Жүгіртпе жол ӘзірбайжанғА 50 электровоз экспортталады



жүктеу 0.75 Mb.

бет3/8
Дата09.09.2017
өлшемі0.75 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8

ҚҰРМЕТТІ  ЖЕРЛЕСТЕР!

Келе жатқан Наурыз мерекесі құтты болсын! Халқымыздың ежел-

ден келе жатқан бұл қасиетті күнінде Сіздерге зор денсаулық, бақыт

тілеп, дастархандарыңызға құт-береке, дүниеге көрік берген шырай-

лы күнде көңілдеріңізге шаттық тілеймін!

"Жыл басы  жақсы басталса,  аяғы да  жақсы болады"  деп халық

даналары айтқандай,  жылдарыңыздың сәтті  де сәнді  басталуына,

мәнді аяқталуына тілектеспін!

Құрметпен, №18 сайлау округі бойынша

Шығыс Қазақстан облыстық мәслихаты  депутаттығына

үміткер Кенжебек БАЙГУЖИНОВ

№18 сайлау округі бойынша Шығыс Қазақстан облыстық

мәслихаты депутаттығына үміткер

БАЙГУЖИНОВ КЕНЖЕБЕКТІҢ

БАҒДАРЛАМАСЫ

ӨМІРБАЯНЫ

Байгужинов Кенжебек Ақанұлы  1956 жылы 8 сәуірде Ресейдің Кемеров қаласын-

да  дүниеге  келген.  Ұлты  -  қазақ.  Партияда  жоқ.  Қазақстан  Журналистер Одағының

мүшесі. Еңбекке 16 жасынан араласып, Қарағанды, Орал, Семей қаласындағы "Қаз-

байланысқұрылыс"  ҚМБ-да  монтер  болып  еңбек  етті.  1974-1976  жылдары  Совет

армиясы  қатарында  әскери  борышын  өтеді.

1982  жылы  Н.Крупская  атындағы  педагогикалық  институттың  филология  факуль-

тетінің  қазақ  мектептеріне  арналған  орыс  тілі  мен  әдебиеті  мамандығын  тәмамдады.

Семей облыстық Тұтынушылар одағы аппаратының ұйымдастыру бөлімінің нұсқа-

ушысы,  Семей  облыстық  әкім  аппаратының  қоғамдық-саяси  бөлімінің  кеңесшісі,

Семей  облысы  әкімінің  бірінші  орынбасарының  кеңесшісі  болып  қызмет  атқарды.

Кәсіподақтық,  басшылық  және  журналистика  саласында  тәжірибесі  бар.  "Арбат"

әдеби  клубының  жетекшісі  (2009  ж).  Облыстық  Абай  атындағы  кітапханадағы  "Диа-

лог"  әдеби  салонының  жетекшісі  (2011  ж).

"Покорение  вершин"  (1995),  "Красные  ренегаты"  (1999),  "Нежность"  (2002),  "Мо-

литва  любви"  (2003),  "Свобода",  "Одинокие  пороходы",  "Стихи  на  Арбате",  поэзия-

лық  жинақтарының    "Утрата  языка  -  трагедия  для  народа",  "Литераторы  в  поисках

опоры", "Красные ренегаты", "Тирада о свободе", "К истории основания Семипалат-

нска",  "История  атамана  Анненкова"  жарияланымдарының  авторы.

Үйленген,  екі  ұлы  бар.

Материал ақысы Қазақстан Республикасының бюджет қаржысынан төленді

ӨМІРБАЯН

Мен,  Қайрамбаев  Бауыржан  Сейітжапарұлы

1971 жылы  11 қарашада  Аягөз қаласында дүни-

еге  келдім.  Жанұям  бар.  Екі  бала  тәрбиелеп

отырмыз.

1989-1991  жылдары  Кеңес  әскері    қатарында

азаматтық  борышымды  өтедім.

1992-1994  жылдары  "Алматы  ауыр  машина

құрастыру зауыты" АҚ-да токарь қызметін атқар-

дым.


  Еңбек    жолымды  1994  жылы  "Гордорстрой"

Басқармасында    қарапайым  жұмысшы  ретінде

бастадым.

2001  жылдан  бүгінгі  күнге  дейін  Семей  қала-

сының  "Гордорстрой"  ЖШС Бас директоры қыз-

метін  атқарудамын.

  Нарық  талабына  сай    екі  жоғары  білім  ал-

дым.


1997  жылы Алматы қаласындағы  Қазақ    мем-

лекеттік    көлік  және    коммуникация    академия-

с ын  инженер-механик   мамандығ ы  бойынша

бітірдім.

2006  жылы    Өскемен  қаласындағы  Д.Серік-

баев атындағы ШҚМТУ-ін инженер біліктілігі бой-

ынша  тамамдадым.

2008  жылдан  бері  Семей  қалалық  мәслиха-

тын ың  д епут аты  болд ым.  Қаланың  тыны с -

тіршілігіне  белсенді  түрде  араласып  келеміз.

Әлеуметтік  мекемелердің  жағ дайын  әрқашан

назарымызда  ұстаймыз.

Шығыс Қазақстан облысының жолдарын  қалы-

пқа  келтіруге  қосқан  үлесім  үшін  бірқатар  мара-

патқа  ие  болдым:

-  Қазақс тан  Рес публикас ының  Президенті

Н.Ә Назарбаевтың 2010 жылғы 7 желтоқсандағы

Жарлығы  бойынша  мемлекеттік,  қоғамдық    қыз-

меттегі  еңбегі  мен  еліміздің  әлуметтік-экономи-

калық  және  мәдени  дамуына,  халықтар  арасын-

дағы  достық  пен  ынтымақтастықты    нығайтуға

қосқан  үлесім  үшін  Құрмет  грамотасымен  мара-

патталдым.

-

Қазақстан  Республикасының  Көлік  және



коммуникациялар    министрлігінің  2010  жылғы

19 шілдедегі № 337-бұйрығына сәйкес "Құрметті

жолшы"  жоғары  кәсіби  атағы  берілді.

Құрметті

сайлаушылар!

 "Нұр Отан" партиясы-

ның  мені  Семей  қала-

лық мәслихаты депутта-

тығына кандидат ретін-

де  ұсынуын  өзіме

жүктелген үлкен жауап-

кершілік  деп  білемін.

"Нұр Отан" партиясының

сайлауалды  бағдарла-

масы  қоғамның  жан-

жақты дамуын түгелдей

қамтыған бірегей тұғыр-

нама. 


Баршаңызға

мәлім, "Нұр Отан" парти-

ясы 

Қазақстанның



гүлденген  мемлекетке

айналуын, әр тұрғынның

бақуатты  өмір  сүруін

әрдайым мақсат тұтып,



№19  сайлау  округі  бойынша  Семей

қалалық  мәслихаты  депутаттығына  үміткер

  Бауыржан  ҚАЙРАМБАЕВТЫҢ  сайлауалды

БАҒДАРЛАМАСЫ

-  әр  семейлік  тұрғын-

ның  тұрмысы  мен  өмір

сапасының артуына;

- өңірімізде жұмыссыз-

дыққа жол бермеу бағы-

тында жаңа жұмыс орнын

ашуға қатысты бастама-

ларды қолдауға;

-  мектеп  оқушылары-

ның,  өңіріміздегі  орта

және жоғары оқу орында-

рындағы  білім  сапасы-

ның жақсаруына қолайлы

жағдай жасалуын қадаға-

лауға;


- Семейге іргелес ауыл-

дарды  дамытуға  және

абаттандыруға жағдай ту-

ғызуға;


Материал ақысы Қазақстан Рес-

публикасының бюджет қаржысы-

нан төленді

сол жолда үлкен шаруа-

лар  тындырып  келе  жа-

тыр. Ел мүддесін бірінші

кезекте ұстайтын жетекші

"Нұр Отан" партиясының

саяси  ұстанымы,  бүкіл

жобалары  жалпыхалық-

тық қолдауға ие. Сол се-

бепті, өзімнің сайлауалды

б а ғ д а р л а м а м д ы

еліміздің  Бас  партиясы

көрсеткен  бағыттарға

сәйкес әзірледім.

 Сіздердің қолдаулары-

ңызға ие болып, мәслиха-

тқа  депутат  болсам,  ке-

лесі мәселелерді шешуге

бар күшімді жұмсаймын:

- "Нұр Отан" партиясы

бағдарламасының толық

жүзеге асуына;

- қаланы абаттандыру

мен  көше  жолдарының

күрделі  және  ағымдағы

жөндеу деңгейін көтеруге;

-  ауылды  жерлердегі

медициналық қызмет са-

пасының арта түсуіне;

- соғыс және Еңбек ар-

дагерлері мен аз қамтыл-

ған  отбасыларға  деме-

ушілік шараларын ұйым-

дастыруға;

-  шағын  ж әне  орта

кәсіпкерліктің жан-жақты

дамуына ықпал етуге;

- қала мен кенттердің

ж олдарын  ағымдағы

және күрделі жөндеудегі

сапа деңгейін арттыруға.

  Осы  және  өзге  де

қоғамға  қажет  барлық

мәселенің  шешілуіне,

қаланы дамыту бағдарла-

маларының орындалуы-

на,  өңір  тұрмысын  жақ-

сарту бағытында депутат-

тық  мүмкіндікті  тиімді

пайдалануға белсенділік

танытамын.

Өз  сайлаушыларым-

мен тығыз қатынаста бо-

лып, олардың сұрақтары

мен  пікірлерінің  еске-

русіз қалмауын қамтама-

сыз  етуге,  сайлауалды

бағдарламамның  орын-

далуына  бар  білімімді,

жиған  тәжірибемді  жұм-

сауға уәде беремін.


лий Колесов Мәскеуде Бүкілодақтық де-

нешынықтыру және спорт комитеті төра-

ғасының  бірінші  орынбасары  қызметі-

не  тағайындалған-ды.  Осы  Анатолий

Иванович  Колесовтың  арқасында  қазақ

палуаны  Жақсылық  Үшкемпіров  Мәскеу

Олимпиадасына  қатысқан  спортшылар

қатарына  еніп,  алтыннан  алқа  тағынған

еді.  Қазақтың  қайсар  ұлы  сол  кезде

олимпиада  ойындарында  жеңіске  жет-

кен  алғашқы  қазақ  болатын.  Осыдан

кейін  жеңісті  жолдары  жалғаса  берді.

1981  жылы  Үшкемпіров  әлем  чемпио-

натында  жеңіс  тұғырынан  көрінді.

   Ром  Хасанович  әйгілі шәкіртімен  әлі

де  байланысын  үзген  емес.  Жақсылық-

тай  шәкіртінің  құрметіне  ол  Семейде  үш

бірдей турнир өткізді. Бүгінде Алматыдай

алып  шаһарда  тұратын  Жақсылық

Үшкемпіров  те  ұстазын  ұмытқан  емес,

хабарласып,  кеңес іп  жатады.  Жанам

деген  жүректерге  от  беруді  басты  мақ-

саты  санайтын  олимпиада  чемпионы

Алматыда күрес мектебін, былтыр бала-

лар бақшасын ашты.

ШӘКІРТТЕР  ҚҰРМЕТІ

Ром  Ильматов  зейнеткерлікке  шық-

қаннан  кейін  де  қарап  жатқан  жоқ,  ұстаз-

дық  жолын  жалғастырып,  жас  палуан-

дарды жаттықтырды. Өзінің жарты ғасыр-

лық еңбек жолында Ром Хасанович КСРО

спорт  шебері,  КСРО  еңбек  сіңірген  жат-

тықтырушысы,  Қазақ  КСР  еңбек  сіңірген

жаттықтырушысы, Қазақстан Республика-

сы  спортының  құрметті  қайраткері,  Се-

қана қоймай, кеңесші де, қорғаушы да, әке

де  бола  білді.

Уақыт өте келе Жақсылық оқу орын-

дары  арасындағы  жарыстарда  өзі

білім  алып  жүрген  институттың  намы-

сын қорғайтын дәрежеге жетті.  Сосын

аудандық  турнирлер,  республикалық

жарыстарға қатысты. Алғашқы  ірі жең-

ісіне 1971 жылы қол жеткізді - жас спорт-

шы  Қазақ  КСР  чемпионы  атанды.  "Ол

қала  біріншілігіне  қатысып,  жеңіске  жетті.

Сөйтіп, біртіндеп спортшы ретінде қалып-

таса  бастады.  Оның  есімі таныла  ба-

стап,   жарысқа да  жиі  шақы-

ратын  болды.  Сон-

дай-ақ,  жоғары  оқу

орындары  студент-

тері  арасында  өткен

жарыста  жеңіске

жетті.  Бұдан  кейін

Жақсылық  Қазақ-

стан  және  Орта

Азия  республика-

лары  арасында

өткен  жарыста-

рға  қатысып,  ешкімге  дес  бермеді.  Одақ

көлемінде  өт-кен  ауыл  спортшылары

арасындағы біріншілікте  де өз салмағын-

дағылардың  бәрінің  жауырынына  жер

иіскетті.  Ол    атақты  спортшылармен

күрескенде де жеңіске жетіп жүрді"- дейді

қарт  жаттықтырушы  өз  оқушысы  туралы

мақтанышпен.

Спорт  пен  оқуды  ұштастыру  қиындай

берді.  Деканат  бірнеше  рет  үлгермеуші

оқушыны  оқудан  шығаруды  талап  еткен

болатын. Жаттықтырушы өз оқушысының,

болашақ  олимпиада  чемпионының

оқудан  шығып  қалмауына  барын  салды.

Институт    ректоры  О.Әбділманов  тренер

мен  оқушысының  жағдайын  түсініп,  ака-

демиялық  демалыс  алуға  ұсыныс  жаса-

ды.  Бір  жыл  бойы    Жақсылық  спорттан

басқа  ештеңеге  мойын  бұрмады,  он  екі

ай бойы   күнделікті жаттығатын. Бұл кез-

де  Одақ  көлеміндегі  жақсы  палуан  ретін-

де аты танылып та қалған-ды.

ОЛИМП  ШЫҢЫ

ЖОЛЫНДА

1975 жылы КСРО халықтарының 6-шы

спартакиадасы  өтті.  Кеңес  Одағының

"мен"  деген  палуандары  жиналды.    Осы

жолы  жеңіске  жеткен  Жақсылыққа  келесі

-  1976  жылы  өтетін  Олимпиада  ойында-

рына қатысу мүмкіндігі туды. Алайда, оған

Үшкемпіровті  қатыстырмады.  "Бұл

жөнінде  не  деуге  болады,  тек  Жақсылық

қана күйзеліп қойған жоқ, жаттықтырушы-

лар да, спортшылар да күйінді. Бірақ жат-

тықтырушылар  жоғары  кеңесінің  өз  "ой-

ындары"  болатын",-  деп  еске  алады  Ром

Хасанович.

Дегенмен,  Ром  Хасанович  пен  оның

тәрбиеленушісі  үміт  үзген  жоқ.  Алда

Мәскеуде өтетін олимпиада бар еді. Жақ-

сылық  тек  жаттығуын  үзбей  жалғастыра

берді.

1980  жыл  да  жақындап  қалды.  Тағ-



дыр  тағы  да  оны  тәлкекке  салды,  оған

кезекті  рет  олимпиадағ а  қатыс уғ а

рұқсат  берілмеді.    Бірақ  спортшылар

мен  жаттықтырушылар  палуан  ү шін

жандары  ауырып,  шенеуніктер  шешімін

өзгертуге ықпал етуге бар күштерін сал-

ды. Жас спортшыны қолдауда көп септігі

тиген Анатолий  Колесов  болды.  Анато-

лий  Иванович  Ром  Ильматовпен  бірге

оқыған,  бір-бірін  жақсы  білетін,  палуан-

дарды  бірг е  жаттықтыратын.  Бү кіл

Одаққа  аты  мәлім  үш  дүркін  әлем  чем-

пионы,  олимпиада  ойындарының  чем-

пионы Колесов Кеңес Одағы құрамасын

грек-рим күресінен  жаттықтыратын жат-

тықтырушы  болған.  1980  жылы  Анато-



(Соңы. Басы 1 бетте)

Бала  Ром  күреспен  14  жасынан  бас-

тап  айналысыпты.  Оның  бұ л  спорт

түріне  қызығушылығын  арттырған  еркін

күреспен  айналысатын  ағасы  Рафат

Ильматов  еді.

Ромның  ұнатқаны  бүгінде  грек-рим

күресі  деп  аталып  жүрген  классикалық

күрес  болатын.

1953  жылы  Ром  Ильматов  Алматы-

дағы  Қазақ  мемлекеттік  дене  шынықты-

ру институтына түсіп, оны аяқтағасын Се-

мейге  оралады.  Еңбек  жолын  зоотехни-

калық-малдәрігерлік  институтында  мұға-

лімдіктен  бастайды.  Дене  шынықтыру-

дан  сабақ  бере  жүріп,  жаттықтырушы-

лықпен  де  айналысады.  Ол  жастардың

бойындағы  жалынды,  талантты  көре

білді, болашақ чемпиондарды тани білді.

Ром  Ильматовтың  жүйелі  жаттықтыруы-

ның  нәтижесінде  ағайынды  Николай

және  Владимир  Бабичевтер  спорт  ше-

бері және Қазақ КСР чемпиондары атан-

ды.      Сонымен  қатар,  оқушыларының

ішінен  Қайырбек  Мәсәлімовті  де  ерек-

ше атауға болады.



ЕҢ  ЖЕҢІЛ  САЛМАҚТЫ

БАЛУАН

1969 жылы Халықаралық Күрес феде-

рациясы (FILA) 48 келіге дейінгі жаңа сал-

мақты  бекітті. Жаттықтырушылар  құрамы

үшін бұл талап қиындау еді, өйткені, күре-

сте  жеңіл  салмақты  палуан  сирек  кезде-

седі.    Бұл  жерде  де  Ром  Ильматовтың

жаттықтырушылық  қабілеті  алдаған  жоқ.

Дәл  осы  жылы  тағдыр  оны  Жақсылық

Үшкемпіровпен  жолықтырған-ды. Жақсы-

лық  Үшкемпіровті  күрес  секциясына

досы,  Ром  Хасановичтің  тәрбиеленушісі,

Қайырбек  Мәсәлімов  алып  келген  бола-

тын.  Жақсылықты  өлшеп  көргенде  тара-

зы  басы  46  келіні  көрсеткен.  "Маған  да

керегі  осы",-  деп  ойлады  сонда  жас  жат-

тықтырушы.

Жақсылық  ол  кезде  Семей  зоотехни-

калық-малдәрігерлік  институтының  екінші

курсында  оқитын  және  еркін  күрестен

тәжірибесі  де  бар-ды.   Болашақ чемпион

Семей  қаласына    Жамбыл  облысынан

келген.  Жақсылық  Үшкемпіров  алғыр

және  табанды  оқушы  болып  шықты.  Та-

ңертең  міндетті  түрде  жүгіріп,  күнделікті

жаттығатын,  күндіз  сабағына  барса,  кеш-

ке  секцияға  келетін.  Жаттықтырушы

мұндай  қабілетті оқушыларын жоғары ба-

ғалайтын,  оларға  тек  тәлімгер  болып

2016  жылғы  2  наурыз

Мерей-мезет

АЛАШ  КӨСЕМІ  ӘЛИХАН  ТУРАЛЫ  ЖАҢА  КІТАП  ҮШ  ТІЛДЕ  ЖАРЫҚ  КӨРДІ

Жүгіртпе  жол

мей  қаласының  Құрметті  азаматы

құрметті  атақтарына  ие  болды.

Оның  80  жасқа  толу  құрметіне  арна-

лып,  Семей  қаласында  өткен  жұма  күні

республикалық  турнир  өткізілді.  Жас-

өспірімдер арасында өткен турнирге Пав-

лодар,  Алматы,  Жамбыл  облыстарынан,

Тараз,  Өскемен  қалаларынан  және  об-

лысымыздың  аудандарынан  келген  8

команда қатысты. Ұстаз мерейтойына  ат

терлетіп  арнайы  келген  Жақс ылық

Үшкемпіров  балғын  балуандар  алдында

киелі  Семей  жері,  өзінің  ұстазы  туралы

былай деп ой толғады:

-  Бұл  жердің  Абай,  Шәкәрім,  Мұхтар

шыққан  киелі  жер  екенін  білеміз.  Мен

күресті  алғаш  осы  жерде  бастағанмын.

Бұл  жер  менің  өзімнен  кейінгі  ізбасарым

Дәулет шыққан жер. Менің шыңға шығуы-

ма  себеп  болған  жерден  әлі  қаншама

намысты  ұлдар өседі, талай чемпиондар

шығады.  Осы  өлкенің  суын  ішіп,  топыра-

ғын басқаным үшін өзімді бақытты санай-

мын.  КСРО  кезінде  он  бес  республика-

ның  ішінен  тек  бір  ғана  адам  олимпиа-

даға баратын. Тәуелсіз Қазақ елінде дүни-

еге келген сендер бақытты ұрпақсыңдар,-

дей  келіп  ұстазы  Ром  Хасановичтің  ада-

ми қасиеттеріне де тоқталып өтті. Жақсы-

лық  Үшкемпіров  шәкірттік  ықыласпен

ұстазының  иығына  шапан  жауып,

шәкірттерінің  атынан  темір  тұлпардың

кілтін  табыс  етті.



Күлия  РАЙЫС.

Суретке  түсірген

 Д. Бейсембеков

2016  жылғы  2  наурыз

Спорт

  Спорттағы  сұлулық  десе  ойыңа  бірден  көркем  гимнас-

тика  түседі.  Ал  көркем  гимнастика  десе,  көз  алдыңа  тал-

дырмаш  қана,  сұңғақ  бойлы  мүсінді  ару  елестері  сөзсіз.

Өйткені,  бұл  спорттың  қатал  түрі  болғанымен  нәзіктік  пен

махаббатты қалайды. Боз кілемдегі биімен көрерменін таң-

дандырып,  қошеметіне  ие  болып  жүрген  семейлік  көркем

гимнастшылар  туралы  сөз  қозғайықшы.  Жасы  небәрі  он

алтыда  болса  да  шетелдің  гимнастшыларын  шаң  қапты-

рып,  биік  белестерді  бағындыруға  талпынып  келе  жатқ-

ан  Диана  Дәулетованың  болашағынан  үміт  көп.

Жаратылысы мен дене бітімі нәзік, еркін

иіліп, би десе жанын беруге әзір кішкентай

Диананы анасы алты жасында ойланбас-

тан көркем гимнастика секциясына береді.

Спорттың осы түріне қызының бейімі зор

екендігін аңғарған ана Гулиян Искакова сол

кезден бастап Дианаға спорттың оңай жол

еместігін түсіндірумен болыпты.

 - Анам "жеңіске жетуге 99 пайыз еңбек,

1 пайыз ғана дарын жеткілікті" деп кішкен-

тайымнан айтып келеді. Ана-

шымның осы сөзі әр жарысқа

қатысқан сайын тынбай жат-

тығуыма  себепкер  болады.

"Жеңемін,  жүлделі  орыннан

көрінуім керек" деген мақсат

қоймасаң, боз кілемде бағың-

ды сынаудың қажеті жоқ. Осы

уақытқа 


дейін 

жеткен


жетістігім  ең  алдымен  ата-

анамның  арқасы  дер  едім.

Білгендерін алдымызға жайып

салып, керегін қоржындарыңа

салып  алыңдар  дейтін  жат-

тықтырушыларымның  да

еңбегі зор,- деп бастады сөзін

Диана Серікханқызы.

Спорт  әлеміне  аяқ  басқан  кішкентай

қызды көркем гимнастикадан аға жаттық-

тырушы Меруерт Төлегенқызы өз қамқор-

лығ ына  алып ,  кө ркем   гим наст ика

әліппесінің әріптерін үйретті.  Шәкірітінің

алғаш томағасын алты жасында сыпырып,

додаға түсірді. Тұңғыш жеңісіне небәрі алты

жасында қол жеткізген Диананың алғашқы

қадамы сәтті өрілді. Қазіргі таңдағы жат-

тықтырушысы  Елена  Южакова  жайлы:

"жаттығуда  қаттылық  та,  жұмсақтық  та

танытып жатады"- дейді гимнастшы қыз.

Бір белесті бағындыру үлкен еңбек пен тал-

пынысты талап ететіндігін Диана кішкен-

тайынан түсінген.

Әр спорт түрінің өзіндік қиындықтары бо-

латындығы белгілі. Көркем гимнастикада

тек билеп қана қоймай, шеңбер, доп, лента

сынды қосымша заттарды өз икеміңе ба-

ғындыра  өнер  көрсете  білу қажет.  Диана

доппен билегенді жақсы көреді екен. Доп-

пен нәзіктікті паш  етуге тырсамын дейді.

"Спорт шебері деген атқа лайық болып, ізба-

сарларымызға үлгі болу бізге - сын" дейтін

гимнастшы  қыз  өзіне  жүктелген  міндетті

абыроймен  алып шығуды  мақсатым  деп

біледі.

 - Кілемге шықпас бұрын бойыңды үрей



билеп, толқисың. Бұл сәтте бапкердің ке-

ңесіне құлақ асу, оны өз пайдаңа қолдана

білу ауадай қажет. Сонымен қатар, бұл жеңіс

тұғырына бір қадам жақындай түсуіңе жол

ашады. Жаттығуға қаншалықты дайындал-

ғаның жарыстардағы көрсеткен өнеріңнен-

ақ  көрініп  тұрады,-  деген  ол  үш  сағат

уақытын жаттығуға арнайды. Таңертеңгілік

сабағына барса, түстен кейінгі уақыты жа-

рыстарға қызу дайындалумен өтеді. Спорт

пен сабақты қатар алып, екеуінен де үздік

екендігін дәлелдеп жүр. Денешынықтыру

мен математика пәндерін сүйіп оқитынды-

ғын да айтып қалды сөз арасында.

Халықаралық додаларда өнер көрсетіп,

Қазақстанның намыс туын көтеріп жүрген

ару: "2012 жылы Жапонияда өткен халықа-

ралық турнирде өз бағымды сынағанмын.

Ол жарыстан үлкен әсер алдым. Өйткені,

әр елдің көркем  гимнастикалық  жаттығу-

лары әртүрлі болады. Өзіндік ұлттық ерек-

шеліктері бар. Халықаралық чемпионаттар-

да тың дүниелерге қаныға түсесің. Әлем

үздіктерін  көргеннен  кейінгі  талпынысым

мүлдем  өзгерді.  Көркем  гимнастиканы

бұрыннан бетер жақсы  көріп, жаттығуды

үдеттім" деп өз әсерімен бөлісті.

 Қазақ көркем гимнастикасының падиша-

сы  Әлия  Юсупованы  үлгі  тұтатын  Диана

елімізде ең үлкен жетістікке жеткен спорт-

шының  жолын  қусам  дейді.  Азия,  сосын

әлем чемпионы болып, шәкірт тәрбиелесем

деген арманы бар екен. Оған қол жеткізет-

ініне ұстаздарының сенімі мол. Өйткені, "жа-

лқаулыққа жол жоқ" деген қағиданы ұста-

натын  Диананың  болашағы  жарқын.  Әрі

көркем гимнастикадан ажырамақ ойы да

жоқ. Бұл спорт түрін өмірім деп біледі.

"Диана болашақтағы мақсатың қандай?"

дегенімде: "Болашақтағы мақсаттарым көп.

Алдымен  ата-анамның  үкілеген  үмітін

ақтау. Екіншіден, спорт шеберлігіне үміткер

атағын  қорғап,  жоғары  оқу  орнына  түсу.

Өзім сияқты талдырмаш сұлуларды көркем

гимнастика өнеріне баулу" деп қысқа қай-

ырды. Сұхбаттасуымыз барысында Диана-

ның аз сөйлеп, көп тыңдайтын қасиетін де

аңғардық. Әрі сабырлылығы да додаларда

жеңіс  тұғырына  көтерілуіне  септігін  тигі-

зетіні  сөзсіз.

Сөз соңында Диана Дәулетованың ірі же-

ңістеріне тоқталсақ,  2015 жылы сәуір ай-

ында Астана каласында өткен Қазақстан

Республикасының 4-ші жазғы Спартакиада-

сының, 2015 жылы қаңтар айында Шымкент

қаласында өткен жастар арасындағы  ҚР

Чемпионатының, 2015 жылғы наурыз айын-

да Қарағанды қаласында өткен ҚР Кубогы-

ның күміс жүлдегері, 2013 жылдың қазан

айында  Талдықорған  қаласында  өткен

көпсайыстың жекеше түрінен ҚР Чемпио-

натының күміс және қола жүлдегері, 2013

жылы ақпан айында Алматы қаласында жа-

стар арасында өткен ҚР Чемпионатының

жеңімпазы, 2013 жылы қазан айында Жа-

понияда өткен топтық жаттығулар бойын-

ша Чемпиондар Кубогының күміс жүлдегері.

Былтыр  Қырғызстандағы  додадан  бас

жүлдені қанжығалап келді. Бүгінде Қазақ-

стан чемпионатына қызу дайындық үстінде.

Диана өзінің спорттағы үлкен жетістік-

терімен аймағымыздың дене шынықтыру

және  спорт  саласына  өз  үлесін  қосуда.

Көркем спорттың көрікті аруы көрерменінің

ықыласына  бөленіп,  жеңісімен  қуанта

берсін дейміз.



Айжан ТОҚТАСЫНҚЫЗЫ


1   2   3   4   5   6   7   8


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал