Жезқазған тарихи-архиологиялық музейінің 35 жылдық мерейтойы аясында «Музей: Қазақстанның ұлттық тарихын зерттеудегі жаңа әдістер»



жүктеу 19.92 Kb.

Дата09.09.2017
өлшемі19.92 Kb.

Жезқазған тарихи-архиологиялық музейінің 35 жылдық мерейтойы аясында 

«Музей: Қазақстанның ұлттық тарихын зерттеудегі жаңа әдістер» атты ғылыми-тәжірибелік 

конференция, музей қызметкерлерінің «Уақытпен үндестік тапқан» атты салтанатты кеші, 

«Жезқазған мыс пен ғарыш аймағы» атты жалпы шолу және музей жобалары аясында 

безендірілген тарих залдарына экскурсиялар ұйымдастырылды. 

Конференцияға Алматы қаласы-

нан тарихшы, мәдениеттанушы Ма-

рат Сембі, Отырар мемлекеттік ар-

хеологиялық музей-қорығының ди-

ректоры, тарих ғылымдарының кан-

дидаты Ержан Есжан және музей 

қ

ызметкері Қуаныш Шоқай, ҚарМУ 



доценті, тарих ғылымдарының кан-

дидаты Маулен Жакин, Қарағанды 

облыстық бейнелеу өнері музейінің 

директоры Бибігүл Құдабаева, Те-

міртау қалалық тарихи-өлкетану му-

зейінің директоры Наталья Скори-

кова және аға ғылыми қызметкері 

Ғалия Ақпанбекова, облыстық тари-

хи-өлкетану музейінің бас сақтау-

шысы Меруерт Орысбаева, Қазақ-

стан Республикасы Тұңғыш Прези-

дентінің тарихи-мәдени орталығы 

директорының орынбасары темір-

таулық Төлеутай Естекбаев, «Әзі-

рет-Сұлтан» мемлекеттік тарихи-

мәдени қорық мұражайының ғылы-

ми қызметкерлері Әшіркүл Егеубае-

ва және Нұржамал Әшірбекова, 

«Ұлытау» мемлекеттік қорық-му-

зейінің директоры Бақтияр Қожахме-

тов қатысып, өз ойларымен бөлісіп, 

музейаралық шығармашылық қаты-

нас, өзара көрмелер және экскурсия-

лар ұйымдастыру туралы пікірлесіп, 

келісімге қол қойды. 

Кездесудің екінші жартысында 

Жезқазған тарихи-археологиялық 

музйінің директоры Зинаида Чума-

кова бастаған топ музей жобалары 

аясында безендірілген Қазақ жол 

қ

атынастары университетінің Жез-



қ

азған филиалының оқу аудито-

рияларына және С. Қожамқұлов 

атындағы музыкалы-драма театры 

мен медициналық колледждің тарих 

залдарына экскурсия жасады. Сон-

дай-ақ, қонақтар қазақтың тарихын 

зерделеу жөніндегі ведомстворалық 

жұмыс тобының кеңейтілген оты-

рысында Қазақстан Республикасы-

ның Мемлекеттік хатшысы Марат 

Тәжин бүгінгі заман тарих ғылымы-

ның алдында жаңа талаптарды, ба-

сқаша көзқарасты қойып отырғанын 

тарихқа арқа сүйемесе болашақ 

бұлдыр екенін баса айтты. Сонымен 

қ

атар, музейлердің алдына қойған 



мақсаттары жайында әңгіме қоз-

ғады. 


Іс-шараның екінші күнінде «Му-

зей: Қазақстанның ұлттық тарихын 

зерделеудегі жаңа әдістер» атты 

ғылыми-тәжірибелік конференция 

өтті. Конференция Жезқазған қала-

сының әкімі Серік Шайдаровтың құт-

тықтау сөзімен ашылды. Сондай-ақ, 

«Нұр Отан» ХДП Жезқазған филиа-

лы төрағасының бірінші орынбаса-

ры Гүлмира Қаженова, «Қазақмыс» 

корпорациясы ЖШС жанындағы Қа-

рағанды филиалы төрағасының бі-

рінші орынбасары Қанат Балма-

ғамбетов та өздерінің жылы лебіз-

дерін білдірді. Конференция модера-

торы тарихшы, Жезқазған қалалық 

мәслихатының депутаты Хансейіт 

Бөлен болды. 

Пленарлық мәжілісте Алматы қа-

ласы, Қарағанды және Оңтүстік Қа-

зақстан облыстарындағы музей 

қ

ызметкерлерінің баяндамалары 



тыңдалды. Пленарлық мәжіліс аяқта-

лған соң қонақтар музейдің көрме 

залында ашылған «Жанданған та-

рих іздері» атты музейдің 35 жыл-

дығына арналған көрмеге экскурсия 

жасады. Түскі үзілістен кейін конфе-

ренция өз жұмысын секциялық оты-

рыстарда жалғастырды. Оған қонақ-

тармен қатар, тарихшылар, архео-

логтар, этнографтар, өлкетанушы-

лар, мәдениеттанушылар, суретші-

лер қатысты. Секция қатысушыла-

ры Қазақстанның археологиялық 

зерттеулері жайында әңгіме қозғап, 

ұ

лттық тарихи санасын қалыптас-



тырудағы өлкетану зерттеулерінің 

атқаратын ықпалына назар аудару-

дың қажеттігіне және халықтың 

дәстүрлі тарихи жадын қалыптасты-

рушы мәдени мұралар екенін баса 

атап көрсетті. 

Іс-шараның үшінші күнінде 

Қ

. Сәтбаев атындағы тарихи-өнді-



рістік музейіне, қала ішіне арналған 

«Жезқазған - мыс пен ғарыш айма-

ғы» атты жалпы шолу экскурсиялар 

өтті. 


Ақтоты ТОҚМЕТОВА. 

Суреттерді түсірген: 

Айгүл Нұрмағанбетова. 

Сарыарқа. - 2013. - 2 тамыз. (№30). - 9 б. 






©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал