Жазылу «Қазпошта», «Эврика Пресс», «Сенім» баспаханасы



жүктеу 1.24 Mb.

бет3/12
Дата22.04.2017
өлшемі1.24 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12

Жасұлан СЕЙІЛХАНОВ

Бұл  жылдар  аралығында  Жамбыл 

жастары 

түрлі 

əлеуметтік 

нысандардың  құрылысына  атсалысып, 

ел  экономикасының  дамуына  орасан 

үлес  қосты.  Бұл  сөз  жоқ,  жастардың 

ерен  еңбегінің  жемісі.  Жастар  қай 

кезде  де  қоғамның  даму  көшінің  алғы 

шебінде  жүруге    міндетті.  Сондықтан 

еңбек  жасақтарының  санын  жылда 

арттыруымыз  қажет.  Ол  үшін  тек 

жүйелі  жұмыстар  мен  тынымсыз  еңбек 

ету керек. 

Ал, 

биылғы 

еңбек 

маусымына 

қатысуға  ниет  білдірген  жастарға  тек 

сəттілік  тілеймін.  Еңбектеріңіз  жемісті 

болсын! – деді басқарма басшысы.    

Ал,  ЖГТУ-дың  проректоры  Оңғар 

Сəлімбаев, студенттік құрылыс жасақтары 

мен  жасылелдіктердің  саны  жыл  санап 

артып 

жатқаны 


көңіл 

қуантатынын 

айтып,  алдағы  уақытта  жасақтардың  

өзге  өңірлермен  де  тəжірибе  алмасу 

бастамасын көтеру қажеттігін ұсынды. 

Былтырғы  жылдың  ең  үздік  жауынгері 

Данияр  Ыбырай  құрылыс  жасағына 

енді  қосылған  жастарды  жүктелген  істі 

абыроймен атқарып шығуға шақырды. 

Жалпы 2005-2013 жылдар аралығында 

студенттік  құрылыс  жасақтары  құрамына 

5005  студент  тартылса,  олар  қала 

мен  аудандардағы  мектеп,  аурухана, 

тұрғын  үй    құрылыстарына  жəне  жол 

жөндеу  жұмыстарына  атсалысқан.  Ал, 

«Жасыл  Ел»  еңбек  жасақтары  тоғыз  жыл 

ішінде 6583 жасты  жұмыспен  қамтып,  

көріктендіру,  көгеріштендіру  жұмыстарын 

жүргізген екен.

Биылғы  жылы  да  екі  жасақ  бірдей 

қарқынды жұмыс атқарып отыр. Студенттік 

құрылыс еңбек жасағы алғашқы толқынмен 

350  білімгерді  жұмысқа  жіберсе,  маусым 

айының  соңына  дейін  олардың  санын 

450-ге 

жеткізуді 



көздеп 

отыр. 


Ал, 

жасылелдіктер  сəуір  айынан  300 жасты 

жұмыспен  қамтыса,  еңбек  маусымының 

соңына дейін жұмысшы жастардың санын 

930-ға арттырмақ. 

Құрылыс    жасақтарының  қауіпсіздігі 

де  қатаң      бақылауға        алынған.  Əрбір    

жасаққа  оқу орындарынан бақылаушылар 

белгіленіп, 

ұйымдастырушылар 

апта 

сайын  тексеріс  жұмыстарын  жүргізуді 



жоспарлап  отыр.  Ал,  жұмыс  маусымында 

жұмыс  берушілерге  студенттерді  жататын 

орындармен, 

құрал-жабдықтармен, 

жұмыс  киімдерімен  жəне  үш  мезгіл  ыстық 

тамақпен  қамтамасыз  ету  міндеттелген. 

Білімгерлердің  жұмыстан  тыс  уақытын 

қызықты əрі тиімді өткізу мақсатында, барлық 

аудандар мен облыс орталығында əр түрлі 

мəдени іс-шаралар ұйымдастырылмақшы.   

Тағы  бір  айта  кетерлігі,  бұрнағы  кезі 

жастардың айлық жалақысы 30 мың теңгеге 

теңелсе,  биыл  бұл  сома 40 мыңға  артып 

отыр.  Жəне  барлық  жұмыс  берушімен  осы 

бағамды  қатаң ұстау туралы  келісім-шарт 

жасалған. 

Осылайша  биылғы  еңбек  маусымы 

осындай  жағымды  жаңалықпен  басталды. 

Енді жастарға тек аянбай еңбек ету қажет.        

С. ЖАПАРҰЛЫ.

1-бетте


МЕХАНИК РАШИД

Іс пен күш



Əрбір ер азаматқа 

көлік жөндей білудің 

еш артықшылығы 

жоқ. Солайы 

солай ғой,  бірақ  

кейбіріміздің көлік 

жөндеуден мақұрым 

екендігімізді 

мойындауымыз 

керек. Кінəрат 

шығып, бұзыла 

қалса көлік жөндеу 

орындарына қарай 

сүйрей жөнелеміз. 

Ал  ондайда  алдымыздан 

техниканың  тілін  түсініп,  бар 

ақауын  санаулы  секундтарда-ақ 

айтып,  қолға  қойғандай  айтып 

беретін костоправ мамандар күтіп 

тұрады.   Бүгінгі күні көлік жөндеу 

орталығында  еңбек  жасайтын 

Рашид 

Жолшыбековтың 



жұмысымен 

танысып 


қайту 

үшін    жұмыс  орнына  арнайы 

бас  сұқтық.  Ағылып  келіп-кетіп 

жатқан  көліктерді  жөндеуден 

Рашидтің  бізге  мойын  бұруға 

мұршасы да болар емес. Көліктер 

саябырлағанда    тілдесудің  сəті 

түсті. 


– Өзімнің оқыған мамандығым 

қазақ  тілі  мен  əдебиеті  пəнінің 

мұғалімі. 

Дипломым 

болып, 

қызмет  жасауға  мүмкіндігім 

жетпеді  деп  айта  алмаймын. 

Дегенмен,  техникаға  бір  табан 

жақын  болған  соң,  көлік  жөндеу 

жағына қарай бір бүйрегім бұрды 

да тұрды.  Қазір жастардың көбі 

жылы жерде, жұмсақ орындыққа 

отыра  қалғысы  келеді.  Ең 

бірінші  адам  өзі  жаны  сүйетін 

жұмысын  жасауы  керек.  Көлік 

жөндеу  оңай  жұмыс  емес. 

Екінің бірі істеп кете алмайды. 

Машақаты  өте  көп.  Шілденің 

ми қайнатар аптап ыстығында 

көліктің астына түсіп, қыстың 

қақаған  аязында  мұз  қарыған 

темір  ұстау  оңай  емес.  Ондай 

қиындықтардың 

бəрін 

өз 

жұмысыма  деген  махаббатым 

жеңді  десем  болады,  –  деген  

Рашид 


 

жұмысын 


əрмен 

қарай  жалғастырды.  Біз  үнсіз 

ғана  бақылап  тұрмыз.  Көлік 

бөлшектерін  бірін  алып,  бірін 

салып,  өз  жұмысын  жасап 

жатыр.


– Дидар ҚАЛИЕВ, жүргізуші: 

–  Техника  болған  соң 

бұзылмай тұрмайды. Өз көлігім 

бұзыла  қалса,  немесе  кейбір 

бөлшектерін  ауыстыру  керек 

болып қалса Рашидтің көмегіне 

жүгінемін. 

Жұмысына 

дəн 

ризамын. Жас болса да, өз ісінің 

нағыз шебері. Жастар тұрмақ, 

егде 

 

азаматтарымыздың 

ішінде  көлік жөндемеген былай 

тұрсын,  доңғалағын  ауыстыра 

алмайтындары  бар.  Жасап 

жатқан жұмысына қарап тұрып 

өзінің 

мамандығын 

шексіз 

сүйетіндігін  көремін.  Себебі, 

қай  кезде  келсек  те  жылы 

қарсы алып, көп күттірместен 

жөндеп береді.  

Біз  де  Рашидке  ішімізден 

сүйсініп-ақ 

тұрмыз. 


Кезекті 

көлігін жөндеп болып,  тершіген 

маңдайын 

сүртіп 


тұрған 

Рашидке 


«Болашақта 

осы 


саламен  кетесің  бе,  əлде 

ұстаздық жолға түсесің бе?» деп 

сауал тастадық. 

 – Енді  ұстаздық  жолға 

түсуім екі талай. Бүгінгі күніме 

тəуба  деймін.  Осы  жұмысым  

арқылы 

нəпақамды 

тауып 

отырмын.  Болашақта  өзімнің 

жеке көлік жөндеу орталығымды  

ашып, жұмысымды жандандыра 

түскім  келеді.  Техника  болған 

соң,  ақауы  шықпай  тұрмайды. 

Сол  себепті  де,  қазіргі  таңда 

талай  адамның  ажалы  осы 

көлік  апатынан  келіп  жатыр. 

Жүргізушілерге 

айтарым, 

астындағы  серігіне  айналған 

көлігінен 

сəл 

де 

болса 

ақаулар  байқаса,  көлік  жөндеу 

орындарына  барып  тексертіп 

тұрғанның  еш  артықшылығы 

жоқ, – деп  сөзін  түйіндеп,  күтіп 

қалған    көліктерге  қарай  асыға 

басып жүріп кетті.  

       Талғат НҰРХАНОВ

ЖАМБЫЛДЫ ЖАСЫЛ ЖЕЛЕКПЕН ЖАЙҚАЛТАТЫНДАР

«Жасыл ел» мен СҚО еңбек жасақтары ауылдарға аттанды


12 маусым,

№24 (452)

4

АЙНА

ТАЛАСТЫ ТАЛАЙҒА ТАНЫТАТЫН ТАБЫСТЫ ЖОБА

ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНЫҢ ЖЕР АСТЫ БАЙЛЫҒЫН ҚАЙ ЖАҒЫНАН ЖАРЫСА ЖАЗСАҚ ТА ЖАРАСАДЫ. 

КЕҢЕСТІК ГЕОЛОГ-ҒАЛЫМДАРДЫҢ АЙМАҚТЫҢ МИНЕРАЛДЫ РЕСУРСТАРЫН ЗЕРТТЕУ ҮШІН ҚАНШАМА 

ЖҰМЫС  ЖАСАҒАНЫ  ӨТКЕН  ҒАСЫРДЫҢ  ЖЫЛНАМАСЫНДА  НАҚТЫ  ЖАЗЫЛҒАН.  ЖАЛПЫ,  ЖАМБЫЛ 

ХИМИЯ  ӨНДІРІСІНІҢ    ТАРИХЫНА  ҮҢІЛСЕК,  ОБЛЫС  АТЫН  АСПАНДАТҚАН  САРЫ  ФОСФОР  ӨНДІРІСІ 

ШЕЖІРЕСІ  ЖИЫРМАСЫНШЫ  ҒАСЫРДЫҢ  БАС  ЖАҒЫНА  БІР-АҚ  БАРАДЫ.  КЕҢЕС  ӨКІМЕТІ  КЕЗІНДЕ 

ТАРАЗДЫҢ  ТӨҢІРЕГІНДЕ  ТҮТІНІН  БУДАҚТАТҚАН  БІРНЕШЕ  ЗАУЫТ  ӨНДІРІСПЕН  ҚАТАР,  ӨҢІРДІҢ 

ЭКОНОМИКАСЫНА ДА АЙТАРЛЫҚТАЙ ҮЛЕСІН ҚОСТЫ. АЛАЙДА, ОДАҚ ЫДЫРАП, «БАЛАПАН БАСЫМЕН, 

ТҰРЫМТАЙ ТҰСЫМЕН» КЕТКЕН ЗАМАНДА ОЛ ЗАУЫТТАР ДА МАНДЫТЫП ЖҰМЫС ІСТЕЙ АЛМАЙ ҚАЛДЫ. 

ОЛАРДЫҢ  ІШІНЕН  БҮГІНДЕ  НЕГІЗІН  САҚТАП  ҚАЛҒАНЫ  ТЕК  «ҚАЗФОСФАТ»  КОМПАНИЯСЫ.  ҚАЗІР 

ОСЫ  «ҚАЗФОСФАТ»  ЖШС-НЫҢ  АРҚАСЫНДА  ОБЛЫСЫМЫЗ  ХИМИЯ  ӨНДІРІСІ  БОЙЫНША  ЕЛІМІЗДЕ 

АЛДЫҢҒЫ  ОРЫНДА  ТҰР.  БОЛАШАҚТА  САРЫСУДАҒЫ  «ЕУРОХИМ»  КОМПАНИЯСЫНЫҢ  ІРІ  ЗАУЫТЫ 

МЕН  ШУ  ҚАЛАСЫ  МАҢЫНАН  ОРЫН  ТЕПКЕН  «ТАРАЗ»  ХИМИЯЛЫҚ  ПАРКІ»  ЕРКІН  ЭКОНОМИКАЛЫҚ 

АЙМАҒЫНЫҢ 16 ЗАУЫТЫ ІСКЕ ҚОСЫЛЫП ЖАТСА, БҮГІНГІ КӨРСЕТКІШТЕРДІҢ БІРНЕШЕ ЕСЕ АРТАРЫ 

СӨЗСІЗ. АЛ, ҚАРАТАУ ҚАЛАСЫ ІРГЕСІНЕН БОЙ КӨТЕРІП КЕЛЕ ЖАТҚАН «TALAS INVESTMENT СOMPANY» 

ЖШС-НІҢ КӨГІЛДІР ҚЫШҚЫЛ ЖƏНЕ НАТРИЙ ЦИАНИДІ ӨНДІРІСІ ЗАУЫТЫ ДА ӨҢІРДІҢ ХИМИЯ ӨНДІРІСІ 

САЛАСЫНА ӨЗІНДІК ҚОЛТАҢБАСЫН ҚАЛДЫРМАҚ.

ҚАЗАҚСТАНДА БАЛАМАСЫ ЖОҚ ЖОБА

«Зауыт  соғу  идеясы  бір-екі  күнде,  екі-үш  адамның  арасындағы 

əңгімемен біте салатын шаруа емес. Сол себепті біз зауыт жобасын 

есептеп, сараптап шығуға ұзақ уақытымызды, көп күшімізді жұмсадық», 

– деп бастады бізбен болған əңгімесін Бақтияр Əбілқайырұлы. 

Бақтияр  Əбілқайырұлы  Алдашов  бүгінде «Talas investment 

сompanу»  ЖШС  бас  директоры,  одан  бөлек  облыстық  мəслихаттың 

депутаты. Ол біз мақалаға арқау еткелі отырған ірі зауыттың жобасын 

жасау  барысында  нəтижеге  қол  жеткізу  үшін  уақытпен  санаспай 

ізденіп,  көз  майын  тауысқан  адамдардың  бірі.  Ал,  он  жыл  бұрын 

жобасының алғышарттары жасалған натрий цианидін шығаратын алып 

зауыт құрылысы бүгінде 95 пайызға бітіп тұр екен. Біз бұған Қаратау 

қаласының іргесінен еңсесін көтеріп келе жатқан жаңа зауытқа арнайы 

іссапармен барғанда көз жеткіздік.    

Бұйыртса,  тамыз  айында  іске  қосылғалы  отырған  бұл  зауыт 

алтын өндірісіне аса қажетті қымбат химиялық зат – натрий цианидін 

өндірумен  айналыспақ.  Құрылысы 2011 жылы  басталған  зауыт 

кешені  жиырмадан  астам  ғимараттан  тұрады.  Ең  бастысы,  еліміздің 

индустрияландыру  картасын  ашып  қарайтын  болсақ,  бұл  зауыттың 

отандық  өзге  баламасын  таппайсыз.  Содан  болар,  құны  қымбат 

жобаның жүзеге асу жолы да ауыр болған сияқты.

–  Жоба  құны  бүгінгі  таңда 15 млрд.  теңгеге  жетіп  тұр. 

Алғашында 12 млрд.  теңге  болған.  Біз  жабдықтарымыздың  бəрін 

Қытайдан  валюталық  келісім-шартпен  ақысын  осыдан  бір  жыл 

бұрын төлеп жіберіп алғанбыз. Ал, еліміздегі соңғы девальвациялық 

өзгерістерден  соң  шығынымыз  бірден  көтеріліп  кетті.  Жобаның 

қаржылық көздеріне келсек, 38 миллион АҚШ доллары «Сбербанктің» 

несиелік  желісі  арқылы  алынған.  Ал,  қалған  қаржының  бəрі 

акционерлерінікі. Бүгінгі таңға дейін 12-13 миллиард теңгесі игеріліп 

қойды. Осы айтылған 38 млн. АҚШ доллар несиенің банкке берешегін 

Үкімет  екі  бағдарлама  бойынша  субсидиялап  жатыр.  Атап  айтар 

болсақ,  несиенің 12,5 пайызының 7 пайыздық  ставкасына «DAMU» 

кəсіпкерлікті қолдау қоры бойынша, ал, 750 миллион теңге бөлігіне 

шағын  қалаларды  дамыту  бағдарламасы  бойынша 10 пайыздық 

субсидия  беріп  жатыр.  Бұдан  бөлек,  мемлекет  тарапынан 

«Бизнестің  жол  картасы – 2020» бағдарламасы  бойынша  1млрд. 

469  млн.  теңгеге  барлық  инфрақұрылымы  жүргізілуде,  –  дейді 

Б.Алдашов. Бірақ, бізді зауыт жобасының құнынан бұрын, «Идея төркіні 

қайдан  шыққан?»  деген  сауал  қатты  қызықтырды.  Құрылтайшыға  да 

осы сұрағымызды қойып көрдік.



–  Бұл  жерде  анау  айтқандай  идея  жоқ.  Əрине,  кез  келген 

бастаманың  басында  белгілі  бір  көзделген  мақсаттың  тұратыны 

рас.  Дегенмен,  бүгінгі  нарықта,  бизнесте  өнімге  деген  сұраныс 

болса,  мемлекет  рұқсат  беріп,  қолдау  білдіріп  тұрса,  инвесторың 

табылса,  қолыңнан  келетін  ісіңді  жүзеге  асыра  беруіңе  болады. 

Бұл зауыт бір-екі жылдың ғана жемісі емес. Біз сонау 2004 жылдан 

бері  мұның  техникалық-экономикалық  негіздемесін  жасап,  талдап, 

сараптап  бастағанбыз.  Сараптау  жұмыстарын 2008 жылы 

бітіріп, елімізге осындай бір зауыт керек екен деген қорытындыға 

келдік.  Одан  кейін  инвестор  іздеумен  біраз  жүрдік.  Ақыры 2010 

жылы  инвестор  тауып, 2011 жылы  зауыт  құрылысын  бастадық. 

Сондықтан,  зауыт  жобасын  жүзеге  асыру  екі-үш  адам  бірігіп, 

«осыны салып көрсек қалай болады?» дейтіндей оңай шаруа емес. 

Мұндай жоба бізде бұрын-соңды болмағандықтан, осында ақпарат, 

бағыт-бағдар  беретін  адам  да  табылмады.  Сондықтан,  шетелге 

көп шығуға, ондағы істеп тұрған осындай зауыттарды барып көруге 

тура келді.  

ЗАУЫТ ЖƏНЕ ҚАРАТАУ ҚАЛАСЫНЫҢ ҚАУІПСІЗДІГІ

Өндіріс орнының Талас ауданы орталығы маңынан таңдалуы бір 

кездері қала тұрғындарының ойын сан-саққа жүгірткен еді. Онсыз да 

облыстық  тау-кен  өндірісінің  кішігірім  отанына  айналған  Қаратаудың 

экологиясының мына зауыттан кейін қандай болмағы қаратаулықтарды 

алаңдатпай қоймас, əрине. Зауыт қожайындары Тараздың төңірегінен 

зауытқа  лайықты  орын  таба  алмапты.  Жамбыл  ауданы  орталығы 

Аса  жақтан  бір  жер  шыққанымен  ол  жаққа  темір  жолын  тарту 15-20 

шақырымға жеткен екен. Бұдан басқа қажетті инфрақұрылымды тағы 

қосыңыз. Оның бəрін есептегенде, инфрақұрылым шығыны зауыттан 

қымбат болып шыққан.

–  Біз  негізі  зауытымызды  бұрынғы  «Химпромның»  бір 

бұрышынан  соқсақ  па  деп  ойлағанбыз.  Өйткені,  ондағы  сақталған 

біраз  ғимараттар  бізге  кішкене  жеңілдік  туғызар  еді.  Бірақ,  ол 

зауыт  жеке  меншіктің  қолында  болғандықтан,  қожайындары  бізді 

жақындатпай  қойды.  Сөйтіп,  ойлана  келе  Қаратауды  таңдадық. 

Біріншіден,  ол  қалаға  темір  жол  барып  тұр.  Қасындағы  қаладағы 

адам күші де жеткілікті. Оның сыртында қаланы дамыту мəселесі 

де ескерілді. Егер біз ол жаққа баратын болсақ, жұмыс орындарын 

ашып  жатқанымызды  ескеріп,  Үкімет  те  барлық  мемлекеттік 

тетіктер арқылы бізге де көмек береді. Сондықтан, алыс та болса 

біздің  зауытқа  осы  қала  ең  қолайлы  болып  анықталды, – дейді 

Бақтияр Əбілқайырұлы. 

Қанша дегенмен, зауыт химиялық заттарды бірнеше реакциядан 

өткізіп,  өнім  өндіретін  болғандықтан,  оның  экологияға  кері  əсер  етуі, 

етпеуі  де  маңызын  жоймайтын  мəселе.  Сол  себепті,  ол  маңдағы 

топырақ  пен  ауаны  жəне  жер  асты  суларын  сараптамадан  өткізіп 

тұру  жіті  ойластырылған.  Ол  үшін  зауытты  айнала  бес  скважина 

қазылған екен. Яғни, ол скважиналардан экологтар белгілі бір уақыт 

аралығында сынама алып тұратын болады. Сол сынамалар арқылы 

арнайы  зертхана  жұмыс  жасап,  қоршаған  ортаның  тазалығы  үнемі 

бақыланып отырмақ. 

– 

Алдымен 



зауыттың 

айналасы 

көгалдандырылып, 

абаттандырылады.  Оған  қоса  қоршаған  ортаны  қорғаудың, 

экологиялық  қауіпсіздіктің  кəсіптік  деңгейін  арттыру  мақсатында 

жұмысшыларымыз  арнайы  оқу-семинарлардан  өтіп  тұратын 

болады. Ал, ə дегенде біз зауыт құрылысын бастамай тұрып, оның 

құжаттарын еліміздің Қоршаған ортаны қорғау жəне су ресурстары 

министрлігіне  жоғары  деңгейдегі  сараптамаға  өткізіп,  олардың 

талапқа сай келетінін растайтын рұқсатын алдық. Ал, енді зауыт 

жұмыс  істеген  күнде  ары  қарайғы  экологиясы  қалай  болады  деген 

мəселе  төңірегінде  осындағы  бақалаушы  органдармен  тығыз 

байланысып  жұмыс  істеп  жатырмыз.  Одан  бөлек,  өзіміздің  бас 

экологымыз да бар, ол өз ісіне білікті, тəжірибелі маман. Зауыттың 

барлық  талаптарға  сай  соғылып  жатқанын  тағы  бір  мəрте  айта 

аламын.  Мəселен,  ол  заң  бойынша  елді  мекеннен  бір  шақырым 

қашықтықта орналасуы тиіс. Ал, біз үш жарым шақырымға барып 

тұрмыз.  Сосын,  біздің  қасымыздағы  химиялық  кешеннің  өнімдері 

мен біздің өнімнің қауіптілігі бірдей санатқа жатады. Ол уақытында 

халықаралық  сараптамадан  өткен  кешен,  –  дей  келе  зауыт 

директоры  Б.Алдашов  натрий  цианидінің  зияны  ол  өнімді  шығарған 

жерде  емес,  көбіне  оны  қолданған  жерде  анағұрлым  қауіпті  екенін 

ескертті. 

Түсінгеніміз,  басты  шарт – өндіріс  кезінде  тиісті  технологияны, 

қауіпсіздік  талаптарын  жіті  сақтап  отырса,  оның  ешқандай  зияны 

болмайды.  Мəселе, пайдаланатын жердегі зиянда болып тұр. Өйткені, 

натрий  цианиді  арқылы  алтынды  өзге  металдардан  ажыратып  алар 

кезде  ашық  химиялық  реакция  жүреді.  Міне,  осы  сəтте  абай  болып, 

қауіпсіздікке мұқият көңіл бөлген жөн. Ал, мұндағы реакциялар жабық 

реакторлардың  ішінде  жүзеге  асады.  Зауыт  ерекшелігі  сол,  егер,  сол 

реакцияның  бір  параметрі  дұрыс  болмай  қалса,  автоматика  барлық 

процесті дереу тоқтатып тастайды екен.

ҚУАТТЫЛЫҚ ЖƏНЕ ШИКІЗАТ КӨЗІ 

Қуаттылыққа  тоқталсақ,  зауыт  жылына 7200 сағат  уақыт  жұмыс 

істеп, осы уақыт ішінде 15 мың тонна негізгі өнімді береді. Бұдан бөлек 

5 тонна тыңайтқышы жəне бар. Қазақстанның натрий цианидіне деген 

сұранысы 12 мың  тонна.  Ал,  көршілес  Қырғызстан  мен  Өзбекстанда 

Қазақстанға  қарағанда  алтын  өндірісі  екі-екі  жарым  есе  жоғары. 

Сондықтан, ол жақта да алтын өндірісіне ауадай қажет болып отырған 

натрий  цианидіне  деген  сұраныс  тіпті  жоғары.  Бүгінде  еліміздің  өзге 

аймағындағы алтын өндірушілер мен сырт елдердің кəсіпорындарынан 

да  тапсырыстар  түсіп  жатыр  екен.  Бақтияр  Əбілхайырұлының 

айтысына қарағанда, натрий цианиді зауытының өнімі қоймада жатып 

қалатын өнім емес екені байқалады. 

Мұндағы  өндіріске  қажетті  шикізаттар  аса  көп  емес.  Олардың  ең 

негізгісі – кəдімгі  табиғи  газ.  Ол  «ҚазТрансГазАймақ»  АҚ  құбырымен 

келеді.  Ал,  аммиакты  Ақтаудағы  «Қазазот»  деген  кəсіпорын  жеткізіп 

берсек. Күйдіргіш натр (каустик) аталатын тағы бір маңызды шикізатты 

не Павлодардан, не Қытайдан алу жоспарда бар екен. Бастысы ол екі 

жақпен  де  келісім-шарт  жасалған.  Күкірт  қышқылының  жарасы  тіпті 

жеңіл, ол өзіміздегі «Қазфосфаттың» цехынан жеткізілмек. Бір сөзбен 

айтқанда, зауыт үшін шикізат жағынан ешқандай кедергі жоқ.



АДАМ КҮШІ 

Адам күшіне келетін болсақ, қазіргі таңда зауыттың басшылық бөлігі 

мен негізгі инженерлік саласына 100 шақты маман арнайы конкурспен 

іріктеп жұмысқа қабылданған. Енді тамыз айына таман 50-ге тарта орта 

буынды  шеберлерді  алу  жоспарланыпты.  Өйткені,  осы  уақыттарда 

зауыт  нақты  жұмысына  кірісу  керек.  Ал,  зауыт  толық  іске  қосылған 

соң шамамен мұнда 500-дей адам жұмысқа орналаспақ. Одан бөлек, 

зауытқа қызмет ететін асхана, дайын өнімді қораптарға салатын цех, 

қауіпсіздік  қызметі,  жұмысшыларды  қаладан  жұмысқа  тасушы  сынды 

қосымша мекемелерге де жұмысшылар алынбақ.  



–  Шілде  айында  зауытты  өткізсек  деген  ойымыз  бар.  Тек 

жоғарыда  айтқан  автоматикасын  іске  қосатын,  реттейтін 

жұмыстары  ғана  қалды.  Айта  кетерлігі,  бұл  жерде  адам  күші 

араласып  істейтін  жұмыс  аз.  Көбін  автоматика  атқарады.  Ал,  ол 

дұрыс жұмыс істеуі үшін барлық талап сақталуы керек. Сондықтан, 

біз қытайлық компаниямен арнайы шартқа отырғанбыз. Ол бойынша 

біз қай кезде қай мамандарын сұраймыз, олар сол мамандарын жіберіп 

тұрады.  Ал,  біз  олардың  виза,  келіп-кету  мəселелері  мен  жатын 

орындарын, тамақтарын реттеп беріп отырамыз. 

Сонымен  қатар,  жұмысшылар  үшін  Қаратаудан  бітіп  тұрған 

көп  қабатты  тұрғын  үйдің  он  пəтерлі  бір  подъезін  сатып  алдық. 

Ол  пəтерлерді  Тараздан  барып-келіп  істейтіндерге  жатақхана 

етіп  беріп  жатырмыз.  Оған 60 адам  сыйғызу  жəне  жоспарда  бар. 

Пəтерлерде  барлық  жағдай  жасалған.  Отбасымен  тұратындарға 

да болашақта тұрғын-жай қарастырылмақ. Ол үшін басқа компания 

жалға  алып  тұрып  жатқан  көрші  подъезді  алдағы  уақытта  сатып 

алуды көздеп отырмыз, – дейді «Talas investment сompanу» ЖШС бас 

директоры Бақтияр Алдашов.

Айтпақшы,  серіктестік  басшылығы  М.Х.  Дулати  атындағы  Тараз 

мемлекеттік  университетінің  Қаратау  қаласындағы  факультетімен  де 

келісім-шартқа  отырып  қойыпты.  Енді  ол  бойынша  белгілі  ғалымдар 

зауыт үшін мамандар дайындауда.



ҚҰРЫЛЫС ҚАРҚЫНЫ 

 

«Talas investment company» ЖШС  құрылыс  бөлімінің  басшысы 



Шəріпхан Бейсенов екі нысаннан бөлек барлық нысандардың құрылыс 

жұмыстары аяқталып қойғанын жеткізді. Енді жобалаушылар Қытайдан 

биотазалау  цехы  мен  жəшік  пен  барабан  шығаратын  қосымша  екі 

цехтың  жобасын  алмақшы.  Қалған  цехтардың  жобалары  бойынша 

жұмыстар аяқталып қойған екен.

– Ал, инфрақұрылымнан республикалық бюджеттен тартылуы 

тиіс 12 шақырымдық жоғары кернеулі электр желісінің жұмыстары əлі 

жүруде. Қазір цехтардың сызбалары бойынша жұмыстар жасалынып 

жатыр. Бұйыртса, шілде айында барлық цехтар дайын болады. Қазір, 

технология желілері монтаждалу үстінде, оның шамамен 80 пайызы 

дайын.  Енді  оларды  іске  қосу,  жалғау  жұмыстарын  атқаруға  тағы 

он  алты  қытайлық  келеді.  Ол  жұмыстардың  майда-шүйде  қосалқы 

құрылғылары  өте  көп,  яғни,  уақыт  пен  ептілікті  талап  етеді. 

Сондықтан, оны асығыс бітіре салуға болмайды, – дейді Ш.Бейсенов.

Зауыт құрылысының негізгі мердігері шымкенттік «Мұнай Құрылыс 

Сервис»  ЖШС.  Қосымша  мердігер  ретінде  мұнда  жамбылдық  жəне 

еліміздің басқа аймақтарынан да оннан аса компаниялар еңбек етуде. 

Ал,  қытайлық  құрылғылардан  басқа  құрылыс  материалдарының 

бəрі  отандық.  Құрылыс  қарқыны  артқан  былтырғы  жылы 800-дей 

адам жұмыс істесе, қазір мұнда 350 адам жұмылдырылған. Төңіректі 

абаттандыруды  қолға  алатын – мердігер  компания.  Ал,  зауыт 

құрылтайшылары  көгалдандыру  жұмыстарын  жүргізбек.  Бүгінде 250 

түп  тал  егілген,  енді  осы  көгалдандыру  жұмыстары  аясында  гүл  егу 

кезегін күтіп тұр.



1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал