Жазылу «Қазпошта», «Эврика Пресс», «Сенім» баспаханасы



жүктеу 1.24 Mb.

бет7/12
Дата22.04.2017
өлшемі1.24 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12

Асқар  ЖАНҰЗАҚОВ, Жолаушы 

тасымалдаушылар ассоциациясының 

басшысы:

–  Біз  қала    əкіміне  төртінші  мамырда 

тариф  көтерілмейтін  жағдайда  жеңілдікпен 

жүретін  кісілерді  тасымаймыз  деп  ескерту 

бердік. Оған  билік тарапынан ешқандай жауап 

келмеді.  Қайталап  тағы  ескерту  жібердік. 

Қалалық    əкімшіліктен  ресми  ұсыныс  түспеді. 

Сосын  барлық  жеңілдіктерді  алып  тастадық. 

Одан басқа амалымыз қалмады. 

Иə, 


тасымалдаушы 

мекеменің 

басшысы 

осылайша  халық  алдында 

барынша ақталды. Оған 

қоса, 


қаладағы 

13 


автобекеттің 

əрбір 


көлігінің 

ішіне 


тұрғындар 

үшін ескерту қағаздары алдын ала ілінгенін қоса 

айтты. 

Зерттей келе білгеніміз жанар-жағармайдың 



106  теңгеден 115 теңгеге  бір-ақ  көтерілгені 

тасымалдаушы  мекемелерге  қиын  соққан 

сыңайлы. Жəне жылда алатын жаңа көліктердің 

өзінің  несиелік  пайызы  артып,  мекеменің 

қалтасын қағып отырған көрінеді. Ол аз десеңіз 

орталық  базардың  жабылуы  жолаушылардың 

санын азайтып, тасымалдау кəсібіне кері əсерін 

тигізіпті. 

Бұл 

мəселені 



өткен 

жылдан 


бері 

тасымалдаушы компаниялар көтеріп, зар қағып 

келген  екен.  Алайда,  екі  жылдан  бері    бауын 

тапса,  байлауын  таппай  келген  мəселе  екі-

ақ    күнде  тарқауын    тауып,  өткен  аптада  қала 

əкімі  шұғыл  шешім  шығарды.  Ең  алдымен 

шағымданушыларға  басу  айтқан  қала  əкімінің 

орынбасары Жақсылық Сапаралиевтің уəдесі түс 

ауа күшіне еніп, жеңілдіктер қайта орнына келді. 

Есесіне  алдағы  уақытта  жол  ақысы  көтерілмек. 

Ал,  тарифтің  қанша  теңгеге  дейін  тулап  өсері 

əзірге белгісіз. Бірақ, тасымалдаушы мекемелер 

осы  таңға  дейін  жүру  ақысын 45 теңгеден 65 

теңгеге  өсіруді  ұсынып  келген  болатын.  Бұл 

ұсыныстың  қаншалықты  қолдау  табарын  уақыт 

көрсете жатар. Дегенмен, бір анығы егер тарифті 

өсірмей,  жеңілдіктердің  өтеуін    жергілікті  билік 

өз  мойнына  алатын  болса,  жарты  жылдықтың 

өзінде миллиондаған шығынға батары айқын.  Ал, 

мұндай тəуекелге қала əкімдігі бармайтыны тағы 

түсінікті.  Сондықтан  жамбылдық  жұртшылыққа 

жол ақысының өсуін күте берсе болатындай. 



БҮГІНДЕ  БІЗДІҢ  ЕЛДЕГІ  ҚАТ  МАМАНДЫҚТАРДЫҢ  БІРІ – ДƏРІГЕР.  ҚАНШАМА  ЖЫЛДАРДАН 

БЕРІ  АЙТЫЛЫП,  БИЛІКТЕГІЛЕРДІҢ  БАСҚОСУЛАРЫНДА  ТАЛҚЫҒА  ТҮСІП  ЖҮРСЕ  ДЕ  ƏЛІ  КҮНГЕ 

ШЕШІМІН ТАБА АЛМАЙ КЕЛЕ ЖАТҚАН МƏСЕЛЕ. ОСЫ САЛАҒА БІЗДІҢ ӨҢІРІМІЗГЕ 200-ДЕН АСА 

МАМАН ҚАЖЕТ ЕКЕН. 

ОБЛЫСТЫҚ 

ДЕНСАУЛЫҚ 

САҚТАУ 

БАСҚАРМАСЫНЫҢ 

БАСТЫҒЫ 

САЛТАНАТ 

ОМАРБЕКОВАНЫҢ  МƏЛІМЕТІНШЕ,  БҮГІНГІ  ТАҢДА  ОБЛЫСЫМЫЗДА 2849 ДƏРІГЕР  ҚЫЗМЕТ 

ЕТІП  ЖҮР.  ОЛАРДЫҢ 2554-І  МЕМЛЕКЕТТІК  ДЕНСАУЛЫҚ  САҚТАУ  ҰЙЫМДАРЫНДА,  АЛ 295-І 

ЖЕКЕМЕНШІК МЕДИЦИНАЛЫҚ МЕКЕМЕЛЕРДЕ НАУҚАСТАРҒА ЕМ ЖҮРГІЗУДЕ. 

Иə, 


мекемен

осылайша


барын

қо

Қамар ҚАРАСАЕВА



Саятхан САТЫЛҒАНОВ

Нарық пен халық

Алма, шие, құлпынайдың бағасын 

айтпағанның  өзінде  бұл  мезгілде 

200  теңгеге  баратын  қызанақ  əлі 

350-ден  түскен  жоқ.  Ерте  жетіліп, 

көпшілікті  қарық  қылатын  қияр  да 

ең арзандаған жері 150 теңге болып 

тұр.  Əсіресе,  халықтың  күнделікті 

тағамынан  қалмайтын  картоп,  пияз, 

сəбізді 

айтсаңызшы. 

Картоптың 

бағасы тым шарықтады, 250 теңге. 

Адам  ағзасы  минералдар  мен 

дəрумендерді  өте  қажет  ететін 

шақта  көкөніс,  жеміс-жидектерге 

ауыз  толмай  отырғаны  көпшілікті 

қынжылтады.  

«Жаз  келді  дегенше,  алма  пісті 

десейші»  деп  əндететін  едік  бала 

кезде.  Бұл  жаз  жеміс-жидектерге 

жарытпай тұр əзірге. 

Жарайды,  табиғат  құбылысы 

мезгілге  лайық  жылылық  бермей, 

ауа  райының  салқындығының  да 

əсері  дейік,  бірақ  бізде  көптеген 

жылыжайлар бар емес пе еді?

Неліктен 

бау-бақшаның 

науқанында  дақылдардың  бағасы 

бағындырмай  отыр?  Бұған  жауапты 

облыстық 

ауыл 


шаруашылығы 

басқармасынан іздедік. 



–  Егіндікке  қажетті  минералды 

жабдықтар  мен  жанар-жағар  май 

бойынша  Қырғызстанмен  келісім-

шартқа  отырғанбыз.  Жеміс-жидек, 

көкөністің жеткіліксіз болып тұрған 

кездерінде олар бізге жеткізуі тиіс. 

Дəл  қазіргі  уақытта  картоптың 

басымы  сол  қырғыз  ағайындардан 

келіп  отыр.  Шекарадағы  кеден 

бекеті  де  осы  кезде  көкөністерді 

кедергісіз  өткізуге  жол  ашқан. 

Дегенмен,  басқа  елден  жеткізудің 

жол 

шығындары 

бар, 

картоп 

бағасының 

көтеріліп 

тұрғаны 

да  сол  себептен.  Біздің  өзіміздің 

картобымыз 

негізінен 

Жуалы 

ауданында 

егілетін, 

ол 

қазір 

таусылған.  Ал,  өзге  көкөністер 

Өзбекстаннан  əкелінуде.  Қызанақ, 

қиярлар 

Оңтүстік 

Қазақстан 

облысынан 

жеткізіле 

бастады. 

Егер  байқаған  болсаңыздар,  бұл 

өнімдер 

сəл 

арзандап 

келеді. 

Өңірімізде 292 жылыжайларымыз 

бар.  Бірақ,  олардың 60-70 пайызы 

өнімдерін  енді  жинай  бастады. 

Шымкентте 

жылыжайлар 

бізден 20 есе  көп.  Негізінде  біздің 

облысымыз  жылда 500 000 тонна 

көкөніс 

дақылдарын 

өндіреді. 

Бұл  өніміміз  өз  облысымыздың 

тұрғындарын  толықтай  қамти 

алады.  Оған  қоса,  Алматы  мен 

Астана 

қалаларына 

азық-түлік 

белдеуін  құруға  келіскенбіз.  Өз 

тұтынушыларымыздан артылғаны 

осы  екі  қалаға  жіберіледі.  Əзірше 

көкөніс 

пен 

жеміс-жидек 

өз 

өңірімізден  пісіп  жетілмей  тұр, 

бұл  уақытша  жағдай, – деп 

түсіндірді  аталмыш  басқарманың 

ауыл 

шаруашылық 



өнімдерін 

қайта  өңдеу  жəне  ауылдық  тұтыну 

кооперативтерін  дамыту  бөлімінің 

бас маманы Есенғали Жақсылықов. 

Апта  басындағы  облыс  əкімі 

аппаратының 

селекторлық 

жиынында  да  азық-түлік  бағасын 

тұрақтандыру 

жайы 


басты 

мəселе  болып  талқыланды.  Бұл 

мəселе  бойынша  облыстық  ауыл 

шаруашылығы 

басқармасының 

басшысы 


Абдалы 

Нұралиев 

баяндама  жасап,  бағаның  өсуін 

өнімдердің 

сырттан 

келетінімен 

түсіндірген  болатын.  Облыс  əкімі 

Кəрім 


Көкірекбаев 

көкөністің 

қыс  пен  көктем  кезінде  тым 

қымбаттағанын 

айтып, 

Жамбыл 


ауданындағы  Бектөбе  ауылының 

маңында 


орналасқан 

жүзден 


аса  жылыжайлардың  өніміне  кім 

иелік  етіп  отырғанын  басқарма 

басшыларынан 

сұрады. 


Диқаншылықпен 

айналысатын 

шаруалар 

Павлодар, 

Солтүстік 

Қазақстан,  Ақтөбе  облыстарында 

тұтынушылармен  өнім  бағасына 

байланысты 

алдын-ала 

келісім-


шартқа  отырып,  күзгі  жиын-терім 

кезінде 


өнімді 

сол 


келісіммен 

өткеретінін  айтқан  облыс  əкімі  бізге 

де  сондай  əдіс  қажеттігін  ескерткен 

болатын. 

Осы 

басшылардың 



басқосуында  облыс  əкімі  бағаны 

бағындыруға 

байланысты 

тапсырамалар  берген  еді.  Мүмкін, 

осыдан  нəтиже  шығып,  жақын 

арада  көкөніс  пен  жеміс-жидекке 

жарытардай  сауда  нарқы  қалыпқа 

түсер.


Жəне 

жоғарыда 

аталған 

облыстық 

ауыл 

шаруашылығы 



басқармасының  бас  маманының 

мəліметі  де  арзан  көкөніске  қол 

жеткізетін  күннің  алыс  еместігіне 

сендіреді.



Қ.РАХМЕТУЛЛИНА.

БИЫЛҒЫ ЖАЗ ЖЕМІС-ЖИДЕК ПЕН КӨКӨНІСКЕ ЖАРЫТПАЙ ТҰР

БИЫЛҒЫ ЖАЗ ЖЕМІС-ЖИДЕК ПЕН КӨКӨНІСКЕ ЖАРЫТПАЙ ТҰР

ЖАЗ  АЙЫ  ЖЕМІС-ЖИДЕК,  КӨКӨНІСТІҢ  ПІСІП,  КӨККЕ    ТОЙДЫРАР 

ШАТТЫҒЫМЕН  ҚЫЗЫҚ.  МІНЕ,  ЖАЗ  МЕЗГІЛІНІҢ  ДЕ  ОРТА  ТҰСЫНА 

ТАЯДЫҚ.  БІРАҚ,  ƏЛІ  ЖЫЛДАҒЫДАЙ  ЖЕМІС-ЖИДЕК,  КӨКӨНІСТЕРДІҢ 

ҚЫЗЫҒЫНА МАЛЫНА АЛМАЙ ОТЫРМЫЗ. БАЗАРДАҒЫ БАҒА ƏЛІ СОЛ 

БАСТАПҚЫДАҒЫ ҚАЛПЫНАН ТӨМЕНДЕМЕЙ ТҰР. 


12 маусым

№24 (452)

8

Өткен  аптада  еліміз  бойынша  дүркіреп 

ұлттық  бірыңғай  тестілеу  болып  өтті.  Оған 

республикадан тоқсан мыңға жуық түлек қатысып, 

бақ  сынады.  Бірақ,  сынның  аты  сын,  біреу 

дегеніне жетеді, ал бірі көздеген межесінен аса 

алмай қалады. Оқуға түсіп, студент атану біреу 

үшін бақыт, ал тиісті балын ала алмаған түлек 

бұл жерде өзін бақытсыз ретінде сезінуі мүмкін.

Өткен  жылдары  қоғамымызда  оқуға  түсе 

алмағанының салдарынан балалардың өз-өзіне 

қол  жұмсау  фактілері  жиі  тіркелген  еді.  Оның 

басты  себебін  ұлттық  бірыңғай  тестілеудің 

балдық  көрсеткішінен  іздеуге  болатын  сияқты. 

Себебі,  олар  бұл  сынақ  түрін  ешқашан  өте 

алмайтын  «тасөткелдей»  көреді.  Сондай-ақ, 

жоғары оқу орнына түсу стандартына сай емес 

ұпай  жинаған  кейбір  түлектер  мұны  туған-

туыстары  жəне  дос-жарандарының  арасында 

«масқара  болудың  шегі»  деп  түсінеді.  Мейлі, 

бұлар дүниеге келгеннен бері мұндай кедергіге 

тап  болмаған  соң  əр  нəрсенің  байыбын  жете 

түсінуге  шамалары  жетпейді  дейік.  Бірақ, 

мəселе  одан  да  арыда  жатыр  емес  пе?!. 

Мəселен, кейбір ата-ана мектеп бітіргелі отырған 

балаларына  өздерінше  үлкен  сенім  артып, 

оны  ҰБТ-дан  ең  жоғарғы  балл  алатындығына 

дейін  сендіріп  қояды.  Бірақ,  баласының  білім 

деңгейінің қаншалықты екендігімен шаруалары 

да  болмайды.  Қазіргідей  ғылым  мен  техника 

қарыштап дамыған заманда ешкім де баласын 

білімсіз деп ойламайды ғой. Өздері ішіп-кимесе 

де барлығын  сол балаларының аузына тосады. 

Қалаған  затын  алып  беріп,  тіпті  кейбіреулері 

орташа  қызметкердің  айлық  жалақысының 

мөлшеріндегі  қаражатты  да  қалтасына  салып 

береді.  Сөйтеді  де,  баласына  қалайда  оқуға 

түсу  керектігін  міндеттейді.  Одан 

қала берді өздерін оқытқан мектеп 

мұғалімдері  де  əрбірінің  «озат 

оқушы»  екенін  алға  тартып, 

олардың  құлағын  көтеріп,  тіпті 

нашар 

көрсеткіш 



көрсеткен 

оқушыларына 

мектептің 

атына  жəне  өздеріне  нұқсан 

келетіндігін  айтып  безектейді. 

Міне,  пəленің  басы  осыдан 

басталады.  Əрине,  одан  кейін 

санасы  енді  қалыптасып,  айналадағы  оң 

мен солын енді тани бастаған жеткіншектің 

психологиясы  бұзылып,  оның  арты  өз-өзіне 

қол  жұмсау  сияқты  қайғылы  жағдайға  ұласып 

жатады.  Əрине,  оны  дүниеге  əкеліп,  бағып-

қағып  өсірген  ата-ана  ақырында  қайғыдан  қан 

жұтады.  Бұл – қоғам  үшін  аса  қауіпті  жағдай. 

Əсілі,  енді  мектеп  бітіріп,  үлкен  өмірге 

қанат  қаққалы  отырған  жасөспірімдердің  ең 

алдымен өмірдің  бүгінгімен бітіп қалмайтынын 

ұғынуы  керек.  Бүгін  бітпеген  шаруаның  ертең 

де бітпейтіндігіне ешкім де кепіл бола алмайды 

ғой. Егер өмірдің шынайы бақыты студент атану 

болса,  онда  еліміздегі  тоқсан  пайыз  жастар 

бақытты болып кетпейтін бе еді?!. Рас, ол да бір 

дəурен,  жастығыңның  белгісі.  Бірақ,  шынайы 

бақыт  емес  қой.  Бақыт  деген – тірі  жүру,  бұл 

дүниеден  өз  орныңды  табу.  Ондай  жағдайға 

жету үшін өмірдің дауылдары мен жауындарына 

төзімділік таныта білген абзал. Сондықтан олар 

өздерін  бақытсыздардың  санатына  қоспауы 

керек.  Мүмкін  бұл  сəтсіздік  шығар,  бірақ 

бақытсыздық  емес  қой.  Жазған  кітаптарының 

саны 

жазушының 



талантын 

таразылап 

бере  алмайтыны  сияқты,  əрбір  түлектің  де 

білімін  ұлттық  бірыңғай  тестілеудің  нəтижесі 

анықтап  бере  алмайды.  Мұндайды  қазақ  «Бақ 

шаба  ма,  бап  шаба  ма?»  немесе  «Таудай 

талап  бергенше,  бармақтай  бақ  бер»  дейді. 

Өмір өмір болған соң оның күзі, қысы, жазы 

жəне көктемі болады. Əр мезгілдің өзіндік мінезі 

болады.  Ал  Адам – Алла  жаратушысының 

ішіндегі  ең  ақылдысы.  Сондықтан  барлығына 

да сабырмен қарай білген жөн. Ең бастысы рух 

асқақтығы  керек. 

Табиғат АБАИЛДАЕВ

Хамит ЕСАМАН

АУДИТОРИЯ

ҰБТ – 2014

Біз  мектеп  бітіргенше  ҰБТ  шықты.  Алдын-ала  барып, 

тапсырып  жүргенде 105-110 балл  алып  жүрдім.  Мектеп 

жылдары  математикадан,  географиядан,  тарихтан,  тіл-

əдебиеттен  қалалық,  облыстық  жарыстарға,  республикалық 

олимпиадаларға  қатысып  жүрдім.  Уайым  жоқ.  Дайынмын. 

Сонымен – «Сот  Күні»  де  келді!  Кірдік  кең  залға. 

Көңіл  алабұртып,  жүрек  атқақтап  тұр.  Сұрақтарға  көз 

жүгіртсем,  бəрін  білетін  секілдімін. «Білемін»  деген  жаман 

ғой.  Еркінсіп  отырдым.  Жан-жағыма  қарап,  бас  изеп 

амандасып  қоямын.  Көктемгі  шиедей  мөлдіреген  сұлулар 

көп екен. Сорыма қарай, ең сұлуы менің артыма отырыпты. 

Отырғанда  да  оңдырмапты:  сирень  иісті  əтірі  мен  алқызыл 

көйлегі  арбап  отыр...  Он  алты-он  жетіге  келген  кезі... 

Əуелі қара қағазға жаздырып, кейін тазасына көшіртетіні 

бар  еді  ғой.  Əуелгісін  жазып  қойдым.  Артымдағы  қызға 

қарайын  десем,  мойыным  қарысып,  бұрылар  емес. 

Бозбалалық  синдромы!  Дəл  сол  кезде  «Кешіріңіз...»  деген 

тұнық дауыстың естілмесі бар ма?!. Сол – сирень иісті əтірдің 

иесі.  Жалт  қарадым. «Кешіріңіз, «Табу»  дегеннің  не  екенін 

білесіз  бе?». «Білемін! – бұрылып  алдым». «Ал  эвфемизм 

деген  ше,  кешіріңіз..», «Кешіріңіз.  Сырым  Датұлы  бастаған 

көтеріліс...»...  Не  керек,  білгенімді  білгендей,  білмегенімді 

–  көзіммен  көргендей  айтып  жатырмын,  айтып  жатырмын... 

«15 минөт қалды!» деген дауыс қана есімді жиғызды. Ал, 

жанталасып тазасына көшіріп жатырмын. Бір кезде қарасам, 

тарихты  əдебиетке,  əдебиетті  тарихқа  белгілеп  тастаппын. 

Ұшып  тұрып,  бақылаушыға  барып,  басқа  парақ  сұрадым. 

Бермеді,  беруші  ме  еді!?.  Ұнжырға  түскен.  Ақынның  түбіне 

сұлулар  жетеді  ғой  түбі.  Нақтырақ – сұлулыққа    ғашықтық. 

Сыртқа шықтым. «Қалай болды, балам?» деген анамның 

сөзіне  берген  бірінші  жауабым: «Армияға  кетемін!».  Не 

керек,  сонымен,  үйге  қайттық.  Апам  табиғатынан  сабырлы 

кісі: «Келесі  жылы  тапсырасың  ғой,  уайымдама».  Ал 

мен: «Оқымаймын,  оқымай-ақ  əдебиетті  білемін».  Бұлай 

деуімнің  себебі,  тоғызыншы  сыныптан  философияны 

оқимын  деп  дайындалған  едім.  Алайда,  Таразда  ол  кезде 

оны  оқытатын  факультет  жоқ.  Қырсығып  тұрғаным  сол. 

Қорытындысы шықты келесі күні: 72 балл. 73 балл алғандар 

– грантқа түсіпті. Мен – сирень иісіне арбалған парасатсыз – 

кредитке... Кейін грантқа ауыстырды, үйтті-бүйтті. Ал сирень иісті 

əтірдің иесін содан кейін көрген жоқпын. Алматыда оқыған шығар.

Солай. 


Талапкерлерге 

айтарым: 

ҰБТ-мен 

өмір 


бітпейді,  керісінше – дəл  сол  жерден  басталады.  Тіпті, 

сəтсіздіктің  өзінен – бақыттың  ұшқыны  көрінуі  мүмкін. 

Көбірек  ғашық  болып,  азырақ  өлең  жазыңыздар!

Ерлан ЖҮНІС, ақын.

МЕНІ ҚҰРТҚАН «КЕШІРІҢІЗ...»

Біз де студент болғанбыз...

Салиха ГАЙДУЛЛИНА, Тараз қалалық ардагерлер кеңесі 

төрағасының орынбасары:

Дайындаған Есет ДОСАЛЫ.

–  Мен  алғаш  жоғары  оқу  орнының 

табалдырығын  Атырауда  аттадым.  Атырау 

педагогикалық институтының тарих факультетіне 

түстім.  Содан  емтихан  тапсырардан  бірер  күн 

бұрын  түс  көрдім.  Түсімде  орыс  əдебиетінен  

М.Горькийдің  «Ана»  романынан  жауап  беріп 

жатыр  екенмін.  Орыс  əдебиетінен  тапсырған 

емтиханда  үш  сұрақтың  біреуі  болып  осы 

«Ана»  романы  келді.  Бұл  сəйкестік  ештеңе 

емес.  Гуманитарлық  пəндерден    онсыз  да 

үздік  едім.  Мені  қинайтыны  химия  пəні.  Сол 

химиядан  түсіме  бір есептердің енгені бар. Сол 

есептерге  барынша  ықыласпен  дайындалдым. 

Таңғаларлығы емтихан кезінде маған сол түсіме 

кірген  есептер  түгел  келіп,  химия  пəнінен «5» 

алып шықтым.  Мектепте химия пəнінен алмаған 

жоғары  бағаны  институтта  алғаным  бар.  

Бір  жолы  Нейла  деген    тобымдағы  қыз 

екеуіміз  тіл  тарихына  қатысты  сабақтан  

емтиханға  бірге  дайындалдық.  Содан  екеуміз 

емтихан  тапсырайын  деп  қатар  отырмыз. 

«Дайындығың  жақсы  ма?» – деп  сұрадым  

Нейладан. «Жақсы,  

д а й ы н м ы н » , 

– 

деді 



сенімді 

түрде.  Бірінші  мен 

қолымды 

көтеріп, 

сұрақтарға 

жауап 


бердім  де,  шығып 

кеттім. 


Біраз  

күттіріп 

Нейла 

шықты.  Бірақ,  өте 



көңілсіз.  Емтиханнан «2» алып қалыпты. «Неге 

төмен  баға  алдың,  сен  ол  сабақты  білесің 

ғой» – деп  мен  таңғаламын.  Ақыры  емтихан 

соңынан  Нейла  екеуміз  əлгі  оқытушыға 

қайтадан  кірдік.  Мен  Нейла  екеуміздің  бірге 

дайындалғанымызды, 

сабақты 

білетінін 

айтып  жатырмын.  Оқытушы  апай  бізді  түсінді. 

Нейлаға мүмкіндік беріп, тағы үш сұрақ қойды. 

Сол  сəтте  Нейла  əлгі  сұрақтың  барлығынан 

мүдірген  жоқ.  Содан  оқытушы  оған  қайтадан 

«5»  қойып  берді.  Сөйтіп,  ол  жолы  екі  дос 

емтиханнан  ең  жақсы  баға  алып  қайтқан  едік. 

«Д» тіркемесінен қалай құтылдым?»

«Д» тіркемесінен қалай құтылдым?»



Гүлдариға   ЖАҢАБАЕВА, Жамбыл политехникалық   

колледжі   кітапханасының  меңгерушісі:

–  Біз    өткен  ғасырдың 80-

ші  жылдарының  студенттері 

болдық.  Оңтүстік    Қазақстан 

облысы,  əл-Фараби атындағы  

Шымкент 


педагогикалық 

мəдениет 

институтының 

студенті атанып, қуанышымыз  

қойнымызға  сыймай  жүрген 

күндерде 

 

сабақ 


сайын 

«перекличка»  болатын.  Сол  

кезде  менің  фамилиямның 

алдына  əркез  «Д»  қосылып, 

«Джанабаева»  деп  аталушы 

едім.  Осы  жағдайға  қатты  

ренжитінмін. Күндердің бірінде 

мен    кафедра  меңгерушісі 

Владимир  Скитневский  деген 

ағайға  барып, «Фамилиямды 

дұрыс 

атаңызшы» 



деп 

сұрандым.  Ол кісі тыңдағысы 

келмеген  соң  «Ағай,  мен 

оған 


қарсымын. 

Мен 


Жаңабаевамын,  алдына  «Д» 

қосылмайды» – деп  отырып 

алдым.  Осы  əрекетімнің  оң  

əсері  болды.  Ағайлар  осыдан 

кейін 

мені 


«Жаңабаева» 

деп  атайтын  болды.  Сол 

күннен  бастап    артық  əріптен 

құтылдым.  Қазіргі  студенттер 

бақытты 

деп 


ойлаймын, 

аты-жөні  қазақша. «Д-ны» 

қосып, «Т-ны»  қосып,  ешкім 

қорламайды. 

– 

Тараз 


инновациялық-гуманитарлық  

институтының  қабырғасында  өткен  студенттік 

төрт  жыл  өмірімнің  ең  əдемі  кезеңі    іспетті  

болды.  Əсіресе,  жаныңды  түсінетін  Алмасбек 

Белботаев,  өзі  ақынжанды  Меңдібай  Əбілов, 

Айнұр 


Кембаева 

секілді 


 

ұстаздардың 

ұлағатты  сөздері  естен  кетер  ме.  Қазақ  тілі 

мен  əдебиеті  бөлімінде  ІІ  курс  оқып  жүрміз. 

Алмасбек  Белботаев  ағай  қазақ  тілінен  дəріс 

берді.  Тіл  дегеніміз  бен  оның  ережелері  мен 

заңдылықтары, 

түрлі 


тарау, 

тармақтары, 

сөйлем  мүшелері,  оларды  талдау,  тармақтау 

уақыт өткен сайын қиындап, біз нақты жауабын 

бере алмайтындай деңгейге жеттік. Оның үстіне 

сабаққа да күнде қалмай баратынның қатарынан 

емес едім. Əсіресе,  бір семестр бойы Алмасбек 

ағайдың  сабағына 1-2  рет  қана  қатысыппын. 

Басқа бір қатал ұстаз  болса, сөзге келмей қуып 

шығар  еді.  Ағай  емтиханына  кіргізді.  Емтихан 

ауызша. Билет алып едім, үш сұрақтың үшеуінің 

де  жауабын  білмейтін  болып  шықтым.  Білетін 

шəкірттер  айтып,  тиісті  бағаларын  алып,  кетіп 

жатыр.  Есім  шығып  мен  отырмын.  Соңында 

қалдым.  Ағайдың 

алдына бардым:

– 

Билеттегі 



с ұ р а қ т ы ң 

ж а у а п т а р ы н 

м ү л д е м 

білмеймін, – 

дедім.

–  Енді  қалай 



болады? – деді ағай.

Сол  сəтте  алдына  тілдей  қағазды  тастай 

салдым: 

– Ағай сізге өтінбеймін күнде келіп,

Жатқандай қиналмаңыз жүлде беріп.

Үш сұрақтың жауабын  біле алмадым,

«3»  қойып  жіберіңіз  бірдеңе  ғып,  –  деп 

жазылған.  Ағай  əлгі  шумақты  оқыды,  оқыды 

да  күлді. «Қазір  балдық  жүйе  екенін  білесің. 

«3» жетеді депсің. Мен сенің бүгінгі жағдайыңа 

«0»  қояр едім. Сол «нөлді» өзің сұраған «3-тің» 

артына  тіркеп  берейін» – деді  де «30» балл 

қойып берді. Ол балл менің емтиханнан өтуіме 

жеткілікті еді. 

«Бір шумақ өлеңмен сынақтан өттім»

«Бір шумақ өлеңмен сынақтан өттім»



Нұрлыбек ҚҰРМАНОВ, жас  айтыскер,  Жамбыл 

аудандық «Жастар орталығы» Айша бибі ауылдық 


1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал