Жерұйыққа жете аламыз ба?



жүктеу 73.49 Kb.

Дата04.03.2017
өлшемі73.49 Kb.

От кого: Талаптан Ахметжан (zhenitaipak@mail.ru) 

Кому: info@кітапхана.қаз 

Дата: Суббота, 11 июля 2015, 4:09 +06:00 

Тема: Жерұйыққа жете аламыз ба? 

 

 



ЖЕРҰЙЫҚҚА ЖЕТЕ АЛАМЫЗ БА? 

(Ақ Сарбаз кітабының авторы Жиһан Желтоқсанмен сұхбат) 

 

Талаптан АХМЕТЖАН: 



 

Мен  «Ақ  Сарбаз»  кітабын  ғылыми,  философиялық  дүние  деп 

қабылдаймын. 

Мұнда 


біздің 

таптаурын 

болған 

ескі 


дүниетанымымызды  дүр  сілкіндірген  қуатты  ой  бар.  Мысалы, 

кітаптағы 

эволюция 

сатылары, 

қатар 

әлемдер, 



ғарыш 

заңдылықтары,  космостық  (ғарыштық)  шайқас,    армагеддон,  өткен 

өмір құпиялары, Ақ Сарбаз – Жеңімпаз, алтыншы сатының халқы, 

Жерұйық, Жасыл күн атты тараулардың қай-қайсысында болмасын 

терең  талдауды  талап  ететін  тұстары  өте  көп.  Бұл  кітапты  ғалам 

заңдылықтары  жайлы  біліммен  сусындамаған,  діни  философиядан 

хабары  жоқ  жанның  қабылдай  қоюы  да  қиын  екеніне  көзім  жетті. 

Сіз  осы  кітаптағы  ойларыңызды  сығып,  мәйегін,  қаймағын  ғана 

ұсынып отырған сияқтысыз. Яғни, маған айсбергтің көрініп тұрған 

беті сияқты көрінеді.  

Мені  көптен  бері  мазалап  жүрген  бір  сауал  бар.  Сіз  «Ақ 

Сарбазға» – осы кітаптағы философияға қалай келдіңіз?  

 

Жиһан ЖЕЛТОҚСАН:  

Әр  адам  жарық  дүниеге  келгенде  санасында  өзіндік 

программасы  болады.  Мұны  біздің  қазақ  «тағдырдың  жазуы», 

«жазмыш»  дейді.  Қазақтың  әбден  түңілгенде:  «Құдай  зейініне 

ештеңе  бермеген  соң  не  шара?»  дейтіні  содан.  Әр  адамның  өз 

мақсаты, өз жолы бар. Адамның ғалым болмағы да, залым болмағы 

да, бәрі де сонда – «жазмы шта» жазылған. Жазмыш өткен өмірдегі 

қарыз  бен  парыздарыңа  байланысты  жазылады.  Қазіргі  әрбір  ісің, 

әрбір сөзің, әрбір қадамың – алдағы өміріңнің, алдағы тағдырыңның 

бір-бір  жазуы.  Қазақта  мынадай  мифтік  аңыз  бар:  екі  иығыңа  екі 

періште қонып алып, біреуі жақсы ісіңді, біреуі жаман қылығыңды 

жазып отырады екен дейтін. Осы сөздің түбірі шындық.  

Кез-келген адамның Құдай берген қабілетін ашуға түрткі – сол 

бойдағы  қасиетті  оятатын  импульс.  Онымен  қоса  адамның 



қалыптасуына ортасы, балалық шағы да үлкен әсер етеді. Бала ата-

анасын таңдай алмайды. Олай болса «өз тағдырым өз қолымда» деу 

де асылық болмай ма?  

Менің  балалық  шағым  Алматы  облысы,  Балқаш  ауданы, 

Балатопар  ауылында  өтті.  Ілеге  құятын  Балатопар  деген  өзен  бар. 

Ауылымыз  сол  өзеннің  жағасында  еді.  Нағашы  атам  мен  апамның 

қолында өстім. Ол кезде мен екі жаста екенмін. Шешем ЖенПИ-де 

сырттай  оқып  жүріпті.  Сондықтан  нағашы  апамның  тәрбиесінде 

болдым.  Нағашы  атам  қой  бағатын.  Машинаны  бірінші  рет 

Алматыға  келгенде  көрдім.  Малшыларға  ұн-шайды  Іле  арқылы 

баржамен  әкелетін.  Балатопар  –  табиғаты  көркем  жер.  Балалық 

ұшқыр қиялыма сол жердің табиғаты қатты әсер етті.  

Нағашы апам: «Сен хан тұқымысың, төресің, саған балалармен 

асыққа  таласуға,  біреумен  ерегесуге  болмайды.  Сен  ел  үшін  өмір 

сүресің» деп тәрбиеледі. Осы сөз балалық  кезден анық санама тасқа 

қашалғандай ап-айқын жазылып қалыпты. Содан болар мен ғұмыр 

бойы  өзіме  деп  ештеңе  жинамаппын.  Өмірім  оқу  мен  іздеуге 

жұмсалыпты. Әрине, оның игілігі халықтікі.  

Осы  арада  Жиһан  Желтоқсанның  әңгімесін  сәл  үзіп, 

сұхбаттасуға  барғанда  алған  алғашқы  әсерімді  әңгімелей  кетейін. 

Бір  ескерту  –  Жиһан  Желтоқсан  –  оның  бүркеншік  аты,  ал,  шын 

аты-жөні – Едихан Шаймерденұлы.  

Уәделескен  уақытта  мені  елудің  жуан  ортасындағы  ақ  сары 

жігіт ағасы қарсы алды. Шашын ақ шалған. Қоңыр үнінен, алмастай 

жарқылдаған  отты  жанарынан,  нұрлы  жүзінен  парасаттылықтың, 

ұстамдылықтың, рухани қуаттылықтың лебі есіп турады екен. Мені 

ауладағы  үлкен  үйдің  қасында  тұрған  мұнтаздай  ғана  кішкене 

баспанаға  бастады.  «Мына  үлкен  үй  інімдікі,  ал,  мынау  менің 

тұрағым» деді. Кішілеу екі бөлмелі үй екен. Алдыңғы бөлме – ас үй. 

Төргі  бөлме  –  жатын  үй.  Үй  ішіндегі  мүліктер  де  өте  қарапайым, 

бірақ бәрі орын-орнында тұр. Үй ұқыптылықтың, тазалықтың ұясы 

іспетті  екен.  Біз  ас  бөлмедегі  стол  басына  жайғасып,  осы  үйдің 

бақшасынан  терілген  дәмі  балдай  жеміс-жидектен  ала  отырып 

әңгіме  өрбіттік.  Сөз  арасында  Жиһан  Желтоқсан:  «Материялдық 

байлық  көбейген  сайын  адамның  рухани  байлығы  әлсірейді»  деді. 

Үй  алуға  да,  дүние  жинауға  да  мүмкіндігі  еркін  жете  тұрып, 

Құдайдың  осы  бергенін  қанағат  тұтуын,  бар  ғұмырын  ғылымға 

бағыштауын үлкен көрегендік деп мойындадым.  



1949  жылы  күзде  жетіден  асқан  шағымда  Алматыға,  әке-

шешемнің қолына келдім. Бір шаңырақта үш бала едік. Қуанышбек 

деген  інім  менен  төрт  ай  кіші,  Тәпен  деген  тәтеміз...  Ол  кісі 

ертеректе  қайтыс  болды.  1-інші  Алматыда  «Малая  станицада» 

тұрдық.  Біраз  жыл  пәтерден-пәтерге  ауысып  зықымыз  шыққанда 

Құдай жар болып, жер алып, Тастаққа көшіп келдік. Үй салдық. Ең 

алғаш салған паспанамызда мен тұрып жатырмын. Кейіннен салған 

үлкен үйде інім тұрады.  

Әкем – Шаймерден Қазақстанның еңбек сіңірген автомобилисі 

еді. Жүк автотресі бастығының орынбасары болып қызмет атқарды. 

Шешем  Ділмәш  шай  шығаратын  фабриканың  лабораториясында 

істеді.  

Әке-шешем  мені  8  жасымда  «Малая  станицадағы»  орыс 

мектебіне  берді.  Бір  ауыз  орысша  түсінбейтінмін.  Содан  бір  жыл 

ішінде  орыс  тілін  меңгеріп  алдым.  Он  жылдықты  Тастақтағы 

мектептен тәмәмдадым. Комсомолда, партияда болған жоқпын.  

Кітап  оқуға  бала  күнімнен  құмарлығым  ерекше  болды. 

Шешем:  «Саған  істер  жақсылығым  сол  болсын,  шаруадан 

босатайын,  кітапханаға  бара  ғой»  дейтін.  Шешемнің  осы  сөзінен 

кейін кітапханадан шықпайтын болдым. Ә дегенде Жюль Верннен – 

фантастикадан бастадым. Жюль Верннің капитан Немосы кейіннен 

принц Дакар болып шығады ғой. Осы шығармасы маған қатты әсер 

етті. Спартакты қызығып оқыдым. Осындай шығармалардағы идея 

–  елін  езгіден  босату,  халқына  бостандық  әперу  болатын.  Мендегі 

программа да  сол  еді.  «Қараңғы  қазаққа  Ильичтің жарығын  әкеліп 

бердік» деген сөздер студент кезде менің намысымды қоздыратын. 

Біздің қазақ рас қараңғы ел ме еді? Осы ой мені тарихқа жетеледі. 

Сұлтан  Бейбарысты,  Бабырды  оқыдым.  Одан  Гумилевтің  «Көне 

түріктеріне»  шықтым.  Біздің  жеріміз  кең  болыпты.  Сол  жер  неге 

отаршыл елдің қолтығының астына кірді? Мені осы ой мазалады.  

Мектептен  кейін  тарихшы  болуға  ұмтылдым.  Осы  ниетімді 

сезген  бір  ақылды  адам:  «Өз  сөзіңе  өзің  ие  емессің.  Бір  мықты: 

«ақты  –  қара,  қараны  –  ақ»  десе,  амалсыз  қайталайсың.  Өйтіп 

ішқұста болғанша басқа ғылымға бет бұр» деді. Сөйтіп ойым онға 

бөлініп жүргенде бір күні оқу ісінің меңгерушісі шақырып: «Саған 

адамдармен  жұмыс  істеуге  болмайды...  Техникаға  қарай  бейімің 

күшті,  сол  жолды  таңда»  деп  қолыма  академик  Кнорозовтың 

«Расшифровка  письма  Майя  с  помощью  ЭВМ»  деп  аталатын 

кітабын  берді.  Сол  кітапты  оқып  отырсам,  менің  мамандығым  бар 


білімге  қатысты  болуы  керек  екен.  Компьютер  –  бар  ғылымның 

кілті  екенін  түсіндім.  Мәскеуге  компьютердің  оқуына  баруға 

жиналдым.  Әке-шешем  еңіреп  жылап:  «қаңғып  қаласың,  барма»  – 

деп  рұқсат  бермеді.  Сол  жылдары  шыққан  бағдарламаларды  оқып 

отырсам Алматыда да сондай оқу бар екен. Қазіргі Политехникалық 

институттың  «есептеу  техникасы»  бөліміне  1960  жылы  оқуға 

түстім. 1966 жылы диплом алып шықтым.  

«Ақ  Сарбазға»  келуімнің  әліппесі  осы.  Осы  көргендерім,  осы 

түйгендерім  болмаса  мен  «Ақ  Сарбазға»  келе  алмас  па  едім,  кім 

білсін.  «Ақ  Сарбаздағы»  ілім  –  жаңа  ілім.  Мұндай  тақырыпқа  әлі 

кітап  жазылған  жоқ.  Діни  кітаптар  бар,  дін  зерттеу  кітаптары  бар, 

фантастика бар, бірақ оның бәрі «Ақ Сарбаздағы» идеядан бөлек.  

 

Талаптан АХМЕТЖАН:  



Кітап  «Жазушы»  баспасынан  1993  жылы  жарыққа  шықты. 

Одан  бері  төрт-бес  жылдың  жүзі  болып  қалды,  баспасөз  бетінде 

кітап жөніндегі ой-пікірлердің сараң берілуіне не себеп болды екен? 

Мысалы,  «Казахстанская  правда»  газетінде  жақсы  мақала  шықты, 

«Парасатта» екі-үш мақала жарияланды. «Қазақ әдебиетінде» бірер 

аталып  өтті.  Міне,  біздің  көзіміз  шалғаны  осы  ғана.  Ал,  жұрт 

арасындағы  пікірталас,  «Ақ  Сарбазды»  әңгіме  ету  баспасөздегі 

әңгімеден  әлдеқайда  ауқымды.  Мен  бұл  кітап  үлкен  толқыныс, 

резонанс тудыратын шығар деп ойлап едім...  

 

Жиһан ЖЕЛТОҚСАН:  

Бірінші кітап орыс тілінде шықты. Бұл – ғалымдарға арналған 

кітап.  Мұны  мұғалімдер  мен  музыканттар  жақсы  қабылдады.  Әнді 

жүрекпен сезесің ғой, ә дегеннен жүрек қабылдаса, кейін логика өзі 

шығады.  

Екінші  кітап  қазақ  тілінде  шықты.  Сол  екінші  кітапта  бірінші 

кітапты оқығанда туындаған көптеген сауалдарға жауап бердім деп 

ойлаймын.  

Ал,  бұл  кітап  неге  резонанс  тудырмады  дегеніңізге  келетін 

болсам, мұны табиғаттағы мына заңдылықпен түсіндіруге болады.  

Біріншіден,  мұны  «төбесінен  жай  түскендей  болды»  дейтін 

хал-ахуалмен  түсіндіруге  болады.  Екіншіден,  кез-келген  тың 

дүниені  түсіну  үшін,  бойына  сіңіру  үшін  уақыт  керек.  Жаңа  ілім 

келді.  Қарсы  шығуға  аргументтері  жоқ.  Аргументтері  болса  мені 

баяғыда-ақ дарға асар еді. Кітап әлдеқашан зерттеушілердің қолына 



тиген.  Америкаға  да,  Францияға  да,  Ресейге  де  бұл  кітап  жетті. 

Біздің  мемлекетімізде  әлі  де  отаршылдықты  қайта  орнатуды 

көксеушілер  бар.  Егер  солар  кітап  ішінен  бір  қате  тапса  мені 

әлдеқашан талап жеп қояр еді. Ал, мақтайын десе қорқады.  

 

Талаптан АХМЕТЖАН:  



XXI  ғасырда  адамзат  баласын  не  күтіп  тұр,  қандай  болжам 

айтар едіңіз?  

 

Жиһан ЖЕЛТОҚСАН:  

XX  ғасыр  бірнеше  геологиялық  дәуірдің  аяғы.  Мұндай  дәуір 

алмасуының ең қысқа циклі 20-30 мың жыл. Жер-дүние – тірі жан 

иесі.  Күн  де  тірі  жан.  Ай  –  өлген  жан.  Жер  әлі  жас.  Марс  – 

қартайған  шал.  Шолпан  бізден  де  жас.  Біздің  жалғасымыз.  Бізден 

кейін  орнымызды  Шолпан  басады.  Шолпанның  орнына  Меркурий 

келеді.  

Эволюциялық  даму  заңдылығы  бойынша  бесінші  сатыдан 

алтыншы сатыға өткенде ескі өркениеттің континенттері су астына 

кетеді.  Мысалы  үшінші  сатының  континенті  Гондвана,  төртінші 

сатының  континенті  –  Атлантида,  бесінші  сатының  континенті  – 

Еуропа  мен  Солтүстік  Америка.  Әр  даму  сатысына  лайық  өз 

континенті  болып  отырған.  Дүние  жаңа  сатыға  көтерілгенде  ескі 

сатының  континенттері  су  астына  кететін  себебі  –  олар  жаңа 

заңдылыққа  қарсы  болады.  Жаңа  деңгей  қалыптасуы  үшін,  жаңа 

сатыдағы  сананың  өсіп-жетілуі  үшін  жаңа  континент  қажет.  XXI 

ғасыр  алтыншы  сатының  континентінде  өтеді.  Ол  континенттің 

орталығы  –  ҚАЗАҚ  ЖЕРІ,  Алтай  мен  Сібір  жері.  Шығыс  Сібір, 

Монғолияның  бір  шеті.  Рухани  орталығы  –  Алматы.  Алтыншы 

сатының  мақсаты  –  машинасыз  өркениет  орнату.  Табиғатқа  қайта 

оралу  керек.  Алтыншы  сатының  адамдары  махаббат  пен 

мейірбандықты  биікке  көтеріп,  имандылыққа  бет  бұрады.  Осының 

арқасында  сезімі,  санасы  биік  адам  табиғаттың  бір  бөлшегіне 

айналады. Ондай жоғары сатыдағы өркениетке көшпелі халықтар – 

қазақтар,  еуропалықтар,  славяндар,  жапондар,  индиялықтар, 

араптар лайықты.  

 

Талаптан АХМЕТЖАН:  



Алтыншы  сатының  адамдары  махаббат  пен  мейірімділікті, 

рахымшылық    пен  имандылықты  жоғары  көтеруі  керек  дейсіз. 



Адамдар осы жетістікке өздігінен көтеріледі ме, жоқ әлде соны кең 

насихаттайтын, жол көрсететін идеология керек пе?  

 

Жиһан ЖЕЛТОҚСАН:  

Бірінші  тірек  –  төрт  дін.  Ислам,  христиандық,  иудаизм, 

буддалық. Үйдің төрт қабырғасы іспетті. Бұған қоса индия, жапон, 

шығыс  философиясы  бар.  Қазақ  та  философ  халық.  Философия  – 

халықтың  сарқылмас  байлығы.  «Ақ  Сарбаз»  аталған  екі  кітаппен 

бітпейді.  Үшінші  кітаптың  жобасы  дайын  тұр.  Екінші  кітапта 

аруақтар дүниесі, Ғарыш заңдары схемалармен түсіндіріледі.  

 

Талаптан АХМЕТЖАН:  



Біз көзбен көріп, қолмен ұстамаған нәрсемізге сене бермейміз. 

Радионы  тыңдап,  теледидарды  күнде  көріп  отырмасақ,  толқын 

барып, толқын арқылы хабар тарайтынына да сенбес пе едік, қайтер 

едік. Біз толқынды өзіміз жаратқан жоқпыз. Оны біз жаңалық қып 

ашып,  игілігімізге  жаратқанша  да  табиғатта  өз  қызметін  атқарып 

тұрған болатын. Біз аштық деп жүрген жаңалықтар – шын мәнінде 

жаңалық  емес.  Біз  енді  ғана  түсінген,  түйсінген,  пайдасын  көре 

бастаған, бұрыннан бар нәрсе. Сол сияқты қазақтың «Жерұйықты» 

іздегеніне  де  талай  ғасыр  болыпты.  Сонау  Асанқайғы  бабамыздан 

бастап талай ақынның арманына жалау болған «Жерұйықты» Сіздің 

де  кітаптан  кездестірдік.  Сіз  «Жерұйықты»  бар  дейсіз.  Біз  ескі 

әдетімізге  басып,  көзбен  көрмеген  соң  сенбейміз,  әрине.  Ертегі 

дейміз...  

 

Жиһан ЖЕЛТОҚСАН:  

Жерұйық  –  қазақтың  халықтық  идеясы.  Дүние  ойдан 

құрылады.  Бәрі  де  алдымен  арманда,  ойда,  қиялда  жасалады  да 

артынан жүзеге асады. Халық армандаған кезде оған міндетті түрде 

ойшыл  кемеңгері  келеді.  Коммунизм  идеясын  алайықшы.  Халық 

коммунизмді  армандады.  Сол  арман  коммунизмді  орнатушыны 

дүниеге алып келді. Коммунизм – әу бастан осал идея еді. Өйткені 

коммунизм  күшпен  орнатылуға  негізделді.  Күшпен,  зорлықпен 

орнатылған  дүниенің  ғұмыры  қашанда  ұзақ  болмайды.  Сондықтан 

да  коммунизмнің  ғұмыры  қысқа  болды.  Жерұйық  –  қазақтардан 

басқа  ешбір  халық  армандамаған  тың  идея  еді.  Осы  арман  халық 

санасында  қалыптасты.  Оның  жүзеге  асуына  уақыт,  ғарыштық 

энергия  керек  болды.  1992  жылы  астраль  дүниесінен  Жерұйыққа 



кеме  кетті.  Оның  ішінде  Желтоқсан  құрбандары,  Ұлы  Отан 

соғысында, 1932-нші жылғы ашаршылықта қырылған қазақтар бар. 

Басқа халықтардың да ұлы адамдары бар...  

Үлкен Кеңістік (гиперпространство) туралы жаңа ілім ашылып 

жатыр.  

 

Талаптан АХМЕТЖАН: 



 сіз  өткен  өмір  құпиялары  тарауында  Ақ  Сарбаздың  жаны 

бұрын қанша адамда болғанын ашып жазасыз. «Бұл аталған есімдер 

Жеңімпазға  1977  жылдың  көктемінен  1978  жылдың  аяғына  дейін 

жоғарыдан  берілді»  дейсіз.  Жоғары  Санамен  байланысқа  қалай 

шығатыныңыз жайлы айта аласыз ба?  

 

Жиһан ЖЕЛТОҚСАН: 

 Білім,  біріншіден,  астральды  әлемнен,  одан  жоғары  болса 

ментальді 

әлемнен 

келеді. 


Қазір 

Үлкен 


Кеңістіктен 

(гиперпространство)  да  білім  келіп  жатыр...  Қазақ  көбіне  астарлап 

сөйлейтін  халық.  Астарлы  сөздің  тереңінде  шындық  жатады. 

Құпияны жалаңаштай берудің пайдасы жоқ.  

 

Талаптан АХМЕТЖАН:  



Қазақ  жастары  арасында  бірен-саран  өзге  діндерді  қабылдап 

жатқандары да бар сияқты. Осыған көзқарасыңыз?  

 

Жиһан ЖЕЛТОҚСАН: 

Әр халықтың өз дін бар. Дінді бұзушылық үлкен қылмыс боп 

саналады.  Бір  үйдегі  үш  адам  үш  дінде  отырса,  ол  үй  емес  – 

бұзылған  нәрсе.  Заңда  осы  ескерілуі  керек.  Біз  отаршылдықтың 

кесірінен  дінсіз  қалған  ел  едік.  Өзімізге  істегенді  өзгеге  де  істеп 

таяздық  танытпайық.  Заңға  «жабу»,  «құрту»  деген  сөздерді 

жолатпайық.  Рұқсат  беру  арқылы  да  талай  нәрсені  шектеуге 

болады. Мысалы «Қазақ жерінде әр халықтың сеніміне, мәдениетіне 

негізделген  діндерге  рұқсат  бар»  делінсе,  онда  сырттан  келіп  бұл 

жердегі  халықтың  сеніміне,  мәдениетіне  кірікпейтін  діндерді 

насихаттаушыларға  тиым  салынған  болар  еді.  Бұл  жерде 

насихаттала  бастаған  діндерді  ұстайтын  халық  жоқ  болса,  ондай 

насихаттаушылардың  жұмысын  тоқтатып  отыру  қажет.  Олар  дін 

бұзушылар. Дін бұзушылыққа жол беруге болмайды.  

 


Талаптан АХМЕТЖАН:  

Қандай қызмет істедіңіз? Қазір қандай жұмыспен шұғылданып 

жүрсіз?  

 

Жиһан ЖЕЛТОҚСАН:  

Жоғарғы  оқу  орнын  тәмамдағаннан  кейін  екі  жыл 

Бүкілодақтық геофизика институтында, онан кейін екі жарым жыл 

Космостанцияда  қызметте  болдым.  Он  жыл  бойы  КСРО  Химия 

институтының  есептеу  орталығында  бастық  болдым.  Он  жыл 

информатика 

және 


есептеу 

техникасы 

ғылыми-өндірістік 

бірлестігінде компьютер маманы боп қызмет істедім.  

Қазір  «Фанкоринтернейшнл»  акционерлік  қоғамы,  Қазақстан-

Америка  бірлескен  кәсіпорны  директорының  ғылым  жөніндегі 

орынбасарымын. Біз өзіміз тапқан жаңа технология бойынша темір-

бетон,  ағаш  бұйымдарын  тот  баспайтын  қабыршақпен  қаптау 

жұмысымен шұғылданамыз.  

Авиацияға,  космонавтикаға  қажетті  жоғары  температураға 

шыдайтын  материялдар  шығарамыз.  Авиация  мен  космонавтикаға 

керекті резина, т.б. заттар шығарамыз.  

Менің  жұмысым  о  бастан  космоспен  байланысты  болды. 

Мұның сырын мен жоғарыда айттым. Мендегі программа осы, яғни 

жазмышта осылай жазылған...  

 

Парасат журналы №4. 1998 жыл  



 

 

 






©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал