Жазба жұмыстарын бағалау бойынша ұсыныстар



жүктеу 279.03 Kb.
Pdf просмотр
Дата04.11.2022
өлшемі279.03 Kb.
#23298
түріБағдарламасы
Жазба ж мыстарын ба алау бойынша сыныстар (1)
№1 С Ж. Та ырыбы (1), kmzh-7-sabak-1, 3-synypa-ysa-merzmd-zhospar (1), 2 Б лім бойынша жиынты ба алау ж не то санды жиынты ба алау а


Жазба жұмыстарын бағалау бойынша ұсыныстар 
Бастауыш сыныптарда оқу бағдарламасының мазмұнын толық меңгерту
үшін жазба жұмыстарын өткізуді мұғалім қолданыстағы нормативтік және 
нұсқаулық құжаттарға сәйкес өздігінен жоспарлай алады. 
Жазба жұмыстарын бағалауды сөйлеу әрекетінің «Жазылым» түрі бойынша
қалыптастырушы және жиынтық бағалау аясында төмендегі критерийлер мен 
дескрипторларды қолдана отырып, өткізу ұсынылады.
 
Бағалау критерийі: білім алушы 

Жазба 
жұмыстарын 
орындау 
барысында 
каллиграфиялық, 
пунктуациялық, 
орфографиялық 
заңдылықтарды қолданады. 

Тұтас жазбаша пікір қалыптастыру үшін бөлімдерді 
қиыстырып қамтиды. 

Мәтіннің құрылымын сақтайды (басы, оқиғаның 
дамуы, шарықтау шегі, соңы). 

Грамматикалық нормаларды сақтайды. 

Материалдың 
құрылу 
логикасын 
сақтайды 
(мазмұндама, шығарма). 
Жұмыс түрлері 
Дескриптор 
Диктант 
- cөздерді жазу барысында орфографиялық ережелерді сақтайды; 
- мәтіндегі сөздерді қатесіз жазады және әріптерді дұрыс жазады
- мәтіндегі сөздерді өзгертпей жазады
- үндестік заңына бағынбайтын сөздерді дұрыс жазады; 
- айтылуы мен жазылуы әр түрлі сөздерді дұрыс жазады;
- тыныс белгілерін дұрыс қояды (оқу бағдарламасы аясында); 
- грамматикалық тапсырмаларды дұрыс орындайды; 
Көшіріп жазу 
диктанты 
- мәтінді каллиграфиялық ережелерді сақтай отырып, ұқыпты 
көшіріп жазады; 
- сөйлемдегі сөздердің орнын ауыстырмай және сөздерді қалдырмай 
көшіріп жазады; 
Мазмұндама 
Шығарма 
- тақырыпты жақсы түсінгендігін көрсетіп, мазмұнын ашып жазады
жазады) 
- берілген мәтіннің негізгі ойын анықтайды; 
- мәтін бойынша қарапайым жоспар құрады; 
- мәтіннің мазмұнын жоспарға сәйкес жазады; 
- мәтіннің мазмұнын автордың ойын және логикалық жүйесін сақтай отырып
жеткізеді; 
- жазба жұмысының графикалық рәсімделу нормаларын сақтайды; 
- мәтіннің бастапқы стилін сақтайды (мазмұндама үшін); 
- орфографиялық және тілдік қателіктерді жібермей жазады
- сөздік қорының бай екенін көрсетеді; 
- сөздерді мағынасына сәйкес қолданады.

жүктеу 279.03 Kb.

Поделитесь с Вашими друзьями:




©emirb.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет