Жазылу «Қазпошта», «Эврика Пресс», «Сенім» баспаханасы



жүктеу 1.18 Mb.

бет1/11
Дата19.01.2017
өлшемі1.18 Mb.
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

www.ar-ay.kz

E-mail:aray2008 @mail.ru

Алло, «Арай» тыңдап тұр! Байланыс телефоны: 8 (7262) 43-69-06, 43-69-04

Газет 2005 жылдың 13 қазанынан бастап шығады

6 қараша, бейсенбі, 2014 жыл

№45 (473)

«Қазақстан-Тараз» телеарнасына – 25 жыл

7-бет

ОБЛЫС ӨМІРІНІҢ АЙНАСЫ

Жазылу «Қазпошта», «Эврика Пресс», «Сенім» баспаханасы 

мекемелері арқылы жүргізіледі. Жазылу индексі: 66250.  

Тел: 43-69-04, 43-69-08.

 «АРАЙҒА» 

 «АРАЙҒА» жазыл, қалайда!

жазыл, қалайда!

Жазылу 

мерзімі

6 айға

1 жылға 

Қала тұрғындары 

үшін

1899,42 теңге

3798,84 теңге

Мекемелер мен 

ұйымдар үшін

2025,84 теңге

4051,68 теңге

Ауыл тұрғындары 

үшін

1975,86 теңге

3951,72 теңге

Ауыл мекемелері 

мен ұйымдарына

2102,28 теңге

4204,56 теңге

Мәдени байланыс

8-бет

КІТАП – БІЛІМ БҰЛАҒЫ ЕМЕС ПЕ ЕДІ?..



Біздің оқырман

Әдебиет пен өнер қашанда  

жалынды, қайсар  жастардың 

жігерімен ерекшеленеді. 

Ондай таланттар біздің аймақта 

жетерлік. Өзіміз айтыскер 

болғандықтан, талантымен  тас 

жаратындай болып шыңдалып 

өсіп келе жатқан жас 

айтыскерлердің қадамына 

қуанамыз. Барлық 

саланы кеңінен қамтитын 

жастар газетінің 

жас айтыскерлерді, 

қаламгерлерді үнемі 

қанаттандырып 

отыратынын аңғарып 

жүрміз. Ендеше, 

таңдай қақтырар 

жастар туралы 

жазарларыңыз 

көбейе берсін.

Түйсігі бар оқырман, қазіргі жастарды кітапқа 

қалай үйретеміз? «Олардың бойына руханият 

әлемін қалай ендіреміз» деп жиі толғанады үлкен 

буын. Жастар, студенттер қазіргі қыспаққа 

толы кезеңде күн көрудің амалын іздеп, 

кітап бетін ашудан қалды. Әупірімдеп 

күнін әрең көріп жатқан көпшіліктің кітап 

сатып алатын қаржысы жоқ. Міне, боямасыз өмір 

шындығы.

Облыс әкімдігінде



4-бет

7-бет


ҚҰР СӨЗ ЖҮРГЕН ЖЕРДЕ 

ҚҰР СӨЗ ЖҮРГЕН ЖЕРДЕ 

ҚҰРЫЛЫСТЫҢ КҮЙІ БОЛМАЙДЫ

ҚҰРЫЛЫСТЫҢ КҮЙІ БОЛМАЙДЫ

ЖЕТІСУ ЖАМБЫЛ ЖЕРІН ЖЫРҒА БӨЛЕДІ

ЖЕТІСУ ЖАМБЫЛ ЖЕРІН ЖЫРҒА БӨЛЕДІ

Ербол ҚАМБАТЫРОВ, 

Үміт БИТЕНОВА, ҚР мəдениет 

саласының үздіктері

6-бет

Жазылым – 2015



Киелі  Əулиеата  өңірінде  өткен  жер  жаннаты 

Жетісудың  облысымыздағы  мəдени  күндерін 

газетіміздің  өткен  санында  жан-жақты  жазған 

болатынбыз.  Сол  тағылымы  мол  мəдени 

байланыс 

«Баласағұн» 

ор та    лық 

концерт 

залындағы  Алматы  облысының  тыныс-тір-

шілігінен,  тарихи  құндылықтарынан,  əлеу  мет -

тік-экономикалық  даму  бағыттары  мен  қол өнер 

байлықтарын айшықтаған көрмемен жалғасты. 

Жыл  санап  облысымызда  құрылыс  жұмыстары  қарқын  алып 

келеді. Бұл мақсатта бюджеттен қыруар қаржы бөлініп, жоспарланған 

нысан құрылысының еш қиындықсыз аяқталуына да барлық жағдай 

жасалуда.  Алайда,  туындап  отырған  мəселелер  де  жоқ  емес.  Атап 

айтқанда, облыстағы құрылыс саласына жауапты кейбір адамдар өз 

істеріне немқұрайдылықпен қарап, бабы келген іске байыппен қарай 

алмай  отыр.  Құрылыс  алаңындағы  осы  жəне  басқа  да  мəселелер 

туралы  апта  басында  облыс  əкімдігінде  өткен  аппараттық  кеңесте 

облыс  əкімдігінің  құрылыс,  жолаушылар  көлігі  жəне  автомобиль 

жолдары басқармасының басшысы Рахманқұл Байтелиев мəлім етті.

Аталған  басқарма  биылғы 

жылы 151 нысанның құры лы сы-

на  жəне 51 жобалық-сметалық 

құ жат тамалар  дайындауға 31,6  

млрд.  теңге  бөлген.  Ол  қар жы-

ның 99,2 пайызын  өткен 9 ай 

ішінде игеріп те үлгерген.   

Басқарма  басшысы  жиын 

ба ры сында  жеке  тұрғын  үйлер 

құрылысының ахуалымен де та-

ныс тырды. Атап айтқанда, жеке 

тұрғын  үй  құрылысы  бо йын ша 

жылдық жоспар 231,7 мың шар-

шы метр болған. 9 ай қоры тын-

ды сы  бойынша 148,7 мың 

шаршы  метр  пайдалануға  тап   -

сы ры лып,  өткен  жылдың  осы 

уақытымен салыстырғанда 12,1 

пайызға  артық  орын да лып ты. 

Дегенмен, Жамбыл жəне Шу ау-

дандары аталған салада ен жар-

лық  танытып,  өткен  жыл мен 

салыстырғанда  жұмыс  кө ле мі, 

тиісінше, 29 жəне 6 пайыз ға кем 

орын далған.  

Сондай-ақ, 

Рахманқұл 

Тұрсынқұлұлы  аталған  бағдар-

ла ма  лар ды  игерудегі  мəселе-

лер ді  де  атап  көрсетті.  Тұрғын 

үй лер ге  жобалық-сметалық  құ-

жат тама лар  мерзімінде  дайын-

дал мауы  жұмыстың  жоспардан 

кем  орын далуына  себеп  болса, 

инже нерлік  инфрақұрылыммен 

қам та масыз  етуге  жобалардың 

жоқ  тығы мен жобалық-сме талық 

құжаттамалар  дайын дауға  қала 

жəне аудан бюджет тері есебінен 

қаржы  қаралмауы  жұмыстарды 

кешеуілдетуде. 



2-бет

нер қашанда  

жастардың 

енеді. 


здің аймақта

ыскер 


антымен  тас 

 шыңдалып

ас 

дамына 


мтитын

і,

мі



ып

ТЫРОВ,

А, ҚР мəдениет

діктері

Мұратхан ƏЛІМХАН,

alimkhan_m@mail.ru

Өңіріміздің экономикалық-əлеуметтік, саяси 

жəне  мəдени  өміріндегі  бірде-бір  сəтін  қалт 

жібермей,  көрермен  назарына  ұсынып  келе 

жатқан 

«Қазақстан-Тараз» 



телеарнасының 

құрылғанына 25 жыл  толды.  Осынау  мерейлі 

мерекеге  орай  кеше  телеарна  ұжымы  «Ашық 

есік  күнін»  өткізді.  Бұл  күні  телеарна  ұжымын 

құттық тап,  жылы  лебіз-тілектерін  арқалай 

келген аза мат тардың қарасы да қалың болды.

1989 жылғы 1 қараша тек Жамбыл жұрт шы-

лығына ғана емес, еліміз үшін де тарих бетінен 

елеулі  орын  алар  күндердің  бірі  ретінде  есте 

қалды.  Өйткені,  дəл  осы  күні  республикалық 

ақпарат 

кеңістігіне 

аймақтық 

телеарна 

бейнесіндегі  жаңа  толқын,  тың  леп  қосылған 

еді.  Сол  уақытта  «ЖТД»  аталған,  бүгінде 

«Қазақстан-Тараз»  атымен  белгілі  телеарна 

еліміз  бойынша  ұзақ  уақыт   үзілістен  соң 

ашылған  алғашқы  арна  болды.  Бар  болғаны 

бірнеше  айдың  ішінде  құрамы  белгіленіп, 

техникалық базасы жасақталған аталмыш арна 

тұсауы кесілгеніне бір апта толмастан орталық 

алаңда  өткен  еңбекшілер  шеруінен  тікелей 

көрсетілім  жасап,  болашағының  зор  екенін 

байқатты. 

Алғашында  телеарнаның  аптасына  екі-үш 

рет  қана  эфирге  шығуға  мүмкіндігі  болды. 

Хабарлары ның  ұзақтығы  да 15-20 минуттан 

аспайтын еді. Алайда, араға ұзақ уақыт салмай 

күрделі 


жөндеу ден 

өткізіліп, 

техникалық 

жағынан  жарақтандырыл ған  Ы.Сүлейменов 

көшесіндегі 

Жамбыл 


гидро мелиоративтік 

инженерлік  құрылыс  институтының  ғимараты 

телеарна меншігіне берілген соң жаңа белеске 

көтерілді. 

Ашылған уағында жылжымалы телестанция 

арқылы  тарайтын  хабарлар  Қаратау  қалалық 

теле сту диясынан  да  көрерменге  жол  тарта 

бастады.


ХАНТАУ – ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫНЫҢ 

ХАНТАУ – ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫНЫҢ 

АЛҒАШҚЫ АСТАНАСЫ 

АЛҒАШҚЫ АСТАНАСЫ 

ҚАЛА ТАЗАЛЫҒЫ ҚАУҚАРЛЫ 

ҚАЛА ТАЗАЛЫҒЫ ҚАУҚАРЛЫ 

СЕРІКТЕСТІКТЕРДІҢ ҚОЛЫНДА БОЛҒАНЫ ДҰРЫС

СЕРІКТЕСТІКТЕРДІҢ ҚОЛЫНДА БОЛҒАНЫ ДҰРЫС

«Тазалық таза ұстаған жерде орнайды» 

дейді медицина тілі. Алайда, кезінде 

«қаланың әр көшесін қалт жібермей 

тазартамыз, таң сәріден тұрып, жылан 

жалағандай етеміз» деп уәде еткен 

жекеменшік серіктестіктердің сөзі сылдыр 

суға, арты ақша жинаушы қуға айналғандай.

11-бет

ВОЛЕЙБОЛ ОЙНАУДЫ «ТАРАЗ АРДАГЕРЛЕРІНЕН» 



ҮЙРЕНЕЙІК!

Жамбыл облысының  75 жылдық мерейтойына  

орай облыс әкімдігінің дене шынықтыру және 

спорт басқармасы,  облыстық волейбол 

федерациясының ұйытқы болуымен облыс 

әкімінің кубогы үшін ардагерлер арасында 

волейболдан халықаралық турнир өтті. 

«ПИК»-


«ПИК»-тің

тің БАР ЖҰМЫСЫ ПҰЛ ЖИНАУ ҒАНА МА?

 БАР ЖҰМЫСЫ ПҰЛ ЖИНАУ ҒАНА МА?

Дәл бүгінде Тараз қаласында «Тұр ғын үйді 

жаңғырту» бағдарламасы мен біраз үй 

жөнделді.  Со лар дың  қа та рында  Қарасу 

ықшам ауданындағы №8 үй де күрделі 

жөндеуден  өтті.  Тұр ғын дары  шұрық-тесік 

шатырлары бүтін 

деліп, ашық-шашық есік-

терезелері  жа был ғанына,  шимай ланып,  сыры 

кет кен  қабыр ға ла ры ның  боялғанына  қуа нып 

қалып еді. Бірақ...

кітапқа 


уханият 

үлкен 


қа

12-бет

Талғат НҰРХАНОВ

6 қараша,

№45 (473)

2

АЛУАН АҚПАРАТ

БАСТАУЫШ  ПАРТИЯ ҰЙЫМДАРЫНЫҢ ЖҰМЫСЫ ШИРАҚ

Есет  ДОСАЛЫ

ОБЛЫС ƏКІМДІГІНІҢ МƏЖІЛІС ЗАЛЫНДА ӨТКЕН №52 БАСТАУЫШ ПАРТИЯ ҰЙЫМЫНЫҢ ЕСЕП БЕРУ-САЙЛАУ ЖИЫНЫНА 

ОБЛЫС ƏКІМІ, «НҰР ОТАН» ПАРТИЯСЫ ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ КƏРІМ КӨКІРЕКБАЕВ ҚАТЫСТЫ.

Басқосуды 

облыс 

əкімі 


аппарат 

басшысының 

орынбасары,  аталған    бастауыш  партия  ұйымының 

төрағасы  Рүстем  Қасымов  ашып,  жүргізіп  отырды.  Күн 

тəртібіндегі  бірінші  мəселе  бойынша  бастауыш  партия 

ұйымының  төрағасы  Рүстем  Қалмұхамбетұлы  есепті 

кезеңдегі  жұмыстар  жөнінде  баяндама  жасады.  Ол  өз 

баяндамасында  аталған  партия  ұйымында 136 мүше 

бар  екенін  олардың  барлығы  Елбасымыздың  дəстүрлі 

Жолдауларының  орындалуына,  Қазақстанды  «Мəңгілік 

ел»  етуді  мұрат  тұтқан  «Нұр  Отан»  партиясының 

жоспарларының  жүзеге  асуына  белсенді  араласып 

отырғанын айтып өтті. 

Баяндамадан  кейін  жарыссөзге  облысымыз  бойынша 

тексеру  комиссиясы  төрағасының  орынбасары  Ермек 

Қарабаев,  Тараз  қаласы  əкімдігі  ішкі  саясат  бөлімінің 

басшысы  Кенжебек  Олжабай, «Нұр  Отан»  партиясы 

Тараз  қалалық  филиалы  «Жас  Отан»  жастар  қанатының 

Атқарушы хатшысы Уалихан Болатбек шығып сөз сөйледі. 

Жастардың атынан сөйлеген У.Болатбек «Тараз қаласының 

тазалығына  полиция  тарапынан  пəрмен  болса,  белсенді  

жастармен еркін кездесу  өткізсеңіз» деген ұсынысын облыс 

əкіміне жеткізді. Жиын барысында аталған бастауыш партия 

ұйымының бюро мүшелігіне 7 адам сайланып,  7 адам «Нұр 

Отан»партиясының мүшелігіне жаңадан қабылданды.

  №52  бастауыш  партия  ұйымының  есеп  беру-сайлау 

жиынында  облыс  əкімі  Кəрім  Нəсбекұлы  қорытынды  сөз 

сөйлеп,  бас  партия  жүктеген  талаптарды  орындау  үлкен 

мұрат  екенін,  аталған  бастауыш  партия  ұйымы  тірек 

партия ұйымы ретінде  өзге партия ұйымдарына үлгі болуы 

керектігін  атап  өтті.  Сондай-ақ, «Нұр  Отан»  партиясы 

облыстық филиалының төрағасы  былтыр партия мүшесіне 

жат  əрекеттері  үшін    жүзден  астам  адамның  бас  партия 

қатарынан  шығарылғанына  назар  аударып, «Нұр  Отан» 

қатарына  тек  лайықты  адамдар  мүше  болуы  қажеттігін 

ескертті.Сондай-ақ,  аталған  бастауыш  партия  ұйымының 

жұмысына қанағаттанарлық  баға берді. 

Жиын  соңында    №52  бастауыш  партия  ұйымы  бюро 

мүшелерінің  ұсынысымен  аталған  бастауыш  партия 

ұйымының төрағалығына облыс əкімі аппараты құжаттама 

жəне  бақылау  бөлімінің  басшысы  Ернар  Есіркепов, 

төрағаның  орынбасарлығына  облыс  əкімдігі  ішкі  саясат 

басқармасы басшысының орынбасары  Дауыл Бейсенқұлов 

сайланды.  Жиында  «Нұр  Отан»  партиясы  Тараз  қалалық 

филиалының  ХІІІ  есеп  беру-сайлау  конференциясына 

делегаттар сайланды.

* * * *    

Осындай    есеп  беру-сайлау  жиыны  «Нұр  Отан» 

партиясы Жуалы аудандық филиалы «Жуалы газ» бастауыш 

партия  ұйымында да өтті. Бұл жиынға «Нұр Отан» партия 

Орталық  аппаратының  ұйымдастыру-бақылау  жұмысы 

департаментінің  инспекторы  Марат  Ақбаров, «Нұр  Отан» 

партиясы  облыстық  филиалы  төрағасының  орынбасары 

Шəбден Тілеумұрат қатысты. Басқосу барысында  «Жуалы 

газ»  бастауыш  партия    ұйымының  төрайымы  болып  осы 

қоғамдық қызметті 15 жылдан бері абыройлы атқарып келе 

жатқан Жаңаш Серғазина партия мүшелерінің қолдауымен 

қайта    сайланды.   Сондай-ақ,  жиында    «Нұр  Отан» 

партиясы Жуалы аудандық филиалының есеп беру-сайлау 

конференциясына делегаттар сайланды.

Есепті жиындар барлық ауданда жалғасуда.

ҚҰР СӨЗ ЖҮРГЕН ЖЕРДЕ ҚҰРЫЛЫСТЫҢ КҮЙІ БОЛМАЙДЫ 

1-бетте


Бұл  бағытта  Тараз  қаласы  жəне  Жамбыл,  Байзақ 

аудандарынан  басқа  ешбір  ауданда  бірде-бір  жобалық 

құжаттар  дайындалмаған.  Осының  салдарынан  облыстың 

құрылысы жыл сайын республикалық бюджеттен бөлінетін 

қаржыдан қағылып жатыр екен.

Білім  саласында  да  жасалған  жұмыстар  аз  емес. 

Ағымдағы жылы облыста 38 нысанның құрылысына бюджет 

есебінен 9,52 млрд.теңге  бөлініп,  9 айға  қарастырылған 

8,9  млрд.теңгенің 92,5 пайызы  игерілген.  Нəтижесінде 12 

нысан  пайдалануға  тапсырылған.  Дегенмен,  бұл  сала  да 

кемшіліктерден кенде болмай шықты. Р. Байтелиев бірдей 

көрсеткіштегі  нысандардың  смета лық  құндары  əр  түрлі 

болуы  бюджет  қаржысының  желге  ұшуына  сеп  болып 

жатқанын  айтып,  жобалық-сметалық  құжаттама  жасау 

барысында  нысанға  жүргізілетін  инфрақұрылымға  жете 

мəн берілмейтінін баса атап өтті. Техникалық шарт беретін 

мекемелер  өз  мүдделерін  көздеп,  жұмыстарына  ақша 

талап етуі де қаржы шығынына ұшыратып жатыр екен. 

Денсаулық  саласы  да  проблемасыз  емес.  Мұнда 

нысан соғуға бөлінген жердің жете зерттелмеуі құрылыстың 

дер  кезінде  аяқталуына  кедергі  болуда.  Осы  саладағы 

білікті мамандарды ауылдық жерлерге тартып, орнықтыру 

мақсатында,  дəрігерлік  нысандар  жанынан  салынатын 

ведомствалық  тұрғын  үй  салу  мəселесін  қаржыландыру 

механизмі де шешілмей отырған көрінеді.

Ал, «Ақбұлақ» бағдарламасы аясында облысымыздағы 

373  ауылдық  елді  мекеннің 210-ы  орталықтандырылған 

ауыз  сумен  қамтамасыз  етіліпті.  Алайда,  Жамбыл  жəне 

Шу аудандарындағы нысандар мерзімі түрлі себептермен 

кешіктіріліп  жатқан  көрінеді.  Сондай-ақ,  су  жүйесін 

жүргізу 

нысандарында 

индустриалды-инновациалық 

даму  бағдарламасы  аясында  іске  қосылған  «Тараз  құбыр 

зауытының»  құбырларын  қолдану  деңгейінің  төмендігі, 

жобалық-сметалық  құжаттардың  сапасыз  əзірленуі  де 

жұмыстар ды  тежеп  отыр.  Құрылыс  барысында  жергілікті 

атқарушы органдарының халықпен тығыз жұмыс атқармауы 

да құрылысшыларға қолбайлау болған.

Ауыл  шаруашылығын  дамыту  саласына  жергілікті 

атқарушы органдар тарапынан жер таңдау мəселесі дұрыс 

шешілмей отыр. Нəтижесінде, жер асты сулары жақын, жері 

тастақты аймақтардағы құрылыс баяу қозғалып, жоспарлы 

уақыттан  кешігуіне  себеп  болуда.  Сондай-ақ, 2018 жылға 

дейін саны 153-ке жетуі тиіс мал дəрігерлік лазареттердің 

мəселесін  де  майшаммен  қарау  керектігі  белгілі  болды. 

Басқарма  басшысы  қыруар  қаржы  жұмсалып,  салынған 

бұл  нысандардың  инженерлік  жүйелері  нысаннан  да 

қымбат  болуы  жəне  көп  жағдайда  нысандар  толыққанды 

жұмыс  жасамай,  бос  тұратынын  сынға  алды.  Осыны 

ескере  келе,  Р.Байтелиев  биотермиялық  шұңқыр   лар 

мен  ветлазареттерді  күрделі  құрылыс  емес,  мобильдік 

жылжымалы станциялар арқылы іске асырылуы тиімді деп 

санайтынын жеткізді. 

Баяндамашыны  мұқият  тыңдаған  облыс  əкімі  Кəрім 

Көкірекбаев  аталған  кемшіліктерге  байланысты  басқарма 

басшылары  мен  аудан  əкімдерінен  түсінік  алды.  Олар  өз 

кезегінде  «жасаймыз,  орындаймыз»  деп,  жаттанды 

жауаптарымен  құтылды.  Ал,  ауыл  шаруашылығы 

басқармасының  басшысы  Абдалы  Нұралиев  ветлазарет-

тер   дің  жылжыма лы  болуына  қарсы  екенін,  құрылысы 

аяқталған соң ешқайсысының да жұмыссыз тұрмай тынын 

жеткізді. Өз кезегінде Кəрім Нəсбекұлы А. Нұралиевке мал 

сою  алаңдары  салынарда  да  осы  сөздер  айтылғанын, 

алайда  бүгінде  оның  қызметін  пайдаланып  жатқан  жан 

жоғын  айтып,  басқарма  басшысын  сынға  алды.  Аудан 

əкімдері  мен  басқа  да  жауапты  тұлғаларға  аталған 

мəселелердің жыл соңына дейін шешімін табуды тапсырды.

Күн  тəртібіндегі  екінші  мəселе – кəсіптік  білім 

берудің  аймақтағы  аяқ  алысы  туралы  облыстық  білім 

басқармасының  басшысы  Сұлушаш  Құрманбекова  өз 

баяндамасын жасады. Өз сөзінде облыстағы 51 колледждің 

жұмысы  туралы  баяндаған  Сұлушаш  Сəтбекқызы  өңірде 

жұмыс  істеп  жатқан  ірі  өнеркəсіп  ошақтарына  мамандар 

дайындау ісімен таныстырды.

Жиын  соңында  облыс  əкімі  Тараз  қаласы  мен  аудан 

əкімдеріне  кеңес  барысында  аталған  мəселелер  мен 

көрсетілген кемшіліктерді түзетуді қатаң тапсырды.



М.ƏЖМАХАНҰЛЫ.

БІЗДІҢ «ПАРАСАТТЫ ПОЛИЦЕЙЛЕР»!

Бәрекелді!

Қоғамдағы  тəртіпті  сақтап,  тыныштығын  күзету, 

қылмыспен күресіп, халық пен мемлекеттің қауіпсіздігін 

қамтамасыз  ету – бүгінгі  күннің  қаһармандарына 

айналған полиция қызметкерлерінің мойнындағы ауыр 

жүк. Сол себепті де 22 жыл бойы тынымсыз тірлігінен 

танбай  келе  жатқан  тəртіп  сақшыларына  халық 

қашан  да  арқа  сүйеп,  сенім  артады.  Дегенмен,  бұл 

қоғам  қауіпсіздігінің  қырағы  күзетшілерінің  арасында 

шығармашыл адамдар жоқ деген сөз емес. Ішкі істер 

органдары  қызметкерлерінің  арасында  тұрақты  өтіп 

отыратын түрлі байқаулар мұның айқын дəлелі.

Полицейлер  арасындағы  осындай  ауқымды 

аламан 


Қазақстан 

Республикасы 

Ішкі 

істер 


министрлігінің 

ұйымдастыруымен 

Қостанай 

қаласында  өтті. «Парасатты  полицей»  атымен 

аталған  байқауда  еліміздің  аймақтарындағы    Ішкі 

істер  органдары  қызметкерлерінен  құралған 22 топ 

бақ сынады. 

Додаға  Жамбыл  облысының  атынан  Ішкі  істер 

департаментінің  «Тараз  Қырандары»  командасы 

қатысқан  болатын.  Төрт  кезең  бойынша  өткізілген 

сайыпқырандар  сынға  түскен  сайыста  жерлестеріміз 

таңдай  қақтырарлық  өнер  көрсетіп,  Қазақстан 

Республикасы  ІІМ  орынбасары,  полиция  генерал-

майоры  Марат  Демеуовтың  қолынан  І  дəрежелі 

диплом мен жеңіс кубогін алды.

«Арай»-ақпарат.

ТІЛ МƏРТЕБЕСІ МƏҢГІЛІК

Марапат

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқына арнаған кезекті Жолдауында «Енді ешкім өзгерте 

алмайтын бір ақиқат бар! Ана тіліміз Мəңгілік Елімізбен бірге Мəңгілік тіл болды. Қазақ тілін даудың 

тақырыбы емес, ұлттың ұйытқысы ете білгеніміз жөн» деген болатын.

Осы  орайда,  Тіл  туралы  заңның  қабылданып,  Қазақ  тілінің 

мемлекеттік  мəртебеге  ие  болғанына 25 жыл  толуына  орай 

аталып  өтіп  жатқан  барлық  тіл  мерекелерінің  негізгі  мақсаты – 

мемлекеттік тілдің Қазақстан халқын біріктіруші факторы ретінде 

рөлін арттыру, қазақ тілінің қолданылу аясын жетілдіре отырып, 

мемлекеттік тілдің мəртебесін нығайту, мемлекеттік тіл саясатын 

насихаттау,  мемлекеттік  тілді  насихаттаушыларды  моральдық 

жəне материалдық тұрғыдан көтермелеу болатын.

Дəл осындай мақсатта республика көлемінде тіл саласында 

еңбек  етіп  жүрген 60 шақты  үміткерлердің  ішінен  тəуелсіз 

сарапшылардың  шешімі  бойынша  Қазақстан  Республикасының 

Мəдениет  жəне  спорт  министрлігі 30 үміткерді  «Мəңгілік  ел - 

мəртебелі тіл» сыйлығымен марапаттауға шешім қабылдады.

Осындай  марапатты  шараға  облысымыздан  облыс 

əкімдігі  тілдерді  дамыту  басқармасының  мемлекеттік  жəне 

ұлттық  тілдерді  дамыту  бөлімінің  басшысы  Мөлдір    Ахметова 

шақырылып,  ҚР  Мəдениет  жəне  спорт  министрлігінің  Құрмет 

грамотасымен  марапатталып, «Мəңгілік  ел-мəртебелі  тіл» 

сыйлығының иегері атанды.  

 «Арай» - ақпарат. 

КƏСІПКЕРЛЕР МƏСЕЛЕСІ 

Өрлеу-өріс



Облыстың 

кəсіпкерлер 

палатасының 

мəжіліс  залында  облыс  əкімінің  орынбасары 

Тимур  Жанкенің  қатысуымен  кəсіпкерлер 

палатасының аймақтық кеңесі өтті.

Іскер  қауым  өкілдерінің  өзекті  мəселелері 

талқыланған 

мəжілісте 

бизнестің 

дамуына 


кедергі  келтіріп  отырған  бірқатар  проблемалар 

талқыланып,  оны  шешу  жолдары  айтылды.  

Сондай-ақ,  қатысушылар  консультативті-кеңесші 

органдар  құрамына 50 пайызға  дейінгі  көлемде 

бизнес  қауымдастық  өкілдерін  енгізу  мəселелерін, 

электр  қуатын  жеткізуші  мекемелердің  облыс 

кəсіпкерлеріне  электр  бағандары  үшін  қосымша 

келісім-шарт  жасауға  міндеттеуі  төңірегінде  ой 

бөлісті. 

Жиынға  қатысушы  кəсіпкерлердің  сөзіне 

сүйенетін  болсақ,  орта  жəне  шағын  бизнес 

субъектілерін  тексеруге  шектеу  қойғандығына 

қарамастан  əлі күнге дейін əкімшілік тексерістерден 

құтыла алмай келетін көрінеді. Кейбір жағдайларда 

заң 

талаптарының 



орындала 

бермейтіндігін 

тілге  тиек  етіп,  бірқатар  мысалдар  да  келтірді. 

Ал,  облысымызда  жалғыз  құс  шаруашылығымен 

айналысатын  кəсіпорын  «Жамбылқұс»  ЖШС-

нің  директоры  Макен  Тұрмахамбетова  несие 

пайыздарының  тым  жоғары  болуына  байланысты 

өнімдерін 

экспортқа 

шығара 


алмай 

келе 


жатқандығын қынжыла айтып өтті. 

–  Он  жылдан  бері  облысымызда  тұралап, 

жұмысы  жүрмей  тұрған  құс  шаруашылығын 

қолға  алу  мақсатында 2007 жылы  “Агронесие 

корпорациясынан» 15 пайыздық 

үстемемен 

несие  алған  болатынбыз.  Ал,  несиенің 95 пайызы 

жабылып, бар болғаны 5 пайызы қалғанда үстемесі 

45  пайызға  дейін  жетті.  Мұндай  жағдай  кез  келген 

кəсіпкерге  ауырлық  салатындығы  сөзсіз, – деп 

сөзін  түйіндеген  М.  Шолпанқұлқызы  кəсіпкерлер 

палатасынан көмек күтетіндігін жеткізді.

Облыстық кəсіпкерлер палатасының директоры 

Асан  Қошмамбетов  қандай  жағдай  болмасын 

кəсіпкерлердің  мүдделерін  қорғайтынын  айтып, 

өңірлік  бизнесті  дамытуға  барынша  мүмкіндік 

жасауға уəде берді.

–  Бүгінде  бизнес  арқылы  нəпақа  табуға  бел 

буған  отандық  кəсiпкерлер  банктер  арқылы  несие 

алып,  кəсіпкерлікпен  айналысуда.  Олардың  көбі 

ойластырған  ісінің  басын  бастап,  пайдаға  кенелер 

тұста  тоқырауға  ұшырап,  жұмысты  тоқтатуға 

мəжбүр.  Бұған  пайызы  жоғары  несиелерді 

қайтарудың қиындығы себеп болуда. Кəсіпкерлердің 

бар  мүлкiн  кепiлдiкке  алып,  несие  үстемесiн 

жоғарылатып  қояды.  Бизнес  өкілдерінің  мүддесі 

ескерілмейді. Сондықтан, банктер арқылы бизнестi 

қаржыландыру  жүйесiн  жаңадан  ойластыруымыз 

керек, – дедi  өз  сөзінде  А.  Əнуарұлы.  Сондай-ақ, 

өз  əріптестерін  заңмен  бекітілген  міндетті  мүшелік 

жарнаны төлеуге шақырып, ол қаржының облыс пен 

аудан  орталықтарындағы  палата  филиалдарының 

жұмысын жүргізіп отыру үшін қажеттігін түсіндірді.

Кəсіпкерлердің 

көкейіндегісін 

тыңдап, 


мұң-мұқтажымен 

танысқан 

облыс 

əкімдігінің 



кəсіпкерлік  жəне  индустриялды – инновациялық 

даму  басқармасының  басшысы  Алмас  Мəдиев 

кəсіпкерлік  пен  биліктің  өзара  іс-қимылы  халықтың 

əл-ауқатының артуына ықпал ететіндігін, сол себепті 

кəсіпкерлердің жолында кездесетін тосқауылдарды 

жоюға 


ат 

салысатынын 

айтты. 

Басқосуды 



қорытындылаған  облыс  əкімінің  орынбасары 

Тимур Амантайұлы кəсіпкерлердің талап-өтініштері 

ескерілетіндігін,  тиісті  шаралар  атқарылатындығын 

айта  келіп: «Бизнесімізді  дұрыс  арнаға  бағыттап, 

алдымызға  батыл  міндеттер  қойып,  бағалы  өнім 

өндіруде əлеуеті бар жоғары технологиялы жобалар 

жасауымыз  қажет» – деп  кəсіпкер  азаматтарды 

қолдауда тартынбайтындығын аңғартты.

«ХАЛЫҚ ІРО» ІРІ БИЗНЕСКЕ ЖЕТЕЛЕЙДІ

Жаңа бағыт

Бұл жиындарда негізінен «Халық ІРО» бағдарламасының қазақстандықтарға берері 

басым айтылды. Бағдарламаның халықтық болу себебі жеке инвесторлар үшін арнайы 

жағдайлар дың жасалуында. Атап айтсақ, акциялар ең алдымен Қазақстан азаматтарының 

арасында  орналастырылады.  Бұған  еліміздің  экономикасы ның  тартушы  күштері 

саналатын орнықты бизнесі бар, əрі тиімді ұлттық компания лар дың акция лары ендіріледі. 

Акциялар ды  орналас тыру  жазылу  əдісі  арқылы  «Қазақстандық  қор  биржа сы»  АҚ-ның 

сауда алаңында жүзеге асырылады. 

«Халық ІРО» бағдарламасының шеңберінде «Самұрық-қазына» АҚ компанияларының 

тобы на  кіретін «KEGOK» АҚ, «Самұрық-Энерго»  АҚ, «Қазақстан  темір  жолы  ҰК» 

АҚ, «Казатомөнер кəсібі»  АҚ  сияқты  ірі  компаниялар дың  акцияларын  орналастыру 

жоспарланып жатқан көрінеді. 



  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал