ЖемқорлықТЫҢ алдын алуғА Қатысты



жүктеу 83.24 Kb.

Дата02.05.2017
өлшемі83.24 Kb.

            

 

 

 

 

«С. СЕЙФУЛЛИН АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ 

АГРОТЕХНИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ» АҚ-ның 

ЖЕМҚОРЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУҒА ҚАТЫСТЫ  

БАҒДАРЛАМАСЫ 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Астана, 2015 

 

 

 

 

Мазмұны 

Кіріспе 

 

І. Бағдарламаның мақсаты мен міндеттері...........................................................4 



ІІ. Ұжымда жемқорлыққа қарсы мəдениет қалыптастыру..................................4 

2.1 Ұжымның барлық тобын жемқорлыққа қарсы қозғалысқа тарту................4  

2.2 Жемқорлыққа қарсы жастар ұйымдарымен əрекет ету.................................5 

ІІІ. Жемқорлықтың алдын алуға бағытталған іс-шаралар мазмұны..................6 



 

Қорытынды 

                               

 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



                                                          Кіріспе  

 

  



Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес –  баршамыз үлес қосатын, ортақ 

іс.  Елбасы  Н.Ə.Назарбаев  айтып  өткендей: «Мемлекет  пен  қоғам  біртұтас 

майдан  құрып,  жемқорлыққа  қарсы  шығуы  тиіс.  Жемқорлық  жай  құқық 

бұзушылық емес. Ол мемлекеттің тиімділігіне деген сенімді сетінетеді жəне 

ұлттық қауіпсіздікке төнген тікелей қатер болып табылады». 

Бүгінгі  қоғамда  жемқорлықтың  немесе  парақорлықтың  мемлекеттің, 

елдің  имиджіне,  экономикалық  өсуіне  кері  əсер  ететін  құбылыс  екендігін 

əрбір  азамат  түсіне  білуі  керек.  Əрбір  ұжым,  əрбір  азамат  бұл  мəселені 

жауапкершілікпен өз қолына алуы тиіс. Сондықтан жемқорлықпен күресу – 

баршаның ортақ парызы, абыройлы міндеті. 

Осыған  орай,  жемқорлыққа  қарсы  жəне  жемқорлықтың  алдын  алуы 

үшін  мемлекет  деңгейінде  мақсатты  іс-шаралар  жоспарланып,  жан-жақты 

қимыл жасалуда. 

  

Бұл  бағытта  «Нұр  Отан»  партиясының  Cыбайлас  жемқорлыққа  қарсы 



іс-қимылдың 2015-2025 жылдарға  арналған  бағдарламасы  қабылданды. 

Бағдарлама  қоғам  мен  мемлекеттің  сыбайлас  жемқорлыққа  қарсы  күш-

қуатын жұмылдыруға бағытталған саяси құжат болып табылады.  

  

Бағдарламада  жемқорлықты  түбірімен  жою  үшін, «отбасында  жəне 



қоғамда қанағатшылдықтың (сұраныста  ұстамдылық  пен  қарапайымдылық, 

басы  артық  нəрседен  бас  тарта  білетін  парасат  пен  табандылық), жан 

байлығын  дүние-мүліктен  жоғары  қоюдың дəстүрлі  халықтық  қасиеттерін 

дəріптеп,  əрбір ата-ана, əрбір ұстаз балалар үшін лайықты үлгі болуға, нағыз 

қастерлі  қасиеттерді  таңдауға  көмектесуі  тиіс»  деп,  маңызды  міндеттер 

жүктейді.  

  

Себебі өскелең ұрпақ тəрбиесі сыбайлас жемқорлыққа қарсы мəдениет 



қалыптастыруда  түбегейлі  маңызды  рөл  атқарады.  Тек  ерте  жастан  бастап 

мінез-құлықты сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұратындай етіп қалыптау осы 

əлеуметтік кесапатты жоюға мүмкіндік береді. 

 

 



 

 

 

 

 

 

 

 

 

І. БАҒДАРЛАМАНЫҢ МАҚСАТЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ 

 

 

Бағдарламаның  мақсаты – ұжымда  жемқорлықтың  кез  келген 

көрінісіне  қарсы  иммунитетті  қалыптастыру  арқылы  əрбір  азаматты 

жемқорлықсыз  қоғам  қозғалысына  үлес  қосуға,  жемқорлықсыз  орта  құру 

арқылы оқу орнының  қалыптасқан беделін сақтауға тарту.  

 

Аталған мақсатқа қол жеткізу үшін келесі міндеттердің шешілуі талап 



етіледі: 

-

 



ұжымда  жемқорлықтың  кез  келген  көрінісіне  «нөлдік»  төзімділік 

ахуалын қалыптастыру;   

-

 

жемқорлықтың  пайда  болу  себептерін  зерттеу  жəне  алдын  алуға 



бағытталған іс-шараларды ұйымдастыру;  

-

 



білім  беру  үдерісіне  жəне  басқару  ұйымдарының  жұмысына 

қоғамдық бақылауды күшейту; 

-

 

білімгерлердің  заңды  мүдделері  мен  еркіндіктерін,  құқықтарын 



жемқорлықтан қорғауды қамтамасыз ету;  

-

 



дамыған  мемлекеттердегі  оқу  орындарының  жемқорлықсыз  орта 

қалыптастыруға  бағытталған  озық  үлгілерін,  жаңашылдығын  енгізе 

отырып,  оқу  үдерісінде  жемқорлық  əркеттерді  болдырмаудың  əдіс-

тəсілдерін  жетілдіру,  оны  жүзеге  асыруға  мүмкіндік    беретін 

материалдық базамен қамтамасыз ету. 

 

ІІ. Оқу орнында жемқорлыққа қарсы мəдениетті қалыптасыру 



  

    2.1 Ұжымды жемқорлыққа қарсы қозғалысқа тарту 

 

  



Оқу орнымыздағы профессор-оқытушылар қауымы, қызметкерлер оқу-

тəрбие  үдерісін  жүзеге  асыратын,  өнегелі-эстетикалық  мəдениетті 

қалыптастырушы жəне  ұжымның абыройын асқақтатушы негізгі тұлғалары 

болып саналады.   

  

Сондықтан  ҚазАТУ-дың  əрбір  оқытушысы  жəне  қызметкері  өз 



қызметінің  жауапкершілігін  сезініп,  этикалық-моральдық  нормаларды  сақтай 

отырып, университет имиджінің нығаюы мен мəртебесінің  артуына өз үлесін 

қосуы қажет.   

  Университет  қауымдастығының  қоғамдағы  беделінің  нығаюы, 

оқытушылары  мен  қызметкерлері  абыройының  асқақтауы  жемқорлыққа 

қарсы əрекет етудегі үлесімен де өлшенеді.  

Жемқорлықтың алдын алуда əрбір оқытушы, қызметкер: 

-

 



оқу орнының абыройын құрметтеуге;  

-

 



университет  мүддесіне  қарама-қайшы  келетін  қандай  да  бір  заңсыз 

əрекеттен бас тартуға; 

-

 

оның  атағы  мен  абыройына  нұқсан  келтіретін  кез  келген  əрекетті 



болдырмауға міндетті. 

Оқу  орнында  жемқорлыққа  жол  беру  университеттің  профессор-

оқытушылар  қауымының  жəне  қызметкерінің  мəртебесіне  лайықсыз  əрекет 

ретінде қарастырылады.  

Университет оқытушылары мен қызметкерлері жемқорлыққа жол берсе, 

ҚР  Қылмыстық  кодексі  бойынша  жауапқа  тартылып,  заңсыз  əрекеті  үшін 

университет қауымдастығы алдында жауапты болады. 

Білім  беру  үдерісінде  жəне  басқару  жүйесінде  жемқорлықтың  алдын 

алуда төмендегі мəселелер қолға алынады:  

-  оқытушылар  мен  студенттер  арасында  сыбайлас  жемқорлықты 

тудыратын  жағдайларды  (үлгермейтін  студенттер,  сабаққа  келмегендер,  оқу 

тəртібін бұзғандар) болдырмайтын үзіліссіз жұмыстар жүргізіледі. 

  

-  жүйелі  түрде  сабаққа  үлгере  алмайтын  студенттердің  емтиханды 



«табысты» тапсырғаны туралы емтихан құжаттарын, емтиханды  комиссияға 

тапсыру нəтижелері бақылауға алынады; 

  

-  емтихан  алушы  оқытушы  мен  емтихан  тапсыратын  студенттердің 



қарым-қатынасын шектеу қолға алынады; 

 - 


ПОҚ  жəне  қызметкерлер  арасында  аттестацияны  жəне  конкурсты 

өткізгенде,  олардың  сыбайлас  жемқорлыққа  қарсы  көзқарасына  назар 

аударылады;  

  

- жемқорлыққа қатысы бар оқытушыларды ашық жəне жариялы түрде 



жазалау енгізіледі; 

  

-  қабылдау  комиссиясының  жұмысы  жəне  магистранттарды, 



докторанттарды қабылдау кезіне қатаң бақылау жүргізіледі; 

  

-  жатақханалардағы  орындарды  бөліп  беру  жұмысы  деканат, 



студенттер  мен  ата-аналар  арасында  жариялылық,  ашықтық  принциптері 

бойынша бақылауға алынады; 

 - 

сырттай  бөлімде  оқитын  студенттердің  сессия  тапсыруы  қатаң 



қадағаланады; 

 - 


мемлекеттік  сатып  алу  жоспарының  ҚР  заңдарының  аясында  жүзеге 

асырылуы қатаң қадағаланады.  



 

2.2 Жемқорлыққа қарсы оқу орнымыздағы жастар ұйымдарының 

əрекет етуі 

 

          Мемлекеттің  болашағын  бүгінгі   жастарына   қарап  бағамдау – 



бұрыннан бар тəсіл. Еліміздің  болашағы саналатын жастарымыз отансүйгіш, 

белсенді,  білімді,  бəсекеге   қабілетті   болса,  мемлекетіміздің   де   келешегі  

кемел  болары  сөзсіз.   2050  жылға  қарай  əлемнің   ең  дамыған 30 елінің 

қатарына   кіруді   мақсат  еткен  Елбасы  Жолдауында   да  жастарға  артылар 

жауапкершілік жүгі  мол. 

  

Сондықтан  жастар  елдің  жаңа  бет-бейнесін  жасап,  жаңа  идеяларды 



ұсынуға жəне Қазақстанды жаңартудың негізгі қозғаушы күші болуға тиіс. 

 

Жастардың  азаматтық  белсенділігі,  отансүйгіштік  сезімі  өз  елінің 

дамуына,  гүлденіп,  өркендеуіне  жанашырлықпен  қарауымен  өлшенеді. 

Əсіресе,  жемқорлықтың  тамырын  жоюда  белсенділікпен  атсалысып,  өз 

болашақтарының  жарқын  болуына  жол  ашуда  жастардың  азаматтық 

белсенділігі қажет етіледі.  

 

Оқу орнымызда жемқорлықтың алдын алу шараларын жүзеге асыруда 



жастар  ұйымдарының  белсенді  əрекетіне  қолдау  көрсетіледі  жəне  олардың 

студенттік ортаға ықпал етуіне үлкен мəн беріледі.  

  

Оқу орнымыздағы жастар ұйымдары: 



  

-  жастар  арасында  пара  беріп  білім  алудың  жағымсыз  құбылыс 

екендігін насихаттауға атсалысуға; 

 - 


сессия  кезінде  жастар  ұйымдары  атынан  қоғамдық  бақылауды 

күшейтуге; 

  

-  сыбайлас  жемқордың  жағымсыз  бейнесін  қалыптастыру  бағытында  



іс-шараларды ұйымдастыруға;  

  

-  сыбайлас  жемқорлық  көздерінің  пайда  болу  себептерін  зерттеп, 



мəселелердің  пайда  болуының  алдын  алу  бойынша  ұсыныстар  беруге 

құқылы.  

  

Қоғамдық ұйымдармен бірлесе отырып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы 



мінез-құлықты  қалыптастыру  мақсатында  пікір  алысу  диспуттарын, 

акциялар жəне науқандар өткізіп, белсенділік таныта алады. 

          

          ІІІ. Жемқорлықтың алдын алуға бағытталған іс-шаралар 

 

«С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті» АҚ  

Жемқорлықтың алдын алу бағытында ұйымдастырылатын  

іс-шараларының кешенді 

ЖОСПАРЫ 

 

Р\С  Іс-шаралар 

мазмұны 

Орындалу 

мерзімі 

Жауапты 

тұлғалар 

Орындалуы 

туралы белгі 

Жемқорлықтың 



алдын алу бағытында 

құқық қорғау 

мекемелерімен 

байланыс орнату, 

бірлескен нақты іс-

шаралар 


ұйымдастыру   

Жыл бойы 

ТЖЖ 

департамент 



директоры  

Б.С. 


Иманғалиев, 

барлық 


факультет 

декандары 

 


Əрбір 


кафедра, 

факультетте 

жемқорлықтың алдын 

алу  жоспарын  жасау, 

жиналыстар өткізу 

Қысқы, 


жазғы сессия 

алдында  

Факультеттер, 

кафедралар 

 



Қысқы, жазғы 



сессиядан кейін 

автоматтандырылған 

«PLATONUS» 

жүйесінде 

жемқорлықтың алдын 

алу мақсатында 

студенттердің 

қатысуымен 

электронды 

сауалнама өткізу 

Жоспар 

бойынша 


ТЖЖ 

департамент 

директоры  

Б.С. 


Иманғалиев, 

Студенттік 

Парламент, 

Университеттегі  

Жас Отан 

жастар 


қанатының 

бөлімшесі 

 



ПОҚ жəне 



қызметкерлермен  

ҚР Əкімшілік заң 

бұзушылық кодексі, 

ҚР Қылмыстық 

кодексінің 

жауапкершілігі 

бойынша кездесулер 

өткізу 


Жоспар 

бойынша 


Басқарма 

төрағасының 

бірінші 

орынбасары 

Əбдіров А.М. 

 



Əр факультетте 

сессия алдында 

жемқорлықтың алдын 

алу мақсатында 

ұжымдық кездесу 

өткізу 


Сессия 

алдында 


Факультет 

декандары 

 



Студенттерді 



жемқорлық 

əрекеттердің алдын 

алу бағытындағы 

университеттік жүйе 

туралы 

ақпараттандыру 



(Басқарма 

Қысқы, 


жазғы сессия 

алдында 


ТЖЖ 

департамент 

директоры  

Б.С. 


Иманғалиев, 

барлық 


факультет 

декандары 

 


төрағасының 

қабылдау күні жəне 

жеке блогы туралы; 

университеттегі сенім 

телефоны туралы; 

факультеттердегі 

емтихан сессиясын 

тексеру 


комиссиясының 

жұмысы жайында) 

    



Барлық факультетте 



емтихан сессиясын 

тексеру 


комиссиясының 

жұмысын 


ұйымдастыру, 

қадағалау 

Қысқы, 

жазғы сессия 



кезінде 

АМД директоры 

Серекпаев Н.А. 

 



Қысқы  жəне  жазғы 

сессия  алдында  əр 

факультеттің 

хабарландыру 

тақтайшасында 

жемқорлықтың алдын 

алуға 

байланысты 



мəліметтерді ілу 

 

Қысқы, 



жазғы сессия 

кезінде 


ТЖЖ 

департамент 

директоры  

Б.С. 


Иманғалиев, 

барлық 


факультет 

декандары 

 



Дамыған 



мемлекеттердегі  оқу 

орындарының 

жемқорлықсыз  орта 

қалыптастыруға 

бағытталған 

озық 


үлгілерін, 

жаңашылдығын 

енгізе  отырып,  оқу 

үдерісінде 

жемқорлық 

əркеттерді 

Жоспарға 

сəйкес 


Академиялық 

мəселелер 

жөніндегі 

департаменті 

 

Тəрбие жұмысы 



жөніндегі 

департамент 

 


болдырмаудың  əдіс-

тəсілдерін жетілдіру 

 

 

10  Сыбайлас жемқорлық 



ұғымын, 

сыбайлас 

жемқорлықтың  орын 

алу 


фактілері 

кездескен  жағдайда 

азаматтардың  əрекет 

ету  тəртібін,  сондай-

ақ  мұндай  фактілерге 

астыртын  болысқаны 

үшін 

топ 


старосталарының 

жауапкершілігін 

түсіндіретін 

жадынамалар əзірлеу 

Жоспарға 

сəйкес 


ТЖЖ 

департамент 

директоры  

Б.С. Иманғалиев 

 

11  2015  жылдан  бастап 



сыбайлас 

жемқорлыққа  қарсы 

жауапкершілікті 

қалыптастыру 

үшін 

«Құқық 


негіздері» 

оқу  пəніне  дəрістер 

енгізу  

 

Қыркүйек, 



2015 

Академиялық 

мəселелер 

жөніндегі 

департаменті, 

Экономикалық 

теория жəне 

құқық 


кафедрасы  

 

12  Əр 



факультеттің 

жемқорлық 

деңгейі 

бойынша 


жария 

рейтингісін шығару 

Жоспарға 

сəйкес 


Тəрбие жұмысы 

жөніндегі 

департамент 

 

13  Онлайн-портал 



жүйесі 

арқылы 


жемқорлықтың алдын 

алу 


мақсатында 

өткізілетін 

іс-

шараларды жетілдіру 



 

Үнемі 


Рақымжанов 

М.Н., 


Ақпараттық 

технологиялар 

департаменті 

 

14  Жастар 



ұйымдарының 

қоғамдық  бақылауын 

күшейту 

Үнемі 


ЖІЖК, 

Студенттік 

Парламент 

 


15  Жемқорлықтың 

алдын  алу  бағытында 

атқарылған 

іс-


шаралар 

бойынша 


Басқарма 

отырысында 

есеп 

беру 


Жоспарға 

сəйкес 


Басқарма 

төрағасының 

тəрбие жұмысы 

жөніндегі 

орынбасары 

Ж. Құсайынова 



 

 

 



 

                                      

 

 

 

 

 

 

 

 

                                      

 




©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал