"ЖЕҢІС" акциясы жалғасуда



жүктеу 412.04 Kb.

бет1/4
Дата07.09.2017
өлшемі412.04 Kb.
  1   2   3   4

№16-17 (63) 16 тамыз 2016 жыл                              Ардагерлерге арналған республикалық газет             Газет 2014 жылдан шығады.

"ЖЕҢІС"  АКЦИЯСЫ  ЖАЛҒАСУДА

"ЖЕҢІС"  АКЦИЯСЫ  ЖАЛҒАСУДА

"ЖЕҢІС"  АКЦИЯСЫ  ЖАЛҒАСУДА

"ЖЕҢІС"  АКЦИЯСЫ  ЖАЛҒАСУДА

"ЖЕҢІС"  АКЦИЯСЫ  ЖАЛҒАСУДА

Ардагерлер үйінде Тараз қалалық

ардагерлер кеңесі жанындағы Жастар

арасында жұмыс жүргізу жөніндегі

тұрақты комиссиясы мен "Жамбыл

жастары" қоғамдық бірлестігінің

ұйымдастыруымен "Жеңіс" акциясын

өткізуге байланысты түсінік жұмыс-

тары жүргізілді. Бас қосуға жүріп-

тұруға мүмкіндігі бар бірқатар соғыс

ардагерлері, оларға көмек көрсететін

волонтерлар тобы қатысты.

Жиынды ашқан қалалық ардагерлер

кеңесі төрағасының орынбасары

Күләш Әбдікешова қазіргі кезде

қаламызда 84 соғыс ардагерінің тұрып

жатқандығын, олармен тұрақты

байланыста екендігін айта келе, "Жеңіс"

акциясының негізгі мақсатына қысқаша

тоқталды. Ал, "Жамбыл жастары"

қоғамдық бірлестігінің жетекшісі

Наталья Емегина "Жеңіс" акциясының

қалай жүргізілетіні туралы хабарлама

жасады.


- Акция еліміздің 16 аймағында 2016

жылдың маусым-желтоқсан айларында

жүргізіледі. Онда волонтерлар арқылы

соғыс ардагерлеріне көмектер

көрсетіледі. Атап айтқанда, үй ішін

жинау, тазалау, ауланы сыпырып, ретке

келтіру, отын жару, дәрігерге алып бару,

азық-түлік себетін сатып алуға

көмектесу, тамақ дайындау, т.б.

көмектер.

Сонымен бірге әрбір соғыс

ардагеріне бір мезеттік көмек ретінде

6000 теңге көлемінде қаражат қарас-

тырылған. Бұл қаражат ақшалай

түрінде емес, ардагерлердің өздеріне

қажеттілігі ескеріле отырып, дәрі-

дәрмекпен, азық-түлікпен қамтамасыз

етіледі.


Айта кету керек, соғыс арда-

герлері волонтерларды танымаған-

дықтан сенімсіздік білдіруі мүмкін.

Сондықтан ардагерлер кеңесінің

қызметкерлері алдын ала хабарласып,

көмекті қажет ететін болса, волон-

терлердің баратындығын ескертеді.

Волонтерлар ардагерлер кеңесімен

келісіп алғаннан кейін, соғыс

ардагерлерінің үйлеріне барар

алдында олармен хабарласып, қандай

көмектің түрлері керек, қай уақытта

баруға ыңғайлы екендігін анықтап

алады. Волонтерларға жол бағыты

парағы беріледі. Олар соғыс

ардагерлеріне көмек көрсеткеннен

кейін, толтырылған парақшаны

үйлестірушіге тапсырады. Біз осы

бағытта қаладағы соғыс ардагерлеріне

көмек беруді "Жеңіс" акциясының

аясында түгел қамтып шығу үшін

жұмыс жүргізе беретін боламыз, - деді

ол. Айта кетерлігі, бұл шараның

барлығы "Самұрық Қазына" Ұлттық

әл-ауқат қоры және Ұлттық волон-

терлар жүйесінің қолдауымен жүзеге

асып отыр.

Сондай-ақ, жиында Ардагерлер

кеңесі жанындағы Жастар арасында

жұмыс жүргізу жөніндегі тұрақты

комиссиясының төрағасы Мақұлбек

Жаналиев "Жамбыл жастары" қоғам-

дық бірлестігімен байланыста болып,

ардагерлердің мәселесімен де, жас-

тардың адамгершілік тәрбиесімен де

тұрақты айналыса беретіндігін атап

өтті.

Бас қосу соңында соғыс ардагері



Нигмат Ахметов акцияны ұйымдас-

тырушыларға ардагерлер  атынан

алғыс сезімін білдірді.

Акцияға қатысқан соғыс ардагер-

леріне "Жамбыл жастары" қоғамдық

бірлестігі тарапынан сый-сияпат

жасалынды.

Алдаберді МАҚАШЕВ,

Тараз қалалық ардагерлер

кеңесінің баспасөз хатшысы.

Жамбыл облысы.



СИҚЫРЛЫ  ҚАЛАМ  ИЕСІ

СИҚЫРЛЫ  ҚАЛАМ  ИЕСІ

СИҚЫРЛЫ  ҚАЛАМ  ИЕСІ

СИҚЫРЛЫ  ҚАЛАМ  ИЕСІ

СИҚЫРЛЫ  ҚАЛАМ  ИЕСІ

Кештер, кездесулер

Өткен аптада Тұщықұдық мәдениет

үйінде жергілікті әкімдік пен ардагерлер

ұйымының ұйымдастыруымен "Мұнай-

шы қаламының сиқырлы құдіреті" атты

кеш өтті. Аталмыш кеште Қазақстан

Журналистер Одағының мүшесі,

өлкетанушы, ардагер мұнайшы, бірнеше

кітаптың авторы, журналист қаламгер

Мұрат Бектенұлы оқырмандармен

жүздесті. Жүздесуге қатысушылар

алдымен кеш қонағы Мұрат Бектенов-

тың "Мәдікен" атты әңгімесіне жазыл-

ған сахналық көріністі тамашалады.

Жергілікті ардагерлер ұйымы

қызметкерлері дайындап әкелген

көріністі оқырмандар жылы қабылдады.

Сонау шалғайдағы құм өңірінде соғысқа

кеткен жалғыз ұлын қырық жыл бойы

"әне, міне, келеді" деумен самай шашы

ағарғанша күтумен барлық өмірін

өткізген сүйегі асыл әженің аянышты

халін ауыл әртістері шама-шарқынша

шебер сомдап шықты.

Көп ұзамай сахнаға кеш қонағы

Мұрат Бектенұлы шақырылды.

Мұрат Бектенов 1946 жылы Атырау

облысы, Исатай ауданы Нарын

құмындағы Айбас ауылында дүниеге

келген. "Жайықмұнайгаз" басқарма-

сында қырық жылдың үстінде еңбек

еткен. Оның мұнайшылар өміріне,

өлкенің тарихына қатысты мақалалары

мен очерктері жергілікті, республи-

калық басылымдарда жиі жарияланып

жүр. Мұнайшылар өмірінен "Қос өзен

мұнайшылары" атты кітабы, сонымен

қатар Нарын өңірінде өмір сүрген ақын-

жырау, жазушылардың, күйшілердің

мұраларын, билердің шешендік

сөздерін, емшілік, сынықшылық

қасиеттері бар адамдар туралы

деректерді жинаумен де айналысып

"Қасиетіңнен айналдым" атты кітабы

жарық көрген.Ал "Айшықты әлем" атты

кітабында Нарын өңірінің абзал

азаматтары, ел ағалары, мұнайшылары,

басқа да жайлар әңгімеленеді. Ұлы

Отан соғысы кезінде жат жерде қаза

тапқан жерлес майдангерлер туралы да

қалам тербеп, жұртшылықтың

алғысына ие болса, бірнеше мәрте

туған жердің беймәлім тұлғалары,

батырлары, ақын-жыраулары,

күйшілері, тыл еңбеккерлері туралы

деректі фильмдер түсірткізді.

Қазақстан Журналистер Одағы

сыйлығының лауреаты, "Мұнайлы

астана" газетінің бас редакторы

Құттыгерей Смадияровтың ағасы

туралы:

-

Журналистік көп сапардың



бірінде мен аудандық "Малды өңір"

газетінің тілшісі ретінде "Жайық-

мұнайгаз" басқармасына іссапарға

барған болатынмын. Осында ең алғаш

Мұрат Бектеновпен танысқан едім. Ол

ауылға қайтарда маған "Мартышидағы

бір күн" атты репортажын ұсынды,

"Пайдаға асса, газетке пайдаланарсың"

деді. Редакцияға келіп қарасам, оқушы

дәптерінің үш бетіне жазылған

репортаж екен. Көркем тілмен

жазылыпты.  Хатшы қызға барып

репортажды сол бойда бастырдым. Бұл

репортаж "Малды өңір" газетінің 1975

жылғы 6 ақпандағы нөміріне

жарияланды. Артынан "Жылдың үздік

туындысы" атанып, жүлдеге ие болған

еді. Мұрақаңның журналистік жолы

осы репортаждан басталды деп

ойлаймын. Қарапайым еңбек адамы

бола жүріп, туған жердің тарихы

немесе мұнайшылар өмірінен бірнеше

кітаптар жазды, бұл да бір қыры болса

керек. Мұрақаңның очерктері мен

мақалаларында өзі өмір кешкен

дәуірдің шындығын бейнелеп, оның

алдыңғы қатарлы идеялары көркем

образдары арқылы білдіру мүмкін

болған. Сондай-ақ және бір қыры -

ізденімпаздығы. Журналистер үшін

ең бір қажетті қасиет-осы. Осыны

бүгінгі жас журналистердің бойынан

көре алмай жүрмін. Иә, шынында да

бас редактор айтқандай, Мұрекеңнің

бір басында сан түрлі өнер

тоғысқанын байқадық.

Бұдан кейін ағамыз жүргізушілер

тарапынан қойылған жазушылыққа

қашан бет бұрдыңыз, оған не түрткі

болды, балалық шағыңыз қалай өтті,

өміріңіздегі ең ұмтылмастай болып,

есіңізде қалған  ерекше оқиға, қай

тақырыпқа жиі қалам тербейсіз деген

сынды сұрақтарға жауап берді.

Кеште "Құлыншақ" балабақшасының

бүлдіршіндері тақпақтар айтса,

әншілер Алтынай Әділбекова, Абзал

Баташев әннен шашу шашты,

Әбілқайыр Есентай күмбірлете күй

тартса, әнші-термеші Перизат

Сапаева жырдан арнау арнады. Шара

кезінде сондай-ақ замандастары,

құрдастары, інілері, бірге істеген

жұмыстастары да сөз сөйлеп,

ағамыздың туған жерге, атамекенге

сіңірген еңбегінен мысалдар келтіре

отырып, осы ауданның Құрметті

азаматы атағына ұсыну керектігі

жөнінде ой-пікірлерін ортаға салды.

Бұдан кейін сахнаға көтерілген ауыл

әкімі Шеген Неталиев, ауылдық

ардагерлер ұйымы төрайымының

орынбасары, ағамыздың құрдасы

Бақтыгерей Қаленов Құттықтау

хаттар мен ескерткіш сыйлықтарын,

құшақ-құшақ гүлдерін ұсынды.

Соңында ағамыздың өзі барша

отбасы атынан осындай шара өткізген

ауылдық әкімдік пен ардагерлер

ұйымының төрайымына және басқа

да қолдаушы жанашырларға шын

жүректен шыққан алғысын жеткізді.



Қабира ҚАЮМОВА,

Тұщықұдық ауылдық

ардагерлер ұйымының төрайымы.

Атырау облысы.



ДӘСТҮРЛІ  ТӘРБИЕ  ӨРІСІ

ДӘСТҮРЛІ  ТӘРБИЕ  ӨРІСІ

ДӘСТҮРЛІ  ТӘРБИЕ  ӨРІСІ

ДӘСТҮРЛІ  ТӘРБИЕ  ӨРІСІ

ДӘСТҮРЛІ  ТӘРБИЕ  ӨРІСІ

Талдықорған қалалық ардагерлер

ұйымының 2015-2016 оқу жылында

өскелең  ұрпаққа тәрбие  берудегі

ауқымды  іс-шарасы  "Ата-баба дәстүрі

ұрпаққа аманат" бағдарламасы аясында

жолға қойылды. Бұл орайда мемлекет

тәуелсіздігін нығайтуға негізделген

қоғамның жалпы  құндылықтарын

бағдарлама ретінде  нысана ете  отырып,

мектептердегі дәстүрлі тәрбие сабақ-

тарына  көшбасшылық  жасалынды.

"Мәңгілік Ел" идеялық тақырыптары

бойынша  жастарды  патриотизмге, елін,

тарихы мен  мәдениетін, тілін, рухын

сақтауға тәрбиелеу жұмыстары ата-

бабамыздың ұлағатты салт-дәстүрімен

қабыстырыла жүргізілді.

Бұл тәрбие сағаттары қала әкім-

дігінің, қалалық білім бөлімінің,

ардагерлер кеңесінің бірлескен

бағдарлама-жоспары бойынша жүзеге

асырылып отырды. Олар негізінен төрт

бөлімнен көрініс тапты. Атап айтқанда

"Шаңырақ-мәңгілік  елдің тұғыры" атты

ұзақ мерзімді акция  негізіндегі тәрбие

жұмыстары, ұлттық құндылықтар мен

әдеп-ғұрыптарды насихаттау, тарихы

терең қазақ елі - Мәңгілік ел,  ұлттық

рухты, асқақ ойлы дарынды тұлғаларды

насихаттау және отбасылық  құнды-

лықтар мен  салт-дәстүр-тәрбие бастауы"

деген  мазмұнда  өрістетілді. Қаладағы

26 мектептің  тәрбие ісі жөніндегі

директордың орынбасарлары, оқу

орындарындағы бастауыш әжелер

ұйымының  төрайымдары  ұйыт-

қылық қызмет атқарды. Шараға

мектеп оқушыларының көптеп

тартылуы назарда ұсталды.

Мектеп ұжымдарының атауы,

өтілу әдіс-тәсілдері, қаралатын

мәселелері, ұсыныстар мен өтілу

мерзімдері нақты көрсетілгендіктен

бағдарлама уақытынан ауытқу болған

жоқ. Шараға қатысушылар және

мектеп мұғалімдері мен  ата-аналар

осынау  әсерлі тәрбие  сағаттардың

жылдан-жылға табандылықпен

жалғасып келе жатқанына риза-

шылық білдіріп отырды. Оныншы

жылға аяқ басқан бұл бағдарлама

қазіргі  таңда  мектептердегі оқу-

тәрбие ісінің құрамдас бөліміне

айналды. Әрбір оқу жылы  басталы-

сымен асыға күтетін әсерлі әдеби-

мәдени кеш іспетті  қабылдануда.

Биылғы оқу жылының қорытын-

дысына  қалалық  ардагерлер  кеңесі

бекіткен комиссия мүшелері әділ

қазылық жасады. Комиссия барлық

оқу орындарында өткен тәрбие

шараларын бағалау парақтары

арқылы әрбір көрсетілімді тиісті

балдық жүйемен бағалады және сол

мезетте қорытындысын шығарып,

мектеп  ұжымына жария етіп отырды.

Шәкірттерге ақ жол тілеп, ақ батасын

арнады.

Аталған  бағдарлама  аясында



жинақталған барлық бағалау  парақ-

тарын және  қосымша  материалдарды

сараптай  келе әрбір  ұжымның ең-

бегіне баға беріп, лайықты жеңім-

паздар мен жүлдегерлерді анықтап,

қалалық ардагерлер ұйымына  ұсыныс

жасады.

Іс-шараның нәтижесі қала әкімдігі



мен білім бөлімінің  басқада ынталы

мекеме ұжымдарының қолдау

көрсетуімен салтанатты түрде аталып

өтті.  Мектептер бір бас  жүлдеге, екі

бірінші  орынға, үш екінші-үшінші

орынға ие болысты. Тақырыптық

номинация бойынша да жүлдегерлер

айқындалды. Ынталандыру бәйгесіне

іліккендер де аз  болмады. Осылардың

алдыңғы қатарларында №1 Абай

атындағы орта мектеп-гимназиясы,

№4, №14, №15, №17, №19, №16, №22,

№10, №3 орта мектептер бар. Барлық

жеңімпаздарға  тиісінше заттай

сыйлықтар,  мақтау және  алғыс

хаттары табыс етілді.

2015-2016 оқу жылындағы дәстүрлі

тәрбие өрісі осылайша  қанаттана

түсті.

Кенжехан РАҚЫШ,

Талдықорған қалалық

ардагерлер кеңесінің мүшесі,

ардагер-журналист.

ОБЛЫСТЫҚ АРДАГЕРЛЕР КЕҢЕСІНІҢ

ОБЛЫСТЫҚ АРДАГЕРЛЕР КЕҢЕСІНІҢ

ОБЛЫСТЫҚ АРДАГЕРЛЕР КЕҢЕСІНІҢ

ОБЛЫСТЫҚ АРДАГЕРЛЕР КЕҢЕСІНІҢ

ОБЛЫСТЫҚ АРДАГЕРЛЕР КЕҢЕСІНІҢ

АКТИВ ЖИНАЛЫСЫ

АКТИВ ЖИНАЛЫСЫ

АКТИВ ЖИНАЛЫСЫ

АКТИВ ЖИНАЛЫСЫ

АКТИВ ЖИНАЛЫСЫ

Ардагерлер ұйымдарында

Шығыс Қазақстан облыстық

ардагерлер кеңесінің актив жиналысы

өтіп, онда "Ардагерлер ұйымы"

республикалық қоғамдық бірлестігі

VII съезінің қаулысын жүзеге асыру

жайы қаралды. Жиналысқа респу-

бликалық ұйымның Орталық Кеңесі

төрағасының бірінші орынбасары

Өмірзақ Озғанбаев қатысты.

Облыстық ардагерлер кеңесінің

төрағасы Айтқазы Шерубаев съезде

айтылған міндеттерді орындау

мақсатында баяндама жасап,

қоғамның саяси белсенді күші -

ардагерлер арасында жүргізіліп

жатқан нақты шараларды жан-жақты

ашып көрсетті. Республика ардагер-

лерінің съезінен кейінгі ардагерлер

ұйымдары қолға алып жатқан келелі

мәселелерді тілге тиек етті.

Баяндамада атап көрсетілгендей,

өңір бойынша 1062 бастауыш

ардагерлер ұйымында 224 242

зейнеткер есепте тұрады. Олардың

294-і Ұлы Отан соғысының қаты-

сушысы, 119-ы соғыс мүгедегі. Бұдан

бөлек, 25 514 тыл ардагері бар. 1157

адам Ұлы Отан соғысы жылдарында

түрлі марапаттармен марапатталған.

Шығыс өңірінде 3080 адам Ұлы Отан

соғысының қатысушыларына

теңестірілген.

VII съезд 30 жылдық тарихы бар

республикалық ардагерлер ұйымы-

ның елеулі  оқиғасы болды. Осы

съезден бері 3 айдан астам уақыт өтті.

Осы уақыт ішінде облыстың барлық

ірі өндірістік ардагерлер кеңестерінің

жиналысында съезд шешімдері

талқыланып, ардагерлер қауымына

бұл шешімдерді жеткізу жөнінде

шаралар белгіленді.

VII съезд алға қойған міндеттерді

бар мүмкіндігімізбен шеше берудің

алғы шарттары жасалып, жүзеге

асуда.. Ең алдымен қарттардың, оның

ішінде соғыс және тыл ардагерлерінің,

олардың отбасының мұң-мұқтаж-

дарын, талап тілектерін орындауда

Шығыс өңірінде  нақты  тәжірибе

қалыптасқан. Өткен Ұлы Жеңістің 70

және 71 жылдық  тойларында бұл

жұмыстар өте жоғарғы дәрежеде

атқарылып халықтық қолдауға ие

болып келеді. Атқарылған іс-шаралар

мен деректердің бәрін қайталап

жатпай-ақ, облыстық ардагерлер

кеңесінің бастамасымен 5 кітап,

қалалық және аудандық ардагерлер

ұйымдары бойынша 12 кітап баспадан

шықты. Облыс бойынша барлық

ескерткіш, обелиск, ескерткіш

тақталар жөндеуден өткізілді.

Аймақ ардагерлері қазір ел

Тәуелсіздігінің 25 жылдығын лайықты

қарсы алуға дайындық жұмыстарын

бастап кетті. Қалалық, аудандық

ардагерлер кеңестерінің жастарды

патриоттыққа және адамгершілікке

тәрбиелеу бойынша үздік ұйым-

дастыру жұмыстарының облыстық

байқау-конкурстарының ережесі

әзірленген. Облыстық кеңесте бес

тұрақты комиссия жұмыс істейді.

Оларға елге белгілі Ә.Жүнісов,

Т.Түсіпов, В.Рытов, Н.Хайруллин,

Е.Ихсанов сияқты ардагерлер

жетекшілік етеді. Өңірде ардагерлер

атқарған шаруалар республикалық

"Ардагер айнасы" газетінде, "ШҚО

ардагерлері" сайтында, облыстық

басылымдарда, телеарнада жиі жарық

көріп тұрады.Жиын барысында

Өскемен, Семей, Риддер қалалық,

Шемонайха, Тарбағатай, Зайсан

аудандық ардагерлер кеңесінің

жұмысы өзгелерге үлгі етілді. Сондай-

ақ, Шемонайха ауданында орналасқан

"Уба" сауықтыру шипажайы жылына

облыс бойынша 4500 ардагерді тегін

қабылдап, денсаулықтарын жақ-

сартып келеді.

Актив жиналысында жасалған

баяндаманы талқылауға Семей

қалалық ардагерлер кеңесінің

төрағасы А.Доғалақов, Глубокое

аудандық ардагерлер кеңесінің

төрайымы Л.Романова, Өскемен

қалалық ардагерлер кеңесінің

төрағасы С.Ақанов қатысып, нақтылы

ой-пікірлерін, ұсыныстарын айтты.

Өскеменде өткен актив жина-

лысында ардагерлер тарапынан алдағы

уақытта назар аударатын кемшіліктер

де айтылды. Атап айтқанда, Өскемен

қалалық №3 өзін-өзі басқару комитеті

жанындағы бастауыш ардагерлер

ұйымының төрағасы Игор Любимов,

қалалық автомобиль транспорты

бастауыш ұйымының төрағасы Иван

Губарев сөз алып, ардагерлер туралы

заңды қабылдаудың кешігіп жатқан

себебін түсіндіруді, тыл ардагерлеріне

берілетін куәліктің ешқандай

қажеттілікке жарамай жатқандығы

туралы ой бөлісті. Сондай-ақ облыс

орталығында "Ардагерлер үйінің"

ашылмай, әртүрлі желеулердің

сөзбұйдаға салынып келе жатқандығы

туралы сын пікірлер көптің назарын

аударды. Сонымен қатар алдағы

уақытта дәрі-дәрмекпен жеткілікті

қамтамасыз ету, полигон аймағында

тұрғандықтан, зейнетақыға үстеме

қосу, облыстық ардагерлер ұйымын

көлікпен қамтамасыз ету, арда-

герлердің мәртебесін анықтау

мәселелері көтерілді.

Актив соңында Республикалық

ардагерлер ұйымы Орталық Кеңесі

төрағасының бірінші орынбасары

Өмірзақ Озғанбаев жиында айтылған

ұсыныстар мен пікірлерді қоры-

тындылап сөз сөйледі.

Ол Шығыста аға буын өкілдерімен

ауқымды шаралардың жүзеге асып

жатқанын, олардың бастамалары көп

ретте елімізге үлгі екенін атап өтті. Өз

сөзінде Өмірзақ Озғанбайұлы,

облысқа жолы түсіп келгеннен кейін

"Өскемен титан-магний комбинаты"

акционерлік қоғамы жанындағы

ардагерлер кеңесінің жұмысымен

танысып, ардагерлер ұйымының

жұмысы жақсы жолға қойылғандығына

ризашылық білдірді. Іс-сапар бары-

сында аудандық деңгейдегі ардагерлер

ұйымының атқарып отырған шара-

ларымен жақын танысу мақсатында

Ұлан ауданына баруды жоспарлап

отырғанын жеткізді.

Өткен VII съезд 30 жылдық тарихы

бар республикалық ардагерлер

ұйымының бір елеулі  оқиғасы болды

деп айта аламыз. Осы съезден бері 3

айдан астам уақыт өтті. Көптеген

кеңестер съезд шешімдерін талқылап,

ардагерлер қауымына бұл шешімдерді

жеткізу жөнінде біраз жұмыстарды

бастап кетті. Қоғамдағы пікірлер

бойынша съезд  жоғары ұйымдасқан

түрде өтіп, ұйымымыздың ел қажетіне

жарайтынын нық көрсетті, оның

беделінің өскенін дәлелдеді.

Ең алдымен, екі маңызды мәселенің

біздің мүмкіндігімізден тыс, шешім

таппай тұрғанын мойындауымыз керек.

Біріншісі: әрбір ардагердің көкейіндегі

"Ардагерлер туралы" Заңның

қабылданбай, он бес жылдан бері

Парламентте шаң басып жатуы. Біздің

ең болмаса ардагер статусы белгіленсе

және ардагерлер ұйымы мен мемле-

кеттің ара қатынасы заңдастырылса

деген талабымыз  әзірге ескерусіз

қалуда.

Сонымен қатар ардагерлер ұйымы-



ның қызметін қаржыландыруды

орталықтан біріздендірілу мәселесі

көрші Ресей, Украина, Беларусь,

Қырғызстан мемлекеттерінде бюджет

есебінен шешілген. Біздегі жағдайдың

олардан кем болуы ешбір қисынға

келмейді.

Баршаңызға белгілі жайт,  ардагер-

лер ұйымдарында шешілуін күтіп тұрған

мәселелердің бірі қарттарымыздың

медициналық қызметпен  қамтамасыз

етілуі. Зейнеткерлер арасында дәрі-

герлік көмекке, дәрі-дәрмек сапасына

сын айтып арызданушылар  аз емес.

Денсаулық сақтау саласының жиі-жиі

реформалануынан ардагерлеріміз оң

нәтиже көріп отырған жоқ. Елімізде

картаю мәселелері ескерілмей тұр. БҰҰ

болжамы бойынша 2050 жылы елімізде

қарттар саны 2,7 есеге өспек екен.

Соған сәйкес қарттарға қызмет

көрсететін елімізде арнайы медици-

налық мекемелер: хоспистер, медби-

келер күтім жасайтын ауруханалар

жоқтың қасы. Алматыдағы госпиталь-

дың қайта жөндеу жұмыстары

созылып кетті, Астанадағы Орталық

госпитальдың емдеу бағыты өзгер-

тілмек.

Қалай болғанда да, біз VII съезд алға



қойған міндеттерді бар мүмкінді-

гімізбен шеше бермекпіз. Ең алдымен

қарттардың, оның ішінде соғыс және

тыл ардагерлерінің, олардың отба-

сының  мұң-мұқтаждарын, талап-

тілектерін орындауда қалыптасқан

тәжірибеден айнымаймыз.

Бүгінгі күні аман-есен жүрген

майдангерлердің саны үш мыңнан сәл

ғана асып тұр. Оларға күтім мен көмек

күнделікті қажет.

Осы орайда, "Еш-

кім де, ешнәрсе де ұмытылмақ емес",

"Атың сенің белгісіз, ерлігің - мәңгілік"

деген кезінде халық талабынан шыққан

ұрандарды, өз жүрегімен қабылдап, бар

күш-жігерін осы бағытта сарқа тер

төгіп жүрген өзіміздің белсенді

мүшелеріміз жетерлік. Ең алдымен,

қатарымызда отырған Төралқаның

жаңа мүшесі, профессор Майдан

Көмекұлы Құсайыновтың ерлікке пара

пар жұмыстарын атар едім. Бұл кісінің

басқаруымен 1989-жылдан бері

"Мемориальная зона" іздеу отряды

Ленинград түбінде (Синявин батпақ-

тары мен биіктері)  қаза тауып, белгісіз

болып қалған жүздеген жерлестерімізді

анықтап, тауып, сүйектерін құрметтеп

қайта жерлеу жұмыстарын ұйым-

дастырды. Майдан Көмекұлының үлгілі

ісін кейінгі ондаған іздеу отрядтары

(Ресейдің де) жалғастыруда. Тек қана

өткен жылы осы іздеу отрядтарының

арқасында 1164 жауынгер мен коман-

дирлердің сүйегі қайта жерленіп, оның

ішінде 31 адамның аты-жөні медаль-

ондары арқылы анықталған. Қайтадан 5

ескерткіш және 48майдангерлер

жерленген қорымдарға бағытталған

көрсеткіш бағаналар орнатылды.

Бұл айтылғандар әріптестеріміздің

баға жетпес еңбектерінің нәтижелері

марқұмдарға емес, тірілерге - еліне,

ұрпақтарына, туыстарына керек екені

даусыз. Тарихқа тағзым, өткенге

құрмет бүгінгі жастарға патриоттық

тәрбие беру мәселесіндегі ең жоғарғы

дәрежедегі үлгілер деп қабылдауымыз

керек.


Жалпы  жастармен жұмыста әзірге

көптеген кемшіліктер бар екенін

мойындауымыз керек. Біздің тара-

пымыздан талпыныс болып, біршама

қадамдар жасалған. Мысалы, жастар

ұйымдарымен бірлесе жұмыс атқаруға

Меморандум қабылдау, жұртшылыққа

жастар тәрбиесі, дәстүрді сақтауға

үндеу жариялау т.б.

Әйтсе де, жастар ұйымдары "Жас

Отан", Жастар Конгресі", "Студенттер

Альянсы"  берекелі белсенділіктен гөрі

бойкүйездікке жақын. Өкінішке орай

советтік кезеңдегі комсомол, пионер

ұйымдары деңгейіне жетіп тұрған жоқ.

Сондықтан да біздер, ардагерлер

инициативаны өз қолымызға алып,

қайткенде де  жастар тәрбиесіне

белсене атсалысуымыз керек.  Қазіргі

кезде орын алған, әсіресе Ақтөбедегі

оқиғалар сияқты қауіптің алдын алуға

тиіспіз.


Ардагерлер ұйымдарының тыныс-

тіршілігін баяндайтын, туындайтын

мәселелерді көтеретін, өзге өңірлер

өмірінен хабар беретін, озық тәжірибе

мен ардагерлер асылдарын ұлықтайтын

бәрімізге ортақ төл басылымдардың

маңызы зор екені даусыз. Ондай

басылымның міндетін кезінде респу-

блика көлемінде "Зейнеткер-

пенсионер" газеті шамасына қарай

атқарған болатын. Жекелеген

кәсіпкердің ынта, бастамасымен

шығып тұрған ол газет ешкімнен,

оның ішінде сіздер мен біздерден

қолдау болмаған соң, банкрот болып

жабылып қалған еді. Барлық аймақтар

ардагерлерінен  осыған байланысты

реніш пікірлер көптеп түскен еді. Осы

газетті жандандырмақ болып

алғашқы осы Орталық кеңеске келген

күннен бастап Жоғарғы билік

орындарының, Мәдениет министр-

лігінің, кәсіпкерлердің есігін

тоздырып, жабылған газетті қайта

аша алмағанбыз. Бүгінде оның орнын

басқан төл басылымдарымыз

"Ардагер айнасы" газеті, "Ардагер

және қоғам"-"Ветеран и общество"

журналын бірталай қиындықтан өтіп,

екі жылдан бері шығарып келеміз.

Әрине, кемшіліксіз емес. "Көш жүре

түзеледі" дегендей. Басылымдар

редакциялар алқасында облыстық

кеңестің төрағаларының түгелдей

мүше екендеріңізді ескерсек,

олардың мән-мағынасы мазмұнына

сіздердің тікелей қатыстарыңыз бар

екенін еске саламын. Өздеріңіз де,

аймақ ардагерлері  де басылымдар

беттерінен ой-пікірлеріңізбен,

т ә ж і р и б е - ж е т і с т і к т е р і ң і з б е н

белсенді түрде бөліссеңіздер абзал

болар еді.

Бұл басылымдардың басында

ондай қауіп қазір бар. "Ардагер

айнасы" газеті бар-жоғы 4000 данадан,

ал журналымыз  470 данадан аспай

тұр. Бұл ретте Шығыс Қазақстан

облысы ардагерлерінің үлес салмағы

сын көтермейді деуге тиіспіз.

Ардагерлер ұйымдарының қалып-

ты және нәтижелі жұмыс атқаруы

үшін материалдық жағдай дұрыс

болуы керек, оның ішінде ардагерлер

бас қосатын, күнделікті мәселелерін

қорытып шешетін, газет-журнал-

дармен танысатын, дойбы-шахмат

ойындарымен бой жазатын, кейбірде

медициналық жәрдем ала алатын

орын болуы қажеттілік, "Ардагерлер

үйі" деп мойындалған мұндай орындар

облыс, аудан, қала орталықтарында

ғана емес, тіпті ауылдық округтарда

(Маңғыстау облысында), әсіресе өз

мәні мен міндетін толық  атқарып

отырған, жаңа архитектуралық

үлгідегі ардагерлер үйлері облыс

орталықтары - Талдықорғанда,

Таразда, Шымкентте, Қостанайда,

Қызылорда қалаларында салынған.

Кейінгі кезде бұл жағы біршама

жақсарғанмен, әлі де өз мәнінде емес.

ҚР Қауіпсіздік Кеңесінің 2010 жылғы

17 ақпандағы  отырысында Елбасы,

Президент Н.Ә.Назарбаевтың облыс

әкімдеріне берген -облыс орталық-

тарында ардагерлер үйлерін салу

туралы тапсырмасы жартылай ғана

орындалып отыр. Аудан, қала

орталықтарының 63-інде бүгінде

Ардагерлер үйлері бар, немесе бұл

барлығының 29%-ғана. Ал 20 аудан

мен 90 пайыз бастауыш ұйымдарында

ғимарат түгілі, арнайы қызметтік

бөлме де жоқ. Біздің кейбір аудандық

ардагерлер ұйымдарымыздың, бас-

тауыш ардагерлер ұйымдарының

белсенді мүшелерінің көпшілігі

ақысыз, пұлсыз қызмет атқаруда

екенін қосып қойыңыз.

Құрметті әріптестер! Бірер айдан

кейін 1-қазан да жетіп келеді. Елімізде

қалыптасқан дәстүр бойынша

Халықаралық қарттар күні өз мәнінде

атап өтіледі. Кейінгі жылдары

Орталық кеңестің ұсынысымен

қарттар күнін бір күн ғана емес, ай

бойы аталып өтуіне қол жеткіздік.

2012-2015 жылдар аралығында

қарттарға әлеуметтік көмек беру

аясында жалпы саны 2665654 адам

қамтылған екен, көмек аясында

жұмсалған қаржы 8 миллиард 837

миллион 313 мың теңгені  құраған.

Өткен жылы еліміздің барлық

БАҚ-тары арқылы "Қамтылмаған

қалмасын!" деген ұран тастап,

сіздермен бірге қарттарымыз бен

мүгедектерімізге ай бойы өндіріс,

мекеме, кәсіпкерлер тарапынан

қамқорлықты қамтамасыз еткенбіз.

Биыл да сол деңгейден түсірмей, алдын

ала дайындық жұмыстарын жүргізіп,

мұқтаж жандарға, қарттарымызға

көмек ұйымдастырайық.

Съезд барысында атап өтілгендей,

Орталық кеңес өткен кезеңде

ардагерлер ұйымдарының әр дең-

гейдегі басшыларын оқытып, кәсіби

дайындығын көтеруде, өзара тәжіри-

бе алмасу реттерін қалыптастырған

едік. Өткізілген оқу, тәжірибе алмасу,

семинарлар оң нәтижелер берді деп

есептейміз. Осы бағыттағы  жұмыс-

тар жалғаса бермек. Кәсіби даяр-

лықты үзбей іске асыру  қажеттілік

тұрақты түрде туындайды. Өз-

деріңізге белгілі, қазіргі кезде де

бастауыш ардагерлер ұйымы, аудан,

қала, ардагерлер басшылары,

Орталық кеңес актив құрамы  40

пайызға жаңартылды.

Қорыта айтарым, құрметті

әріптестер, VII cъезд шешімдерін

ойдағыдай іске асыруға Орталық

кеңестің мүмкіндіктері бар, соны

барлығымыз толықтай пайдаланып,

Тәуелсіздігіміздің 25 жылдығын

лайықты атап өтуге өз үлесімізді

қосамыз, келесі жылғы республи-

калық ардагерлер ұйымының 30

жылдығына жетістіктермен жетеміз

деп сенім білдіремін.



  1   2   3   4


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал