Жазылу «Қазпошта», «Эврика Пресс», «Сенім» баспаханасы



жүктеу 1.24 Mb.

бет2/12
Дата22.04.2017
өлшемі1.24 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12

       Талғат НҰРХАНОВ

ӨҢІРІМІЗДІҢ ТҮКПІР-ТҮКПІРІНДЕГІ ӨНЕРГЕ ҚҰШТАР, ТАЛАНТТЫ 

ЖАСТАРДЫ ТАУЫП, ДАРЫНЫН ЕЛГЕ ПАШ ЕТУ МАҚСАТЫНДА ЖЫЛ 

САЙЫН ӨТЕТІН ДЕЛЬФИЙ ОЙЫНДАРЫ ОНЫНШЫ РЕТ ӨНЕРПАЗ 

ЖАСТАРДЫҢ БАСЫН ҚОСТЫ. 

Жуырда Алматы қаласында 

тоғызыншы халықаралық 

«Күншуақ» балалар мен 

жасөспірімдер фестивалі 

болып өтті. Балалардың 

шығармашылық қабілетін 

дамытып,  балалар ұжымдары 

арасында байланыс орнатуды 

мақсат еткен фестивальге 1-11 

сынып оқушылары қатысып, бақ 

сынасты.  Байқауға Қазақстаннан 

тыс, бірнеше алыс-жақын 

шет елдерден бүлдіршін 

өнерпаздар келді.  Байқау вокал,  

хореография жəне аспаптық 

музыка аталымдары бойынша 

өтті. Аталмыш жарысқа Тараз 

қаласындағы «Мектептен тыс 

жəне балалар шығармашылық 

орталығының» оқушылары да 

қатысып,  халықаралық деңгейде 

өткен байқаудан жүлделі оралды. 

Аталған орталықтың балғын 

балалары Маржан Совхозбек, 

Дидар Айдар, Еркеайым Əбдуəлі 

бір аптаға созылған халықаралық 

«Күншуақ» балалар фестивалінің 

гран-при жүлдегерлері атанды.  

Өздерінің ерекше дауыс 

ырғағымен, орындаушылық 

шеберлігімен өзгелерден оза 

шапқан балғын əншілеріміз  

қазылар алқасының, алматылық 

көрермендердің ыстық 

ықыласына ие болды. Əсіресе,  

«Əлия» əнін құйқылжыта 

орындаған Маржан Совхозбек 

алматылық көрермендердің 

көңілінен шықты.  Қазылар 

алқасы да болашақта 

Маржаннан үлкен үміт 

күтетіндіктерін айтып жатты.   

Осы балғын əншілерімізді 

байқауға дайындап, биіктерден 

көрінуіне септігін тигізіп жүрген,  

мектептен тыс жəне балалар 

шығармашылық орталығының 

вокалдан сабақ беретін ұстазы  

Меруерт Ыдырысованың 

да еңбегін айта кеткен жөн. 

Болашақта  балғын əншілеріміз 

ұстаздарының сенімін ақтап, 

талай үлкен өнер додаларында 

жасындай жарқылдап,  

облысымыздың абыройын 

асқақтатып жүретіндігіне 

сенеміз. 



Дəулет ТӨРЕХАН.

БАЛҒЫН ƏНШІЛЕР ЖАРАДЫ

Бәрекелді! 

ТАҒАЙЫНДАУ



Жамбыл облысы əкімінің 

2014 жылдың  11 маусымдағы 

№206-ө өкімімен Жамбыл облысы 

Талас ауданының əкімі болып 

Болат Қанатбайұлы Рысмендиев 

тағайындалды.

Болат Қанатбайұлы Рысмендиев 1954 жылы туылған, ұлты қазақ, білімі  

жоғары. 1976 жылы  Алматы  зоотехникалық  малдəрігерлік  институтын 

«Зоотехник», 2004 жылы  М.Х.Дулати  атындағы  Тараз  мемлекеттік 

университетін «Қаржы жəне кредит» мамандықтары бойынша бітірген.  

Еңбек жолын 1976 жылы Көкшетау облысы,  Зеренді ауданы, Қарабұлақ 

совхозының зоотехник-селекционері  болып бастаған. 

1977-1992  жылдары  Жамбыл  облысы,  Красногор  аудандық  ауыл 

шаруашылығы  басқармасының  аға  зоотехник-экономисті,  Шу  ауданы 

Ақтөбе  колхозының  бас  зоотехнигі,  Чкалов  атындағы  совхоздың  партия 

комитетінің хатшысы, Жамбыл атындағы совхоздың директоры, 1992-1993 

жылдары Шу ауданы əкімінің бірінші орынбасары лауазымдарын атқарған. 

1993-1998  жылдары  «Белбасар»  АҚ-ның  бас  директоры, «Өнім»  АҚ-

ның  вице-президенті, «Алтын  диірмен»  агроөндірістік  бірлестігінің  бас 

директоры қызметтерінде болған.

1998-2011  жылдары  Жамбыл  облысы  Шу,  Меркі,  Мойынқұм 

аудандарының əкімі қызметтерін атқарған.

2012  жылдың  қазанынан  осы  уақытқа  дейін  «КазТрансГаз»  АҚ-ның 

компаниялар  тобы  газ  саласындағы  қызметкерлерінің  кəсіптік  одақтары 

бірлестігінің төрағасы қызметін атқарып келген. 

ҚАРЖЫ ПОЛИЦИЯСЫ ЖИЫРМА ЖЫЛДЫҒЫН АТАП ӨТТІ

6 маусым күні еліміздің Қаржы полициясы органдарының құрылғанына 

20  жыл  толды.  Осыған  байланысты  мереке  қарсаңында  біздің  облыстың 

қаржы  полицейлері  өздерінің  төл  мерекелерінің  мерейлі  күнін  Тараздағы 

«Баласағұн»  орталық  концерт  залында  салтанатпен  атап  өтті.  Бұл  шараға 

облыс  əкімі  Кəрім  Көкірекбаев  пен  облыстық  мəслихат  хатшысы  Бағлан 

Қарашолақов,  облыс  прокуроры  Ернат  Сыбанқұлов  жəне  өзге  де  басқарма 

басшылары қатысты. 

Салтанатты  шараның  алғашқы  сөзін 

алған  облыс  басшысы  кəсіби  мереке  иелерін 

құттықтады. 



–  Бүгінде  қаржы  полициясы  қоғам  мен 

мемлекеттің 

мүдделеріне 

қол 

сұғатын 

экономика 

жəне 

қаржы 

саласындағы 

қылмыстарға  қарсы  күрес  жүргізіп  отырған 

белді  органдардың  біріне  айналды.  Бұл 

–  тарихи  шындық.  Мемлекет  басшысы 

Нұрсұлтан  Назарбаев  биылғы  Жолдауында 

«Аса маңызды міндет – сыбайлас жемқорлыққа 

қарсы жаңа стратегияны қалыптастыру жəне 

іске  асыруды  жалғастыру»  деп  атап  өтті. 

Осылайша  сіздерге  азамат  пен  қоғамның 

тұрақтылығын 

қамтамасыз 

ету 

сеніп 

тапсырылды. Яғни, мемлекет байлығын көздің 

қарашығындай сақтауда сала қызметкерлеріне 

жүктелер жүктің салмақты əрі жауапты екені 

даусыз, – деді облыс əкімі К.Көкірекбаев. 

Сонымен  қатар,  сала  қызметкерлеріне 

ерекше  алғысын  білдірген  ол    бірнеше 

қаржы  полициясына  облыс  əкімінің  Құрмет 

грамоталары мен алғыс хаттарын табыс етті.

Облыс  бойынша  экономикалық  қылмысқа 

жəне  сыбайлас  жемқорлыққа  қарсы  күрес 

департаментінің бастығы, қаржы полициясының 

полковнигі  Мақсұт  Нəлібаев  мінбеге  көтеріліп, 

Агенттік  басшылығының  бастамасымен  дəл 

осындай  мерекенің  республика  көлемінде 

аталып  өтіп  жатқандығын  жеткізді.  Сонымен 

қатар,  осы  органның  арғы-бергі  шежірелі 

жолына  тоқталып  өткен  ол,  ҚР  Экономикалық 

қылмысқа  жəне  сыбайлас  жемқорлыққа  қарсы 

күрес 


агенттігі 

төрағасының 

бұйрығымен 

қаржы  полициясының  бірқатар  қызметкерлері 

мен  ардагерлеріне  мерекелік  төсбелгілер 

табыстады. 

Ал, облыстық мəслихаттың хатшысы Бағлан 

Қарашолақов  департамент  бастығы,  қаржы 

полициясының  полковнигі  Мақсұт  Нəлібаевқа 

жəне  саланың  бірнеше  үздік  қызметкеріне 

облыстық  мəслихаттың  Құрмет  грамотасын 

табыс етті. Облыс прокуроры Ернат Сыбанқұлов, 

облыстық 

қаржы 


полициясы 

ардагерлері 

ұйымының  төрағасы  Мейрамхан  Сейдəзімов 

орган қызметкерлеріне жылы лебізін білдірді. 

Салтанат  соңы  республикаға  танымал 

əншілердің концертіне ұласты. 



Ж. БАҚЫТБЕКҰЛЫ.

«САРЫ ТЕНТЕК» ШЕРТПЕ КҮЙДІ ДАМЫТПАҚ

Мұра

Қазақтың  төл  өнері  десек,  алдымен  тілге 



оралатындардың бірі – шертпе күй. Бүгінде осы шертпе 

күйіміз  дəуір  көшінен  қалтарыс  қалмауы  үшін  бірқатар 

жұмыстар  атқарылуда.  Оның  басы-қасында  айтыскер 

ақын, қазақтың «Сары тентегі» атанған Қуаныш Мақсұтов 

та  жүр.  Бүгінде  шертпе  күйдің  көсегесін  көгерту  үшін 

Қуаныш Мақсұтов өңірлерді аралап, өз ойымен бөлісуді 

жөн көріпті. Үлкен жобаны қолға алған ағамыз: 

–  Шертпе  күйді  академиялық,  филармониялық 

деңгейде  қалдырып  қоймай,  оның  нағыз  мəйегін 

табуымыз  керек.  Біз  өзіміз  тарапымыздан  нақты 

жұмыстар атқарып жатырмыз. Келесі жылы Мəдениет 

министрлігіне  қолқа  салып,  қазақтың  төл  аспабы 

домбыраның ғылыми технологиялық тұрғыда əлемдегі 

орнын айқындағымыз келеді, – дейді.

Ұлттық  өнерді  ұлықтауды  мақсат  еткен  Қуаныш 

Мақсұтовты  өткен  жылы  «Нұр  Отан»  партиясы 

төрағасының  бірінші  орынбасары  Бауыржан  Байбек 

қабылдапты. 

Сол 


кезде 

ақпараттық-қаржылық 

қолдаулардың  барлығының  болатынын  тіліне  тиек  етіп, 

аймақтарға да шертпе күйді дамытуға ықпал ету туралы 

мақсаттар  айқындалыпты.  Бұл  басқосу  барысында 

облыстық  филармония  оркестрінің  домбырашылары 

Дархан  Мырзаханұлы,  Өмірғали  Ертуған,  Дулат 

Байзілдалар өз пікірлерін ортаға салды. 

Қуаныш Мақсұтовтың жобасының аясы кең екен. Бұл 

жоба  лайықты  түрде  жүзеге  асып  жатса,  қазақтың  төл 

өнері  шертпе  күйді  күллі  əлем  мойындайтын  болады. 

Дегенмен,  бұл  күні  шертпе  күйді  əр  қазақ  бойына  сіңіру 

үшін қайтпек керек деген сауал төңірегінде ой қозғалды. 

Ол үшін ірі фестивальдер өткізу жоспарлануда. 



– 

Бас 

жүлдесіне 

миллиондаған 

қаржы 

қарастырылатын  болса,  онда  қаржыны  жеңімпаздың 

қолына бермеу керек, қаржыны продюссерлік орталыққа 

аударып, сол орталықпен жұмыс жасауға мəжбүрлеу 

керек. Əйтпесе, жеңімпаз атанған адам сол ақшаны 

жеке  мүддесіне  жаратады  да,  өнерге  жасалған 

қамқорлық айдалада қалады, – деді облыстық халық 

шығармашылығы  орталығының  басшысы  Ақылдос 

Тəжиев.

Бұл басқосу барысында шертпе күйдің мол 



тарихынан бастап, оны бүгінгі күні негізгі мəйегін 

бұзбай келешекке жеткізу мəселесі сөз болды. Ол 

үшін «Қазақстан» телерадио корпорациясымен 

келісім бар екенін ескерсек, бұл бағытта 

шертпе күйді негізге алып, бейнеклиптер 

түсіру керектігі де əңгімеге арқау болды. 

Ал, Қуаныш Мақсұтов өзі бас болып, 

бүлдіршіндердің бойында ұлттық өнерге 

деген махаббат балабақшадан бастау алуы 

үшін Білім жəне ғылым министрлігіне 

арнайы жоба əзірлеп жатқанын да сөз 

етті. Басқосу барысында маңызды 

əңгімелер молынан айтылды. 

Бір сөзбен түйіп айтар болсақ, 

қазақтың «Сары тентегіне» қолдау 

көп. Біздің облыстың мəдениет, 

мұрағат жəне құжаттама 

басқармасы да өздері 

тарапынан шертпе күйді ел 

арасында кеңінен насихаттау 

үшін іс-шаралар жоспарын 

жуық арада əзірлейтіндерін 

жеткізді. Қуаныш 

Мақсұтов өзі тарапынан 

бұл мəселеге қолдау 

көрсеткендердің бəріне 

ризалығын білдірді.  

Табиғат АБАИЛДАЕВ

жұмыс жасауға мəжбүрлеу 

атанған адам сол ақшаны 

ды  да,  өнерге  жасалған 

ды, – деді облыстық халық

ының  басшысы  Ақылдос

да шертпе күйдің мол 

гінгі күні негізгі мəйегін

мəселесі сөз болды. Ол

ио корпорациясымен 

к, бұл бағытта 

бейнеклиптер 

арқау болды. 

бас болып, 

ұлттық өнерге 

адан бастау алуы 

нистрлігіне 

анын да сөз

аңызды

ды. 


сақ, 

» қолдау


ниет, 

л

тау 



 

н 

«Томирис» би тобы.



«Томирис» би тобы.

3

12 маусым,

№24 (452)

–  Ерлан  Тұрсынəліұлы,  тағдыр  талайымен 

сіздерге  ауыр  жағдайда    түскен  жандарға 

қандай  деңгейде  арашашы  болып  жүрсіздер? 

Қиын    халге    тап  болған  жандардың  сіздерге 

деген сенімі қандай?

–  Біздің    міндет  жедел  жəрдеммен  ауыр 

жағдайда    келген  науқасқа  барынша  жедел  көмек 

қолын  созу,  адам    өмірін  мүмкіндігінше  сақтап 

қалу.  Бір  жағынан    түрлі  жағдайға  тап  болған 

адамдармен  жұмыс  жүргізу  соншалықты  жеңіл 

емес.  Біздің  бөлімде 13 дəрігер, 17 мейірбике, 

17  тазалық  қызметкері  бар.  Ешқашан  уақытпен 

санаспаймыз.  Себебі,  біз  адамның  өміріне 

тікелей  жауапты  мамандық  иелеріміз.  Сондықтан, 

көпшіліктің бізге деген сенімі сəт сайын жоғарылап 

келеді. Мұндағы медициналық қызмет түрі кəсіптік 

жəне жоғары кəсіптік болып екіге бөлінеді. Жоғары 

кəсіптік  қызметке  аяқтағы  ұршыққа  немесе  тізеге 

протез қою ісі жатады.  

–  Сырқаттанса  сынықшы    іздеп,  сабылып 

жүргендер көп. Оларға не айтасыз? 

–  Сынықшының    еңбегін    түгел  жоққа  шығара 

алмаймын.  Сынықшыларға  айтарымыз,  дене 

жарақатын  алып  алдарына  барған  адамдарға 

алғашқы  көмекті  көрсеткен  соң,  оларды  сапалы 

медициналық  көмек  көрсететін  дəрігерлерге 

жібергендері  абзал.  Сонда  бұдан  сынықшы 

да, 


науқастар 

да 


ұтылмайды. 

Сынықшы 


жағалағандарға  сынықшыдан  шипа  табамын  деп 

жүріп,  уақытты  оздырып  алып,  асқынған  аурумен 

дəрігерлерге кеш келіп жүрмеңіздер дегіміз келеді. 

– Бөлімдеріңізге  жастардың қамтылуы қай 

деңгейде? 

–  Біздің  бөлімдегі  бес  дəрігердің  еңбек 

еткеніне 5 жыл  толды.  Яғни,  жастар.  Мейірбике 

жəне  тазалық    қызметкерлерінің  ішінде  де  жастар 

бар.  Бізге  жастардың  бірлігі,  тірлігі,  ынтымағы 

қажет.  Қарамағымдағы  кісілермен  ақылдасып, 

мейірбикелерді  іске  баулып,  жақсы  істерге  

жұмылдырып келеміз. 



–  Сіз  басқаратын  бөлімде  заманауи 

құрылғылардың  қажеттігі  айтпаса  да  түсінікті. 

Бұл ретте қандай жаңалықтарыңыз  бар?

– Науқастың ауруын жылдам түрде анықтап бере 

алатын компьютерлі томогрофымыз жəне жаңаша 

нұсқада  жұмыс  істейтін  рентген  аппаратымыз 

бар.  Біз    жұмысымызға  негізгі  қажетті  темір  мен 

протезден мұқтаждық көріп отырған жоқпыз. Бүгінгі 

таңда  оларды  мемлекеттік  тапсырыс  бойынша 

қалағанымызша  сатып  алатын  болғанбыз.  Бұдан 

бөлек,  керек  етушілерге  телемедицина  қызметін 

ұсынамыз.  Негізі  біздің  бөлімде  республикалық 

деңгейде енгізілген барлық оталар жоғары кəсіптік 

тұрғыда  жасалады.  Ең  күрделі  отаға  саналатын 

бел  омыртқасына  ота  жасай  алатынымыздың  өзі 

осыған дəлел бола алады. 

Осындай 

заманауи 

қондырғылардың 

нəтижесінде жылына шамамен 1400 адамға сапалы 

қызметімізді  көрсетіп  отырмыз.  Оның 75 пайызы 

жедел  түскен  ауруларға  жасалған  ота  болса, 25 

пайызы  жоспарлы  түрде  жасалған  оталар.  Өткен 

жылы бірнеше жерден сүйегі сынған сексенге жуық 

адамды  емдеп,  жағдайларын  жақсарттық.  Бізде 

жарақат адамдарға арналған 53 төсек-орын  бар.



–  Шетелдік  заманауи  қондырғыларды 

меңгерген мамандар жеткілікті ме?

–  Ол  бағытта  да  жұмыс  қарқынды  жүргізілуде. 

Өткен  жылы  бөліміміздің  сараптаушы  дəрігері 

Руслан  Юсипов  екеуміз  Ресей  мемлекетінің 

Краснодар  қаласына  барып,  білікті  мамандардан 

тəжірибе  жинақтап  қайттық.  Мейірбикелеріміздің 

де жұмыстары қарбаласқа толы, олар да біліктілігін 

жоғарылатып отырады. Тəулігіне 5-6  ота жасаймыз. 

Тіпті, бір күнде тоғыз ота жасайтын сəттер болады. 

– 

Медициналық 

білімді 

қай 

жерден 

алдыңыз? Бұл мамандықты неге таңдадыңыз?

– 9 сыныптан  соң,  Жамбыл  медициналық 

колледжіне түсіп кеттім. Медициналық мамандықты 

неге  таңдағанымды  өзім  де  білмеймін.  Сосын 

Шымкенттегі 

медициналық 

академияны 

тəмамдадым. Мамандығым – травмотолог-ортопед.  

Академияны бітірісімен осы қалалық аурухананың 

жарақат  бөліміне  дəрігер  болып  келдім, 2011 

жылдан  бөлім  меңгерушісі    қызметіндемін.  Бұл 

қызметке отыздан асқан  жасымда қол жеткіздім. 



–  Дəрігерлік  жұмысыңыздан  бөлек,  бос 

кезіңізде  немен шұғылданасыз?

–  Біздің  жұмыстың  өзі  əрі-бері  мойын  бұруға  

мұрша  бермейтін  қызмет.  Бірақ,  қолым  қалт 

еткенде  əріптестеріммен  жəне  достарыммен 

барып шағын алаңдарда футбол ойнағанды тəуір 

көремін. Жүгірудің денсаулыққа пайдасы мол.   



–  Қандай  қоғамдық    жұмыста  көзге  түсіп 

жүрсіз?

–  Негізгі  жұмысым  қым-қиғаш  екеніне 

қарамастан, 

белсенді 

жастардың 

бастамаларынан  шет  қалған  емеспін.  Өзіндік 

пікір, ой, ұсыныс айтылуы тиіс жастар арасындағы 

«дөңгелек 

үстел» 

отырыстарына 



қатысып 

жүремін. Өз ойымды айтамын. Жастарға ізденген 

жарасады,   қарап  жүрмегенін  қалаймын.  Ел 

ертеңі іні-қарындастардың белсенділігі  ұнайды. 

Білімді,  жалынды,  зейінді,  өнерлі,  спортшы  

жастар  көп.  Солармен  бірге  жүремін.  Тəуелсіз 

елімнің  ертеңі  жастарымен  нұрлы  екеніне  көзім 

жетіп, қуанып жүремін. Əр кезде  адам баласын 

тосын апат, қиындықтардан Жаратушы сақтаса 

екен  деп,  тілеп  жүремін.  Өйткені,  күнделікті 

жұмысымызда  жарақаты  ауыр  адамдардың 

қиын  жағдайымен  күресудеміз.  Сондықтан, 

жастарға  сабыр,  салмақтылық,  тиянақтылық 

тілеймін.

 Əңгімеңізге рахмет.

Сұхбаттасқан 

Есет ДОСАЛЫ.

ЖАНАРТАУ

Орайы келген сұхбат



«АДАМ ӨМІРІ БƏРІНЕН ҚЫМБАТ»

«АДАМ ӨМІРІ БƏРІНЕН ҚЫМБАТ»

Ерлан ТӨЛЕЕВ, Тараз қалалық №1 

аурухананың жарақат бөлімі меңгерушісі:

КАДРЛЫҚ РЕЗЕРВТІҢ 

ҚАУҚАРЫ ҚАНДАЙ?

2008 жылы «Нұр Отан» партиясының «Жас Отан» ЖҚ 

І  Съезінде  Мемлекет  басшысы  Н.Ə.Назарбаев  жастар 

қатарынан  «мемлекеттік  басқару  жүйесі,  бизнес  саласы 

жəне  қоғамдық-саяси  қызмет  үшін  заманауи  жəне  тиімді 

басқарушылардың  жаңа  генерациясын  қалыптастыру 

тапсырмасын қойған болатын. Осыған орай, «Жас Отан» 

Жастар  Қанаты  кəсіби  дамуға  ынталы,  дағдылар  мен 

басқару біліктілігінің жоғары даму деңгейіне ие заманауи 

жəне  тиімді  басқарушылар  шоғырын  қалыптастыруға 

арналған  «Жастар  кадрлық  резерві»  жобасын  жүзеге 

асыруды қолға алған еді. 

Осылайша, 

басқару 

кадрларын 

анықтау,  іріктеу,  даярлау  жəне  оқыту;  жас 

қазақстандықтардың  жаңа  білім  алуға  жəне  өзін-

өзі жетілдіруге кəсіби өсуі үшін қажетті жағдайлар 

жасау; алдыңғы қатарлы оқыту технологияларына 

негізделген  кадрлық  резервті  даярлаудың  тиімді 

жүйесін  қалыптастыру  сынды  жобаның  негізгі 

міндеттерін  айқындап,  бағытын  белгілеп  алған 

болатын. 

Бұл жоба жұмыс тəжірибесі бар, оқып-үйренуге 

бейім,  талдау,  сараптамалық  ақыл  қабілеті 

жəне  айқын  көрінетін  көшбасшылық  сипатқа  ие 

кез  келген  саладағы,  мамандықтағы  жастарға 

арналған. Дегенмен, жоба жүзеге аса бастаған 5 

жыл ішінде «Жастар кадрлық резервіне» қатысуға 

7 000-нан  аса  жастан  өтініш  түскен.  Ал,  жоба 

жүзеге  асырылғаннан  бастап 340 адам  ашық 

байқау  іріктеуінен,  тестілеу,  оқу  модульдері, 

кəсіби  біліктіліктерін  бағалау  мен  əр  түрлі 

ұйымдарда  тағылымдамалардан  өтті.  Сонымен 

қатар,  байқау  іріктеуінен  өткен  қатысушыларға 

Алматы  мен  Астана  қалаларында,  Көкшетауда 

мемлекеттік    органдар,  бизнес,  ғылым,  білім, 

қоғамдық ұйымдар, БАҚ-тың жетекші өкілдерімен 

кездесулер  өткізілді.  Тіпті,  мемлекеттік  органдар 

мен  ұлттық  компанияларда  тағылымдамадан 

өткеннен кейін резервисттердің 40 пайызы жұмыс 

орындарын  өзгертіп,  олардың  жартысынан 

көбі  аудандық  деңгейден  облыстық,  қалалық-

облыстық  деңгейден  республикалық  деңгейге 

өткен.


Баспасөз 

беттеріндегі 

ақпараттарға 

көз  жүгіртсек,  қатысушылардың 89 пайызы 

жобаның  тұлғаны  дамытуға  арналған  тренингтік 

бағдарламасы олардың тұлғалық қалыптасуы мен 

кəсіби дамуына ықпал еткенін атап өтуде. 

Ал, жобаның  2014 жылы жүзеге асырылуында 

да  басқару  кадрларын  анықтау,  іріктеу,  даярлау 

жəне 32 қатысушының  «Жастар  кадрлық 

резервіне»  енуі  жоспарланып  отыр. «Нұр  Отан» 

партиясы  облыстық  филиалы  «Жас  Отан» 

Жастар  қанатының  Атқарушы  хатшысы  Жанəділ 

Оспановтың  айтуынша,  бұл  жобаның  басты 

ерекшелігі  ауылда  тұратын  жастарға  қызмет 

жолын  сəтті  бастауына  жол  ашып,  үздік  кадр 

дайындап  шығаруға  мүмкіндік  жасау.  Сонымен 

қатар,  жастардың  жан-жақты  білім  алуы  мен  өз 

мүмкіндіктерін көрсете білуіне бағытталған.

Ал, 


облыстық 

«Жастар 


орталығының» 

директоры  Ерболат  Əмірбеков    «Жастар 

кадрлық  резерві»  жобасы  жастар  үшін  еңбек  

жолының  сəтті  бастамасы  болып  табылады» 

–  дейді.  Сондай-ақ,  бұл  жобада  жастарға  өз 

мүмкіндіктерін дамыту үшін арнайы əдіс-жобалар 

жасалып,  дəйекті  түрде  өзінің  қабілеттерін  жəне 

дағдыларын  дамытуға,  қосымша  білім  алуға,  өз 

біліктілігін  арттыруға  жəне  жаңа  достар  табуға 

мүмкіндік береді. Яғни, «Жастар кадрлық резерві» 

– бұл білікті жастар үшін «əлеуметтік лифт» жəне 

басқарушы  кадрларын  дайындайтын  қолайлы 

механизм екені байқалады. 

–  

2011 

жылы  облыстан  бес  адам 

барғанбыз.  Мен  ол  кезде  Талас  аудандық 

«Жастар  орталығының»  директоры  едім. 

Біз  екі  кезең  бойынша  іріктеуден  өттік.  Сол 

аралықта Алматыда небір білікті мамандардан 

дəріс,  тренингтер  тыңдадық.  Яғни,  қиыны  мен 

қызығы қатар жүрген сол күндер біздің есімізде 

ерекше  сəттерімен  сақталып  қалды.  Ең 

бастысы, бізден болашағынан үміт күттіретін 

азамат шығару үшін, тек қана қара басын ғана 

ойламай,  ертеңгі  күні  елімізге  аянбай  қызмет 

ететін патриот тəрбиелеу үшін, мемлекеттің 

мүддесіне  жұмыс  істейтін  азаматтарды 

шығару  үшін  ол  мамандар  мойындарына  үлкен 

жауапкершілік алды. Сол жауапкершілік аясында 

бізге  қызмет  етті.  Енді  осы  резервте  тұрған 

жоба  жеңімпаздары  ретінде  біз  өз  кезегімізде 

қайтарымын беру керекпіз, – дейді облыс əкімдігі 

жастар  саясаты  мəселелері  басқармасының 

«Жастар  орталығы»  КМК  директоры  Ерболат 

Əмірбеков.

Сонымен қатар, жоба аясында қатысушыларға 

оқыту модульдерін үйренуге, тренингтер, мастер-

кластар,  дəрістер  мен  семинарларға  қатысуына, 

əр 


түрлі 

мемлекеттік 

кəсіпорындардың 

басшылығымен  кездесуіне,  бизнес  пен  ғылымға, 

жəне  əлеуметтік  ұйымдармен  жұмыс  жасауына 

мол мүмкіндік жасалған. Сол мүмкіндіктер арқылы 

қаншама  жас  еліміздің  əр  аймағынан  көптеген 

достар табуда.   



– 

Өзіңіз 

ойлап 

қарасаңыз 

мыңдаған 

үміткерлердің 

ішінен 

финалға 

дейін 

əр 

аймақтан  үздік  деген  алпыс-ақ  адам  қалады. 

Енді  осы  үміткерлердің  арасында  нағыз  бəсеке 

басталады.  Дегенмен,  өмірдің  заңдылығы  ғой, 

олардың  бəрі  бірдей  жеңіске  жете  бермейді. 

Менің  ойымша,  жеңіске  жетіп,  сүрінген 

үміткерлер де жеңіске лайықты екені анық. Тек 

бұл  жерде  үміткерге  берілген  балл  ұпайлары 

ғана  араны  бөліп  тұрады.  Айтайын  дегенім, 

осы  байқауға  дайындық  барысының  өзі  адамды 

көп нəрсеге жетелейді. Сен ізденіп, білмегеніңді 

білетіндерден 

сұрап, 

ойыңды 

дамытып, 

елде  жоқ  жобаны  ойлап  тауып,  оны  қорғап 

шығуыңның өзі үлкен жетістік. Сондықтан, осы 

жобаға  қатысып,  жеңіске  талпыну  арқылы  да 

адам  білімін  толықтырып,  өзіне  деген  сенімін 

нықтай  түседі.  Əрине, «Жастар  кадрлық 

резервінің»  жеңімпазы  деген  бір  жапырақ  қағаз 

саған  жұмысқа  тұрарда,  өзіңді  жаңа  қырынан 

танытарда  тікелей  көмектеспейді.  Бұл  басы 

бүтін  ашық  нəрсе.  Жобаның  тікелей  мақсаты 

бұл  емес.  Яғни,  жеңіске  жету  жолындағы 

еңбегіңнің  өзі  саған  көп  жақсылығын  сыйлайды, 

– деген облыстық ішкі істер басқармасы баспасөз 

қызметінің жетекшісі, осы байқаудың 2012 жылғы 

жеңімпазы Гүлсара Мұхтарқұлова жастардың осы 

байқауға қатысып, бақтарын сынап көруіне кеңес 

береді жəне ол үшін еш өкінбейтіндеріне сендірді.

Ал,  белгілі  саясаткер, «Нұр  Отан»  партиясы 

Қоғамдық саясат институтының директоры Саясат 

Нұрбек  бұл  жобаның  өте  сəтті  жасалғанын  тілге 

тиек  ете  келе,  оның  маңыздылығына  өз  бағасын 

берді.

– «Нұр Отан» партиясы өз кəсіби біліктілігі 

мен 

азаматтық 

ұстанымдарын 

қоғам 

мүддесіне  іске  асыруға  дайын  тұлғаларды 

анықтауға  жəне  көтермелеуге  ықпал  ететін 

жүйелі  жағдайларды  жасау  мəселесі  бойынша 

шараларды  атқаруды  қолға  алған  болатын. 

Бүгінде  жастардың  мемлекеттік  маңызды 

қызметтердің  тізгінін  алуын  қамтамасыз 

етіп  отырған  «Жастар  кадрлық  резерві» 

жобасы  саяси,  əкімшілік  жəне  сайланатын 

лауазымдар  үшін  резервтегілердің  жоғары 

білікті жедел құрамын қалыптастыруды қамтып 

отыр.  Бағдарламаны  іске  асыру  қорытындысы 

бойынша  барлық  деңгейдегі  билік  пен  партия 

бірдей  пайдалана  алатын  деректер  қорын 

қалыптастыру қарастырылған болатын. Белгілі 

бір жетістікке жетемін, мемлекеттің мүддесіне 

қызмет  етемін,  білікті  маман  боламын  деген 

жастар  үшін  бұл  жоба  таптырмас  баспалдақ, – 

дейді  С.Нұрбек.  Ал, «Нұр  Отан»  партиясы  «Жас 

Отан»  Жастар  қанатының  атқарушы  хатшысы 

Нұрлан Сыдықов: 



– «Жастар  кадрлық  резерві»  жобасы  білікті 

жастар үшін өте тиімді. «ЖКР» əр түрлі салада 

қызмет ететін жастар үшін «əлеуметтік лифт», 

əсіресе  ауыл  жастары  үшін  өз  мүмкіндіктерін 

көрсетуіне үлкен мүмкіндік береді, – дейді. 

Осы жылы да жобаға қатысамын деушілерге 26 

маусымға дейін жоба сайтына тіркеліп, сайт арқылы 

жобаның  толығырақ  талаптарымен  танысуға 

мүмкіндік  бар.  Оған  барлық  жастардың  қатысуға 

құқы  бар.  Тіркелу  аяқталғаннан  кейін  конкурстық 

іріктеу өткізіліп, жобаның келесі кезеңіне өткендер 

белгілі болады. 

Біз шынайылық пен ашықтықты қалайтын бұл 

жоба жастарға еңбек етуге бағыт беру, жан-жақты 

білім  алуына  жағдай  жасау  жолындағы  жүрісінен 

жаңылмайды деп ойлаймыз.  




1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал