Ұйғыр тілінен аударып құрастырған: Қайнолла Омарұлы



жүктеу 27.16 Kb.

бет1/13
Дата02.04.2017
өлшемі27.16 Kb.
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13

 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

 
 
 
ҚОЖАНАСЫР 
ƏҢГІМЕЛЕРІ 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Ұйғыр тілінен аударып құрастырған: Қайнолла Омарұлы 
 
Кирилшеге көшірген: Мəди Төлемісов 
 
 
ШАҢХАЙ 
2014 ж. 

 
 
 
2009 ж. Үрімші қаласында шыққан «Қожанасыр əңгімелері» 
кітабының мұқабасы 

 


 
ƏКЕҢЕ ТАРТҚАН-АҚ ЕКЕНСІҢ 
 
 
Хан үлкен медреседе оқып келген ұлын Қожанасырға жатып кеп 
мақтап: 
 – Ханзадамның  кəмелетке  жеткендігі  соншалық,  кісінің 
ойындағысын біліп алады, – депті. 
 
Қожанасыр: 
 – 
Мəртебелі  хан,  ханзаданы  кісінің  ойына  алғанымен  емес, 
алдымен  жұдырыққа  жұмғанымен  бір  сынап  көрсек  қайтеді, – деп, 
жүзігін  уысына  жұмып  тұрып,  ханзадаға  көрсетіп, – қане,  ханзада 
қолымдағы немене, – депті. 
 
Ханзада не дерін білмей аңырып қалыпты. Қожанасыр: 
 – 
Белгісін  айтып  берейін,  өзі  дөңгелек,  ортасы  тесік,  ол  не? – 
депті. 
 – 
Е,  білдім,  білдім,  қолыңыздағы  диірменнің  тасы, – депті 
ханзада. 
 
Қожекең сонда жұлып алғандай: 
 – 
Ақылыңнан  айнала  кетейін,  əкеңе  тартқан-ақ  екенсің, – деп 
жүріп кетіпті. 
 
 


 
ИЕСІНЕ БЕРЕ САЛЫП ҚҰТЫЛАМЫН 
 
 
Қожанасыр  қолының  қысқалығынан,  құрбан  айтта  құрбан  шала 
алмапты.  Мешітке  намазға  барып  қайтып  келе  жатса,  көшеде  бір 
ешкі жүр екен, Қожекең оны ұстап əкеліп, құрбанға шалып тастапты. 
Мұны көрген көршісі Қожанасырға: 
 – 
Қожеке, қияметте бұл ешкінің сұрағы болса қайтерсіз? – депті. 
 – 
Мойындамай қоямын, – депті Қожекең. 
 – 
Мойындамай  қайтіп  құтыласыз,  қияметте  сол  ешкінің  өзі 
шығып куəлік береді, – депті көршісі. 
 
Қожанасыр: 
 – 
О-һо, ондай болса, жақсылық екен. Егер қияметте ешкі тіріліп 
алдыма  келетін  болса,  ұстап  алып  иесіне  бере  салып  құтылмаймын 
ба, – депті. 
 
 
ЖАҚСЫ ДА ЕМЕС, ЖАМАН ДА ЕМЕС 
 
 
Қожанасыр дүкен ашып отырса, жанына қаланың бастығы келіп: 
 – 
Қожеке, тіршілік қалай болып жатыр, – деп сұрапты. 
 – 
Тақсыр, жақсы да емес, жаман да емес, – депті Қожанасыр. 


 
 – 
Жақсы да емес, жаман да емес болса қандай болғаны? – депті 
таңырқаған бастық. 
 
Сонда Қожанасыр: 
 – 
Тақсыр, тіршілік жаман дейін десем, бажы алғанда сіз ренжисіз, 
жақсы  дейін  десем,  үйге  барғанда  қатыным  ренжиді,  сондықтан, 
жақсы да емес, жаман да емес дегенім ғой, – депті. 
 
 
ТАЗЫНЫҢ ӨЗІ БОЛАДЫ 
 
 
Шаһардың  бір  қарау  байы  болыпты.  Ол  Қожанасырға  бір  тазы 
сатып  əкеліп  беруді  бұйырыпты.  Қожанасыр  оған  мыңқ  етпейтін 
маңқасқадан біреуін əкеліп берсе керек. 
 – 
Ей,  мен  саған  тазы  əкеліп  бер  демеп  пе  едім? – депті  бай 
ашуланып. 
 – 
Ренжімеңіз,  байеке,  бұл  ит  сіздің  үйде  бір  жеті  байлаулы 
тұратын  болса,  арықтап  тазының  өзі  болады, – деп  жауап  беріпті 
Қожанасыр. 
 
 


 
АСҚАБАҚҚА ЛАЙЫҚ ҚАЗАН 
 
 
Қожанасыр  бір  қыстаққа  барса,  ол  жердің  кісілері  Қожанасырға 
көпіре мақтаныпты: 
 – 
Биыл  өніміміз  керемет  болды,  бір  асқабақтың  өзі  бір  арбаға 
сыймай қалды. 
 
Қожанасыр да олардан қалыспай: 
 – 
Біздің  шаһардың  қазаншылары  да  алдарына  адам  салмай  тұр, 
он  саусақтарынан  өнер  тамады.  Олар  биыл  үйдей,  күмбездей 
қазандарды жасап шықты, – депті. 
 – 
Қожеке, сондай да үлкен қазан бола ма екен, – десіпті олар. 
 – 
Ақымақ  екенсіңдер,  ондай  үлкен  қазан  болмаса,  сендер 
өндірген  асқабақтар  неменеде  піседі,  асқабаққа  лайық  қазан  деген 
сол, – депті Қожанасыр. 
 
 
АЛДЫМЕН ӨЗІМІЗ ҚАМТЫП ЖІБЕРЕМІЗ 
 
 
Бір  күні  Қожанасыр  ұйықтап  жатса,  үйіне  ұры  кіріпті.  Мұны 
сезген əйелі: 
 – 
Үй, тұр, үйге ұры кірді, – депті. 


 
 – 
Дыбысыңды  шығарма,  ұры  қашып  кетіп  жүрмесін  депті 
Қожанасыр, – Егер ұрылар қолына ілінетіндей бірер нəрсе таба қалса, 
алдымен өзіміз қамтып жібереміз. 
 
 
БАЛАЛАРДЫҢ ТІЛЕУІ 
 
 
Жаңбыр  тапшы  болған  жаздың  бір  күні  медресенің  қалпесі 
оқушыларын  ертіп,  Құдайдан  жаңбыр  тілегелі  бара  жатқанда 
Қожанасыр кезігіпті. 
 – 
Қалпеке, балаларды ертіп қайда бара жатырсыз? – деп сұрапты 
Қожанасыр. 
 – 
Құдай  балалардың  тілеуін  тез  қабылдайды  дейді,  Құдайдан 
жаңбыр тілегелі бара жатырмыз, – деп жауап беріпті қалпе. 
 
Қожанасыр: 
 – 
Аңқау  екенсіз  ғой,  балалардың  тілеуі  қабыл  болатын  болса, 
өзіңіз əлдеқашан өлген болар едіңіз, – депті. 
 
 
 


 
БЕРМЕСТІҢ СЫЛТАУЫ 
 
 
Бір күні көршісін Қожанасырдың үйінен елек сұрай келіпті. 
 – 
Ой, қарағым-ай, қара басымды сұрасаң беру ші едім. Үйдегілер 
оған су құйып қойыпты, бос емес, – депті Қожанасыр. 
 
Алгы көршісі қайран қалып: 
 – 
Қожеке, бұл не дегеніңіз, елекке де су құя ма екен, – депті. 
 – 
Ей, ақымақ, берместің сылтауын іздегенде елекке су құю былай 
тұрсын, арқанмен аспандағы айды байлап қоюға да болады, – депті 
Қожанасыр. 
 
 
КУƏЛІК БЕРУ 
 
 
Бір кісі Қожанасырға келіп: 
 – 
Қожеке, менің біреуде бидай алымсағым бар еді, ертең қазының 
алдына  бармақпын,  Сіз  бірге  барып  куəлік  беріңізші, – деп 
қиылыпты. Қожанасыр мақұл болып қазының алдына барыпты да: 
 – 
Даугердің бұл кісіде арпа алымсағы барлығына куəлік беремін, 
– депті. 
 – 
Даугер  бидай  алымсағым  бар  деді  ғой, – депті  аң-таң  болған 


 
қазы. 
 
Қожанасыр: 
 – 
Өтірік  дау  үшін  арпа  мен  бидайдың  бəрі  бір  емес  пе?  Бидай 
емес, арпа өндіріп алса да үлкен олжа, қалғанын өзіңіз біліңіз, – деп 
кете барыпты. 
 
 
ӨЛІКТІҢ ӨЗІНЕН СҰРАҢДАР 
 
 
Қожанасыр  мəліге
1
  имам  болып  тұрған  күндердің  бірінде  сол 
жердегі  байлардың  біреуі  қайтыс  бопты.  Жамағат  Қожанасырды 
оның жаназасын шығаруға шақырса, Қожанасыр бармай қойыпты. 
 – 
Жаназасын неге шығармайсыз, – деп сұрағандарға Қожанасыр: 
 – 
Ол  жарықтық  менің  имам  сайланғаныма  наразы  еді.  Екеуіміз 
араз болып жүргенде, мен оның жаназасын шығарсам, ол ашуланып 
атып  тұруы  ықтимал,  өтірік  десеңдер  өліктің  өзінен  сұраңдар, – 
депті. 
 
 
 
                                                             
1
  Мəлі – махалла, қала орамы 


 
ТӨРТ АЯҚТАП ЗЫТУ 
 
 
Қожанасыр  ханға  тарту  ету  үшін  бір  қазды  сойып,  етін  бұзбай 
бүтін  пісіріп  алып,  жолға  шығыпты,  жол-жөнекей  қарны  ашып, 
қаздың  бір  борбайын  өзі  жеп  қойыпты.  Хан  тартуға  əкелген  сыңар 
аяқ қазды көрген соң: 
 – 
Қазыңыздың бір борбайы жоқ қой, Қожеке, – деп сұрапты. 
 
Қожанасыр іркілмей: 
 – 
Биылғы қаздардың барлығы сыңар борбай екен, – деп бір аяғын 
бауырына қысып сыңар аяғымен қорада тұрған қаздарды көрсетіпті. 
 
Хан малайына: 
 – 
Мына  қаздарды  таяқтың  астынан  алып  қуалап  жібер, – деп 
бұйырыпты.  Малай  таяғын  үйірген  заман,  қаздар  екі  аяғын  тең 
басып зытып беріпті. Хан екі аяқты қаздарды Қожанасырға көрсетіп: 
 – 
Ананы қарашы, қаздар екі аяқтап зытып барады ғой, неге өтірік 
айтасың? – деп жазғырыпты Қожанасырды. 
 – 
Егер, – депті Қожанасыр ханға, – ана таяқпен сізді дəл осындай 
үркітетін  болса,  жан  сауғалау  үшін,  екі  аяқтап  емес  төрт  аяқтап 
зытқан болар едіңіз, – депті. 
 
 


 
БҰЛ ҚАНДАЙ НАМАЗ? 
 
 
Қожанасыр дəрет алса бір аяғына су жетпей қалыпты. Ол намазға 
ұйығанда, бір аяғын көтеріп тұрып оқыпты. Оны көрген қарым: 
 – 
Қожеке, бұл қандай намаз? – деп сұрапты. 
 
Сонда Қожанасыр: 
 – 
Бұл бір аяғының дəреті жоқ намаз, – деп жауап беріпті. 
 
 
ҚАЙДА ТАРТТЫҢЫЗ 
 
 
Бір күні түнде Қожанасырдың үйіне ұры кіріп, барды-жоқтысын 
буып-түйіп бір-ақ көтеріп жөнеліпті. Ұрылар есіктен шыға бергенде 
Қожанасыр  үйдегі  қалған-құтқандарын  жинастырып  көтеріп  алып, 
ұрылардың артынан ілесіпті. Ұрылар Қожанасырды танып: 
 – 
Қожеке, түн ішінде қайда тарттыңыз, – деп сұрапты. 
 
Сонда Қожанасыр: 
 – 
Құдайдың мұнысына да мың бір шүкір, көші-қонға көлік жоқ, 
қарадай  қамалып  отыр  едік,  бір  тəуірі  сіздер  көмектесіп,  көшіріп 
қоятын болдыңыздар, – депті. 
 

10 
 
ЕРТЕҢ ҚИЯМЕТ-ҚАЙЫМ БОЛМАЙ МА ... 
 
 
Қожанасырдың  қой  борлап  семіртіп  отырғанын  сезген  байдың 
мырзалары  Қожанасырды  алдап,  оның  борлаған  қойын  сойып  жеу 
жөнінде кеңес құрыпты. Олар Қожанасырдың үйіне келіп: 
 – 
Моллалардың  айтуына  қарағанда  ертең  қиямет-қайым  болады 
екен. Қожеке, енді қой бағып несіне əуре боласыз? 
 
Қойыңызды алып жүріңіз, өзеннің бойына апарып сояйық та, көп 
болып тоя бір жейік, – депті. Қожанасыр, мақұл болыпты да, қойды 
өзеннің  бойына  апарып,  сойып  етін  қазанға  салыпты.  Байдың 
мырзалары  етті  көбірек  жеудің  қамында  болып,  асыл  киімдерін 
Қожанасырдың қарап тұруына тастапты да өздері ет піскенше өзенге 
шомылғалы  кетісіпті.  Олар  кеткен  соң,  Қожанасыр  əлгі 
мырзалардың киімін түгелдей отқа жағып, етті пісіріп қойыпты. 
 
Мырзалар судан шығып, киінейін десе, ештеме жоқ. 
 – 
Қожеке  қалжыңды  қойыңыз,  киімдерімізді  қайда  жасырып 
қойдыңыз, дағдартпай бере салыңыз, – депті. 
 
Қожанасыр: 
 – 
Қайдағы қалжың, нансаңдар түгелдей отқа жағып, ет пісірдім, – 
депті. 
 – 
Үй,  бұл  не  қылғаныңыз,  біз  енді  не  киеміз, – деп 

11 
 
шұрқырасыпты əлгі мырзалар. 
 
Қожанасыр сонда: 
 – 
Ақымақ-ақ екенсіңдер, ертең қиямет-қайым болмай ма, киімнің 
сендерге не қажеті бар? – депті. 
 
 
ЖƏННАТТЫҢ ІШІ ТОЛЫП КЕТКЕН БОЛСА ... 
 
 
Бір күні патша: 
 – 
Мен ол дүниеге барғанда жəннатқа кіремін бе, тозаққа кіремін 
бе, қане əділ бағаңды айтты, – депті Қожанасырға. 
 – 
Тозаққа кіресіз, тақсыр, – деп жауап беріпті Қожанасыріркілмей. 
Ашуланғаны  соншалық,  патшаның  сақалына  дейін  дірілдеп  кетіпті. 
Бұны көрген Қожанасыр: 
 – 
Алдияр,  тақсыр,  оншалық  кəрленбеңізші,  əсілінде  мен  сізді 
жəннатқа  кіресіз  демекші  едім.  Бірақ,  жендеттердің  қылышынан 
бейкүнə  өлген  адамдармен  жаннаттың  іш  толып  кеткен  болса,  сізді 
сыймай қалар ма екен деп тозаққа кіресіз дей салғаным ғой, – депті. 
 
 

12 
 
МҰҚТАЖДЫҚТАН 
 
 
Бір күні патша Қожанасырдан былай деп сұрапты: 
 – 
Қожанасыр,  бір  жағыңызға  алтын  жəне  бір  жағыңызға  ақиқат 
қойса, қайсысын алар едіңіз? 
 – 
Тақсыр, алтынды алар едім, – деп жауап беріпті Қожанасыр. 
 – 
Ақылсыз, надан екенсіз, – депті патша Қожанасырға, – дүние, 
мал-мүлік  деген  табылады.  Ақиқатқа  қол  жеткізу  о  ңайға  түспейді, 
сіздің орныңызда мен болсам, ақиқатты алған болар едім. 
 – 
Алдияр, тақсыр, дұрыс айтасыз, – депті Қожанасыр, – кімде не 
кем  болса,  ол  соны  алады.  Менің  алтынды  алсақ  болуым,  сіздің 
ақиқатты алсақ болуыңыз бəрі мұқтаждықтан. 
 
 
КӨРГЕН САЙЫН ЕСКЕ АЛАМЫН 
 
 
Қожанасырдың  қолына  салып  жүрген  əдемі  алтын  жүзігі  бар 
екен, оған қызыққан бір саудагер досы Қожанасырға: 
 – 
Екеуіміз  бал  жаласқан  дос  едік  қой,  мен  жуықта  саудамен 
сапарға  шықпақпын,  қайта  оралғанша  өзіңізді  сағынамын  ғой, 
жүзігіңізді  маған  қиыңыз,  өзіңізді  сағынғанда,  жүзігіңізге  қарап, 

13 
 
өзіңізді көргендей болып жүрейін, – депті. 
 – 
Мен  де  сізді  сағынып  қалатын  ұқсаймын, – депті  Қожанасыр 
əлгі  досына, – ең  жақсысы,  жүзік  өзімде  қалсын,  жүзікті  көрген 
сайын  досым  сұрағанда  бермеп  едім  деп  өзіңді  еске  аламын  ғой, – 
депті. 
 
 
ТӨРТ АЯҚТЫ ҚАЗЫ 
 
 
Бір күні шаһардың қазысы Қожанасырды тəлкек қылып: 
 – 
Қожеке, сіздің көзіңізге бір нəрсе екі болып көрінетін болыпты 
деп естідім. Ақылыңыздан адасқаннан саусыз ба? – депті. 
 – 
Рас  айтасыз  тақсыр,  қазірдің  өзінде,  көзіме  өзіңіз  төрт  аяқты 
болып көрініп тұрсыз, – депті Қожанасыр. 
 
 
ЖАҢҒАҚ ЖƏНЕ ІНЖІР 
 
 
Күндердің  бірінде  Қожанасыр  патшаға  тарту-таралғы  үшін 
жаңғақ апармақшы болыпты. Патшаның жаңғақты жанындай жақсы 
көріп, інжірден жиренетінін білетін бір қу Қожанасырға: 

14 
 
 – 
Патша  жаңғақты  жақтырмайды,  оған  інжір  апарыңыз, – деп 
ақыл көрсетіпті. 
 
Қожанасыр  інжір  апарған  екен,  патша  қатты  ренжіп, 
Қожанасырды өзі əкелген інжірмен соғуды бұйырыпты. 
 
Басына інжір əр рет тигенде, Қожекең "Құдай-ау, мұныңа шүкір" 
депті. 
 
Патша аң-таң болып: 
 – 
Ей,  Қожанасыр,  таяқ  жегеніңнен  қоймай,  шүкірлік  қылғаның 
қалай? – деп сұрапты. Сонда Қожанасыр: 
 – 
Тақсыр, мен əсілі сізге тарту үшін жаңғақ əкелмекші едім, бір 
ақылды  досымның  кеңес  бойынша  інжір  əкелгемін.  Егер  жаңғақ 
əкелген  болсам,  басымның  сау-тамтығы  қалмай,  сорым  əбден 
қайнайды  екен,  інжір  əкелгеніме  мың  шүкірлік  етіп  тұрғаным  сол 
ғой, – деп жауап беріпті. 
 
 
ҚОРЖЫНДА 
 
 
Қожанасыр  есегін  сату  үшін  мал  базарға  жетелеп  бара  жатып, 
есегінің  құйрығына  батпақ  жабысып  тұрғанын  байқайды.  Есек 
алушылардың  көзіне  жаман  көрініп,  бағасы  төмендеп  кетпесін  деп, 

15 
 
есегінің құйрығын түбінен кесіп алып, қоржынына салып қойыпты. 
 
Есек алушының біреуі: 
 – 
Есегіңіз жақсы есек екен, айыбы-ақ құйрығы жоқ екен, – депті 
Қожанасырға. 
 
Қожанасыр дереу: 
 – 
Нарқын  айта  беріңіз  есектің  құйрығы  қоржында, – деп 
қоржындағы құйыршықны шолтаң еткізіп суырып алыпты. 
 
 
ƏЛХАМДУЛЛА ӨЛУГЕ ТАЯДЫ 
 
 
Қожанасырдың  барып  тұрған  жемеңгер,  саудагер  танысы  бар 
екен.  Күндердің  бірінде,  ол  сауда  істеп  келіп  жүріп,  ауырып 
Қожанасырдың  үйінде  жатыпты.  Оның  көңілін  сұрай  келген 
дос-жарандары Қожанасырдан: 
 – 
Бұл адамның халі қандай? – деп сұрапты. Сонда Қожанасыр: 
 – 
Екі күннің алдында бір мысал тəуір еді, əлхамдулла енді өлуге 
таяды, – депті. 
 
 

16 
 
ЕТ ЖƏНЕ БАЛТА 
 
 
Қожанасыр бір күні базардан ет алып келе оны қатыны асып жеп 
алыпты да, Қожекеңе етті ит жеп кетті, – депті. 
 
Ертеңінде  Қожанасыр  бір  балта  сатып  əкеліп,  оны  сандыққа 
салып қойыпты. Қатыны көріп: 
 – 
Балтаны сандыққа салғанды қайдан көрдің, үһ не? – десе керек. 
 – 
Бір  теңгелік  етті  алып  кеткен  ит,  бес  теңгелік  балтаны  қояды 
ғой дейсің бе, сандыққа салып қойған абзал ғой, – депті. 
 
 
ӨЗІМ ДЕ БІЛМЕЙМІН 
 
 
Бір  күні  Қожанасыр  өзеннің  бойында  аяқ-қолын  көсіле  тастап, 
өлген кісідей ұйықтап жатса, бір кісі жанына келіп оятып: 
 – 
Мына өзеннің өткелі қай жерде, білесіз бе? – деп сұрапты. 
 – 
Тірі  кезімде  əнеу  жерден  өтуші  едім.  Өлгеннен  кейін  қай 
жерінен өтетінін өзім де білмеймін, – депті сонда Қожанасыр. 
 
 

17 
 
ӨЗІМ ЕКЕН ДЕППІН 
 
 
Күндердің  бірінде  Қожанасыр  базар  аралап  жүріп,  бір  адаммен 
қарама-қарсы  келіп  қалыпты.  Қожанасыр  дереу  қол  беріп 
амандаспақшы  болса,  əлгі  адам  Қожанасырды  танымағандықтан, 
сүле-сапалау ғана амандасыпты. 
 
Қожанасыр: 
 – 
Білмегенді  сұрағанның  айыбы  жоқ,  сіз  кім  боласыз? – деп 
сұрапты. 
 
Əлгі адам: 
 – 
Менің кім екенімді білмесеңіз, не үшін қол беріп амандастыңыз? 
– депті. 
 
Қожанасыр оған: 
 – 
Бойыңыз  менің  бойымен  тең,  шапаныңыз  шапанымен  бірдей 
екен. Соған қарап мен сізді өзім екен деппін, – депті. 
 
 
ЖЕЛБЕГЕЙЛІГІМДІ ТАУЫП БЕР 
 
 
Қожанасыр  есегіне  мініп  бір  өзеннің  бойына  келіп  тоқтапты  да, 
желбегейлігі мен сəлдесін шешіп, есегінің үстіне қоя салып өзі дəрет 

18 
 
алуға  отырыпты.  Осы  орайда  ұрылар  Қожанасырдың  желбегейлігі 
мен  сəлдесін  ұрлап  кетіпті.  Қожанасыр  дəрет  алып  болып,  есегінің 
жанына келсе, желбегейлігі мен сəлдесі жоқ болып шығады. 
 
Қожанасыр  есектің  шомын  сыпырып  алып,  өзінің  арқасына 
таңыпты да: 
 – 
Бар,  желбегейлігімді  тауып  əкеліп  беріп,  шомыңды  ал, – деп 
есекті бір теуіп қуалап жіберіпті. 
 
 
ЕСЕК ҚАЗЫ 
 
 
Қожанасыр  есегін  жоғалтып  алып,  іздеп  жүрсе  бір  танысы 
əзілдеп: 
 – 
Қожеке,  есегіңіз  пəлен  шаһарға  барып  қазы  болыпты  деп 
естідім, – депті. 
 – 
Мен де солай болды ғой деп ойлаған едім. Өйткені, мен қашан 
да  қазы  жайлы  сөз  қозғасам  болғаны  есегім  құлағынсалып  ұйып 
тыңдаушы еді, – депті сонда Қожанасыр іркілмей. 
 
 

19 
 
ҚЫЗЫЛ ӨҢЕШКЕ ӨРТ КЕТКЕНДЕ 
 
 
Бір  күні Қожанасырдың  үйіне  бір  саудагер  дос  келіпті.  Қожекең 
мейманына  тұшпара  жасап  беріпті,  қарны  ашып  келген  саудагер 
ыстық  тұшпараны  қомағайлана  асап  жіберіпті  де  аузының  күйгенін 
байқатпау  үшін  үйдің  төбесіне  қарап  отыра  беріпті,  аздан  соң, 
сездірмей ғана: 
 – 
Қожеке бұл үйдің төбесі қашан жаптыңыз? – деп сұрапты. 
 – 
Қызыл  өңешке  өрт  кеткенде, – деп  жауап  беріпті  Қожекең 
дереу. 
 
 
ӨЗІМ ДЕ БІЛЕ АЛМАЙ ТҰРМЫН 
 
 
Қожанасыр  бір  баққа  кіріп,  алмадан  қоржынға  толтырып 
жатқанда, бағбан үстінен түсіп қалыпты. 
 – 
Қожеке, бақта неғып жүрсіз, – деп сұрапты бағбан. 
 – 
Бір  қатты  дауыл  тұрып,  мені  ұшырған  беті  осы  жерге  əкеліп 
тастады, – деп жауап беріпті Қожекең. 
 – 
Ондай болса алманы неге үздіңіз? 
 – 
Дауыл ұшырып əкете бере ме деп,  ағаштың  бұтағын қармаған 

20 
 
едім, алма төгіліп кетті. 
 – 
Оныңызды да кешірейін, ал алманы қоржынға кім салды? 
 – 
Ей, ақымақ, – депті сонда Қожанасыр, – менің ақылым жетпей 
тұрған  істі  сен  қайдан  білесің,  қоржынға  салғаныма  не  деп  жауап 
берерімді өзім де біле алмай тұрмын. 
 
 
 
ЖАҚСЫ ҚАЛА 
 
 
Қожанасыр бір қалаға барыпты, тонардың текшесінде төбе болып 
тұрған  самсаларға  көзі  тұнып  кетіпті  де,  қарны  əбден  ашқан 
Қожанасыр иесінен сұрамай-ақ, самсаны жей беріпті. 
 
Самсашының  ашуы  келіп,  көсеумен  Қожанасырды  көміп-көміп 
жіберіпті. Сонда Қожанасыр: 
 – 
Па, па, не деген жақсы қала бұл! Самсашылары самсасын ұрып 
тұрып жегізеді екен, – деп жайына кете беріпті. 
 
 
 

21 
 
КӨНЕ КЕБІН, КӨНЕ КӨР 
 
 
Бір күні Қожанасыр баласына: 
 – 
Жарқыным,  мен  өлгенде  кебіндікті  көне  матадан  дайында, 
көмерде көне көрге көміңдер, – деп өсиет айтыпты. 
 
Қожанасырдың ұлы аң-таң болыпты: 
 – 
Неге өйтеміз? – деп сұрапты. 
 – 
Ей, балам, надансың, – деп кейіпті Қожанасыр, – кебін де көне, 
көр  де  көне  болса,  Мүңкір-Нəңкір  бұл  сұралып  болған  аруақ  екен 
деп, сұраусыз қалдырса ғажап емес қой. 
 
 
ЖҮЙРІК ӨГІЗ 
 
 
Бір  күні  патша  ат  бəйгесі  болатынын  жариялап,  жүйріктердің 
бəрін бəйгеге қосуды бұйырыпты. Мұны естіген жұрт сəйгүліктерін 
сайлап  бəйгеге  қосуға  келісіпті,  бұл  хабарды  естіген  Қожанасыр  де 
екі сербегі арбайған кəрі өгізіне мініп, бəйге майданына келіпті. Оны 
көрген патша ашуға басып: 
 – 
Қожанасыр, – мұның  не  қылық?  Ат  бəйгесіне  өгіз  мініп 
келіпсің ғой, – депті. 

22 
 
 – 
Патша  ағзам,  бұл  өгіз  жарысқа  түссе  аттарыңызды  артта 
қалтырып кететініне ант бере аламын. Неге десеңіз, ол бұзау кезінде 
мойыншағын үзіп тұра қашқанда атпенен қуып жете алмаушы едік, 
енді ұшатын дəрежеге жеткен болса ғажап емес, – депті Қожанасыр. 
 
 
ҚҰДАЙ ҚАЙТІП КӨРЕДІ? ... 
 
 
Қожанасыр  кешке  шейін  ауыр  еңбек  істеп  арып-шаршап 
келетіндіктен түнде қатты ұйықтап қалып, таңертеңгі намазға үлгіре 
алмай  қала  жаздап,  асығып-үсігіп  жүріп  дəрет  алып,  үйден  жүгіре 
басып шығып кетеді екен. Мұны көрген əйелі: 
 – 
Қожеке,  намазға  барарда  асықпай  дəрет  алып,  үйден  шығарда 
"бісміллə" деп босағадан оң аяғыңмен аттап шық, əйтпегенде, намаз 
қабыл болмайды, – депті. 
 
Сонда Қожанасыр: 
 – 
Əй,  қатын,  ақымақсың  ғой,  менің  табалдырықтан  қайсы 
аяғыммен аттағанымды қараңғыда Құдай қайтіп көреді, – депті. 
 
 

23 
 


  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал