Жазуға байланысты жүргізілетін жұмыстар


Диктанттың бастауыш мектепте жүргізілетін түрлері



жүктеу 32.14 Kb.
бет2/4
Дата02.11.2022
өлшемі32.14 Kb.
#23195
түріСабақ
1   2   3   4
ЖАЗУҒА БАЙЛАНЫСТЫ ЖҮРГІЗІЛЕТІН ЖҰМЫСТАР
Диктанттың бастауыш мектепте жүргізілетін түрлері

Ескерту диктанты. Мұнда мұғалім мәтінді тұтас оқып шығады. Балалар жақсылап тыңдап отырады. Содан кейін түсініксіз деген сөздердің мағынасын түсіндіреді. Мұғалім әрбір сөйлемді қайта оқып шығады, оқылған сөйлемдер балалардың қатысуымен тыңдалады. Сөйлемді жазбас бұрын мұғалім балалардың зейінін ондағы қиын сөздердің жазылуына, өтіліп отырған ережеге аударады. Оқушылар тиісті дыбыстарды көрсетеді, ережесін айтып береді, олардың қателескен жері болса түзетеді. Осындай жұмыстардан кейін ғана балалар сөйлемді жазуға кіріседі. Алғашқы кезде әр сөйлем оқылып, талданып барып жазылады. Кейін балалар жұмыстың бұл түріне дағдыланған кезде, бірнеше сөйлем бірден оқылып, олардың ішінен мағынасы түсініксіз сөздер мен жазылуы қиын деген сөздер ғана талданады, ал одан әрі мәтін тұтас оқылады да, сөздер іріктеліп алып талданады, содан соң мұғалім әр сөйлемді оқып, балалар жазады. Егер балалар белсенділік көрсетіп, сөздердің қалай жазылуын, талдануын сұрап, сөздіктен қарайтын болса, онда диктанттің тиімді болғаны.


Іріктеу диктанты. Мұның ескерту диктантынан айырмашылығы – балалар мұғалімнің айтқан сөздерінің барлығын жазып отырмайды, оның ішінен белгілі бір ережеге қажетті сөздерді немесе сөз тіркестерін іріктеп жазады. Диктанттың бұл түрінде уақыт үнемделеді, қажетті сөздер мен сөйлемдер көбірек жазылады, ең бастысы оқушылар мәтінді аса зейін қоя тыңдап отыруға мәжбүр болады.
Түсіндіру диктанты. Мұнда мәтін жазылып болғаннан кейін ғана талданады, қателері түзетіледі. Диктанттың бұл түрін жазуға кірісерде қажетті ережелер еске түсіріледі. Мұны ескерту диктантынан бақылау диктантына өткел ретінде жүргізілетін жұмыс деуге де болады. Түсіндіру диктантының бір түрі ретінде жүргізілетін жұмыс деуге де болады. Түсіндіру диктантының бір түрі ретінде сөздік диктантын да жүргізуге болады. Онда сөйлем де, мәтін д е емес, жеке сөздер айтылады. Бұған оқушыларға қиындық келтіретін немесе ережелерге бағынбайтын сөздер алынады. Сөздік диктант ұзақ болмайды, 5-10 минут шамасы, көбінесе сабақтың аяғында жүргізіледі. Мұғалім жеке сөздерді айтады, балалар жазады, жазғандарын сөздіктен қарап түзетеді. Үнсіз диктант ұйымдастырылады. Онда мұғалім қажетті суреттер көрсетеді (аю, сиыр, жылқы, қоян, қозы, трактор, комбайн т.б.), ал балалар бірден жазады немесе керекті әрпі бар карточканы көрсетіп, сонан соң жазады. Сөздік диктант 10-15 сөзден аспауы тиіс.
Творчествалық диктант. Мұғалім тақтаға қажетті сөздерді жазады. Кейде сурет немес бір серия картина беріледі: балалар бір тақырыпта сөйлемдер құрайды. Шамамен қолданылатын ережелер беріледі (еске түсіріледі). Балалар сөйлемдегі сөздерді дұрыс тұлғада тұрған-тұрмағанын байқайды, қажет болса, өзгертеді. Жұмыстың бұл түрін таза диктант деуге болмайды, сөйлемді балалардың өздері құрастыратын болғандықтан мұны шығарманың кіріспесі деуге болады.
Творчествалық диктант балалардың тілін дамыту үшін де өте қолайлы, өйткені оқушылар мәтін құрауға белсенді қатысады, сөздерді де өздері ойлап табады.
Ерікті диктант. Бұл мазмұндама деп аталады. Бірақ мазмұндамадан оңайлау. Диктант деу себебі – мұғалім мәтінді оқып тұрады, ал ерікті дейтініміз – балалар әдеттегі диктанттай, мәтінді мұғалімнің оқуы бойынша сөзбе-сөз емес, естерінде қалғандарын ғана жазады. Мәтін оқылмас бұрын қажетті ережелер еске түсіріледі. Мұғалім мәтінді әуелі тұтас, сонан соң оның 5-6 жолын оқиды. Әрбір оқылған үзінді оқушылар жаттау алатындай, өте қысқа болмауы керек. Оқушылар оқыған үзіндінің естерінде қалғанын ғана жазады. Диктанттың бұл түрі де тіл дамыту жұмысымен ұштасады. Осы көрсетілген жұмыстардың барлығы орфографиялық дағдыны автоматтандыру мақсатын көздейді.
Бақылау немесе тексеру диктанты. Бұл балалардың алған білімдері мен қалыптасқан дағдыларына тексеру мақсатында жүргізіледі. Мұнда оқушы өзі білетін ережені қолданып, өз күшін өз бетімен байқай алады. Мұғалім қандай да болмасын бір орфографиялық ережені оқушылардың қалай меңгергендері жөнінде мәлімет алады. Қандай ереже қайталану керек, кімге қандай көмек керек – соны анықтайды. Егер диктанттың нәтижесі бүкіл класс бойынша нашар болса, қайталау диктанты жүргізіледі. Мұндай жағдайда сол мәтіннің өзі қайтадан алынады немесе соған ұқсас мәтін алынып, қайталанады, диктант жаздырылады.


жүктеу 32.14 Kb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   2   3   4




©emirb.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет