Жазылу «Қазпошта», «Эврика Пресс», «Сенім» баспаханасы



жүктеу 1.24 Mb.

бет8/12
Дата22.04.2017
өлшемі1.24 Mb.
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12

аула клубының жетекшісі:

«Емтихан сұрақтары түсіме кірді

«Емтихан сұрақтары түсіме кірді»»

Бақ пен бап

БАҚЫТ «ҰБТ-да» АЛҒАН  БАЛМЕН ӨЛШЕНБЕЙДІ

Өмірдің өзі

Дүниедегі  барлық  құбылыстар 

психология ғылымына байланысты. 

Адамның ішкі арпалысы, түйсігі мен 

танымы да осы ғылымға негізделген. 

Мұны  атақты  психолог  ғалым 

Зигмунд  Фрейдтің  өзі  растаған.

Адамзат  баласының  түсініп 

болмайтын  тоқсан  түрлі  түйткілді 

мəселелері  осы  ғылым  арқылы 

шешімін  тауып,  көрініс  береді. 

Адам 

жанын 


зерттеп, 

оған 


лайықты  бағыт-бағдар  беретін  де 

психология  ғылымы.  М.Х.Дулати 

атындағы  ТарМУ-дың  «Психология 

жəне 


педагогика» 

кафедрасы 

даярлайтын 

қазіргі 


заманда 

жоғары  сұранысқа  ие,  əрі  адам 

жанын  зерттейтін  «Психология» 

мамандығы.  Психолог  маманы 

болу  адам  жанын  түсініп  қана 

қоймай,  оларды  дұрыс  жолға 

бағыттау 

мен 


тəрбиелеуде 

игілікті  жұмыстарға  қол  жеткізуде.

Психолог 

мамандығының 

басты 

міндеті – əлемнің 



гуманитарлық  бағыттағы  кəсіби 

келбетін  қалыптастыру.  Психолог 

мамандарын дайындау барысында 

оларды  іргелі  жəне  кəсіби  біліміне 

қарай, 

күнделікті 



өзгеріске 

ұшырайтын 

еңбек 

нарығының 



жағдайына  жəне  мамандардың 

кəсіби  деңгейінің  талаптарына 

тез  бейімделе  алатын  бəсекеге 

қабілетті 

тұлға 

қалыптастыру.



Сонымен 

қатар, 


кафедра 

психология 

мамандығының 

магистрлерін 

де 

даярлайды. 



Магистратураны 

бітірушілер 

əлеуметтік  ғылымдар  магистрі 

академиялық  дəрежесін  иеленеді.  

Оқу  мен  білім  алу  инемен 

құдық  қазғандай  болса,  жақсы 

немесе жаман маман болу əркімнің 

өз қолында. Қай мамандық болсын 

өзінің  қиындығы,  ізденісі  бар. 

Жақсы  мамандық  қашанда  жас 

талапкердің өзі таңдап, білім алған 

оқу  орнында.  Демек  мамандық 

таңдау  талапкер  үшін  маңызды 

нəрсе. 


Барлық 

қызығушылық 

тудырған  түлектерді  психология 

мамандықтарын 

дайындайтын 

«Психология»  жəне  педагогика 

кафедрасына 

шақырамыз.



С.МОМЫНОВА, М.Х.Дулати 

атындағы ТарМУ-дың 

«Психология жəне педагогика» 

кафедрасының аға оқытушысы, 

педагогика жəне психология 

магистрі. 

ЖАНЫҢА ЖАҚЫН ЖАН – ПСИХОЛОГ

Шамшырақ

Мен  бала  күннен  жоғары  оқу  орнын  Алматыда 

оқимын  деп  ойлайтынмын.  Екінші  ой  болған  емес. 

Бірақ, дəл мектепті бітірген жылы оның арман ғана екені 

белгілі  болды.  Отбасында – жалғызбын.  Анам  ғана. 

Үлкен кісіні (оның үстіне сол жылы дімкəстанып жүрген 

болатын) тастап қайда кетемін? Таразда оқитын болдым. 

дері ішіп-кимесе 

аузына тосады.

пті  кейбіреулері 

жалақысының

лтасына  салып

қалайда  оқуға 

Одан


ктеп

т 

н



ң

н 

аладағы  оң



жеткіншектің

БІР ӨКІНІШ, БІР ҮМІТ

БІР ӨКІНІШ, БІР ҮМІТ

Ағымдағы  жылы  ҰБТ  сынағын  тапсыруға 

облысымыздағы  барлық 6773 мектеп  бітірушінің 

6683-і  яғни, 99,3 пайызы  қатысып,  өз  бақтарын 

сынауға  мүмкіндік  алды.  Олардың  ішінде  қара  үзіп, 

жоғары балл жинағандар да, тиісінше тиімді нəтижеге 

қол жеткізе алмай аһ ұрғандар да ұшырасып жатқан 

жағдайлар болды. 

Мəселен, «Алтын  белгі»  жалпы  орта  білім  туралы 

аттестатына  үміткер 295 бітірушінің 102-і  немесе 34,6 

пайыз мектеп бітіруші түлектер өз білімдерін дəлелдеді. 

Анығырақ айтқанда, күні бұрын «Алтын белгі» иеленеді 

деген  оқушыларымыздың  жартысынан  астамы  өз 

білімдерін айқындай алмай қалды. Бұл жерде білімі сай 

келгендерге  аздап  сəттілік  жетіспей  қалған  сəттердің 

орын  алғанын  да  естен  шығармаған  лəзім  шығар. 

Айталық, 24 мектеп  бітіруші  түлекке  «Алтын  белгі» 

иеленуі үшін бар болғаны бір ғана балл жетпей қалғаны 

əрине өкінішті. Бір сөзбен түйіп айтатын болсақ, бір кем 

дүние... 

Ағымдағы жылы тестті тапсырған білім алушылардың 

бірде-бірі 125 балл жинай алмады. Бұрындары мұндай 

дəрежеге  жеткен  оқушылар  болғанымен,  биыл  ешбір 

оқушы тест тапсырмаларын 100 пайыздық көрсеткішпен 

түйіндеуге шамасы жетпей қалды. Ал, тиісінше өңіріміз 

бойынша  ең  жоғары  бал 123 балды  құрады.  Аталмыш 

123 балды шаһарымыздағы №1 мектеп-гимназиясының 

түлегі, «Алтын  белгі»  жалпы  орта  білім  туралы 

аттестатының иегері Анастасия Хан алды. Осылайша ол 

өз білімінің, дайындығының жоғары деңгейде болғанын 

айқындай білді. Мұның өзі де үлкен жетістік.

Анастасияның ізін басқан 4 бірдей мектеп бітіруші 

түлек 122 балл  жинап,  ата-аналарының  үкілі  үмітін 

ақтады.  Атап  айтатын  болсақ,Тараз  қаласы  №1 

гимназиясының  түлегі  Əнел  Оразалиева,  Жуалы 

ауданы  Мыңбұлақ  орта  мектебінің  түлегі  Жансая 

Сыдықбек,  Меркі  ауданы  №17  И.Трубицын  атындағы 

мектеп-гимназиясының  түлегі    Салтанат  Разақова, 

Айша-бибі атындағы  дарынды қыз балаларға арналған 

қазақ-түрік  мектеп-интернатының  тілегі  Жанар  Əділ 

өздері  діттеген  нəтижеге  қол  жеткізе  білді.  Осылайша 

11 жыл алған білімін сын сағатта дəлелдей алды.

Сондай-ақ,  биылғы  жылғы  ҰБТ  қорытындысы 

бойынша 2 мектеп ең жоғары көрсеткішке қол жеткізді. 

«Айша  бибі»  атындағы  облыстық  дарынды  қыз 

балаларға  арналған  қазақ-түрік  мектеп-интернатының 

орташа  балы – 106,28, балды  құраса,  Тараз 

қаласындағы  №45  мектеп  гимназиясының  орташа 

балы – 101,8.

Иə,  биылғы  ҰБТ-ның  нəтижесі  бойынша  лидерлер 

де ауысып үлгерді. Ілгеріде аудандар арасында жеке-

дара  көш  бастаушылардың  қатарында  болған  Тұрар 

Рысқұлов ауданы биыл ең төмен көрсеткіш көрсетіпті. 

Облыс  əкімдігі  білім  басқармасы  мамандарының 

қазіргі  мəліметіне  көз  жүгіртсек,  аталмыш  ауданның 

бүгінгі таңға белгілі болған орташа балы – 65,39 болса, 

шаһарымызбен  іргелес  жатқан  Байзақ  ауданының 

орташа  балы 65,75 балды  құрапты.  Ал,  орташа  балы 

– 80,57 балды құраған Жуалы ауданы биыл аудандар 

арасындағы көш тізгінін қолға алып отыр. 

Облыс  əкімдігі  білім  басқармасының  мамандары 

келтірген  деректерге  сүйенсек,  ағымдағы  жылы  екілік 

алған  балалардың  саны  өткен  жылғы  көрсеткішпен 

шамалас көрінеді. Бұл əрине, өкінішті жағдай. Əзірге бұл 

мəселеге қатысты нақты дерек жоқ. Республика бойынша 

да  ортақ  көрсеткіш  апелляциялық  шағымдардың 

қорытындысы  толыққанды  шыққаннан  кейін  ғана 

белгілі болмақ. Бір байқағанымыз, ілгеріде тəуір нəтиже 

көрсетіп жүрген білім ордаларының бірқатары тағы да 

өз  білімдерін  дəлелдеп  тастаған  сияқты.  Бұл  əрине 

жақсы тенденция. ҰБТ-ның барлық ауыртпалықтарына 

төтеп  бере  алатын  білім  ордаларының  бар  болғаны 

бəрімізді  де  қуантады.  Өкініштісі  сол, «Алтын  белгіге» 

үмітті  деген  оқушылардың  басым  бөлігі  өз  білімдерін 

толық  дəлелдей  алмауы.  Əрине,  олардың  ішінде  өте 

білімді оқушылардың болғаны күмəн тудырмайды. Оған 

мысал  ретінде  жоғарыда  аталған 24 баланы  айтуға 

əбден болады. Алдағы уақытта осы «Алтын белгіден» 

үміті  барларды  толыққанды  сұрыптаған  жөн  шығар. 

Бəлкім,  сонда  ғана  олардың 50 пайыздан  астамы  өз 

білімдерін дəлелдей жатар. 

Қалай  десек  те,  биылғы  ҰБТ  өз  мəресіне  жетті. 

Бос  уақытында  бір  тынбай  өз  білімдерін  дəлелдеген 

түлектер  ауыз  толтырып  айтарлықтай  нəтижеге  қол 

жеткізе  білді.  Ал, 11 жыл  жиған  білімдерін  толық 

дəлелдей алмаған оқушылардың өзегін өкініш өртегені 

анық. Ол үшін кімді кінəлауға болар дейсіз...

Биылғы  жылғы  ҰБТ-ның  қорытындылары  əлі  де 

толық нақтыланған жоқ дегенді тілге тиек еттік. Өткен 

жылдары  өз  көрсеткіштерін  жер  бауырлап  болса  да 

ілгерілете білген өңіріміздің ағымдағы жылғы көрсеткіші 

қандай болмақ? Былтырғы межеден асып түсе аламыз 

ба, əлде жоқ па? Көкейде бір өкінішпен қатар бір үміттің 

қатар  жүретіні  бар  ғой...  Не  де  болса  бұл  сауалдарға 

алдағы уақытта толық жауап беретін боламыз. 

Түлектердің тынысын 

тарылта жаздап, ұйқыны 

бұзған ҰБТ да зу етіп өте 

шықты. Жылдар бойғы 

дайындық толқу мен үрейді 

жеңіп шыға алды ма? Əлде 

сарсаңға салып, салымызды 

суға кетіре жаздаған ҰБТ 

мистикасы биыл тағы да 

жалғасын тапты ма? Бейресми 

дерек көздеріне сүйенсек, 

еліміз бойынша бұл сынақты 

тапсырған бес баланың 

бірі сынақтан сүрініп, көңіл 

көншітерлік нəтижеге қол 

жеткізе алмапты. Олар үшін 

ендігі əрі грантта оқу былай 

тұрсын, кəнігі білім алудың өзі 

арманға айналмақ. Бір сөзбен 

айтқанда, Түркия тəжірибесі 

арқылы біздің елге жеткен 

бұл жобаға бой үйрету білім 

алушылардың кейбіріне əлі де 

қиындық туындатып келеді. 

Сонымен, талай білім алушы 

түлектің тағатын тауысқан ҰБТ 

қандай нəтиже берді? Өңіріміз 

үшін биылғы тест нəтижелері 

тиімді болды ма? 


9

12 маусым,

№24 (452)

ПАРАСАТ

Мерей


Көркем мінез, кемел ой

 «Газет – халықтың көзі, тілі һəм құлағы» 

деген  ұлы  ағартушы  Ахмет  Байтұрсынұлы. 

Баспасөз саласы асқан табандылық пен ерен 

еңбекті  қажет  ететін  дүние  болғандықтан, 

оның  азабына,  жұмысының  қиындығына 

шыдас беру де сол мамандықты жан-тəнімен 

құлай  сүйген  жанның  қолынан  келеді. 

Қоғамның  барлық  болмыс-бітімі,  мəнді 

мəселелер, түрлі ақпараттар ағыны да газет 

бетінен  көрініс  табуы  тиіс.  Оның  барлығын 

да  үйлестіріп,  тілшілердің  түйсігіне  қозғау 

салып,  оларға  нақты  тапсырмалар  жүктеп 

отыру  да  редактордың  міндеті.  Сондықтан 

редакторлық  қызмет  əрбір  журналистке 

үлкен-үлкен  міндеттер  жүктейді.  Мақұлбек 

Рысдəулет  облысымыздағы  ата  басылым 

«Ақ  жол»  газетін  басқарды.  Бас  редактор 

болды.  Əрдайым  азаматтық  көзқарасы 

айқын, алдына мақсат пен талап қоя білетін 

жəне оны өзгеден талап ете алатын Мақұлбек 

аға  редакторлық  қызметті  абыроймен 

атқарды. 

Бүгінде 


облыс 

баспасөзінің 

қазанында  қайнап,  майданында  шынығып 

жүрген танымал да талантты журналистерді 

жұмысқа қабылдап, оларды тəрбиеледі. 

Қандай  мəселе  болмасын  Мақұлбек 

Рысдəулеттің  қаламынан  қағыс  қалған  жоқ. 

Ол «Егемен Қазақстан» газетінің облысымыз 

бойынша  тілшісі  болғанда  да  кез  келген 

мəселенің өзектілігіне көркемдікті қосып өрді. 

Халықтың көкейіндегі түйткілді мəселелерді 

тап басып, оны биліктің назарына жеткізуге 

де  қызмет  етті.  Шеберлігі  шыңдалған, 

көзқарасы  айқындалған,  таланты  толысқан 

қаламгер  ретінде  көрінді. «Күміс  белдік» 

секілді  прозалық  шығарма  жазды.  Бір  ғана 

Сұлтанмұраттың  бейнесі  арқылы  қазақтың 

қилы тағдырын суреттеді. 

Қазақтың 

Сейдахмет 

Бердіқұлов, 

Шерхан  Мұртаза,  Оралхан  Бөкей  сынды 

аяулы тұлғалары да кезінде еліміздің белді 

басылымдарын басқарды, редактор болды. 

Күнұзақ  мақала  қорытып,  оны  халықтың 

рухани 


қажеттілігін 

қанағаттандыруға 

жарату да үлкен жұмыс. Нағыз еңбек. Одан 

қала  берді  редактордың  өзіндік  идеясы, 

тілшіге  берер  тығыз  тапсырмасы  тағы  бар. 

Бір  мақаладан  оқылатын,  татымды  дүние 

жасап шығару да оңай емес. Сөзден сөйлем 

сабақтаудың мехнаты осыдан келіп шығады. 

Осы  жерде  мына  бір  əдеби  мысал  еске 

түседі. Жазушы Григорович өзінің балаңдау 

кезінде  «Петербург  шарманшысы»  деген 

очеркін  атақты  Достоевскийге  алып  келген. 

Достоевский  оның  «Бес  тиын  бақыр  жерге 

түсті  де,  дөңгелеп  кетті»  деген  сөйлемін 

ұнатпаған.  Есесіне  «Бес  тиын  бақыр  тақыр 

жерге ыршып түсті де, сылдыр қағып, секіре 

дөңгелеп  кетті»  деп  түзеткен.  Редактордың 

қызметі  де  тап  осындай.  Сөйлемге  жан 

бітіріп,  оны  көпшіліктің  көкейіне  құп  ұялату 

да  үлкен  шеберліктің,  парасатты  пайым 

мен  ұлттық  ұстанымның  жемісі.  Тұтас 

мақаланың  бойында  жан  болуы  тиіс  деген 

ұстаным – кез  келген  талантты  редакторға 

тəн. Бұл тұрғыда да Мақұлбек Қайыпбекұлы 

жастарға 

үлгі 


боларлықтай, 

облыс 


баспасөзінің  тарихында  қаларлықтай  еңбек 

етті.  Кəнігі  бас  редакторларша  нанымды, 

көркем 

шығармаларды 



газет 

бетінде 


жариялады.

Одан  кейін  Мақұлбек  Рысдəулеттің 

мұрағатшылық  таланты  да  жарқырай 

көрінді.  Шаң  басқан  архивтерден  талай-

талай  тарихи  деректерді  аршып,  оны 

халықпен 

қауыштырды. 

Облыстық 

газеттерде  Ұлы  Отан  соғысына,  саяси 

қуғын-сүргін  құрбандарына  байланысты 

жəне  ашаршылық  жылдары  жайлы  нақты 

деректерге  құрылған  мақалалары  жарық 

көрді.  Тарихымыздың  ақтаңдақ  беттерін 

ашып көрсетуде де Мақұлбек Қайыпбекұлы 

нағыз  қазақтың  азаматына  тəн  мінезбен, 

ерекше 


ерік-жігермен 

белсене 


еңбек 

етті.  Барлық  саналы  адамның  ұлы  уəйімі 

ұрпақтарының тəрбиелі, текті, өз тарихы мен 

əдебиетін  біліп  өсуі.  Бұл  қасиет  Мақұлбек 

ағаның бойынан да табылады.

Мақұлбек  Рысдəулеттің  кісілік  келбеті  де,  талант-дарыны  да  қазақтың  бойына 

ежелден  біткен  тектілікті,  өр  мінезділікті,  қайсар  рухты  көрсетеді.  Қазақтың  тарихы 

мен  əдебиетіне  терең  тамыр  жіберген,  сөз  өнерімен  ерекше  дерттенген  жанның 

өмірлік тəжірибесі де, көрген-түйгені де мол болмақ. Қоғамның ішкі-сыртқы жағдайы, 

алабөтен толғандырар мəселесі де оның назарынан тыс қала алмайды. Адам талантты 

болып  туғанмен,  қалтарыс-бұлтарысы  көп  өмір  жолында,  сөз  майданында  ерекше 

ширығып,  шынығады.  Ақ  пен  қара  айқасқан  өмірдің  ақеділ  жаршысы  болуға,  ізгілік 

пен  тектілікті  насихаттауға  ұмтылады.  Əйгілі  Толстойдың  таланттың  бір  ғана  пайыз 

екендігін,  қалғанының  барлығы  да  еңбек  арқылы  келетінін  мəлімдегені  бекер  емес 

шығар.  Талайдың  талантын  түлетіп,  дарынына  дем  берген  баспасөз  майданы,  қызу 

еңбектің  қайнаған  ортасы.  Небір  маңдайлы  марқасқаларды  дайындап,  ұлы  дүбірге 

қосқан да баспасөз саласы. Мақұлбек Қайыпбекұлы да жастайынан сөз ұстаханасында 

тəрбиеленді,  тəжірибесі  мол  редакторлар  мен  журналистердің  кəсіби  қырларын 

бойына сіңірді. Ақыры өзі де тəжірибелі журналистердің қатарына қосылды, редактор 

болды.

Хамит ЕСАМАН

Асқаралы алпыс бес

(Мақұлбек Рысдəулетке)

Аттай ғұмыр,

Алпыс  бес асқаралы.

Ел ағасы атанар нақ бағалы,

Бойында бекзаттықты баптағаны,

Елдікті ойлап, ұлт жоғын жоқтағаны.

Алпыс бесте, айтпаса ақыл-кеңес,

Қартаюдың белгісі əжімде емес.

Жақсы менен жаманды айыратын,

Даналықтан тұратын бұл бір белес.

Артық айтпай саралап ой тезімен.

Көп бүлінсе, тоқтатар бір сөзімен,

Алпыс беске келгенде,

Келмеген бар,

Жан-жағына қарайтын сын көзімен.

Журналист, жазушы өнері бар,

Сөздерімен құяды ойыңа нəр.

Тарихқа үңіліп соңғы кезде,

Елдің жүгін көтерген бір қара Нар.

Жерұйығы – Жуалы өскен жері,

Кірін жуып, кіндігін кескен жері.

Сегіз шалдың ақылын айтар Көкем,

Алпыс бесте отырып,  сексендегі.

Көгедай ШƏМЕРХАН.

Ақын рухына тағзым



Жыр жампозына құрмет

Жыр жампозына құрмет

Есет  ДОСАЛЫ

Қазақтың  айтыс өнерінде өзіндік  

дара қолтаңбасын қалдырған  саңлақ 

айтыскердің бірегейі, Ауған соғысының 

ардагері  Əзімбек  Жанқұлиев  еді. Шағын 

ғана Шақанда туылып жаһанға жыры 

жеткен айтыскерді туып-өскен топырағы 

Байзақ өңірі еске алып, рухына  тағзым 

етті.

Бұл  күні  Əзімбек  ақынмен  ұзақ  жыл 

айтыс  аламандарында  қатар  жүрген, 

өнердің    қиындығы  мен  қызығын  ұзақ 

жылдар  бірге  бөліскен    Халық  ақыны, 

оңтүстікқазақстандық Əселхан Қалыбекова, 

шығысқазақстандық 

Абаш 


Кəкенов, 

қарағандылық  айтыскер,  жұртқа  «Сары 

тентек» атымен танымал Қуаныш Мақсұтов, 

өзбекстандық  Бөрібай  Оразымбетовтер 

Сарыкемерге  ат  басын  бұрып,  майдангер 

ақынның жерлестерінің жанынан табылды. 

Əл-Фараби атындағы  аудандық мəдениет  

үйінде    өткен  «Алты  алашқа  танылған 

ақын  еді...»  атты  республикалық  ақындар 

айтысын Байзақ ауданының əкімі Мұратхан 

Шүкеев  пен  облыс  əкімдігі  мəдениет, 

мұрағат  жəне    құжаттама  басқармасы 

басшысының міндетін атқарушы Дүйсеналы 

Бықыбаев сөз сөйлеп ашып, аяулы ақынның  

өміршең  шығармашылығына,  айтыстағы 

қайталанбас  биігіне  тоқталып,  аламанға 

сəттілік тіледі. Белгілі айтыскер Айтмұхамет 

Исақов айтысты əуелетіп, жыр жолдарымен 

ашып, арнау айтты. 

Айтыстың 

шымылдығын 

Əселхан 


Қалыбекова  мен  Абаш  Кəкенов  өзара 

сөз  сайысымен  ашты.  Халық  ақыны 

Əселханның:

– Əуелден  жомарттығы дамыған ел,

Ұрпағы тəрбиеге жарыған ел.

Жақсылық Үшкемпіров балуанның,

Ерлігін бүкіл əлем таныған ел.

Əзімбегін жадынан шығармайтын,

Ассалаумағалейкум, Сарыкемер! – деген 

шумақтары    жүрек  толқытты.  Əзімбекпен 

талай  мəрте  айтыс  аламанына  түскен 

таластық Ербол Қамбатыров тараздық Алик 

Бекмұсаевпен айтысында  аяулы  айтыскер 

құрдасына    деген  сағынышын  жаңбырдай 

жаудырып,  селдей  төкті.  Қарағандылық 

Қуаныш  Мақсұтов  пен  қордайлық  Күміскүл 

Сəрсенбаеваның 

арасындағы 

айтыс 

та  əдемі  жарасымын  тапты.  Тараздық 



жас  айтыскер  Нұрлыбек  Құрманов  та 

жақсы  дайындықпен  келгенін  байқатты. 

Өзбекстандық  Бөрібай  Оразымбетов    пен 

сарыкемерлік Алтынкүл Қасымбекова залға 

сыймай отырған көрерменнің көңілін тапқыр  

жырларымен көтерді.

Соңында өзге  облыстардан ат терлетіп 

келген  айтыскерлерге 100 мың  теңгеден,  

облыс  аумағынан  қатысқан  айтыскерлерге 

70  мың  теңгеден  жоралғы  жасалды. 

Əзімбектің  айтыстағы  ұстазы  Қасқырбай 

Нарбатырға,  Мұхаметжан  Тазабековтің 

айтыстағы  ұстазы  Айтмұхамет  Исақовқа 

ақшалай сыйлық ұсынып, құрмет көрсетті.     

Осы      күні            облыстық      халық 

шығырмашылығы 

орталығының 

ұйымдастыруымен алдын ала жарияланған 

«Жырменен  өткен  көп  күні»  атты  жас 

ақындар 


арасындағы 

облыстық 

жыр 

мүшəйрасының қорытындысы жарияланды. 



Бұл жыр мүшəйрасының бас жүлдесін жыр 

бəйгесіне  «Тараз-Талас»  атты  жасырын 

атпен  қосылған  əріптесіміз,  газетіміздің 

шығармашылық  топ  жетекшісі  Хамит 

Есаманов (200 мың  теңге)  иеленді.  Бірінші 

орын Жанғазы Ахметовке ( 150 мың теңге) 

берілсе,  Мəулен  Жаппасбаев (100 мың 

теңге)  екінші  орынға  лайық  деп  танылды. 

Арайлы  Жақсылық (75 мың  теңге)  үшінші 

орынмен 


марапатталды. 

Наурызбек 

Саршаев 

пен 


əріптесіміз 

Табиғат 


Абаилдаев (əр қайсысына 30 мың теңгеден) 

ынталандыру  сыйлықтарына  ие  болды.  

Жыр  мүшəйрасына  қазылық    жасаған 

облыстық «Ақ жол» газетінің бас редакторы 

Көсемəлі  Сəттібайұлы,  ақындар    Шырын 

Мамасерікова мен Азамат Есалы мүшəйра 

жеңімпазы мен жүлдегерлерін марапаттап, 

жүлделерін  тапсырды.  Əзімбектің    қайын 

апасы Күлəн Сапаралиева, ақынның аяулы 

жары  Бақыт  Жұмабекқызы  тебірене  сөз 

сөйлеп,  ақынын  ардақтаған  ел-жұртқа 

шынайы алғысын білдірді. 

Алаштың 

аяулы 


ақыны 

Əзімбек 


Жанқұлиевқа  арналған  осынау  іс-шара 

елдің есінде  ұзақ сақталары анық.

ҒЫЛЫМДАҒЫ ДҮБІРЛІ ДАРЫН

Факультет  басшылары  оның 

ғылымға  деген  аса  зор  қабілетін 

байқап,  университетті  аяқтаған 

соң  кафедрада  стажер-зерттеуші 

қызметіне  қалдырып,  кейін 1969 

жылы  «Химиялық  кинетика  жəне 

катализ»  мамандығы  бойынша 

аспирантураның  күндізгі  бөліміне 

қабылдайды.  Жас  маман  сол 

кезден-ақ  өзінің  болашақта  мықты 

ғалым, білікті маман болатындығын 

дəлелдеді.  Құралбек  Сəдібайұлы 

– 

республикамыздағы 



жоғары 

оқу 


орындарында 

жетекші-


ұйымдастырушы 

ғана 


емес, 

сонымен 


бірге 

ірі 


теоретик-

зерттеуші.  Сонымен  қатар,  ол  

Қазақстанда 

жоғары 


мектептің 

əдістемелік 

мəселелеріне 

де 


жеткілікті  көңіл  аударып  келеді. 

Профессор  Құралбек  Құлажанов 

жалпы  жоғары  оқу  орындарында 

химия пəнін оқытудың əдістемесіне 

арнап,  көптеген  оқулықтар  мен 

оқу  құралдарды  жəне  ғылыми 

мақалаларды  жазған  ғалым.  Оның 

авторлығымен  бүгінгі  таңда 490-

нан  астам  ғылыми  жəне  ғылыми-

əдістемелік еңбектер, соның ішінде 

29  оқулықтар  мен  əдістемелік  оқу 

құралдары, 5 монография, 54 

авторлық куəліктер мен патенттері, 

195  мақалалары  жəне 210-нан 

астам халықаралық, республикалық 

жəне аймақтық конференцияларда 

шығарылған 

баяндамалардың 

тезистері жарияланды.

Құралбек  Сəдібайұлы  жоғары 

деңгейдегі  маман  ғалымдар  мен 

жас мамандар дайындауға да үлкен 

үлес қосты. Оның жетекшілігімен 7 

адам ғылым докторы, 8 адам ғылым 

кандидаты диссертация қорғады. Ірі 

ғалым, зерделі зерттеуші, көптеген 

ғылыми  еңбектердің  авторы  жəне 

үлкен  өнертапқыш,  белгілі  ғылыми 

мектептің негізін қалаушы Құралбек 

Құлажановтың  тағы  бір  ерекшелігі 

– айтулы талант иесі екендігі. Ол – 

нағыз педагог, жоғары оқу орнының 

ұйымдастырушысы жəне тəжірибелі 

жетекшісі.  Ол 1980 жылы  Жамбыл 

жеңіл  жəне  тамақ  өнеркəсібі 

технологиялық 

институтының 

Алматыдағы  филиалына  ауысты. 

Мұнда  ол  институттың  ғылыми-

зерттеу 


секторын 

басқарудан 

бастап,  филиал  директорлығына, 

кейін  университет  ректорлығына 

дейін  тамаша  абыройлы  жолдан 

өтті. Бұл күнде еліміздегі ірі жоғары 

оқу орны – Алматы технологиялық 

университетінің 

ректоры. 

Алғашында 

ғылыми-зерттеу 

секторының 

жетекшісі, 

кейін 


директордың  ғылыми  жұмыстар 

жөніндегі  орынбасары  қызметтерін 

атқара  жүріп,  ол  өндіріс  пен 

ғылымды 


ұштастыра 

отырып, 


ғалымдардың  зерттеп  дайындаған 

техникасы 

мен 

технологиясын 



өндіріске енгізумен айналысты. Сол 

тұста Құралбек Сəдібайұлы жоғары 

деңгейлі 

ғылыми 


мамандарды 

аспирантура  мен  докторантура 

арқылы  əзірлеу  ісін  қолға  алып, 

институтты еліміздегі үлкен ғылыми 

орталыққа айналдыруға атсалысты. 

Ол  өзін  осы  тұста  жоғары  мектеп 

жүйесіндегі нағыз ұйымдастырушы, 

кең  диапазонды  теориялық  білімі 

бар  жəне  қалыптасқан  ғылыми 

тəжірибесі  мен  дағдысы  бар  ірі 

жетекші маман екендігін байқатты.

Құралбек  Сəдібайұлы 1988-

1994 жылдарда директордың оқу ісі 

жөніндегі  орынбасары  қызметінде 

жүріп 

студенттерді 



оқытуды 

ұйымдастыру 

ісіне 

көптеген 



жаңалықтар  енгізді. 1994 жылдан 

бастап 


филиалдың 

директоры 

қызметін 

атқаруда 

Құралбек 

Сəдібайұлының  нағыз  басшылық 

қабілеті  жарқырап  көрінді.  Ал 

1996  жылы  өз  алдына  Алматы 

технологиялық  институты  болған 

кезінде  ректор  болды,  кейін 1999 

жылы  Үкімет  Қаулысымен  Алматы 

технологиялық 

университеті 

болып  қайта  құрылғанда  да  оның 

ұйымдастырушылық, 

басшылық 

қызметі  жалғаса,  ұштала  түсті. 

Бұрынғы  институттың  филиалын 

еліміздегі 

қазіргі 


заманғы 

ірі 


жетекші  университеттер  қатарына 

жеткізу  үшін  ол  үздіксіз  еңбек 

етті. 

Оның 


бірінші 

кезектегі 

жұмысы  университеттің  ұйымдық 

құрылымын 

жетілдіру 

болды. 


Қазіргі  өмір  талабына  жан-жақты 

талдау  жасап,  ректор  бірқатар 

жаңа 

қызметтер, 



кафедралар 

ашты, ректораттың жаңа бөлімдері 

мен  бөлімшелерін  құрды.  Сөйтіп, 

олар 


үлкен 

жəне 


жауапты 

қызметтерді  орындай  бастады. 

Ректор  Құралбек  Құлажановтың 

аса  маңызды  артықшылығының 

бірі – университетті 

əлемнің 


білімдік, 

ғылыми-техникалық 

жəне  ақпараттық  кеңістіктеріне 

енуіне  бағытталған  халықаралық 

ынтымақтастықты  дамыту  болып 

табылады. 

Жетекші 

ретінде 


ғылыми 

дəрежесі 

мен 

атағы 


бар 

оқытушылар 

құрамының 

сапасын  жəне  қызметкерлердің 

санын  арттыруға  назар  аударып, 

ерекше 


жауапкершілікпен 

қарайды.  Ректор  ғылыми-педагог 

қызметкерлердің  сапалық  құрамы 

жүйелі  түрде  өскеніне  ықыласпен 

зер 

салып 


отырады. 

Жылда 


ондаған 

ұстаз 


университеттің 

білімді  жетілдіру  институтында, 

басқа  ірі  өндіріс  орталықтарында, 

шетелдерде  өз  мамандықтарын 

жетілдіруде. Көпшілігі аспирантура, 

докторантураға 

түседі, 

біразы 


ғылыми 

қызметкер 

жұмысына 

ауысып,  шығармашылық  демалыс 

алып,  кандидаттық,  докторлық 

диссертацияларын аяқтайды.

Жоғары 

оқу 


орын 

оқытушыларының 

сапалы 

құрамына – халықаралық,  шетел 



жəне  Қазақстан  Республикасының 

Ұлттық  ғылым  академиясының 

19 

академиктері, 59 ғылым 



докторлары  мен  профессорлары, 

170  ғылым  кандидаттары  мен 

доценттері, 50-ден  астам (PhD) 

философия докторлары мен ғылым 

магистрлері кіреді.

Ректордың 

бұл 

жағдайды 



жақсартуға  жұмсаған  ерен  еңбегі 

өз  нəтижесін  берді.  Ол  сондай-

ақ 

талантты 



жастарға 

шын 


ықыласпен  қамқорлық  көрсетіп, 

университеттің  негізінде  жүйелі 

түрде студенттердің республикалық 

киім  дизайнына  арналған  «Жас 

Өркен»  жастар  конкурсын  жылма-

жыл  ұйымдастырып  келеді.  Бұған 

үнемі Алматы, Астана, Қызылорда, 

Тараз, 


Түркістан, 

Шымкент 


университеттерінің 

студенттері 

өздері  жасаған  жүздеген  киім 

үлгілерін  ұсынып  қатысады.  Ең 

тəуір 

дегендері 



мамандардың 

сынынан  өтіп,  жоғары  бағасын 

алып,  жалпы  халықтың  құрметіне 

ие болады.

Академик 

Құралбай 

Құлажановтың 

Қазақстан 

ғылымына  жəне  Отандық  жоғары 

мектепке  қосқан  ерекше  үлесін 

Үкіметіміз  бен  қоғамымыз  жоғары 

бағалады. Ол «Құрмет» орденімен, 

«Қазақстанның 

еңбек 


сіңірген 

қайраткері»  құрметті  атағымен, 

«Қазақстан  Республикасы  білім 

беру  ісінің  үздігі»  төсбелгісімен, 

«Мəдениет  қайраткері»  құрметті 

атағымен, «Қазақстан Тəуелсіздігіне 

– 10 жыл  жəне 20 жыл», 

«Қазақстан 

Республикасының 

Конституциясына – 10 жыл» 

мерейтойлық 

медальдарымен 

жəне 

«Білім 


жəне 

ғылым 


қызметкерлерінің 

кəсіподағына 

сіңірген  еңбегі  үшін»  медалімен 

марапатталды. 

Өзінің 

үлкен 


интеллектуалдық 

потенциалы 

жəне 

адамгершілігі 



арқасында 

Құралбек  Сəдібайұлы  Құлажанов 

университет 

ұжымы 


арасында 

асқан 


абыройға 

ие 


болып, 

еліміздің  білім  саласында,  ғылым 

кеңістігінде,  жақын  жəне  алыс  шет 

елдерде үлкен беделге ие жəне аса 

зор құрметке бөленуде. Мен білетін 

Құралбек 

Құлажанов 

осындай 


тұлға.


1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал