Жазылу «Қазпошта», «Эврика Пресс», «Сенім» баспаханасы



жүктеу 1.24 Mb.

бет5/12
Дата22.04.2017
өлшемі1.24 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12

Қуандық ТҰРДАЛИН, 

ТарМПИ профессоры.

ДАМУ ДАҢҒЫЛЫ

  Одақ  құру  туралы  үш  ел  арасындағы  келісім  жаһандық 

саясаттанушылардың  ойынша  дамудың  жаңа  динамикасына  айналып, 

бірлестіктегі  елдер  экономикаларының  өркендеуіне  серпін  болар  тың 

бастама болып отыр. Сонымен қатар, бұл келісім аясында тараптардың 

көлік,  энергетика,  агроөнеркəсіп  салаларының  теңқұқылы  дамуына, 

шынайы бəсекелестікті өрістетуге де мүмкіндік бермек. 

Одақтың  осы  жəне  басқа  да  тиімді  жақтарын  талқылаған 

конференцияға  қатысқан  университет  ректоры  Махметғали  Сарыбеков 

өз сөзінде:

–  Бірінші  кезекте,  Қазақстан  үшін  бұл  келісімнің  экономикалық 

дамуы мен біраз белестерге шығуына мүмкіндік беретінін айтып өткім 

келеді.  Сондықтан,  тұрғындардың  осы  бастан  бұл  шешімді  дұрыс 

түсінгені, оң қабылдағаны абзал, –  деді.

Сонымен қатар, конференция барысында университет оқытушылары 

мен  магистранттары  бұл  тақырыпты  кеңінен  тарқатып,  бірнеше 

баяндамалар жасады.



Ерғали ҚАРТАЙҒАН, студент.

М.Х.Дулати  атындағы  Тараз  мемлекеттік  университетінде 

«Еуразиялық 

экономикалық 

одақ – ел 

экономикасы 

интеграциясының  дамуы»  тақырыбында  конференция  өтті. 

Еліміздің экономикалық дамуы тарихындағы маңызды оқиға болып 

отырған  Қазақстан,  Беларусь  жəне  Ресей  арасында  қабылданған  

келісімнің  ұлттық  экономикаға  тигізер  əсерін  талқылауды  мақсат 

еткен  аталмыш  жиында  оқу  орнының    профессор-оқытушылық 

құрамы  мен  қызметкерлері  арасында  насихаттау-түсіндіру 

жұмыстары да жүргізілді.

БОЛАШАҚҚА БАСТАҒАН ЖАРҚЫН ЖОЛ

1994 жылдың наурыз 

айында Мəскеу мемлекеттік 

университетінің мінберінде 

көпшілік назарына ұсынылған 

Еуразиялық одақ құру 

идеясы – ұлттар татулығы, 

интеграциялық бірлестіктің 

негізі болып саналды. Бүгінде 

жер-жерде Еуразиялық 

экономикалық одақ туралы 

шарт жобасын талқылау 

жұмыстары өтуде.

  Осыған байланысты 

қаламыздағы №38 орта 

мектепте де жиын өтті. 

«Нұр Отан» партиясы Тараз 

қалалық филиалының №62 

бастауыш партия  ұйымының 

бастауымен «Еуразиялық 

интеграцияның тиімділігі» 

тақырыбы аясында 

ұйымдастырылған бұл 

жиналыс құрылған одақтың 

қажеттілік жайын елге 

айшықты ете түсті.Себебі, 

жиынның  күн тəртібінде 

тұрған негізгі мəселе ЕАЭО-

ның тиімділігін халыққа 

түсіндіру болатын. Отырыс 

барысында Еуразиялық 

одақтың маңыздылығы сөз 

болды. Мəселен,1994 жылы 

тұңғыш рет Елбасымыз 

Нұрсұлтан Назарбаев 

ұсынған Еуразиялық 

экономикалық ықпалдасу, 

ең алдымен, Қазақстандағы 

қарапайым азаматтар мүддесі 

басымдығына сүйенген 

идея еді. Сондай-ақ, бұл 

ретте кез келген елдің бүгінгі 

таңда өмірге икемдігінің көп 

жағдайда басқа елдермен 

ықпалдастығына байланысты 

екенін айта кеткен жөн. 

Жиын барысында «Нұр 

Отан» партиясы Тараз қалалық 

филиалының №62 бастауыш 

партия  ұйымының төрайымы 

Р.Жакенова экономикалық 

ықпалдастықтың Қазақстанға 

не үшін қажет екенін 

баяндады. Сонымен қатар, 

жиында жарыссөз жүргізгендер 

Еуразиялық экономикалық 

одақтың ел экономикасына, 

жалпы халық болашағына 

барынша қажетті, əрі тиімді 

ықпалдасу болатынынан 

хабардар етті.

Ресей, Беларусь елімен 

ортақ экономикалық одақ құру 

арқылы мемлекетіміз дамудың 

жаңа сатысына көтерілетіні 

анық.

 

Асылзат ЖҰМАБАЙ,  



студент.

«Жұмыспен қамту-2020»

Шаруаға қолайлы шағын несие

БҮГІНГІ ТАҢДА 

ЖҰМЫССЫЗДЫҚ 

ДЕҢГЕЙІНІҢ 

КӨТЕРІЛУІНЕ ЖОЛ 

БЕРМЕЙ, ЕЛДІҢ ӨЗІН-

ӨЗІ ҚАМТУЫ ҮШІН 

ЖҮЙЕЛІ ЖҰМЫСТАР 

ҚОЛҒА АЛЫНУДА. 

«ЖҰМЫСПЕН 

ҚАМТУ-2020 

ЖОЛ КАРТАСЫ» 

БАҒДАРЛАМАСЫНЫҢ 

ӨЗГЕШЕЛІГІ ДЕ ОСЫ. 

– АДАМДАРДЫ ТЕК 

ЖҰМЫСПЕН ҚАМТЫП 

ҚАНА ҚОЙМАЙ, 

ӨЗ КƏСІПТЕРІН 

АШУҒА ШАҒЫН 

НЕСИЕ БЕРУІ. БҰЛ 

БАҒДАРЛАМА ТАЛАЙ 

АЗАМАТТАРДЫҢ 

ІСТЕРІН ІЛГЕРІЛЕТУГЕ 

СЕПТІГІН ТИГІЗУДЕ.

Ауылдық 


жерлерде 

кəсіптерін 

ашамын, 

дамытамын  дегендерге  жол  кеңінен  ашылды.  Сарысу 

аудандық  жұмыспен  қамту  орталығының  басшысы 

Сəкен  Мамытовтың  айтуынша 2013 жылы  «Ауылда 

кəсіпкерлікті  дамыту  арқылы  жұмыс  орындарын  құру 

жəне  тірек  ауылдарды  дамыту»  бағыты  бойынша 

шағын  несиеге  республикалық  бюджеттен 90 млн. 

теңге, 


жетіспейтін 

инженерлік-коммуникациялық 

инфрақұрылымды дамыту жəне жайластыруға 22 млн.

теңге қаралған.

Несие  алуға  өтініш  білдірген  азаматтардың 

құжаттары  қаралып, «Ауыл  шаруашылығын  қаржылай 

қолдау  қоры»  АҚ  Жамбыл  филиалы 47 азаматқа  оң 

қорытыңды шығарып, несие берілген. Осы несие алған 

47 азаматтың 12-сі жетіспейтін ИКИ алуға өтініш білдіріп, 

оның 10 шаруа қожалығы жел электр станциясына қол 

жеткізді.  Сондай-ақ,  бір  малшы  ауылға  барар  жолдың 

көпірі салынып, тас жол төселді.

Несие  алған  қатысушылардың  қаржыны  мақсатты 

игеруі  əр  тоқсан  сайын  қадағаланып  тұрады. 

Осындай  кезекті  тексеру  жұмыстарын  жуырда  «Ауыл 

шаруашылығын  қаржылай  қолдау  қоры»  АҚ-ның 

облыстық  филиалы  инспекторлары  жəне  жұмыспен 

қамту  орталығының  мамандары  жүргізіп,  несие  алған 

азаматтар  бойынша  нақты  ақпараттар  алынды. 

Осы  тексеру  барысында  алынған  несиенің  нақты 

мақсаттарға жұмсалғандығы айқындалды.

Атап  айтар  болсақ,  Саудакент  ауылының  тұрғыны 

Тұрсынбай  Утешов  осы  бағдарлама  аясында  несиеге 

3  млн.  теңге  алған.  Оған    8  бас  жылқы, 20 қой  алып, 

жеке ісін ашыпты. Мал шаруашылығын кеңейтіп өз-өзін 

жұмыспен қамтып отырған жайы бар.

Ал  Үшбас  ауылының  тұрғыны  Сəкен  Тажибаев 

болса 2,7 млн. теңге несиеге  20 бас бұқа, 1 жылқы алып, 

1 жұмыссыз азаматты жұмыспен қамтыды. Жетіспейтін 

инженерлік-коммуникациялық 

инфрақұрылымды 

дамыту  жəне  жайластыруға  құны 1,592 мың  теңгенің 

жел  электрстанциясы  қойылғандығын  қуанышпен 

жеткізді.

Ауылдың көркеюі еліміздің əл-ауқатының көтерілуі. 

Тиімді  несиенің  шапағатын  Жайылма  ауылының 

тұрғыны  Мұрат  Сайлауов  та  көріп  отыр.  Ол  жеке  ісін 

кеңейтуге мал шаруашылығына арнап алған  2,5 млн. 

теңге несиеге 5 бас түйе алып, өз шаруасын дөңгелетіп 

отыр.


Аудан  орталығынан  шалғайда  жатқан  Шағалалы 

ауылының тұрғыны Ербол Нұрбеков: 



–  Шағын  несие  туралы  газеттен  оқып, 

теледидардан  көргенде  бірден  шешім  қабылдадым. 

Себебі,  ауылымыздың  ертеңі  үшін  жасалынып 

жатқан  игіліктерден  құр  қалғым  келмеді.  Көппен 

бірге  құжаттарымды  тапсырып,  1,9 млн.  теңге 

несие  алдым.  Оған 6 бас  жылқы  алдым.  Осындай 

тиімділіктерді  қалт  жібермей  шағын  несие  беру 

арқылы    ауылдық  жердегі  кəсіпкерлікті  қолдауды 

дұрыс  түсінуіміз  керек, – деп  ағынан  жарылды. 

Елбасының 

сарабдал 

саясатының 

арқасында 

тапсырылған  тиімді  бағдарлама  көпшілік  тарапынан 

қолдау тауып отырғандығы қуантады. 

Бұл  бағдарлама  биыл  да  өз  жалғасын  тауып, 

республикалық бюджеттен 94 млн. теңге қаржы игерілу 

үстінде.  Несие  алып  өз  істерін  ашамын  деушілер 

қатары  күн  санап  көбеюде.  Бүгінгі  таңда  жетіспейтін 

инженерлік  инфрақұрылымға 30 млн.  бөлініп, 20-ға 

жуық азаматтар өтініш білдіруде. 

Судың да сұрауы бар демекші, тексеру барысында 

алынған  несие  мақсатсыз  жұмсалса,  сот  арқылы 

мерзімінен 

бұрын 

кері 


қайтарылып, 

айыппұл 


салынатындығын  «Ауыл  шаруашылығын  қаржылай 

қолдау  қоры»  АҚ  облыстық  филиалының  бақылаушы 

инспекторлары ескертіп өтті.

Дариха ҮМБЕТИЯРОВА, 

Сарысу ауданы.

2015 жылдың бірінші  

қаңтарынан бастап, тауар 

айналымына, қызмет көрсету  

ісіне,  адами капиталға жəне 

қаржы капиталына Еуразиялық  

экономикалық одаққа мүше 

болған Қазақстан, Беларусь, 

Ресей аумағында шеңбер 

болмайды.


6

12 маусым,

№24 (452)

ШЫНДЫҚТЫҢ ЖҮЗІ

Дəл  бүгінгі  таңда  Шопан  ата  төлінің 

тек  еті  ғана  болмаса,  терісі  мен  жүні 

ит  пен  биттің  қорегіне  айналып  тұрған 

жайы  бар.  Ауылды  жерлерде    жүнді 

қабылдаушылар  бар  болғаны 15-20 

теңгеден алады. Əрбір қойды кемінде 100 

теңгеден  қырықтыратын  шаруаға  əрине 

бұл  тиімді  емес.  Облыс  ошақтарында, 

əр  ауданда    ашылған  жүн  өңдейтін  цех 

немесе  арнайы  қабылдайтын  орындар 

бұл  мəселені  түбегейлі  шеше  алмай 

отыр.  Жұмыс  істеп  тұрған    бір-екі  өңдеу 

кəсіпорнының,  біріншіден,  қуаты  шағын, 

екіншіден олардың өндірісі тек экспортқа 

бағытталған.  Статистикалық    мəліметтерге 

сүйенсек,  елімізде 16 миллионға  жуық 

қой  бар  екен.  Бұл  қазіргі  таңдағы 

елімізде  мал  шаруашылығын  дамытуға 

үлкен мүмкіндіктер жасалып жатқанының 

жемісі.  Жеңілдетілген  несиелер  беріліп, 

түрлі  бағдарламалар  кəсіпкерлердің, 

шаруа  қожалықтарының    қолы  ұзаруда.  

Сол  бағдарламаларға  сүйеніп,  несие 

алып,  3 мың  тіпті 5 мыңға  дейін  мал 

басын  көбейтіп  отырған  шаруалар 

жоқ  емес.  Бірақ,  сол  еті  мен  сүті  азық 

малдың  жүні  жұрқаның  күйін  кешуде. 

Мамандардың  айтуынша  Қазақстанда 

өсірілетін 

қойлардың 

басым 


бөлігі 

қылшық жүнділер. Оны дұрыс пайдалана 

білмесек,  кəдеге  жарату  қиын  екендігін 

айтады.  Қылшықты  жүн  өзге  елге  қажет 

болмаса  да,  өзімізде  бір  қажетімізге 

жаратуға  болады  ғой.  Мəселен,  Кеңес 

Одағы  кезінде  поляктар  Қазақстаннан 

осы  қылшық  жүндерді  сатып  алып, 

асфальт жасауға пайдаланған екен. Істің 

көзін тапса, керек емес нəрсе жоқ.     

Кезінде  облысымызда  аты  дүркіреп  

«Жүнді  алғашқы  өңдеу»  фабрикасы 

жұмыс  істеген  болатын.  1961 жылдан 

өндірісте  келе  жатқан  сол  «ПОШ» 

əлі  бар.  Бірақ,  бұрынғыдай  əлеуеті 

жоқ.  Себебін  сұрап, «Жүнді  алғашқы 

өңдеу»  фабрикасының  басшысының 

орынбасары 

Сəмбет 

Айтқұловқа 



жолыққанымызда:  

–  Кеңес  Үкіметінің  тұсында  біздің 

фабрика 37  мың  тоннаға  дейін  жүн 

қабылдауға  қауқары  жеткен.  Ал  қазіргі 

таңда  бар  болғаны 2 мың  тонна  ғана 

жүн  қабылдауға  шамамыз  келіп  отыр. 

Арадағы  алшақтық  қандай  екенін  көріп 

отырсыздар.  Біздің 2 мың  тоннадан 

артық  жүн  сатып  алуға  мүмкіндігіміз 

жоқ.  Дəл  қазіргі  таңда  қой  жүнін 

қабылдап, оны тазартып, дайын күйінде  

Ресейге,  Беларусияға,  Қырғызстанға 

жібереміз.   Ол  жақтардан  киім-кешек 

түрінде  өзіміздің  елге  қымбат  болып 

қайта 

сатылады. 

Шикізатымызды 

арзанға 

беріп, 

қымбатқа 

сатып 

аламыз.  Қызығын  көретін  өзгелер. 

Дəл  қазіргі  таңда  біздің  киім-кешек 

жасауға    мүмкіндігіміз  жоқ.  Ол  үшін 

арнайы  мата  шығаратын  цехтар 

ашылуы керек. Алдағы уақытта қолдау 

көрсетіліп,  қажетті  цехтар  ашылса,  

өзіміздің  өлкеде-ақ  қажетті  өнімімізді 

шығарып,  ешкімге  алақан  жаймай, 

жұмыс  жасай  беретін  боламыз.  Ресей 

мен  Қырғызстан,  Беларусь  шығарған 

өнімді  біздің  де  шығаруға  қауқарымыз 

толықтай 

жетеді. 

Мамандарымыз 

жеткілікті. 

Тек 

қажетті 

мата 

шығаратын  цехтар  ашылса  болғаны, – 

дейді. 


Расында,  бəріне  қолбайлау  болып, 

тонналаған  жүніміздің  ысырап  болып, 

өзіміз  кəдемізге  жарата  алмауымыздың 

мəнісі – біздегі жеңіл өнеркəсіпті дамыту 

қажеттігіне  алып  келетін  секілді.  Осы 

ретте  Жамбыл  облысы  жүн  өндіру 

жұмысында  ісін  дөңгелетіп  отырған  

Қордай  ауданындағы  «Ырыс  Бақыт» 

ЖШС-ның директоры  Кеңесхан Ахаевтың 

пікірін білдік. 



–«Ырыс  Бақыт»  ЖШС 1994 жылы 

құрылған  болатын-ды.  Қазіргі  таңда 

өндіріс  орнында 120 қызметкер  жұмыс 

жасайды. 

Республикалық 

көлемде 

алдыңғы 

орындарда 

келе 

жатқан 

кəсіпорын  десем  де  болады.  Біз  оны 

өз  жұмысымызбен  дəлелдеп  келеміз. 

Біз  негізі  қойдың  терісінен  өнімдер 

шығарудамыз.  Біз  шығарып  жатқан 

аяқ  киімдер,  киіз  үйге  арналған  киіздер, 

ат  əбзелдері  халықтың  сұранысын 

туындатып  отыр.  Біздің  өнімдерімізге 

тек  өз  елімізден  ғана  емес,  көршілес 

мемлекеттерден  де  тапсырыстар 

түсіп, 

олардың 

сұраныстарын 

толықтай өтеп жатырмыз.  2013 жылы 

«ҚазАгроПродукт»  АҚ-ның  қаржылай 

қолдауымен жүн жəне тері өңдейтін 11 

дана техникалық құрылғы сатып алдық. 

Бүгінгі күні ол құрылғылар іске қосылып, 

үлкен өндірістік қуатпен жұмыс істеуде, 

– деген ойын айтты К.Ахаев.

Өнімдері  ел  көңілінен  шығып,  жұрт 

талап  алып  кетіп  жатса  «Ырыс  Бақыт» 

тəрізді  кəсіпорындар  көптеп    ашылуы 

керек-ау.  Шикізат  бар,  тек  ретін  табу 

қажет.  Жеңіл  өнеркəсіппен  айналысуға  

ниет танытып жатқан кəсіпкерлер бар ма 

екен, болып жатса оларға қандай қолдау 

көрсетіледі  деген    сұрақпен  облыстық 

кəсіпкерлік 

жəне 


индустриялық-

инновациялық дамыту басқармасына бас 

сұқтық.

Азамат СƏТЕКБАЕВ, басқарманың 

орта жəне шағын бизнесті қолдау 

бөлімінің бас маманы:

–  Дəл бүгінгі таңда мата өндіретін 

цехтар  ашсақ  деген  кəсіпкерлер  жоқ. 

Бірақ, жаңа өндіріс орнын ашпақ ниетте 

жүрген кəсіпкерлердің барлығына қолдау 

көрсетіледі.  «Жол  картасы – 2020» 

бағдарламасы 

бойынша 

пайыздық 

ставкасыз  несие  алуға  болады.  Ондай 

жағдайда    алынған  несиенің 7 пайызын 

мемлекет  өтеп  береді. 3 миллион 

теңгеге  дейін  мемлекеттік  гранттар 

беріледі.  Егер кəсіпкердің ашпақ болып 

жатқан өндіріс орны облыс көлемінде жоқ 

болса,  дəл  сондай  өндіріс  орындарына 

облыста қажеттілік туындап жатса, 3 

миллион  теңге  қайтарымсыз  беріледі. 

Əзірге  тəуекелге  бел  буып,  мата 

өндіретін  цех  аша  қаламын  деген 

кəсіпкерлер жоқ. Біздің облыста тұрмақ, 

еліміздің  көп  аймақтарында  мата 

өндіретін  цехтар  жоқтың  қасы.  Біздің 

облыста ашылып жатса құба-құп болар 

еді.

Біздің  ұққанымыз  еліміздегі  жүн 

фабрикалары    жүнді  өңдемей,  тек 

жуып,  сатып  отыр.  Ал  бит  терісінен 

биялай  тіккен  көршілес  мемлекеттерге 

керегі  де  сол.  Біз  өз  шикізатымызды 

шетел  кəсіпкерлеріне  сатып,  олардың 

тауарларын  қымбатқа  алғанға  ризамыз. 

Мəселен,  Ресей  мен  Қырғыз  нарығынан 

жеткізіліп 

жатқан 

өнімдерді 



тігетін 

шеберлер  өз  елімізден  де  табылады. 

Ықылым  заманнан  қолөнерді  жанына 

серік еткен ел ішінен қолөнер шеберлері 

шықпайды  дегенге  сену  қиын.  Шамамыз 

жетпейді  емес  жетеді.  Өз  кəсібімді 

бастаймын деген кəсіпкерлерге жасалып 

жатқан  көмектер  де  жоқ  емес.  Енді 

қалғаны,  тəуекел  ету.  Біз  ой  салдық

қалғанын  көзі  қарақты  жұрт  таразылай 

жатар.

Бұл да бір мәселе



ҚОР БОЛҒАН ҚОЙДЫҢ ЖҮНІ

ҚОР БОЛҒАН ҚОЙДЫҢ ЖҮНІ



ДЕМАЛЫС КҮНДЕРІ АУЫЛҒА БАРЫП, ҚОЙ ҚЫРҚЫНЫНЫҢ ҮСТІНЕН ТҮСТІК. 

ОНЫ-МҰНЫ ТІРЛІКТЕРГЕ ЖƏРДЕМДЕСІП ЖҮРІП, ҮЛКЕН КІСІДЕН «ҚОЙДЫҢ ЖҮНІН 

ҚАЙДА ӨТКІЗЕСІЗДЕР?» ДЕП СҰРАП ҚАЛДЫҚ. «КӨКТЕМГІ ӨЛІ ЖҮНДІ КІМ АЛУШЫ 

ЕДІ. ЖАТЫР ҒОЙ ТАУДАЙ БОЛЫП. ЖҮН ҚАБЫЛДАУШЫЛАР ІЗІН ДЕ САЛМАЙДЫ» 

ДЕП  ƏКЕЙ  ҚЫСҚА  ҚАЙЫРДЫ.  ИƏ,  РАСЫМЕН  ОБЛЫС  ОРТАЛЫҒЫНАН 

ШАЛҒАЙДА  ОРНАЛАСҚАН  АУЫЛҒА  ЖҮН  ҚАБЫЛДАУШЫЛАРДЫҢ  КЕЛЕ 

БЕРМЕЙТІНДІГІ  ӨТІРІК  ЕМЕС.  КЕЗІНДЕ  ҚОЙ  ҚЫРҚЫНЫ  БАСТАЛЫСЫМЕН 

ЖҮН ҚАБЫЛДАУШЫЛАР АУЫЛ-АУЫЛДЫ КЕЗІП ЖҮРІП, ТАЛАП АЛЫП КЕТЕТІН 

БОЛСА,  ƏЖЕЛЕРІМІЗ  ҚОЛЫНАН  ҰРШЫҒЫ  ТҮСПЕЙ,  КИІЗ-ТЕКЕМЕТІН  БАСЫП 

ЖАТАТЫН. ƏЙТЕУІР ҚОЙ ЖҮНІ ЖЕРДЕ ҚАЛМАЙТЫН. АЛ ҚАЗІР ШЕ?..

Талғат НҰРХАНОВ

Оң мен сол



НЕСИЕМЕН ОҚЫТУ ЖҮЙЕСІ КІМГЕ ТИІМДІ БОЛДЫ?

НЕСИЕМЕН ОҚЫТУ ЖҮЙЕСІ КІМГЕ ТИІМДІ БОЛДЫ?

Осы мақсатпен студенттік мемлекеттік несие жүйесі 

құрылды.  Ол  негізінен  мектепті  жақсы  көрсеткішпен 

аяқтаған талапкерлер үшін берілді. Бұл жүйе 1999-2005 

жылдар  аралығында  жүзеге  асырылып, 2005 жылы 

тоқтатылды.  Ары  қарай  білім  грантына  ауыстырылды. 

Несиелендіру бағдарламасымен 6 жыл ішінде 59 мыңға 

жуық студент білім алыпты. Олардың алғашқыларының 

қарызды 

төлеу 


мерзімі 

биыл 


аяқталады. 

Заңды  ереже  бойынша  қарызгер  оқу  орнын  бітіріп, 

мамандық алған соң, алты айдан кейін несиені 15 жыл 

ішінде  қайтаруы  тиіс.  Алайда,  ҚР  Білім  жəне  Ғылым 

министрлігінің  «Қаржы  орталығы»  қызметкерлерінің 

баспасөздерге 

берген 

сұхбаттарында 



мемлекет 

бюджетіне 

борышкер 

студенттердің 

жартысы 

қарыздарын  қайтармаған.  Орталықтың  мəліметінше, 

студенттерді несиелендіру бағдарламасына 15 миллиард 

теңге  бөлініп,  оның 2,8 миллиарды  ғана  қайтарылған. 

Қаржы  орталығы  қызметкерлерінің  айтуынша, 

борышкерлердің  жəне  олардың  сенімді  өкілдерінің 

қарызды 

қайтаруға 

қаржылық 

жағдайларының 

жеткіліксіздігінен 

немесе 


несиені 

төлеуге 


қатысты 

хабардар 

болмауынан 

жəне 


қарызды 

өтеу 


туралы 

толық 


ақпараттарды 

жіберуге 

өз 

мекен-жайлары 



туралы 

мəліметті 

нақты 

бермегендіктен  мүмкіндік  болмай  отырған  көрінеді.



Сондай-ақ, 

қарыздың 

өтелмеуіне 

тағы 


бір 

себеп – білім  алу  үшін  мемлекеттен  несие  алған 

студенттің  өмірден  өтуі. «Қаржы  орталығының» 

мəліметінше, 114 қарызгер 

дүниеден 

озыпты. 


Мұндай 

жағдайда 

берешек 

қайтарылмайды. 

Өз  облысымызда  қарызгер  студенттердің  несиесін 

қайтару  жайы  қалай  жүріп  жатқанын  білу  мақсатымен 

Тараз мемлекеттік университеті мен Тараз мемлекеттік 

педагогикалық  институтына  хабарластық.  Несиеге 

оқыған  студенттер  үшін  жұмсалатын  қаржы  еліміздің 

Білім жəне Ғылым министрлігінің «Қаржы орталығынан» 

аударылғандықтан, 

оқу 


орындары 

қарызгер 

түлектерін  іздеуге  бас  қатырмайтын  болып  шықты. 

Біржан ЖАМБАЕВ:

– 

Тараз 

мемлекеттік 

университетінде 

жеңіл  өнеркəсіп  саласы  бойынша  І-ІІ  курстарды 

мемлекеттік  несиемен  оқыдым.  ІІІ  курстан  бастап 

ол  білім  грантына  ауыстырылдым.  Бірақ, 2 жылға 

берілген  қарызымды  төлеп  жатқан  жоқпын,  себебі 

несиені  қайтару  туралы  ақпараттан  бейхабармын.

Думан  ЕСБАЕВ  (белгілі  себептермен  аты-жөні 

өзгертілді):

–  Мен 2003-2008 жыл  аралығында  Алматы 

қаласында  мұнай-газ  мамандығымен  мемлекеттік 

несиеге  оқыдым.  Бірақ,  маған  ешқандай  несиемді 

төлеу  туралы  хат-хабар  келген  жоқ.  Қазір  сол 

мамандығыммен  жұмыс  істеп  жүрмін.  Жалақымнан 

ол үшін қандай да бір пайыздар ұсталып жатқан жоқ. 

Тіпті, уақыт өте келе ол туралы ұмытып та кетіппін. 

Біз 


кездестірген 

бірнеше 


несиелік 

жүйемен 


оқығандардың  сөздері  осы  мəндес  өрбіді.  Əрине,  қай-

қайсымыз болсақ та қайтарымы сұралмаған қарызды қайта 

қозғағымыз  келмейді.  Қарызгер  студенттердің  де  тілегі 

сол – «жабулы қазан жабулы күйінде қалсын». Несиесінің 

қайтарымы  туралы  ешкім  іздеу  салмағанына  қуанады. 

Бірақ,  бізді  «Қайтарымсыз  кеткен  қаржы  қайдан 

шықты?»  деген  сұрақ  мазалайды.  Мемлекеттік 

бағдарламаға 

жұмсалған 

қаржы 


мемлекеттің 

бюджетінен  бөлінетіні  айдан  анық.  Ендеше  «Ел 

қазынасынан  алынған  қаржының  сұрауы  болмағаны 

ма?»  деген  тағы  бір  сұрақ  көңілді  көлеңкелейді. 

Сұраусыз, қайтарымсыз қалған соншама сома көпке 

ортақ  қазынадан  бөлінгендіктен  ел  экономикасына 

қандай  да  бір  əсері  бар  ма?  Осы  дүдəмал 

сауалмен  экономика  маманының  пікірін  сұрадық.




1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал