«Жер тарихы – Ел тарихы» тарихи-құжаттық көрме 2016 жыл «Артта қалған колхоздардың экономикасын көтеру шаралары туралы»



жүктеу 86.79 Kb.

Дата17.01.2017
өлшемі86.79 Kb.

«Жер тарихы – Ел тарихы»  

тарихи-құжаттық көрме 

2016 жыл 

«Артта қалған колхоздардың экономикасын көтеру шаралары туралы» 1964 жылдың  

12 наурызындағы № 221 Қазақстан Компартиясы ОК мен Қазақ КСР Министрлер 

Кеңесінің қаулысы.  

ҚР Президентінің Архивінің қорынан. 

«Қазақ КСР-де қой шаруашылығын дамыту үшін шөл және шөлейт жайылым- 

дарды игеру туралы» Қазақстан Компартиясы ОК мен Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің 

қаулысы. 

 ҚР Президентінің Архивінің қорынан. 

Мойынқұм ауданының ауыл шаруашылығы озаттары. Солдан оңға қарай: 1. Майкөт 

Қарсақов – «Айдарлы» совхозының жылқышысы, 2. Жазылбек Қуанышбаев – Екі мәрте 

Социалистік Еңбек Ері, 3. Шотай Тайбағаров – «Фурманов» совхозының механизаторы.  

Мойынқұм аудандық музейі қорынан

. 

Қазақ КСР Министрлер Кеңесі Төрағасының орынбасары Бейсебаевтың Қазақстан КП 

ОК-нің 1964 жылдың 29 шілдесіндегі  Х-шы Пленумында «Қой шаруашылығының 

дамуы туралы» сөйлеген сөзі. 

ҚР Президенті Архивінің қорынан. 

Мойынқұм ауданының ауыл шаруашылық озаттары. 

Мойынқұм аудандық архивінің қорынан. 

«Жамбыл облысы колхоздары мен совхоздарындағы қой санын қайта санау 

нәтижелері туралы» Қазақстан Компартиясы Жамбыл облыстық комитетінің 1964 

жылдың 11 маусымындағы Бюро жиналысының шешімі.  

ҚР Президенті Архивінің қорынан. 

«Қазақ КСР-де қой шаруашылығын дамыту үшін шөл және шөлейт жайылымдарды игеру 

туралы» Қазақстан Компартиясы Оңтүстік Қазақстан өлкелік комитетінің 1964 жылдың 26 

наурызындағы № 45-172 қаулысының орындалу барысы туралы Қазақстан компартиясы Жамбыл 

облыстық комитеті мен Облыстық еңбекшілер депутаттар кеңесі атқару комитетінің қаулысы. 

 ҚР Президенті Архивінің қорынан. 

«Шымкент, Алматы және Жамбыл облыстарының мемлекеттік жер қоры мен орман 

қорының шөл және шөлейт жерлерінде қой совхоздарын ұйымдастыру туралы» 

Қазақстан Компартиясы ОК мен Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің 1964 жылдың  

12 қыркүйегіндегі қаулысы.  

ҚР Президенті Архивінің қорынан. 

«Жамбыл облысында Мойынқұм ауданын құру туралы» Қазақстан Компартиясы 

Жамбыл облыстық комитеті мен Облыстық еңбекшілер депутаттар кеңесі атқару 

комитетінің 1964 жылдың 23 қазанындағы қаулысы. 

ҚР Президенті Архивінің қорынан. 

Мойынқұм ауданы құрамына кірген совхоздар тізімі. 

 ҚР Президенті Архивінің қорынан. 

Фурманов атындағы совхоздың қаракөл елтірісін кептіру алаңы. Солдан оңға қарай:  

1.Әлкен Жапаров – Фурманов атындағы совхоздың №1 бөлімшесінің меңгерушісі, 2. Қожахмет 

Төлегенов – совхоздың партия комитетінің хатшысы, 3. Айтбай Назарбеков – Мойынқұм аудандық 

партия комитетінің бірінші хатшысы, 4. Жазылбек Қуанышбаев - Екі мәрте Социалистік Еңбек Ері, 5. 

Билібай Қашағанов - Мойынқұм аудандық партия комитетінің екінші хатшысы, 6. Ахметәлі 

Жанғазиев – Фурманов атындағы совхоздың директоры, 7. Қаратай Адамбаев – Аудандық ауыл 

шаруашылық бөлімнің меңгерушісі.  

Мойынқұм аудандық музейі қорынан. 

«Қазақ КСР аудандарының әкімшілік-территориялық бөлінуіне өзгертулер енгізу туралы» 

Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі Президиуымының 1964 жылдың 30 желтоқсанындағы 

Жарлығынан Жамбыл облысында Мойынқұм ауданын құру туралы үзінді.  

ҚР Президенті Архивінің қорынан. 

«Республиканың комсомол ұйымдарының Қазақстанның екінші тыңы –  

қой шаруашылығын одан ары көтерудегі жұмысы туралы»  

Қазақстан ЛКСМ ОК-нің ақпараты. 

ҚР Президенті Архивінің қорынан. 

Қазақстан Компартиясы Мойынқұм аудандық комитетінің бірінші хатшысы 

Назарбековтың Жамбыл облыстық партия активінің жиналысында сөйлеген сөзінен  

ауданның мал шаруашылығы жөнінде айтылған ақпараты. 

ҚР Президенті Архивінің қорынан. 

«Мойынқұм ауданы совхоздарының 1966-1970 жж. ауыл шаруашылығының  

даму жоспары туралы» Қазақстан Компартиясы Жамбыл облыстық комитеті мен 

Облыстық еңбекшілер депутаттар Кеңесі атқару комитетінің қаулысы. 

ҚР Президенті Архивінің қорынан. 

Тұздалып кептірілген көк және қара қаракөл елтірісі. 

ҚР Президенті Архивінің Кітапхана қорынан. 

«Қазақ КСР-де қаракөл шаруашылығын одан ары дамыту шаралары туралы»  

Қазақстан Компартиясы ОК-нің бірінші хатшысы Д.А. Қонаевтың КОКП ОК-не хаты. 

ҚР Президенті Архивінің қорынан. 

Қазақстан КП Мойынқұм аудандық комитеті мен еңбекшілер депутаттарының 

аудандық кеңесінің атқару комитетінің 1966 жылдың 31 тамызындағы «Аудан 

совхоздарында қаракөл шаруашылығын дамыту бойынша шаралар туралы» қаулысы.  

Жамбыл облысының мемлекеттік архивінің қорынан. 

Солдан оңға қарай: 1. Шоман Шәріпбаев – Көктерек совхозының аға шопаны,  

2. Фурманов қой совхозының № 1 фермасының басқарушысы - Әлкен Жапаров,  

3. Жазылбек Қуанышбаев - Екі мәрте Социалистік Еңбек Ері. 

Мойынқұм аудандық музейінің қорынан. 

 

«Қазақ КСР-гі қой шаруашылығының дамуы туралы» Қазақ КСР Министрлер 

 Кеңесі жанындағы Орталық статистика басқармасының  

1967 жылдың мамырындағы ақпараты. 

ҚР Президенті Архивінің қорынан. 

«Қаракөл шаруашылығын одан ары дамыту, қаракөл өнімі мен сапасын 

асылдандыру туралы» Қазақстан КП ОК мен Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің 

қаулысының жобасы бойынша ақпарат. 

ҚР Президенті Архивінің қорынан. 

«Қаракөл шаруашылығын одан ары дамыту, қаракөл өнімі мен сапасын 

асылдандыру туралы» Қазақстан КП ОК мен Қазақ КСР  

Министрлер Кеңесінің қаулысы. 

ҚР Президенті Архивінің қорынан. 

1968 жылдың қазан айында Шымкент қаласында өтетін Қаракөл шаруашылығы бойынша 

республикалық кеңестің бағдарламасы және белгіленген баяндамалар тізімі. 

ҚР Президенті Архивінің қорынан. 

«Қаракөл шаруашылығы бойынша 

республикалық кеңес туралы» Қазақстан 

КП ОК Секретариатының 1968 жылдың  

27 қыркүйегіндегі шешімі. 

ҚР Президенті Архивінің қорынан. 

 «Республиканың мал жемдейтін және қаракөл өсіру совхоздарында өнеркәсіптік 

негізде қаракөл елтірісін өндіру туралы» Қазақ КСР Ауыл шаруашылығы 

министрлігінің 1970 жылдың 14 қазанындағы ақпараты. 

ҚР Президенті Архивінің қорынан. 

Үш күндік қара қаракөл қойының қозысы.  

ҚР Президенті Архивінің Кітапхана қорынан. 

Қазақстан Компартиясы Жамбыл облыстық комитетінің  

«Облыстағы қаракөл шаруашылығының жағдайы туралы» хаты. 

ҚР Президенті Архивінің қорынан. 

1972-1975 жж. совхоздарда 2,5 мың бас 

қойға арналған кешенді-

механикаландырылған  

фермалар салу бойынша тапсырма. 

ҚР Президенті Архивінің қорынан. 

 

1972-1975 жж. қаракөл елтірісін сатып алу  

бойынша тапсырма. 

ҚР Президенті Архивінің қорынан. 

Жазылбек Қуанышбаев тәлімгерлерімен қаракөл қозысын қарауда. 

ҚР Президенті Архивінің қорынан. 

Қазақ КСР ауыл шаруашылығы министрлігінің 

1972 жылдың 19-22 маусымында  

Алматы қаласында Қой шаруашылығы 

мәселелері бойынша бүкілодақтық 

симпозиум өткізу туралы хаты.  

ҚР Президенті Архивінің қорынан. 

«Қой шаруашылығы мәселелері бойынша 

бүкілодақтық симпозиум өткізу туралы» 

Қазақстан Компартиясы ОК Секретариатының 

1972 жылдың 7 маусымындағы шешімі. 

ҚР Президенті Архивінің қорынан. 

Қазақ КСР ауыл шаруашылығы 

министрлігінің 1972 жылдың  

19-22 маусымында Алматы қаласында Қой 

шаруашылығы мәселелері бойынша  

бүкілодақтық симпозиум өткізу туралы 

жеделхаты .  

ҚР Президенті Архивінің қорынан. 

«Қазақ КСР-де қой шаруашылығының дамуы туралы» Қазақ КСР Министрлер Кеңесі 

жанындағы Орталық статистика басқармасының 1975 жылғы ақпараты.  

ҚР Президенті Архивінің қорынан. 

Мойынқұм ауданы ауыл шаруашылығының үздіктері облыстық  

партия конференция делегаттарымен топтық суретте. 1978 жыл. 

Мойынқұм аудандық архивінің қорынан. 

«КОКП ОК мен КСРО Министрлер Кеңесінің 1979 жылдың 21 маусымындағы № 588 «Қазақ 

КСР-де қой шаруашылығын дамыту бойынша шаралар туралы» қаулысын орындау 

туралы» Қазақстан Компартиясы ОК мен Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің  

1979 жылдың 13 тамызындағы қаулысы. 

ҚР Президенті Архивінің қорынан. 

Қазақ КСР облыстарының барлық категориялы шаруашылықтарында қой мен ешкі  

басын өсіру және қой еті өндірісін ұлғайту бойынша міндеттеме. 

ҚР Президенті Архивінің қорынан. 

Қазақ КСР Орталық статистика басқармасының «Қазақ КСР-де қой шаруашылығы 

дамуының қоры туралы» Қазақ КСР Орталық статистика басқармасының  

1979 жылғы ақпараты. 

ҚР Президенті Архивінің қорынан. 

Қой шаруашылығына білікті мамандар даярлау туралы Қазақ КСР кәсіптік 

 техникалық білім беру жөніндегі мемлекеттік комитетінің 

 1979 жылдың 22 қарашасындағы ақпараты.  

ҚР Президенті Архивінің қорынан. 

Қой шаруашылығына механизатор-шабандар мен басқа да білікті жұмысшы 

кадрлерді республикалық ауыл шаурашылық кәсіптік техникалық училищелерде 

даярлау бойынша тапсырманың орындалуы бойынша 1979 жылғы көрсеткіштер. 

ҚР Президенті Архивінің қорынан. 

ХІХ Облыстық партия конференциясының делегаттары. 1-ші қатарда сол жақтан:  

4-ші Қазақстан Компартиясы ОК-нің хатшысы - Н.Ә.Назарбаев, 5-ші екі мәрте  

Социалистиік Еңбек Ері – Жазылбек Қуанышбаев. 1980 жыл. Жамбыл қаласы. 

Мойынқұм аудандық музейі қорынан. 

«Қой шаруашылығы қызметкерлерінің республикалық кеңесі туралы»  

Қазақстан Компартиясы ОК Бюросының 1981 жылдың 12 мамырындағы шешімі. 

ҚР Президенті Архивінің қорынан. 

Қой шаруашылығы қызметкерлерінің 1981 жылғы республикалық кеңесіне  

Мойынқұм ауданынан қатысушылардың тізімі. 

ҚР Президенті Архивінің қорынан. 

1981 жылы Социалистік Еңбек Ері атағына ие болған Шоман Шәріпбаев. 

Мойынқұм аудандық музейі қорынан. 

Қой шаруашылығы қызметкерлерінің 1981 жылғы республикалық кеңесінің 

ашылуында Қазақстан Компартиясы ОК-нің бірінші хатшысы Д.А. Қонаевтың 

сөйлеген сөзі. 

ҚР Президенті Архиві қорынан. 

Қой шаруашылығы қызметкерлерінің республикалық кеңесінде Қазақ КСР  

Министрлер Кеңесінің төрағасы Б.Ә. Әшімовтың баяндамасы. 

ҚР Президенті Архиві қорынан. 

Ленин орденінің иегері, соғыс және еңбек ардагері, 

Қазақстанның ауыл-шаруашылығына еңбек сіңірген 

қызметкер Әлкен Жапаров. 

Мойынқұм аудандық музейі қорынан. 

Қазақ КСР-де 1982-1985 жж. шаруашылықтардың барлық категорияларында қой 

және ешкі басын көбейту бойынша тапсырма (Қазақстан КП ОК мен Қазақ КСР  

Министрлер Кеңесінің1962 ж. 14 сәуіріндегі қаулысының қосымшасы). 

ҚР Президенті Архиві қорынан. 

Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің депутаты, Фурманов атындағы 

совхоздың №1 бөлімшесінің механизаторы, жылдамдатып қой 

қырқудан екі мәрте Әлем чемпионы және  

Әлемдік рекорд орнатушы – Шотай Тайбағаров.  

Мойынқұм аудандық музейі қорынан. 

1964 жылы Социалистік еңбек ері атағын ие болған Ділдәш Итбасованың  

70-жылдық мерейтойы. 1983 жыл. 

Мойынқұм аудандық музейі қорынан. 

Қазақстан Компартиясы ОК мен Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің 1979 

жылғы № 302 және 1982 жылғы № 165 қаулыларымен бекітілген 

міндеттемелер бойынша 1982 жылғы ақпарат. 

 ҚР Президенті Архиві қорынан. 

«Республикадағы қой шаруашылығының дамуы бойынша белгіленген 

міндеттемелерді орындаудағы қатаң кемшіліктер туралы» Қазақстан Компартиясы 

мен Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің № 165 қаулысының орындалу барысы туралы 

Қазақ КСР Орталық статистика басқармасының 1984 жылғы ақпараты. 

 ҚР Президенті Архиві қорынан. 

Шаруашылықтардың барлық категорияларында қой және ешкі басын көбейту  

бойынша міндеттеменің орындалуы бойынша 1981-1983 жж. көрсеткіштер. 

 ҚР Президенті Архиві қорынан. 

Шаруашылықтардың барлық категорияларында қой етін өндіруді ұлғайту бойынша 

міндеттеменің орындалуы бойынша 1981-1983 жж. көрсеткіштер. 

 ҚР Президенті Архиві қорынан. 

«КОКП ОК мен КСРО Министрлер Кеңесінің 1979 жылдың 21 маусымындағы № 588 «Қазақ 

КСР-де қой шаруашылығын дамыту бойынша шаралар туралы» қаулысын орындау 

туралы» Қазақстан Компартиясы ОК мен Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің 1979 жылдың 14 

тамызындағы № 302 қаулысын орындау туралы» Қазақ КСР Ауыл шаруашылығы 

министрлігінің ақпараты. 

 ҚР Президенті Архиві қорынан. 

1985 жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша Қазақ КСР-де қой және ешкі 

басының жалпы санының өзгеруі туралы көрсеткіштер. 

 ҚР Президенті Архиві қорынан. 

Жазылбек Қуанышбаевтың 

туылғанына 120 жыл 

Жазылбек Қуанышбаевтың өмірбаяны. 

 Жамбыл облысының мемлекеттік архиві қорынан. 

Екі мәрте Социалистік Еңбек Ері - Жазылбек Қуанышбаев, Жылдамдатып қой қырқудан 

екі мәрте Әлем чемпионы және Әлемдік рекорд орнатушы – Шотай Тайбағаров. 

 Мойынқұм аудандық музейі қорынан. 

Жазылбек Қуанышбаевтың еңбек және қоғамдық қызметі жөнінде ақпарат. 

 Жамбыл облысының мемлекеттік архиві қорынан. 

«Ж. Қуанышбаевты Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Құрмет Грамотасымен марапаттау 

туралы» Қазақстан Компартиясы ОК бюросының 1966 жылдың 22 тамызындағы шешімі. 

 ҚР Президенті Архивінің қорынан. 

Ж. Қуанышбаев ауылдастарымен. 1973-1974 жж. 

 Жамбыл облысының мемлекеттік архивінің қорынан. 

Д. Қонаевтың ауданға ресми сапарындағы Ж. Қуанышбаевпен амандасу сәті. 1975 жыл. 

 Мойынқұм аудандық архивінің қорынан. 

Н. Тілендиевтің ауданға келгендегі Ж. Қуанышбаевпен арнайы кездесуі. 1980 жыл. 

 Жамбыл облысының мемлекеттік архивінің қорынан. 

«Әріптестерге айтар сөз». Екі мәрте Социалистік Еңбек Ері Жазылбек Қуанышбаевтың 

Жамбыл облыстық «Еңбек туы» газетінде жарық көрген мақаласы. 1981 жыл. 

 ҚР Президенті Архивінің қорынан. 

Жаз ата егіз ұлы Қойшыбай және Тойшыбаймен. 

 Мойынқұм аудандық архивінің қорынан. 

Екі мәрте Социалистік Еңбек Ері - Жазылбек Қуанышбаев және Мойынқұм аудандық  

партия комитетінің бірінші хатшысы Айтбай Назарбеков. 

 Мойынқұм аудандық архивінің қорынан. 

Әлкен Жапаровтың 

туылғанына 120 жыл 

Ленин орденінің иегері, соғыс және еңбек ардагері, Қазақстанның ауыл 

шаруашылығына еңбек сіңірген қызметке Әлкен Жапаров.  

 Жанұялық архивінен. 

Әлкен Жапаровтың Республиканың өнеркәсібі, ауыл шаруашылығы және 

мәдениетінің дамуына қосқан үлесі үшін марапатталған Қазақ КСР  

Жоғарғы Кеңесінің Грамотасы. 1961 жыл. 

 Мойынқұм аудандық музейінің қорынан. 

«Әлкен Жапаровты Жамбыл облысы ауыл шаруашылығы озаты ретінде «Қазақ КСР-і 

Құрметінің Алтын кітабына» енгізуге ұсыну туралы» Қазақстан Компартиясы  

Жамбыл облыстық комитеті мен Облыстық еңбекшілер депутаттар Кеңесі атқару 

комитетінің қаулысынан үзінді. 

 ҚР Президенті Архиві қорынан. 

Д. Қонаевтың Мойынқұм ауданына іс-сапары. Солдан оңға қарай: 1.Фурманов 

совхозының аға шопаны – Байжанов Роман, 2. Фурманов совхозының №1 бөлімшесінің 

меңгерушісі – Әлкен Жапаров, 3. Еңбекшілер депуттаттары кеңесінің аудандық атқару 

комитетінің төрағасы – Қадірбергенов Байділдә, 4. Қазақстан Компартиясы ОК бірінші 

хатшысы – Дінмұхамед Ахметұлы Қонаев.  

Жанұялық архивінен. 

«Әлкен Жапаровты Жамбыл облысының «Еңбек даңқы кітабына» ауыл  

шаруашылық озаты ретінде енгізу туралы» Қазақстан Компартиясы Жамбыл 

облыстық комитеті мен Облыстық еңбекшілер депутаттар кеңесі атқару комитетінің  

1964 жылдың 14 сәуіріндегі қаулысынан үзінді. 

ҚР Президенті Архивінің қорынан. 

«Жамбыл облысының ауыл шаруашылығы озаттары қатарында Мойынқұм ауданы 

Фурманов қой совхозының бөлімше басқарушысы Ә. Жапаровты Социалистік Еңбек Ері 

атағына ұсыну туралы» Қазақстан Компартиясы Жамбыл облыстық комитеті мен 

Облыстық еңбекшілер депутаттар кеңесі атқару комитетінің  

1966 жылдың 8 қаңтарындағы қаулысынан үзінді. 

ҚР Президенті Архивінің қорынан. 

Солдан оңға қарай: 1.«Айдарлы» совхозының аға шопаны,Социалистік Еңбек Ері – 

Итбасова Ділдәш, 2. «Көктерек» совхозының аға шопаны, Социалистік Еңбек Ері – Біртаев 

Құдайберген, 3. Фурманов ауылдық кеңесінің төрағасы – Пірәлиев Жұбаныш, 4. 

Фурманов совхозының бөлімше меңгерушісі, Қазақстанның ауыл шаруашылығына еңбек 

сіңірген қызметкер – Жапаров Әлкен. 

Мойынқұм аудандық музейі қорынан. 

КОКП ХХІІІ съезінің Директивасының жобасын талқылауда Фурманов қой совхозының  

№ 1 фермасының басқарушысы Ә. Жапаровтың шикізат пен басқа да материалдарды 10 %-

ға үнемдеу туралы бастама көтергені туралы Жамбыл облыстық партия комитетінің  

ІІ-ші пленумында Мойынқұм аудандық партия комитетінің бірінші хатшысы Нұркеновтың 

жасаған баяндамасынан үзінді. 

ҚР Президенті Архивінің қорынан. 

Әлкен Жапаров отбасымен, немерелерімен. 

Жанұялық архивінен. 

Әлкен Жапаровтың Қазақстан КП Жамбыл облыстық комитеті мен еңбекшілер  

депутаттары облыстық Советінің атқару комитетінің қоғамдық мал азығын 

 дайындаудағы үздік еңбегі үшін алған грамотасы. 

Мойынқұм аудандық музейі қорынан. 

Әлкен Жапаров қыздары Гулжамал мен Сәулемен. 

         

Әлкен Жапаров және жұбайы Әсем Жапарова                                                                                                    

немересі Арманмен. 

Әлкен Жапаров (сол жақтан 2-ші) майдандас-достарымен  

Брест қаласында (Беларусь).1977 жыл. 

Жанұялық архивінен. 




©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал