Желтоқсанның 19-23 аралығында ха лықтың наразылық шерулері мен митингі



жүктеу 27.14 Kb.

Дата07.03.2017
өлшемі27.14 Kb.

Желтоқсанның 19-23 аралығында ха-

лықтың наразылық шерулері мен митингі-

лері республиканың Жезқазған, Талдықор-

ған, Көкшетау,  Қарағанды, Арқалық, Пав-

лодар, Жамбыл, Талғар, Сарқант, тағы 

басқа  қалалары мен Сарыөзек, Шамал-

ған, Шелек елді мекендерінде жалғасты. 

Желтоқсан көтерілісіне Кеңес одағы ком-

мунистік партиясы Орталық комитетінің 

қ

аулысымен «қазақ  ұлтшылдығының кө-



рінісі» деген баға беріліп, көтеріліске қатыс-

қ

ан азаматтар  қуғын-сүргінге  ұшырады. 



Осы дүрбелеңнен соң, елдің ызғары-

нан сескенген билік ашық күреске кірісті. 

Олар жер-жерлерде партия жиналыста-

рын  ұйымдастырып, желтоқсаншыларды 

айыптап, оларды елге маскүнем, нашақор, 

ұ

лтшыл элементтер етіп көрсетуге тырыс-



ты. Сол жастарды олардың жолдастары-

ның, жақын-жекжаттарының, жерлесте-

рінің  қолымен жазалап, сөзімен жазғыр-

ды. Бұл кешегі  Қытайдағы «ашылып сай-

раудың» кеңестік үлгісіндей болды. 

Осындай айыптау жиындары сол кез-

дегі Жезқазған облысының барлық  қала-

лары мен аудандарында, мекемелер мен 

ұ

жымдарда да өтті. Сондай бір жиынның 



куәгері,  қылышынан  қан тамып тұрған 

партияның идеологиясына  қарсы шыға 

білген азаматпен жуырда сәті түсіп сұхбат-

тас болдым. Оның сол кездегі айтқан сөзі, 

кеңестік идеологияның теріс әрекетін жа-

сқанбай айыптай білуі көзсіз ерлікпен 

пара-пар еді. 

- Мен ол кезде институтты жаңадан 

бітіріп келген жас маман болатынмын, -

бастады әңгімесін  қаладағы медици-

налық әлеуметтік сараптау бөлімінің бас-

тығы Мұханбетрақым Оспанов. 

- Ол кезде Жезқазған облыс орталығы 

болатын. Мен облыстық ауруханаға 1982 

жылы балалар оташысы болып жұмысқа 

тұрған едім. Ауруханада Тілеубай Жұма-

ділов, Еңбек Орынғалиев, Ысқақ Төлеге-

нов сынды білікті мамандар еңбек ететін 

Солардың шәкірті болдым. 

1986 жылы желтоқсанда әйгілі «Жел-

тоқсан оқиғасы» басталды. Оқыған, тоқы-

ғанымыз бар, сол кездегі жағдайдың әді-

лсіздік екенін айтпай-ақ біліп жатырмыз. 

Бірақ, соның бәрін сыртқа шығаруға дәр-

мен жоқ. Өзара күңкілдескеніміз болма-

са, ашып айтып жатқан еш жан жоқ. Әсіре-

се, жастардың жазықсыз жапа шегіп жат-

қ

аны жанымызға батады. Оларға араша 



тұруға тағы шама жоқ. 

Осылай әрі-сәрі күйде жүргенімізде ау-

руханада жиналыс өтетін болды. Партия 

мүшелері, комсомол жастар бас дәрігер-

дің кабинетіне жиналдық. Жиналысты об-

лыстық аурухананың бастауыш партия 

ұ

йымының хатшысы Ысқақ Төлегенов 



ашып, жүргізіп отырды. Жұрт жапа-тарма-

ғай сөйлеп, партияның ісін  қолдап, жас-

тарды ашық айыптауға кіріскен. Әділдікті 

айтар бір пенде көрінбейді. Одан әрі оты-

ра беруге шыдамадым. Бұған дейін де 

бірнеше күн мен түн ойланып, биліктің бел-

ден басып, намысымызда таптап жатқа-

ны әбден ширықтырып жүрген болатын. 

Бірден ашығына көштім. Кешегі «Күн кө-

зімнің» өзі ұлтаралық мәселелерге бай-

ыппен қарау керектігін, санасу қажеттігін 

айтқанын тілге тиек ете келіп, «орталық-

тың бұл жасап отырғаны озбырлық» де-

генді айтып салдым. 

- Әр халықты өз ұлтының азаматы бас-

қ

аруы керек. Бұл біздің намысымызды 



қ

орлағаны. Жастарымыз осыған наразы-

лық білдіріп еді, оларды  қасқырша тала-

ды. Мұндай белден басушылыққа  қалай 

төзуге болады. Наразылық шеруіне шық-

қ

ан жастарымызды «нашақорлар», «мас-



күнемдер» деп айыптаулары көпе-көрне 

жала, - дедім. 

Сол-ақ екен, отырғандар дүрсе  қоя 

берді. Дені орыс ағайындар. Бірі: «Біз біл-

мей жүріппіз, ұлтшыл элемент ортамызда 

жүр екен ғой» десе, енді бірі: «Мұны жұ-

мыстан  қуып, ісін тиісті орындарда қарау 

керек» деген пікірлерін де білдіріп жатыр. 

Өз бауырларым: «Мұның  қалай, Мұхан-

бетрақым? Партияны  қалай дәтің барып 

күстаналап жатырсың?» дегенді айтып 

жатыр. 


Несін жасырайын, айтуын айтып ал-

сам да мұның арты қалай болар екен деп 

екі-үш күн уайыммен жүрдім.  Ұнжұрғам-

ның түсіп кеткенін үйдегілер де сезсе ке-

рек: «Не болды, бір жерің ауырып жүрген 

жоқ па?», - деп сұрап  қояды. 

Марқұм Ысқақ Төлегенүлы менің сөй-

леген сөзімді протоколға кіргізбей, жина-

лыс қалыпты жағдайда өтті деп қана есеп 

беріпті. Тек,  қалалық партия комитетінің 

қ

ызметкері Шустов бір кездескенде: «Сен, 



Оспанов жиналыста партияны, оның бас-

шыларын айыптап сөйлепсің ғой. Ол әңгі-

ме бізге де жетіп жатыр», - деп айтып 

қ

алды. Сірә, арамыздағы бір пысықайлар 



жиналыста болған жағдайды жоғары жақ-

тағы таныс-тамырларына жеткізсе керек. 

Бірақ, хаттамада болмаған соң, олар көп 

қ

азбаламаған сыңайлы. 



Кейін осы әңгімені әріптестеріме айт-

қ

анымда: «Япыр-ай, Мұқа, бір пәледен 



аман  қалған екенсіз», - деп жатыр да... 

Мұқанбетрақым Оспанов бұл әңгімені 

әшейін айта салған болатын. Ол өзінің сол 

уақытта үлкен ерлік жасағанына мақта-

ныш та білдірмеді. 

Егемен еліміздің тарихында айрықша 

орын алатын орталықтың отарлау саяса-

тына жастардың наразылығын танытқан 

1986 жылғы желтоқсан оқиғасына биыл 

25 жыл толады. Кешегі желтоқсан оқи-

ғасы бүгінгі  қазақ  қоғамындағы жастар 

санасынан көмескіленіп бірте-бірте өшіп 

бара жатқандай әсер  қалдырады. Осы-

ған байланысты, кейінгі ұрпақ санасында 

мәңгі жаңғырып тұруы үшін желтоқсан 

көтерілісі туралы әңгіме еш уақытта үзіл-

меуі қажет-ақ. Осылайша өскелең ұрпаққа 

Желтоқсан көтерілісінің ащы шындығын 

жеткізіп, жастардың патриоттық сезімін 

оятуымыз керек. Желтоқсан жаңғырығы 

ұ

лт санасында мәңгі  қалып, азаттық жо-



лындағы  қазақ халқының шежіресіне ай-

налуы тиіс. Біздің халық  қарнының аш-

қ

анына шыдайды. Бірақ,  қадірінің  қаш-



қ

анына төзе алмайды. Оны 1986 жылғы 

желтоқсан оқиғасы көрсетті. 

Ізтай БЕЛГІБАЙҰЛЫ. 

Сарыарқа. - 2011. - 9 желтоқсан (№49). - 5 б. 






©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал