Ж.ӘЛмашұлы шығармаларындағы кӛркемдегіш- бейнелегіш қҰралдардың стильдік қызметі



жүктеу 55.4 Kb.

Дата10.03.2017
өлшемі55.4 Kb.

Ж.ӘЛМАШҰЛЫ ШЫҒАРМАЛАРЫНДАҒЫ КӚРКЕМДЕГІШ-

БЕЙНЕЛЕГІШ ҚҰРАЛДАРДЫҢ СТИЛЬДІК ҚЫЗМЕТІ 

А.Р. Найманбай,  ф.ғ.д., доцент 

Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, Астана қ., Қазақстан 

Әл-Фараби атындағы қазақ ұлттық университетінің хабаршысы. – Филология 

сериясы. – 2012. – №1 (135) 

 

Аннотация: В статье рассматривается  стилистические особенности и

 

контекстуальные задачи



  

эмоционально-экспрессивных отношений в произведениях писателя  Ж.Алмашулы. 



Ключевые слова: образ, характер, традиция, общество. 

 

Abstrakt.  



 

 

А.Р. Найманбай – к.ф.н., доцент 



Кафедра практического казахского языка ФФ ЕНУ им. Гумилева, ул. Мунайтпасова, 5 

Корпоративная почта: 

Naimanbay_ar@enu.kz

  

 



 

Кӛркем  шығарма  –  эстетикалық  категория.  Ол  ең  алдымен  оқырман 

сезіміне, оның ой-санасына әсер етуі тиіс. Кӛркем әдебиет тілі – әдеби тілдің 

негізгі  кӛрсеткіші.  Шығарма  тілінде  кӛріктеуіш  тілдік  құралдардың  кӛп 

кездесуі,  алдымен, жазушы  тілінің  шеберлігін,  орынды  сӛз  оралымдарының 

ұтымды, қисынды жұмсалу жайын кӛрсетсе, екіншіден, сол үйлесімді сӛйлем 

үлгілері  мейлінше  мол  бағытта  лингвистикалық  талдау  жүргізуді  қажет 

ететіндігін байқатады. 

 

Суреткердің  шеберлігі  –  ең  алдымен  ӛмірді  бақылау  мен  ұғу 



ерекшелігімен  сипатталады.  Жазушы  стилі  –  ӛзіндік  сӛз  мәнері  мен 

суреткердің ӛзіне ғана тән қалам ізі. Жазушының стилін анықтау дегеніміз – 

оның  басты  шеберлік  қасиеттерін  тап  басып,  тілдік  қыр-сырын  ашу  болып 

табылады.  Сондықтан  кӛркем  шығарманы  жасаушы  қаламгер  табиғаты 

стиль, шеберлік арқылы танылатыны белгілі жағдай болып анықталады. 

 

Тіл  ғылымында  кӛркем  шығарма  тілінің  стильдік  қажеттілігі  туралы 



мынадай пікір бар: «Кӛркем  тексті  ӛнер  туындысы ретінде  зерттегенде  таза 

лингвистикалық  әдіс-тәсілдермен  шектеліп  қалу  жеткіліксіз.  Себебі,  кӛркем 

туынды, даралық кӛркем стиль жазушы шығармаларының кӛркем құрылысы 

ғана емес, әр жазушының шығармаларына тән мазмұн мен түр ерекшеліктері. 

Кӛркем  әдебиет  стилистикасында  шығарманың  тілін  оның  идеялық 

мазмұнынан 

бӛліп 

алып 


қарауға 

болмайды. 

Бұдан 

талдаудың 



лингвистикалық  принциптері  мен  әдіс-тәсілдерін  әдебиеттану  тұрғысынан 

талдаумен ұштастыру қажеттілігі туады» [1, 17]. 

 

Жазушы-драматург  Ж. Әлмашұлы ӛз шығармаларында кейіпкерлердің 



сан  түрлі  бейнесін  жасайды  және  олар  бір-біріне  ұқсамайтын  қайталанбас 

тұлғасымен,  мінез-құлық,  таным-түсінігімен  ерекшеленеді.  Қаламгер  

туындыларында  кейіпкер  бейнесін  сомдауда  кӛптеген  жалпыхалықтық  

мәдениет  құндылықтарына  енетін  этнографизмдер  мен  эмоционалды-

әсерлегіш сӛздерді кездестіреміз. Оның  бір кӛрінісін – біз жазушының 2007 

жылы  «Арыс»  баспасынан  шыққан,  оқиғасы  1916  жылғы  ұлт-азаттық 



кӛтеріліс  пен  1937-38  жылдардағы  саяси  қуғын-сүргін  кезеңдерін,  оның 

тарихи  себептерін  суреттеруге  арналған  «Күлкі  мен  кӛз  жасы»  романынан 

байқай аламыз. 

 

Тіл  мәдениетінің  ерекшеліктері  туралы  кӛрнекті  ғалым  М.  Балақаев: 



«Жеке жазуының тіл ӛрнегінің толып жатқан бояу-бедері, ӛзіндік ӛсу, жетілу 

жолдары болады. Кӛркем әдебиет тілінің нәзіктігі кӛп жағдайда жазушының 

белгілі бір сӛздерді «мағыналық топқа иіру» яғни сӛздерді ӛзара мағыналық 

байланысқа  түсіру  шеберлігімен  байланысты»,  –  деп  жазса  [2,  87],  кӛркем 

әдебиет  тілі  жӛнінде  профессор  Б.  Сағындықұлы:  «Кӛркем  әдебиет  тілі    – 

жазушының тілі, әр шығармасына тән мазмұн мен түр ерекшелігі. Бұл орайда 

жазушының құралы – тіл, әлемді таң қалдырған кӛркем туындылардың бәрі 

де  тілдің  сиқырлы  күші  арқылы  дүниеге  келген.  Мұндай  қатарда  жеке  сӛз, 

ӛзінің  орнымен  сәтін  тапқан  шақта,  жаңаша  жанданып  кетеді.  Сондай 

шағына  жетіп,  жанданған  сӛздің  дәмі,  легі  бӛлініп,  тың  тірлік  етіп,  бал-бал 

жанып  тұрады.  Ол  кӛп  қолданған  сӛз  емес,  қызықты,  ыстық  лепті  сӛз 

болады» [3, 330],  –  деген ойлар айтады. 

 

Әр  кейіпкердің  қоғамда  алатын  орнына,  ой-ӛрісіне,  білім-дәрежесіне, 



рухани  ӛсуіне,  ӛмірге  кӛзқарасына,  әлеуметтік  тегіне,  дүниетанымына 

байланысты  сӛйлету  –  персонаж  бейнесін  аша  түсетін  тілдік-стильдік 

амалдың  бірі  болып  есептеледі.  Автор «Күлкі  мен  кӛз жасы»  романында әр 

кейіпкерге  ӛз  дәрежесіне  сай  ат  қойып,  жер-су  атауларын  да  ұтымды 

суреттейді:  Бүкір-Шүкір,  Шуылдақ  Шәріп,  Сәнімай,  Ақ  Сырға,  Ақ  Тиін, 

Сырғалым, Айналма т.б. 

 

Қазақ  мәдениеті  тарихында  –  фразеологиялық  тіркестер  мақал-



мәтелдермен  қатарласа  ӛмір  сүреді.  Мақал-мәтелдер  кӛркем  сӛз  қорының 

мәйегі  болып  саналады.  Біздің  ойымызша,  мақал-мәтелдер  жай  сӛйлем 

түріндегі  тұрақты  сӛз  тіркестеріне  жатады.  Ӛйткені  олар  тұрақталған, 

мазмұны  біртұтастыққа  ие  болған  сӛздер.  Осы  біртұтастық  мағына  мен 

мазмұнға байланысты. Мағына мен мазмұн тұтастығы таным мен түсініктен 

туындаған ой-пікірдің сан алуан обарзбен астарласуы, тілдің даму үдерісінде 

тұрақты  сӛз  тіркестерінің  санамызда  орнығуы  негізінде  қалыптасқан 

логикалық  тұжырымның  жиынтығы  болып  келеді.  Қаламгер  ӛз 

шығармасында  халық  тағылымындағы  бабалар  сӛзі  мен  сӛз  тіркестеріне 

кӛбірек кӛңіл бӛліп, кейіпкер бейнесі арқылы сомдап кӛрсетеді: «Байлық бір-



ақ жұттық». Бұл – Мелде баба сӛзі. «Байлыққа кӛп бейілдене берме, пейілің 

бұзылады». Бұл да Мелде бабадан қалған ӛсиет (9-б.). «Бӛлінгенді бӛрі жер» 

деуші еді ілгерідегілер. «Алыс ағайыннан жақын кӛрші артық» деген мәтел 

тағы  бар.  «Бірлік  түбі  –  береке»  дейтін  кӛзі  қарақты  кісілер  (113-б.). 

Жоқтың бір жыртығы жамалар еді. Бейшараның бүйірі шығар еді (119-б.). 

Бәйгенің аты – бәйге. «Ат шаппайды, бап шабады» (121-б.).  

 

Кӛркем  ӛнер  туралы  ғылым  әрқашан  қоғам  талабына  сай  белгілі  бір 



зерттеу нысанына қарай ӛріс алып отырады. Мәдени, рухани ӛмірімізде дер 

кезінде үн қосып отыратын әдеби тілдің маңызы мен мәні зор. Тіл мен сӛз, ой 

парқы  туралы  айтқан  сӛз  кестелерінде  бір  ғана  «сӛз»  ұғымы  бірнеше 

анықтауыштық тіркестермен қолданылу аясында қарай түрлі рең береді. 



 

Жазушы  кейіпкерлердің  ой-толғанысы  мен  іс-әрекеттерін  суреттеуде 

халықтық  үлгідегі  қанатты  сӛздерді  де  молынан  пайдаланады:  «Кедей  бай 

болсам дейді, бай құдай болсам дейді» дегендей әр кӛңілге бір арман (140-б.). 

Атам қазақ қалай тауып айтқан: «Атың жаман болса, сатып құтыласың, 

қатының жаман болса, ӛліп құтыласың» ддемеуші ме еді (179-б.). «Кӛрінген 

таудың алыстығы жоқ, байеке! Әні-міні дегенше олар зіңгіттей-зіңгіттей 

жігіт болыпшыға келеді. Сонда кӛрерсіз» (199-б.). «Жаман атқа жал бітсе, 

жанына торсық байлатпас» деуші еді  (311-б.).  Әлгінде келіннің айтуымен 

қызметшілердің ең әуелі бай алдына қасиеттеп нан әкелуі – ішін жылытып 

сала бергені (16-б.).  Жаманымды жасырып, жақсымды асқақтатқан ешкім 

де емес, осы отырған ӛнегелі топ. Оны неге ұмытайын. Оны неге жоқ дейін! 

(22-б.).  Әшейінде  ғой,  «балам,  ескіге  байланып  қалма,  есті  ұл  ескіге  емес, 

ертеңгіге ұмтылар болар» деп отыратын (344-б.).  

 

Қаламгер  туындыларында  теңеу,  меңзеу,  эпитет  сынды  кӛріктеу 



құралдары  кӛптеп  кездеседі  де,  авторлық  баяндаудағы  ойларды  нақтылай 

түседі:  Осының,  осы  жас  періштенің  бойынан  ӛзіне,  ӛз  бойына  ӛзгеше  бір 



қуат  ала  түскендей.  Әлде  қылығы,  әлде  құлын  мүсіні,  әлде  жібектей  есер 

жылы лебі... біле алмапты (11-б.).  Ӛмір бойын сыр бермейтін кәрі емендей 

мығым,  сӛзге  сараң,  мінезге  мәрт,  арғы-бергіні  ақыл  тезіне  салып 

отыратын  ел  анасы  –  Сәнімайға  ӛкпесі  де  сол  (12-б.).  Нарша  ширақ  еді. 

Онсыз да ұдай берген қуат бар, білек күші қарулы, желке тұсы жұмыр (14-

б.).  Бар  кінәні  Палманбетке  аудара  салып,  ӛзі  сүттен  ақ,  судан  таза  бола 

қалмақшы  (112-б.).  Әйелдің  махаббаты  кӛлдегі  аққу  іспетті.  Оны  әдемі, 

жылы,  әсерлі  сӛзбен  ғана  ұстай  аласың.  Ӛйтіп  аялай  алмасаң,  ұшады  да 

кетеді.  Басқа  жаққа...  (525-б.).  Кӛкірегіне  жел  біте  бастағаны  ма  бұл 

байдың?... (70-б.).  

 

Тіл – қоғамның рухани және мәдени ӛмірінің ӛзіндік ерекшеліктерінің 



жиынтығы саналатын, мәдениетпен қатар тұратын маңызды кӛрсеткіш. Онда 

халықтың  ӛмір  салты  мен  ӛмірінің  тарихи  кезеңдері  кӛрініс  табатын  тілдік 

бейнесі  сомдалады.  Шығарма  тіліндегі  тұрақты  тіркестерге  назар  аударсақ: 

қолтығына  су  бүрку,  әліптің  артын  бағу,  қатқан  тоңдай  жібімеу  т.б. 

Мәселен,  Қосай байдың  қолтығына су бүркушілер  де аз болған жоқ  (38-б.). 

«Әліптің  артын  бағып,  әңгіменің  аяғын  тыңдамай  жатып,  лақ  еткізе 

салғаным  қалай?!  Әй,  осы  ұшқалақтығым-ақ...»  (39-б.).  Арада  біршама 

уақыт  сырғып  ӛтсе  де,  Жасыбай  мен  бадырақ  Бейсеннің  арасы  қысқы 

қатқан тоңдай жібімей жатып алды (342-б.).  

 

Кӛркем  сӛз  –  халықтың  рухани  азығы.  Қандай  халық  болмасын  оның 



ұлттық  тілі  сонау  рулық,  тайпалық,  халықтық  сатысынан  бастау  алып,  сол 

дәуірдегі мәдениетпен бірге ӛмір сүріп, әр дәуірдің мәдениетін жалғастырып, 

қазірге  дейін  жетуіне  арқау  болған.  Романдағы  авторлық  кейіптеудегі 

кейіпкерлердің  әлеуметтік  жағдайлары  да  назардан  тыс  қалмаған:  Тақыр 



бүгін  жәй  Тақыр  емес,  бай  Тақыр.  Дүниені  дүниеқоңыз  мінезімен, 

сараңдығымен  жинаған,  әзер  деп  енді  ғана  бай  қатарына  ілініп  жүрген 

кешегі жоқ-жітік (24-б.). Желкелеп жатсаң да, жетекке жүргісі келмейтін 

жетесіздер  айналада  толып  жүр.  Оның  қайсыбірімен  мәміле  жасай 

алмақпыз    (41-б.).  Онсыз  да  сүрініп  кетсек,  сыртымыздан  күліп,  жығылып 

қалсақ,  жыртыла  мазақ  етер  жәдігӛй  жандар  жетерлік.  Соларға  жем 

болайық дегендерің бе?... (42-б.).  

 

Пәлсафалық  ізденістер  мен  тілдік  деректер  бойынша  табиғат  пен 



адамның  үндесуі,  адам  мінезінің  негізгі  тетіктерін  табиғи  құбылыстарға 

теңеу, салыстыру үдерісі әрқашан шынайылық кейіптеулерді кӛрсетіп келеді. 

Жазушы-суреткер  Ж.  Әлмашұлы  да  ӛз  шығармасында  кейбір  бейнелік 

кӛріністерді мынадай кӛріктеулер арқылы сипаттайды: Үш күн, үш түн бойы 



долдана  соққан  долы  боран  бүгін  таң  алдында  ғана  бір  сәтке  ғана 

тынышталып, ішін тарқан (361-б.). «Дүние сусылдақ құм секілді...» (400-б.). 

Әттең...  мына  сумақай  жел  болмаса,  аязы  кәдімгідей  аяз  ғой,  –  деді 

Қалданға (363-б.). Бай осыны айтып бола бергенше-ақ, боз үйдің есігі айқара 

ашылып,  ішке  ұзын  бойлы  еңгезердей  сары  кісі  кіріп  келе  жатты  (57-б.). 

Мен оның жан сұлулығына шомылушы ем. Күміс күлкісіне кӛмілуші ем (429-

б.).  «Тек  жүрген  тоқ  жүреді»  деп  шеттей  береді.  «Үндемей  жүрген  үйдей 

бәледен құтылады» деп ойлайды (503-б.).  

 

Кӛрікті  ойдың  келісті  суретін  салуға  жұмсалатын  амал-әрекеттің  әр 



түрлі  бояуы,  кӛркемдік  кескіні,  эстетикалық  әсері  болады.  Қандай  да 

болмасын қатынас-хабарлар мәтін арқылы жүзеге асады. Сӛйлеудің мазмұны, 

қатынас  жасау  жағдайлары,  оның  бағыт-ӛрістері  әр  түрлі  болатындықтан, 

мәтін  құрамындағы  тілдік  тұлғалардың  тіркесу,  байланысу  сипаттары  да 

түрліше.  Алайда  ол  айырмашылықтар  жалпыланған,  біртектес  сипатқа  ие 

болады.  Кӛркем  әдебиет  тілінің  ӛздеріне  тән  сипаты,  табиғаты,  ерекше 

белгісі  бар.  Ол  –  кӛркем  дүние  тілінің  коммуникативтік  қызметімен  қатар, 

эстетикалық  қызметті  де  қоса  атқаруында.  Шебер  жазушы  кейіпкер  тілін 

әрлеп,  оның  сӛз  қолданысына  поэтикалық  ӛң  береді.  Әрбір  қаламгер  иесі 

кейіпкер  тіліне  алуан  түрлі  сӛз  оралымдарын  салып,  стильдік  мақсатты 

кӛздейді. 

 

Тіл – қоғамның рухани және мәдени ӛмірінің ӛзіндік ерекшеліктерінің 



жиынтығы саналатын мәдениетпен қатар тұратын маңызды кӛрсеткіш. Онда 

халықтың  ӛмір  салты  мен  ӛмірінің  тарихи  кезеңдері  кӛрініс  табатын  тілдік 

бейнесі  сомдалады.  Дүниенің  тілдік  бейнесінде  ғалам,  әлем,  күллі  дүние, 

оның заңдылықтары туралы барлық білім жинақталады. Ол ақпаратта тілдік 

және  этномәдени  қауымдастықтың  әр  мүшесін  ортақ  мүддеге  сай  тірлік 

кешіп,  ӛмір  сүруге  үйрететін  озық  үлгідегі  «адам  және  оның  ортасына», 

«адам  және  ақиқат  шындыққа»,  «жеке  адам  және  оның  рухани  болмыс 

бітіміне»  қатысты  лингодидактиқалық  мазмұн,  тағылымдық-тәлімдік  сарын 

болады.  

 

Жазушы-драматург    Ж.  Әлмашұлы  шығармаларында  синтаксистік 



құрылымдарға  ӛзгеше  стильдік  реңк  жүктелген.  Мұнда  сұраулы,  бұйрықты, 

лепті  сӛйлемдердің  алған  орны,  атқарған  қызметтері  ӛзгешеленіп  тұрады. 

Бастысы,  бұл  сӛйлемдердің  кейіпкер  бейнесін  даралаудағы  қызметтері  

олардың  қарым-қатынасын  реттеуінде  шебер  қиюласып,  тілдік  бірліктер 

жүйесі тұтастай стильдік қызмет атқаруға жинақталған.  

 


 

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі: 

 

 

1. Кӛркем тексті ӛнер туындысы ретінде зерттеудің ӛзекті мәселелері.  



– Алматы, 1993. 

 

2.    Балақаев  М.  Қазақ  тілі  мәдениетінің  мәселелері.  –  Алматы: 



Қазақстан, 1965. – 187 б. 

 

3. Сағындықұлы Б. Қазақ тілі дамуының этимологиялық негіздері.  



– Алматы: Санат, 1994. – 168 б. 

 

4.  Ж.  Әлмашұлы.  Күлкі  мен  кӛз  жасы.  Роман.  –  Алматы:  Арыс,  2007.         



– 568 б. 




©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал