Жеке жазылушылар үшін 65367 6 айға 1541,52 1637,40 1713,84 Мекемелер мен ұйымдар үшін



жүктеу 0.99 Mb.

бет1/9
Дата14.01.2017
өлшемі0.99 Mb.
  1   2   3   4   5   6   7   8   9

Тәлім

Қазпошта

Индекс


мерзімі

Алматы


Аймақ/қала Аудан/ауыл

Жеке жазылушылар үшін

65367

6 айға


1541,52

1637,40


1713,84

Мекемелер мен ұйымдар үшін

15367

6 айға


2995,92

3091,80


3168,24

www.anatili.kz

e-mail: anatili_gazetі@mail.ru

www.twitter.com/anatilikz

www.facebook.com/anatilikaz

отан Қорғау – 

Қасиетті парыз 

7 мамыр – Отан қорғаушылар 

күніне орай Елбасы Нұрсұлтан 

Назарбаевтың Жарлығымен әскери 

және қызметтік міндеттерін атқару 

кезінде ерлік пен батылдық көрсеткен, 

сондай-ақ ұлттық қауіпсіздік пен 

елдің қорғаныс қабілетін қамтама-

сыз етуге, заңдылық пен қоғамдық 

т ә р т і п т і   н ы ғ а й т у ғ а   е л е у л і   ү л е с 

қосқан бір топ әскери қызметші, 

құқық қорғау органдары мен ұлттық 

қауіп сіздік қызметкерлері Қазақстан 

Республикасының мемлекеттік награ-

даларымен марапатталды. Нақтылай 

айтқанда, барлығы 43 адам орден, 63 

адам медаль және 2 адам Қазақстан 

Республикасының Құрмет грамотасын 

иеленді.

М е м л е к е т   б а с ш ы с ы   р ә с і м г е 

жиналғандарды Отан қорғаушылар 

күнімен және Ұлы Жеңістің 71 жыл-

дығымен құттықтап,  «Ұлы Отан соғысы 

– тарихтың ұмытылмас сабағы. Бір 

жағынан, ол бізге әлемнің нәзіктігін 

еске салады. Екінші жағынан, адам 

рухының беріктігі мен қуаттылығын 

көрсетеді. Отанымызды қорғай 

білген, бізге бейбіт өмір сыйлаған 

жерлестеріміз осындай болған. Сол 

соғыстың қаһармандарының есімі 

тарих парағына мәңгі жазылып қалды. 

Біздің парызымыз – елдің қауіпсіздігін 

сақтау, биыл 25 жылдығын атап 

өтетін Қазақстанның Тәуелсіздігін 

қорғау» деді.  

Елбасы  бейбіт  за-

манда ерлігімен көзге түскен нағыз 

қаһармандарды атап өтіп, арнайы 

медальдармен, ордендермен марапат-

тады.

(Жалғасы 2-бетте)

Осы өңірдің тумасы, кемеңгер тұлға 

Мәшһүр-Жүсіп Көпейұлы атындағы 

жыршы-термешілер байқауы «Көне 

ғасыр күмбірі» атты тақырып аясында 

өтіп, ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына 

арналды. 

Мәшһүр-Жүсіп Көпейұлының есімін 

ұлықтап, жас ұрпақтың санасына рухани 

білім беру мақсатында Павлодар облысы 

әкімінің қолдауымен, Баянауыл ауданы 

әкімдігінің атсалысуымен, сондай-ақ 

облыстық Мәдениет, мұрағаттар және 

құжаттама басқармасы мен «Шаңырақ» 

облыстық халық шығармашылығы 

орталығының ұйымдастыруымен өткен 

байқауға Маңғыстау, Қызылорда, 

Қара ғанды, Шығыс Қазақстан, Батыс 

Қазақстан, Павлодар облыстарымен 

қатар Астана қаласынан 20-ға жуық 

өнерпаздар қатысты. 

«Көне ғасыр күмбірі» атты республи-

калық жыршы-жырау термешілер 

бай қауына Астана қаласынан келген 

Қазақстанның Еңбек сіңірген қай-

раткері, Қырғызстанның Абдылаш 

Малдыбаев атындағы Халықаралық 

сыйлығының лауреаты, ақын, манасшы, 

драматург, жазушы, жыршы Баянғали 

Әлімжан төрағалық етті. Қазылар ал-

қасында Айтмұхамбет Тұ рышев, Ер-

мұрат Тілегенов, Ертай Жүсіп, Бал-

табай Сыздықов, Бейсенбі Мұқажан, 

Жұмкен Сейітов сынды зиялы және 

шы ғармашылық қауым өкілдері болды. 

Шараның қорытынды, яғни ақтық 

сыны Баянауыл жерінде өз мәресіне 

жетті. 


(Жалғасы 6-бетте)

6-7-бет

12-бет

4-бет

«сүйінбике атым, 

тегім ноғай...»

Жарайсың, Қанат!

ДАнАлық мәйегі 

АТАДәсТүр

БеТ қАТТАлып жАТқАнДА:

БАспАсөз – 2016

 алматы қаласының әкімі 

Бауыржан Байбек 9-11 сынып 

оқу  шыларына  салтанатты  түрде 

«Үркер» төс бел гісін табыс етті. 

аталған  белгіге  республи ка  лық 

және  халықаралық  олим пиа да-

лар дың 77 жүлдегері ие болды.  

 алматыда «Mega Alma-

Ata-2» сауда ойын-сауық ор-

та лығында  қайырымдылық 

шара өткізілді. шарада мектеп 

оқу шыларының 35 туындысы 

ұсынылды. 

 павлодарда бала асырап 

алуға ниетті адамдарға көмек бе-

руге арналған орталық ашылды. 

орталық «аналар үйі» қоғамдық 

жобасы негізінде құрылды. 

 «астана опера» театры-

ның Камералық залында Қа-

зақ  станның аса көрнекті ком-

по  зиторы  еркеғали  рахмадиевті 

еске алуға арналған «таң сама-

лы» атты концерті өтеді. 

 ақмола облысы, ар-

шалы ауданында жа-

уынгер батырларға 

арналып ескерткіш 

орнатылды.

БірТүйер


ТопжАрғАн

«ана тілі» газетіне 

жазылу жалғасуда

Көне ғасыр Күмбірі

АпТА-шолу

сұрапыл соғыс қаншама қазақ 

отбасын отағасынан, арқа сүйер 

ағасынан, бауырынан айырды. Биыл 

соғыстың аяқталып, бейбіт күннің 

орнағанына 71 жыл толып отыр. 9 

мамыр – Ұлы Жеңіс күні мен 7 мамыр 

– отан қорғаушылар күніне орай 

елбасы нұрсұлтан назарбаевтың 

қатысуымен бірқатар мерекелік 

шаралар өткізілді. 

Бүгінде әр қазақ баласына ыстық, 

жан жүрегіне жақын термешілік, 

жыршылық, жыраулық өнер 

ата-бабамыздан келе жатқан 

дәстүрге сай жаңғырып, дами 

түссе дейтін тілек бар. осы 

тілектің үдесінен шыққан бір 

айтулы шара Кереку жерінде 

өтті. Бұл шараның ұлт руханияты 

үшін, салт-санасы үшін орны да, 

мәні де бөлек. ал жас ұрпаққа 

берер тағылымы тіптен ұшан-

теңіз десек те болады. 

№19 (1329) 

13 – 18 мамыр 

2016 жыл


1990 жылғы 

наурыздың 22-сiнен 

бастап шығады

Сөзi жоғалған 

жұрттың 

өзi де жоғалады

тілбұзарға – 

тосқауыл

Жер кодексіндегі түйткілдер түзетілетін болды

қарастыру керек. Егер талқылаудан 

кейін Парламент ортақ шешімге келетін 

болса, мораторий алып тасталады, ал 

егер олай болмаса, күшінде қалады. Біз 

халыққа ұнамайтын заңға зәру емеспіз. 

Бұл ретте мораторий сақталған жағдайда 

ауылшаруашылығының жағдайы на-

шарлауы мүмкіндігін түсіндіру қажет. 

Сондай-ақ Үкімет жанынан Премьер-

министрдің бірінші орынбасары 

Б.Сағынтаевтың басшылығымен ко-

миссия құруды тапсырамын. Комис-

сия барлық мүдделі органдарды және 

қоғамдық бірлестіктерді тартуы тиіс. 

Резонанс тудырған ережені кеңінен 

талқылап, ортақ ұстаным әзірлеп, Пар-

ламентке беру керек. «Нұр Отан» пар-

тиясына демократиялық күштер коали-

циясы аясында кең ауқымды түсіндіру 

жұмыстарын жүргізуді тапсырамын. 

Бұған барлық партиялар, қоғамдық 

бірлестіктер және бұқаралық ақпарат 

Құрметті оқырман! Енді санаулы күндерден 

кейін «Қазақ газеттері» ЖШС-на қарасты 

«Ана тілі» газетінің екінші жартыжылдығына 

жазылу науқаны басталғалы тұр. Осыған 

орай осы жолы да  өздеріңізден қолдау 

күтеміз. Газетіміздің таралымы көбейсе, 

мемлекеттік тіліміздің де аясы кеңейе түсетіні 

белгілі. Нарық заманының қиындықтарына 

қарамастан, басылымнан қол үзбеген 

оқырмандарымызға біз қашанда ризамыз. 

Тәуелсіздігімізді тұғырлы етіп, жоғалтқан 

құндылықтарымызды түгендеуге, салт-

дәстүріміз бен әдет-ғұрпымызды жаңғыртуға, 

этнографиялық зерттеулерге, жер-су атау-

ларын қалпына келтіруге, өңірлердегі тіл 

саясатының жүзеге асырылуына, ұлтымызды 

толғандырған өзекті мәселелерге көңіл бөліп 

келе жатқан басылым алдағы уақытта да «Сөзі 

жоғалған жұрттың – өзі де жоғалады» деген 

ұстанымынан айнымақ емес. Қазақтың әрбір 

шаңырағы, еліміздің жоғары оқу орындары мен 

жалпы білім беретін мектептері, колледждері, 

кітапханалар мен музейлер, театр, ғылыми-

зерттеу институт ұжымдарымен қатар тіл мен 

ұлт тағдырына, елінің жарқын келешегіне бей-

жай қарамайтын кез келген азамат газетке жазы-

лу ісінде белсенділік танытар деген сенімдеміз. 

құралдары қатысуы тиіс. Түсіндіру 

жұмыстарына Үкімет пен Парламенттің 

қос палатасының депутаттары  белсене 

қатысады деп үміттенемін, – деді 

Нұрсұлтан Назарбаев.

Елбасы Жер кодексі жөніндегі жұ-

мыс  қа жауапты екі мемлекеттік орган-

ның  –  Ауыл  шаруашылығы  ми нистр   лігі 

мен Ұлттық экономика министр  лігінің 

өз міндетін тиісінше атқара алмағанын 

айтты. 

– Бұл министрліктердің жұмысы 



нашар дей алмаймын. Бірақ өздерінің 

ұстанымы елдің бәріне ұғынықты бо-

лып, дұрыс қабылдануы үшін түсіндіру 

жұмыстарымен айналысқан жоқ, – деді. 

Н.Ә.Назарбаев Ұлттық экономика 

министрі Е.Досаевтың қызметінде 

жіберілген кемшіліктерге байланыс-

ты отставкаға кету туралы өтінішін 

қабылдады. Ауыл шаруашылығы 

министрі А.Мамытбековтің қызметіне 

сәйкестігі толық деңгейде емес екенін 

жария етті. Ұлттық экономика вице-

министрі Қ.Өскенбаевты қызметінен 

босатуды, Ұлттық экономика министр-

лігінің салалық комитетінің басшы 

қызметкерлері мен басқа да жауапты 

адамдардың қызметіне сәйкестігі ту-

ралы мәселені қарауды тапсырды. Со-

нымен қатар Үкіметке жер қатынаста-

рын реттеу бағытындағы салалық 

функцияларды Ауыл шаруашылы ғы 

министрлігіне беру жөнінде тапсы-

рылды.

Елбасы өз сөзінде еліміздің Ауыл 



шаруашылығы министрлігінің де, 

Ұлттық экономика министрлігінің де, 

әкімдіктердің де ресми сайттарын-

да жер реформасы жөнінде халыққа 

қажетті қолжетімді және көрнекі 

ақпарат болмағанына қынжылысын 

жасырмады. Шынтуайтына келген-

де, бұл ресми органдардың бұқара 

халықты ақпаратпен қамтамасыз ету 

бағытындағы олқылықтардың орын 

алғанын байқатып отырғаны сөзсіз. 

Бәлкім, барлық қабылданып жатқан 

заң жобалары жұртшылыққа егжей-

тегжейлі әрі дер кезінде таныстырылып 

отырса, мұндай түсінбеушіліктердің 

болмайтыны анық еді. 



(Жалғасы 2-бетте)

Былтыр Қазақстан республи касының «Жер кодексіне» өзгерістер мен 

толықтырулардың енгізілгені белгілі. осыған орай, еліміздің стратегиялық 

маңыздылығы бар мәселе бойынша қоғам тарапынан алаңдаушылықтың 

туындағаны рас. 

Жуырда осы және өзге де бірқатар 

маңызды мәселелерге байланысты 

Елбасының төрағалығымен және 

Үкімет мүшелерінің қатысуымен алқалы 

жиын өтіп, Президент Жер кодексінің 

қоғамдық резонанс тудырған бірқатар 

нормаларына 2017 жылға дейін морато-

рий жарияланатынын айтты. 

Е л б а с ы   қ а б ы л д а н ғ а н   з а ң н ы ң 

тетіктері мен нормалары жұртшылықты 

кеңінен қатыстыру арқылы талқы-

ланбағанын, сондықтан көп жағдайда 

халықтың алаңдауы дұрыс екенін 

жеткізді. Егер қазақстандықтар қабыл-

данған шешімге сенбейтін болса, де-

мек, бұл – дұрыс емес деген сөз. Өйт-

кені бұл өзгерістер халық үшін жаса-

лып жатқанын, қоғамда жерді жалға 

алу жөніндегі бірқатар заңнамалық 

нормаларға қатысты күмән туғанын 

ескеру маңызды екенін атап өтті. 

Бұл мәселені егжей-тегжейлі 

«Парықсыз болса, 

сөз – жетім»

Ақын әрі шешен Жидебай қартайған 

шағында құрдасы Қарамендеге арнайы 

кісі жіберіп, «Қанша жетім бар?» деп 

сұратқан екен. Сонда Қараменденің бер-

ген жауабы: 

Елі  көшсе, бел – жетім. 

Үйрек, қаз кетсе, көл – жетім. 

Ері жоқ ел – жетім, 

Елі жоқ ер – жетім. 

Жоқтаусыз кетсе, қыз – жетім. 

Жасы жеткен қарт – жетім,

Парықсыз болса, сөз – жетім.

* * *


Қараменде шешен өлерінде:

– Иә, шырақтарым! 

Адасқан сиырды тана бастайды, 

Қартайған әкені бала бастайды. 

Бала жақсы болса, дана бастайды, 

Жаман болса, бықсытып, 

Шаланы қолына ала бастайды. 

Иә, туыспен сыйласыңдар.

Туыссыз жалғыз кісінің

Кейде келер, кейде келмес күлкісі бар, 

Туысы екеу кісінің 

Ойда жортып жүрген түлкісі бар. 

Туысы үшеу кісінің

 Отарда жатқан жылқысы бар. 

Не болмаса, 

Туысы жалғыз кісінің 

Шығар-шықпас жаны бар, 

Туысы екеу кісінің

 Өкпе, бауырдай жалы бар. 

Туысы үшеу кісінің

 Жағасы – жайлау, 

Төбесі – қыстау халі бар.

Тағы біраз ойланып:

– Баласы бардың панасы бар, 

Ағасы бардың жағасы бар,

Інісі бардың тынысы бар, – деген, 

бәрі де дұрыс екен, – депті. – Апырай, 

осы ның қосымшасын, яғни:

– Рас, жақсы болса – інісі бар

Жаман болса –

Құтыла алмайтын жұмысы бар. 

Рас, баласы бардың панасы бар, 

Жаман болса –

Құтыла алмайтын пәлесі бар, 

Жаман болса – 

бет-аузыңда 

Ат тепкендей жарасы бар, – 

деп неге айтпады екен, – депті. 



(«Ел аузынан», «Жазушы», 

Алматы, 1989 ж.) 

Алматыдағы Ғабит Мүсірепов атындағы 

Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен 

жасөспірімдер театры Түркияның Конья қаласында 

өткен «Мың тыныс – бір дауыс» атты түркітілдес 

театрлардың ІХ халықаралық фестиваліне қатысып, 

«Ең үздік қойылым» жүлдесін жеңіп алды.

Түркітілдес театрлардың ІХ халықаралық 

фестивалі өте жоғары дәрежеде өтті. Фести-

вальге он театр қатысып, өз өнерлерін көрсетті. 

Тоғызыншы рет ұйымдастырылған бұл шарада 

театр ұжымы Георгий Хугаевтың «Қара шекпен» 

қойылымын көрсетті. Аталмыш қойылымдағы 

рөлдерді Д.Базарқұлов, Ж.Мақашева, Е.Кәрібаев, 

Ә.Есжан, Е.Рамазанов және т.б. артистер сом-

дады. Спектакльдің қоюшы-режиссері – Асхат 

Маемиров.  

Өскемен қаласында Кеңес Одағының Ба-

тыры Ізғұтты Айтықовқа ескерткіш-мүсін 

қойылды. 

Ескерткіштің ашылу салтанатына батырдың 

туған-туыстары, зиялы қауым және бұқаралық 

ақпарат құралдарының өкілдері қатысты. Шығыс 

Қазақстан облысы, Ұлан ауданы ақсақалдар 

кеңесінің төрағасы Рашидбек Мұхамеджан 

ескерткішті жасауға және орнатуға көмек қолын 

созған азаматтарға алғысын жеткізді. Тұсаукесер 

шарасына жиналған жұрт хас батырдың бейнесі 

ойдағыдай сомдалғанын айтты. Батыр рухы-

на тағзым етіп, гүл шоқтарын қойды. Ізғұтты 

Айтықов атындағы мектептің өрендері ән мен 

жырдан шашу шашты. Тыңдарман назарына 

рухты шығармаларын тарту етті. 

түркиядан жүлделі оралды

Батыр рухына тағзым


АНА ТІЛІ

3

№19 (1329) 



13 – 18 мамыр 

2016 жыл


2

№19 (1329) 

13 – 18 мамыр 

2016 жыл


АНА ТІЛІ

Өшпес даңқ 

апта-шолу

А

пта айшықтары



А

пта айшықтары



 Әзірлеген Нұрлан ҚҰМАР

8 (727) 394-41-30

елБАсы


оң Болсын!

БАйлАныс


(Басы 1-бетте) 

Сонымен бірге Нұрсұлтан Назарбаев 

бүгінде респуб ликамызда тиімді армия 

қ а л ы п   т а с   қ а н ы н а ,   қ а р у - ж а р а қ п е н 

жабдықтау бағдарламасы табысты жүзеге 

асырылып, әскери қызметшілердің 

ә л е у м е т т і к   ж а ғ  д а й ы н а   қ а м қ о р л ы қ 

көрсетіліп жат қанына назар аударды. 

Сөз соңында Елбасы елдің қауіпсіздігі 

мен қорғаныс қабілетіне жауапты барлық 

құрылымның кәсіби деңгейі күннен-күнге 

өсіп келетініне тоқталып, «Сіз дер бүкіл жеке 

құрамға және жас әскери қызметшілерге 

үлгі бола оты рып, жауынгерлік абырой мен 

батылдық дәстүрінің сақтаушысы болуға 

тиіссіздер. Халық сіздердің қыз меттеріңіз 

бен іс-әрекеттеріңізге қарап, бүкіл Қарулы 

Күштерге баға береді. Сіздерге ең қымбат 

нәрсе – азаматтардың бейбіт өмірін сақтау 

және Тәуелсіздік табыстарын қорғау сеніп 

тапсырылған» деді. 

Қазақстан Президенті елдің қауіпсіз 

әрі бейбіт дамуы ғана оның әрі қарай 

өркендеуінің кепілі болатынын айт-

ты. «Армия – өз орнын ешқашан тас-

тап кетпейтін мәңгілік қарауыл» де-

ген сөз бар. Мен сіздерге жоғары атақ 

бере отырып, бұдан әрі де әскери 

б о р ы ш т а р ы ң ы з д ы   л а й ы қ т ы   а т қ а -

ратындарыңызға, Отанымызға мінсіз 

қызмет ететіндеріңізге сенемін. Елдің 

қауіпсіздігін қам та масыз ету, құқықтық 

тәртібі мен конституциялық құрылымын 

қорғау үшін бар күш-жігерлеріңізді, 

білім деріңіз бен тәжірибелеріңізді 

жұмсайтындарыңызға сенімдімін» деді 

Нұрсұлтан Назарбаев.

Мерекеге орай Нұрсұлтан  Назарбаев 

Астанада өткен Отан қорғаушылар 

күніне арналған мерекелік шараға 

қатысып, құттықтау сөз сөйледі. Елбасы 

жиналғандарды Отан қорғаушы күнімен 

құттықтады. Нұрсұлтан Назарбаев соғыс 

ар дагерлері мен тыл еңбеккерлеріне 

айрықша алғыс айтты. «Ұлы Жеңіс – 

біздің қаһармандық тарихымыз бен 

гитлерлік фашизмді тізе қосып еңсерген 

және талқандаған халықтар достығының 

символы. Сіздердің амандықтарыңыз 

үшін жасалып отырған қамқорлық – 

соғыстың ауыр жылдарында өздеріңізді 

құрбан еткендіктеріңіз үшін қазіргі 

ұрпақтың көрсеткен құрметінің бір 

бөлшегі ғана. Сіздердің жауынгерлік 

ерліктеріңізді Қазақстан елі ешқашан 

ұмытпайды. Жемісін бүгінде біздер, 

сіздердің балаларыңыз көріп отырған 

Ұлы Жеңіс үшін, қаһармандықтарыңыз 

үшін барлық ардагерлерге басымызды 

иіп, рахмет айтамыз» деді Мемлекет 

басшысы.

Қазақстан Президенті Отан қор-

ғаушылар күні – еліміздің Қарулы 

Күштерінің құрылған күні екенін 

атап өтті. Биыл біз осы айтулы күнді 

Тәуелсіздігіміздің 25 жылдық мерейтойы-

на дайындық аясында атап өтетініне 

тоқталған Елбасы ең құрметті кәсіп Отан 

қорғау екеніне баса мән берді. 

9 мамыр күні Елбасы Нұрсұлтан 

  Н а з а р б а е в   М ә с к е у   қ а   л а с ы н д а ғ ы 

Ұлы Отан соғы сындағы Жеңістің 71 

жылдығына арналған әскери парадқа 

қатысты. Елбасы Белгісіз солдат қабіріне 

гүл шоқтарын қою рәсімінде болып, 

Ресей Президенті Владимир Путин-

мен кездесіп, екіжақты ынтымақтастық 

туралы, аймақтық және халықаралық 

мәселелерді талқылады. Назарбаев 

Путинді жеңістің 71 жылдығымен және 

Восточный ғарыш айлағынан алғашқы 

зымыран ұшырылуымен құттықтады. Пу-

тин Жеңіс мерекесіне арналған парадқа 

қатысу мақсатымен Мәскеуге келгені 

үшін Назарбаевқа алғысын білдірді. 

Мәскеудегі әскери парадқа 10 мыңнан 

астам әскери қызметші мен 100-ден аса 

заманауи қару-жарақ және әскери техни-

ка қатысты.

Ұлы Отан соғысындағы жеңістің 71 

жылдығын мерекелеу аясында Астана 

және Алматы қалаларында «Мәңгілік 

полк» шарасы болып өтті. 

«Мәңгілік полк» – соңғы жылдары 

Ұлы Жеңіс күні өткізіліп келе жатқан 

халықаралық қоғамдық марш-акция. 

Оның барысында колонна түзіп жүрушілер 

қолдарына Ұлы Отан соғысына қатысқан 

жақындарының суреттерін алып шығып, 

олардың рухтарын ұлықтай түседі. Алма-

ты қаласында өткізілген шараға қатысқан 

жұртшылық «Астана» алаңына жина-

лып, одан 28 Панфиловшылар атындағы 

саябаққа дейін жаяу жүріп өтіп, Мәңгілік 

алауға гүл шоқтарын қойды.

Ал Астана халқы аталмыш шара ая-

сында Тәуелсіздік көшесінен «Отан 

қорғаушылар» мемориалына дейін 

жүріп өтіп, «Отан Ана» монументіне гүл 

шоқтарын қойып, батыр бабаларымызға 

тағзым етті. 

Ақбота ИСЛӘМБЕК

Қ а з а қ с т а н   Р е с п у б л и к а с ы   К о н с -

ти ту ция сы ның  40-бабына,  44-бабы ның 

3-тармақшасына сәйкес қаулы етемін:

1. 2016 жылғы 31 желтоқсанға дейін 

мыналарға:

1) «Қазақстан Республикасының Жер 

кодексіне өзгерістер мен то лық тырулар 

енгізу туралы» 2015 жылғы 2 қарашадағы 

Қазақстан Республикасы Заңының нормала-

рын қолдануға;

2) шетелдіктерге, азаматтығы жоқ адам-

дарға, шетелдік заңды тұлғаларға, сондай-ақ 

жарғылық капиталындағы ше телдіктердің, 

аза маттығы жоқ адамдар дың, шетелдік заңды 

тұлғалардың үлесі елу пайыздан асатын 

заңды тұлғаларға ауыл шаруашылығы мақ-

сатындағы жер учаскелерін жалдау шарттары-

мен уақытша жер пайдалану құқығын беруге;

3) жеке және заңды тұлғаларға мемле-

кеттік меншіктегі ауыл ша руа шылығы мақ-

сатындағы жер учас ке лерiне жеке мен шік 

құқығын беруге мораторий жариялансын.

2. Қазақстан Республикасының Үкіметі:

1) осы Жарлықтың 1-тармағын іске 

асыруға бағытталған заңнамалық түзетулер 

енгізуді қамтамасыз етсін;

2) жер реформасы жөнінде Комиссия 

құрсын;

3) Осы Жарлықты іске асыру жөнінде өзге 



де шаралар қабылдасын.

3. Қазақстан Республикасының Бас про-

куратурасы осы Жарлықтың 1-тар мағын іске 

асыру барысында заңдылықтың сақталуын 

қада ға лауды  қамтамасыз  етсін.

4. Осы Жарлықтың орындалуын ба қылау 

Қазақстан Республикасы Прези дентінің 

Әкімшілігіне жүктелсін.

5. Осы Жарлық қол қойылған күнінен 

бастап қолданысқа енгізіледі.



Қазақстан Республикасының Президенті

Н.НАЗАРБАЕВ

Астана, Ақорда, 2016 жылғы 

6 мамыр № 248

Cоңғы кездері қоғамды алаңдатқан мәселелердің 

бірі – жер мәселесі екені рас. Бұл орайда Елбасы 

Нұрсұлтан Назарбаев Жер кодексінің бірқатар норма-

ларына мораторий жариялағаны көп түйіндерді шешіп 

бергендей болды. Бұл бүгінгі күн талабының үдесінен 

шығатын шешім деп білемін. 

Әрине, Жер кодексіне байланысты бірқатар 

өзгерістердің әбден талқыланып, егжей-тегжейлі 

таныстырылғаны орынды. Алдағы уақытта мұндай 

мәселелерді біз міндетті түрде ескеруіміз керек деп 

білемін. Елбасының Жер кодексінің кейбір норма-

лары жеткілікті түрде түсіндірілмеген деген сыны 

нақты негіздерге сүйеніп айтылғаны анық. Жерге 

қатысты дүниенің бәрі өткірдің жүзіндей қылпылдап 

тұратындықтан, бұл мәселеге келгенде он ойланып, 

жүз толғанып барып шешім қабылдау керектігін тағы 

бір мәрте еске салды.

Президенттің шешімімен құрылған, Премьер-

Министрдің бірінші орынбасары Бақытжан Сағынтаев 

басшылық ететін Комиссияның алдында зор 

жауапкершілік тұр. Жер-жерде, өңірлерде бұл Комис-

сия жұмысының жемісті жүргізілуіне барынша қолдау 

көрсетіп, белсенді атсалысу – біздің басты міндетіміз. 

Жер кодексіне енгізілген мораторий бұл тақырып 

енді талқылауға жатпайды деген сөз емес. Керісінше, 

түсінік жұмыстары жаңа қарқынмен жүргізілуі керек 

деп санаймын. Өзі өткізген кеңесте Елбасы инвес-

тиция тартудың маңыздылығына ерекше мән берді. 

Біздің ауыл шаруашылығына да инвесторлардың 

көмегі ауадай қажет. Ұлан-ғайыр алқаптарды иге-

руге әзірге күшіміздің жетпей жатқаны шындық. 

Яғни елмен ақылдаса отырып, жерімізге қатысты 

толғақты мәселелердің шешімін бірігіп іздеуіміз ке-

рек. Меніңше, мораторий біздің алдымызға осындай 

тағдыршешті міндеттер қойып отыр. Енді қоғам бо-

лып, ел болып, өзекті мәселелерді бірлесе талқылап, 

көпшіліктің үдесінен шығатындай шешімдер қабылдай 

білсек, құба-құп болар еді. 

Елбасының Жер кодексінің жекелеген норма-

ларына мораторий жариялауын елдің азаматтары 

жылы қабылдады. Бұл Елбасы тарапынан жасалған оң 

қадам болды. Өйткені халықтың тілегі бірінші кезекте 

ескерілді. Халық та Президенттен осындай шешімді 

күткені сөзсіз. Өйткені қоғамда Жер кодексіне түрлі 

әңгімелер болды. Ел-жұрттың көкейінде сан түрлі 

сауалдар жүрді. Ұлт Көшбасшысы мәселені ел мүддесі 

тұрғысынан ойлағаны сөзсіз. 

Меніңше, жер босқа жатқанша оны пайдала-

на білген дұрыс. Еңбектенген, жерге бас иген адам 

ешқашанда өкінбейді. Рас, жерге реформа қажет. Яғни 

жердің иесі болуы керек. Жердің иесі болса ол жер 

тозбайды. 

Мемлекет басшысы өз сөзінде елдегі ауылшаруа-

шылық саласында 2 миллион 300 мың адамның 

жұмыспен қамтылғандығын, бірақ еңбек өнімділігі 

төмен деңгейде екендігіне өкінішін білдіріп, «Отандық 

фермерлер бір гектар жерден орта есеппен 400 

доллардың өнімін алады. Дәл осы көрсеткіш АҚШ-та 

1,5 мың долларды, Германияда – 2800, Францияда 

– 3200 долларды құрайды. Ауылшаруашылығы жаңа 

техникаға, жаңа технологияларға, суғару жүйелеріне 

инвестиция салуға мұқтаж» деп атап көрсетті.

Жер кодексіне байланысты комиссия құрыл-

ғандығынан хабардармыз. Осы комиссия қоғам 

мүддесін ескере отырып, тиімді заңнама қабылдайды 

деген сенім бар. Ең бастысы – кез келген жаңалықты 

талқыға салып, әбден ойластырғанымыз абзал. 

Асығыстыққа жол беруге болмайды. «Келісіп пішкен 

тон келте болмас» дегенді халық тегін айтпайды 

ғой. Келіскен істің ырысы да, несібесі де әрқашанда 

жоғары болады. Бәріміздің мақсатымыз да, мүддеміз 

де бір. Алла Тағала ырыс-несібемізден айырмай, бізге 

бай да бақуатты ел болуды нәсіп етсін! 

Алматы облысы 

Қазақстан  Республикасы  Конс ти туциясының 

44-бабының 3-тармақшасына сәйкес мемлекеттік 

басқару жүйесін жаңғырту және оның тиімділігін 

арттыру мақсатында қаулы етемін:

1. Қазақстан Республикасы ның Ақпарат және 

коммуникация лар ми нистрлігі, оған Қазақстан 

Республи касының Инвестициялар және даму 

министрлігінің ақпарат, ақпараттандыру және бай-

ланыс саласындағы функциялары мен өкілеттіктері 

беріле отырып, құрылсын.

2. Қазақстан Республика сының Ұлттық эконо-

мика министр лігі, Қа зақстан Республикасының 

Ауыл шаруа шылығы министрлігіне жер ресурстарын 

басқару, геодезиялық және картографиялық қыз мет 

саласындағы мемлекеттік саясатты қа лып тастыру 

және іске асыру аясындағы функциялары мен 

өкілеттіктері беріле отырып, қайта ұйымдастырылсын.

3. Қазақстан Республикасы ның Үкіметі:

1) Қазақстан Республикасының Президенті 

Әкім шілігімен келісу бойынша қайта ұйымдас-

тырылатын және құрылған мемлекеттік органдардың 

штат санын қайта бөлуді;

2) осы Жарлықтан туындайтын өзге де шаралар 

қабылдауды қамтамасыз етсін.

4. «Қазақстан Республикасы Үкіметі нің құры-

лымы туралы» Қазақстан Республикасы Президен-

тінің 1999 жылғы 22 қаңтардағы №6 Жарлығына 

мынадай толықтыру енгізілсін:

1-тармақта:

«Қазақстан Республикасының Мемле кеттік 

қызмет істері министрлігі;» деген жолдан кейін мы-

надай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:

«Қазақстан Республикасының Ақпарат және 

коммуникациялар министрлігі;».

5. Осы Жарлықтың орындалуын бақылау 

Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімші-

лігіне жүктелсін.

6. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап 

қолданысқа енгізіледі.




  1   2   3   4   5   6   7   8   9


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал