Жазылу «Қазпошта», «Эврика Пресс», «Сенім» баспаханасы



жүктеу 1.24 Mb.

бет1/12
Дата22.04.2017
өлшемі1.24 Mb.
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12

www.ar-ay.kz

E-mail:aray2008 @mail.ru

Алло, «Арай» тыңдап тұр! Байланыс телефоны: 8 (7262) 43-69-06, 43-69-04

Газет 2005 жылдың 13 қазанынан бастап шығады

12 маусым, бейсенбі, 2014 жыл

№24 (452)

Жазылу «Қазпошта», «Эврика Пресс», «Сенім» баспаханасы 

мекемелері арқылы жүргізіледі. Жазылу индексі: 66250.  

Тел: 43-69-04, 43-69-08.

 «АРАЙҒА» 

 «АРАЙҒА» жазыл, қалайда!

жазыл, қалайда!

Жазылу 

мерзімі

6 айға

Қала 

тұрғындарына

1750 теңге

Мекемелер мен 

ұйымдарға

1900 теңге

Ауыл 

тұрғындарына

1963,86 теңге

Ауыл мекемелері 

мен ұйымдарына

2090,28 теңге

Біздің оқырман

Еңбек маусымы

Кездесу


Әрбір адамның 

Әрбір адамның 

денінің саулығы – 

мемлекеттің баға 

жетпес асылы һәм 

болашағының байлығы. 

Демек, бүгінгі таңдағы 

мемлекет тарапынан 

денсаулық сақтау 

саласына жасалып 

жатқан барлық жағдай 

халқымыздың өмір сүру 

сапасын арттыру үшін 

қажет. Отанымыздың 

келешегі, көркеюі 

саламатты өмір салтын 

сақтаумен байланысты.

2-бет

3-бет


7-бет

8-бет


Іссапар

САРЫСУДА САПАЛЫ ІСТЕР КӨП

САРЫСУДА САПАЛЫ ІСТЕР КӨП

«Жас Отан» Жастар қанаты кәсіби дамуға 

ынталы, дағдылар мен басқару біліктілігінің 

жоғары даму деңгейіне ие заманауи 

және тиімді басқарушылар шоғырын 

қалыптастыруға арналған «Жастар кадрлық 

резерві» жобасын жүзеге асыруды қолға 

алған еді.



Бақыт ҰБТ-да алған балмен 

өлшенбейді

Өткен аптада еліміз бойынша дүркіреп 

ұлттық бірыңғай тестілеу болып өтті. Оған 

республикадан тоқсан мыңға жуық түлек 

қатысып, бақ сынады. Бірақ, сынның аты 

сын, біреу дегеніне жетеді, ал бірі көздеген 

межесінен аса алмай қалады. Оқуға түсіп, 

студент атану біреу үшін бақыт, ал тиісті балын 

ала алмаған түлек бұл жерде өзін бақытсыз 

ретінде сезінуі мүмкін.



ДАРЫНДЫ ЖАС, АЛҒА ҚАДАМ БАС!

7-бет


Толқын ӨМІРБАЕВА, 

облыс əкімдігі денсаулық 

сақтау басқармасы баспасөз 

орталығының жетекшісі  

3-бет

Шараға  мұрындық  болған  облыс 

əкімдігінің    жастар  саясаты  мəселелері  

басқармасы  мамандарының  айтуынша, 

биылғы  ерекшелік  жастардан  құралған 

барлық 


құрылыс 

жасақтарының 

біріктірілуінде    екен.  Олардың  ортақ 

мақсаты – ауылдың  жандануына  өзіндік 

үлес қосып, жаз маусымындағы демалысты 

тиімді 


пайдалану. 

Биылғы 


құрылыс 

жұмыстарына  қаладағы    студенттерден 

құралған 

жасақтармен 

қатар, 

елді 


мекендердегі  білімгерлер  де  тартылатын 

болады.  Осылайша,  ұйымдастырушылар 

өңірде  жүзеге  асырылып  жатқан  түрлі 

əлеуметтік 

жобаларға 

мүмкіндігінше  

жастарды  тартып,  оларды  жұмыспен 

қамтымақ. 

Ашылу  салтанатында  сөз  алған 

облыс  əкімдігі  ішкі  саясат  басқармасының 

басшысы  Рахия  Тұрмаханбетова  да 

жастарға  мол  мүмкіндік  ашқан  бұл 

бастаманың игілігіне ерекше тоқталып өтті.

–  Елбасымыз 2005 жылғы  халыққа 

Жолдауында 

құрылыс 

жəне 

еңбек 

жасақтарын  құру  арқылы  студенттерді 

жұмыспен  қамтамасыз  етуді  тапсырған 

болатын.  Міне,  содан  бері  тоғыз  жыл 

өтіп,  оныншы  еңбек  маусымына  жетіп 

отырмыз. 

Бұл  шаруа  қожалық  10  гектар  алқапқа  пияз  егіп,  

өзгелерге    үлгі  болып  отыр.  40 мың  теңгеден  жалақы 

төлеп,  он адамды тұрақты жұмыспен қамтыған.  Қожалық  

төрағасы Мақаш Мизенбаев келесі жылы егістік алқабына 

жаңбырлатып суару технологиясын қолданатынын айтты. 

Кəрім Нəсбекұлы  мұнша гектарға  пияз егу науқан кезінде  

60-70  адамға  жұмыс  екенін  айта  келіп,  бірнеше  ауыл 

тұрғындарын  еңбек  көзімен  қамтып  отырған    қожалық 

төрағасына  ризашылығын  білдірді.  Сондай-ақ,  облыс 

басшысы жеміс-жидек, көкөніс бағасы күзгі жиын-терімде 

арзан болатынын, өнімді келесі  наурыз, сəуір айларына 

дейін сақтайтын қойма қажеттігін аудан əкіміне ескертті. 

Облыс  əкімі  Байқадам    ауылдық  округі  жанына 

қойылған  сызба-жобасы  арқылы  төрт  түлікті  өсіріп 

отырған  «Үбайділда», «Абылай», «Елдос»  шаруа 

қожалығының  жұмысымен  танысты.  Бұл  жерде    аудан 

əкімі    Қанатбек  Мəдібек  арнайы  қойылған  стендтер 

арқылы ауыл шаруашылығы жəне кəсіпкерліктегі  өрлеу 

жұмыстарын  баяндап  өтті.  Сондай-ақ,  бұл  ауданның 

кəсіпкерлері  жоспарлап  отырған  сұйық  май  шығару,  сүт 

өнімдерін өңдеу, алма шырынын шығару кəсіпорындары 

жұмыстарын  сəтті  жалғап  кетсе,  бұл  өнім  өндіруші 

орындар  «ҚазагроФинанс»  АҚ-ның  несиесі  арқылы 

қаржыланбақ. 

2-бет

ЖАМБЫЛДЫ ЖАСЫЛ ЖЕЛЕКПЕН ЖАЙҚАЛТАТЫНДАР

Есет ДОСАЛЫ

Дəрігер тапшылығынан қалай 

Дəрігер тапшылығынан қалай 

құтыламыз?

құтыламыз?

Бүгінде біздің елдегі қат мамандықтардың бірі 

– дәрігер. Қаншама жылдардан бері айтылып

биліктегілердің басқосуларында талқыға түсіп 

жүрсе де әлі күнге шешімін таба алмай келе 

жатқан мәселе. Осы салаға біздің өңірімізде 

200-ден аса маман қажет екен. 

Кадрлық резервтің қауқары 

Кадрлық резервтің қауқары 

қандай?

қандай?

Биылғы жаз жеміс-жидек пен 

Биылғы жаз жеміс-жидек пен 

көкөніске жарытпай тұр

көкөніске жарытпай тұр

Жаз айы жеміс-жидек, көкөністің пісіп, көкке  

тойдырар шаттығымен қызық. Міне, жаз мезгілінің 

де орта тұсына таядық. Бірақ, әлі жылдағыдай 

жеміс-жидек, көкөністердің қызығына малына 

алмай отырмыз. Базардағы баға әлі сол 

бастапқыдағы қалпынан төмендемей тұр. 

Кеше  облыс  əкімі  Кəрім  Көкірекбаев 

2013-2014  оқу  жылындағы  халықаралық, 

республикалық  олимпиадалар  мен  ғылыми 

жарыстардың  жеңімпаздарымен  кездесті. 

Облыс  əкімдігінің  мəжіліс  залында  өткен 

жиынға 113 дарынды  оқушылар,  мектеп 

директорлары мен мұғалімдер қатысып, сый-

құрметке ие болды. 

Биылғы 


оқу 

жылында 


облыста 7 

гимназия, 17 мектеп-гимназия, 3 мектеп-

лицей, 4 дарынды  балаларға  арналған 

білім  мекемелері  жұмыс  істесе,  онда 20 691 

оқушы  жан-жақты  білім  алған.  Ал,  олардың 

ішінде 


халықаралық, 

республикалық 

интеллектуалдық іс-шараларға 23 816 оқушы 

қатысып,  оның 2615-і жеңімпаз атанған. 

Аймақ  басшысы  өз  сөзінде    өзгелерден 

оқ  бойы  оза  шапқан    оқушыларға  алғысын 

білдірді. 

– 

Өңір 

жастарының 

биылғы 

оқу 

жылында  толағай табысқа жетуі  ең бірінші 

ұстаздардың арқасы. Одан кейін жастардың 

жеңіске деген жігерінің жемісі. 

Биыл  пəн  олимпиадалары  мен  ғылыми 

жарыстарға  барлығы 229 оқушы  қатысса, 

қоржынымызға 143 медаль  түсіп  отыр. 

Оның 37-і алтын, 41-і күміс, 65-і қола. Оның 

ішінде  халықаралық  жарыстарда  алған 

медальдар  саны – 62. Республикалық  пəн 

олимпиадаларында 

оқушыларымыз 47 

медальға  қол  жеткізіп,  мерейімізді  үстем 

етті.  Сондай-ақ,  олимпиада  қорытындысы 

бойынша  облыс  командасы  екінші  жыл 

қатарынан  І  орынды  иеленіп, «Ең  үздік 

команда» атағын жеңіп алды. Ал, облыстық 

дарынды ер балаларға арналған қазақ-түрік 

мектеп-интернаты  еліміздің  алты  дүркін 

«Ең үздік олимпиада мектебі» атанып отыр.

 Ғылыми жобаларда да жастарымыздың 

жеткен  жетістігі  аз  емес.  Биыл  мектеп 

оқушылары 20 ғылыми жобаны сəтті қорғап 

шықса,  оның  біреуі  алтын,  бесеуі  күміс,  он 

төрті қола медальмен бағаланды. 

Саятхан САТЫЛҒАНОВ

sayathan_88@mail.ru

2-бет

«Жасыл ел» мен СҚО еңбек жасақтары ауылдарға аттанды

оқырман


––

а 

а 



әм

әм

йлығы.



йлығы.

ңдағы 


ңдағы 

ынан 


ынан 

у 

у



лып

лып 


жағдай 

жағдай 


р сүру 

р сүру 


у үшін 

у үшін 


дың 

дың 


юі 

юі 


салтын

салтын 


анысты.

анысты.


ВА,

нсаулық

ы баспасөз 

текшісі 

ОБЛЫС  ƏКІМІ  КƏРІМ  КӨКІРЕКБАЕВ    АРНАЙЫ 

ЖҰМЫС  САПАРЫМЕН  САРЫСУ  АУДАНЫНДА  БОЛДЫ. 

ОБЛЫС БАСШЫСЫ АЛДЫМЕН АТ БАСЫН ЖАҢАТАЛАП 

АУЫЛДЫҚ  ОКРУГІНДЕГІ,  «ЖАҢАТАЛАП»  ШАРУА 

ҚОЖАЛЫҒЫНЫҢ ЕГІСТІК АЛҚАБЫНА БҰРДЫ.

Сейсенбі күні  

студенттік құрылыс 

жəне «Жасыл Ел» еңбек 

жасақтарының оныншы 

еңбек маусымы ашылды. 

Биыл бұл бастамаға 

жоғары жəне арнаулы 

орта оқу орындарының 

алты жүзден астам 

білімгерлері  қатысуға 

ниет білдірген. Енді 

жаз бойы студенттер 

елді мекендерге барып, 

ауылдарды көркейтіп 

көгалдандыруға, жол 

құрылысына, əлеуметтік 

нысандарды салуға 

атсалысатын болады. 

ДЕЛЬФИЙ ОЙЫНДАРЫНЫҢ 

ДЕЛЬФИЙ ОЙЫНДАРЫНЫҢ 

ОНЫНШЫ ЖАЛАУЫ ЖЕЛБІРЕДІ

ОНЫНШЫ ЖАЛАУЫ ЖЕЛБІРЕДІ

12 маусым,

№24 (452)

2

АЛУАН АҚПАРАТ

ДАРЫНДЫ ЖАС, АЛҒА ҚАДАМ БАС!

1-бетте

Жəне облыс құрамасы тағы да командалық есепте І орынның 

биігіне жетіп, «Республикалық ғылыми жарыстың үздік командасы» 

атанды.  Бұл  сөз  жоқ  облыс  үшін  үлкен  абырой.  Аймағымызды   

республикалық ғана емес əлемдік деңгейде танытқан  білімгерлер 

бүгінде  ел  мақтанышына  айналып  отыр.  Сондықтан  осындай 

дарынды түлектер түлеткен ұстаздар мен тəлім-тəрбие берген 

ата-аналарға алғысымды білдіремін, – деді облыс басшысы. 

Ал,  жастар  атынан  сөз  алған  №1  гимназия  мектебінің  түлегі 

Анастасия  Хан  сапалы  білім  беру  жолында  жүргізген  еліміздің 

сара  саясаты  мен  облыс  əкімінің  қолдауына  алғысын  білдірді. 

Жəне    жастардың    қай  кезде  де  облыс  намысын  биіктен  танытуға 

ұмтылысын  жеткізді.  Айта  кету  керек,  Анастасия  биылғы  ҰБТ 

қорытындысы  бойынша  облыс  көлемінде  ең  жоғарғы 123 балл 

иеленген түлек. 

Ал,  түрік  ұлтының  өкілі,  түлек      Назима  Маджиева  олимпиада  

жеңімпаздарына  деген ізгі  тілегін қазақ тілінде жеткізіп, мемлекеттік 

тілге деген құрмет көрсетті.     

Жиында  сондай-ақ,  облыс  əкімдігінің  білім  басқармасының 

басшысы Сұлушаш Құрманбекова сөз сөйлеп, мектеп оқушыларының  

алдағы  оқу  маусымында    да  осы  биіктен  төмендемейтініне  уəде 

етті.  Жəне  бұл  бағытта  басқарма  тарапынан  жүйелі  жұмыстар 

жүргізілетініне сендірді.  

Басқосу соңында облыс əкімі Кəрім Нəсбекұлы дарынды жастарға 

алғыс жариялап, смартфондар тапсырды. Сонымен қатар, жеңімпаз 

оқушыларды  дайындаған  ұстаздарды  Құрмет  грамоталарымен 

марапаттады.   

ДЕЛЬФИЙ ОЙЫНДАРЫНЫҢ 

ОНЫНШЫ ЖАЛАУЫ ЖЕЛБІРЕДІ

Өнердің  барлық  түрлерін  біріктіретін,  қазіргі 

уақыттағы 42 классикалық  жəне  осы  заманғы 

аталымдар бойынша, сонымен қатар, бүгінгі жағдайда 

талап етілетін өнер саласындағы жас кəсіпқойлардың 

кешенді  жарысының  ашылу  салтанатында  облыс 

əкімінің бірінші орынбасары Бекболат Орынбеков сөз 

сөйледі.

– Өзі жас еліміздің үкіметі жастардың да білімнен, 

өнерден  қанатын  кеңге  самғауға  мол  мүмкіндіктер 

беріп,  қолдау  көрсетіп  отыр.  Оған  бəріміз  куəміз. 

Оның  бір  дəлелі – осы  Дельфий  ойындары.  Мұнда 

бойында  туабітті  таланты  бар,  оны  заманауи 

біліммен ұштаған талапшыл өспірімдерді көпшілікке 

көрсетіп, дарынын ары қарай дамытуға жол ашады. 

Бүгінгі    оныншы  өткізіліміне  дейін  бірнеше  өнерпаз 

жастарымыз 

республика 

сахнасында 

көрініп, 

жеңімпаз да атанды,  – деп бастаған сөзінде облыс 

əкімінің орынбасары Бекболат Серікбекұлы байқауға 

қатысушыларға сəттілік тіледі. 

Қашан да жақсы істің басы-қасында жүретін «Нұр 

Отан»  партиясы  бұл  жолы  да  талаптары  таудай 

жастарға қолдау білдірді. 



–  Қоғамымыздың  бірлігін  анықтайтын  өнер 

мен  мəдениет  болса,  жастарымыздың  бойындағы 

таланттарын  жандандыру – ұлттық  дəстүрімізді, 

өнерімізді,  мəдени  мұрамызды  келер  ұрпаққа 

жалғастырудың  көпірі, – деп  «Нұр  Отан»  партиясы 

облыстық 

филиалы 

төрағасының 

орынбасары 

Шəбден  Тілеумұрат  кемел  елдің  келешегіне  жарқын 

жол тіледі. 

Ақ тілеулі құттықтаулар легінде Тараз мемлекеттік 

университетінің  проректоры,  тарих  ғылымдарының 

докторы,  профессор  Асқар  Абдуалы  да  ниеттестігін 

білдірді. 

Ашылу 


салтанатынан 

кейін 


əр 

бағытта 


өнерлерімен  сынға  түсуге  келген  үміткерлер  Тараз 

қаласының бірнеше мəдени орындарына тарасты. 

Дүйім  жұрттың  алдында  өнерлерін  көрсеткен 

байқауға қатысушылар 1,2,3-дəрежелі дипломдармен 

жəне 

бағалы 


сыйлықтармен 

марапатталды. 

«Халықтық  би»  аталымымен  І  орынды  үлкен  топта 

Тараз  қаласының  «Томирис»  би  тобы,  ал  кіші  топта 

Шу  ауданының  «Еркежан»  би  тобы  жеңіп  алды. 

Қазіргі  заман  биінен  І  орынның  биігінен  Тараз 

қаласының «Томирис» би тобының кіші буыны жеңіске 

жетті.  Бейнелеу  өнерінен  үлкен  топтан  жуалылық 

Б.Тəжімұратов,  ал  кіші  топтан  С.Берсүгін  І  орынды 

иеленді.  Фотосуретті  шебер  түсірген  сарысулық 

А.Омарова  үлкен  топта,  тараздық  А.Құдайбергенова 

кіші  топтан  алғашқы  орынның  жүлдесін  олжалады. 

Киім дизайнынан өз ойларынан заманауи əрі əсем үлгі 

көрсеткен  тараздық  Ə.Шəкіров  үлкен,  Н.Жолдасбек 

кіші топтан оза шапты. Көркемсөз мəнерімен сөйлеу 

бойынша  Тараз  қаласының  намысын  қорғаған 

Б.Данияр 1-дəрежелі  дипломды  жеңіп  алды. 

Халықтық  əншілік  бойынша  үлкен  топтан  таластық 

Г.Тазабек,  кіші  топтан  да  осы  ауданнан  келген 

Б.Құлтас  І  орынның  биігінен  көрінді.  Эстрадалық 

əншіліктен  І  орынды  үлкен  жəне  кіші  топ  бойынша 

М.Хамзина мен тараздық Ш.Расылхан иеленді. Ұлттық 

аспаптарда  əуезді  ойнаған  тараздық  П.Беделбаева 

мен  Г.Сарыбаева  домбырадан,  ал  қылқобыз,  прима 

қобыздан  тараздық  Б.Əмірбекова  шеберлік  танытты. 

Журналистикада  қабілетін  жақсы  көрсете  алған 

Байзақ  ауданының  өнерпазы  Н.Жұбандықова  ғана 

жүлдеге  ие  болды.  Халықтық  көркем  кəсіптер  мен 

қолөнерде талантын танытқан тараздық А.Синябская 

мен А.Махажан үлкен жəне кіші топтардан 1-дəрежелі 

дипломды иеленді.

Қамар ҚАРАСАЕВА

САРЫСУДА САПАЛЫ ІСТЕР  КӨП

ТАЛАСТЫҢ ТІРЛІГІ ТҮЗЕЛІП КЕЛЕДІ

1-бетте


Облыс 

əкімі 


осында 

жиналған 

ардагерлермен,  шаруа  қожалық  төрағасы 

жəне  ауыл  еңбеккерлерімен  кездесті. 

Облыс 

басшысы 


соңғы 

жылдары 


өндіріске  қосылған  облысымыздағы  ең 

ірі 27 жобаның 10-нан  астамы  қарқынды 

жұмысқа  кірісіп  кеткенін  айтып,  ауыл 

шаруашылығын  дамытуға  да  жақсы  жол 

ашылып  отырғанын  жеткізді.  Мемлекет 

тарапынан  ауыл  шаруашылығына  бөлініп 

жатқан  қаржының,  қолдау  мен  көмектің 

мол  екенін,  тек  көзін  тауып,  жаңашыл 

талапқа  ілесіп  отыру  қажеттігін  айтып 

өтті.  Облыс  əкімдігі  ауыл  шаруашылығы 

басқармасының 

басшысы 


Абдалы 

Нұралиев «Агробизнес-2020» мемлекеттік 

бағдарламасы 

аясындағы 

қолдаулар 

жөнінде  егжей-тегжейлі  баяндады.  Қазіргі 

таңда  кəсіпкерлер  кез  келген  екінші 

деңгейлі  банктен  несие  ала  алады,  бірақ 

сол  несиесіне  қосылған    үстеменің 50 

пайызына  мемлекеттен  субсидия  бар. 

Еңбек  ардагері  Бердібек  Иманбеков 

«Саудакент» ауылдық тұтыну кооперативін 

құрғанын,  жұмысының  алға  жылжуы  үшін 

30  млн.  теңге  қажет  екенін,  кепілдікке 

қоятын  нəрсе  таппай,  сол  көлемде  несие 

ала  алмай  отырғанын  айтты.  Облыс 

басшысы  бұл  мəселеге  қолдау  көрсетуді 

аудан  əкіміне,  бірқатар  тиісті  басқарма 

басшыларына тапсырды. 

Облыс əкімі ат басын бұрған  тағы бір 

нысан – Жаңатастағы    «Жарас»  ЖШС. 

Бұл  зауыт  мұнай  өнімдерін  сақтау  жəне 

өңдеу  мəселелерімен  айналысады.  Жоба 

инвесторы Ербол Жауаров жұмыс барысын 

облыс  əкіміне  баяндап,  жылына 10 мың 

тонна мазут,  5 мың тонна бензин шығарып, 

40  адамды  еңбекпен  қамтып  (орташа 

айлық жалақы 60 мың теңге) отырғандарын 

айтты.  Облыс  басшысы  мұндай  шағын 

кəсіпорындарды  қолдау  қажет  екенін 

жауапты  кісілерге  ескертті.  Бүгінгі 

таңда    Жаңатастағы 1-ықшам ауданынан 

№31,  №19  көпқабатты  үйлер  қалпына 

келтірілуде.  №31  көпқабатты  үй 120 

пəтерлік  үй  кезегіне  тұрғандарға  беріледі. 

Ауданда  тұрғын  үй  кезегінде 1100 адам 

тұса, қалпына келтірілген  бұл үйден 70-ке 

жуық жас отбасылар пəтер алмақшы. №19  

көпқабатты  үй  тұрғындарға  арендалық  

жолмен 


беріледі. 

Облыс 


басшысы 

«Еврохим»  өндіріс  кешенінің  жүзеге  асып 

жатқан жұмыстарымен танысты. «Еврохим-

тыңайтқыш» ЖШС-нің бас директоры Игорь 

Георгиади  алдағы  жылдарда  жылына 600 

мың  аммиак  селитрасын, 600 мың  тонна 

сульфат  калиын, 350 мың  тонна  хлорлы 

кальций, 430 тонна құрылысқа қажетті гипс 

өндіруге  мүмкіндіктері  бар  екенін  облыс 

басшысына  айта  келіп,  мұнда  техника 

күшінің де жеткілікті екенін жеткізді.

Облыс  əкімі  аудан  əкімдігінің  кіші 

мəжіліс  залында  қорытынды  жиын  өткізіп, 

мал  шаруашылығын  жəне  егіншілікті 

дамытуды  көздеген  шаруа  қожалықтарға  

үнемі қолдау болу керектігін,  мемлекеттен 

ауыл  шаруашылығына  көрсетіліп  отырған 

көмектерді  ауыл-ауылдардағы  еңбекшіл 

жұртқа 

кеңінен 


түсіндіру 

қажеттігін 

ескертті. Келесі  айда  еліміздің  Премьер-

Министрінің  қатысуымен    Жаңатаста  

республикалық  моноқала  басшыларының  

кеңесі  өтпек.  Жиында  осы  іс-шараға 

дайындық барысы да пысықталды.

    Бұл  сапар    Сарысу  ауданында 

көптеген  жаңашыл  жұмыстар  бар  екенін 

байқатты.

Талас ауданына жұмыс сапарымен барған  облыс əкімі 

Кəрім  Көкірекбаев  алдымен  Берікқара  ауылы  жанында 

орналасқан  сүт  өңдеу,  мал  бордақылау  кешеніндегі 

ауданның шаруа қожалықтарының жəне де жауапкершілігі 

шектеулі серіктестіктері ұйымдастырған көрмеде  болды. 

Талас  ауданында  «Сыбаға»  бағдарламасы  арқылы 

ісін  өрге  домалатып,  жемісін  жеп  отырған  шаруа 

қожалықтары жетіп артылады.  Ойық ауылында  құрылған 

«Шалқар» шаруа қожалығы қой шаруашылығымен қатар, 

айтулы бағдарлама аясында ауыл шаруашылығын қолдау 

қорынан қазақтың қызыл ақбас 3 бұқа мен 37 бас сиырын 

сатып алған. «Шалқар» шаруа қожалығында 88 бас ақ бас 

сиыр өсірілуде.  «Шалқар» шаруа қожалығының төрағасы, 

етті  бағыттағы  мал  басын 2015 жылға  дейін 300 басқа 

жеткізуді жоспарлап отырғандығын айтып өтті. 

Облыс  басшысы  көрмеге  жиылған  өзге  де  шаруа 

қожалықтарының  жұмыстарымен  танысып,  оң  бағасын 

берді.  Мал  шаруашалығын  дамыту  мақсатында 

мемлекеттің жасап жатқан мүмкіндігін толықтай пайдалану 

керектігін  шаруа  қожалық  басшыларына  шегелеп  айтып 

өтті.  Талас  ауданына  табан  тіреген  облыс  басшысына 

шаруа  қожалық  төрағалары  да    көкейлерінде  жүрген 

сауалдарын жолдады. 

Көк  сұр  түсті  қаракөл  қойын  өсірумен  айналысатын 

«Ə.Сағынтаев атындағы» ЖШС директоры А.Қошанбеков 

облыс  басшысына,  қаракөл  қойының  етінің  өтімсіздігін, 

сонымен  қатар,  бір  кездері  алтынға  бағаланған  қаракөл 

елтірісін  алымсақтар  бар  болғаны  мың  теңгеге  сатып 

алып  жатқандығын  қынжыла  айтып  өтті.  Ал  бұл  жағдай 

мал  басын  көбейтуге  кедергісін  тигізіп  отырғанын  айтты 

шаруа  қожалық    төрағасы.  Шаруа  қожалықтарының 

басшыларының  сөзіне  сүйенсек,  мал  жайылымына 

байланысты  мəселелер  туындап  отырған  көрінеді.  Бір 

кездері орман шаруашылығы иелігіне өтіп кеткен жерлерді 

мал  жайылымын  пайдалану  үшін 1,2-1,3 миллион  теңге 

салық  төлеп  отырған  көрінеді.  Облыс  басшысы  облыс 

əкімдігінің табиғи ресурстар жəне табиғатты пайдалануды 

реттеу  басқармасының  басшысы  Б.Əмірғалиевке  мал 

жайылымына байланысты мəселені жуық арада реттеуін 

талап етті.

Кəрім  Нəсбекұлы  өзінің  жұмыс  сапарын  Қаратау 

қаласындағы  «Игілік»  көп  салалы  кəсіпорнында 

жалғастырды.  Қаратау  қаласын  сумен  қамтамыз  етіп 

отырған  «Игілік» мекемесінде қазіргі уақытта 200-ден аса 

қызметкер  жұмыс  атқарады.  Мекеме  басшысы  Рашид 

Сейдалиев өз сөзінде: 



– «Облыс  əкімдігі  тарапынан,  Үкімет  тарапынан 

қомақты  қаржы  бөлініп,  бүгінгі  таңда  мекемеміз  жаңа 

техникалармен 

жабдықталды. 

Қазандықтардың 

барлығы  күрделі  жөндеуден  өтті, – деп  таныстырып 

өтті.  Мекеме  жұмысына  көңілі  толған  облыс  басшысы 

одан кейін Қаратау қаласы Ақшораев көшесіндегі  күрделі 

жөндеуден өткен 120 пəтерлік тұрғын үйді көрді.  Алдағы 

уақытта  бұл  үйлер,  Ұлы  Отан  соғысының  мүгедектері 

мен қатысушыларына, ата-ана қамқорлығынан айрылған 

балалар,  əлеуметтік  жағынан  осал  топтарға  жататын 

азаматтарға  беріледі.  К.  Нəсбекұлы  Қаратау  қаласында 

апатты жағдайда тұрған үйлер тым көп екендігін, алдағы 

уақытта бос үйлерді де жөндеп, тұрғындарға пайдалануға 

беру керектігін айтып өтті. 

Жұмыс сапарында облыс басшысы натрий цианидін 

өндіретін  зауыттың  құрылысымен  танысты.  «Talas 

Investment Company» ЖШС  нысан  құрылысын 2011 

жылдан бастаған.  

Бүгінгі  таңда  кəсіпорынның 95 пайызы  аяқталған. 

«Зауытқа қажетті техникалық судың жеткізілмеуі  жұмыстың 

аяқталуына  кесірін  тигізіп  жатыр»  дейді  кəсіпорынның 

бас  директоры  Б.  Алдашов.  Кəсіпорынға  жеткізілетін 

суды өз жауапкершілігіне алған «Теміртройсервис» ЖШС 

бас  директорының  орынбасары  Т.Қарағойшинге  облыс 

басшысы  тез  арада  олқылықтардың  орнын  толтыру 

жөнінде талап қойды.  

Бір  күнге  созылған  жұмыс  сапары  барысында 

облыс  əкімі  ауданның  бірқатар  мекемелерінде  болып, 

ауылдарды  аралады.  Талас  ауданына  қарасты  Ақкөл 

ауылында  бұрынғы  аудандық  аурухананың  ғимаратында 

болды.  Аудандық  аурухананың  бас  дəрігері  Есмахан 

Имаммырзаев  алдағы  уақытта  бұл  жерден  науқастар 

үшін  ауданаралық  оңалту  орталығын  ашу  туралы  ойын 

да жеткізіп қалды. Кəрім Нəсбекұлы бас дəрігердің ойын 

құптап, қолдау көрсететіндігін жеткізді. Жұмыс сапарымен 

Талас  ауданына  шыққан  өңір  басшысының  іссапарының 

нүктесі  Ойық  ауылында  қойылды.  Облыс  əкімі  Ойық 

ауылында  болып,  ауылдың  су  құрылысымен  танысты. 

Ауыл  əкіміне,  жауапты  басшыларға  істі  соза  бермеуін, 

түйінге  айналған  ауыз  су  күрмеуін  тезірек  шешуін 

тапсырды.




  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал