жэф деканы М. У. Зияханов



жүктеу 167.21 Kb.

Дата19.05.2017
өлшемі167.21 Kb.

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі 

«Алматы энергетика және байланыс университеті» коммерциялық емес АҚ 

Жылу энергетика факультеті 

Физика кафедрасы 

 

 

                                                                        «Бекітемін» 



 

ЖЭФ деканы 

                                                            ______________М.У. Зияханов 

                                                   « ___» ____________2016 ж.   

 

 

Пәннің силлабусы 



 

Fiz 1208 ФИЗИКА 1 

 

5В074600 – Ғарыштық техника және технологиялар мамандығы 



 

 

 

 

Курс 



Семестр 

Барлық кредиттер 

ECTS-гі барлық кредиттер 

Барлық сағаттар  

Соның ішінде: 

Дәрістер 

Машықтандыру сабақтар  

Зертханалық сабақтар  

ОӨЖ  

Соның ішінде СОӨЖ  



ЕСЖ  

Емтихан  





135 


 

15 


15 

30 


75 

30 


 

 



 

 

 



 

 

 



 

Алматы, 2016 ж.  

   


Силлабусты  физика  кафедрасының  доценті  С.А.  Биназаров  пәннің 

жұмыс бағдарламасының негізінде құрастырған. 

 

 

Силлабус  «Физика»  кафедрасының  отырысында  қарастырылды  және 



мақұлданды № 9 хаттама «20» маусым 2016 ж.  

 

 



Кафедра меңгерушісі ____________________ Қарсыбаев М.Ш. 

 

 



Силлабус 

жылу 


энергетикасы 

факультетінің 

оқу-әдістемелік 

отырысында қарастырылды және бекітілді  

(хаттама № 4 «22» маусым 2016 ж.)  

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 

  


1 Оқытушы: 

Биназаров  Сәуленбек  Ахметқазыұлы  -  п.ғ.к.,  АЭжБУ-нің  доценті,  А  317 

бөлме. Байланыс телефоны: 8(727)2927923, physics@aipet.kz 

2  Аудиториялық  сабақтардың  жүргізілу  уақыты  мен  орны  сабақ 

кестесінде көрсетілген, СОӨЖ консультация кестесі Жылу энергетикалық 

факультетінің деканаты (Б 227) және физика кафедрасының (А 309) ақпарат 

тақталарында көрсетілген. 



3 Оқу пәнінің сипаттамасы  

3.1 Пәннің мақсаты - студенттердің көзқарасын, қазіргі заман физикасының 

көмегімен әлем бейнесінің сипатын көрсете білу қабілеттілігін және ғылыми 

көзқарасын қалыптастыру.  

3.2 Пәннің мәселесі – студенттерге физиканың іргелі заңдарын классикалық 

теорияларын, қазіргі заман физикасы туралы білімін және оларды іс жүзінде 

қолдануда 

икемділіктерін 

қалыптастыру, 

сонымен 


қатар 

кәсіби 


мамандығының 

негізгі 


жүйесі 

ретінде 


физикалық 

зерттеулердің 

әдістемелерін игеретін деңгейде білім беру. 

3.3 Пәнді сипаттау 

Пәні  5В074600  –  «Ғарыштық  техника  және  технологиялар» 

мамандығының  студенттеріне  арналған,  жоғарғы  техникалық  оқу 

орындарында жоғарғы математика, теориялық механика, жалпы химия және 

т.б.  пәндермен  қатар  бакалаврлар  дайындау  бағдарламаларының  жалпы 

теориялық  негізін  құрайды  және  кез  келген  техникалық  бағыттар  бойынша 

жоғары инженерлік – техникалық оқу орнын бітіруші мамандардың келешек 

қызыметтерінің негізгі (базалық) міндетін атқарады. 

«Физика 1» курсы аяқталғаннан соң студент: 

ұғымы болуы қажет: 

 



классикалық  және  қазіргі  физиканың  теорияларын,  заңдарын 

олардың ішкі өзара байланыстарын, бір тұтастығын т.б. көріністерінің негізгі 

мән  мағынасымен  таныстыру,  сондай-ақ  болашақ  инженерлер  үшін 

физикалық  ұғымдар  мен  құбылыстарды  және  олардың  заңдарын  игеріп, 

белгілі  жағдайда  тиімді  пайдалана  білудің  қаншалықты  маңызды  екендігіне 

көз жеткізу;  

 

студенттерді,  кәсіби  мәселелерді  шешудің  негізі  болып  табылатын 



физика  пәнінің  әр  түрлі  салаларына  қатысты  мәселелерді  (теориялық  және 

эксперименталдық оқу мәселесі) шешуге дағдылану;  



білу: 

 



студенттер  эксперименталдық  немесе  теориялық  зерттеу  әдістері 

арқылы алынған нәтижелердің дұрыстығының дәрежесін анықтай білу;  

 

студенттердің  физикалық  құбылыстардың  моделін  компьютер 



арқылы жасау, табиғи құбылыстарды өз бетімен танып білу, шығармашылық 

ойлау жүйесін дамытуға жол ашу; 



қолынан келетіні: 

 



студенттерді 

қазіргі 


өлшеу 

аспаптарымен 

таныстыру, 

эксперименталдық  зерттеулерді  жүргізу,  нәтижелерді  өңдеу  дағдысы  мен 



іскерліктерін  жетілдіру,  болашақ  мамандығына  байланысты  қолданбалы 

мәселелердің нақты физикалық мағынасын танып білуге үйрету.  



3.4 Пәннің қайта деректемелері: - математика 1, информатика. 

3.5 Пәннің кейінгі деректемелері: Физика 2, Метрология, стандарттау және 

сертификаттау, Механика. 

 

2. Пәннің құрылымы және мазмұны 

2.1 Теориялық дайындық (15 сағ.) 

 

Тақ 

№   

 

Тақырыбы (модулдер, бөлімдер) 

Пайдаланылған 

әдебиеттердің 

нөмірі 

 



Физика  материяның  қарапайым  қозғалыстарын  және  осы 

қозғалыстарға  сәйкес  табиғаттың  жалпы  заңдарын  зерттейтін 

ғылым.  Физикалық  зерттеулердің  әдістері:  тәжірибе,  гипотеза, 

эксперимент,  теория.  Физикалық  дамудың  басты  кезеңдері  –

И.Ньютон  механикасы,  Дж.  К.  Максвеллдің  электормагниттік 

өріс 


теориясы 

және 


кванттық 

көзқарастардың 

тууы, 

салыстырмалылық  теориясы  мен  кванттық  механиканы  құру, 



сондай-ақ,  атомдық,  ядролық  физика  және  қазіргі  физиканың 

әртүрлі 


салаларының 

теориялық 

негіздері. 

Физиканың 

техниканың  дамуына  ықпалы.  Физика  және  басқа  ғылымдар. 

Физикалық  моделдеу.  Физика  курсының  жалпы  құрылысы  мен 

міндеттері анықталған. 

Механика.  Кинематика.  Механикалық  қозғалыс  -  материя 

қозғалысының  ең  қарапайым  түрі.  Кеңістік  және  уақыт.  Санақ 

жүйесі.  Материалдық  нүкте  түсінігі.  Материалдық  нүкте 

қозғалысын  кинематикалық  сипаттау.  Қозғалыс  заңдары. 

Траектория  теңдеуі.  Жылдамдық  және  үдеу  -  радиус-

векторының 

уақыт 

бойынша 


туындысы. 

Айналмалы 

қозғалыстың  кинематикалық  элементтері.  Қисық  сызықты 

қозғалыс кезіндегі жылдамдық пен үдеу. Бұрыштық жылдамдық 

және бұрыштық үдеу.                                                              (2 сағ.) 

Конспектілер, 

Ә. 2, 7, 8 

 



Материалдық  нүктенің  және  қатты  дененің  динамикасы. 

Ньютон заңдары. Масса. Күш. Механикадағы күштердің түрлері. 

Гравитациялық  күштер.  Бүкіл  әлемдік  тартылыс  заңы. 

Серпімділік  күштері.  Гук  заңы.  Үйкеліс  күштері.  Инерциалды 

санақ  жүйелері.  Салыстырмалылықтың  механикалық  принципі. 

Галилей  түрлендірулері.  Инерциалды  емес  санақ  жүйесі. 

Абсолют  қатты  дене  түсінігі.  Қатты  дененің  инерция  моменті 

және  күш  моменті.  Қозғалмайтын  оске  қатысты  қатты  дененің 

айналмалы  қозғалыс  динамикасының  негізгі  теңдеуі.  Штейнер 

теоремасы.                                                                                (1 сағ.) 

Конспектілер, 

Ә. 2, 7, 8 



Сақталу  заңдары.  Сақталу  заңдары  кеңістік  және  уақыттың 

симметриялы  екендігінің  салдары.  Материалдық  нүктелер 

жүйесі.  Сыртқы  және  ішкі  күштер.  Механикалық  жүйенің 

массалар  центрі  (инерция  центрі)  және  оның  қозғалыс  заңы. 

Импульстің сақталу заңы - табиғаттың іргелі заңдарының бірі. 

Реактивті  қозғалыс.  Энергия  -  әр  түрлі  көріністегі  қозғалыстар 

мен өзара әсерлесудің әмбебап өлшемі. Күш жұмысы және оның 

қисық  сызықты  интеграл  арқылы  берілетін  өрнегі.  Қуат. 

Механикалық  жүйенің  кинетикалық  энергиясы  және  оның 

Конспектілер, 

Ә. 2, 7, 8 


жүйеге  түсірілетін  сыртқы  және  ішкі  күштерінің  жұмысымен 

байланысы.  Сыртқы  күш  өрісіндегі  материялдық  нүктенің 

потенциалдық  энергиясы  және  оның  материялдық  нүктеге  әсер 

ететін  күшпен  байланысы.  Консервативті  және  консервативті 

емес күштер. Механикадағы энергияның сақталу заңы. Импульс 

моменті.  Импульс  моментінің  сақталу  заңы.  Гироскопиялық 

эффекті.                                                                                     (1 сағ.) 



Арнайы 



салыстырмалық 

теориясының 

элементтері. 

Эйнштейн  постулаттары.  Лоренц  түрлендірулері.  Түрленудің 

инварианттары. 

Жылдамдықтарды 

қосудың 

релятивистік 

заңдары. Релятивтік динамика.  

Тұтас  орталар  механикасының  элементтері.  Тұтас  орта 

түсінігі. Сұйықтар мен газдардың жалпы қасиеттері. Идеал және 

тұтқыр  сұйық.  Бернулли  теңдеуі.  Сұйықтардың  ламинарлық 

және  турбуленттік  ағыны.  Стокс  өрнегі.  Пуазейл  өрнегі. 

Серпімді 

кернеу. 


Серпімді 

деформациаланған 

дененің 

энергиясы.                                                                                 (1 сағ.) 

Конспектілер, 

Ә. 2, 7, 8 

 

Тербелістер  мен  толқындар.  Гармониялық  тербелістердің 



жалпы 

сипаттамалары. 

Серіппедегі 

жүктің 


тербелісі, 

математикалық және физикалық маятниктер. Тербелістерді қосу. 

Векторлық  диаграмма.  Еркін  өшетін  тербелістер.  Өшу 

коэффициенті.  Өшудің  логарифмдік  декременті.  Синусоидалы 

күштің әсерінен болатын еріксіз тербеліс. Еріксіз тербелістердің 

амплитудасы мен фазасы. Резонанс. Автотербелістер. 

Толқындық  қозғалыстардың  негізгі  сипаттамалары.  Толқын 

теңдеуі.  Қума  және  тұрғын  толқындар.  Фазалық  жылдамдық. 

Допплер эффектісі. Дыбыс. Ультрадыбыс.                           (1 сағ.) 

Конспектілер, 

Ә. 2, 7, 8 



Молекулалық физика және термодинамика.  



Статистикалық  физика  және  термодинамика.  Молекула-

кинетикалық  теорияның  негіздері.  Молекула-кинетикалық 

көзқарас  тұрғысынан  газдың  қысымы.  Температураның 

молекула-кинетикалық теория тұрғысынан  мағынасы. Идеал газ 

молекулаларының 

орташа 


кинетикалық 

энергиясы. 

Термодинамикалық  параметрлер.  Тепе-теңдік  күйлер  мен 

процестер,  оларды  термодинамикалық  диаграммаларда  көрсету. 

Идеал газ заңдары. Идеал газ күйінің теңдеуі.   

Статистикалық  таралу.  Ықтималдылық  және  флуктуация. 

Максвелл  таралуы.  Бөлшектің  жылулық  қозғалысының 

жылдамдығы.  Сыртқы  потенциалдық  өрістегі  бөлшек  үшін 

Больцман  таралуы.  Еркіндік  дәреже  саны.  Еркіндік  дәрежесі 

бойынша  энергияның  таралуы.  Идеал  газдың  ішкі  энергиясы. 

Идеал 


газдардың 

жылу 


сыйымдылығының 

молекула-

кинетикалық теориясы және оның шектелуі.                       (1 сағ.) 

Конспектілер, 

Ә. 2, 7, 8 



Термодинамика 



негіздері. 

Термодинамиканың 

бірінші 

бастамасы. Изопроцестер. Қайтымды және қайтымсыз жылулық 

процестер.  Карно  циклі  және  оның  ПӘК-і.  Карно  теоремасы. 

Келтірілген 

жылу. 

Клаузиус 



теоремасы. 

Энтропия. 

Термодинамикалық  потенциалдар.  Термодинамиканың  екінші 

бастамасы және оның физикалық мағынасы. Термодинамиканың 

екінші бастамасының статистикалық түсіндірмесі. Сызықты есес 

жүйелердің энтропия. Өзін-өзі ұйымдастыратын жүйелер. 



Тасымалдау құбылыстары. Тасымалдау құбылысының жалпы 

Конспектілер, 

Ә. 2, 7, 8 


сипаттамасы.  Молекулалардың  соқтығысуының  орташа  саны 

және  еркін  жүру  жолының  орташа  ұзындығы.  Релаксация 

уақыты. 

Термодинамикалық 

тепе-тең 

емес 


күйелердегі 

тасымалдау  құбылысы.  Жылу  өткізгіштік,  ішкі  үйкеліс 

(тұтқырлық),  диффузия  –  тасымалдау  құбылыстарының 

молекула-кинетикалық теориясы. Тасымалдау коэффициенттері. 

                                                                                                   (1 сағ.) 



Нақты  газдар.  Молекулааралық  өзара  әсер  күштері. 

Молекулалардың 

эффективті 

диаметрі. 

Ван-дер-Ваальс 

изотермалары.  Бірінші  және  екінші  текті  фазалық    тепе-

теңдіктер  және  фазалық  алмасулар.  Клапейрон-Клаузиус 

теңдеуі. Кризистік нүкте. Метастабильді күйлер. Үштік нүкте. 

                                                                                                   (1 сағ.) 

Конспектілер, 

Ә. 2, 7, 8 



Электр. 

Электростатика.  Электр  зарядтарының  өзара  әсері.  Электр 

зарядтарының  сақталу  заңы.  Электр  өрісі.  Электр  өріснің 

кернеулігі.  Суперпозиция  принципі.  Электрлік  диполь.  Вектор 

ағыны.  Гаусс  теоремасы.  Гаусс  теоремасын  электр  өрістерінің 

кернеуліктерін  есептеу  үшін  қолдану.  Электростатикалық 

өрістің 


жұмысы. 

Электр 


өріс 

кернеулік 

векторының 

циркуляциясы.  Потенциал.  Потенциалдың  электростатикалық 

өріс кернеулігімен  байланысы. 

Электростатикалық  өрісіндегі  өткізгіштер.  Өткізгіштер  және 

өткізгіш  бетіне  жақын  жердегі  электр  өрісі.  Өткізгіш-вакуум 

шекарасындағы  шекаралық  шарттар.  Электр  сыйымдылық. 

Конденсаторлар. 

Әр 


түрлі 

геометриялық 

пішіндегі 

конденсаторлардың сыйымдылығы. 

Электростатикалық  өрістегі  диэлектриктер.  Поляризацияланған 

зарядтар.  Диэлектриктер  түрлері.  Заттардың  диэлектрлік 

өтімділігі  және  оның  температураға  тәуелділігі.  Электрлік 

ығысу. Екі диэлектриктер шекарасындағы шарттар. 

Электр  зарядтарының  өзара  әсерлесу  энергиясы.  Зарядталған 

конденсаторлардың  және  өткізгіштер  жүйесінің  энергиясы. 

Электростатикалық  өріс  энергиясы.  Электростатикалық  өріс 

энергиясының көлемдік тығыздығы.                                     (2 сағ.) 

Конспектілер, 

Ә. 2, 7, 8 

10 

Тұрақты  электр  тогы.  Электр  тогының  болу  шарттары  және 

оның 


жалпы 

сипаттамасы. 

Металдардың 

электрлік 

өткізгіштігінің  классикалық  электрондық  теориясы.  Ом  және 

Джоуль-Ленц заңдарының дифференциалды түрі. Бөгде күштер. 

Гальваникалық  элементі  бар  тізбектің  бөлігі  үшін  жалпы  Ом 

заңы. Кирхгоф ережелері. Газдар мен плазмадағы электр тогы. 

                                                                                                   (2 сағ.) 

Конспектілер, 

Ә. 2, 7, 8 


11 

 

Магнетизм. 



Магнит  өрісі.  Магниттік  индукция  векторы.  Суперпозиция 

принципі.  Био-Савар-Лаплас  заңы.  Қарапайым  жүйелердің 

магнит  өрісіндегі  зарядталған  бөлшектің  қозғалысы.  Лоренц 

күші.  Холл  эффектісі.  Ампер  заңы.  Магнит  өрісіндегі  тогы  бар 

орам. Тогы бар рамкаға әсер етуші күш моменті. Магнит ағыны. 

Магнит өрісі үшін Гаусс теоремасы. Тогы бар өткізгішті магнит 

өрісінде орын ауыстырғанда істелетін жұмыс. 

Заттағы  магнит  өрісі.  Магнетиктер.  Магнетиктердің  түрлері. 

Диамагнетиктер. Парамагнетиктер. Феромагнетиктер. Магниттік 

гистерезис.  Кюри  температурасы.  Екі  ортаның  шекарасындағы 

шекаралық шарттар. Заттағы магнит өрісі үшін толық ток заңы. 

                                                                                                   (2 сағ.) 

Конспектілер, 

Ә. 2, 7, 8 

 

2.2 Тәжірибелік дайындық 

2.2.1 Зертханалық жұмыстардың үлгілік тізімдері (30 сағ.) 

 

Тақ. 

№ 

 

Тақырыбы 

Пайдаланылған 

әдебиеттердің 

нөмірі 

 



Механиканың физикалық негіздері 

ММФ-1 Өлшеу практикумы              

ММФ-5 Максвелл маятнигінің инерциия моментін анықтау. 

ММФ-6 Бұралу тербелістері көмегімен қатты денелердің 

инерция моментін анықтау  

ММФ-7 Баллистикалық бұралмалы маятник арқылы снарядтың 

ұшу жылдамдығын анықтау  

ММФ-8 Обербек маятнигі арқылы айналмалы қозғалыс 

динамикасын оқып үйрену 

ММФ-9 Гироскопиялық эффектіні оқып үйрену               (10 сағ.) 

Конспект, 

Ә. 6 


 



Статистикалық физика және термодинамика 

ММФ-10 Стокс әдісімен сұйықтың тұтқырлығын анықтау  

ММФ-11 Ауа молекуласының эффективті диаметрін және еркін 

жүру жолының орташа ұзындығын анықтау  

ММФ-12 Ауа үшін адиабаттық көрсеткішті анықтау  

ММФ-13  Дыбыс  жылдамдығы  бойынша  ауа  үшін  изобарлық 

және  изотермиялық  жылусыйымдылықтардың  қатынасын 

анықтау  

ММФ-17 Бірінші текті фазалық ауысуды оқып үйрену       (8 сағ) 

Конспект, 

Ә. 3 




Электродинамика 

ЭМК-2 Электр өрісін модельдеу тәсілімен зерттеу 

ЭМК–3 Конденсаторлардың сыйымдығын анықтау 

ЭМК–6 Жалпыланған Ом заңын оқып үйрену  

ЭМК-7 Тұрақты ток тізбегінде қуаттың берілуі                    

ЭМК-10 Магнит өрісін модельдеу тәсілімен зерттеу 

ЭМК-11 Жердің магнит индукциясының горизонталь 

құраушысын өлшеу 

ЭМК-13 Ферромагнетиктердің магниттік сипаттамалары мен 

гистерезис тұзағын айнымалы магнит өрістерімен анықтау 

ЭМК-14 Темірдің магниттік қасиеттерін оқып үйрену 

ЭМК-15  Электронның  меншікті  зарядын  магнетрон  тәсілімен 

анықтау                                                                                    (12сағ.) 

Конспект, 

Ә. 5, 10 


Студенттердің  есіне:  «Физика  1»  курсы  бойынша  физикалық  зертханалық 

практикум  - 6 зертханалық  жұмысқа есептелінген:  механиканың физикалық негіздері - 2 

жұмыс,  статистикалық  физика  және  термодинамика  –  2  жұмыс,  электродинамика  -  2 

жұмыс. Студенттің қандай жұмыстарды орындауы керек екендігін оқытушы жоғарыдағы 

зертханалық жұмыстардың тізбесі бойынша анықтап береді. 

 

2.2.2 Машықтану сабақтарының тақырыптары (15 сағ.) 



 

Тақ. 

№ 

 

Тақырыбы 

Пайдаланылған 

әдебиеттердің 

нөмірі 

Материалдық  нүктенің  кинематикасы  және  динамикасы.  Қатты 



дененің динамикасы.                                                               (2 сағ.) 

Конспект, 

Ә. 1, 4, 11 

Импульстің  және  энергияның  сақталу  заңдары.  Импульс 



моментінің сақталу заңы.                                                        (2 сағ.) 

Конспект, 

Ә. 1, 4, 11 

Арнайы  салыстырмалылық  теориясының  элементтері.  Тұтас 



орталар механикасының элементтері. Серпімді кернеу. Серпімді 

деформацияланған денелердің энергиясы.                            (2 сағ.) 

Конспект, 

Ә. 1, 4, 11 

Гармониялық тербелістер. Толқындық процестер.              (2 сағ.) 



Конспект, 

Ә. 1, 4, 11 

Газ  заңдары.  Статистикалық  таралу.  Тасымалдау  құбылысы. 



Термодинамика негіздері. Реал газдар.                                 (2 сағ.) 

Конспект, 

Ә. 1, 4, 11 

Вакуумдағы  тұрақты  электр  өрісі.  Электростатикалық  өрістегі 



өткізгіштер  мен  диэлектриктер.  Электрсимдылық.  Электр 

өрісінің энергиясы.                                                                  (2 сағ.) 

Конспект, 

Ә. 1, 4, 11 

Тұрақты  электр  тогы  және  оның  сипаттамалары.  Тұрақты  ток 



заңдары. Вакуумдағы магнит өрісі. Заттардағы магнит өрісі. 

                                                                                                   (3сағ.) 

Конспект, 

Ә. 1, 4, 11 



 

2.3 ОӨЖ тақырыптары (75 сағ.) 

2.3.1  Материялық  нүктенің  және  қатты  дененің  қозғалысын  кинематикалық 

сипаттау. Қозғалыс заңдары.                                                                                              (6 сағ.)                                                                                          

2.3.2  Инерциялық  санақ  жүйелері.  Ньютон  заңдары.  Масса,  импульс,  күш. 

Механикадағы күштер. Материалдық нүктелер жүйесі.                                                 (6 сағ.) 

2.3.3 Сыртқы және ішкі күштер. Механикалық жүйенің массалық центрі және оның 

қозғалыс заңдары.                                                                                                                (5 сағ.) 

2.3.4 Екі дененің соқтығысуы. Серпімді және серпімсіз соқтығысулар.           (6 сағ.) 

2.3.5  Молекула-кинетикалық  теорияның  негіздері.  Молекула-кинетикалық 

теорияның негізгі теңдеуі.                                                                                                  (6 сағ.) 

2.3.6  Идеал  газдың  молекулаларының  орташа  кинетикалық  энергиясы. 

Термодинамикалық параметрлер.                                                                                     (5 сағ.) 

2.3.7 

Тепе-теңдік 



күй 

және 


процесстер, 

оларды 


термодинаимкалық 

диаграммаларды кескіндеу. Идеал газ күйінің теңдеуі. Изопроцестер.                        (6 сағ.) 

2.3.8  Термодинамиканың  бірінші  бастамасы  және  оны  идеал  газдың 

изопроцестеріне қолдану.                                                                                                  (6 сағ.) 

2.3.9  Идеал  газдың  жылусыйымдылықтары.  Әр  түрлі  термодинамикалық 

процестерде идеал газдың атқаратын жұмысы                                                                (6 сағ.) 

2.3.10 Электр зарядтарының өзара әсерлесуі. Электр диполі, диполь өрісі      (6 сағ.) 

2.3.11 Өткізгіш-вакуум, екі диэлектрик шекарасындағы шекаралық шарттар (6 сағ.) 

2.3.12  Конденсаторлар.  Әртүрлі  геометриялық  пішіндегі  конденсаторлардың 

сыйымдылықтары.                                                                                                              (6 сағ.) 

2.3.13 Газдағы және плазмадағы электр токтары.                                                (5 сағ.) 


 

2.4 Өздік жұмыстар тапсырмалары: 

ЕСЖ  тапсырмалары  Ә.  9-да  келтірілген.  Пән  бойынша  келесі  тақырыптарда 

есептеу сызба жұмыстары орындалады: 

ЕСЖ № 1 «Механика»; 

ЕСЖ № 2 «Статистикалық физика және термодинамика»;  

ЕСЖ № 3 «Электростатика және тұрақты ток». 



СОӨЖ кестесі: деканат және кафедраның хабарлама тақтасында ілінген.  

Студенттер  үшін  оқу  процесінің  кестесі  деканат  және  кафедраның  хабарлама 

тақтасында ілінген.  

 

3 Аралық және қорытынды бақылау үшін сұрақтар тізбесі 

1.

 



Физика; оның мазмұны, басқа ғылымдармен, техникамен байланысы.  

2.

 



Механикалық қозғалыс материя қозғалысының қарапайым фомасы ретінде.  

3.

 



Кеңістік пен уақыт. Санақ жүйесі. 

4.

 



 Материалдық нүктенің кинематикасы мен динамикасы. 

5.

 



Санақ жүйесі.  

6.

 



Қозғалыстың кинематикалық теңдеулері. 

7.

 



Айналмалы қозғалыс кинематикасы.  

8.

 



Бұрыштық жылдамдық. Бұрыштық үдеу. 

9.

 



Динамиканың негізгі есебі. Классикалық физикадағы күй түсінігі. 

10.


 

 Ньютон заңдары. Материалдық нүкте динамикасының теңдеуі. 

11.

 

 Сыртқы және ішкі күштер. 



12.

 

 Механикалық жүйенің массалық центрі және оның қозғалысы. 



13.

 

 Күш моменті. Импульс моменті.  



14.

 

 Материалдық нүктелер үшін моменттер теңдеуі.  



15.

 

 Механикалық жүйе үшін моменттер теңдеуі.  



16.

 

 Қозғалмайтын 



өске  қатысты  қатты  дененің  айналмалы  қозғалысының 

динамикалық теңдеуі.  

17.

 

 Инерция моменті. Штейнер теоремасы. 



18.

 

 Энергия - қозғалыстың әртүрлі формалары мен әсерлесудің әмбебап өлшемі.  



19.

 

 Күштің жұмысы және оны қисық сызықты интегралмен өрнектеу.  



20.

 

 Қуат. Материаядлық нүктенің және механикалық жүйенің кинетикалық энергиясы 



және оның жүйеге әсер ететін күштердің жұмысымен байланысы.  

21.


 

 Қатты дененің қозғалысы кезіндегі кинетикалық энергия және жұмыс. 

22.

 

 Сыртқы күш өрісінде материалдық нүктенің потенциалдық энергиясы және оның 



материалдық нүктеге әсер ететін күшпен байланысы.  

23.


 

 Консервативті және консервативті емес күштер.  

24.

 

 Сақталу заңдары уақыт пен кеңістіктің іргелі қасиеттерімен байланысты.  



25.

 

 Импульстің сақталу заңы.  



26.

 

 Импульс моментінің сақталу заңы.  



27.

 

 Механикадағы энергияның сақталу заңы.  



28.

 

 Механикадағы салыстырмалылық принципі және Глилей түрлендірулері. 



29.

 

 Арнайы салыстырмалық теория постулаттары. 



30.

 

 Лоренц түрлендірулері. Кеңістіктік-уақыттық интервал. 



31.

 

 Релятивистік механика элементтері. 



32.

 

 Материалдық нүктенің релятивистік динамикасының негізгі теңдеуі. 



33.

 

 Тыныштық энергиясы. Тыныштық энергиясы мен масса арасындағы байланыс. 



34.

 

 Толық энергия мен импульс арасындағы байланыс. 



35.

 

 Статистикалық және термодинамикалық зерттеу әдістері.  



36.

 

 Флуктуациялар және ықтималдылық.  



37.

 

 Максвелл таралуы. Бөлшектердің жылулық қозғалыстарының жылдамдықтары.  



38.

 

 Сыртқы потенциалдық өрістегі бөлшек үшін  Больцман таралуы.   



39.

 

 Еркіндік дәрежелерінің саны. Энергияның еркіндік дәрежелері бойынша таралуы.  



40.

 

 Идеал газдың ішкі энергиясы. Жылу мөлшері және жұмыс-энергия өзгерісі.   



41.

 

 Нақты газдар. Нақты газдардың ішкі энергиясы. 



42.

 

 Ван-дер-Ваальс теңдеуі. 



43.

 

 Термодинамиканың  бірінші  бастамасы.  Қайтымды  және  қайтымсыз  жылулық 



процестер.  

44.


 

 Карно циклі және оның ПӘК-і. Карно теоремасы.  

45.

 

 Энтропия. Оның қасиеттері. 



46.

 

 Термодинамиканың екінші бастамасы және оның статистикалық мағынасы.  



47.

 

 Термодинамиканың екінші бастамасының статистикалық түсіндірмесі.  



48.

 

 Энтропияның күй ықтималдылығымен байланысы.  



49.

 

 Тасымал құбылысының жалпы сипаттамасы және түрлері.  



50.

 

 Молекулалардың  еркін  жолының  орташа  ұзындығы  және  соқтығысуларының 



орташа саны. 

51.


 

 Классикалық электродинамика пәні. Электростатиканың негізгі есебі.   

52.

 

 E  векторының  ағыны.  Гаусс  теоремасы.  Гаусс  теоремасын  электр  өрістерінің 



кернеуліктерін есептеу үшін қолдану. 

53.


 

 Электр  өріс  кернеулік  векторының  циркуляциясы.  Электростатикалық  өрістің 

жұмысы.  

54.


 

 Потенциал.    Электростатикалық  өріс  потенциалы  мен  кернеулік  векторының 

байланысы.  

55.


 

 Электр өрісіндегі зарядты орын ауыстырғанда істелген жұмыс. 

56.

 

 Электростатикалық өрістегі диэлектриктер. Байланысқан зарядтар. Полярлану.  



57.

 

 Диэлектриктерлің түрлері. Электрлік ығысу. 



58.

 

 Электростатикалық  өрістегі  диэлектриктер  үшін  Гаусс  теоремасы.  D  электрлік 



ығысу векторы.  

59.


 

 Электр  зарядтарының  өзара  әсерлесу  энергиясы.  Зарядталған  конденсатордың 

энергиясы.  

60.


 

 Электростатикалық  өріс  энергиясы.  Электростатикалық  өріс  энергиясының 

көлемдік тығыздығы.  

61.


 

 Тұрақты электр тогы. Ток күші мен токтың тығыздығы.  

62.

 

 Джоуль-Ленц және Ом заңдарының интегралдық және дифференциалдық түрлері.  



63.

 

 Тұйықталған тізбек үшін энергияның сақталу заңы.   



64.

 

 Токтардың өз ара әсері.  



 

6 Студенттердің баға деңгейі жөнінде ақпараттар 

6.1 Бағалау жүйесі 

Сіздің  білім  деңгейіңіз  оқытудың  кредиттік  технологиясында  қабылданған  курс 

бағдарламасы бойынша қорытынды бағалар шкаласына сәйкес бағаланады (1 - кесте).  

1 кесте  

Баға 

Балдың 


сандық 

эквиваленті 

Пайыздық 

мазмұны 


Бағаның бұрынғы түрі  

А 

4,0 


95-100 

Үздік  


А- 

3,67 


90-94 

В+ 


3,33 

85-89 


Жақсы 

 

В 



3,0 

80-84 


В- 

2,67 


75-79 

С+ 


2,33 

70-74 


Қанағаттанарлық.  

 

С 



2,0 

65-59 


С- 

1,67 


60-64 

Д+ 


1,33 

55-59 


Д 

1,0 


50-54 



0-49 

Қанағаттанарлықсыз 

 

Рұқсат  рейтингісінің  бағасы  семестр  бойына  жинақталады  және  оқу  жұмысының 



барлық  түрлері  мен  аралық  бақылауды  қамтиды.  Жұмыстың  әр  түрі  100  баллдық 

шкаламен бағаланады  және 2  - кестеге сәйкес  коэффициентік деңгей рұқсаты ағымдағы 

бақылаудың орташа бағасына қосылады.   

 

2 кесте. Әр жұмыс түрінің маңыздылығы. 



Параметрлер 

Коэффициент салмағы 

Дәріс сабақтарына қатысуы  

0,05  


СӨЖ 

0,10  


Машықтандыру сабақтарындағы жұмыс 

0,25 


ЕСЖ қорғау 

0,35 


Зертханалық сабақтарға арналған жұмыс 

0,25  


Ағымдағы бақылаудың орташа бағасы (Ор) 

1,00 


Аралық  бақылау  (АБ)  семестрде  екі  рет  өткізіледі  (Б

1

  және  Б



)  және  әрқайсысы 

оқытушымен 100-баллдық шкаласымен бағаланады. 

Бақылау рұқсаттамасы PLATONUS ақпараттық жүйесімен есептеледі: 

БР

 

= (Б



1

 + Б


2

)/2*0,2+О

р

*0,8 


Қорытынды баға келесідей шығарылады 

Қ = 0,6БР+0,4Е, 

Е – емтихандық бағасының сандық баламасы. 

 

6.2 Баллдың қойылу саясаты 

Максималды  бағалар  жұмыстың  сапасына  және  орындалуына  қарап  қойылады. 

Тесттілік тапсырмалардың және дәріске қатысу бағалары тесттің дұрыс жауаптар санына 

және жіберілген дәрістік сабақтардың санына байланысты қойылады.  



 

6.3 Білім алушылардың оқу орындарының баға аударымдары 

 

ҚР-да  оқитындардың  оқу  жетістіктерін  бағалаудың  баллдық-  рейтингтік  әріптік 

жүйесіне  ECTS  (Кредиттерді  жинақтау  және  трансферттік  (ауыстырудың)  Европалық 

жүйесі) бойынша бағаларды және кері ауыстыру 3-4 кестелерге сәйкес орындалады. 

 

3  –  кесте.  ҚР  оқитындардың  оқу  жетістіктерін  бағалаудың  баллдық-  рейтингтік 



әріптік жүйесі ECTS бойынша бағаларды ауыстыру  

 ECTS 


бойынша 

бағалар 


Әріптік 

жүйедегі 

бағалар 

Балдың 


сандық 

эквиваленті 

Пайыздық 

мазмұны 


Бағаның бұрынғы түрі 

А 

А 



4,0 

100 


Өте жақсы 

В 

В+ 



3,33 

85 


Жақсы 

С 

В 

3,0 



80 

С 



2,0 

65 


 Қанағаттанарлық. 



1,0 

50 


FX, F 



Қанағаттанарлықсыз 

 

4 – кесте. Балды – рейтингтік әріптік РК баға жүйесіне сәйкес ЕСТS бойынша бағалар  



Әріптік 

системадағы 

баға 

Балдың 


сандық 

эквиваленті 

 

Пайыздық 



мазмұны 

Бағаның бұрынғы түрі 

ECTS бойынша 

баға 


 

А 

4,0 



95-100 

Үздік 


А 

А- 


3,67 

90-94 


В+ 

3,33 


85-89 

Жақсы 


В 

В 

3,0 



80-84 

 Жақсы 


С 

В- 


2,67 

75-79 


С+ 

2,33 


70-74 

Қанағаттанарлық. 

С 

2,0 


65-69 

 Қанағаттанарлық. 

С- 


1,67 

60-64 


D+ 

1,33 


55-59 

1,0 



50-54 

 Қанағаттанарлық. 





0-49 

Қанағаттанарлықсыз 

FX, F 

 

7 Курс саясаты: 

- сабаққа кешікпеу және сабақты жібермеу; 

- мұғалімнің ұсынған дәрісін мұқият тыңдау;  

- сабаққа белсенді түрде қатысу; 

- машықтандыру және зертханалық сабақтарға дайындалу; 

 - кестеге сәйкес есептеу графикалық жұмыстарды орындау және тапсыру

- зертханалық жұмыстарды орындау, сабақты тек себепті жіберу (деканаттан жеке рұқсат 

қағазы болған жағдайда);  

- үйде және кітапханаларда өздігінен дайындалу. 

 

8 Академиялық этика нормалары: 

- ұқыптылық; 

- тәртіптілік; 

- қайырымдылық; 

- адалдық; 

- жауаптылық; 

- аудиторияда жұмыс жасағанда ұялы телефондарды өшіріп жұмыс істеу керек. 

   Түсініспеушілік тудыратын жағдайлар оқу топтарында оқытушымен, эдвайзермен ашық 

талқылануы  керек,  ал  түсіністікке  қол  жеткізілмесе  бұл  мәселе  деканат  қызметкерлеріне 

жеткізілуі керек. 

 

Әдебиеттер тізімі 

Негізгі:  

1. Волькенштейн В.С. Жалпы физика курсының есептер жинағы. -А., 2012. -485 б 

2. Трофимова Т.И. Физика курсы. –М.: «Академия», 2006. - 480 б. 


3.  Байпақбаев  Т.С.,  Қарсыбаев  М.Ш.,  Сыздықова  Р.Н.  Статистикалық  физика  және 

термодинамика.  Барлық  мамандықтардың  студенттері  үшін  зертханалық  жұмыстарды 

орындауға арналған әдістемелік нұсқау. - Алматы: АЭжБУ, 2011. -34 б. 

4. Трофимова Т.И. Физика курсы бойынша шешулері қоса берілген есептер жинағы.- М.: 

«Жоғары мектеп», 2010. -591 б. 

5. 


Электростатика.Тұрақты 

ток 


[Мәтін] 

зертханалық 



жұмыст.орынд.арн-н 

әдіст.нұсқаулар  /  КЕАҚ  АЭжБИ,  Физика  каф-сы  ,құраст.:  Т.С.Байпақбаев, 

Т.С.Кенжебекова, А.И.Мамырбаева. - Алматы : АЭжБУ, 2016. - 34б 

6.  Байпақбаев  Т.С.,  Саламатина  А.М.,  Қалықпаева  Р.С.  Физика.  Механика.  Барлық 

мамандық  студенттері  үшін  зертханалық  жұмыстарды  орындауға  арналған  әдістемелік 

нұсқаулықтар. - Алматы: АЭжБУ, 2015. 40 б. 

7. Қойшыбаев Н.Қ. Физика. Т.3. Электр және магнетизм. –А., 2006 

8. Қойшыбаев Н.Қ. Физика Т.1:Механика. Молекулалық физика. –А., 2001. - 497 б 

9. Биназаров С.А., Қалшабеков А.С., Мамырбаева Г.А. Физика 1. 5В074600  – Ғарыштық 

техника және технологиялар мамандығының студенттері үшін есептеу-сызба жұмыстарды 

орындау бойынша әдістемелік нұсқаулықтар. - Алматы: АЭжБУ, 2014. -28 б.  

10. Байпақбаев Т.С., Заводская Л.В., Мәжитова Л.Х. Электростатика. Тұрақты ток. Барлық 

мамандық және барлық оқу түрінің студенттері үшін зертханалық жұмыстарды орындауға 

арналған әдістемелік нұсқаулар. – Алматы: АЭжБУ, 2008. -35 б. 

11.  Байпақбаев  Т.С.,  Қарсыбаев  М.Ш.  Жалпы  физика  курсының  есептер  жинағы.  –

Алматы: АЭжБУ, 2014. -248 б. 

 

Қосымша: 



12. Дуаметұлы Б. Жалпы физика курсының негіздері-А.: «ҚазҰТУ», 2012.-127 б. 

13. Бәйімбетов Ф.Б. Электр және магнетизм.-А.: «қазақ университеті», 2011 



14. Бектенов Ә.М. Физика есептерін шығару. –А., 2013. -628 б. 

 




©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал