Жүгіртпе жол ӘзірбайжанғА 50 электровоз экспортталады



жүктеу 0.75 Mb.

бет4/8
Дата09.09.2017
өлшемі0.75 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8

Елбасының "100 нақты қадам" Ұлт жоспары, "Мәңгілік

ел" ұлттық идеологиялық бағдарламасы аясында Тар-

бағатай ауданының орталығы Ақсуатта халық мерейін

көтеріп, денсаулығын жақсартатын, жас ұрпақты шы-

нықтырып, үлкен спортқа баулитын әлеуметтік маңы-

зы зор спорт нысанының  ашылуына, осы нысанның

салынуына  бастамашы  болған  бұрынғы  облыс  әкімі

Бердібек Сапарбаевқа, басталған істің аяқталуына қам-

қоршы болған облыс әкімі Даниял Ахметовке, аудан әкімі

Ділдәбек Тәжібайұлына спортшылар, спорт жанашыр-

лары атынан алғысымды білдіремін.

Шығыс  Қазақстан  облысында

спорты өркендеген Аягөз, Үржар,

Жарма, Ұлан аудандарымен бәсе-

кеде ауданымыз облыс әкімі жүлде-

сіне өткен облыстық Халықтық ой-

ындарда соңғы жылдары қатарынан

5  рет  командалық  жеңіске  жетуі

Қазақстан  спортының  тарихында

сирек кездесетін жағдай.Бұл үшін

бөлім  басшысы  Сержан Омарға-

зиннің, жақсы менеджер және ат-

бегі Сержан Омарбековтың  қөшбас-

шылығына, аудан  спортшылары-

ның ұйымшылдығына ризамын.

Елдің намысын қорғап, атын шы-

ғарған, бүкіл Орта жүздің Бас палуа-

ны атанған Молдабай палуанның, Ұлы

Абайдың 100 жылдық тойында Бас

палуан атанып, Қажымұқан атамыз-

дан бата алған Дәулен Әбдікенов,

самбо күресінен қазақ жастары ара-

сында тұңғыш КСРО спорт шебері

атанған, Москва қаласының 2 дүркін

чемпионы, бір рет күміс жүлдегері,

Қазақстанның  4  дүркін  чемпионы,

Ақсуат спорт мектебіне аты беріл-

ген Марат Имашев ағамыздың салғ-

ан  сара  жолын  жалғастырған

шәкірттеріміз аз емес.  М.Имашев

атындағы  спорт  мектебінің  444

түлегі 2014-2015 оқу жылында ғана

облыстық, республикалық, халықа-

ралық жарыстарда 113 - бірінші, 106

- екінші және 128 үшінші орындар-

ды иеленіп,  жаңа спорт кешеніне

оң аяқтарымен кіріп отыр.

Бұқаралық спорттың дамуы, жо-

ғары  спорттық  жетістіктерге  жету

үшін материалдық база қажет. Па-

луандарымыз 10 жылдай мұқтаж бо-

лған жаңа күрес кілемі туралы көтер-

ген мәселем "сиырқұйымшақтанып"

шешімін таппай келген еді. Жаңадан

әкім болып келген Ділдекең М.Има-

шев атындағы спорт мектебіне үш

айда  жаңа  күрес  кілемін  алып

бергізді.  Осы  кілемде  жаттыққан

Қуат Бекбаев деген шәкіртіміз Азия

чемпионы  болып,  Халықаралық

спорт шебері атағын алды. Ауылдың

жағдайында осындай  жоғары спорт

жетістігіне  жету  спорт  тарихында

сирек кездесетін жағдай. Бұл қамқ-

орлық жалғасын тауып, күрес кілем-

дері ауданның күресі дамыған бірне-

ше мектептеріне де алынып берілді.

Ауданда шағын футбол мен хоккей

алаңдары көбеюде.

"Қазақстан-2050"  стратегиялық

бағдарламасында 2020 жылға дейін

халықтың  30  пайызын  спортпен

шұғылдануға  тарту  міндеті  тұр.

Көпшілікті спортқа тартудың ең тиімді

жолы ауданда заман талабына сай

спорт клубтарын құру қажет және жа-

ңалыққа жаны құмар, көкейіне қонса,

жанашыр бола білетін аудан әкімі бұл

мәселеге де мән беріп, қолдайды деп

есептеймін.

"Қазақстан -2050" стратегиялық

бағдарламасында еліміз үшін дүние

жүзінің дамыған 30 мемлекеттің қата-

рына ену  міндеті тұр.  Бұл талапқа

экономика,  халықтың  әл-ауқаты

және  т.б.  критерийлер  ескеріледі,

адам капиталы басты орында,  спорт

соның бір саласы.

Қазақстан өз егемендігін алған-

нан бері спортшыларымыз соңғы

3 жазғы олимпиада ойындарын-

да: Афина мен Пекин олимпиада-

ларында  30 елдің  ішінде болса,

ал соңғы Лондон олимпиадасын-

да 12 орын иеленіп, басқа салала-

рға 30 елдің ішінде болудың үлгісін

көрсетіп отыр.

Ескелді би "Есті жігіт ел басқар-

са,  елін  елден  оздырады"-  деген

екен. Екі ғасыр  бұрын айтылған,

ешқашан  құны түспейтін осы теңеу

дағдарыс  заманында  Ақсуатты

көркейтіп, ауданды дамытып, әлеу-

меттік нысандар ашудың жолын та-

уып, елге қызмет істеп, алғыс алып

жүрген  аудан әкіміне айтылғандай

әсердемін.

Қазақ қанағатшыл халық. "Бұдан

да жаман күнімізде тойға барғанбыз"

деген сөз де бар. Аудан спортшы-

лары  Әлем  чемпиондығынан бас-

тап барлық дәрежедегі чемпиондық

атақтарды жеңіп алды, тек олимпиа-

да жүлдесі жетіспейді. Жас әріптес-

теріме, шәкірттеріме жаңа спорт ке-

шенінде аянбай тер төгіп, аудан спорт-

шылары ішінен болашақ олимпиада

ойындарының жеңімпаздарын  тәрби-

елеуді аманаттаймын және батам-

ды беремін.



Болат ОРАЗҒАЛИЕВ,

ардагер палуан.

Еркін күрестен  КСРО

спорт шебері,

Ақсуат ауылы

2016  жылғы  2  наурыз

Сұхбат

  -  Сәлеметсіз  бе  сұхбатым ызды

әуелі  туған  ж еріңізге  қ андай    бір

бұйымтайлармен келгеніңіз жайында

сұрасақ?

  -  Осы  рет  келуімдегі  себеп  ғылыми

мақала  жариялау болды.  Қандай  ғылы-

ми  мақала  жариялау  десеңіз,  мына

Америкада  біз  сияқты  мамандар  кәсіп,

мамандық  төңірегінде  өзара  барыс-

келіс  болып,  пікір  алмас тырады.

Мұндай  пікір,  көзқарас,  тәжірибе  алма-

стыру мемлекеттер, университеттер ор-

тасында  да  болады.  Өзіміздің  істеп  жа-

тқан  жаңалықтарымызды  таныстыра-

мыз,  оларды  шақырып,  біз  де  олардан

үйренеміз.  Ал  енді  бұл  рет  Қытайға  ке-

луім  Шыңжаң  медицина  университеті

ашқан халықаралық мәжіліс болды. Мені

соған лекция оқуға шақыртты. Ол орын-

далып  болды.  Шыңжаң  университетін-

де  ғылыми  міндет  сәтті  болды.  Ендігі

қадамым Қазақстан Республикасы Аста-

на  қаласындағы  Назарбаев  универси-

тетінде  болмақшы.

 - Жарайды, осындағы сапарлары-

ңыз сәтті болсын деп тілейміз. Сұхба-

тымызды бастай берейік, теледидар

алдындағы  көрермендер  де  ойлап

отырған болуы мүмкін. Бұл талантты

қызымыз қай ауылдың баласы екен

деп,  өскен  жеріңіз,  туған  ауылыңыз

жөнінде әңгіме қозғай отырсаңыз...

-  Туған  жерден  бастап  айтсам,  мен

Тарбағатай  аймағ ының  Шағ антоғай

ауданының  Жиек  деген  ауылында  ту-

дым.  Кішкентай  кезімізде  тайынша

қуып,  тезек  теріп  ержеттік.  Бес  жасым-

да  мектепке  бардым,  ол  кезде  мектеп

біздің үйге өте жақын болды. Оқуға сон-

дай  қызығ ып,  менің  ағ ам  мектепке

барса,  мен  неге  бармаймын  деп  барғ-

анмын. Әдетте бес жастағы балаға өте

ерте  болуы  мүмкін,  бірақ  мен  оқуды

бастап  кеттім.  Сол  кездегі  класс  әлі

есімде,  бір  класта  бес  қатар  бар,  1-

қатар бірінші сынып,  2-қатар  екінші сы-

нып…    Бес інші  қатарғ а  дейін  бір

мұғалім  бәрімізге  сабақ  бере  беретін.

Бірінші  с ыныпқа  А,  Б,  С-ны  жазс а,

 n

a

m



y

s

.k



z

Қытайдың  қазақ  тілді  CCTV  3

тел еарна сының   "Гү лдер- ай"

бағдарламасында Америкадағы

Калифорния  университетінің

пос-директоры Мәдетгүл Жұма-

б ай қы зы ме н  сұ хб ат  б ол ға н

екен.  Өзге  елде  жүрсе  де  қазақ

ұлтының  намысын  қорғап

жүрген  Мәдетгүлдің  сұхба-

тын біз де өз оқырмандары-

мызбен бөлісуді жөн көрдік.

екінші  сыныпқа  көбейтуді  жазып  бе-

реді.  Үшінші  сыныпқа  одан  күрделірек

сабақ  сөйлейтін-ді.  Біз  ауылда  сондай

шарт-жағдайда  оқығанбыз.  Және  бірі,

ол  кезде  бізге  қарын-

даш,  қалам  деген  өте

табылмайды. 

Бір

қарындашты  тұқылы



қалғ анша  іс тетеміз.

Кейін  орталау  мектеп-

ке  кірерде  Қызылту

фермас ына 

көшіп

келдік.  Ол  кездегі  оқу



сис темалы,  біршама

жақсырақ  болды.  Бір

с ыныпқа 

бірден


мұғалім,  шарт-жағдай

жақсы болды. Ол жер-

ден мен үш жыл оқып,

орта  мектепті  бітірдім.

Ал  енді  біраз  орнық-

тық  деп  тұ рған  жағ -

дайда,  әкемнің  қызметінің  алмасуымен

отбасымыз қалаға көшіп келдік. Ол кез-

де ауылдан  келдік, қаланың  балалары-

ның  оқуына  ілесе  алмаймыз  ба  деген

қорқыныш болды. Бірақ жарым жылдан

кейін  жақс ы  оқып    кеттік,  ешқандай

қиындық  болған  жоқ.

 - Бұл қай жылдары?

  -  Бұл  1981-82  жылдары,  ол  кезде

орта  мектеп  екі  жыл  ғана  болады.  Тар-

бағ атай  аймақтық  2-орта  мектепте

оқыдым. Сынып жетекшіміз Зайтұн Абы-

зи болған, әдебиет сабағын ақын Қыды-

рқан Мұқатайұлы берген. Міне, осындай

ұлағатты ұстаздардың қолында тәрбие-

лендік.

-  Бағана  әкеңіздің  атынан  да  біліп

отырм ын.  Сіз  Шыңжаң  қазағының

қазіргі заман әдебиетінің үлкен ту ұста-

ушыларының  бірі  болған  танымалы

жазушы,  қарт  қаламгеріміз  Жұмабай

Біләлұлының  баласы  екенсіз.  Қазақ-

та тамаша бір сөз  бар "Құс ұяда нені

көрсе,  ұшқанда  соны  алады"-  деген.

Осы ғылым саласына қадам тастауы-

ңызға, өнер саласында қалықтауыңы-

зға отбасының да себебі бар шығар?

 - Әрине, әке-шешемнің әсері өте зор

деп  ойлаймын.  Кішкентай  кезімнен  ба-

стап әкем кітап оқуға бізді шабыттанды-

ратын.  Базарға  барса  ылғи  кітап  әкеліп

беретін.  Шешем  "жұмыс  істеңдер,  қыз

бала  тұрмысты  түсініңдер"  десе,  әкем

көбіне  "кітап  оқыңдар"  дейтін,  әкем

ғылыми  жаққа  көбірек  жетелейтін.  Кей

кездерде  кейбір  қиын  сабақтарға,

күрделі түйіндерге  ұшырап қалып, істей

алмаймын  ба  дегенімде  әкем:"Менің

қызым  болсаң,  орындап  кетесің"  деп

шабыттандыратын. Мен сол бір сөзді ар-

қаланып,  істей  алмайтын  жұмысымды

орындауға  тырысатынмын.  Ал  енді  ше-

шемнің маған қалдырған әсері, ол қалай

адам  болу  керек,  басқалармен  қалай

мәміле  жас ауды  көбірек  ү йрететін.

Мәселен,  маңайыңдағы  жолдастарың-

ды сыйлап өту, достарыңмен жақсы шы-

ғысу  дегендей…  Мұның  да  табысқа  же-

туге себебі бар деп ойлаймын, адамның

жеңіске, табысқа жетуі оның қаблеті ғана

емес,  адамгершілігі,  басқа  адамдарға

көзқарасы,  басқаларды  құрметтей  білуі-

не де байланысты. Онан кейін орта мек-

тепті  бітіріп,  университетке  келдік.  Уни-

верситетке  келгенде  мен  15  жаста  бо-

латынмын.  Ол  кезде  алғашында  үйді

қатты  с ағ ындым.  Бірақ  кейін  келе

үйреніп  кеттім.  Маған  ең  маңыздысы

сабақты  жақсы  оқу  керек  болды.  Құдды

кішкене  кезімізде  бұзауды  емізіп

қойсаң,  сүт  жоқ  деген  сияқты,  сабақты

жақсы  оқымасаң,  өте  алмай  қаласың.

Өте  алмасаң,  кейін  қайтып  бітіресің?

Бітіре  алмасаң,  кейін  қызметті  қалай  та-

басың деген сияқты себептер болды. Ол

кезде  мен  таңертең  ерте  тұрып,  дене

шынықтырып  жүгіретінмін.  Егер  дене

шынықтырмай  ауырып  қалсаңыз,  тағы

да оқудан қаласыз, күнде өткен сабақты

кеште пысықтап шығатынмын. Ал басқа

балалар  ертеңгі  сабақты  пысықтайтын.

Мен  басқаша,  бүгінгі  сабақты  пысықтап

отыратынмын.  Неге  дес еңіз,  бү гінг і

өткен  сабақты  бүгін  пысықтасаңыз,  есі-

ңізде  жақсы  қалады.  Ал  енді  ертеңгі  са-

баққа  даярлық  қылсаңыз,  ертең  өтіледі.

Бұл  мен  үшін  оңай  деп  ойламаймын.

Сондықтан  мен  күнделікті  сабақты

күнде  қарағаным  үшін,  емтихан  кезінде

көп қиналмайтынмын. Одан кейін сабақ-

та  жақсы  болдық,  нәтижеміз  де  жаман

болмады.  6  жылдық  университет  өмірін

сәтті  аяқтап,  оқуды  бітірдік.  Ол  кездегі

тү зім  -  нәтижеге  қарап  қызметке

бөлетін.  Бір  сыныпта  120  студент  оқу

бітірдік. Алдыңғы бес озат оқыған оқушы-

ның  қайда  баратындығ ы  турасында

кесім жасау құқығы бар еді. Мен сол озат-

тардың  қатарында  болғандықтан  Шың-

жаң  медицина  университетін  таңдадым.

Қызмет  орным  Шыңжаң  медицина  уни-

верситетіне қарасты 1-шипаханасы бол-

ды.  Кейін  шұ ғыл  құ тқару  бөлімінде

істейтін болдым. Өте ауыр науқастармен

жолығып,  таң  атқанша  жұмыс    істеген

кездеріміз  болды.



- 1989 жылы бұрынғы Шыңжаң ме-

дицина институтынан оқу бітіргеннен

кейін сол мектепте қалыпсыз. Демек,

бұл сіздің қоғам табалдырығын атта-

ғаннан  кейінгі    алғашқы  қадамыңыз-

дың  сәтті  болғандығынан  дерек  бе-

реді.  Ал   ж ал ғасты  аспиранттық

оқуыңызға не себеп болды екен?

-  Жүрек  ауруларын  зерттеуге  қатты

қызықтым. Өйткені, сап-сау келген адам

есіктен кіріп, төрге шығып болғанша аяқ

астынан  өліп  кетеді.  Басқа  ауруларға

қарағанда жүрек ауруы өте шұғыл бола-

ды.  Сондықтан  мен  жүрек  ауруларын

ішкерілеп  үйренгім  келді.  Ол  кезде  от-

басымызда бір балам бар. Сонда да ем-

тихан тапсырдым. Аспиранттыққа бірне-

ше  рет  беріп  әрең  өткен  болатынмын.

Аспиранттықты 3 жыл оқыдым. Шыңжаң

медицина  университетінде  Шын  Зоухың

деген  профессор  менің  жетекшім  бол-

ды.  Бітіретін  жылы  менің  мұғалімім    жа-

пондағы  Нихуоң  университетімен

бірлесіп  "Қанбасым  туралы"  бір  зерттеу

жүргізді. Ол қазақ халқы, ұйғыр ұлты, хан-

зу  халқының  қанбасымын  салыстырған

бір  зерттеу  тақырыбы  екен.  Сол  кезде

мұғалім мені осы зерттеуге қатыстырды.

Себеп:  мен осы  үш түрлі  тілді де  толық

түсіне  алатындықтан,  қызметке  қолай-

лы  болды.  Сонымен,  бұл  жұмысты  біз

жапондықтармен  бірге  істедік.  Кейін

келе  оларға  да  бір  адам  қажет  болып-

ты.  Сөйтіп  мен  1998  жылы  Жапонияға

аттандым.  Аттанар  кезде  маған  әсер

қалдырған  іс,  менің  балам  сол  кезде

бірінші  с ыныпқа  мектепке  кірмекші.

Барлық  ата-аналар  балаларының  оқуға

қадам  тастауына  қызық  көріп  қатынаса-

ды ғой. Бірақ дәл соған бірнеше күн қал-

ғанда  Жапонияға  аттанбасам  болмай-

тын  болды.  Сол  кезде  маған  өте  ауыр

келді,  бірақ  жолдасым  қолдап,  қуатта-

ды.  Сосын  Жапонияға  аттанып  кеттім.

Бір  жылдан  кейін  ол  арадағы  қызметім

де сәтті аяқталды.

-  Ғылым  жолына  қадам  тастаған-

дардың бірден-бір жетістігі - жаңалық

жарату дейміз. Сіздер сияқты медици-

на  саласындағы  ізденген  ғалымдар-

дың үлкен бір нәтижесі ғылыми зерт-

теумен шұғылдану. Өзіңіз Жапонияда

жүргенде, Америкада болғанда қанша

зерттеу еңбегін жаздыңыз?

  -  2007  жылы  көктемде  Американың

Калифорния  штатындағы  Калифорния

университеті  Лос-Анджелес  бөлімшесі-

не  келдім.  Қазірге  дейін  сол  бір  орында

тұрақтап  істедім.  Жапонға  барғанда  да

сол  бір  орында  тұрақтап  істеген  бола-

тынмын.  Менің  сол  кезде  жариялаған

мақаламның аты: "Ұзақ жасаған қарттар-

дың  қантамырындағы  ерекшеліктер",

журналдың  аты  "  American  journal  of

Hypertension".    Бұл  -  Америка  қантамыр

журналы  деген  сөз.

- Бұл медицина саласындағы әйгілі

басылымдардың бірі ме?

  -  Иә.  Бұл  басылымға  ғылыми  мақа-

ла  жариялау  мен  үшін  зор  мақтаныш.

Жаңа  жерге  келгеннен  кейін  ғылыми

мақала  жариялау  көбейді.  Өйткені,  Жа-

понғ а  қарағанда  Америкада  іс теген

орынның  шарт-жағдайы,  әсіресе,  мына

ғылыми-зерттеу  жасауға  өте  қолайлы

болды.  Қазірге  дейін  халықаралық  дең-

гейдегі  журнал-газетте  26  мақала  жари-

яладым. Соның ішінде үшеуі сыйланды.

Біріне  Италиядан  бір  маман  халықара-

лық  үлкен  журналға  бағалау  жазды.

Жүрек  қантамырларын  зерттедім.



- Бастауыш, орталау, толық орта мек-

тепті қазақша оқыпсыз, ал кейін Шың-

2016  жылғы  2  наурыз

Тарих

Тарихты білу тұтас елдің тарихын білумен өлшенбеуі де мүмкін.

Ата-бабаларымыз туған баласына жеті атасын жатқа білгізіп, жа-

дын жаңғыртып отырған. Сол арқылы ол бала өз әулетінің, одан

соң сол атамекендегі ата-бабасының, одан қалды ауыл-аймағының,

өлкесінің  тарихын  санасына  сіңіріп  өскен.  Жылнамасы  жазулы

болмаса  да,  атадан  балаға  берілер  осы  бір  қазақы  қалып  тарих

аталатын теңізге тамшыдай үлес екені даусыз. Тарихты жасайтын

халық. Сондықтан да,  қайнаған халық арасынан шыққан  әр тұлға-

ның өмірі және жүріп өткен  жолы таптырмас құнды дерек.

Қазақ елінің Шығыстағы  қақпасы ата-

нған,  бүгінгі  шағын  Зайсан  қаласында

осыдан бір ғасырдан астам  бұрын бол-

ған  көне  өмірдің  көркем  іздері  менмұн-

далайды.  Бүгінгі  күні  ою-өрнекті  ескі

ғимараттар  патша  заманындағы  көпес-

тер  мен  саудагерлер:  Смағұл  Манапов,

Ахмади  Тоқсанбаев,  Сағдолда  Әбілха-

нов, Жүсіп Әбілханов, Халел Ерзин, Ке-

рімберді  Бабаев,  Тухфатолла  Бекчента-

ев, Мәулет Шамсутдинов, Пидахмет Боб-

киндердің  салып  кеткен  үйлері  қалаға

сән беріп тұрумен қатар сан тарихи жай-

тты  жасырып  тұрғандай.

"Ауылына  қарап  азаматын  таны"  де-

гендей,  Зайсан қаласындағы  сол  тұлға-

лардың  өмірі  бізді  бейжай  қалдырмай-

ды.  Адам  ұрпағымен  мың  жасаса,  ол

келешек  үшін  деген  аталы  сөзді  негізге

алған маған,  сол қатарды  өзінің саналы

және  жасампаз  істерімен  толықтырған

арғы  атам  Бабаев  Керімбердінің    тарих

қойнауына  сіңген  өнегелі  істері  және

жарқын бейнесі бүгіндері мен үшін қайта

жаңғырғандай.

1773-1775  жылдар  аралығында  Ре-

сей патшалығында болған  Пугачев көте-

рілісінен  кейінгі   қудалау  барысында  та-

тарлар  және  басқа  да  көтеріліске  қаты-

сушылардың бір бөлігі сол кезде патша-

лық  Ресей  сұғына  еніп,  отарлай  баста-

ған  қазақ  жеріне  кетуге  мәжбүр  бола-

ды.  Еділ  бойы  татарларының  Қазақста-

нға  қоныс  аударып,  өздеріне  Отан  жа-

сағанының  бұдан басқа  да  факторлары

бар.  Өздерінің  Қазан  хандығы  құлап,

мемлекеттілігінен  айырылғаннан  кейін,

Еділ  бұлғарлары  тіршіліктің  сауда  және

кәсіп  сияқты  түрлерін  игеріп,  Сібірге,

қазақ  жеріне  қарай  тарай  бастаған.

Біздің  Семей  өңіріне  татарлардың

келуі  ХІХ ғасырдың басына қарай болғ-

ан.  Олардың  кейбірі  Ертіс  өзенін  бой-

лай  Зайсан  өңіріне  келіп  тұрақтайды.

Сол  толқынмен  Қазан  жақтан    келген

менің арғы атам Керімберді Бабаев төрт

ағайынды  болыпты:    Ғалымжан,

Сәлімжан,  Ғаламедтин  және  Керім-

берді.  Бұл  жігіттердің  әкелерінің    шын

есімі - Мұхамедқали болса да, татарлар

оны сыйлап Бабай атандырған көрінеді.

Содан  келіп  әулеттің  фамилиясы  шық-

қан.  Ағайынды  Бабаевтар  алғашқы  кез-

дері  Зайсандағы  бүгінгі  Біржан  ауылы-

ның  жерінде    егіншілікпен  айналысады.

Ал,  Сәлімжан  мен  Керімберді    Әкімжан

Байсаловпен  (1917  жылғы  23  желтоқ-

санда Семейде  болған облыстық  қазақ

съезіне  Зайсаннан  барған  жалғыз  де-

легат,  Алаш  партиясының  мүшесі)  сері-

ктес  болған.  Олар  Жарсу  ауылы  тұрған

жерде  теріні  тұздайтын,  кептіретін    ар-

найы  цех ашқан.  Ал ағайынды Бабаев-

тар  ол  терілерді    Тұғылдан  баржаға

тиеп,  Зайсан  көлі,  Ертіс  арқылы  Ірбітке

(Ирбит)  апарған.

Істері  орныққан  Бабаевтар  Зайсан

қалас ында 

с ауда 


ү йін 

ашып,


Мәкәржіден  (Макарьевск)  кемемен  та-

уар әкеліп, сауда ісімен де айналыса ба-

стайды.  Кейіннен  Зайсан  қаласында

осы  жоғарыда  айтылған  іскер  азамат-

тардың арқасында ашылған  тері тұздай-

тын  және  кептіретін  табыр  (қазіргі  ДСУ

конторы  тұрған  жер)  1960  жылға  дейін

жұмыс  істеп  тұрды.

1926 жылғы (1928 жылғы тәркілеуден

бұрын.-Авт.) жүргізілген тәркілеу Зайсан-

ның  ауқатты  адамы,  кәсіпкер-көпес  Ке-

рімберді  Бабаевты  да  айналып  өтпей,

Зайсан  қаласындағы  қазіргі  Чигриров

көшесінде  тұтас  кварталды  алып  жатқ-

ан  үйін  кәмпескеге  алып,  Балалар  үйін

жасайды.    Рахматулла,  Убайдулла,  Ха-

бибулла, Кәмел, Дәуіт, Фатима есімді ба-

лаларының  ішінде  Рахматулласы  Қазан

қаласында  Военная  школада  оқыған-

дықтан, ақтың офицері деп қудалап қой-

маған  соң,  ол  Майқапшағай  кедені  арқ-

ылы Қытайға өтіп, Алтай жеріндегі Көкто-

ғайда  тұрақтайды.  Еңбекқор  әкелерінің

тәрбиесін  алған  балалары  Убайдулла

мен  Рахматулла  Көктоғайда  фельдшер

болып,  басқа  балалары  да  сонда  ата

кәсібімен    айналысқан.  Қытай  жерінде

Керімберді  Бабаевтың  өзі  де  саудасын

дөңгелентіп,  кәсіпшілігін  жалғастырады.

Ол  1941 жылы Көктоғайда 90-нан  асқан

жасында  қайтыс  болады.  1946  жылы

жұбайы  Ләтипа  да  90  жасында  дүние-

ден  өтеді.

1962    жылы  Керімберді  атамның  ба-

лалары  Хабибулла  мен  Кәмел  отбасы-

ларымен  туған  жерге  оралған  уақытта

Зайсан  жұртшылығы  оларды    ыстық

көңілмен  қарсы  алады.  Қызы  Фатимаға

кәмпескеге  дейінгі  болған  дүкен  мен

үйді  қайтарып  алуға  ұсыныстар  түскен-

де,  өзінің  тектілігін  көрсетіп:    "Әкеме

ырыс  болмаған  дүние,  маған  да  қажет

емес",-  деп  бас  тартқан  екен.

Керімберді  мінезінің  сабырлылығы-

мен,  байыптылығымен,  елге  жасаған

қайырымдылығымен  елдің    есінде  қал-

ған.  Қоластындағылармен  қарым-қаты-

насы адамгершіліктің шегінен шықпаған.

Табырда  қарамағында  істеген  бір  ақса-

қалдың айтуынша, Керімберді атам оған

Тұғылдан  түйемен  кірпіш  тасып,  үй  са-

лып беріпті. Содан болар, бертінге дейін

шапағаты  тиген  ақсақалдар  оның  аза-

маттығын көздеріне  жас алып,   жырдай

ғып  айтып  отырады  екен.

Менің  айтайын  дегенім,  қиын-қыстау

кезде  ағайынға  қамқор  болу  әр  қазақ-

тың  азаматының  қолынан  келсе  де,  ол

замандағ ы  қыр  қазағы  епс із  кезде,

ыңғайы  келмейтін  сауданың  кілтін  тау-

ып,  Мәскеу мен  Ірбіт барған,  жоқ-жітікке

жәрдем  беріп,  замандас тарының

ықыласына  бөленген  атамның  меце-

наттық қыры. Ол кездері татар байлары

сияқты,  қазақ  байларының    арасында

да  ақын-жазушылыққа  бейім  жандарға

қаржылай  демеу  көрсетіп,  еңбектерінің

баспа  бетіне  шығуына  септігін  тигізу

дәстүрге  айнала  бастаған.

Менің  атам  Керімбердінің  көмегі  ке-

зінде    өз  заманының  реалист-ақыны,

ұлағатты ағартушысы болған, зайсандық

Арғынбек Апашбайұлына да тиген.  Қазақ

халқының  жазба  әдебиетінің  ірг ес ін

қалап,  шаңырағын  көтерген  Абай  бас-

тағ ан  ақындардың  Зайс ан  жеріндегі

өнегесін  жалғастырушы,  тұлғалы  ақын-

дардың  бірі  -  Арғынбек  Апашбайұлы

алғашында  Зайсандағы  татар  көпесте-

ріне,  одан  орыс  жемтемір-барлаушыла-

рына  жалданып,  қызмет  жасапты.  Осы

кісінің  дарынын  көрген  және  досы  бол-

ған    атам  оның  қисса,  дастандарын

Қазандағы  Шәмшиден  Құсайыновтың

баспасына  жіберттіріп  тұрған.

Осындай  көмекті  атам  Керімберді

кезінде  Қытай  Алтайында    тұрған  досы

Ақыт  қажы  Үлімжіұлына  да  көрсеткен

көрінеді.  Оның  еңбектерін  де    Қазанда

бастыртқан.  Соған  қатысты  Ақыттың

мына  өлең жолдары да сақталған. Онда:

"Кәрімберді  Бабаев  -

Зайсандағы  танысы.

Алтай  жұрты,  Өр  керей,

Баспаға  сөзім  жете  алмай,

Әттең  жердің  алысы…

Кәрімберді,  Сәлімжан,

Зайсанский  Бабаев  -

Алтайға  мәлім  саудагер,

Таниды  тәмам  халайық.

Ойлаңыздар,  асыл  зат,

Почтаға  қисса  салайық.

Құсайынов  Шамсуддин

Қабыл  көрсе  ғазиздер"  -делінеді.

Қазақтың  алғашқы  романы  1910

жылы  жазылған  "Бақытсыз  Жамал"  са-

налатыны белгілі. Бірақ, алғашқы роман-

шы  ретінде  "Қыз  көрелік"  романын  жаз-

ған  шыңғыстаулық Тайыр Жомартбаев-

ты  мойындау  керек  сияқты.  Тайыр  Жо-

мартбаев    Зайсанда  мұғалім  болған  ке-

зінде  сол  Әкімжан  Байсаловпен    және

Керімберді  Бабаевпен  етене  жақын

араласып,  достық  қарым-қатынаста  бо-

лған.    Тайыр  Жомартбаев  Әкімжан  мен

Керімбердінің  балаларына  тәлім-

тәрбие  берген.

Сөз  соңында  Шәкәрімнің:  "Тарих-

мәңгілік.  Ол  өткеннің  тазасын,  жарам-

дысын алмақ.  Жаңа заман  тарихтың та-

засына,  асылына  орнамақ"  дегеніндей

адал  еңбек  пен  ар-ұжданды  ұран  етіп,

оны  кейінгі  ұрпағына  мұра  еткен  атала-

рымыздың  кетпен  ұстаса  да,  атқа  мінсе

де ел  мен жер  үшін еңбек  еткені қашан-

да  көңілге  медеу.    Бүгіндері  Керімберді

Бабаевтың  ұрпақтары,    тәуелсіз  Қазақ-

стан  Республикасының  азаматтары  ре-

тінде  ата-баба  салған  ізгілікті  жолмен

солардың  өнегесін  жалғастыруда.

Ұлжан  САЙРАНБЕКҚЫЗЫ,

Керімберді Бабаев шөбересі.

Семей  қаласы  Шәкәрім

атындағы  мемлекеттік

 университетінің

"Тарих" мамандығының студенті



1   2   3   4   5   6   7   8


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал