Жүгіртпе жол ӘзірбайжанғА 50 электровоз экспортталады



жүктеу 0.75 Mb.

бет1/8
Дата09.09.2017
өлшемі0.75 Mb.
  1   2   3   4   5   6   7   8

2016  жылғы  2  наурыз

Апта-ақпар

Жүгіртпе жол

ӘЗІРБАЙЖАНҒА  50  ЭЛЕКТРОВОЗ  ЭКСПОРТТАЛАДЫ

Аймақ  басшысы  Даниал  Ахметов

тұрғындар  алдында  есеп  беру  кездесуі-

нде  2016  жылдың  көктемінен  бастап

ойын алаңдары қайта жабдықталатынын

атап өтті.

-  Біз  абаттандыру  және  көгалданды-

ру  мәселелеріне  тоқталған  кезде  тек

қоғамның  бір  санатын  ғана  ойлаймыз.

Өзге,  яғни  физикалық  қабілеті  жетілме-

ген  балалар жайлы  неге  ойланбаймыз?

Ешбір  қала  мен  ауданда  мүмкіндігі  шек-

теулі  балаларға  арналған,  өз  құрдаста-

рымен  қатар  ойнайтын  ойын  алаңдары

жоқ. Бірінші болып бұл міндетті Өскемен

мен  Семей қалаларының  әкімдері  жүзе-

ге асырады, - деді Даниал Ахметов.

АРНАЙЫ  ОЙЫН  АЛАҢДАРЫ

Даниал Ахметов мүмкіндігі шектеулі балалар үшін арнайы ойын алаң-

дары  жасалатынын  айтты.  2016  жылдың  көктемінде  Өскемен  және

Семей  қалаларының  демалыс  орындары  мен  саябақтары  мүмкіндігі

шектеулі  балаларға  арналған  ойын  алаңдарымен  жабдықталады.

Бұл  шешім  мүмкіндігі  шектеулі  ба-

лаларға  еш  кедергісіз  қоғам  орнату-

ды ң  қажет тіліг ін ен   туын дап   о ты р.

Ә рб ір   қал а,   аудан ,  ір і  ел дімек ен -

дердің  әкімдеріне  саябақтар  мен  де-

малыс  орындарында  арнайы  ойын

алаңдарын  орнату  тапсырылды.

Атап  өтсек,  облыста  аталған  бала-

лар  т обына  арнайы  жағ дай  жас ау

жұмыстары  жү ргізіліп  жатыр.  2016

жылдың  қыркүйек  айында  ойлау  қаб-

ілеті сақталған,  есту, көру,  қимыл-қоз-

ғалысы  нашар  балаларға  арналғ ан

пансионат  құрылысы  аяқталады.

Семей

Өлеңі - ғибрат, сөзі - алтын абыз ақынға

арналған айтысқа Семей қаласынан №21

орта мектептің 11-сынып оқушысы "Халық-

тық  ақындар  орталығының  шәкірті"

Рыскүл Досжанова қатысып, жүлделі 2-ші

орынды жеңіп алды. Аузын ашса жыр жа-

уһары  төгілетін  ақындар  арасында  таң-

дайы  тақылдап,  маңдайы  жарқыраған

Рыскүл  шәкіртімнің  алар  асулары  алда.



Көргенім  жоқ  өмірде,

Жел  сөздің  мен  тапшысын,

Өлеңім  асау  теңіздей

Өрге қарай шапшысын,- деп абыз ақын

жырлағандай,  тәңірден  қонатын  ақындық

бекзат  өнермен  Жамбылдай  марғасқа

жыраудың  мұрасын  жалғар  жас  ұрпақ

аманатты  берік  ұстап,  арманның  мұзарт

шыңдарын  бағындыра  бермек.



Серік  МОЛДАБЕКОВ,

"Халықтық ақындар

орталығының"  жетекшісі

Бәрекелді!

НАР  ЖАМБЫЛДЫҢ  ЕЛІНДЕ

Алматы  облысының  Білім  басқармасы  және  Жамбыл  ауданы

әкімдігінің  қолдауымен  Жамбыл  ауданының  орталығы  Ұзынағашта

Жамбыл Жабаевтың 170 жылдығына арналған "Жыр алыбы - Жамбыл"

атты мектеп оқушылары арасындағы республикалық айтыс өткізілді.

Дүрілдеген жыр дүбірінде әр аймақтың дарынды өрендері бақ сынады.

Жиыны жиырма алты ақын өнерлерін ортаға салды.

Компанияның  әлеуметтік  серіктесі

"Отбасын  қолдау  орталығы"  қоғамдық

бірлестігі.  Орталық  директоры  Людми-

ла Асташкинаның айтуынша, мобильдік

қосымшаға  түрлі  қайырымдылық  акци-

ялар  жайлы  жарияланып  тұрмақ.  Мо-

бильдік  қосымша  Андроид  операция-

лық  жүйесі  бар  смартфондарда  қолда-

нылады.


 "SEMEY  CLUB"  МОБИЛЬДІК

ҚОСЫМШАСЫ  ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ

Өткен аптада Абай кітапханасында көпфункционалды  "Semey  club"  мо-

бильдік  қосымшасының  таныстырылымы  өтті.  Аталмыш  мобильдік

қосымша  қаңтар  айында  іске  қосылған  болатын.    Қаланың  тіршілігі  мен

нысандары,  бүкіл  анықтамалық  ақпараттар  мен жаңалықтар   аталмыш

мобильдік  қосымшаның  көмегімен  Семей абоненттеріне  қолжетімді  бол-

мақ.

Мобильдік қосымшаны  Play Маркет-

тен жүктеп алуға болады. Қаламыздағы

тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы,

кәсіпорындар  туралы,  медицина,  білім,

жедел  жәрдем   көмектері  жайлы   ақпа-

раттарды    "Semey    club"    мобильдік

қосымшасынан  алуға  болады.

-  Бір  жарым  айдың  ішінде    4  мыңға

жуық  адам  мобиль дік  қосымшаны

жүктеді.  Қаламыздағы  кинотеатрлар-

дағы  кинолар,  театрдағы  қойылымдар

-  барлығы  күн  сайын  уақыт-уақытымен

жаңарып отырады.  "Semey  club" қосым-

шасы Вконтакте әлеуметтік желісінде де

тіркелген.    Семей  студенттердің  қала-

сы  болғандықтан,  алдағы  уақытта  сту-

денттердің  арасында  өтетін  шаралар

жайлы    мобильдік  қосымшадан    таба-

тын  боласыздар,-  дейді  "Semey    club"

ЖШС  директоры Ринат Аубакиров.

Ақмарал  ОМАШ

 Өнер шаңырағының әртістері Тахауи

Ахтановтың  "Өз  отыңды  өшірме"  спек-

таклін  өнерсүйер  қауымның  назарына

ұсынды.  Аудан  орталығындағы  Мәде-

ниет  сарайы    көрерменге  лық  толды.

Театр  өнерін  ерекше  ардақтайтын

аудан  тұрғындарының  көңілі  көтеріліп,

с ахна  шеберлерінің  өнерін  ыс тық

ықылас пен  қабылдады.  Қоғ амның

құбылыстары  мен  өмір  қиындықтарын

бейнелейтін  туындыға  жоғары  баға



АБАЙ  ТЕАТРЫНЫҢ  ҰЖЫМЫ -

АБАЙ  АУДАНЫНДА

  Ақпан  айының  24-і  күні  Абай  атындағы  мемлекеттік  қазақ  музыка-

лық-драма  театрының  ұжымы   Абай  ауданының  орталығы    Қарауыл

ауылына барып қайтты.

беріп,  көздеріне  жас  алған  қарттарды

да  көрдік.

  Жас  көрермендер  де назардан  тыс

қалған  жоқ.  Балаларға  базарлық  реті-

нде  "Алтын  дәннің  құпиясы"  атты  ер-

тегі ұсынылды.  Қойылым соңында   та-

лғамы жоғары ауыл тұрғындары алғыс

білдіріп,  ат басын жиі бұрып тұрсаңыз-

дар  деген  өтініштерін  білдірді.



Мерей ҚАРТОВ,

Әдеби бөлімнің меңгерушісі

Ұлт  аспаптар  оркестрінің  орындауын-

да  Мырзаның  "Ташауыз"    күйі,  Абылай-

ханның "Шаңды жорық" күйі, жеке дауыс-

та  Д.Сағатовтың  орындауындағы  Абай-

дың  "Көзімнің  қарасы",  Н.Өмірбековтің

"Абайдың  елі"  әнін  семейлік  көрермен-

дер жылы қабылдады.  Фольклорлық ан-

самбльдің  орындауында халық  күйі "Тел-

қоңыр",  Н.Демесінованың  орындауын-

дағы  халық  әні  "Шопан  қыз"  және  ан-

самбль  бишілерінің  орындауындағы

"Аққу" биі, "Туған жер" композициялық қой-

"ҚАЛАМҚАСТЫҢ"

ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ  ЕСЕБІ

Семей қаласының Абай атындағы қазақ музыкалық-драма театрында

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл толуына орай "Қалам-

қас" халық ән-би ансамблінің шығармашылық есеп беру концерті өтті.

ылымы,  Е.Әбдіхалықованың  "Өмір  деген"

әнін  орындаған  Т.Көзбаева,  "Қос  жеңге"

халық  әнін      орындаған  Б.Шағатаева,

әншілер  квинтетінің орындауындағы “Тра-

виата” операсынан "Песня застольная" әні

көрермендердің  ыстық  ықыласына

бөленді.


Кеш  соңында  Семей  қаласының  әкімі

Е.Сәлімов  Абай  ауданының  әкімі

Т.Мүсәпірбековке  және  ансамбль  өнер-

паздарына  ізгі  тілегін  білдіріп,  ұлт  өнерін

ұлықтап  жүрген  өнер  адамдарының  шы-

ғармашылығына  сәттілік  тіледі.



Жарма

Шарада  ауданның  әлеуметтік-эко-

номикалық ахуалы, оның дамуына биз-

нес  өкілдері  тарапынан  көрсетіліп  жа-

тқан  қолдау  және  мемлекеттік  бағдар-

ламалардың  жүзеге  асырылуы  туралы

баяндамалар  жас алды.  Сонымен

қатар,  ауданның  инфрақұрылымы  мен

әлеуетін  арттыруда,  қоғамның  әлжуаз

топтарына  көмек  қолын  созуда  бел-

с енділік  танытып  жүрг ен  бірнеше

кәс іпкер  аудан  әкімі  Н.Сыдықовтың

және  де  облыстық  Кәсіпкерлер  пала-

тасының  Алғыс  хаттарымен  марапат-

талды.

Форум  барысында  алдағы  уақытта



аудан бойынша жергілікті тұрғындардың

жағдайын  жақсарту  мен  өңірді  дамыту,

аз  қамтылған  отбасылар  мен  өзге  де

АУДАНДЫҚ

КӘСІПКЕРЛЕР  ФОРУМЫ

Жарма ауданының орталығы Қалбатау ауылында  "Бизнестің әле-

уметтік  жауапкершілігі"  тақырыбында  аудан  көлеміндегі  кәсіпкер-

лер форумы өтті. Форумға облыстық кәсіпкерлер палатасының төра-

ғасы И. Шацкий, "Бақыршық тау-кен кәсіпорны" ЖШС бас директоры

Ю.Овчинников,  аудан  әкімі  Н.Сыдықов  және  әкімшілік-аумақтық

бірліктердегі шағын және орта бизнес өкілдері қатысты.

мұқтаж  жандарға  көмек  көрсету  мақса-

тындағы  жұмыстарды  атқару  бойынша

аудандағы  10  ірі  кәсіпорынмен  жалпы

құны  69  млн.  теңгеден  астам  соманы

құрайтын  меморандум  бекітілді.



Аймақ

2016  жылғы  2  наурыз

Экономиканың маңызды

саласы болып табылатын

құрылыс секторы дағдарысқа

қарсы бағдарламаның арқа-

сында дамып келеді.  Біздің

қаламызда осыдан екі жыл

бұрын индустриалдық құры-

лыс комбинаты іске қосылған

болатын. Зауыттың пайдасы

қандай? Каркастың барлық

бөлшектері өндіріс алаңында

дайындалып, құрылыс аума-

ғында "лего" қағидаты бойын-

ша жиналады. Аталмыш

технологиямен  Шығыс

өңірінде алғаш салынып жатқ-

ан 54 пәтерлі тұрғын үйдің

құрылысы аяқталуға жақын.

Баспана алуға үмітті "Тұрғын

үй құрылыс жинақ банкінің"

салымшылары тұрғын үйдің

пәтерлерімен танысып жа-

тыр.  "СӘТ ТРАНС" ЖШС

индустриалдық құрылыс

комбинатының Бас директо-

ры Нұрлан Мәулімғазыұлы

Байбеков №15 сайлау округі

бойынша "Нұр Отан" партия-

сы атынан облыстық мәсли-

хат депутаттығына үміткер

ретінде бағын сынауда.

  "Туған  қаламның  проблемасы  мен

жерлестерімді  толғандыратын  мәсе-

лелер  мені  бейжай  қалдырмағандық-

тан,  депутаттыққа  бағымды  сынауға

шешім   қаб ылд ады м"  дей ді  Н ұ рл ан

Байбеков.  Ал,  ол   жұ мыстың  адамы,

қазіргі  заманауи  кәс іпорынның  бас -

шысы  ретінде  дағдарысқа  қарсы  бағ-

дарламаны  жүзеге  асыруға  тер  төгіп

жатқандығы  сөзсіз.   Білікті басшы  рет-

інде  іс   бастамай  жатып,  болашағ ын

бағамдап алды. Өнім  өндіріп қана  қой-

май  тапсырыстар  іздестіріп,  кәсіпоры-

нын  қазіргі  заманғы  жағдайларға  сай

бейімдеуде.  Кластерлік  тәсілді  қолда-

на отырып, өндіріс  пен құрылысты да-

мытуды  жолға  қойды.

Сол  жағ алаудағ ы  Ұн-жем  құ р ама

комбинаты  көшесінде  салынған  жаңа

тұ рғ ын  ү й ді  көрг ендердің  с апас ын,

ауласын  жоғары  бағалап  жатқандығы

еңбектің  көрінісі  болар.  Қазіргі  таңда

осыған  ұқсас  екінші  үйдің  құрылысы

басталды.  Нұрлан  Байбеков  сайлау-

алды  бағ дарламасында  жас  маман-

д ар ды ,   ұ с тазд ард ы,   дә ріг ер л ер ді,

көпбалалы  отбасыларды  баспанамен

қамтамасыз  етуді  көздеп  отыр.  Отан-

д ық   ж ә не  ж ерг іл ік т і  өн д ір уш ілерг е

жан-жақты  қолдау  таныту  экономика

саласына  міндеттеледі.  Нұрлан  Бай-

бековтің  бағдарламасы  қарапайым,

шынайы  әрі  барлығ ына  қолжетімді.

Жаңа  жұ мыс  орындарын  құрып,  на-

рықты  отандық  тауарлармен    толтыру

арқ ыл ы   қ ала  б ю дж етінің   к ө лемін

ұ лғ айтуғ а  өз  ү лес ін   қос уд ы  көз деп

отыр.

Нұ рлан  Мәулімғазыұлы  басқарып



о ты рғ ан  кә с іп ор ы н  техно ло г ия лы қ

өнімдердің  30-дан  астам  түрін  шыға-

рады.  Атап  айтар  болсақ:  жабын  тақ-

таларын,  баспалдақтар, ойықты  бетон

блоктары.  Ғимаратты  жерге  нық  орна-

татын  темір  қадаларды  да  өндіруді

қолға алуда. Оған Атырау қазақ-амери-

к ан ды қ   к ом п ан ия с ын ан  тап с ы ры с

түсті.

Мұнай өңдеу зауытының құрылысын



салу  бұ йрығының  орындалуы  бары-

сында  "СӘТ  ТРАНС"  Лондонда  аккре-

д ит теуд ен   өт іп ,  1 6    м ет рл ік  бето н

өнімдерін  өндіру  үшін  өзінің  стандарт-

тарын  растады.  Монолитті  каркас  тех-

нологиясын  Өскемен  мен  Павлодар

қалаларының  сенімді  әрі  білікті  құры-

лысшылары  қарады.  Қазіргідей  нарық

жағдайында  Нұ рлан  Мәулімғ азыұ лы

аймақты экологиялық оңалту үшін  атқ-

арылатын  әлеуметтік  міндеттері  анық-

т ап ,  т ұ р ғ ы н   ү й- к ом мун ал ды қ   қ ыз -

метінің  және  энергетикалық  салалар-

дың  бағасын негізсіз  ұлғайтуға  тосқау-

ыл  қоймақ.

-  Бізг е  т ехни кал ық  және  кә с іпт ік

білімді  дамыту  ауадай  қажет.  Білікті

жұмысшы  мамандары    да  тапшы.  Өз

бас ым  жұмысшы  мамандық  иелерін

ө нд іріс т ік  іс - т әж ір и бед ен   өт кіз уг е

әзірмін.    Жастардың  бізден  үйренері

көп,- дейді. Нұрлан Мәулімғазыұлы үш

баласын  ең  алдымен  Отанын,  үлкен-

дерді,  достарын  сыйлауға  тәрбиелеу-

де.  Ұлттық  патриотизм,  халықтар  ара-

сындағы достық,  ұлт денсаулығын  жа-

рқын  болашағымыздың  кепілі  санай-

тын  Нұрлан Мәулімғазыұлы Абай ата-

мызды ң    "Ақырын  жү ріп,   аны қ  бас ,

еңбег ің  кетпес   далағ а"  д ег ен  с өзін

өмірлік  ұстанымы  деп  біледі.

№15  сайлау  округі  бойынша  "Нұр

Отан" партиясынан облыстық мәслихат

депутаттығына  үміткер  Нұрлан  Байбе-

ков: "Сайлаушылар қойған нақты талап-

тарды олардың қолдауымен бірге жүзе-

ге  асыратын  боламыз.  Өмірімізді  жақ-

с ар ту  ү шін  біз  бірг е  жұ мыс   іс теуг е

тиіспіз"  дейді.  №15  сайлау  округі  мына

аумақтарды қамтиды: Степной, Бобров-

ка  елдімекендері,  Цементшілер  кенті,

Түйемойнақ  аралы  мен  Медицина  уни-

верс итетіне  ірг елес   көшелер.  Адам

іс інің  нәти жес і  оны ң  мә ртеб ес ін ің

көрсеткіші.  Бұл  -  уақыт  талабы.  "Нұр

Отан" партиясынан облыстық мәслихат

депутаттығына  үміткер  Нұрлан  Байбе-

ковтің  атқарған  істерінің  нәтижесі  оның

адами  қасиетін,  мәртебесін,  өз  ісінің

маманы  екендігін  дәлелдей  түседі.

________________

Материал ақысы Қазақстан Республикасының

бюджет қаржысынан төленді

Алқалы топта ақындардың ұстазы атан-

ған Дәмеш Омарбаева, қалалық Мәдениет

сарайының  көркемдік  жетекшісі  Гүлжан

Қуанышева  бастаған  топ  әділ  төрелік  жа-

сап, жас ақындардың таланттарына талап-

ты тілектерін қосып,  Мақтау қағаздары және

қалалық  Білім  бөлімі  тарапынан  бағалы

сыйлықтармен  марапаттады.  Ақындар  ай-

тысына  қатысқан  барлық  оқушы  ақындар-

дың  арасынан  №21  мектептің  оқушысы

Рыскүл Досжанова Бас  жүлдені жеңіп,  XIX

"Жас  өрен"  дәстүрлі  жас  ақындар  айтысы

тағы бір  өзіндік қырымен ерекшеленді.  Ай-

тысқа  қаламыздағы  оқыту  орыс  тілінде

жүргізілетін  "№29  мектептің  9-сынып

оқушылары Михаил Соснин мен Кристина-

Агапитованың қатысуы болды. Оқыту орыс

тілінде  жүргізілетін  осы  мектепте  мемле-

кеттік  тілді  меңгерту  мәселесі  басты  мақ-

саттардың  бірі  болып  саналады.  Елбасы-

мыз  Н.Назарбаев  басты  назарында  ұстап

отырған  игі  істі жүзеге  асыруда  мектеп  ди-

ректоры Гүлжан Төлеубаеваның еңбегі өте

зор.  Михаил  мен  Кристинаны  айтысқа  да-

ярлау барысында  да  барынша  қолдау  жа-

сап,  көмек  көрсетіп,  олардың  өз  өнерлер-

іне деген сенімдерін оята білген де Гүлжан

Төлеуғазықызы  еді.  Сонымен  қатар  мек-

теп  директорының  оқу-тәрбие  ісі  жөніндегі

орынбасары,  қазақ  тілі  мен  әдебиеті  пәні

мұғалімі  Жазира  Байжұмаева  домбыра

шерту  мен  айтысу  өнерінің  қыр-  сырын

үйретсе,  Әлия  Габдрахманова,  Манара

Асайинова,  Әсем  Темірғалиқызы  сынды

ұстаздар жас ақындарды баулуға айтарлық-

тай үлестерін қосып, айтысқа үкілі үміттерін

артып  аттандырды.

Домбырада  ойнауды  жақсы  меңгерген

Михаил:


Тегім - Соснин, Михаил - болады атым,

Тілім  қазақ  болғанмен,  орыс  затым.

Әлихан, Ахмет, Мағжан - биік шынар,

Еңбектері  айтылса  көңілім  тынар.

Міржақып,  Жүсіпбектің  аруақтары,

Қайымға  риза  болып  жатқан  шығар.

Сырымды  сыртқа  бүгін  ақтарамын,

Қайымға  тым  ерекше  тоқталамын.

Алаулы  асыл  жырдан  сусындаған,

Семейлік  өренмін  деп  мақтанамын,-

 деп жырласа,  Кристина:

Үміт күткен  қызынан текті  елім бар,

  Жиырма  тоғыз  нөмірлі  мектебім  бар,

  Кристинадай қыздарың  мен  боламын,

  Арман  еткен  алдымда  көктемім  бар,

Бұқар  менен  зерттеген  Махамбетті,

Бөгенбайдай  батырды  асыл  текті,

Әріп  ақын,  Ақылбай,  Кәкітайлар,

Қаламымен    Қайымның  бізге  жетті.

Қалықтап  ұшқан  қыраным,

Таусылмас  айтар  жыр-әнім.

Қайымдай  атам  ардақты,

Семейдің  ол  да  ұ ланы,-деп  әсем

әнімен,  өзекті  ойларымен  тыңдаған

көремендердің  қолдауы  мен  алғысына

ие  болды.

Семейлік  жас  өрендердің  өнерге  қанат

қаққан  ұмтылысын,  талабы  мен  талпыны-

сын  паш  еткен  осы  бір  айтыс  халқымыз-

дың  асыл  өнері  айтыстың  жасампаздығы

мен  жаңғырғандығын  көрсетері  сөзсіз.  Ен-

деше,  семейлік  өрендердің  өнерлері

өркендей берсін, қанаттарын кеңге жайсын

деп  ақ  жол  тілейік.



Гүлзира САДЫБЕКОВА,

 №29 орта мектептің қазақ тілі

мен әдебиеті пәні мұғалімі

Ақпан айында қалалық Мәдениет сарайында Семей қалалық білім бөлімі

мен  Халықтық  ақындар  орталығының  ұйымдастыруымен  8-11  сынып

оқушылары  арасындағы  Қазақстан  Республикасы  мемлекеттік  сыйлы-

ғының иегері, абайтанушы, көрнекті ғалым Қайым Мұхамедханұлының ту-

ғанына 100 жыл толуына арналған "Жас өрен" XIX дәстүрлі қалалық оқушы

ақындар айтысы өткізілді.

Алғыс айту күніне орай Семей қаласы-

ның  перинаталдық  орталығы    "Сүйінші"

акциясын  ұйымдастырды.  Атаулы  күні

перинаталдық  орталық  қызметкерлері

жас аналар мен сәбилер орналасқан  па-

латаларға  кіріп,  әрқайсысына    мерекелік

құттықтауларын,  жылы  лебіздерін  айтып,

8 анаға  сый-сияпат жасады.  Тосынсыйға

риза болған жас аналар  құттықтауға кел-

ген  ақ  халатттыларға    алғыстарын  жау-

дырды.  Солардың  бірі  мереке  күні

бесінші  сәбиін  дүниеге  әкеген    Гаухар

Тұрысбекова:

- Барлықтарыңызды Алғыс айту мере-

кесімен  шын  жүректен  құттықтаймын.

Сәбилеріміз  ешқашан  ауырмасын,  ден-

дері  сау  болып,  еліне  елеулі,    халқына



Мемлекет  басшысы Н.  Назарбаевтың  Жарлығымен  1 наурыз  Алғыс

айту күні болып жарияланғаны белгілі. Дәл осы күні  Семей қаласы-

ның перинаталдық орталығында өмір есігін ашқан  8 сәби мен олар-

дың  бақытты аналарына   перзентхана қызметкерлері  мерекелік

сый жасады.

қалаулы  азамат  болсын  деп

тілеймін.  Сәбиімді  аман-есен

өмірге  әкелуге  жағдай  жасап,

мерекеде  бізге  көңіл  бөліп,  ар-

найы сыйлық табыстап жатқан ақ

халатты  абзал  жандарға  алғы-

сымды  білдіремін.    Перинатал-

дық орталықта сәбилер мен ана-

ларға  барлық  жағдай  жасалған.

Дәрігерлер  жиі-жиі  келіп  тек-

серіп,  қамқорлықтарын  көрсетіп,

күні-түні    күтім  жасауда,-  дейді.

Ал   №2- ші  перз ент ханада

1 наурызда сағат 16.00-ге дейін

7  сәби  дүниеге  келді.  Перзент-

хана  дәрігерлерінің  айтуынша,

дүниеге  келген  сәбилердің  де,

аналардың  да  денсаулықтары

жақсы.


- Елбасымыз биылғы жылдың

1 наурыз  күнін Алғыс айту күні  деп жари-

ялағаны  баршамызға  мәлім.    Бұл  күні

перзентханамызда  6  қыз,  екі    ұл  бала

дүние есігін ашты. Алғыс айту күні болған-

дықтан    балаларға  Рахмет,  Ризамын  де-

ген  есімдер  қойылып  жатыр.  Қазақстан-

ның  жарқын  болашағын  жасайтын    дені

сау  ұрпақ  дүниеге  келе  берсін  деген

тілегім бар. Елімізде  әрқашан тыныштық

болсын,-  дейді  акушер  Самал  Уәли.

Балалар - біздің болашағымыз. Тәуел-

сіздігімізге    25  жыл  толған  мерейлі  жыл-

да  Алғыс  айту  күні  тұңғыш рет  тойланып

отыр.  Мерекеге  орайластырылған игі  ба-

стамалар  жыл  сайын  жалғасын  таба

берсін  демекпіз.

                    Ақмарал ОМАШ



ҚЫТАЙ ҒАЛЫМДАРЫ СМАРТФОНДЫ 15 МИНУТТА ҚУАТТАУ ЖОЛЫН ТАПТЫ

Жүгіртпе  жол

Жер-жаһан

2016  жылғы  2  наурыз

Британия

Археологтар оны мұражайға тапсырған. 1977 жылы

Лондон Университеттік колледж мамандары оған қызы-

ғушылық  танытты.

Арнайы  сараптама  арқылы  бұл  ғылымға  белгілі  ең

көне  көйлек  екені  анықталды.  Оның  жасы  5,1-5,5  мың

жыл  және  ол  Бірінші  Династия  заманына  тиесілі.

Ғалы мдарды ң  болжауы нша,  тапс ырыс   бойынша

белгілі  бір  нәзік  жандыға  арнап  тігілген.  Айта  кетелік,

"Тархан" деп аталған көйлек қазір Лондонда Виктория

және  Альберт  музейінде  тұр.



  1   2   3   4   5   6   7   8


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал