Жазылу «Қазпошта», «Эврика Пресс», «Сенім» баспаханасы



жүктеу 1.24 Mb.

бет6/12
Дата22.04.2017
өлшемі1.24 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12

Қарабек 

ЕРТАЕВ, 

М.Х.Дулати 

атындағы 

Тараз  мемлекеттік  университетінің  «Экономика» 

кафедрасының 

меңгерушісі, 

профессор, 

экономика 

ғылымдарының 

докторы:

– Əрине, бюджет үшін шығын. Бірақ, ол шығын желге 

ұшқан жоқ немесе жат елдің қажетіне жұмсалған жоқ. 

Өз  еліміздің  жастарын  біліммен  қамтуға  жаратылды. 

«Шығыс болмай, кіріс болмайды» дегенді ескеріп, біраз 

жас мамандарымызды даярлауға, олардың болашағына 

жол ашуға жұмсалған қаржы деп қарасақ дұрыс болар. 

Бюджеттен  шығын  шыққанымен  ол  студенттер 

сол  білімімен  жұмыс  істеп,  мемлекеттік  салықтар 

арқылы  ел  экономикасының  үстемелеуіне  үлес  қосып 

жүр. Сондықтан, мұнда екі тараптың ешқайсысын да 

ұтты немесе зардап шекті деп айта алмаймыз.

Ал,  халық  қалаулылары  бұл  мəселеге  не  дейді?



Балабек 

НАРБАЕВ, 

Тараз 

қалалық 

мəслихатының  хатшысы,  экономика  маманы:

–  Алдымен  айтарым – білім  алу  үшін  жұмсалған 

қаржыны  шығын  деудің  керегі  жоқ.  Өйткені,  білім 

–  адамзат  өмірінің  ең  қажеттісі.  Қаншама  білімге 

құштар,  тумысынан  талантты,  бірақ  қолы  қысқа 

балаларымыз 

бар. 

Əке-шеше 

қамқорлығынан 

айырылған  немесе  тұрмыстық  жағдайы  таршылық 

көрсететін  небір  тағдыр  иелері  ортамызда  жүр. 

Əсіресе,  осындай  балалар  үшін  мемлекеттік  несие 

қайтарылмаса да үлкен мүмкіндік болды. Əрине, «Судың 

да  сұрауы  бар»  дегендей,  бүгін  ізделмегенімен,  қарыз 

түбі  бір  сұралады.  Қажеттіліктен  туындаған  жүйені 

ары  қарай  тиімді  жалғастыру  үшін  мемлекетіміздің 

заңдары аясында несиеге оқытылған маманды белгілі 

бір  жұмысқа  жолдамамен  жіберіп,  жалақысы  арқылы 

қайтарту  керек  еді.  Сонда  студенттік  несие  сəтті 

жоба болып, əлі де талайларды қуантар еді, – дейді. 

Расында,  көптің  мүддесі  үшін  құрылған  жоба 

жақсы  мақсатқа  негізделді.  Жоғарыда  депутат 

мырза  айтқандай  болашақта  сұралар  ол  қарыз, 

бəлкім сол күйінде сұраусыз да қалар. Ең бастысы 

сол  жүйемен  оқығандар  жұмысқа  орналасып,  ел 

мүддесіне  еңбек  етіп  жүрсе,  игілікке  жарағаны.  Ел 

қазынасынан  бөлінген  қаржы  ақшалай  қайтпаса  да 

еңбекпен қайырымы болғаны деп білеміз.

Айсұлу ТОҒЫЗБАЕВА.

ЕЛІМІЗ  ЕГЕМЕНДІГІН  АЛҒАННАН  КЕЙІН  ӨРКЕНИЕТ  БИІГІНЕ  ЖОЛ  САЛДЫ.  ƏЛЕМНІҢ  ОЗЫҚ 

ЕЛДЕРІНІҢ ҚАТАРЫНА ҚОСЫЛУҒА НАҚТЫ МАҚСАТТАР ҚОЙДЫ. ƏРИНЕ, ЕЛДІҢ ЕРТЕҢГІ ТҰТҚАСЫН 

ҰСТАЙТЫН – ЖАСТАР.  ЖАН-ЖАҚТЫ  ДАМЫҒАН  МЕМЛЕКЕТТІ  БІЛІКТІ  МАМАНДАР  ҚАЛЫПТАСТЫРА 

АЛАДЫ. КӨРЕГЕН ЕЛБАСЫ ЖАСТАРДЫҢ ЗАМАНАУИ БІЛІМ, ОҢ ТƏЛІМ АЛУЫНА ЕРЕКШЕ КӨҢІЛ БӨЛДІ. 

ЖОҒАРЫ БІЛІМНІҢ ІЗДЕНІМПАЗ ЖАСҚА ҚОЛЖЕТІМДІ БОЛУЫНА МҮМКІНДІКТЕР ҚАРАСТЫРЫЛДЫ. 

ЖОҒАРЫ  БІЛІМ  АЛУДЫҢ  ҚОЛЖЕТІМДІЛІГІН  ҚАМТУ  МАҚСАТЫНДА  БІЛІМ  ЖƏНЕ  ҒЫЛЫМ 

МИНИСТРЛІГІНІҢ  ЖАНЫНАН  «ҚАРЖЫ  ОРТАЛЫҒЫ»  АКЦИОНЕРЛІК  ҚОҒАМЫ  ҚҰРЫЛДЫ.  МҰНДАҒЫ 

ТҮПКІ КӨЗДЕЛГЕН МҮДДЕ – ЛАЙЫҚТЫ ЖƏНЕ САПАЛЫ БІЛІМ АЛҒЫСЫ КЕЛЕТІН, СОҒАН ҚАБІЛЕТТІ 

ТҰЛҒАЛАРҒА ЖАҒДАЙ ЖАСАУ БОЛАТЫН. 

Балалардың  жазғы  сауықтыру 

лагерьлерінде 

болып, 


онда 

ойдағыдай 

демалуы 

бұрыннан 

қалыптасқан  тенденция  деуге  де 

болады.  Сонау  Кеңестік  кезеңнің 

өзінде  де  бұл  жұмыс  ілкі  сəтке  де 

кідірген  емес.  Дейтұрғанмен,  Меркі 

ауданындағы  «Жұлдыз»  сауықтыру 

лагерінде  бүгінгі  таңда  күрделі 

жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. 

Соған  байланысты  аталмыш  лагерь 

биылғы  жылы  балаларды  қабылдай 

алмайтыны  анық.  Өңірімізде  ұзын 

саны 10 сауықтыру  лагерлері  бар 

болса,  оның  алтауы  мемлекеттік  те, 

төртеуі мемлекеттік емес. 

Маусыммен ғана жұмыс жасайтын 

жазғы сауықтыру лагерьлері биыл да 

өз  жұмыстарын  бастап  кетті.  Онда 

бүгінгі  таңда  балалар  лек-лекпен 

демалып  та  жатыр.  Дейтұрғанмен, 

бұл 

лагерьлер 



мемлекеттік 

стандарттарға сəйкес жұмыс істеп тұр 

ма? Барлық талаптар онда сақталған 

ба,  əлде  əлі  де  болса,  кемшіліктер 

бар  ма  екен?  Жұмысын  жүйелеп 

жатқан  лагерьлерге  атқарушы  билік 

тарапынан  тиісті  қаржылар  дер 

кезінде  бөлініп  жатыр  ма?  Əлбетте, 

сұрақ көп, алайда аталған сұрақтарға 

жауап табу қиынға соғады. 

Лагерьлерге  барған  балалардың 

қауіпсіздігі 

барынша 

мықты 


сақталуы  тиіс.  Бала  болғаннан 

кейін  ойнайды,  күледі,  ойнап  жүріп, 

от  басып  қалуы  да  ғажап  емес. 

Олардың  тəртібін  қадағалап,  жүріс-

тұрысына,  тағы  басқасына  əлбетте 

сол  жердегі  тəрбиешілер  назар 

аударатыны  айтпаса  да  түсінікті. 

Алайда,  сол  жеткілікті  ме?  Бүгінде 

балаларға  бар  қамқорлық  тегіннен 

тегін  жасалмайды.  Одан  бөлек  қай 

ата-ана  өзінің  баласының  нақты 

қадағалуда  болғанын  қаламайды 

дейсіз? Біріншіден, балаға қандай да 

бір қиянат жасалса, шыр-пыр болып, 

жанын  шүберекке  тиетін  де  сол 

ата-ана  емес  пе?  Мұны  əсте  естен 

шығаруға болмайды. 

Осыны  қаперде  ұстаған  билік  те 

сол  келуі  мүмкін  залалдың  алдын 

алу  мақсатында  түрлі  шараларды 

қабылдағаны анық. Нақты шара қашан 

да  өз  нəтижесін  береді  ғой.  Осыған 

орай  «Қазақстан  Республикасында 

діни  экстремизм  мен  терроризмге 

қарсы  іс-қимыл  жөніндегі 2013-2017 

жылдарға 

арналған 

мемлекеттік 

бағдарламаны  іске  асыру  жөніндегі 

іс-шаралар 

жоспарына» 

сəйкес 


барлық 

сауықтыру 

лагерьлері 

арнайы 


күзетпен, 

бейнебақылау 

қондырғыларымен 

қамтамасыз 

етілуі 

тиіс 


болатын. 

Өкінішке 

қарай,  бірқатар  лагерьлер  маусым 

басталғанда  бұл  жұмысқа  баса 

назар  аудармады.  Бейнебақылау 

қондырғыларының пайдасы болмаса 

зияны 

болмайтыны 



əлімсақтан 

аян.  Дейтұрғанмен,  облыстық  білім 

басқармасы  қосымша  білім  беру 

жəне  тəрбие  жұмыстары  бөлімінің 

меңгерушісі 

Гүлзира 


Дəрібаева 

таяуда  ғана  бірде-бір  лагерьде 

бейнебақылау  қондырғылары  жоқ 

екенін  тілге  тиек  еткен  болатын. 

Əйткенмен,  бүгінгі  таңда  бірқатар 

лагерьлер  бұл  олқылықтың  алдын 

алуға  кірісіп  кеткен  сыңайлы.  Осы 

мəселемен  Тұрар  Рысқұлов  ауданы 

əкімдігіне  қарасты  білім  бөліміне 

хабарласқанымызда ондағылар Əлия 

Молдағұлова  атындағы  лагерьде 

бейнебақылау 

қондырғысының 

орнатылғанын тілге тиек етті.

Бұдан  бөлек,  Талас  ауданы 

білім 


бөлімінің 

басшысы 


Гүлнар 

Құлыншаққызына 

хабарласқанымызда: «Бізде 

бұл 


жұмыс қолға алынды. Алдағы күндері 

тиісті  бейнебақылау  қондырғылары 

орнатылуы  керек.  Ережеге  сəйкес, 

конкурсты ұтып алған фирма енді іске 

кіріседі.  Бюджеттен  тиісті  деңгейде 

қаржы  қарастырылды.  Бұл  олқылық 

түзелетін 

болады. 


Балалардың 

қамқорлығы  мен  қауіпсіздігі  біздің 

тарапымыздан  қадағалануда»  деген 

уəж айтты. 

Қордай  ауданындағы  «Балауса» 

балаларды 

сауықтыру 

лагерінің 

директоры 

Алтай 


Иткеевке 

хабарласқанымызда: «Бұл  мəселеге 

қатысты 

жұмыстар 

жүргізілуде. 

Тиісті  бейнебақылау  қондырғысын 

орнатуға қажетті қаржы көзін таптық. 

Табылған  қаржы  есебінен  алдымен 

қажетті  деген  негізгі  камера,  одан 

кейін  қалғаны  орнатылады.  Бұл 

мəселе  екі  күнде  шешімін  табады» 

деп өз ойын білдірді.

Шыны  керек,  жазғы  сауықтыру 

лагерьлерінің жұмысы тек маусымдық 

қана.  Яғни,  жаз  маусымында  ғана 

жұмыс  жасайды.  Соның  өзіне  бар 

лагерьлеріміз 

өз 


жұмыстарына 

тыңғылықты дайын болмай шыққаны 

неліктен?  Бағдарлама  болса 2013 

жылы қабылданды емес пе? Ал, биыл 

2014  жыл.  Бір  байқағанымыз,  Талас 

ауданындағы лагерьге бейнебақылау 

қондырғысын  орнатуға  мемлекеттік 

бюджеттен  қаржы  қарастырылыпты. 

Ал,  кейбір  өңірлерде  бұл  мəселе 

олай 


емес 

сияқты. 


Жалпы 

бағдарлама  мемлекеттік  екені  тайға 

таңба  басқандай  көрсетіліп  тұр  ғой. 

Ендеше  аудандық  мəслихаттармен 

бекітілген 

бюджеттің 

жобасында 

лагерьлерге 

қарастырылған 

қаражаттың  болуы  тиісті  емес  пе? 

Бұрындары  мəслихатпен  бекітілген 

бюджеттік  жоспарға  өзгерістер  мен 

қосымшалар  енгізілмесе,  бөлінген 

қаражат  азаймайтын.  Əлде  кейбір 

өңірлерде  бұл  мəселе  қалтарыс 

қалып,  қаражат  тек  бір  арнамен 

бөлінді ме екен? 

Қалай  десек  те,  өңіріміздегі 

бар 

лагерьлердің 



барлығында 

дерлік 


бақылау 

камералары 

маусым  басталып  кеткеннен  кейін 

ғана  орнатылып  жатыр.  Ал,  бұған 

облыс  емес,  аудандардағы  білім 

бөлімдерінің  басшылары  жауапты 

болса  керек.  Маусымдық  жұмысқа 

дер 


кезінде 

назар 


аудармаған 

олардың 


жұмыстары 

ондағы 


жылдық  жоспар  қалай  орындалады 

екен? 


Маусымның 

өзін 


игере 

алмағандардың  жылдық  жұмысын 

қадағалау,  əрине  тиісті  органдардың 

құзіретіндегі  жұмыс.  Дейтұрғанмен, 

бір  ғана  бақылау  камераларын 

дер  кезінде  орната  алмаған,  қажет 

сəтінде қамданып, мемлекеттік сатып 

алу конкурстарының талаптарын күні 

бұрын  ойластырмаған  басшылар 

алдағы  уақытта  бұл  жұмысқа  ширақ 

қараса  құба-құп.  Қалай  десек  те,  аз 

ғана  уақытты  қамтитын  маусымдық 

жұмыстың  өзінен  шикіліктің  шығып 

жатқаны, əрине өкінішті.

Сын мен шын

БАЛАЛАР ДЕМАЛЫС ЛАГЕРЬЛЕРІНЕ 

БАЛАЛАР ДЕМАЛЫС ЛАГЕРЬЛЕРІНЕ 

БАҚЫЛАУ КАМЕРАЛАРЫ НЕГЕ ОРНАТЫЛМАҒАН?

БАҚЫЛАУ КАМЕРАЛАРЫ НЕГЕ ОРНАТЫЛМАҒАН?

Табиғат АБАИЛДАЕВ

Жыл  сайын  жаз  мезгілінде  балаларды  жазғы  сауықтыру 

лагерьлерінде  демалдыру,  сауықтыру  жұмыстары  талапқа 

сай  жүргізіліп  келеді.  Бұл  тұрғыдан  келгенде  облыстық  білім 

басқармасы  мен  аудандардағы  білім  бөлімдері  ілкімді  жұмыс 

атқарып жүр. Əйткенмен, өңірімізде 6 ауданда бүгінгі мемлекеттік 

сауықтыру  лагерьлері  жоқ  болып  тұр.  Атап  айтсақ,  Байзақ, 

Жамбыл,  Жуалы,  Мойынқұм,  Сарысу,  Шу  аудандарында 

балалар  жазғы  сауықтыру  лагерьлеріне  бара  алмайды.  Əрине, 

мектепішілік лагерьлер бар да шығар...


7

12 маусым,

№24 (452)

ƏЛЕУМЕТ

Бар мен жоқ



ДƏРІГЕР ТАПШЫЛЫҒЫНАН ҚАЛАЙ ҚҰТЫЛАМЫЗ?

ДƏРІГЕР ТАПШЫЛЫҒЫНАН ҚАЛАЙ ҚҰТЫЛАМЫЗ?

«Қазіргі  күнде  қандай  дəрігер  мамандарға 

зəруміз?» деген сұрақпен аудандарға хабарласқан 

едік. Т.Рысқұлов ауданы 1 психиатр, 1 рентгенолог, 

1  зерттеуші, 1 жұқпалы  аурулар  дəрігері, 1 

травматолог, 1 балалар  ортопеді, 1 терапевт, 1 

жалпы тəжірибелік дəрігерді керек етеді. Ал, Жуалы 

ауданы 3 жалпы  тəжірибелік  дəрігер, 1 хирургты 

іздеп  отырса,  Жамбыл  ауданында  иммунолог, 

жұқпалы 


аурулар 

дəрігері, 

функционалдық 

диагностика, жалпы тəжірибелік дəрігер, 2 педиатр,  

хирург,  эндокринолог,  терапевт,  акушер-гинеколог 

тапшы.


Дəрігерлер 

тапшылығы 

тек 

аудандарда, 



ауылдарда  ғана  емес,  облыс  орталығы – Тараз 

қаласында  да  бар.  Өзіміз  куə  болған  бір  жайтты 

айта  кетейік.  Тараз  қалалық  перзентханасында 

отамен  босанған  келіншек  бес  күннен  соң  үйіне 

шығарыларда  оған  учаскелік  гинеколог  пен 

терапевт дəрігер келіп, жағдайын тексеріп, жарасын 

тазалап таңып отыруы тапсырылады. Алайда, оны 

мекен-жайына  іздеп  келген  бірде  бір  дəрігердің 

қарасы көрінбейді. Келіншек өзі тұрғылықты мекені 

бойынша  тіркелген  Тараз  қалалық  №2  емханаға 

телефон  шалып,  дəрігерді  шақыртады.  Бір  емес, 

үш  күн  қоңырау  шалады.  Ондағылар  «Міне,  бүгін 

жібереміз,  барады»  деген  жауапты  қайталаудан 

танбайды.  Бірақ,  ешқандай  ақ  халатты  маман 

мұны іздеп келмеген. Сондағы емханадағылардың 

жауабы – «Қайтеміз,  дəрігер  жетіспейді!»  болған. 

Содан  мемлекеттік  емханалардан  көңілі  қалған 

əлгі келіншек өз денсаулығы үшін қазір жекеменшік 

медициналық  мекемелердің  мамандарына  ғана 

қаралатынын айтты. 

Тіпті, 

жоғарыда 



аталған 

емханадағы 

ультрадыбысты  зерттеу  аппараты  да  құрсақтағы 

шарананың 

жағдайын 

жан-жақты 

тексеруге 

мүмкіндігі тар екен. Егер жүкті əйелдің жатырының 

жағдайынан  қандай  да  бір  күмəн  туса,  ондағы 

дəрігерлердің  өзі  жекеменшік  УДЗ  аппараттарына 

жіберетін көрінеді. 

Бірақ, 


мемлекет 

тарапынан 

денсаулық 

сақтау  саласына  бөлініп  жатқан  қаржы  аз  емес. 

Онда  неліктен  мемлекеттік  мекеме  жекеменшік 

медициналық  ұйыммен  бəсекелесе  алмайды? 

Мамандар 

жетіспеушілігін 

де 

жекеменшік 



мекемелерден кездестірмейсіз.

Осы  тұста  Тараз  қаласында  жеткіліксіз 

мамандар жайында айтып өтейік, қала бойынша 99 

медициналық  мамандарды  бос  орындар  күтіп  тұр 

екен.  Нақтырақ  тоқталып  өтейік, 12 невропатолог, 

3  психиатор, 8 травматолог, 10 акушер-гинеколог, 

8  хирург, 9 онколог, 10 педиатор, 39 жалпы 

тəжірибелік дəрігер керек облыс орталығына да.

Тағы 

да 


облыстық 

денсаулық 

сақтау 

басқармасының 



басшысы 

Салтанат 

Омарбекованың 

мəлімдемесіне 

сүйенсек, 

кадрлардың біліктілігін арттыруға бюджет есебінен 

қомақты  қаржы  бөлінуде.  Сол  арқылы  сала 

мамандары  отандық  орталықтармен  қатар,  шет 

елдік  ғылыми  орталықтарда,  оқу  орындарында 

да  біліктілігін  арттырып  жүрген  көрінеді.  Айталық, 

2011  жылы 5 медициналық  маман  Израиль 

мемлекетінде  біліктілігін  арттырып  келсе, 2012 

жылы  Литва  мемлекетінің  мамандары  келіп, 

біздің  дəрігерлердің  арасында  мастер-класс 

ұйымдастырған.  Облысымыздың  кардиохирургия, 

кардиология  жəне  эндокринология  мамандары 

Новосибирск  қаласының  ғылыми  орталығының 

базасында білімін жетілдірген.

Облыс  бойынша 2013 жылы  барлығы 1405 

дəрігерлер  мен 2047 орта  буын  қызметкерлері 

біліктілігін арттыру курстарына жолданыпты. 

«Кадрлардың біліктілігін арттыру жəне оларды 

қайта  даярлау  бағдарламасы  шеңберінде»  өткен 

жылы 7 дəрігер  Ресей  Федерациясында  кəсіби 

біліктіліктерін  еселепті.  Олардың 6-уы  Қазан 

қаласында  «Ми  тамырлары  қан  айналуының 

жедел  бұзылуы»  бойынша,  облыстық  балалар 

ауруханасының 1 дəрігері 

«Нейрохирургия» 

циклында  Санкт-Петербург  қаласында  білімдерін 

толықтырған.  Жəне  өз  еліміздің  медициналық 

оқу  орындарынан  да  бірқатар  мамандарымыз 

білімдерін  ары  қарай  тереңдетіп  жүрген  көрінеді. 

Енді  алдағы  уақытта 2 ЛОР  дəрігері  мен 1 

травматологты  Ресей  Федерациясына  біліктілігін 

арттыруға жіберу жоспарда екен.

Енді 

өңіріміздегі 



дəрігерлер 

қатарын 


толықтыруға  келгендер  жайында  бірер  сөз. 2012 

жылы облысқа 98 жас маман келген. Олардың 59-ы 

ауылдық денсаулық сақтау ұйымдарында жұмысқа 

орналастырылған.  Ал, 2013 жылы  Жамбыл 

облысына келген 127 жас маманның 74-і «Дипломмен 

ауылға» бағдарламасымен аудандарға жолданған. 

127 жас маманның 59-ы С.Асфендияров атындағы 

Қазақ  Ұлттық  медициналық  университетінің, 18-і 

Түркістан  қаласындағы  Халықаралық  Қазақ-Түрік 

университетінің, 20-ы  Қырғыз  университетінің, 12-і 

Қарағанды, 7-і  Астана, 5-і  Қазақстан-Ресей, 3-і 

Ақтөбе,  Семей,  Ташкент  жəне  Оңтүстік  Қазақстан 

медициналық университеттерінің түлектері.

Аудандарға жолданған 74 жас маманның Жуалы 

ауданына 15-і, Қордай ауданына 13-і, Шу ауданына 

10-ы,  Жамбыл  ауданына 7-і,  Талас  ауданына 7-і, 

Мойынқұм  мен  Т.Рысқұлов  аудандарына 5-еуден, 

Сарысу,  Байзақ    жəне  Меркі  аудандарына 4 жас 

маманнан  емшілік  етуге  орналасыпты.  Бірақ, 

Байзақ  пен Жамбыл аудандарында дəрігерлермен 

қамтамасыз ету көрсеткіші төмен деңгейде қалған. 

Енді мектеп бітіруші жастардың дəрігер болуға 

деген ынтасы қаншалықты екенін талдап көрелік.

Ақзер АРЫСЛАНОВА, Тараз қаласының №50 

орта мектебінің түлегі: 

–  Дəрігерлік  мамандықты  таңдамаймын, 

себебі,  мен  дəрігер  болғым  келмейді.  Таңдаған 

мамандығым – ертеңгі  күнгі  жейтін  наным 

болғандықтан, 

бойымда 

бар 

қабілетіме 

лайықтысын меңгергенім жөн деп білемін.

Құралай ҚАРЖАУБАЕВА, Луговой ауылы:

– Дəрігер болғым келмейді, себебі ол адам өте 

қиын  жағдайда  жатқанында  жəрдем  беруі  керек. 

Өзінің  көмегіне  жүгіне  келген  кісінің  дəрігердің 

емінің  себебінен  өмірден  өтіп  кетсе,  ол  соның 

қанын мойнына жүктемей ме?

Мақпал АХМЕТОВА, Қордай ауданы:

–  Мен  дəрігер  болып,  иығыма  жамылған 

ақ  халатымдай  адал  еңбегіммен  адамдардың 

алғысына  бөленуді  армандадым.  Амал  не,  ҰБТ-да 

жоғары  оқуға  түсерліктей  балл  жинай  алмадым. 

Талпынып ем, мүмкіндік тар болды. Сонда да болса, 

арманымнан алыстамау үшін қазір Қырғызстанда 

медициналық  колледжде  оқып  жүрмін.  Түбінде 

дəрігер боламын.

Алина ИЗМҰҚАНҚЫЗЫ, Қордай ауданы:

–  Адам  баласын  дүниеге  əкелетін  Ана  өте 

жоғары құрметке лайық, əрине бейнеті де аз емес. 

Сондай қиын да болса, қадірлі еңбектің иесі болу – 

менің  көздегенім.  Адам  баласының  өміріне  араша 

түсу үшін дəрігер болуға мақсаттанып отырмын. 

Бұйыртса,  болашақта  дəрігерлер  қатарынан 

көресіздер мені.

Міне,  жастардың  пікірі  осындай.  Дəрігер 

мамандығының  адамзат  атаулыға  басты  байлық – 

денсаулыққа жауапты болғандығынан да біреулерді 

бұл  қорқытады,  енді  біреулерге  көптің  ықыласына 

бөлендірер биік. 

Біз  қозғап  отырған  осы  мəселенің  шешімін 

табу  мақсатында  С.Ж.Асфендияров  атындағы 

Қазақ  Ұлттық  Медициналық  Университетінде  ауыл 

мектептерінің  түлектеріне  арналған  облыс  əкімінің 

гранты  бөлінген.  Сол  грантпен  бүгінде 1-2 жəне 3 

курстарда 89 студентіміз білім алуда. Олар осы оқу 

орнын  бітіріп,  жамбылдық  жұртшылықты  дəрігер 

тапшылығынан  құтқарар  деген  үмітіміз  зор.  Биыл 

да бұл үрдіс жалғасады. Тек солар бəріміздің алтын 

бесігіміз – ауылдардағы жетіспеушілікті толықтырса 

қанеки.  Облысымыздың  бас  дəрігері  Салтанат 

Жамалбекқызы: 



– Кадр тапшылығын шешудің бірден-бір жолы – 

мамандарды баспанамен қамтамасыз ету, – дейді. 

ҚР  Денсаулық  сақтау  министрлігінің  вице-

министрі Ерік Байжүнісов те БАҚ өкілдеріне берген 

сұхбатында:



– Көкейкесті бұл мəселені біз 2016-2017 жылға 

қарай толық шешеміз деген меже қойып отырмыз. 

Жылдан-жылға 

маманның 

жетіспеушілігі 

қысқаратынына  біздің  көзіміз  толық  жетеді. 

Екіншіден,  болашақ  дəрігер  ауылға  барған  кезде 

оның  үйі,  əлеуметтік  жағдайы  жасалуы  керек. 

Əйтпесе, ешқандай дəрігер ауылға барып, жұмыс 

істемейді.  Сондықтан,  жергілікті  атқарушы 

биліктің де бұл жердегі жауапкершілігін арттыру 

керек, – депті. 

Көпшіліктің қажеттілігін қамтуға əкім-қаралар да 

үлестерін қосар, бəлкім.

Құлып пен кілт

ЖОЛ АҚЫСЫ ЖАЙ МƏСЕЛЕ ЕМЕС

ЖОЛ АҚЫСЫ ЖАЙ МƏСЕЛЕ ЕМЕС



ӨТКЕН АПТАДА ҚАЛАМЫЗДАҒЫ  ЖОЛАУШЫ ТАСЫМАЛДАУШЫ КОМПАНИЯЛАР  

ƏЛЕУМЕТТІК  ЖЕҢІЛДІККЕ  ИЕ  ТОПТАРДЫ    БІР-АҚ  КҮНДЕ  ҚОҒАМДЫҚ  КӨЛІКТЕ 

ТЕГІН  ҚАТЫНАУ  ҚҰҚЫҒЫНАН  АЙЫРЫП  ТАСТАП,  ЕЛДІ  ДҮРЛІКТІРДІ.  МҰНДАЙ 

ШАРАҒА  ТАСЫМАЛДАУШЫ  МЕКЕМЕЛЕР    ЖАНАР-ЖАҒАРМАЙ  МЕН  ҚОСАЛҚЫ 

БӨЛШЕКТЕРДІҢ  ҚЫМБАТТАУЫНА    БАЙЛАНЫСТЫ  БАРУҒА  МƏЖБҮР  БОЛҒАН 

КӨРІНЕДІ.  АЛАЙДА,  АПТА  СОҢЫНДА  БҰЛ  ШЕШІМГЕ  ҚАРСЫ  ТОПТАР  ҚАЛА 

ƏКІМДІГІНІҢ ТҰРҒЫН ЖАЙ-КОММУНАЛДЫҚ ШАРУАШЫЛЫҚ, ЖОЛАУШЫЛАР КӨЛІГІ 

ЖƏНЕ АВТОМОБИЛЬ ЖОЛДАРЫ БӨЛІМІНЕ КЕЛІП, ШАҒЫМДАНДЫ. 

Негізі наразылардың  дені соғыс ардагерлері, 

мүгедек  жандар  мен  көп  балалалы  аналарға 

берілетін  жеңілдіктердің  жойылғанына  қарсы 

шықты. Екінші топтағы мүгедек Əмірбек Оразов 

онсыз да болмашы зейнетақысын қайда жеткізем 

деп  қынжылды. 

Ал, 


тасымалдаушы 

мекеме 


болса, 

жеңілдіктердің жойылатыны туралы қала əкіміне 

бірнеше  мəрте  ескерткенін  айтып  ақталды. 

Олардың айтуынша, көбейген шығынның орнын 

толтыру  үшін  жол  ақысын  қымбаттату  туралы 

ұсынысты  қала  басшысы  қолдай  қоймапты. 

Басқа  амалдары  қалмағаннан  кейін  осындай 

шараға баруға мəжбүр болған көрінеді.  




1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал