Жемқорлыққа қарсы стратегиясының талаптарын іске асыруға бағытталған



жүктеу 0.53 Mb.

бет1/3
Дата21.01.2017
өлшемі0.53 Mb.
  1   2   3

21 

қаңтар 


күні 

Қазақстан 

Республикасының 

2015-2025 

жылдарға 

арналған 

сыбайлас 

жемқорлыққа қарсы стратегиясының 

талаптарын іске асыруға бағытталған 

дөңгелек үстел өтті. Сондай-ақ, жиын 

барысында  құзырлы  орган  өкілдері 

сыбайлас 

жемқорлықпен 

күрес 


бағытында  жемісті  қызмет  еткені 

үшін  бірқатар  БАҚ  өкілдерін  алғыс 

хат және естелік сыйлықтармен мара-

паттады.


КЕШЕ,  БҮГІН,  ЕРТЕҢ

Ұсынылатын құны – 85 теңге

2009 ЖЫЛҒЫ 16 ЖЕЛТОҚСАННАН ШЫҒА БАСТАДЫ

ХАЛЫҚТЫҚ ГАЗЕТІ



Құрметті өскемендіктер!

22  қаңтарда  сағат  9.00-ден 

бастап  «Frеshmarket»  дүкені- 

нің 

аумағында 

Өскемен 

қаласының 

ауылшаруашы-

лық жәрмеңкесі өткізіледі. 

Жазылу жалғасуда

Гагарин бульвары, 24

Байл. телефоны: 78-24-61

Ж

А

Р

Н

А

М

А

Жаңалықтар

Қала тынысы

Әлеумет

Қоғам

Білім

Таразы

Заң мен заман

Мәдениет

Спорт

Салауат

  2 БЕТ


Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жолдары

 3 БЕТ


 2 БЕТ

Мерейлі 90 жас

 4 БЕТ


Қоғамдық бақылау қатая 

түспек 

Көңілге күдік ұялатқан 

«жабайы сауда»

№4 (267) 

22 қаңтар, 2015 жыл

85 теңге

 7 БЕТ


Жол сақшыларының сырын ашатын рация?

ЖЫЛ ҚОРЫТЫНДЫСЫ

ҚАЛА ӘКІМІНІҢ ЕСЕБІ

 (арнайы шығарылым)



2

Өскемен


№4 (267)

22.01.2015

ЖАҢАЛЫҚТАР

ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ

ТАЛҚЫЛАУ

МАҢЫЗДЫ 


АКЦИЯ

Нұрболат Болатұлы

2

1 қаңтар күні Өскемен 



қаласында Шығыс Қазақстан 

облыстық «Қазақтелеком» те-

лекоммуникациясы «Нұр Отан» 

партиясының қалалық филиа-

лымен бірлесе отырып, жиын 

өткізді. 

Жиналыс барысын-

да Қазақстан Республика-

сы Президентінің «Нұрлы 

жол» Жолдауы талқыға 

түсіп, қатысушылар өз 

ойын білдірді. Бірінші ке-

зекте Жолдаудың әрбір 

сөзіне дейін түсіндіріп өткен 

«Нұр Отан» партиясының 

Өскемен қаласы бойын-

ша филиалы төрағасының 

орынбасары Майраш Екіба-

сова іс-шараны Елбасының 

Жолдауынан бастады. 

– Естеріңізде болса, Ел-

басымыз Нұрсұлтан Назар-

баев 1997 жылы алғаш рет 

Қазақстан халқына Жол-

дауын айтып, «Қазақстан 

– 2030» стратегиялық 

бағдарламасын ұсынған 

еді. Бірақ, аталған бағытқа 

жетіп, жуықта мемле-

кет басшысы «Нұрлы жол 

– болашаққа бастар жол» 

атты жаңа экономикалық 

саясатын жариялады. Атал-

мыш Жолдауды бірін-

ші рет партиялық алаңда 

өткізгеннің өзі, алдағы 

уақытта негізгі жұмыс күші 

«Нұр Отан» партиясына 

түсетіндігін көрсетеді, – деді 

Майраш Екібасова. 

Сонымен қатар, Май-

раш Екібасова Жолдау ба-

рысында экономикалық 

даму бағытында атқарылар 

жұмыстарға және модер-

низация саласына тоқталып 

өтті. Ал телекоммуникация 

басшылығы алдағы уақытта 

партиямен бірге атқарар 

жұмыстарымен бөлісіп өтті. 

Жалпы біздің те-

лекоммуникация 

орталығымыздың барлық 

дерлік қызметкерлері 

«Нұр Отан» партиясының 

қалалық филиалының 

құрамына кірген және пар-

тия ұжымы ұйымдастарған 

саяси, әлеуметтік, мәдени 

іс-шаралардың барлығына 

дерлік белсенді қатысып 

отырады. Әсіресе спорттық 

шараларда, Ұлы жеңіс 

күнінде және Наурыз сын-

ды мерекелерде белсен-

ді ат салысады. Біздің 

қызметкерлер өз елінің 

 

патриоттары, – деді Шығыс 



Қазақстан облыстық 

телекоммуникациясының 

бас дирекциясының 

партиялық ұйым бас-

шысы, коммерциялық 

директордың орынбасары 

Болатбек Закимов. 

Елбасы Жолдауын талқылады

Қоғамдық бақылау 

қатая түспек 

2

0 қаңтар күні Өскемен қалалық «Нұр Отан» 



партиясының филиалында саяси кеңестің 

 

отырысы өтті. 



Аталмыш шарада саяси кеңестің 

төрағасын тағайындау, партиялық бақылау 

комиссиясы, жемқорлықпен күрес кеңесінің 

құрамы сынды мәселелер қарастырылды. 

Сондай-ақ, жиын барысында «Нұр Отан» 

партиясы филиалының партиялық бақылау 

комиссиясының мүшесі, қала әкімінің орын-

басары Арман Искаков ҚР Президенті 

Нұрсұлтан Назарбаевтың Жолдауы негізін-

дегі біріншілік партиялық ұйымдардың тап-

сырмалары тақырыбында баяндама жасады. 

– Елбасымыз өз Жолдауында республи-

ка бюджетінен қыруар қаржы бөлінетіндігін 

айтты. Сондай-ақ, Жолдаудың алғаш рет 

партиялық алаңда айтылуы бізге үлкен жа-

уапкершілік артады, - деді «Нұр Отан» фи-

лиалы партиясының төрағасының бірінші 

орынбасары Майраш Екібасова. –Бүгінгі 

таңда партиялық бақылау тәжірибесінде 

қала қоғамы да белсене араласуда. 

Қоғамдық бақылау жүйесінде азық-түлік 

бағаларын, жол бағасын және термомодер-

низация бағдарламасының жүзеге асыры-

луын қадағалау бойынша сараптау топта-

ры жұмыс атқаруда. «Нұрлы Жол» Жолдауы 

шеңберінде біз қоғамдық бөлім жүйелерін 

кеңейтуді жоспарлап отырмыз. 

Бүгінгі күні Өскемен қаласы бойынша 35 

біріншілік партиялық ұйым өз жұмысын 

атқаруда. Біріншілік-партиялық ұйымның 

ішінде 193 партиялық топ құрылған. Қазіргі 

таңда партиялық топтардың саны күн санап 

артып келеді, бұл партия филиалының ты-

нымсыз жұмысының көрсеткіші. 

–Барлығымыз бірлесіп, Елбасымыз алға 

қойған мақсатты орындаймыз деген сенім-

демін, - деп отырысты қорытындылады 

қала әкімі Темірбек Қасымжанов. 

Сондай-ақ, шара барысында партия 

қатарына жаңадан енген азаматтарға салта-

натты түрде партия билеттері табысталды. 

Айдана Аумадиева

«Құшақтасу күні» 

аталып өтті

Айдана Ағламбек 

2

1 қаңтар күні бүкіл әлемде ерекше мерекелердің 



бірі – халықаралық құшақтасу күні аталып 

өтіледі. Айтулы шара біздің қаламызда да екінші 

жыл қатарынан мерекеленуде. 

Қалалық жастар ұйымының 

ұйымдастыруымен өткен акция 

шаһарымыздағы ең ірі сауда орталықта-

рының бірінің маңында басталды. Қолда-

рына «құшақтасайық» деген жазулары 

бар түрлі плакаттар ұстаған Қазақстан-

Американ еркін колледжі мен Техникалық-

гуманитарлық колледж студенттері 

көшедегі өтіп бара жатқан адамдарды 

құшақтап, халықты бұл күннің маңызы жай-

лы құлақтандырды. 

– Ғалымдардың зерттеу нәтижелері 

бойынша құшақтасу әрбір адамға қажет 

екендігі дәлелденді. Сол себепті біз жастар 

ұйымы  қала студенттерімен бірлесіп осынау 

шараны елеусіз қалдырмауды жөн көрдік. 

Біз құшақтау арқылы тұрғындарға көтеріңкі 

көңіл күй мен жақсы әсер сыйлай білдік де-

ген үміттеміз, - деді Жастар ұйымының же-

текшісі Ринат Ахметжанов.

«Құшақтасу күні» мерекесі 1986 жылы 

АҚШ-та Ұлттық құшақтасу күні ретінде пайда 

болып, кейіннен әлем бойынша таралып кет-

ті. Мереке дәстүріне сәйкес, бұл күні бейтаныс 

адамдарды да құшақтауға болады екен. 

Мерекенің пайда болғанына аз уақыт 

өткеніне қарамастан, бүгінде оның авто-

рын табу қиынға соғып отыр. Бұл идея 

алғаш кімнің ойына келгендігі және оны 

атап өту үшін 21 қаңтардың неліктен таңдап 

алынғандығы белгісіз. Пайымдаулар бойын-

ша, мерекенің бастамашылары студенттер 

болуы мүмкін.

Елжан Қайырханов

 

Қ



аңтар айының 21 жұлды-

зында Өскемен қаласында 

Қазақстан Республикасының 

2015-2025 жылдарға арналған 

сыбайлас жемқорлыққа қарсы 

стратегиясының талаптарын 

іске асыруға арналған дөңгелек 

үстел өтті.

Аталмыш жиналысқа 

Қазақстан Республика-

сы Мемлекеттік қызмет 

істері және сыбайлас 

жемқорлыққа қарсы іс-

қимыл агенттігінің ШҚО 

бойынша басқармасының 

бастығы Ғалымбек Доса-

нов, басқарма басшысы 

Тоқтамыс Жұмағұлов және 

өзге де құқық қорғау орган-

дары мен қоғамдық ұйым 

мүшелері қатысты. 

Дөңгелек үстелдің ашы-

лу бөлімі салтанатты ма-

рапат сәтінен бастау 

алды. Атап айтар болсақ, 

облыстық бірқатар БАҚ 

саласының қызметкерлері 

және қалалық «Өскемен» 

газетінің бас редакторы 

Айым Касембаева «Сыбайлас 

жемқорлыққа қарсы күрес 

бағытында жұртшылықты 

ақпараттандыру жұмысына 

елеулі үлес қосқаны үшін» 

алғыс хатымен және естелік 

сыйлықтармен марапатталды.

– Бүгінгі күні сыбай-

лас жемқорлықпен күрес 

мақсатында қарқынды 

жұмыстар жүргізілуі 

тиіс. Әсіресе, халыққа 

қызмет көрсету орын-

дарында, мемлекеттік 

қызметкерлер арасында 

сыбайлас жемқорлықтың 

болу жағдайын тыйған 

жөн болар. 2015 жыл-

дан бастап, Қазақстан Рес- 

публикасы Қылмыстық 

кодексінде сыбайлас 

жемқорлық тармағына 

өзгерістер енгізілген еді. 

Ол жерде әсіресе, сыбай-

лас жемқорлық фактісі 

арқылы құрықталған мем-

лекеттік қызметкер барлық 

шендік сыйақыларынан, 

құрметтерінен айыры-

лып, жазасын өтеу бары-

сында шартты жаза ала ал-

майды, – деді Мемлекеттік 

қызмет істері және сыбай-

лас жемқорлыққа қарсы 

іс-қимыл агенттігінің ШҚО 

бойынша басқармасының 

бастығы Ғалымбек Досанов.

Сондай-ақ, бірқатар 

құқық қорғау органдарының 

қызметкерлері мен 

қоғамдық ұйым мүшелері 

2014-2015 жылдар 

аралығында сыбай-

лас жемқорлыққа қарсы 

жүргізілген жұмыстарының 

қорытындысымен бөлісіп, 

алдағы уақыттағы іске асар 

жоспарларын атап өтті. 

«Нұр Отан» партиясы сы-

байлас жемқорлыққа қарсы 

бағытта бірқатар жұмыстар 

жүргізіп келеді. Соның 

ішінде, атап айтар болсақ, 

қаламызда орналасқан 

бірқатар университеттер-

де студенттермен жұмыс 

жүргізіліп, акциялар 

ұйымдастырылды. Қалалық 

бірнеше ұйымдармен,  соның 

ішінде өзін-өзі басқару 

ұйымымен тығыз қарым-

қатынастың арқасында 

сыбайлас жемқорлыққа 

қарсы түсіндіру жұмыстары 

қарқынды жүргізілу үстінде, 

– деді «Балалар және жастар 

ұйымы ассоциациясының» 

басшысы Ольга Бобрышева. 

Парақорлық жайлы банер 

ілу тәсілдері де сөз болды. 

Анықталғандай, Өскемен 

қаласынан бастап, бірқатар 

аймақтарда көшелерге 

сыбайлас жемқорлыққа 

қарсылықты насихаттайтын 

баннерлер көптеп ілінуде. 

Кездесу соңында басқарма 

басшысы Тоқтамыс 

Жұмағұлов алдағы уақытта 

атқарылатын тағы бір жайт-

ты атап өтті. 

– Жуырда бір айдың 

ішінде біз бірқатар депар-

таменттерде сараптама 

жұмыстарын жүргізетін бо-

ламыз. Яғни неліктен ол 

жерде сыбайлас жемқорлық 

жайттары көптеп орын 

алады, неліктен ол 

жердің қызметкерлерінде 

парақорлық ісіне қатысты 

екендігін сараптаймыз. Бұл 

тексеру жұмыстары емес, 

тек сараптама жұмыстар. 

Барлық жинақталған 

мәліметтер агенттікке жедел 

түрде жіберіліп отыратым 

болады, – деді басқарма 

 

башысы Тоқтамыс 



Жұмағұлов.  

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы 

күрес жолдары


Өскемен

3

№4 (267)



22.01.2015

ҚАЛА ТЫНЫСЫ

ТҰСАУКЕСЕР

ҚҰРМЕТ


КӨРМЕ

Айдана Ағламбекқызы 

2

0 қазан күні Ұлы Отан 



соғысының батыры, ардагер 

Бахтыбаев Хайрула атаны 90 

жасқа толу мерейтойымен об-

лыс әкімі Даниал Ахметовтың 

атынан қалалық әкімдік, арда-

герлер кеңесі және жергілікті 

өзін-өзі басқару комитетінің 

өкілдері құттықтап қайтты. 

–Ғұмыр жасыңыз ұзақ 

болсын. Денсаулығыңыз 

мықты болып, балаларыңыз 

бен немерелеріңіздің ор-

тасында күліп-ойнап жүре 

беріңіз. 90-ның асуы-

нан өтіп, 100-ге жетіңіз, - 

деді қалалық ардагерлер 

кеңесінің төрағасы Иван Гу-

барев. 


Бахтыбаев Хайрула 

1925 жылы 20 қаңтар күні 

Тарбағатай ауданында туып-

өскен. 17 жастағы бозба-

ла кезінде 1942 жылдың 

қыркүйек айында әскер 

қатарына шақыртылып, 

Ташкент қаласындағы кіші 

командирлерді даярлау 

училищесіне жіберілді. 

Аталмыш училищені 

тәмамдаған соң, 1943 

жылы 187-ші жаяу ди-

визия құрамында Киев

 

Житомир, Каменецк- 



Подольский қалаларын бо-

сату шайқасына қатысып, 

 

Тернополь қаласының 



маңында ауыр жарақат 

алған. Отаны үшін отқа 

түскен қайсар жан, немі-

стерден Румыния, Венг-

рия және Австрия жерлерін 

қорғауға да атсалысқан. 

Соғыс аяқталған 

соң, Одесса қаласында 

металлургиялық білім алып, 

елге қайтқан соң 1950 

жылдың сәуір айында мы-

рыш зауытына жұмысқа ор-

наласып, сол жерден 1975 

жылы зейнетке шықты. 

Сондай-ақ, қайсар жан 

Қызыл жұлдыз төсбелгісі, 

Бас қолбасшы алғыс хаты 

сынды марапаттардан басқа, 

жуықта ғана Елбасымыздың 

арнайы тағайындаған 

«Құрмет» төсбелгісімен ма-

рапатталды.  

Мерейлі 90 жас

«Жер бетіндегі  

тіршілік үшін»

Әсел Алтынбекқызы

Ж

ақында «Өскемен қаласы әкімдігінің «Жі-



гер» балалар-жасөспірімдер клубтарының 

бірлестігі» МКҚК, қала әкімдігінің «№ 33 орта 

мектебі» КММ орта сыныбының оқушылары, 

Өскемен қаласының балалар-жасөспірімдер 

клубтарының білім алушыларының арасында 

Ұлы Отан соғысының 70 жылдығына орай «Жер 

бетіндегі тіршілік үшін» атты көрменің ашылу 

салтанаты болып өтті.

– Көрменің мақсаты балалар мен 

жасөспірімдерді Отанын сүюге тәрбиелеу,  

тұлғаның азаматтық бағыттылығын, бел-

сенді өмірлік ұстанымын қалыптастыру, 

Отаншылдыққа, аталар ерлігін мақтан 

тұта жалғастыруға баулу,  өз елін, жерін 

қастерлейтін саналы да парасатты азамат-

ты тәрбиелеу. Бұл патриоттық сезімдерін 

дамытуға, патриоттық мінез-құлығының 

тұрақты нормаларын және патриоттық 

сенімдерін қалыптастыруға бағытталған 

 

тәрбиеші мен тәрбиеленушілердің өзара 



қарым-қатынас процесі. Сондықтан, ба-

лалар өз бабаларының тарихы мен 

мәдениетін білуге тиіс. Халқының тарихы 

мен мәдениетінің білуі басқа халықтардың 

мәдени салт-дәстүрлеріне қызығушылықпен 

және құрметпен қарауға көмек көрсетеді, 

- дейді  «Өскемен қаласы әкімдігінің «Жі-

гер» Өскемен балалар-жасөспірімдер 

клубтарының бірлестігі» МКҚК мәдени-

бұқаралық бөлімінің меңгерушісі Ботвина 

Ольга Михайловна.

Шара барысында келген қонақтар Ұлы 

Отан соғысының 70 жылдығына арналған 

балалардың жұмыстарын тамашалап, 

«Еңлік» балалар-жасөспірімдер клубының 

балалары мен педагогтары дайындаған  ме-

рекелік кештің куәсі болып қайтты. 

Көрмеде Өскемен қаласындағы 

балалар-жасөспірімдер клубтарының 

тәрбиеленушілері суреттерін, қол өнерлерін, 

коллаждарын және басқа да жұмыстары 

қойылған.

Айдана Аумадиева 

1

6 қаңтар күні А.С. Пушкин 



атындағы облыстық кітап- 

ханада Астана қаласындағы 

"Фолиант" баспасынан 

шыққан "Алтай-Ертіс кітап- 

ханасы" сериясының үшінші 

топтамасының, ауған соғы-

сында қаза тапқан интерна-

ционалист-жауынгерлерге 

арналған «Азалы кітап» және 

«Шығыс Қазақстан» энцик-

лопедиясының тұсаукесері 

 

өтті.



Алқалы жиынға об-

лыс әкімінің орынба-

сары Жақсылық Омар, 

ақын Ұлықбек Есдәулет, 

ғалым-филологтар Арап 

Еспенбетов пен Бауыр-

жан Ердембеков, ғалым-

орнитолог Борис Щерба-

ков, сондай-ақ Абайдың 

барлық өлеңдері мен 

поэмаларының барлығына 

ғылыми түсініктеме жазған 

Қайым Мұхамедхановтың 

ұлы Қанағат Мұхамедханов, 

ауған соғысына қатысқан 

интернационалист-жауын- 

герлер, зиялы қауым 

өкілдері келді.

– Биылғы жыл - Қазақ 

хандығының 550 жылдығы, 

Ұлы жеңістің 70 жылдығы, 

ҚХА мен Конституцияның 

20 жылдығы, сондай-ақ 

Ұлы Абайдың 170 жылдығы 

сынды айтулы мерекелер 

жылы. Атаулы күндерді 

халқымыз тойлау үшін емес, 

болашақты ойлау үшін атап 

өтетіні сөзсіз. Осы орай-

да, Шығыс Қазақстан об-

лысы әкімдігі осы жылы 

бірқатар маңызды шара-

ларды өткізбек. Соның бас-

тамашысы ретінде бүгінгі 

кітаптардың тұсаукесерін 

атап өтуге болады, - деді 

облыс әкімінің орынбасары 

Жақсылық Омар.

"Алтай-Ертіс кітапхана-

сы" сериясының 20 томдығы 

Шығыс Қазақстан облы-

сы әкімдігінің қолдауымен 

2012-2013 жылдары жарық 

көрген болатын. Ал үшінші 

топтама Ұлы Абайдың 170 

жылдық мерейтойына 

лайықты сый болатын кітап-

тармен ерекшеленді. Мұнда 

Мұхтар Әуезовтің "Абай 

жолы" роман-эпопеясының 

томдары, Абай еңбегін 

тереңдете зерттеген 

Қайым Мұхамедхановтың 

еңбегі, профессор Арап 

Еспенбетов пен ақын 

Әріп Тәңірбергеновтің 

шығармалары жарық көрді. 

Сондай-ақ, көрме бары-

сында халықтар достығы 

мен ұлтаралық келісім 

– еліміздің өркендеуінің 

негізі. Шара барысында 

 

сиясы кеппеген «Шығыс 



Қазақстан» энциклопедия-

сында, өлке тарихының 

елеулі кезеңін кестелеген 

Оралхан Бөкей, өлке зерт- 

теушісі Борис Щербаков пен 

ақын Ғалым Байбатыровтың 

шығармалары жиналған 

қауымның назарына 

ұсынылды. 

Елбасы Жолдауында 

«Елдің тұтастығы мен бірлігі, 

татулығы мен тыныштығы ең 

басты назарда», - деген еді. 

Берекелі де мерейлі жылда 

жаңадан шыққан өлкетану 

кітаптары Қазақстан па-

триотизмі идеясы негі- 

зінде жас ұрпақты тәуелсіз 

еліміздің жаңа адамын 

 

қалыптастырып, тәрбие-



леуде лайықты рөль 

атқарады деген сенімдеміз. 

«Алтай – Ертіс» сериясы 

толықтырылды

ИНФРАҚҰРЫЛЫМ

Айдана Аумадиева

Ө

скемен қаласының ба-



сым бөлігін және ең ірі 

кәсіпорындарды ауыз сумен 

қамтып отырған Солтүстік-

Атаман және Төменгі-Согралық 

су іркуіштерінің құрылғылары 

жаңартылуда. Аталмыш қайта 

қалпына келтіру жұмыстары 

былтырғы жылы басталған. 

Төменгі-Согралық су 

іркуіш 1952 жылдан, ал 

Солтүстік-Атаман су ір-

куіші 1992 жылдан бас-

тап жұмыс істеп тұрса да, 

осы күнге дейін бір де бір 

рет жаңартылмаған екен. 

Су іркуіш құрылғылары 

18 бірлік бірінші көтеруші 

су сорғыш стансасынан, 

2 бірлік екінші көтеруші 

су сорғыш стансасынан, 4 

бірлік таза су қоймасынан 

(сыйымдылығы 12000 

м.куб) және жекежайда 

орналасқан хлорлаушы-

дан тұрады. Бұл жерден 

тәулігіне 320,0 мың м3/

тәул. су өтеді.

– Бүгінгі күні бұл су 

сорғыш стансасы қаланың 

басым бөлігін сумен 

қамтамасыз етіп отыр. 

Жұмыс барысында 5 ескі 

сорғыны жаңа 6 сорғымен 

алмастыру жұмыстарын 

жалғастырудамыз. Олар 

заман талабына сай, 

қауіпсіз және энергия 

үнемдейтін болады. Оның 

үстіне, су келу жиілігін рет- 

теуші құрылғы су бара-

тын құбырлардағы апат-

ты азайтуға септігін тигі-

зеді деген ойдамыз, - дейді 

«Өскемен Водоканал» МКК 

бөлім бастығы Наталья Лу-

керина. 


Айта кетейік, жөндеу 

жұмыстары кәсіпорынның 

өз есебінен жүргізілуде. 

Жобаның 1-кезегінің жал-

пы құны 626 млн. теңгені 

құраса, келесі кезегін жалпы 

құны 1778,602 мың теңгеге 

«Ақ бұлақ» бағдарламасы 

аясында жүзеге асы-

ру көзделіп отыр. Меке-

ме басшыларының ай-

туы бойынша жаңарту 

жұмыстарын 2015 жылдың 

31 мамырында аяқтау 

жоспарлануда.

Ең ірі су іркуші құрылғылар жаңартылуда



4

Өскемен


№4 (267)

22.01.2015

ӘЛЕУМЕТ

ӨЗЕКТІ


КӨКЕЙТЕСТІ

Әсел Алтынбекқызы

 

Ж

ақында «Заречный» маңын 



 

жайлаған  жабайы сауданың 

жолына тосқауыл қою үшін тексеру 

жұмысы жүргізілді.

Өскемен қаласы әкімдігінің 

мұрындық болуымен «Берез-

ка», «Жәрдем», «Заречный»  ба-

зары маңында заңсыз саудамен 

айналысып жүрген саудагер-

лерді тексеру жұмыстары бұған 

дейін де бірнеше рет жүргізілген 

болатын. Қызметкерлердің ай-

туынша жылдың басынан бері 

«жабайы сауданы» саудалағаны 

үшін 20 адамға айыппұл 

салынған.  

Бұл жолы кезекті тексеру-

ге шыққан әкімдік өкілдері 

жұмысты «Заречный» 

базарының маңынан баста-

ды. Әкімдік өкілдерімен бір-

ге еріп шыққан біз, журна- 

листер қауымы аталған базар-

лар маңынан жай күнде жы-

пырлап жол бермейтін заңсыз 

саудагерді көре алмадық. Ал-

дын-ала тексеру келетіні жай-

лы хабар жетті ме, әйтеуір 

күндегідей жол бермейтін 

саудагерлердің қарасы азайған. 

Тек екі-үш нүктенің иелеріне 

ескерту жасап, айыппұл салу-

мен ғана шектелді.

«Күнкөріс үшін жүрміз...»

«Жабайы» тiршiлiкпен жан 

баққан жандардың қабағы 

қатулы. Аты-жөндерін 

сұрауға да бата алмайсың. 

Ескерту жасаған әкімдік 

қызметкерлеріне бұлқан-

талқан болып, жандары-

на жолатқысы жоқ. Барлығы 

бірдей күнкөрістің қамымен 

жүргендіктерін айтып 

ақталады. Саудасын салауат-

ты сыңайда жүргізсе, тағы бір 

сәрі. Санитарлық ережелер-

ге сай келетін арнайы киім-

мен қамтамасыз етілмеген-

дігін былай қой ған да, аталмыш 

саудагерлердің өзінен-ақ түрлі 

жұқпалы дерттердің өрбімесіне 

кім кепіл?!

Айыппұл көлемі ұлғайды...

– Қалалық әкімдік 

өкілдерімен бірге жабайы сау-

дамен күресу үшін екі топ 

құрылған. Бүгінгі күні қаладағы 

орталық базар маңында және 

Абай даңғылының бойында 

 

белең алып тұр. 2015 жылы 



күшіне енген жаңа заң бойын-

ша, айыппұл көлемі екі есеге 

көбейді. Егер бұл талаптарды 

орындамайтын болса біз істі ары 

қарай сот орындаушылардың 

қолына тапсыратын боламыз, 

- дейді Өскемен қаласы ІІБ 

табиғатты қорғау полициясы 

бөлімінің  бастығы, полиция 

майоры Дархан Айтқазин.    

«Тиын санаған тиімді  

болса да...»

Заңсыз саудагерлер салық 

төлемейтін болғандықтан, та-

уарын да сәл-сәл болса да, 

арзан бағаға беретіні бел-

гілі. Ал әлеуметтік тұрмысы 

төмен тұрғындар бір тиын 

болса да, үнемдеп қалғысы 

келетіні жасырын емес.  Де-

сек те, денсаулық ең бірінші 

байлығымыз екенін ұмытпайық. 

«Сақтансаң сақтаймын» де-

ген, денсаулығымызға келгенде 

тәуекелге бел бумағанымыз аб-

зал болар!

Көңілге күдік ұялатқан «жабайы сауда»

Елжан Қайырханов

 

1

9 қаңтар күні Шығыс Қазақстан 



облыстық прокуратурасында 

облыс прокуроры Бағбан Тайым-

бетов, Шығыс Қазақстан облысы 

әкімінің орынбасары Дүйсенғазы 

Мусин және облыстық кәсіпкерлер 

палатасының басшысы Игорь 

Шацкийдің қатысуымен кезекті 

алқалы жиын өтті. 

Өткен аптада ғана 

аймағымызда балық аулау са-

ласында заң бұзушылықтарды 

анықтап, бірқатар сынын айтқан 

прокуратура қызметкерлерінің 

қарамағына бүгінгі күні ауыл-

шаруашылығының дамуы 

түсті. Анықталғандай, Шығыс 

Қазақстан облысының аудан-

дарында ауылшаруашылығы 

даму бағытында бірқатар 

өрескел заң бұзушылықтар 

 

анықталған. 



Қазіргі таңда Қазақстан Рес-

публикасы жаңа өнеркәсіп 

орындарын ашу арқылы, эко-

номика дамуында түйткілді 

мәселелерді шешу үстінде. Де-

генмен, қалаларда өнеркәсіп 

орындарын ашып, көріктендіру 

жұмыстарын жүргізгенімізбен, 

ешқашан ауылшаруашылығы 

мәселелерін ұмытпағанымыз 

жөн. Осы орайда Қазақстан 

Республикасының Прези-

денті Нұрсұлтан Назарбаев 

 

өзінің Жолдауында азық-



түлік қауіпсіздігін қамтамасыз 

ету – бүгінгі Қазақстанның 

дамуындағы басты мақсат болу 

қажеттігін атап көрсетті, – 

деді Шығыс Қазақстан облысы 

прокуратурасының басқарма 

басшысы Рустам Шидердинов.

Кейіннен, аймағымызда ауыл-

шаруашылығының дамуында 

кедергі келтірген мәселелерді 

көрсетіп, заң бұзушылықтарды 

атап өткен басқарма басшы-

сы бірінші кезекте азық-түлік 

қауіпсіздігіне тоқталып өтті. 

Шығыс Қазақстан облы-

сы республика бойынша 

ауылшаруашылық өнімдерін 

қарқынды түрде шығарудан 

3-ші орында тұр. Сонымен 

қатар, егіншілік аумаққа еліміз 

бойынша 21 млн. га жер бел-

гіленсе, облысымыз оның 1,2 

млн. га жер игеріп, 4-ші орын-

да тұр. Ал күнбағыс майын жи-

нап, өндіру бойынша бірінші 

орында ешкімге дес бермей ке-

леміз. Дегенмен, біздің облыс 

тұрғындары бір литр күнбағыс 

майы үшін 290 тенге төлесе, 

біздің аймақтан гөрі майды аз 

көлемде өндіретін Қарағанды 

облысында күнбағыс майы 235 

құрап отыр. Сондай-ақ, біздің 

облыс шетелдерге күнбағыс 

майын экспортқа шығарғанда 

15,6 млн. теңгеге 43,7 тонна 

май шығарған деді, – басқарма 

басшысы Рустам Шидердинов. 

Сонымен қатар, жұмыртқа 

өндірісі де қарқынды 

дамығанымен, көрсеткіштері 

көңілге қуаныш сыйламай-

ды. Атап айтар болсақ, Шығыс 

Қазақстан облысы құс өсіру 

бойынша 5-ші орында тұрса, 

жұмыртқа өндірісінде 9-шы 

орынға түскенбіз. 

Іске аспаған жобалар

Ауылшаруашылығын дамыту 

бойынша елімізде «Жұмыспен 

қамту – 2020», «Бизнестің 

жол картасы – 2020» сын-

ды бағдарламалар іске асу-

да. Сонымен қатар, «Агробиз-

нес – 2020» бағдарламасы кең 

қарқын алуда. Бірақ...

Басқарма басшысы ай-

тып өткендей, аталған 

үлкен бағдарламаларды 

жеке кәсіпкерлер көптеп 

қолдҺанбауда. Себебі мемле-

кет тарапынан несие алу шарт-

тары қиыншылықтар тудыруда. 

Біріншіден, несиеге алған 

қаражаттың барлығын қайтару 

қажет. Екіншіден, несие 

алғанда кепілге қоятын мүлік 

бағасының жоғары болуы. Мы-

салы, 18 млн. теңгеге несие 

алу үшін 36 млн. теңге тұратын 

мүлікті кепілдікке қою қажет. 

Дәл осындай үлкен көлемде 

мүлікті кепілдікке бере алмаған 

19 жеке кәсіпкердің арызы кері 

қайтарылған. Кәсібін бұрыннан 

дөңгелетіп отырған азамат ке-

пілдікке затын қояр, ал мемле-

кет тарапынан жасалар көмекке 

жүгінген жас кәсіпкерлердің 

осы арада ұсынысы кері 

қайтарылу үстінде. Сонымен 

қатар, тіпті мемлекет тара-

пынан бөлінген субсидияның 

өзі заң бұзушылық арқылы 

бөлінуде. Осылайша, құзырлы 

адамдардың салғырттығынан 

бірқатар азаматтар субсидия 

жайлы білмеген, – деді Рустам 

Шидердинов. 

Облыс әкімдігінің ұсынысы

Кейіннен Шығыс Қазақстан 

облыстық ауылшаруашылық 

басқармасының басшысы 

Дүйсенбай Селиханов өзінің де 

ойын білдірді. 

– Ауылшаруашылық бас-

қармасының басшысы ай-

тып өткендей, жергілікті 

кәсіпкерлер бөлінген субси-

дия жайлы көп білмегендіктен, 

кәсібін аша алмайды. 

Аудандарда орналасқан 

ауылшаруашылығы бөлімдерде 

көбінесе мамандар тіпті 

бөлім басшылар өте көп ауы-

сып отырады. Мәселен, жеке 

кәсіпкер ретінде субсидия 

алу үшін бірнеше құжат жи-

нап, тексеруден өту қажет. 

Алайда, бірінші басшы келген 

уақытта, жеке кәсіпкер ол 

азаматқа құжаттарын өткізеді. 

Бірер уақыттан кейін ол бас-

шы қызметінде өсіп, орны-

на жаңадан қызметкер келеді. 

Енді ол жұмысты қайта бастап, 

іске кіріскен уақытта қайтадан 

ауысып кетеді. Дәл осындай 

жағдайлар өте көп кездеседі. 

Сондықтан, осы орайда бір 

тұрақтылық орнаса деймін, – 

деді Дүйсенбай Селиханов. 

Бірнеше баяндаманы 

толықтай тыңдап өткен об-

лыс прокуроры Бағбан Тайым-

бетов онлайн желі арқылы 

Тарбағатай, Жарма ауданы 

әкімдерінің орынбасарларына 

хабарласып, істің мән жайын 

сұрады. Прокурор сынына ілік-

кен әкім орынбасарлары же-

дел арада барлық қателіктерді 

түзеп, іске жаңа қарқынмен 

кірісетіндіктерін жеткізді. 

Ауылшаруашылығы дамуындағы кедергілер


Өскемен

5

№4 (267)



22.01.2015

ҚОҒАМ


САЙЫС

ҚОРЫТЫНДЫ

МЕРЕЙ

Әсел Алтынбекқызы



 

О

л ең алдымен қарапайым 



тұлға, ардақты жар, 

құрметті әке. Ол өзінің 

тырнақалды жұмысын 

өзі туып-өскен Шығыс 

Қазақстан облысы, Зайсан 

ауданындағы аудандық 

газеттен бастаған.  Ол 

Қазақстанның үздік жур-

налисі. Жасынан жаны-

на қаламын серік еткен 

Сұңғат Әліпбайға жақында 

қала әкімі Темірбек 

Қасымжанов Өскемен 

қаласының Құрметті азама-

ты төсбелгісін табыс етті.

Бүгінгі таңда 

Сұңғат Әліпбай 

республикалық «Еге-

мен Қазақстан» газетінің 

тілшісі. Қарымды 

қаламының арқасында 

республикалық «Алтын 

қалам» шығармашылық 

сайысының 

бас  

жүлдегері,  ШҚО 



әкімінің журналистика 

саласындағы Забер Бая-

нов атындағы жүлдесінің 

иегері, «Өрлеу ақпараты» 

байқауының «Инно-

вация» номинациясы 

бойынша жеңімпазы, 

«КазАгро» холдингінің 

шығармашылық бай-

қауының бас жүлдегері, 

«Ақпарат саласының 

үздігі» төсбелгісінің 

иегері, «АГРО PR» 

байқауының үздік 

экономикалық шолушы-

сы сынды, тағы да басқа 

бірқатар марапаттарды 

қанжығасына байлаған, 

озат ойлы жүйрік журна-

лист.


– Бүгін, міне, менің 

ұзақ жылғы журналистік 

қызметімдегі еңбегім 

еленіп, елеулі биік-

ке көтеріліп отырған 

қуанышты шағым. 

Адамның өмірінде 

мұндай бақытты сәттер 

өте сирек болады. Осын-

дай сәтті басымнан 

өткеруге себеп болған 

Өскемен халқына, 

қалалық әкімдікке, 

қалалық мәслихат 

өкілдеріне басымды иіп 

алғысымды айтамын,- 

деді шара барысында сөз 

алған Сұңғат Әліпбай. 

Өскемен қаласы 

жұмысын жаңа бастаған 

жас журналиске үлкен 

мектеп ордасы болған. 

 

Қаланың металлур-



гия саласын, машина 

жасау кәсіпорындары 

туралы жалпы өнер-

кәсіп саласындағы 

ұйымдарын жаза жүріп 

қаламы шыңдала 

түскен. Тәжірибенің 

арқасында бас қала 

Астанаға бара салысы-

мен бірден көзге түсіп, 

Елбасының шетелдік 

сапарларын әйгілейтін 

журналистердің қата-

рына алынған. Осындай 

құрметтің 

арқасында  

Президентпен бірге Аме-

рика, Қытай, Жапония, 

Йордания, Бельгия, Гер-

мания, Австрия, Ма-

лайзия сынды, тағыда 

басқа шетелдерде бірге 

жүріп, Елбасының сапа-

рын жазу бақытына ие 

болған. 

– Өткен жыл маған 

өте жемісті болды. 

«Қазақстанның үздік 

журналисі» деген атақ 

берілсе, міне, жылдың 

басы Өскемен қаласының 

құрметті азаматы деген 

атаққа ие болып жатыр-

мын. Бұл құрметті ерек-

ше бағалаймын. Бұл 

мәртебеге қалай жеттің  

деген сұрақ туындағанда, 

өзімнің жүріп өткен жо-

лым есіме түседі. Менің 

журналистік өмір жо-

лым өте бай деп айтуға 

лайық деп есептеймін. 

Себебі мен қызметті 

аудандық газеттен бас-

тадым. Қазіргі уақытта 

республикалық «Егемен 

Қазақстан» газетінде 

қызметін аудандық га-

зеттен бастаған журна-

лист жоқ деп айтар едім. 

Көбі жұмысты облыстық 

газеттерден бастап кетіп 

жатады. Мен журна-

листік өмір жолымды ең 

төменгі сатыдан бастап, 

республикалық деңгейге 

дейін басып өттім. Ол 

жол оңай болған жоқ. 

Аудандық газеттің тіл-

шісі, аудандық ра-

дио хабарларын 

ұйымдастырушысы, 

аудандық газеттің 

бөлім меңгерушісі, 

облыстық «Коммунизм 

туы» газетінің Зайсан, 

Марқакөл аудандары 

бойынша меншікті тіл-

шісі сынды қызметтерде 

болдым. Тәжірибем 

толысқан сәтте   «Ком-

мунизм туы» газетінің 

 

Күршім ауданы бойын-



ша меншікті тілшісіне 

ауыстым. 1990 жылдан 

«Коммунизм туы» га-

зетіне жұмысқа алы-

нып, алғашында тілші, 

одан кейін аға-тілші, 

экономика бөлімінің 

редакторы қызметіне 

тағайындады. Кейін мені 

«Егемен Қазақстан» 

газеті шақырып, 

экономикалық шолушы 

қызметіне тағайындады. 

Міне, мен осы күнге 

жоғарыда атап өткен 

қызықты да, соқпағы көп  

жол арқылы көтерілдім. 

Әрбір сәттің өзі үлкен 

еңбекпен келеді. Бүгінгі 

күнді еңбегімнің еленгені 

деп білемін. Өзімді жур-

налистика саласындағы 

бақытты жандардың 

қатарына  жатқызамын, 

- деп журналист Сұңғат 

Әліпбай өткенге сәл ше-

гініс жасай келе сөзін 

аяқтады. 

Елге еткен елеулі 

еңбегінің арқасында 

абыройға кенелген тіл-

ші, алдағы уақытта да 

туған өлкесінің жур-

налистік қаламынан 

алшақтамайтынын жет-

кізді. Міне, «Еңбек ер 

атандырады» деген ата-

лы сөздің жанды көрінісі 

осы болса керек.  

Еңбегі еленген бақытты жан

Айдана Аумадиева 

2

0 қаңтар күні 



қаламыздағы Ақпараттық 

орталықта облыстық туризм 

және сыртқы байланыс-

тар басқармасының бас-

шысы Ержан Сембиновтың 

қатысуымен баспасөз мәс-

лихаты өтті. Онда басқарма 

басшысы өткен жылда 

аймақта туризм саласындағы 

атқарылған жұмыстарды 

қорытындылай келе, 

өңірдің келешектегі туристік 

әлеуетін арттыру жоспарла-

рымен бөлісті. 

Қазақстан әлемдегі 

көшпелі туризмнің 

өскелең нарығының 

орталығында орналас-

қандығы бәріне мәлім. 

2020 жылға қарай Қытай, 

Ресей, Үндістан және 

Таяу Шығыста көшпелі 

туристердің саны жыл 

сайын 200 млн. адамға 

артады деген болжам жа-

салып отыр. Осы болжам 

жүзеге асырылуы үшін 

нақты экономикалық, 

индустриялық бағытты, 

яғни, қазіргі уақытта 

металлургия, машина 

құрау, химия салаларын-

да қолданылып жүрген 

бағытқа ұқсас тәсілдер 

қолданылуы қажет. 

Ресми статистикаларға 

сүйенетін болсақ 

аймақтағы туристік 

кешеннің тыңғылықты 

өсімі, экономиканың 

күшті әрі әлеуетті саласы 

екендігін көрсетеді.  

– Жыл сайын шетел 

азаматтарымен бірге, 

қонақтар мен туристердің 

саны артып келеді. алай-

да облыс орталығының 

алшақтығы мен дамуы 

тежеулі транспорттық 

инфрақұрылымның сал-

дарынан шырайлы Шығыс 

еліне келіп демаламын 

деп тілек білдірушілердің 

барлығының бірдей ке-

луіне мүмкіндік жоқ. 

Бүгінгі күні аймақтың 

транспорттық кешені тек 

автокөлікпен шектеліп 

отыр, - деді басқарма 

басшысы Ержан Семби-

нов. 

Кірме және авто 



жолдардың қайта 

құрылуы мен күрделі 

жөндеулерден өтуі, ки-

елі Шығыс жерінде 

туризмнің дамуына, «Рах-

ман қайнарлары» шипа-

жайына, «Нұр Бұлақ» де-

малыс үйіне, сондай-ақ, 

пантоемдеу қызметіне 

шетелдік туристердің са-

нын арттыруға серпін 

бермек. 


Туристік кешеннің 

тыңғылықты өсімі 

аймақтық экономиканың 

күшті, әрі әлеуетті сала-

сы екендігін көрсетеді. 

Басқарма басшысының 

айтуы бойынша тек 2014 

жылы облысымыздың 

туризм саласында тір-

келген 300 нысанда 3,2 

млрд. теңгенің қызметі 

көрсетілді, бұл көрсеткіш 

жергілікті бюджеттің 1,3 

пайызын құрады. Шетелге 

демалушы туристер 7322 

адамға азайып, аймаққа 

келіп демалушылар саны 

162833 адамға артты. 

Жалпы айтар болсақ 

ішкі туризм өткен жыл-

мен салыстырғанда 10,5 

пайызға артып, 156001 

адамға жетті. 

Статистикалық мәлі-

меттерге сәйкес, елімі-

зде соңғы 3 жылда бір 

мерзімдегі сыйымдылық 

бойынша облысымыз 

бірінші орында тұр. Осы-

лайша, аймақта 2012 

жылы – 15918, 2013 

жылы – 17401, 2014 

жылдың қаңтар-маусым 

айларында - 19261 жа-

тын орын тіркелген. 

Бұл көрсеткіштер «ЭК-

СПО-2017» көрмесін 

өткізу алдында және 

шара уақытында шет- 

елдік қонақтарды күтуге 

әлеуетті  екендігін 

көрсетеді. 

Айта кетейік, «Нұрлы 

жол – болашаққа бас-

тар жол» атты мем-

лекет басшысының 

Қазақстан халқына Жол-

дауында көрсетілген 

көліктік-логистикалық 

инфрақұрылым аясында 

туризмді дамыту аясында, 

ҚР Үкіметінің қаулысына 

сәйкес, еліміздің 2020 

жылға қарай туристік са-

ласын дамытудың Жол 

картасы жобасы бекітілді. 

Аталмыш жоба туризмнің 

дамуына тың серпін бере-

рі анық.  

Ішкі туризмнің дамуы басты назарда 

2015 жылдың 

көшбасшысы анықталды

Назерке Ахметова

Ө

ткен жылдың желтоқсан айында басталған «Мен - 2015 



жылдың көшбасшысымын» атты қалалық байқау өз 

мәресіне жетті.

Балалар шығармашылық сарайының 

ұйымдастыруымен өткен бұл байқауға қала 

мектептерінің өзіне сенімді деген 8-11 сынып 

аралығындағы оқушылары қатысты. Мақсаты әрбір 

белсенді оқушының алдына мақсат қоя білуін және 

оған қол жеткізудің өзіндік жолдарын табу қабілеттерін 

қалыптастыру болып табылады. 

Үш кезеңнен өткен байқаудың бірінші іріктеу кезеңінде 

қатысушылар «Көшбасшы болатын уақыт келді» атты 

тақырыпта бейнефильм мен «Менің қоғамдық ұйымым» 

тақырыбындағы  эссе, ал екінші кезеңде қатысушылар   

“Шығармашылық шеберхана” шеберлік сыныбын 

өткізген. 

Байқаудың үшінші кезеңі 15 қаңтар күні 

Оқушылар шығармашылық сарайында жалғасты. 

Бұл кезеңде қатысушыларға өздерінің әртүрлі 

шығармашылық қабілеттері мен шешендік өнерлерін, 

ұйымдастырушылық қасиеттерін көрсетуге бағытталған 

тапсырмалар берілді. Мәселен, «Мен және менің доста-

рым» кезеңінде бірі қиялынан туындаған қойылымдарын 

ұсынса, кейбіреулері ән айтып, би биледі, енді бірі флеш-

моб көрсетті. 

Ораторлық шеберлігін көрсетуге арналған екінші 

кезеңнің тапсырмасы бойынша қатысушылар берілген 

тақырыпқа сәйкес сол сәтте топ алдына шығып, өз ой-

ларымен бөлісті. 

Сонымен он бір қатысушының арасынан оза шауып, 

әділқазы алқасының шешімімен №7орта мектептің 

оқушысы Карина Агапитова 2015 жылдың көшбасшысы 

атанды. Байқау барысында өзінің нағыз креативті, алды-

на мақсат қоя білетін, соған жету жолында аянбай тер 

төгетін, бір сөзбен айтқанда көшбасшы болуға әбден 

лайық екенін дәлелдеді. Каринаның алға қойған ендігі 

мақсаты барлық сенім артып отырған жандардың үмітін 

ақтап, көпшілікке үлгі бола білу.


6

Өскемен


№4 (267)

22.01.2015

БІЛІМ

Қ

азақстанның әскери институттары басқа 



елдердің әскери оқу орындарымен өзара 

әріптестікті ретке келтіруде. Халықаралық 

ынтымақтастық аясында бүгінде әр елдерде 400-

ден астам әскери қызметші білімдерін жетілдіру-

де. 

Атап айтқанда, шамамен 288 курсант 



пен офицер-тыңдаушылар Ресейде курстан 

өтуде, 67-сі Түркияда, 34-і Беларусьте, 19-ы 

Украинада, 7 курсант Үндістанда оқып жа-

тыр.


Франция әскери атташесі подполковник 

Лионель де Ланжеронның Қазақстанға Ра-

диоэлектроника және байланыс әскери-

инженерлік институтына (Алматы) са-

пары барысында қазақстандық әскери 

қызметшілердің аталған елде білім алуына 

мүмкіндік ашылатыны белгілі болды.

Франциядағы қорғаныс секторының өкілі 

әскери ЖОО басшылары, оқытушыларымен 

кездесуде сөйлеген сөзінде   француздық 

өндірістегі байланыс құралдарымен оқыту 

курсын дамытуға (Францияда оқытуға) 

ұсыныс білдірді. 

ҚЫСҚАША


ОТЫРЫС

ДОДА


400-ден астам әскери 

қызметші шетелде 

білім алуда

Біліктілікті артты-

ру курстарынан 356 

оқытушы өтеді

Б

ілім саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге 



асыру аясында Қазақстанда оқытушылардың 

кәсіби біліктілік деңгейін арттыру бойынша ар-

найы курстар ұйымдастырылып, жаңа техноло-

гиялар үйретіледі. 

Биыл 356 оқытушы жаңа жүйедегі білік-

тілікті арттыру курстарынан өтпек. Бірне-

ше кезеңнен тұратын жаңа жүйеге сәйкес, 

оқытушылардың еңбекақысына әр деңгейде 

үстемеақы төленеді. Бірінші деңгей үшін 

тиісті еңбекақыға 100%, екіншіге - 70%, ал 

үшінші деңгейге - 30% үстемеақы қосылады. 

Білім басқармасының мәліметінше, бірінші 

деңгей бойынша 58, екінші деңгей бойынша 

34, үшінші деңгей бойынша 245 оқытушының 

біліктілігін арттыру көзделіп отыр. Соны-

мен қатар, білім беру мекемелерінің 19 же-

текшісі де арнайы курстан өтеді. Былтырғы 

жылдың қорытындысы бойынша, Астана 

қаласында 438 оқытушы біліктілікті артты-

ру курсынан өткен болатын.

Берері мол семинар

Қ

азақстан Республикасының Білім және 



ғылым министрлігі Қарағанды облысы білім 

басқармасымен бірлесе отырып, «Кәсіби білім 

беру жұмысына қазіргі заманғы талаптар» атты 

семинар өткізді.

Семинардың негізгі мақсаты білім беру 

жүйесі мен еңбек нарығындағы байланыс-

ты нығайтудағы Шығыс Қазақстан және 

Қарағанды облыстарының кәсіби білім бе-

рудегі оң жетістіктерімен бөлісу болды.

Республикалық семинарға Білім және 

ғылым министрлігінің, Қарағанды облы-

сы кәсіпкерлер Палатасы, Алматы, Аста-

на қалаларының және облыстық білім 

басқармаларының өкілдері, қала және аудан 

білім бөлімдерінің басшылары, Қарағанды 

облысының жалпы білім беру және мек-

тептері мен колледждерінің директорлары 

қатысты.


Семинар барысында Шығыс Қазақстан 

облысы Білім басқармасы басшысының 

орынбасары Сайран Искакова және Өскемен 

қаласының №11 мектеп-гимназиясы 

директорының тәрбие ісі жөніндегі орынба-

сары баяндама жасады

Семинар қорытындысы бойынша 2015-

2017 жылдары кәсіби бағдар беру жұмысы 

бойынша Шығыс Қазақстан және Қарағанды 

облыстарының тәжірибесімен Алматы, 

Астана қалалары және өзге облыстарға ен-

гізу жол картасы жасалды. 

Айдана Ағламбек

Ш

ҚО білім басқармасы 



«Шығыс» өңірлік 

орталығының  жұмыс жоспары-

на сәйкес ағымдағы жылғы 16 

қаңтарда дарынды балаларға 

арналған мамандандырылған 

№34 мектеп-лицейдің негізінде 

Облыстық дарынды балаларға 

арналған мамандандырылған 

білім беру ұйымдары орыс тілі 

мен әдебиет пәні мұғалімдерінің 

отырысы өткізілді.

Педагогтар арасында 

кәсіптік ынтымақтастықты 

дамыту мақсатында да-

рынды балаларға арналған 

мамандандырылған білім 

 

беру ұйымдарының орыс 



 

тілі мен әдебиет пәні 

мұғалімдерінің мектеп-

аралық әдістемелік бірлес-

тігінің (МӘБ) ережесімен 

таныстырылып, әдістемелік 

бірлестік жұмысының негізгі 

бағыттары белгіленді.

Отырысқа 9 облыстық 

мамандандырылған білім 

беру ұйымдарынан 25-тен 

астам мұғалім қатысты.

Мектепаралық әдісте-

мелік бірлестіктің же-

текшісі болып «Дарын-

ды балаларға арналған 

мамандандырылған №34 

мектеп-лицей» КММ-

нің орыс тілі мен әдебиет 

мұғалімі О.С. Черанева сай-

ланды. Семей қаласы бойын-

ша КММ «Шәкәрім атындағы 

ДБ арналған үш тілде 

оқытатын гимназияның 

орыс тілі мен әдебиет 

мұғалімі Б.У.Жұмақанова 

және Өскемен қаласы 

бойынша ДБ арналған 

мамандандырылған дамы-

та оқыту ғылыми зерттеу 

«Восток» мектеп-кешені ар-

найы орталығының орыс тілі 

мен әдебиет мұғалімі И.В. 

Романенко үйлестірушілер 

болып тағайындалды.

ШҚО 2015 жылдың 

PISA, TIMSS халықаралық 

зерттеулердің білім сапасын 

арттырудағы ролі туралы 

ШҚ ӨБЖТО білім сапасын 

бағалау және мониторинг 

зертханасының меңгерушісі 

Қозыбаева Б.Ж. таныс-

тырды. № 34 ДБ арналған 

мамандандырылған мектеп-

лицейдің жоғары санаттағы 

мұғалімі Т.Г. Холявина орыс 

филология кафедрасының 

тәжірибесін ұсынды. Орыс 

тілі мен әдебиет мұғалімі 

Н.И.Никитина «Сын 

тұрғысынан ойлау техно-

логиясын орыс тілі мен 

әдебиет сабағында пай-

далану» тақырыбында ой 

бөлісті. О.С.Черанева қазақ 

әдебиеті мен орыс әдебиетін 

байланыстыра отырып 

«Әдебиет сабағындағы 

шығармашылық ше-

бері» тақырыбында ше-

бер сыныбын көрсетті. 

Сертификатталған мұғалім 

Л.А.Шевнина «Орыс тілі мен 

әдебиет сабағында жаңа 

әдіс тәсілдер» тақырыбында 

қабілетті және дарын-

ды балалармен жұмыс 

жүйесіндегі шебер сыныбын 

көрсетті.

Қатысушыларға мектеп-

аралық әдістемелік 

бірлестігінің ережесін іске 

асыру мақсатында іс-ша-

ралар жоспары құрылып, 

ұсыныстар берілді.

Білім сапасының артуы басты 

назарда


Облыстық олимпиада мәресіне 

жетті


Ш

ығыс Қазақстан 

облысының білім 

басқармасының жұмыс жоспа-

рына сәйкес Шығыс Қазақстан 

өңірлік ғылыми-практикалық 

«Дарын» орталығы 2015 

жылдың 9-10 қаңтарында 

Өскемен қаласында жалпы 

білім беретін пәндер бойынша 

республикалық олимпиаданың 

облыстық кезеңін өткізді.

Олимпиаданың негіз-

гі мақсаты – оқушылардың 

шығармашылық зейінін 

дамыту, теориялық 

білімін тереңдетіп және 

практикалық біліктілігін 

артыру, дарынды бала-

ларды айқындау үшін 

қажетті жағдайлар жа-

сау, республикалық және 

халықаралық конкурстарға 

қатысуға іріктеу және 

дайындау.

Байқауға облыстың 

барлық аудандары мен 

қалаларынан, облыстық 

білім мекемелерінен келген 

жеңімпаздардан құралған 

28 командадан -   610 оқушы 

қатысты.


Жарыста жалпы білім бе-

ретін 14 пән бойынша екі 

турда (теориялық және 

тәжірибелік) Д.Серікбаев 

атындағы Шығыс Қазақстан 

мемлекеттік техникалық 

университетінде және 

С. Аманжолов Шығыс 

Қазақстан мемлекеттік уни-

верситетінде (химия, физи-

ка) өткізілді.

Қатысушылардың жұмы-

сын құрамында өңірдің 

жетекші жоғарғы оқу 

орындарының ғалымдары 

кірген қазылар алқасы 

бағалады.

Олимпиаданың 2 турының 

қорытындысы бойынша 242 

оқушы жүлдегер атанды: І 

дәрежелі дипломдармен - 

57, ІІ дәрежелі дипломдар-

мен - 62, ІІІ дәрежелі ди-

пломдармен - 123 оқушы 

марапатталды.  

Тартысты додада жоғары 

ұпай алған жүлдегерлер 

Орал (жаратылыстану-

математикалық бағыт 

пәндері бойынша), Атырау 

қалаларында (қоғамдық-

гуманитарлық бағыт бойын-

ша) өтетін республикалық 

кезеңге жолдама алды.

Олимпиада қорытындысы 

бойынша жүлдегерлер саны 

бойынша үздік олимпиада 

командалары анықталды. 

«Үздік олимпиадалық ко-

манда - 2015 ж» номинаци-

ясында І дәрежелі диплом-

мен және жеңімпаз кубо-

гымен Семей қаласының 

қазақ-түрік-лицейінің ко-

мандасы марапатталды.

ІІ дәрежелі дипломдармен:

1) Өскемен қаласының 

құрама командасы;

2) Өскемен қаласының 

қазақ-түрік лицейінің ко-

мандасы.

ІІІ дәрежелі дипломдармен:

1) Семей қаласының 

құрама командасы;

2) Күршім ауданының 

құрама командасы;

3) Өскемен қаласындағы 

математика, физика, ин-

форматика саласындағы 

дарынды балаларға 

арналған облыстық 

мамандандырылған мектеп 

марапатталды.  

Сондай-ақ, шараның 

жабылу салтанатында 

ШҚО білім басқармасы 

басшысының орынбаса-

ры С.К.Искакова; Шығыс 

Қазақстан мемлекеттік 

техникалық университетінің 

ректоры, ф.-м.ғ.д., ҚР ҰҒА 

академигі, профессор Н.М. 

Темірбеков, Мәскеу мем-

лекеттік экономика, стати-

стика және информатика 

университетінің Өскемен 

қаласындағы филиалының 

директоры А.К.Алипова, 

Шығыс Қазақстан өңірлік 

ғылыми-практикалық "Да-

рын" орталығының директо-

ры, п.ғ.к., ҚР білім беру ісінің 

құрметті қызметкері Ж.Ж. 

Айтпаева қатысушыларға 

арнап құттықтау сөз сөйледі.

Жүлдегерлерді марапат-

тау сәтіне өткен жылдардағы 

республикалық, халық-

аралық олимпиадалар 

 

мен жарыстардың жүлде-



герлері, қазіргі уақытта 

республиканың, шетелдің 

жетекші жоғарғы оқу 

орындарының студент-

тері - мектеп түлектері 

 

қатысты.



Концерттік бағдарламада 

республикалық, халық-

аралық шығармашылық 

байқаулардың лауреаттары: 

Марина Серохвостованың 

жетекшілігімен «FLASH» 

шоу-группасы, Евге-

ния Ложкинаның жетек-

шілігімен "Алау" эстрадалық 

хоры, жас орындаушылар 

байқауының лауреаттары 

Талгат Асем, Уадинов Эль-

дар өнер көрсетті.


Өскемен

7

№4 (267)



22.01.2015

ТАРАЗЫ


ӨЗЕКЖАРДЫ

Елжан Қайырханов

Б

үгінгі күннің тапқыр көлік 



иелері жол сақшыларына 

ұсталмаудың жаңа әдісін та-

уып отыр. Қарапайым рация 

желісі арқылы байланысқа 

шағып, бір-біріне ақпарат 

жолдау арқылы, жол 

сақшыларының тұрған ор-

нын, жүріп бара жатқан 

маршрутын баяндап, жол 

үстіндегі жағдайларын 

жеңілдетуде. Ол қандай 

бағдарлама?

Естеріңізде болса, жол 

сақшысы тоқтатқан кей-

бір көлік иелері іске 

бейнеқұрылғыларды жа-

ратып жататын. Бірден 

бейнеқұрылғысын қосып, 

көліктен шықпастан жол 

сақшысын сұрақтың 

астына алып, дәп бір «ем-

тихан» ұйымдастарғандай 

өткізетін. Алайда те-

мір тұлпар иелерінің ай-

ласы мұнымен тоқтап 

қалмады. Жоғарыда 

аталғандай, әрбір тапқыр 

көлік иесінің қолында бір 

рация жүр. Рация деген-

де, тәртіп сақшыларының 

рациясындай ауыр әрі 

арнайыландырылған 

емес, қарапайым замана-

уи андройд телефонына 

жазылған онлайн-рация 

желісі. 


Егер ғаламтор желісіне 

шығатын болсаңыз, онда 

бірден көзге «ZELLO» 

атты бағдарлама көзге 

түрпідей тиеді. Бұл 

жай ғана онлайн-рация 

бағдарламасы.  

«ZELLO» деген қандай 

бағдарлама?

2012 жылы қолданысқа 

шыққан аталмыш 

бағдарлама басында жас- 

тар арасында тек ра-

ция ретінде пайдаланы-

лып келген. Яғни бір-

бірімен онлайн желісі 

арқылы тікелей хабар-

ласып, ақпарат алмасып 

отырған. 

«ZELLO» бағдарламасы 

ойлап табушылардың 

сөзінше тек ғаламтор 

желісі арқылы ғана 

жұмыс жасайды. Атап 

айтар болсақ, 2G, 3G, 4G 

және Wifi желісі арқылы 

іске автоматты түрде 

қосылады. Біздің ре-

дакция ұжымына да сол 

бағдарламаны ойлап 

табушылардың бірімен 

хабарласудың мүмкіндігі 

туды. 

– Бағдарлама тек 



ғаламтор желісінде 

жұмыс жасайды. Се-

бебі бұл онлайн-рация 

болғандықтан, бір-бірі-

не ауызша хабарлама 

жіберуге бейімделген. 

Ал ғаламтор желісінде-

гі сервер жеке бір канал-

ды тауып, оған автомат-

ты түрде кілтті сақтап, 

ақпараттарды да сақтап 

отыру үшін қажет. Егер 

бірінші азамат сөйлеп 

тұрса, екінші қолданушы 

және өзгелері оны 

тыңдайды. Яғни ешкім 

ешкімнің сөзін бөлмейді. 

Әрине, ғаламторсыз 

жұмыс жасау тәсілін 

осы уақытқа дейін 

ойластырған едік. Алай-

да ондай мүмкіндіктерге 

әркімнің қолдары жете 

бермейді ғой, – деді 

Алексей Гаврилов. 

Бағдарлама ресейлік 

өндірістен болғандықтан, 

алғаш болып Ресей жас-

тары кеңінен қолдана 

бастаған. Соның ішін-

де әсіресе такси 

қызметкерлері Мәскеу 

сынды үлкен көшелердің 

бойында көлік кептелісін 

айналып өту үшін немесе 

бір-біріне көмек шақыру 

үшін қолданған. 

Ал Өскемен қаласын-

дағы жағдай бөлек. 

Темір тұлпар иелерінің 

айласы

Бір таң қаларлығы, 



Өскемен қаласының 

көшелерінде көлік кеп-

телісі ұзақ болмайды. 

Болған жағдайда ары 

барса таңғы және кешкі 

уақыттарда 20 минутқа 

созылары анық. Тек біздің 

де көлік иелері «ZELLO» 

бағдарламасын кеңінен 

қолдануда. 

Егер ғаламтор желісі-

не шықсаңыз, онда 

өскемендік көлік 

иелерінің бір-біріне жол 

сақшысының қай жерде 

тұрғандығын, қай бағытта 

кетіп бара жатқандығын 

хабарлап жатқандығына 

куә боласыз. 

Яғни, жол бойында кетіп 

бара жатқан кез-келген 

көлік иесі жол сақшысын 

көріп қалса, бірден рация 

арқылы өзгелерді ескер-

тіп, не істеп тұрғандығын 

баяндап өтеді. 

Кейін анық болғандай, 

барлық жүргізушілер 

жиналған бір онлайн-ра-

ция каналы жеткіліксіз 

болғандықтан, сол топтың 

әкімшілері басқа канал 

ашуды жоспарға алған. 

Яғни, барлығын қайтадан 

басынан бастап, жаңадан 

азаматтар жинауды 

көздеген. Сонымен қатар, 

егер сол топтың арасын-

да қандайда бір азамат 

былапыт сөздер айтып 

отырған жағдайда, топ 

әкімшілері сол азаматтың 

желісін бұғаттап отырған.  

– Мен мысалы, бұл 

бағдарламаның осындай 

бағытта жұмыс жасап 

тұрғанына қарсымын де-

сем де болады. Себебі тек 

нағыз жүргізуші жол ере-

жесін «бес саусағындай 

жақсы біліп», өзгелерге 

үлгі көрсету қажет. Жаңа 

жол ережесі бойынша жол 

патрульдік қызметінің 

қызметкері көлікті себеп-

сіз тоқтата алмайды. Яғни 

егер сізде барлығы дұрыс 

болса, неліктен олардан 

қашу қажет? Сонымен 

қатар, егер белгілі бір 

адам алкогольдік ішімдік 

ішіп, көлікті тізгінге ала-

ды. Әрине, ол бірден 

осы рация арқылы желі-

ге шығып, жол сақшысы 

жоқ аймақтарды біліп, 

жүріп өтеді. Ертеңгі күні 

сол адам басқа біреудің 

өміріне қауіп төндіруі 

мүмкін ғой, – деді такси 

қызметкері, қала тұрғыны 

Қуаныш Адышев. 

Бағдарлама тиімділігі 

қандай?


Ғаламтордағы мәлімет-

терге көз жүгіртетін 

болсақ, Орал қаласының 

көлік иелері «ZELLO» және 

«WhatsApp» желілері 

арқылы белгілі бір топ 

ашқан. Кейін сол топты 

«http://www.drive2.ru/» 

сайтына салып, жарна-

малап, өзіне үміткерлерді 

жинаған. 

Топ мүшелерінің ай-

туынша, бұл онлайн 

желі арқылы ашылған 

топ көлік иелеріне қиын  

кезде бір-біріне көмек 

көрсетуге бағытталған. 

Яғни, біреуінің жолда 

келе жатып көлігі сынып 

қалған жағдайда неме-

се бір жерге барар сәтте 

көлігі болмай қалса, топқа 

бірден хабарлама сала-

ды. Сол уақытта көмекке 

келген екінші топ мүшесі 

бірден қиындықты бір-

ге шешуге көмектесіп 

отырған. Алайда, аталған 

жұмыстардың ішінде 

жүргізушілердің бір-бірі-

не жол патрульдік по-

лиция қызметкерінің 

қайда тұратынын айту 

қажеттігі көрсетілмеген. 

Тек төмендегі шарттар 

ғана жалпы ереже болып 

саналған. 

Топқа немесе рацияға 

«сәлем», «барлықтарыңа 

сәттілік» сынды бос 

сөздер салуға болмайды;

Ешкім лақап атпен от-

ырмайды. Барлығы өзінің 

тіркеу нөмірі арқылы іске 

қосыла алады; 

Көлік сынған неме-

се жол апаты болған 

жағдайда істі толықтай 

баяндап, суреттеп отыра-

ды;


Егер біреу көмек сұрап, 

екінші адам оны көріп, 

көмектесуді ұсынған 

жағдайда, тек жеке 

мәліметтер арасында жа-

зып отырасыздар деп 

 

басты төрт шарт қойған. 



Дегенмен, біздің қала 

тобы тек цензура жағынан 

ғана шектеу қойған. 

Бұл заңға қайшы емес 

пе?!

– Аталған бағдарламаға 



қатысты жайтты заң 

тұрғысынан білу үшін, ре-

дакция ұжымы Қазақстан 

Республикасының бір-

қатар кодексін қарап 

шықты. Дегенмен, 

айтарлықтай ешқандай 

жауап табылмады. 

Ал іске толықтай 

түсініктемені бер-

ген Шығыс Қазақстан 

облысы Ішкі істер 

департаментінің баспасөз 

хатшысы Бақытжан 

Торғаев бұның ешқандай 

заңға қайшы емес екен-

дігін түсіндіріп өтті. 

–Аталған «ZELLO» 

бағдарламасы ғалам-

тордан жүктеліп, онлайн 

желісінде жұмыс жа-

сайды. Бірақ, қалалық 

көлік иелерінің оны 

жол сақшыларының 

қайда тұрғандығын білу 

үшін қолданғандығы 

заңға ешқандай қайшы 

емес. Себебі  жол па-

трульдік қызметінің 

қызметкерлері де ереже 

бойынша жасырынбай, 

ашық, көрінетін жерде 

тұрады. Сондықтан бұл 

ешқандай келеңсіздік ту-

дырып, заңды тұрғыдан 

қайшылықтарға әкеліп 

соқпайды, – деді 

Бақытжан Торғаев. 

Аталмыш департамент-

тің баспасөз хатшысы 

сонымен қатар, өзінің 

ұсынысын да жасырма-

ды. Айтуынша, бүгінгі 

күні қала көшелерінде 

көк тайғақ болғандықтан 

және кешкі уақытта 

көлік кептелістері 

орын алғандықтан, сол 

аймақтарды айналып 

өтуді жүргізушілер бір-

біріне ескертіп отырса игі 

болар еді.




  1   2   3


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал