Жастық жыршысы 1 Аялайық асылды



жүктеу 90.44 Kb.

Дата31.01.2017
өлшемі90.44 Kb.

ЖАСТЫҚ ЖЫРШЫСЫ 

1 Аялайық асылды 

Саттар —«өмір дегенде өксігін баса алмай, өнерінің 

барлық гүлін аша алмай» өткен зор талант иесі. Жаңа 

ғана бар әсемдігін, бар көркемдігін көпшілік жұртқа 

көрсетіп келе жатқан әдебиет гүлі — Саттар Ерубаев 

қыршындай жа с шағында — 23-те солып  қалды, мейірімсіз 

ажал аямады. Бірақ Саттар сұм өлімді творчестволық 

өмірмен жеңді. 

Саттар әдебиет майданына 30-жылдардың бас кезінде 

араласты. Ақындыққа бой  ұрды. Сұлу поэзияның, жан 

тебірентерлік лириканың өкілі болу үшін Ленинградқа 

аттанды. Білім дариясынан шөлін  қандырып, 1933 жылы 

19 жасында туған өлкесіне  қайтып келді. Оның ақындық 

таланты, жалындаған жастық жігері жаңа өмір орнатып 

жатқан  Қазақстанның  ұлы өзгерістері мен айбынды істерін 

жырлауға арналды. 



Өлке! 

Жиырма жылдың бойында 

Өсіп ем-ау  қойнында. 

Бірақ кетіп окуға, 

Жырлар жырлап бермек ем 

Өзгерістер жайында,— 

деп жас талант өз өлкесіне борыштар екенін сезіне, мойын-

дай оралды. 

226 


Сонда Саттардың жырламақ өзгерісі, айтпақ жаңалығы, 

суреттемек кейіпкері не еді, кім еді? 

Ол жаңа өмірдің  ұлы бақыты еді, бақыт  құшағындағы 

жастар еді. 

Саттар — бақытпен,  қуанышпен күнде дидарласып, ай-

қаса  құшақтасып жүрген романтик адам. Оның жария-

ланған, жарияланбаған еңбектерінің  қайсысын алып оқы-

саңыз да, бақыт пен  қуанышсыз жазылған шығармасын 

көрмейсіз. Өйткені «біздің өміріміздің өзі  қуаныш. Біздің 

істеген еңбегіміз де  қуаныш. Бұл  қуаныш күлкі жүрмеген 

жер жоқ... Біздің елде бірініші рет  қуаныш көптің игілігі-

не айналды». Осы бақыт пен  қуаныш жаңа дүниенің алып 

қарқын, зор екпінмен орнауынан, творчестволық еңбектен 

туатындығын өзінің нәзік, ершіл, романтикалы жанымен 

сезіп, көңіліне тоқи білді. Жазушылық шеберлігі әлі де 

ұшталып жетілмегеніне  қарамастан жүректен шыққан 

жылы сезімді өз  құрдастары түсінетін тілмен айтып бере 

білді. Оның тілі былдырлауға шамасы жаңа ғана келген 

сәбидің тілі емес, ер жетіп, бұғанасы  қатып келе жатқан 

өршіл, жігерлі жастың бірде  қиялға мініп  қиядан асатын, 

бірде  қаһары түскенге жай түсіретін өткір тіл еді. 

Жүректің жігер — жырларын 

Жасамақпын,  құрмақпын. 

Соғуымен жүректің 

Жыр балғасын  ұрмақпын. 

Қатарласып дәуірмен 

Текестіріп бойымды, 

Флангіге тұрмақпын,— 

деген ниетпен  қазақ совет әдебиетінің  қасиетті табалды-

рығын аттап, барлық талантын, күш-жігерін «өмірдің жү-

регінен  ұстауға» жұмсады. 

Саттар бақытты өмірдің жаңалығын,  қуанышын өзінің 

көз жанары түскен, ақындық  қиялы жеткен өңірдің бәрі-

нен көре-сезе білді, оны терең ой, шұрайлы көркем тілмен 

суреттей білді. «Комбайн туралы жырда» Саттар  Қазақ-

станда болып жатқан  ұлы өзгерістерді мыналардан көре-

ді: Октябрь революциясына дейін  құлазыған  қу дала, аңы-

рай соққан аңызақ, жайылып жатқан төрт түлік мал, өлім-

тік аңдыған  қарға-құзғындар, тоз-тоз болып шашылған 

ауылдан басқа сахараның ешбір көркі де, көрінісі де бол-

маушы еді, енді, міне, бүгін сай мен сала машинаға то-

лып, аспанда «ескі таныс, ежелгі  қара  құстай боп кеткен» 

самолеттердің  қалықтап жүргенін айта келіп: 



Тракторге  қырманда, 

Көзіммен көрдім бағана, 

Сүйкеніп тұр бір түйе, 

8* 227 

Атасы бір төрт аяқ 

Тебісіп өскен малдай-ақ 

Қойындасып  қорада,— 

дейді. Осы шумақтан ақынның нәзік сезімталдығын, өмір 

құбылысының терең мағынасын түсініп, соған орай шұрай-

лы пікір түйе алатындығын көреміз. 

Саттар шын мәнінде ақын еді. Оның өлеңі де, әңгімесі 

де — поэзия. Амал не, асығыстықтың салдарынан, күні 

бүгінге дейін Саттардың 1931 жылы сатиралық «Жаршы» 

журналының бірінші номерінде шыққан «П. П» фельето-

ны, «Лениншіл жаста» 1932 жылдан 1936 жылға дейін 

жарияланып келген «Тракторшы комсомолдың жыры», 

«Асқар  қайта  құрылыс дәуірінде» деген бес подвалдық 

сын мақаласы, «Ақын жыры», «Колхоз базарында», «Дос-

тық жыры», «Жаңбыр» және «Комбайн туралы жыр» де-

ген бәйгіге түскен поэмасы, «Күрестің түйісінде» деген 

очеркі біздің оқушыларымыздың  қолына тимей келеді. 

Ақындық паспорт өлеңнің санына емес, мәніне  қарай 

беріледі. Саттарға сол паспортты, ең алдымен, баллада-

лары,  қала берді, толымды пікір, отты сөзге толы өлең-

жырлары әперді. «Өте азғантай» деп  қомсынбай,  қайта 

оның балладалары әдебиетіміз үшін жаңалық еді деп  қуа-

найық, зерттейік, халыққа жеткізейік. 

Саттар баллададан көз жазған жоқ. Өйткені  қиялдан 

күшті «шындық өмірдің жүрегінен  ұстауға»  ұмтылған 

Саттардан әр новелласына, публицистикасына, романына 

балладаны жанды тармақ етіп енгізуді талап етті. Саттар 

солай істеуге мәжбүр де болды. 

Саттар — әдебиетімізге жаңа түр ала келген жас та-

лант. Ол баллада араласқан новелланы  қазақ әдебиетінің 

қалыптасқан жанрына айналдыруға бар күшін жұмсады. 

Рас, новелла — кәдімгі көркем әңгіме. Бірақ оны Саттар 

дәстүрлі әңгіме шеңберінен шығарып жіберді. «Келесі 

соғыс туралы новелласын» оқып отырғанда, сіз әуелі 

академик Вознесенскийдікіне келгеніңізді білесіз де, одан 

кейін аспанға көтеріліп, импералистік Жапонияның түнер-

ген күнін, еңбекшілердің аянышты халін, жыртқыш, «қан-

жарлы оқымыстылар тобын», болып жатқан  қан майданды 

көресіз. Содан кейін академик лабораториясынан терең 

ойға батып, келешек туралы толғанып шығасыз. Алып 

ұшқан асқақ  қиял, алабұртқан жастық ой, білместі білуге 

ұмтылған жігерлі талап, Отан келешегін әріден ойлау — 

новелланың жаны, өзегі. Осыдан да болуы керек, Саттар-

дың бұл новелласында өздерінің заңды желісімен баллада 

228 


да, публицистика да, көркем әңгіме де жымдасып келіп 

отырады. Бұл — Саттар новелласының ерекшелігі. 

Саттар публицистиканы да  қолға алып, тартымды сөз, 

құнарлы пікір айта білді. «Лениншіл жаста» 1934—1936 

жылдары оның «Көркем өнер туралы хат» (бұл 1934 жы-

лы «Социалды  Қазақстанда» да басылды), «Төрт  қыз», 

«Фашизм және соғыс», т. б. публицистикалық шығарма-

лары басылды. Көркем, өткір, мәнді публицистика «Менің 

құрдастарыма» да жат емес. «Төрт  қызда» Ворошилов 

атқыштарының Бүкілодақтық жарысына баруға дайын-

далып жатқан төрт  қазақ  қызы жайында әңгіме бастал-

ғанымен, Саттар өзінің  ұшқыр  қиялымен дүние жүзін 

шарлап кетеді. Төрт  қазақ  қызының өмірін капиталистік 

елдердегі, әсіресе, есі шыққанша есіретін «американдық 

тұрмыстағы» жастардың өмірімен салыстырады. Біздің 

советтік өмірдің бақыт екендігін, ал капиталистік өмірдің 

дозақ, онда «жас болу — бақытсыздық» екендігін көр-

сетеді. 


1933 жылы, 6 ноябрьде  Қазақстан жазушыларының 

ұйымдастыру комитеті аға жазушылар мен жас жазушы-

лардың бас  қосқан творчестволық кешін  ұйымдастырған 

көрінеді («Лениншіл жас», 1933 ж., 12 декабрь). Сол кеш-

те Саттар алғаш рет көпшілік алдында Асқар, Ғабит, 

Мұхтарға жазған эпиграммалары мен пародияларын оқып 

береді. Саттардың достық әзілінің «соққысы» 1933 жылға 

дейін  қазақ ауылына, жаңа  құрылып жатқан колхоз-сов-

хоздарға бармаған Мұхтар Әуезовке «батыңқырап» кетеді. 

КазАПП тапсырмасымен ел аралауға шыққан Мұхтар 

колхоз кеңсесінің сыртынан келіп: «Қайсың барсыңдар, 

алыстан келе жатқан жолаушы  қонақ едік»,—дегеніне 

колхоз хатшысы шығып: «Қонақүйге барьш түсіңіздер»,— 

дегендей  қылады. Сонда Мұхтар: «Қазақтың әдеті де өз-

геріпті-ау»,— деп таң  қалады. Осындай достық әзілдің 

салдарынан да болса керек, жаңа өмірдің жаңалығын 

көзбен көріп, елді аралап келген Мұхтар Әуезов 1934 жы-

лы колхоз өміріне арнап бірнеше очерк-әңгімелер жазды. 

Саттардың Ғабитке жазған эпиграммасы да осымен 

өзектес: 



Карындашын  құшақтап, 

Ғабит отыр  қалада. 

Бізге  қашан келед деп 

Колхоз күтед далада. 

Ол осындай өткір пародия мен эпиграмманы  қазақ 

әдебиетінде алғаш жаза бастағандардың бірі болды. Мұ-

ны дәстүрге айналдырған теріс болмайтын еді, өйткені 

229 


адал ниетпен өткір жазылған, кемшілікті сықақтап, жақ-

сылыққа үндейтін пародиялар мен эпиграммалардың пай-

дасы өте зор. 

Саттардың өрістеген ойына, асқақтаған  ұшқыр  қия-

лына поэзия шеңбері тарлау болды.  Қиялдан күшті шын-

дықты шынайы  қалпында суреттеу үшін Саттар  ұзақ-

сонарлы прозаға ден  қойды. Ол лирикадағы өз  қуаны-

шына, өз бақытына Рахмет, Лизаларды ортақ етпек ниетке 

көшті. Олардың да ішкі дүниесін жастардың алдына жа-

йып салмақ болды. 

Біз «Менің  құрдастарым» романын талдауды өзімізге 

міндет етпейміз. Өйткені ол оқушыға белгілі, сондықтан, 

мүмкін  қадерінше, сол романның тууына, жазылуына және 

кейбір жеке ерекшеліктеріне ғана тоқталмақпыз. 

Саттар Ленинградтан тарих-философия-лингвистика ин-

ститутын бітіріп келгеннен кейін, әуелі «Ленинская смена», 

кейінірек «Лениншіл жас» газетінің әдебиет-көркем өнер 

секторының редакторы (сол кезде осылай аталатын-ды), 

1934 жылдың 26 майынан 11 июньге дейін жауапты ре-

дактордың уақытша орынбасары болып істеді. 1934 жылы, 

5 июльде  Қазақстан Өлкелік партия Комитеті «Қара-

ғанды пролетариаты» газетінің жай-күйі туралы  қаулы 

шығарды. Газеттің ісін жолға  қою, кадрлармен толықты-

ру мәселесін шешкенде, Өлкелік партия Комитеті комсо-

мол комитетіне үш күндік мерзім ішінде Саттар Ерубаевты 

«Қарағанды пролетариаты» газетінің комсомол бетінің ре-

дакторы етіп жіберуді тапсырды. (ҚКП Орталық Комитеті 

жанындағы Партия тарихы институтының архивы. Фонд 

№ 141, ед. хр. 6608, 163-бет).  Қарағандыға келгеннен ке-

йін, Саттар 1934 жылдың 9 июлінен 1935 жылдың 12 ма-

йына дейін «Қарағанды пролетариаты» газетінің жауапты 

редакторының орынбасары болып  қол  қойып жүрді. 

Сонымен, Саттардың  Қарағандыда істеген уақыты бо-

лашақ «Менің  құрдастарымның» материалын жинауға, та-

лай жаңа өмір  құбылыстарын көріп, ақындық елегінен 

өткізуге, шахтерлардың еңбегін зерттеуге,  қажымай-тал-

май жұмыс істеуге мүмкіндік берген кезең еді дейміз. Мі-

не, сондықтан да оның аяқталмаған романы нақтылы 

шындықтан, өзі араласқан,  қуаныш-сүйінішіне ортақ бол-

ған өмірден алып жазылған шынайы шығарма болды. 

Осы кезде Саттар «Адасқан бөтелке» деген екі актылы 

комедия, «Егор Бутенко» дейтін суреттеме, «Өмір туралы 

рапорт», «Үш шахтер туралы» балладаларын, «Көктем» 

туралы» лирикасын, «Жолдағы жолсыздықтар», «Тышқан 

ауылындағы оқиға» сияқты сатиралық әңгімелерін жаз-

230 


ды. Осылардың бәріне тән бір  қасиет — Саттардың  қа-

наттандырғыш жаңа өмірді көзбен көріп,  қолмен  ұстауы, 

ойлы да оюлы тілмен жаза білуі. Өмір шындығын өз твор-

чествосының өзегі ете білген Саттар жаңа заманды 

орнықтыру, кемшілікпен күресу жолдарын айна-қатесіз 

білді. 


«Қарағанды пролетариаты» газетінің редакциясы. 

«Адасқан бөтелке» комедиясы жайында былай деп жазып-

ты: «Бұл оқиға — 9-шахтада болған оқиға. Жазушы тек 

оқиғаны көркемдік жағынан, пьеса жағынан  қалпына кел-

тіргені болмаса, кейбір жерін көркемдеп, әдебиет заңына 

бағындырғаны болмаса, бұл — шын оқиға. Скаченкоға әлі 

шара  қолданылған жоқ. Бөтелке әлі Елизаровтың алдында 

тұр. Заң орындары тез тексерсін. Сонымен  қатар, біз жұ-

мысшы театрына осыны спектакль етіп  қойып беруді  ұсы-

намыз. Бұл да болса жұмысшы жабдықтау мәселесіндегі 

қылмыстармен күресу болады». Демек, Саттардың «Адас-

қан бөтелкесі» нан карточкесін таратушы Скаченконың, 

шахткомның председателі Елизаревтың зымияндығын, кар-

точкеге арақ алып ішетіндігін әшкерелесе, екінші жағынан, 

жұмысшы драма үйірмелеріне репертуар бола білген. 

Біздің бақытты шындыққа арқа сүйей жазған «Менің 

құрдастарым»  қ аза қ совет әдебиетінен үлкен орын алады. 

Ж а с таланттың осы шығармасы — жұмысшы тақырыбы-

на жазылған еңбектердің алғашқыларының бірі. Тақырып 

таңдаудың едәуір мәні бар. Бірақ өз жазғанын өзгеше етіп 

көрсететін ерекшеліктерінсіз жазушының өз стилі, өз мә-

нерінсіз тақырып  қанша тың, соны болса да, шығарманы 

шырқау биікке алып шығып, көркемдік дүниесі ете алмай-

ды. Саттар мұндай творчестволық  қиындыққа кезіккен 

жоқ.  Қайта, абыройға ие болды. Ол Саттар романының 

ерекшелігіне байланысты еді. 

«Менің  құрдастарым», ең әуелі, өзінің композициялық 

ерекшелігімен көзге түседі. Саттар оқиғаны бірден баян-

дай жөнелмейді, талай лирикалық шегіністер жасайды. 

Бұл шегіністерсіз роман  қазіргі күйіндегідей түсінікті де 

қызықты болмас еді. 

Саттар образды  ұзақ-сонар баяндаулар арқылы емес, 

штрихтар арқылы жасауды  ұнатты. Солай істеді де. Ше-

бер жазылған портрет, кесек пейзаждар романның сюжет-

тік желісін өрбітер жерлерде ғана беріледі. Соның нәтиже-

сінде өмір шындығынан алыған тартыс пен күрес, конф-

ликт адам сенерліктей шынайы, типтік  қалпьшда суретте-

ліп, тартымды да жағымды Рахмет, Лиза образдары жасал-

ды. Ал, басқа образдардың тағдыры да, атқаратын  қызме-

231 


ті де бұл екеуінен өзгеше, тек Рахмет пен Лизаның 

шынайы характерлерін ашу үшін кейде психологиялық 

талдаудың, кейде сыртқы көріністің фоны ретінде көрсе-

тіледі. Сондықтан да жазушының ойына  қарай олар эпи-

зодтық роль атқарады. 

1953 жылы, 7 июньде «Лениншіл жас» газетінде М. Сәр-

секеев «Менің  құрдастарыма» жазған рецензиясында: 

«Рахмет... толық көркем образ емес. Лиза өзінің орыстық 

қалпымен жақсы суреттеле отырып, кейде  қазақыланып 

та  қалады. Оның аузынан естіліп  қалатын көне,  қазақи 

сөздер (мен — құралай, сен — бүркіт, сен — қаршыға) 

жазушының ой-пікірін  құптағандай»,—деп жазды. Сын-

шының бұл пікіріне  қосылу  қиын. 

Саттар творчествосы, әсіресе, романы онын өзіне тән 

стилі бар екендігін аңғартады.  Қысқа, тартымды, өткір 

сөйлем  құру, аз сөзбен көп мағына беру, сөзді сұрыптап 

пайдалану,  қазақ тілінің  құрылысы жатсынбай  қабылда-

ған орыс оралымдарын  қолдану — осының бәрі Саттар-

дың тіл, стиль ерекшеліктері. Осындай тың, соңы ерекше-

ліктерімен әдебиетімізге келіп  қосылған Саттар Ерубаев-

тың творчествосы күні бүгінге дейін өзінің ыстық 

лебінен, жастық жігерінен айрылған жоқ. 

* * * 

Саттарды арамыздан мейірімсіз ажалдың алып кетке-



ніне 2 июньде 19 жыл. Енді біраздан кейін оның  қайтыс 

болғанына 20 жыл толады.  Ж а с таланттың творчествосын 

жинап, зерттеу, талдау жасау, жарық көрмеген шығарма-

ларына творчестволық өмір беру міндеті күн тәртібіне 

қойылуға тиіс. Мұраларын мұқият жинау керек. 1932— 

1936 жылдары газеттерде әңгіме, очерк, поэма, өлең-жыр-

ларға ылғи бәйге жарияланып тұрды. Оған  қатыспай  қа-

луы мүмкін емес. Сол кездерде псевдонимдер ерекше мол 

қолданылғандықтан, көптеген еңбегінен көз жазып  қалу 

қаупі де жоқ емес. Оны өзімен бірге  қызмет істеген жол-

дастары хабарлап, көмек көрсеткендері теріс болмас еді. 

Қ аза қ ССР Мәдениет министрлігі мен Жазушыла р одағы 

көркем әдебиет баспасынын 1957 жылғы жоспарына Сат-

тар шығармаларының толық жинағын басып шығаруды 

міндеттеп, «Менің  құрдастарымды» орысшаға аудартып 

бүкіл одақтық оқушыға  ұсынады ғой деп сенеміз. 



1956 

232 

2.  Қадірлі  құрбымыз 

Саттар жайында жазу  қиын, екінші жағынан, тіпті, 

оңай. Творчествоның  қайнар бұлағы — біздің өмірге арқа-

сын сүйеп, өршіл романтиканың, асқақ  қиялдың  құшағын-

да болған дарынды  құрбымызды өзіне  қуат берген өмір 

шындығынан аз да болса айырып алсақ, Антей сияқты әл-

сірейді, аспан әлемін  құр шарлап кетер еді. Егер асқақ ро-

мантикасын бір сәтке  ұмыта  қалсақ, Саттар  қарапайым 

адамдардың  қатарынан өзінің творчестволық тұлғасын 

көрсете алмас еді. Саттар көкте де, жерде де бар, кеңістік-

сіз онда өмір жоқ. Мұны өз творчествосында тігісін біл-

дірмей  қабыстыра, сыздығын көрсетпей  қиюластыра біл-

ген жас талант жайында жазудың  қиындығы осы. 

Шадыман көңілін жайып, шаттық әзілін тасқындатып, 

өзімізбен бірге ойнап-күліп жүрген, бақытпен күнде ди-

дарласып,  қоңыраудай сылдыраған  қуанышты күлкінің 

құшағында жүрген  құрбымыз Саттар туралы жазу оңай 

болатын себебі — біз оның бақытты өмірін, жастық жай-

ындағы жалынды сөзін, келешек жөніндегі асыл ойларын 

өте жақсы білеміз. Ол шынайы бақыт, шын махаббат, 

адал достық,  қиялдан да күшті бүгінгі шындықтың бола-

шағы туралы албырттықтан ақылдылығы, алаңсыздығы-

нан алғырлығы басым пікірлерін біздің ортамызға жайып 

тастап, «Келіңдер, әрқайсымыз көңіліміздегі ойымызды 

айтайық, артық-кемі болса, таласайық, айтысайық, бірақ 

ақиқатқа өркөкіректік жасамайық»,— деп 

қасымызда 

жүргендей. 

Өмір шыңына ақындық шабытпен өрлеген ол жайраң 

қағып,  қолтықтасып келе жат қ а н екі жасты көрсе: «Мына-

лар Рахмет пен Лиза ғой»,— деп  қарсы жүреді. Амандас-

қаннан кейін, әзіл араластыра: «Е, емделіп шыққан соң 

есіңді жиып, табысқан екенсіңдер ғой»,— деп  қуана күледі. 

Өмір көрқемдігінің келісті тұлғасы болған Дәмелі де меди-

цина институтының тұсынан кезіге кетеді. Көзі күлімдеп, 

жайдары мінезін жадырата түсіп, Саттар: 

— Көркем өнер үшін жаратылған жан осы!—деп Дә-

меліні бізге таныстырады.—  Қараңдар, көріңдер өмір көр-

кемдігін! 

Бақытты шындық, асқақтаған арман,  қанатты  қиял 

«қолыңды алмайды екен, жүрегіңді алады екен». Біз Сат-

тармен жүргенде осыны айқын аңғардық. Өйткені ол тым 

қысқа болғанымен де, нәрлі, мәнді өмірімен сөз арасында 

таныстыра салған еді. 

— Мен Түркістанның № 21 ауылында 1914 жылы дү-

233 


ниеге келіппін. Байқаймысыңдар, дүние жүзін  қанға бояп, 

азат елді  құлдыққа, талан-таражға салмақ болған импе-

риалистік соғыс басталған август айының бас кезінде ме-

нің де шырылдаған даусым әлемді жаңғырықтырыпты. 

1933 жылы Ленинградтың тарих-философия-лингвистика 

ннститутын бітіріп келгенде, шешем байғұс: «Әй,  қуаны-

шым-ау,  құдайға шүкір, істің арты оңға басып, адам бол-

дық  қой»,— деп дүниеге менімен  қарбалас келген  ұлы дү-

бүрлерді тізбектеп бір  қойған-ды. Оны өздерің «Менің 

құрдастарымның» Рахмет өмірбаяны жазылған беттері-

нен, назар аудара оқысаңдар, анықтап білесіңдер,—деп 

бір түйіп  қойды да,— осы мен прозаға көшіп барамын-ау, 

достардың бір-біріне өз өмір шежіресін айтуының ешбір 

мәні жоқ,— деп шорт кесті. 

Ынтықтыра бастап,  құмарландыра түсіп,екінші бір оқи-

ғаға жалт беретін Саттардың әдеті емес пе, әңгімені бас-

қа жа қ қ а бұрмасқа шара  қалмады. Алған бетіміз Алатау-

дың асқар белестері болса да, тау шыңынан көз жазбай, 

кейде көлденеңдей, кейде тура тартып келеміз. Әйтеуір, ба-

ғытымыз — өрлеу, көтерілу. Шың басына шығып, дүниеге 

көз тастау. 

Саттар өткен күннің кейбір есте  қалғандарына назар 

аударып: 

— Баяғыда өзіміздің «Лениншіл жастың» төңірегіне 

өздерің сияқты жастар жинала  қалдық. Ойламаған ой, 

елеусіз  қалған пікір, айтпаған достық әзіл, күлмеген күлкі 

қалмайтын. Соның бәрі бақыттылықтан ғой деймін. Ком-

сомол ақыны аталған Асқар мен Әбділда, орысша жазып, 

қазақша танылып жүрген жазушы Зейін Шашкин, «Совет-

тік  Қарағанды» газетінің редакторы Б. Тәйкіманов, не ке-

рек, әдебиет пен көркем өнерді жанындай жақсы көретін 

жас жігіттер жиналып,  Қазақстан жазушыларының I съе-

зінің дайындығына шаншыла кірістік. Рақымжан Жаман-

құлов екеуміз «Ақындарға ашық хатты» «Социалистік  Қа-

зақстанның», «Көркем өнер туралы хатты» «Лениншіл 

жастың» бетінде тоғыттық-ай кеп. Хат жауапсыз  қалса, 

онда мәнсіздігі, не хат арнаған ақынның айтарының 

болмағандығы. Көпке дейін жауап түспеді,  қамықтық. 

Жалғанда елеусіз  қалғаннан ауыр жаза жоқ. Бір уақытта 

құлаш-құлаш жауаптар түсті-ау кеп. Сәбит, Сәкен, Ілияс, 

Бейімбеттер ағынан жарыла жауап жазып, біздің аңғар-

мағанымызды толықтыра түсіпті, сөйтіп, бүкіл  қазақ совет 

әдебиетінің даму барысын талқыға салғанымызды оқыған 

шығарсыңдар,  құрбыларым,— деп Саттар бізді тексере бір 

қарап өтті. 

234 


— Неге оқымайық, оқыдық, тоқығанымыз да аз емес. 

Сенің балалар әдебиетін жасауға үндеген «Жазушы жол-

дастар! Төңкерістің үшінші буыны талап етеді»,  қазақ 

драматургиясында комедия жанрының жасалу  қамын жеп, 

«Күлкіні  қарсы алыңдар», «Күлуге рұхсат етіңдер» деген 

шығармаларыңды айтпай-ақ  қойғанның өзінде, «Қараған-

ды пролетариаты» газетіндегі сатираларыңды, пьесаңды да 

оқыдық. Тіпті, ол ол ма, сенің 1935 жылы Ленинград 

университетінің аспирантурасында жүрген кезіңде орысша 

жазған «Мәңгілік өміріңді» де оқыдық. КазПИ-де  қазақ 

әдебиетінің доценті болғаныңды да білеміз,—деп шулап 

қоя бердік. 

— Алыста  қалған арттағыны тізбектеуге шеберлерін 

қарашы,— деп Саттар  қатарымыздан ілгері шығыңқырап, 

шыр көбелек айналып тұра  қалды.— Осы сендер келешек 

жайында неге әңгіме бастамайсыңдар?—-деп өкпелеген 

пішін байқатты. 

— Тау басьша шыққан соң,— деді  қасымыздағы ин-

женер. 

— Жоқ, ол шабытсыздық,  қанатсыздық. Керемет еке-



ніңді көрейін, сен осы жерде келешек туралы сөйле, шың 

басына шыққанда кімнің болса да  қиялы «жұмыс» істей-

ді,— деп өкшелей түсті.— Бірақ жердің тереңіне көз жібе-

ріп, алтын мен көмірді, сирек кездесетін металдарды та-

батын инженердің  қиялы төменнен нәрленуші еді, сен 

ағаң Рахмет, жеңгең Лизаға тартпағансың ғой,— деп шат-

тана күлді.— Жігіттер, инженер болып төмен, ақын болып 

аспанға  қарайық, бірақ әйтеуір, ойсыз,  ұшқыр  қиялсыз 

өмір сүрмейік! 

Әңгіме  қызығына шын берілген біздер  қаланың талай 

көшелерін кесе өтіп, кең даңғыл Ленин проспектісімен 

жоғары көтеріле, өрлей бердік. Комсомол шыңының ба-

сына шығып, төңірекке көз салып тұрғанда, Саттар: 

Біздің өмір көркемнен де, сұлудан да сұлу ғой, 

Біздің өмір  қуанышты тастай  қалап  құру ғой,— 

деп әндетіп жіберді. Шын жүректен жалын ата шыққан 

осы сазды ән шаттық өмір, бақытты жастықтың  құшағын-

дағы біздің ойымызды білдіріп, жарқын болашағымызды 

барлағандай, шың мен  құздардан асып, Алатауды аралап 

кетті. 


«Өмірге сүйген жардай ғашық болғандардың бірі»— 

Саттар бақыттылықтың сырын ашып, мәңгі жасаудың дә-

руін таппақ болғанын білесіздер ғой. Ол әрқашан да 

«Адамның өзі өмірмен адам емес пе!»,— дей келіп,  қайғыны 



235 




©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал