Жәрмеңкеде 19 ауылдық округтің шаруа қожалығы, Қазалы қаласынан



жүктеу 331.34 Kb.

бет1/4
Дата29.03.2017
өлшемі331.34 Kb.
  1   2   3   4

Жәрмеңкеде  19  ауылдық  округтің 

шаруа  қожалығы,  Қазалы  қаласынан 

«Бәйімбет»  көпсалалы  ауыл  шаруа­

шылығы  өнімдер  кооперативі,  Әйтеке 

би  кентінің  «Қ.Мусаев»,  «Орын­Ай», 

«Ер­Нұр»,  «Ырыс­Болашақ»  ба зарының 

кәсіпкерлері өз өнім дерін тұтынушыларға 

базар  нарқымен  салыстырғанда,  10­15 

пайыз төменгі бағамен ұсынды. Сонымен 

бірге,  «СПК  Қызылорда  балық»  серік­

тестігінен су маржандарының сүбесі мен 

кеспесі  және  фаршы  сөреге  қойылды. 

Ал,  «РЗА»  акционерлік  қоғамынан 

шығарылатын  «Дәмдінің»  сүт,  айран, 

құрт  ірімшіктерімен  қатар,  нан  өнімдері 

мен шұжығы қазалылықтардың көңілінен 

шықты.

Бекарыстан  би  ауылының  кәсіпкері 



К.Смағұлова Тәуелсіздікке қол жеткізген 

уақыттан  бері  өзіне  тиесілі  екі  гектар 

жеріне қысқа қажетті азығын егіп, маңдай 

термен  жиып  алады.  «Берген  алар,  ек­

кен  орар»  дегендей,  қарбыз­қауындарын 

байқоңырлықтарға 

өткізіп, 

адал 


нәпақасын табады. Бұл жолы жәрмеңкеге 

130­дай асқабақ әкелген. 

Абай 

ауылының 



егіншісі 

Н.Көшербаев  жаз  бойғы  бейнеттің 

нәти жесі  жаман  еместігін  алға  тартты. 

Тапқан  табысы  отбасының  қажеттілігіне 

жетіп­артатынына  риза  болған  ол  ұйым­

дастырушыларға 

ағалық 

алғысын 


жеткізді. 

«Базарға қарағанда едәуір арзан. Кар­

топты 75­тен босатып тұр. Бәрін қалтаға 

тиімді  бағамен  саудалап,  дастарханға 

құрма,  алма  алдым.  Тәуелсіздіктің  25 

жылдығы  баршаңызға  құт­береке  сый­

ласын.  Халық  дән  риза.  Осындай  мей­

рамдар  қарсаңында  жәрмеңке  жиі  өтсе, 

нұр үстіне нұр болар еді», – дейді аудан 

тұрғыны Ғ.Дәстенова. 

Жәрмеңкені  аралап,  сатушылар­

мен  тілдескен  аудан  әкімі  Н.Шамұратов 

Р.Бағлан ова 

атындағы 

мәдениет 

орталығында  өткен  ауыл  шаруашылығы 

саласының  қызметкерлеріне  арналған 

салтанатты шараға қатысты. 

«Егін  бітсе  –  ел  ырысы»  дейді. 

Биылғы 


жылды 

қазалылық 

дала 

еңбеккерлері  табысты  қорытындылады. 



Аудан  диқандары  егілген  6670  гектар 

күріштің  әр  гектарынан  49,6  центнерден 

өнім  жинап,  қамбаға  33000  тонна  астық 

құйды.  Бұл  –  ел  Тәуелсіздігі  кезеңіндегі 

рекордтық жетістік. 

Мемлекет 

басшысы 

ауыл 


шаруашылығы 

саласын 


еліміздің 

әлеуметтік­экономикалық 

дамуының 

негізгі басым бағыттарының бірі ретінде 

белгілеп,  аграрлық  бизнесті  дамыту 

үшін  жан­жақты  қолдау  көрсетіп  келеді. 

Соның  арқасында  өңіріміздің  басты 

дақылы  күріш  өндірісінің  көлемі  10,7 

пайызға өсіп отыр. Мал шаруашылығына 

байланысты  қой  мен  ешкіден  басқа  мал 

саны 1990 жылмен салыстырғанда едәуір 

өскендігін  тілге  тиек  еткен  аудан  бас­

шысы  Н.Шамұратов  жиылған дарды  ай­

тулы  мерекемен  құттықтады.  Жаздың 

аптап  ыстығына  қарамастан,  күн­түн 

еңбектенген  егіншілерге  халықтың  аты­

нан алғыс білдірді. 

Салтанатты  басқосуда  табысқа  жет­

кен  бірқатар  озаттар  марапатталып, 

бағалы сыйлықтар табысталды.



Айнұр ҚАЗМАҒАМБЕТОВА.

Адам  –  ісімен  көрікті.  Ауданымызда  Тәуелсіздігіміздің 

25  жылдығы  аясын дағы  іс-шараларға  дайындық  қыза 

бастаған  шақта  «Алматы  қаласында  тұратын  қазалылық 

кәсіпкер  Ербоздақ  Өтеуов  ұлы  тойға  арнаған  қомақты 

қаржысын  аударыпты»  деген  жағымды  жаңалықты  құла-

ғымыз  шалды.  Сосын  көкейі мізге  сол  азаматпен  бетпе-         

бет жүздессек деген ой қонақтады.

«Қалауын  тапса,  қар  жанады»  деген.  Жақында 

өңіріміздегі  дүрілдеп  өткен  мерекелік  салтанат  үстінде 

туған  жер  төсіндегі  ортақ  шаруаға  Атымтай  жомарттық 

танытқан  жайсаң  жанмен  жолығудың  орайын 

келтірдік.  Оны  әңгімеге  шақырып,  шым-шым дап 

сыр тарт тық.

 

№92



(880) 

Сенбі,

19 қараша

2016 жыл

А уд а н д ы қ   қ о ғ а м д ы қ- с а я с и   г а з е т

Тамыры – терең, тарихы – кенен 

 Алтын дән – 2016

 

Тәуелсіздікпен бірге түлегендер

Байланыс телефондары: 8 (724-38) 23-8-04, 21-6-94

www.qazaly.kz

@qazaly.kz

E-mail: kazaly@bk.ru

БАСПАСӨЗ – 2017

«Қазалы» газетіне жазылуға 

асығыңыздар

Өздеріңіз  әр  санын  әр дайым  асыға  күтіп  отыратын 

«Қазалы» газетіне 2017 жылға жазылу басталды.

Жазылу «Қазалы» газе тінің редакциясында жүр гізіледі.

Бағасы  жеке  адамдар  үшін  6  айға  –  2000  теңге,                                  

1 жылға – 4000 теңге (индекс 65032),

Мекеме,  кәсіпорындар  мен  басқа  да  ұжымдар  үшін                           

6 айға – 3000 теңге, 1 жылға – 6000 теңге (индекс 15032).

Біздің есепшотымыз:

«Сыр Медиа» ЖШС

СТН 331 000 011 645 

БСН 100 740 005 115

ҚҚС бойынша тіркеу 

есебіне қою 

17.08.2012 жыл

сериясы 33001 №0003930

ИИК KZ349260701180488005

АО «Казкоммерцбанк» 

БИК KZOKZKX

«ҚАЗАЛЫ» ГАЗЕТІНІҢ РЕДАКЦИЯСЫ.

Айдос РАХМЕТОВ, 

айтыскер ақын.

Е

р мінезді 



РБОЗДАҚ

 Жемісті 25 жыл

Тәуелсіздік  жылдарындағы  жарқын 

істердің  бірі  –  тұрғындарды  сапалы  ауыз­

сумен қамтамасыз ету мақсатында елімізде 

2011­2020  жылдарда  жүзеге  асырыла­

тын  “Ақбұлақ”  мемлекеттік  бағдарламасы 

қолға  алынды.  Бұл  игілікті  іс  қарқын 

алып, қазір таза суды үй ішінен қолдануға 

мүмкіндік жасалып отыр. 

Мемлекеттік жобаны жүзеге асыру жо­

лында  2008  жылы  Қазақстан  Республика­

сы  Ауыл  шаруашылығы  министрлігі  су 

қорлары  жөніндегі  комитетінің  «Арал» 

құрылысы  салынып  жатқан  кәсіпорын­

дардың  бірлескен  дирекциясы  РМК­ның 

шаруашылық  жүргізу  құқығындағы  Арал­

Сарыбұлақ  топтық  су  құбырын  пайда­

ланушы  Қазалы  филиалы  ашылды.  2011 

жылдың  қыркүйегінен  бастап  мекеме  су 

құбырын  пайдаланушы  Қазалы  өндірістік 

бөлімшесіне айналды.

2008  жылдан  бері  халықты  сапалы 

таза  ауызсумен  қамтамасыз  ететін  осы 

бөлімшені Әділхан Ахмет басқарып келеді. 

Жастайынан  іскерлігімен  көзге  түскен  ол 

шебер, абонент бөлімінің меңгерушісі, бас 

инженер сынды қызмет сатыларынан өтті. 

Тоқырау  заманында  жұмыс  барысында 

кездескен  қиыншылықтарды  еңсеріп,  мол 

тәжірибе  жинақтады.  Алда  атқарылатын 

жұмыстарды дұрыс жоспарлап, оны орын­

дата білді. 

Саланың  қыр­сырын  бес  саусақтай 

білетін басшының барлық қызметкерлерден 

ауызбіршілік  пен  еңбек  тәртібін  қатаң 

сақтауды  талап  етуінің  арқасында  әрбір 

жұмысшы­қызметкер 

өз 


міндеттерін 

жауап кершілікпен атқарады. Кезінде айлық 

жалақы уақытылы берілмеуінен кадр жетіс­

пейтін  мекеме  бүгінгі  күні  еңбекақысы 

тұрақты,  қажетті  техникамен  қамтамасыз 

етілген жұмыс орнына айналды.

Бүгінде  бұл  ұжым  Әйтеке  би  кенті 

мен  Қазалы  қаласы,  Басықара,  Қ.Пірімов, 

Жалаңтөс  батыр,  Ғ.Мұратбаев,  Ақтан  ба­

тыр,  Жанқожа  батыр,  Бекарыстан  би, 

Жалпақ,  Майдакөл,  Ү.Түктібаев,  Абай, 

Өркендеу,  Бірлік,  Қожабақы,  Аранды, 

Бозкөл,  Тасарық,  Лақалы,  Отгон  және 

Кәукей  елді  мекендері  тұрғындарын  таза 

сумен  қамтамасыз  етуде.  Қазір  бөлімшеге 

қарасты 194 қызметкер, 18 автотехника, 23 

насос  стансасы,  2  су  қыспақты  мұнарасы, 

301 шақырым бас су құбыры, 279 шақырым 

ішкі су тарату және 151 шақырым сервистік 

су  желілері  мен  407  қоғамдық  суағар 

бар.  Аудандағы  22  елді  мекен  бойынша 

13220  үй,  58517  тұтынушы,  95  бюджеттік 

және  169  шаруашылық  қызмет  жүргізетін 

мекемені құрайды. Арал ауданының Арал­

Сарыбұлақ  топтық  су  құбыры  өндірістік 

бөлімшесі  арқылы  Әйтеке  би  кентіндегі 

№1  су  көтеру  бекетінде  орналасқан 

сиымдылығы  7750  текше  метрлік  су  қой­

маларына тәулігіне жазғы маусымда 9000, 

қысқы маусымда 5000 текше метрге дейін 

ауыз  су  қабылданып,  кент,  қала  және 

ауылдық елді мекендерге  таратылады.

Бекетте орналасқан зертханада тұтыну­

шыларға бері летін ауыз су сапасына өнді­

рістік  бақылау  жұмыстары  жүргізіледі. 

Оның қалыпты жұмыс істеуіне реагенттер, 

құрал­жабдықтармен  бірге  көрсеткіштерді 

анықтауға  қа жетті  химиялық  реактивтер­

мен қамтамасыз етілген.

Сондай­ақ заманауи үлгі дегі «Спектофо­

тометр КФК­3», микроскоп, электронды та­

разы, кептіргіш шкафтармен жабдықталған. 

Ауыз  су  сапасына  өндірістік  бақылау 

жүргізудің бекітіл ген жұмыс жо­

спарына сәйкес, бөлімше бойын­

ша 75 бақылау нүктесінен айына 

бір рет сынамалар алынады.

АУЫЛ ЖӘНЕ АУЫЗ СУ

С

ейсенбі күні 



«Жеңіс» саяба-

ғы ның алдын-

да «Алтын дән 

– 2016» мере-

кесіне орай ауыл 

шаруашылығы 

жәр меңкесі бо-

лып өтті. Жергілік ті 

өнім мен ауыл-

шаруашылық 

тауар ларының са-

пасын көтеру, 

халық тың әлеуетін 

жақсар туды 

көздеген ұйым -

дастырушылар 

тұр ғындардың 

риза шылығына 

бөленді. 

КҮЗ – БЕРЕКЕ, КҮЗ – МЕРЕКЕ 

Биылғы жылды қазалылық дала 

еңбеккерлері табысты қорытындылады. Аудан 

диқандары егілген 6670 гектар күріштің әр гектарынан 

49,6 центнерден өнім жинап, қамбаға 33000 тонна астық құйды. 

Бұл – ел Тәуелсіздігі кезеңіндегі рекордтық жетістік. 

17­18 қараша күндері Қызылорда облысында кезекті VIII өңірлік «Байқоңыр Инвест» 

инвестициялық форумы өтті. 

Форумның  негізгі  мақсаты  –  өңір  компанияларының  шетелдік  және  отандық  ин­

весторлармен өзара тиімді әріптестік орнатуына, бизнес пен ғылым салаларының және 

билік өкілдерінің инвестициялық жобаларды жүзеге асыруда, аймақ экономикасын ди­

версификациялауда және жетілдіруде күш біріктіруіне мүмкіндік туғызу болып табыла­

ды.


Инвестициялық форумға ҚР Инвестициялар және даму бірінші вице­министрі Аль­

берт Рау, сондай­ақ, бірқатар бизнес қауымдастықтар мен бірлестіктердің, банк саласы 

мен барлық деңгейдегі мемлекеттік органдардың, ұлттық және шетелдік компаниялардың, 

Ресей,  Германия,  Швейцария,  Франция,  АҚШ  және  Қытайдың  халықаралық  қаржы 

институттарының өкілдері қатысты. Сонымен қатар, форумға Әзірбайжанның, Белорусь 

мемлекетінің, Бельгия Корольдіктерінің өкілдері және Өзбекстанның ресми делегация­

сы да келді. Осы ретте, форум жұмысына «Қашаған» кен орнын игеру жобасының негізі 

операторы «NCOC» компаниясының делегациясы қатысқандығын айта кеткен орынды.

«Бұл  –  инвесторлардың  Қызылорда  облысындағы  жобаларға  қызығушылық  таны­

тып отырғандығының белгісі», – деді облыс әкімі Қ.Көшербаев форумның пленарлық от­

ырысында.

Пленарлық және секциялық отырыстардан бөлек, жергілікті кәсіпкерлердің форумға 

қатысушы 11 елдің өкілдерімен B2B кездесулері өтті. Форум қорытындысымен 10­нан 

аса меморандум мен келісімге қол қойылды.



Ресми ақпарат көздерінен.

Берері мол басқосу

Сарыкөл ауылдық округінде дүние 

есігін ашқан Ербоздақ оң­солын         та­

нысымен 

Қазалы 


қаласындағы 

Ғ.Мұратбаев  атындағы  №17  орта 

мектепте  оқыды.  Балғын  жас  білім 

шаңырағындағы тәлім­тәрбиемен бір ге 

әкесі – Өтеуден біраз үлгі­өнеге алды.

Өтеу  мезгілінде  Микоян,  Жаңа­

тұрмыс  колхоздарында  қайың  сапты 

кетпенімен  дала  төсін  түлете  қауын, 

қарбыз  еге  жүріп,  бақшашыларға 

басшылық еткен. Су маржанын сүзген 

балықшылар бригадасын да басқарған. 

Аталған  шаруашылықтарды  құруға 

белсене атсалысуымен бірге қарқынды 

өсіп­өркендеуіне  аянбай  үлесін  қос­

ты.  Ел  басына  қара  бұлт  үйірілген 

Ұлы  Отан  соғысы  жылдарында  кол­

хоз  төрағасы  міндетін  атқарып, 

халықты  Жеңіс  күнін  жақындатуға 

жұмылдырған.

Өмірдің ыстығына күйіп, суы ғына 

тоңа  жүріп,  шарболаттай  шыңдалған 

ақсақал зейнет демалысына шыққаннан 

кейін  де  қол  қусырып  қарап  отырма­

ды.  Қала  сыртындағы  жер  учаскесіне 

бақша  егіп,  қорадағы  азын­аулақ  мал­

дарына  шөп  дайындаудан  тынбай­

тын.  Сондайда  жанынан  Ербоздақты 

қалдырмайды. Ұсақ­түйек жұмыстарға 

жұмсап, ақыл­кеңесін береді.

Дастархан  басындағы  отырыста: 

«Балаларым, еңбек етуден қашпаңдар. 

Қашан  да  «Еңбекпен  тапқан  нан 

тәтті»  деген  нақылды  естеріңе  тұта 

жүріңдер», – деп жиі айтатын.

Бір  жолы  былай  болғаны  бар... 

Бұлар  онда  білім  шаңырағының 

бесінші сыныбында оқып жүрген. Жаз 

ортасынан  ауа  бере  әкесі  екеуі  қалың 

өскен пішенді оруды бастады. Таңмен 

таласа ұйқыларынан оянып, шабындық 

басынан  табылады.  Күн  қыза  бере 

үйлеріне қайтады. 

Тынбай  жүріп,  алаңқайдағы  көк­

майсаны  да  тауысты.  Мұқияттап  бау­

ланып,  бір  жерге  күделеніп  жиналған 

шөпті ұзамай екі кісі автокөлікке тиеп, 

алып кетті. Мұның сырын сұрап білуге 

Ербоздақтың  батылы  бармады.  Арада 

біршама уақыт өтті. 

Оқу  жылы  басталуға  санаулы 

күндер  қалғанында  кешкілік  ойын­

нан оралған бетте күтпеген жағдайдың 

үстінен  шықты.  Бұ ған  әкесі  су  жаңа 

костюм­шалбар  мен  оқу  құралдарын 

сыйлап:

–  Балам,  мына­



ның  бәрі  де  сенің 

өз  табысыңа  кел­

ген  дүниелер.  Ала 

жаздайғы 

төккен 

маңдай теріңнің жемісі! – деді. Шешесі 



Қымбат:  «Құлыным,  қолғанат  бол­

ды  деген  осы,  құдайым  тіл­көзден 

сақтасын!»  –  деп  айналып­толғанып, 

маңдайынан сүйді. Мұның бала көңілі 

қуаныштан  асып­тасып,  төбесі  көкке 

жеткендей  күй  кешті.  Бойын  ерекше 

мақтаныш биледі. 

Осылайша  бала  кезінен  үй  ша­

руасын  атқарып,  әке  ақылын  құла­

ғына  құйған  Ербоздақ  басқа  сы­

ныптастарына  қарағанда  ширақ  та 

жігерлі  болып  өсті.  Совет  Армия­

сы  қатарындағы  азаматтық  борышын 

өтеп  келісімен  аудандық  ішкі  істер 

бөліміне  милиционерлік  қызметке  ор­

наласты.  Қоғамдық  тәртіпті  сақтау 

жолындағы  міндетіне  мұқият  қарап, 

жауапкершілікпен  атқаруға  күш  сал­

ды.  Кейін  Алматы  қаласына  қоныс 

аударып,  үйреніскен  ісін  сонда 

жалғастырды.

1990  жылы  Өскемен  жол  құры­

лысы  институтының  Алматыдағы 

филиалынан  жоғары  білім  алды. 

Республикалық  автомото­техникалық 

қызмет  көрсету  базасына  ауысты. 

Ұзамай  мекеме  басшысы  лауазы­

мына  тағайындалды.  «Алатау»  сау­

да  мекемесінде  дүкен  меңгерушісі 

болып,  қаржы  айналасының  қыр­

сырына  қанықты.  Бертін  келе  коопе­

рация  жүйесі  тұтынушыларға  қызмет 

көрсету міндетінен айырылып, барлық 

аймақтарда жұмысын тоқтатты.

Елімізде  жаппай  нарықтық  ре­

форма  белең  алған  1993  жылда­

ры  кәсіпкерлікпен  айналысуға  бекем 

бел  буды.  Алғашында  Ресей  жерінен 

сөмкемен  түрлі  тауарлар  жеткізіп,  ба­

зар  қатарларында  сатты.  «Талаптыға 

нұр  жауар»  дегендей  бұл  бағыттағы 

қадамдары  құтты  болып,  берекелері 

тасыды.  Уақыт  талабына  ілесе  жүріп, 

табыс  көзін  табудың  жаңа  жолдарын 

іздестіруден жалықпады. Біраз жүйкеге 

күш  түсіріп,  шаршап­шалдығуға  тура 

келді...

Сондай  күндердің  бірінде  жер­

лес  ағасы  Жұбатхан  екеуі  Алматы 

көшесімен  жаяу  аяңдап  келе  жатты. 

Жүкең  «Бутя»  компаниясы  ғимараты 

тұсына  келгендерінде  сәл  аялдап, 

айналаға  көз  тоқтата  қарады.  Сосын 

Ербоздаққа күлімсіреп тұрып:

–  Жігітім,  болашақта  сен  мынан­

дай  компанияны  басқаруды  ойлайсың 

ба? – деді.

Ербоздақ  қабырғасымен  кеңескен­

дей аз­кем кідіріп алып:

– Армансыз адам – қанатсыз құспен 

тең.  Әрине  мен  де  осындай  болғым 

келеді! – деді орнықты тіл қатып.

Өмір  –  өзен.  Міне  сонан  бері 

де  арада  ондаған  жылдар  жылыс­

тап  өте  шықты.  Адам  тынбай  тал­

пынса  барлығы  да  орындалады  екен. 

Ербоздақтың  сол  уақыттағы  айтқан 

сөздері  айна­қатесіз  шындыққа  ай­

налды.  Олай  дейтініміз,  бұл  күндері 

Ербоздақ  Өтеуов  «ВЕАГ»  құрылыс 

компаниясының басшысы. Жаңа техно­

логиямен жұмыс істеуге көшкен ұжым 

қазірге  дейін  халық  игілігіне  қажетті 

көптеген  нысандарды  салуға  қатысты. 

Атап  айтсақ,  Жамбыл  облысының 

Мерке  ауданындағы  су  электр, 

Қордайдағы жел электр және Отардағы 

күн  электр  стансаларын  пайдалануға 

берді. Сондай­ақ Алматы қаласында 70 

мың  шаршы  метрлік  «Байтал»  тұрғын 

үй кешенін, «Самға» мөлтек ауданында 

15  мың  шаршы  метрлік  тұрғын  үйлер 

қатарын тұрғызуға қатысты. 

Жасынан  қазақы  тәрбие  нәрі­

мен  еркін  сусындап  өскен  Ербоздақ 

айналасындағы  адамдардан  жүрегін­

дегі  имандылық  пен  жанашырлық 

пейілін  ешқашан  да  аянып  қалған 

емес.  Осы  ретте  Хиуа,  Қоқан,  Бұқара 

хандықтарының  басқыншылығы  мен 

Ресей  патшалығының  отарлық  са­

ясатына  қарсы  тұрған  халық  баты­

ры  Жанқожа  бабаның  240  жылдығы 

қарсаңында 

жазушы 

Молдахмет 



Қаназдың  «Ел  қорғаған  ер  Жәкем» 

кітабының  баспадан  шығуына  демеу­

шілік көрсетті. Жұрт болып жұмылған 

ас беру рәсіміне 2 млн ақша аударды. 

Тұранның  ұлы  әміршісі,  Азияның 

ақырғы  жолбарысы  ретінде  танылған, 

ержүрек  те  кемеңгер  қолбасшы 

Жалаңтөс  баһадүрдің  туған  жері 

Қарашеңгел  ауылдық  округінен  баба 

ескерткішінің  ашылуына,  ол  тура­

лы  мол  мағлұматқа  толы  деректі 

фильмнің түсірілуіне көмек қолын соз­

ды.  Тәуелсіздігіміздің  25  жылдығы 

қарсаңында  аудан  орталығы  –  Әйтеке 

би  кентінен  Жалаңтөс  баһадүр  мавзо­

лейінің  бой  көтеруіне  11  млн  қаржы 

бөлді. «Жақсы адам – ел ырысы» деген 

осы емес пе?!

Ата­анаға  құрмет  –  перзенттік  па­

рыз.  Ежелден  жеткен  үлгілі  үрдісті 

бұлжытпай  ұстанған  Ербоздақ  2009 

жылы Қазалы өңірінің «Қаңбақтыкөл» 

қорымындағы әкесі – Өтеудің, шешесі 

–  Қымбаттың,  ағасы  –  Еңсепбайдың 

мүрделері  басына  еңселі  кесене 

тұрғызды.  Бүкіл  ағайынның  басын 

қосып,  ас  берді.  Әке­шешесінің  көзін 

көрген  ақсақалдар  мен  кейуаналарға 

сый­сияпат көрсетіп, шынайы алғысқа 

бөленді.  Сөйтіп  әруақтар  рухына 

тағзым етіп, мұсылмандық іс атқарды.

Үлкен  өмір  ағысында  балалықтың 

бал  күндерін  бірге  өткізген  сынып­

тастардың  орны  бөлек.  Сүттен  ақ,  су­

дан  таза  кездегі  құлын­тайдай  тебісе 

өскен  олардың  әрқайсысы  жаныңа 

жақын, көзге айрықша ыстық көрінеді. 

Ербоздақтың  да  бір  кездері  Қазалы 

жерін  думандатқан  сыныптастары 

республикамыздың  әр  аймақтарында 

сан  түрлі  арман  жетегінде  ғұмыр 

сүруде.


Ол осындай білім ордасынан бірге 

түлеп  ұшқан  сыныптастарымен  әлі 

күнге хабарласып, қатысып тұрады. Біз 

мұны  оның  достыққа  деген  адалдығы 

мен беріктігі деп сезіндік.

Тәуелсіздік жылдарымен бірге жа­

сасып,  кәсіпкерлік  ісін  дөңгелеткен 

Ербоздақ  уыздай  ұйыған  отбасының 

асқар таудай панасы, ардақты әке. За­

йыбы  Нұржамал  екеуі  жұбайлық 

жылдарын  тату­тәтті  өткізіп,  Рита, 

Гүлнура,  Ақкенже,  Нұрбике  есімді 

қыздарына  тәлімді  тәрбиелерін  беру­

де.  Рита  мен  Гүлнурадан  төрт  неме­

ре  сүйген  олар  ардақты  ата­әжелер 

қатарын толықтырды.

Ер  сыншысы  –  елі.  Бізбен  әңгіме 

үстінде  Ербоздақпен  емен­жарқын 

сыйласатын үзеңгілес ағаларының бірі 

–  Ермағанбет  Жұбатханов:  «Ербоздақ 

жігерлі  де  батыл  азамат.  Қандай  істе 

болса  да  тез  шешім  қабылдайды. 

Әрдайым елім деп еміреніп жүреді» –  

десе,  Байғабыл  Пірманов:  «Мен  оны­

мен  Қазалы  қаласында  көрші  тұрдым. 

Ол  бала  күнінен  қауын  егіп,  пішен 

орып,  шынығып  өсті.  Бірсөзді,  іскер 

жан»,  –  деген  жылы  лебізін  ақтарыла 

жеткізді.

Бизнес саласында жалықпай еңбек 

етіп,  ел  дәулетін  еселеп  арттыруға 

сүбелі үлесін қосып жүрген атпал аза­

мат  Ербоздақ  Өтеуов  бізбен  қоштасар 

сәтте:


–  Менің  Жетісу  жеріне  қоныс 

аударғаныма  қырық  жылдай  уақыт 

болды.  Сонда  да  кіндік  қаным  та­

мып,  жөргек  жуған  жеріме  де­

ген  сүйіспеншілігім  суыған  емес. 

Осындағы болып жатқан түрлі мәдени­

рухани шаралардың ортасында болып, 

демеушілігімізді  көрсетіп  отыру  –  біз 

үшін  үлкен  міндет,  –  деді  салмақты 

кейіппен.

Ер  мінезді  Ербоздақтың  салиха­

лы  пікіріне  ішіміз  жылып,  көңіліміз 

марқайып қалды.

Сахи ҚАПАР,

Қазақстан Журналистер 

одағының мүшесі.

ЕР МІНЕЗДІ ЕРБОЗДАҚ

№92 (880) Сенбі, 19 қараша 2016 жыл.

Қазақстан Республикасында 

міндетті әлеуметтік 

медициналық сақтандыруды 

енгізу бойынша

 

100 СҰРАҚ – 100 ЖАУАП

–  Жеке  зертханаға  жүгінген  кезде  медициналық  сақтандыру 

қоры менің анализ тапсыруға жұмсалған шығыстарымды төлейді 



  1   2   3   4


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал