

сезімнің  жан дүниеңді  тебірентіп,

жылы шуаққа бөлейтін құдіреті неде?

Ұлт данасы Абай:

Тартқан  бейнет,  өткен  жас  -

Жүректің  отын  сөндірмес.

... Пайда, мақтан бәрі - тұл,

Доссыз  ауыз  тұщымас  (1890)  -

деуімен сол құдіреттің тамырын

қалай дөп  басқан.

1968  жылдың  жадыраған  жазы.  Семей-

дегі  №1  мектеп-интернатты  тәмамдаған-

быз.  Бір-бірімізді  қия  алмадық  па,  әйтеуір,

әлденешеуміз  құжатты  Алматы  ауыл  ша-

руашылық  институтының  инженерлік  фа-

культетіне бірге тапсырдық. Бірақ сол жылы

әр  сала  мамандары  қосымша  Ресей  мен

Украина  оқу  орындарында  даярлансын

деген  үкімет  қаулысы  шыға  қалсын.  Талай

қазақ  баласы  әр  тарапқа,  қиыр  шетке  са-

пар  шекті.  40  жас  өрімнің,  оның  ішінде

менің  сыбағама  Оңтүстік  Оралдың  бас

қаласы  -  Челябі  (Челябинск)  тиген  бола-

тын.  Ол  тұрғындарының  саны  миллионға

тақаған  ірі  қала  екен.  Көк  түтіні  будақтаған

зауыты  көп.  Индустриялы  қаланың  зиялы

қауымы  мен  техникалық  интеллигенция-

сын Отан соғысы жылдары Мәскеу мен Ле-

нинградтан  эвакуациямен  келіп,  тұрақтап

қалғандар  қалыптастырған  екен.  Біздің

ауыл  шаруашылығын  механикаландыру

және    электрлендіру  институтының  қарт

ұстаздары,  міне,  сол  қатардан  еді.  Олар-

дың  аталмыш  оқу  орнында  білім  беру  мен

мәдениеттің  деңгейі  жоғары  болуына  өзге-

ше  әсері  болғаны  сөзсіз.  Аға  ұрпақ  біледі,

бұл  советтік  дәуірдің  таза  кезеңі-тұғын.

Яғни,  пара  берудің  иісі  де  жоқ,  ал  парток-

раттық  дерт  -  мәселені  тамыр-таныстық

жөнімен  шешу  әлі  белең  ала  қоймаған  тұс.

Ақ  қағаздай  тазалық,  қатаң  тәртіп,  күшті

ынта,  әрине,  сапалы  білімге  жол  ашады.

Челябі  облысы  -  сулы,  нулы,  таулы-тас-

ты  табиғаты  көздің  жауын  алатын  керемет

аймақ.  Айнала  жасыл  желек,  әр  селоның

жанынан  айдыны  жарқыраған  өзен,  көлді

көресің.  Бойшаң  ақ  қайыңдар  иілген  ұшы-

қиыры  жоқ  орман  мен  суы  сарқыраған  ал-

қаптар.  Ертегідей  табиғат  аясында  қара-

қат,  бүлдірген  теріп,  ақ  қайыңның  сорғала-

ған  шырынын  сімірген  сәттерім  еш  ұмы-

тылмастан  жадымда  жаңғырып  тұр.    Айта

өтері,  "Челябі"  татардың  сөзі,  ол  жасыл

ойпаң,  желекті  жер  деген  мағынаны

білдіреді  екен.  Тарихтың  үкімі  неткен  қатал!

Түркі этносына тиесілі шұрайлы аумақ - ба-

бамекен  бөтен  халықтың  қанжығасына

байланып  кете  барыпты.  Өзекті  өртейтін

өкініш,  тегі.

"Дамыған  социализм  орнықты.  Комму-

низм  ауылы  алты  қырдың  артында  емес.

Сол  үшін  тезірек  советтік  бір  халық  болып

тұтасайық!".  Сөз  болып  отырған  уақытта

осы  ұлыдержавалық  ұран,  идеология  бет

қаратпай  тұрған  болатын.  "Тоқпағы  күшті

болса,  киіз  қазық  та  жерге  кіреді"  демекші,

сол  Челябіде  оқып  жүргенде  шағын  ұлт-

ұлыс  (мордва,  черемис,  осмяк, пермяк,  чу-

ваш,  нағайбак,  башқұрт  және  т.б.)

өкілдерінің  орыстануға  мықтап  бет  бұрға-

нын  көзіміз  көрді.  Олармен  ұлт  мәселесі

жайлы  сырласа  қалғаныңда  "мектеп,  өнер,

тәрбие бәрі-бәрі  өзге тілге  ауысты да  кетті,

не  қылайық,  бізге  қарағанда  сендер  бақыт-

ты  халықсыңдар-ау"  деп  терең  күрсінетін

де  қоятын.  Осынау  бодандық  -  аса  бір

әділетсіз  тарихи  хал  жас  жүректі  сыздат-

пай  қоймайтын.  Басқаны  қайдам,  өз

көңілім  түкпірінде  қызыл  империяға  қарсы

лағынет,  қарғыс  сезімнің  шоғы  сөнбей,

қоламталанып  жататын.

Бұл  халді  Ресей  Федерациясы  құра-

мында  жұтылған,  яғни  тілін,  дәстүрін  сақ-

тай  алмаған  сан  алуан  сорлы  ұлттардың

тағдыры  бүгінгі  біздің  қауымға  сабақ  бол-

са,  солардың  кебін  кимесек  екен  деген

ниетпен  жазып  отырмын.  Заты  жоқ,  кар-

тада  әншейін  аты  ғана  қалған.  Бір  Құдай-

ым  осыдан  сақтасын  қазақты.      Тіл  жоқ

жерде  ұлт  жоқтығы  әлемдік  тәжірибеден

аян,  басы  ашық  шындық.

 Ол күнде кіші ұлттарды тұқыртып, ықты-

рып  алуға  бейім  орыстық  шовинизм

тұрмыстық  деңгейде  байқалып  қалатын-

ды.  Бір  топта  екі  қазақпыз.  Бес  жыл  тізе

қосып  бірге  оқыған  Оралхан  (Оқан)  Айдар-

ханов  өзімнің  жерлесім,  Семей  облысы,

Көкпекті  ауданының  тумасы  еді.  Оқу  жаңа

басталғанда  біздің  топтағы  Виктор  Голо-

вашев  деген  балаң  жігіт  аузы-мұрнын

қисайтып,  ыржыңдай  күлуін  қоймады.

Қасыңнан  "киргиз-балда", "басурман", "кел-

манда"  деген  балдыр-бұлдырды  құлағыңа

сыбырламай  өтпейді.  Оқаннан  сұрасам,

"әй, ол шовинист екен, маған да соны істеп

жүр"  деді.  Орайы  келді,  Витекеңе  жаза-

сын  тартқыздық.  Ол  пақыр  бірден-ақ  тәу-

бесіне  келіп,  жуасып сала  берген.  Сөйтсек,

ол  төңкеріс  кезінде  Тамбов  губерниясы-

нан Сібірге жер  аударылған Казачество се-

лосынан екен. Өзге ұлттарды кемсіту, мұқа-

ту  ана  сүтімен  қанға  сіңген  және  туған  се-

лосы  дарытқан  "тәрбие"  екен.  Кейінде

Оқан екеуі қатты достасып кетті, оны төмен-

де  сөз  етемін.

Жалпысында,  әділі  керек,  жанды  жа-

ралаған  бірде-бір  оқиға  болған  емес.  Ме-

ханика  факультетіндегі  125  студент  ұлта-

ралық  араздықтан  ада,  бір  атаның  бала-

сындай тату-тәтті өмір сүрдік. Студенттердің

көпшілігі  орыс  халқының  өкілдері.  Украин,

неміс,  татар,  башқұрт    ұлтының  азаматта-

ры  да  баршылық.

Қазақ  болмысынан  бауырмал  халық

қой.  Қазір  ойлап  отырсам,  қазақ  жігіттері

жырақта  жүргенде,  әсіресе,  үйірлесе  ке-

теді  екен.  Құшақтап  амандасамыз.  Көбіне

жұбымыз  жазылмай  бірге  футбол  ойнап,

мереке  күндері  де  бас  қосатынбыз.  Бұл

ұйымшылдыққа өзге ұлт өкілдері таңданып,

бас  шайқасатын-ды.  Ұлттық  рух  пен  сана-

мыз  да биіктен  көрінді.  Мысалға,  қазақ  сту-

денттерінен  домбыра  оркестрі  құрылып,

олардың  даңқы  бүкіл  облысқа  дүркіреп

шықты.  Бірге  оқитын  татар  Рауф  Сагитов,

Сафиуллин,  башқұрт  Сұлтан  Кидрасов  си-

яқты  талай  жігіттермен  әрқашанда  тілеу-

лес,  дәйім  жанашыр  болып  жүрдік.  Түркілік

қан  тартады  деген  осы  болса  керек.

Қабылдау  емтиханын  Алматыда  тапсы-

рып,  дәм  айдап  Челябіге  келген  біздер  -

ауыл-аймақтан  шыққан  қазақ  балалары,

көбіміз  орысшаға  шорқақ  болып  шықтық.

Мен  пақыр  алғаш  рет  Челябіге  әрең  жет-

кем.  Семейден  Новосібірге,  одан  пойыз

ауыстырып  Омбы,  Қорған  қаласы  арқылы

сапарлау  қайдан  оңай  болсын.  Факультет

деканы  Михеев  деген  кісіге  кіріп  келгенім-

де,  ол:  "Откуда?"  деді,  мен  оған:  "Семипа-

латинска,  сегодня  пришел  (приехал  деудің

орнына)"  дегенім  есімде.  Көпті  көрген  кәрі

декан  іштей  "Әй,  сен  оқып  жарытпассың"

дегендей  қолын  бір-ақ  сілтеді  де,  жатақха-

наға  жолдама  жазып  берді.  Амал  қанша,

бірінші,  екінші  курстарда  топырлап  құлап,

еліне  қайтқандар  көп  болды.    Орысшасы

менен  де  төмендер  термех,  сопромат  си-

яқты  ауыр  пәндерді  игере  алмады,  кейбі-

ріне  ауа  райы  жақпады.  Қысқасы,  Қазақ-

станнан  келген  40  жігіт  арасынан  мәреге,

яғни  диплом  алуға  жарым-жартымыз  ғана

жеткенбіз.

Қорытып  айтқанда,  жырақта,  Челябі-

де  оқығаныма  өкінген  емеспін.    Бір  ғана

жамандығы  -  бес  жыл  бойы  бауыр  басқ-

ан  дос-жаранмен  мәңгіге  қош  айтысасың.

Менің  жаныма  жақын  көрген  достарым  -

Геннадий  Чигинцев  және  Владимир  Чи-

няев  деген  жігіттер  еді.  Гена  томаға-тұйық

жан,  тіпті  тартқан  гитарасынан  да  аса

мұңды  үндер шығаратын. Володя да ауыр

мінезді,  ол  күрделі  пәндерді  шемішкеше

шағатын  алтын  басты  азамат  еді  (ау,  дос-

тарым,  қайдасыңдар?  Тағдырларың

қалай  қалыптасты?).

Осымен,  достық  сезім  деген  бастапқы

сөзіме  қайта  оралайын.  Алғашқы  курстар-

да  спорт  секциясына  жаппай  қатыстық,

онан кейін қол үздік. Неге? Өйткені, оқу мен

спортты  қатар  алып  жүру  -  бірлі-жарым

нағыз  табандылардың  ғана  еншісі.  Біздің

топта сондай  екі адам - жоғарыда  аты ата-

лған  Виктор  Головашев  пен  Оралхан  бол-

ды.  Виктор  күрестен,  Оқан  бокстан  спорт

шеберіне  кандидат  нормасын  орындады.

Бұрынғы  олпы-солпы  ауыл  баласы  Викто-

рға  қызыға  қарайтынбыз  -  соңғы  курстар-

да  бұлшық  еттері  бұлт-бұлт  ойнап,  оның

денесіне  мүсінші  қалыптағандай  сұлулық

бітті.    Екі  дос  та  облыс  чемпионы  атанды.

Екеуінің  ұғысып,  ажырамай  жүруіне,

әрине,  үлкен  спорт  септігін  тигізді.  Мыса-

лға  жазда  Челябі  іргесіндегі  Шершневка

деген  зор  су  қоймасына  шомылуға  бара-

тынбыз.  Сонда  Виктор  мен  Оралхан  әрең

көрінетін  арғы  жағалауға  (2-3  шақырым)

малти  жөнеледі,  өзгеміз  ортаға  жетпей-ақ

кері  қайтамыз.

Ол  күнде  жылына  екі  мәрте  ауылды

жерге  өндірістік  практикаға  шығатынбыз.

Үшінші  курста  бір  ай  күзгі  пішен  даярлау

әрі  егін  ору  науқанына  қатысу  үшін  бір  се-

лоға  келіп,  орналастық.  Мына  1971  жы-

лғы  сурет  соның  куәсі  -  бес  дос  (Оралхан,

Гена,  Володя,  Витя  және  мен)  бірге  отыр-

ған  сәтіміз.

Қаладан  жырақ,  цивилизациядан

аулақ  орман  арасында  мимырт  жатқан

село  тұрғындары  адам  идеалын  көрген-

дей  таңдай  қағысты.  Өйткені,  біз  арақ,  те-

мекі,  бейпіл  сөз  дегендерден  мүлдем

аулақ  едік.  Сенбі  күні  ауыл  клубына  кино

көруге  барамыз,  кейде  азын-аулақ  биге

араласамыз.  Жексенбіде  зеріксек  өзен

жағалаймыз,  орманнан  саңырауқұлақ

жинауды  ермек  етеміз  (теледидар,  радио

жоқ  ол  күнде).  Мұндай  идеалды  жүріс-

тұрыс  ұнамаса  керек,  әлде  бойжеткен-

дерін  қызғанды  ма,  кім  білсін,  жергілікті

телі-тентектер  тарапынан:  "таяуда  Челя-

біден  атаман  келмек,  сонда  быт-шытта-

рың шығар, бәлем" деген доңайбат естіліп

қалатын.  Оған  мән  де  берген  жоқпыз,  со-

қталдай  бес-алты  жігітті  жау  алып  көр.

Бір  түні  шырт  ұйқыдан  шошып  ояндық.

Әлдекімдер  есікті  дүңкілдете  тепкілейді.

Есікті  аша  сала  4-5  пацанның  сау  ете

түскені.  Түсі  суығы  атаман  көрінеді,

"Қырам,  жоям!  Сілімтік  өңшең!"  деп

өңешін  жыртсын.  Әрине,  жөппелдемеде

жүрегіміз  аузымызға  тығылып,  үрпиісіп

қалдық.  Біздің  қорқып  кеткенімізді  сезген

Оралхан:  "Әй, бұл  не  айғай?! Не  болды?!"

деп  дауыс  берген.  Сол-ақ  екен,  атаман

жемтік  көрген  бүркіттей  бір-ақ  секіріп  ба-

рып,  одеялдың  астында  облыс  чемпио-

ны  жатқанын  қайдан  білсін,  жыны  буған

кісіше  рычаг  сияқты  ұзын  қолдарымен

аяусыз  төпелей  жөнелді.  Оқан  көзді

ашып-жұмғанша  төсектен  жерге  дік  ете

түсіп,  шашы  жалбыраған  күйде  боксерлік

қалыпқа  тұра  қалды.  Бұл  сәтте  бәріміз  де

ес  жинап,  басымызды  көтеріп  алған  едік.

Жұдырықтасу  2-3  минутке  ғана  созылды.

Атаманның  айқыш-ұйқыш  сілтеген  жұды-

рығы  ауа  қарпыса,  ал  Оқанның  хугі  (тура

соққы)  мен  апперкоты  (құлаштап  жанынан

ұру) нысанаға дөп тиіп жатты. Яғни, әр соқ-

қыдан  кейін  "шырт"  еткен  дыбыс  естіліп,

атаманның  басы  артқа  қарай  қақшаң  ете

түседі.  Ақыры,  аузы-мұрнынан  қан  сауға-

лаған  атаман  артқа,  нөкерлеріне  шегінді.

Оқан  да  төсектер  арасынан  кең  жерге

шықты.  Ғасырлар  бойы  өктемдеген  казак-

орыстан  тамшыдай  есе  қайтқан-ақ  шығар.

Қан  көрген  аш  бөрідей  екі  көзі  от  шашып,

енді  бір-екі  дөп  "ударымен"  қарсыласын

нокаутқа  жіберуге  даярланған  досымның

бейнесі  әлі  жадымда  тұр.

Сол сәтте нокдаун халінде  теңселіп қал-

ған  атаман:  "Пәленше  етейіндер,  тап

ертең  келіп  қойша  бауыздамасам,  атым

құрысын!"  деп  ышқына  айғалады  да,  есік-

ке  қарай  ұмтылды.  Нөкерлері  де  тұра

қашып,  тіпті  есікке  кептеліп  те  қалды.  Ар-

тымыздан  қуып  жетіп,  бір  бірлеп  сабайды

деп  ойласа  керек,  олардың  жанталаса

топырлап  қашқан  аяқ  дыбыстары  біразға

дейін  естіліп  тұрды.  Мұнан  кейін  бұзақы

атаулының  біз  тұрған  үйді  анадайдан  ай-

налып  өткен  жайы  өз-өзінен  түсінікті.

Осыдан  20  жылдай  бұрын  Оралхан

екеуміз  бір  қарбалас  шақта  кездесіп

қалдық.  Өскемен  қаласының  Аблакетка

аумағында  орналасқан  кәсіби-техникалық

училищеде  ұзақ  жылдар  ұстаздық  қып,

қазір  сол  оқу  орны  директорының  орын-

басары  екен.  Қысқа  ғана  сұхбат  кезінде

ол:  "Мені  Витя  сонау  Қорғаннан  іздеп

келіп,  тауып  алды  ғой"  деді.  Оқиға  былай

болыпты.  1980  жылдардың  басы,  жаз-

дыгүні  Қорған  облысындағы  бір  совхоздың

бас  инженері    Виктор  Головашев  Алтай-

дың  Рубцовск  қаласындағы  мотор  зауы-

тына  іссапармен  келеді.  Ондағы  мақсат  -

мотор  алу  емес,  қалайда  Оралханмен  кез-

десіп  қалу  екен.  Рубцовкіден  Семейге

дейін 

пойыз  даяр, 



ал 

Семейден


Көкпектінің  "Үлгілі  малшы"  ауылына  (Боль-

шевик  совхозы)  жетіп  көр.  Жердің  түбі.

Аптап  ыстықта  кішкентай  шоқырақтаған

автобуспен  әбден  сілесі  қатады.  Ең  жама-

ны,  аталмыш  совхоздан  Оралхан  да,  ата-

анасы  да  Өскеменге  қоныс  аударғанын

естіп,  санын  соғып  қалады.  Табанды  жігіт

тәуекел деп Өскеменге тартсын. Адресі жоқ

адамды  қайтіп  табарсың.  Түрлі  мекеме-

лерге  бас  сұғудан  шаршап,  үміті  үзілерге

таяғанда  аялдамада  тұрған  бір  қазақ  ба-

ласынан  сұраса,  ол:  "Мен  ол  кісіні  жақсы

білемін,  ұстазымыз"  деп  тура  Оқанның

үйіне  ертіп  әкепті,  құдай  бар.  Екі  дос  шат-

шадыман  болып,    екі  күнді  бірге  өткізген.

Осы  әңгімені  естіп  отырған  маған  баяғы-

да  "шовинист"  деп  сөккен  Витяның  мына

қылығы  -  достыққа  адалдығы  қатты  әсер

еткені  бар.

Адам  баласының  досты  тек  өзінің

құрбы-құрдастары  арасынан  ғана  табатұ-

ғыны  несі?  Өйткені,  "Анамнан  алғаш  туға-

нымда"  деген  өлеңінде  Шәкерім:

Көрсетер  мұқтаж,  азап  саған,

Тартқызар  өмір  жазаңды,  -

демекші,  құралыптастардың  көргендері

мен  өмір  тәжірибесі  бір.  Алдыңғы  толқын

мен  артқы  толқын  арасы  құрмет,  сыйлас-

тықпен  жалғанады.  Ал  достық  сезімнен

ада  болады.  Өйткені,  жас  ұрпақ  -  қайғы-

сыз,  аға  толқын  көрген  мұқтаж,  азап,  бей-

нет  олардың  алдағы  еншісі.  Ұлы  ақын

мұңдасатын  шын  досты  өмір  бойы  іздеп,

аңсап  өтті.  Мына  шумағында  бізге  жастар

арасынан  дос  таба  алмаған  халін  паш

етеді:


Кәрілік  те  тұр  тақау,

Алдымызда  -  айла  жоқ.

Қайғысыздың  бәрі  -  асау,

Бізге  онан  пайда  жоқ  (1899).

Достыққа  арнаған  осы  жазбамды  тағы

да  Абайдың  сөзімен  түйіндейін:

Құдай  берген  бұл  достық  -  кәннің  бірі,

Мұңдасқанда  қалмайды  көңіл  кірі.

Бұл  жерде  көне  түркінің  "кән"  сөзі

"қазына",  "байлық"  деген  ұғымды  береді.

Сөз  соңы,  қайдасың,  достым  Оралхан?

Кешір,  арамыз  суып  кеткеніне  кінәлі  мен

едім.  Қым-қуыт  тіршілік  мойын  бұрғызба-

са  не  істерсің.  Биыл  Өскеменге  іздеп  ба-

рып, өзіңді  тауып алуға  тиістімін.  Жауға  да,

дауға  да  бермес  нағыз  досқа  не  жетсін,

достықтан  артық  кәнің  қәне?



Асан  ОМАРОВ,

Семей

Ғұмыр - ғибрат

2016  жылғы  2  наурыз

Тұрсынғазы  Рахимов  1951

жылы 15 қазанда бұрынғы Се-

мей  облысының  Аякөз  ауда-

н ы н а   қ а р а с т ы   Та р б а ғ ат а й

ауылында  туып-өскен.

Алматы дағы  эстра далық-

цирк  колледжін  бітірген  әнші

алғашқы  туындысы    -    "Сәби

болғым  келеді"    әнін    1979

ж ы лы   ш ы ғ а р ғ а н .   А л ,   1 9 9 4

жылы  "Сәби  болғым  келеді"

дег е н  а тпе н  ән дер   жин ағ ы

жарық көрді.

Тыңдарман  жүрегіне  жол  та-

пқан көптеген ән шығарған саз-

герге  1992  жылы  «Қазақстан-

ның  еңбек  сіңірген  Мәдениет

қызметкері»  атағы  берілген.

2011  жылы  Президент  Жар-

лығымен  «Ерен  еңбегі  үшін»

м е да л і мен   марапатталған.

2015  жылы  еліміз  бойынша

«Жыл  композиторы»  атанды

және  "Қазақ  хандығына  550

жыл"  медалімен  марапаттал-

ған  болатын.

"Д а р иғ а ,  

д о м б ы р а м ды

берші  маған",  "Отыздан  асып

барамын",  "Қазағым-ай",  "Ән

атасы  Әміре",  "Санаулы  күн,

санаулы  ай,  санаулы  жыл",

"Әнің  қайда,  Жәнібек"  секілді

әндерді  жазған  композитор-

дың  барлығы  жүзге  тарта  әні

бар.

***


Жексенбі.  28  ақпан.  Абай

атындағы театр залына жина-

лған  халықта  есеп  жоқ.  Бүкіл

Се м е й  ж ұ р т ш ы лы ғ ы ,   б ү к і л

қазақ  елі  сүйікті  ұлдарымен

қоштасып  қалмаққа  асыққан-

дай.

Ос ы да н   б і р   а пт а   б ұ р ы н



ғана  өз  шығармашылығына

арналған  "Қазағым-ай"  атты

ә н  

фе с т ив а лі н де  



с а х н а

төрінен өнерін бағалаушы ха-

лқына, ізін жалғаған шәкіртте-

ріне алғысын білдірген алаш-

тың  ардақтысына  ақтық  рет

қош  айтып  қалуға  жиналған

тыңдарманның  күні  кеше  сах-

наның  сәні  болып  жүрген  әнші




1   2   3   4   5   6   7   8


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал