Жастар және қазақстандағы дәСТҮрлі емес діни ұйымдар



жүктеу 476.03 Kb.

бет1/5
Дата02.03.2017
өлшемі476.03 Kb.
  1   2   3   4   5

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ЖАСТАР ЖӘНЕ ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ДӘСТҮРЛІ ЕМЕС  

ДІНИ ҰЙЫМДАР 

 

Жастар саясатын жүзеге асыруға уәкілетті мемлекеттік органдарға  



ҰСЫНЫС 

 

 

 

 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

Астана қ., 2009 ж. 

 

 

 



 

ББК 66.75 + 86.39 (5 каз) 



 

 

Ғылыми редакторы: философия ғылымдарының  докторы Нұрманбетова Ж.Н. 

 

Құрастырушылар:  Нұрманбетова  Ж.Н.,  Камарова  Р.И.,  Сандыбаева  У.М.,  Сайлаубек 



қызы А., Толғамбаева Д.Т., Шаповал Ю.В.  

Жастар және Қазақстандағы дәстүрлі емес  діни ұйымдар  (Жастар саясатын жүзеге асыруға 

уәкілетті  мемлекеттік  органдарға  ұсыныс)  –    Молодежь  и  нетрадиционные  конфессии  в 

Казахстане (Рекомендации государственным органам, реализующим молодежную политику). 

– Астана: 2009. 43б,– 43с. 

 

 



ISBN  

 

 



Жастар  саясатын  жүзеге  асыруға  уәкілетті  мемлекеттік  органдарға  арналған  ұсыныс 

қазіргі  қазақстандық  қоғамда  жастармен  жұмысты  жетілдіру  мақсатында  дайындалды. 

Ұсыныста Қазақстандағы діни жағдай көрсетіледі, жастарға әлеуметтік-демографиялық топ 

ретінде  сипаттама  беріледі,  ағартушылық,  әлеуметтік-экономикалық,  әлеуметтік-

психологиялық және әлеуметтік-саяси блоктар бойынша ұсыныстар жасалады. 

 

Ұсынысты  Л.Н.Гумилев  атындағы  Еуразия  ұлттық  университеті  философия 



кафедрасының  оқытушылар  тобы  ҚР  БҒМ  Ғылым  комитетінің  іргелі  ғылыми  зерттеулерін 

орындау  аясында  «Қазақстан  Республикасындағы  жастар  ортасында  дәстүрлі  емес  діни 

ұйымдардың таралуы» атты ғылыми жоба  бойынша дайындады. 

 

Рекомендации  государственным  органам,  реализующим  молодежную  политику, 



подготовлены  с  целью  совершенствования  работы  с  молодежью  в  современном 

казахстанском обществе.  В Рекомендациях освещается религиозная ситуация в Казахстане, 

дана характеристика молодежи как социально-демографической группы, даны рекомендации 

по  просветительскому,  социально-экономическому,  социально-психологическому  и 

социально-политическому блокам. 

  

Рекомендации  подготовлены  группой  преподавателей  кафедры  философии 



Евразийского  национального  университета  имени  Л.Н.Гумилева  в  рамках  выполнения 

фундаментальных  научных    исследований  Комитета  науки  МОН  РК  по  теме  научного 

проекта  «Распространение  нетрадиционных  конфессий  в  молодежной  среде  в  Республике 

Казахстан».     

 

 

 



 

 

 



 

ISBN                                                                                                             ББК 66.75 + 86.39 (5 каз)                                                                           

 

 

 



©  Нурманбетова Д.Н. 

                                                                                                              Камарова Р.И. 

                                                                                                                        Сандыбаева У.М. 

                                                                                                                           Сайлаубеккызы А. 

                                                                                                                           Толгамбаева Д.Т. 

                                                                                                                            Шаповал Ю.В.   



 

Мазмұны 

 

Кіріспе 


 

1. Қазақстандағы діни жағдай 

 

2. Жастар әлеуметтік-демографиялық топ есебінде 



 

3. Практикалық ұсыныстар 

 

Қосымша 


 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

Кіріспе 

 

 

Қазақстаннның  тәуелсіздікке  ие  болуы  және  оның  құқықтық, 



демократиялық  мемлекет  ретінде  дамуы  аясында    діни  сенім  бостандығының  

саяси-құқықтық  негіздері  қалыптасты.  Қазақстан  Республикасында  біздің 

мемлекетіміздегі  дәстүрлі  діндер  −  ислам    және  првославие  өз  қызметін 

белсенді  жүргізе  бастады.  Сонымен  бірге  басым  көпшілігі  батыстан  келген 

дәстүрлі  емес  діни  ұйымдар  да  Қазақстан  аумағында  өздерінің  діни  ілімдерін 

кеңінен тарату және бекіту жолында белсенді қызмет жүргізе бастады. Дәстүрлі 

емес  діни  ұйымдардың  қызметіне  баға  беру  өте  күрделі.  Дегенмен,  әлемдік 

тәжірибе бойынша көптеген елдерде дәстүрлі емес діни ұйымдардың тіркелуіне 

уақытша  шектеулер  енгізіліп  отырғанын  атап  өтуге  болады.  Сонымен  қатар 

дәстүрлі  емес  діни  ұйымдардың  бірқатары  өздері  орналасқан  елдің 

Конституциясы  мен  заңдарына  қайшы  келетін  қызметі  үшін  мемлекеттік 

органдардың  да,  қауымдастықтың  да  тарапынан  қатты  сынға  алынып 

отырғандығы,  тіпті  тыйым  салынатыны  белгілі.  Мысалы,  сайентология  және 

Иегово  Куәгерлері    атаулы  ұйымдардың  қызметі  үнемі  сынға  алынып,  оларға 

тыйм салынады. Бұл  бейқамдық танытуға болмайтын жайт.  

 

ҚР  Президенті  Н.Ә.Назарбаев  Қазақстан  халқы  Ассамблеясының  ХҮ-ші 



сессиясында  сөйлеген  сөзінде  атап  өткендей,  «Қазақстанда  діндердің 

заңнамалық  теңдігі  мен  үнқатысуы  қағидаттары  мызғымайды.  Сонымен  қатар 

мемлекет жалған-діни бірлестіктердің қызметіне қарсы тұратын болады. Мұнда 

еліміздегі  барлық  діни  бірлестіктердің  белсенді  ұстанымы  қажет  етіледі» 

(Егемен Қазақстан, 27 қазан 2009 ж., 2 б.). 

Бізге жаһанданудың басты түрткілерінің бірі  аксиологиялық, яғни өткен 

кезең  құндылықтарын  түбегейлі  қайта  қарау  екендігін  ескермеуге  болмайды.  

Көбінесе  бұл  тұлғаның  және  жеке  әлеуметтік  топтардың,  бірінші  кезекте, 

жастар  санасының  ауытқуына,    халқымыздың  мәдени  құндылықтарынан  қол 

үзуіне әкеліп соғады.  

Дәстүрлі  емес  діни  ұйымдардың  идеологиялық  және  басқа  да 

жұмыстарының  нысанына  жастар  алынатындығы  жиі  кездесетін  жағдай. 

Жастар  әлеуметтік-демографиялық  топ  ретінде  өзіндік,  соның  ішінде  рухани 

сипаттағы  ерекшеліктерге  ие.  Көпшілік  өмірдің  рухани  негіздерін  іздеу,  өмір 

сүрудің  мән-мағынасы  туралы  сұрақтарға  жауап  іздеу  жолында  дінге  келеді. 

«Соңғы кездері біз қандай да бір діннің тереңіне бойламай, діндердің ізгілігіне, 

шынайылығы  мен  жалпыға  ортақ  басқа  да  қырларына  дендеп  енбей  жатып 

діндарлықтың сәнге айналғанын көріп отырмыз.  

Адамдарды қандай да бір дінді қабылдауға мәжбүрлеуге болмайды.  

Сондықтан  жастарға  ерекше  назар  аудару  қажет»,  -  деп  Н.Ә.Назарбаев 

Қазақстан  халқы  Ассаблеясында  сөйлеген  сөзінде  айтып  өтті  (Егемен 

Қазақстан, 27 қазан 2009 ж., 2 б.). 

Қазақстан  Республикасындағы  жастар  ортасында    дәстүрлі  емес  діни 

ұйымдардың  таралуын  зерттеу  өзектілігі,  ең  алдымен,  ұлттық  қауіпсіздікті 

қамтамасыз  ету,  қоғам  тұтастығын  сақтау,  жастардың  сыни  ойын,  жастар 


 

ортасында діни толеранттылық сананы қалыптастыру мақсатында дәстүрлі емес 



діни  ұйымдардың  идеологиясы  мен  Қазақстан  жастарына  әсер  ету  тетіктерін 

зерттеудің объективті қажеттілігінен туындайды. Осы мәселені ғылыми зерттеу 

аясында  «Жастар  және  Қазақстандағы  дәстүрлі  емес  діндер»  социологиялық 

зерттеуі жүргізілді. Зерттеудің басты нысаны – студенттік жастар. Зерттеу пәні: 

жастардың  дәстүрлі  емес  діни  ұйымдарға  қатысы.  Социологиялық  зерттеу 

«Қазақстан  Республикасындағы  жастар  ортасында  дәстүрлі  емес  діни 

ұйымдардың  таралуы»  ғылыми  жобасын  жүзеге  асыру  аясында  Л.Н.Гумилев 

атындағы Еуразия ұлттық университеті философия кафедрасының оқытушылар 

тобымен жүргізілді.  

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 


 

1. Қазақстандағы діни жағдай 

 

 

Қазақстан  Республикасы  −  140  ұлттың  өкілдері  тұратын,  40-тан  астам   



діни  бағыттағы  ұйымдар  шоғырланған  көп  ұлтты,  көп  дінді  мемлекет. 

Қазақстандағы  діни  сенушілердің  95%  мұсылмандар  мен  православтықтардан 

құралған.  Республикада  барлығы  4362  діни  бірлестіктер,  оның  ішінде  2640 

мұсылмандық,  296  православтық,  85  католиктік,  1264  протестанттық,  28 

иудейлік,  44  дәстүрлі  емес,  5  буддистік,  тіркелген.  Қазақстанның  дінаралық 

қатынас  саласындағы  мемлекеттік  саясаты  дінаралық  сұхбатты  дамытуға, 

толеранттылықты  нығайтуға  және  дін  саласындағы  заң  талаптарын  орындауға 

бағытталуымен сипатталады. Қазақстанда дінаралық келісім мен тұрақтылықты 

әрі  қарай  нығайту  үшін  барлық  жағдайлар  бар.  Ұлтаралық  және  дінаралық 

келісімді,  қауіпсіздікті,  халықаралық  қатынастың  тұрақтылығын  қолдау 

Қазақстанның  2010-2020  жылғы  дағдарыстан  кейінгі  кезеңде  дамуының  бес 

негізгі бағыттарының бірі ретінде көрсетілді.  

 

Көп  дінді  Қазақстандағы  қазіргі  діни  жағдай  күрделі  әрі    үдемелі,  үнемі 



сандық және сапалық өзгерістер болып жатады.  

 

Дәстүрлі  діндер,  ислам  және  христиандық,  қазақстандық  қоғамның 



қалыптасуында    мәдениетті  құраушы  маңызды  факторлардың  бірі  болды. 

Бүгінгі  контексте  олардың  аса  маңызды  гуманистік  бітімгерлік  қарымы  бар 

екенін және Қазақстандағы қоғам өміріне оң ықпал етіп отырғанын атап өткен 

жөн.  Дәстүрлі  діндер  арасындағы  қарым-қатынастың  конструктивті  сұхбат 

жүргізу  аясында  дамуы  қазақстандық  қоғамдағы  дінаралық  және  ұлтаралық 

келісімге  мүмкіндік  туғызады,  сондай-ақ    оның  тұрақтылығы  мен 

қауіпсіздігінің маңызды факторы болып отыр. 

 

Дәстүрлі  емес  діни  ұйымдар  Қазақстан  Республикасының  тәуелсіздігі 



жылдары кеңінен етек жая бастады және Қазақстандағы діни көпжақтылықтың 

жаңа  факторына  айналды.  Қазақстан  қоғамында  дәстүрлі  емес  діндердің    бой 

көрсетуі  және  қызметінің  қауіпті  тенденцияны  байқатып  отырғандығы 

объективті ғылыми зерттеулерді талап етеді.  

Демократиялық  дискурсті  айқындайтын  діни  плюрализм  діни  жағдайды 

қиындатады  және  келесі  мәселелерді  туындатады. 

Біріншіден,  ол 

демократиялық  кеңістіктегі  дәстүрлі  және  дәстүрлі  емес  діни  ұйымдардың 

қарым-қатынасы.  Қазақстан  мұсылмандарының  рухани  басқармасы,  Орыс 

православ шіркеуі мен дәстүрлі емес діни ұйымдар арасындағы сұхбат мүмкін 

бе?  Бұл  жерде  әңгіме  жай  ғана  формальды  сұхбат  жөнінде  емес,  консруктивті 

сұхбат  жөнінде.  Екіншіден,  бір  жағынан,  діни  сенім  бостандығына  кепілдік 

беретін,  екінші  жағынан,  қазақстандық  қоғамның  тұрақтылығы  мен 

қауіпсіздігін  нығайтуға  және  деструктивті  тенденциялардың  алдын  алуға 

бағытталған  салмақты  мемлекеттік-конфессиялық  саясат.  Бұл  мәселе,  ең 

алдымен, құқықтық  аспектілерді өзектендіреді. Қазақстанның діни кеңістігінде 

дәстүрлі  емес  діни  ұйымдардың  белсенді  таралуына  орай  тартыс  тудыратын 

факторлар да жоқ емес. Олардың белсенді таралуына әлеуметтік-экономикалық 

бағыттағы  мәселелер,  индивидтің  өмірдегі  рухани  ізденістері  ықпал  етеді.  


 

Оларды  ескермеуге  болмайды.  Гуманитарлық  зерттеу  орталығының  (ГЗО) 



мәліметі  бойынша  4-ке  жуық  пайызды  (%)  құрайтын  «дәстүрлі  емес»  діндерді 

ұстанушылар  санының  аздығына  қарамастан  (Косиченко  А.Г.Курганская  В.Д., 

Нысанбаев  А.Н.,  Бегалиев  Н.К.  Взаимодействие  религий  в  Республике 

Казахстан.-  Алматы:  Центр  гуманитарных  исследований,  Издательство 

«Искандер»,  2006.    46  б.),  олар  өзге  діни  ұйымдарға  қарағанда  айтарлықтай 

белсенділігімен ерекшеленеді. Қазақстандағы «дәстүрлі емес» діндердің ішінде 

соңғы  онжылдықта  кең  таралған  протестанттық  бағыттағы  діни  ұйымдарды 

атап  өткен  жөн.  Әлбетте,  протестанттық  деноминациялар  Қазақстанда  ХІХ 

ғасырдан бері шоғырлана бастаған, бірақ-та, республика тәуелсіздік алған кезде 

пайда  болған  протестанттық  ұйымдар  бар.  Атап  айтсақ,    Жаңа  апостолдық 

шіркеу,  Иегова  Куәгерлері  және  т.б.  «Дәстүрлі  емес»  діндердің  арасында 

аталмыш харизмалық ағымдар бой көрсетуде: «Агапе», «Новая жизнь»,  «Новое 

небо»,  «Илия»,  «Благая  весть»,  т.б.  ҚР  ӘМ  діндер  ісі  жөніндегі  Комитеттің 

мәліметінде  Қазақстандағы  протестанттық  деноминациялар  мен  харизмалық 

ағымдар, сонымен қатар, респуликадағы Бахаи қауымы, Церковь Объединения, 

Церковь  Последнего  Завета,  Сайентология  және  т.б.  «дәстүрлі  емес»  діни 

ұйымдар жаңа құрылымдар ретінде есепке алынған.   

Қазақстан  аумағында  «дәстүрлі  емес»  діни  ұйымдардың  таралуының 

келесі  себептерін  көрсетуге  болады.  Сенім  мен  сенімсіздік  аралығында 

күмәнданушы  «дін  төңірегіндегі»  тұрғындар  санының  едәуір  көп  болуы. 

Мұндай  «дінсымақ»  адамдар  «дәстүрлі  емес»  діндердің  миссионерлері  үшін 

қолайлы жағдай тудырады.  

Екіншісі,  бұқаралық  діни  сауатсыздық,  негізгі  діни  білімнің  жоқтығы. 

Бұл қазіргі діни жағдайда адамдардың бағыт-бағдарын бұрмалауға және оларды 

діни насихат жүргізуде  ыңғайлы нысанаға алуға мүмкіндіктер тудырып береді.  

Үшіншісі,  бұл  «дәстүрлі  емес»  діни  ұйымдардың  догмалық,  культтық, 

ұйымдастырушылық  ерекшеліктері.  Догмалық  тұрғыда  жаңа  діни  ағымдар 

жеңіл жол мен жауап  іздеген  бұқаралық тұтынушы  қоғам адамының санасына 

негізделген тиімді догматтармен ерекшеленеді. Бұған дейін көрсеткендей, жаңа 

діни  ағымдарды  сипаттайтын    діннің  өз  ішіндегі  дедогматизация  мен 

секуляризация  үдерісі,  діннің  өзіне  зайырлылықты  енгізу  тенденциясы  қазіргі 

зайырлы  қоғам  адамының  оларға  деген  қызығушылығын  тудырып  отыр.  

Культтік тұрғыда, діни қызметтің қазіргі адам талғамдарына жауап беретін, бір 

көзбен  қарағанда,  өзіндік  демократтық  пішіні  айқындалады.    Зерттеуші 

Г.Т.Телебаев көрсеткендей, «ислам мен православиеге қарағанда дәстүрлі емес 

діндер  жас  ұрпақтың  өзгермелі  талғамын  ескеретін  жаңашылдыққа  неғұрлым 

ашық»  (Телебаев  Г.Т.  Ценностные  ориентации  казахстанцев  в  религиозной 

сфере//  Глобализация  и  диалог  конфессий  в  странах  Центральной  Азии: 

Материалы  международной  научно-практической    конференции  -  Алматы: 

Институт  Философии  и  Политологии  МОН  РК,  2002.-277б.−Аударған  мақала 

авторлары). Ұйымдастырушылық бағытта «дәстүрлі емес» діни ұйымдар өзінің 

көп  ошақты  әлеуметтік  кеңістігімен,  дүниетанымдық  плюрализммен  

ерекшеленетін  қазіргі қоғамның  желілік  құрылымына  сәйкес.  «Дәстүрлі емес» 


 

діни ұйымдардың ұйымдастырушылық құрылымы, дәстүрлі діндерге қарағанда, 



бұл  дүниедегі  табыстар  мен  о  дүниедегі  жеңілдіктерге  бағытталған  нарықтық 

қатынастарға анағұрлым сәйкестелген.  Қазақстандағы жаңа ағымдардың басым 

көпшілігі  этикасы,  социолог  М.Вебердің  пікірі  бойынша,    кәсіпкерлікке, 

қаржылық табысқа негізделген протестанттық бағыттағы ұйымдар болып отыр. 

Бұл  идеялар  Қазақстан  Республикасында  нарықтық  экономиканың  дамуы 

жағдайында адамдарды аса қызықтырады. 

Төртіншісі,  жаңа  діндерді  ұстанушылар  өз  миссионерлік  қызметін 

белсенді  атқарады.  Олар  түрлі  жағдайларға  икемделіп,  елдегі  әртүрлі 

топтардың  психологиялық  ерекшеліктерін  ескере  әрекет  ете  алады.  Олар 

жастарға,  олардың  ауыспалы  талаптары  мен  талғамдарына    баса  назар 

аударыды.  Алматы  қ.  «Қазақстан  жастарына  діни  ұйымдардың  ықпалы»  атты 

тақырып бойынша ГЗО жүргізген зерттеулер «дәстүрлі емес» діндердің, соның 

ішінде  жаңа  протестанттық  діни  ұйымдар  мүшелерінің  басым  көпшілігі 

жастардан  құрылғанын  анықтады.  Бұл  феномен  былай  түсіндіріледі:  «Бұл 

жерде жастардың бойына тән жалпы қарсыластық қасиет, «басқалардан ерекше 

болуға  талпыныс»  ықпал  етеді  (респонденттердің  жауаптары  бойынша). 

Сонымен  бірге,  жас  адамдар  «дәстүрлі  емес»  діндер  тарапынан  жастарды 

өздеріне  тарту  үшін  қазіргі  психологиялық  технологиялар  қолданылатынын, 

діни  ағымдардың  уағыздаушыларының    психологиялық  дайындығы  жоғары 

екендігін  атап  көрсетті»  (Курганская  В.Д.,  Дунаев  В.Ю.,  Косиченко  А.Г., 

Подопригора  Р.А.,  Садовская  Е.Ю.,  Чупрынина  И.Ю.  Влияние  религиозных 

организаций  на  молодѐжь  в  Казахстане  (Научно-исследовательский  отчет).  – 

Алматы:  Центр  гуманитарных  исследований,  2003,  с.30.  –  Аударған  мақала 

авторлары).  

 

Қазақстанда  жаңа  діни  ағымдардың  таралуы  аясында  сипатталған  діни 



плюрализм жағдайының болашақта дамуының қазақстандық қоғам үшін қандай 

салдары  болмақ,  Осы  сұраққа  орай  қазақстандық  зерттеушілерді  екі  топқа 

жіктеуге  болады.  Зерттеушілердің  бірінші  тобы,  атап  айтқанда  А.И.Артемьев, 

Я.Ф.Трофимов,  аталмыш  діни  плюрализм  демократиялық  қоғамның   

ажырағысыз  белгісі  болып  отырған  діни  сенім  бостандығының  көрінісі  деп 

есептейді.    Демек,  олар  үшін  постсоветтік  кеңістіктегі  ең  либеральді  заң  деп 

танылған  1992  жылғы  «Діни  сенім  бостандығы  және  діни  бірлестіктер  туралы 

заңды»  қатаңдату  талабы  «не  істеп  жатқандығын  өздері  де  түсінбейтіндердің» 

құптауға  келмес  талпынысы»  (Артемьев  А.И.  Содержание  и  сущность 

основных  религиозеых  конфессий и  деноминаций как  объект  государственной 

политики  в  современном  Казахстане//  Нысанбаев  А.Н.,  Хамидов  А.А., 

Косиченко  А.Г.,  Колчигин  С.Ю.,  Бисембаев    Ф.К.,  Сыроежкин К.Л.,  Артемьев 

А.И.  Религия    в  политике  и  культуре  современного  Казахстана.  –  Астана:  Ел 

Орда, 2004. c.159. − Аударған мақала авторлары).  

А.Г.Косиченко,  В.Д.Курганская,  А.Н.Нысанбаев,  Г.Т.Телебаев  және  т.б. 

құралған  зерттеушілердің  екінші  тобы  өте  сақ  әрі  байыпты  пікірді  ұстанады. 

Олар  діни  сенім  бостандығы  Қазақстан  жерінде  өздерін  жария  еткен  діни 

ұйымдардың  ешбір  бақылаусыз  қызмет  жүргізуіне  мүмкіндік  беретін  діни 



 

саладағы жүгенсіздікке жол беру емес деп есептейді. Еліміздегі жаңа діндердің 



шетелдік  миссионерлеріне  айқарыла  жол  ашылуына,  «дәстүрлі  емес»  діни 

ұйымдар  санының  көбеюіне  барша  мүмкіндіктерді  тудырып  отырған  қазіргі 

жаһандану жағдайында мемлекетіміздің конфессионалдық қауіпсіздігі мәселесі 

туындайды.  Қалыптасқан  діни  плюрализм  жағдайына  күмәндана  қарамастан 

бұрын, алдымен «ҚР идеялық және өнегелілік ахуалы үшін олардың қызметінің 

және  оның  салдарының  айқындалмағандығын...»  көрсеткен  жөн.  (Косиченко 

А.Г. Курганская В.Д., Нысанбаев А.Н., Бегалиев Н.К. Взаимодействие религий 

в  Республике  Казахстан.-  Алматы:  Центр  гуманитарных  исследований, 

Издательство  «Искандер»,  2006,  с.46.  −  Аударған  мақала  авторлары). 

Республикада бұл салада тәжірибе жоқ, сондықтан олардың ел ішіндегі де, шет 

елдердегі  де  қызметін  терең  әрі  тұтастай  зерттеу  қажет.  Аталған  зерттеулер 

көрсеткендей,  екінші  мезет  тіпті  демократиялық деп  танылған  елдердің  өзінде 

заңды түрде бекітілген конфессиялар теңдігі олардың іш жүзіндегі теңдігіне әр 

кезде  толық  сәйкес  келе  бермейтінін  айқындайды.  Олардың  пікірі  бойынша, 

қазақстандық қоғам үшін тарихи, мәдени, өмірлік маңыздылығына байланысты, 

бір  жақтан, ислам мен православиені, екінші жақтан,  «дәстүрлі емес» діндерді 

теңестіру мүмкін емес. Сондықтан, әр түрлі діни ұйымдарға, олардың қызметін 

және  оның қазақстандық қоғамның  рухани-өнегелілік  ахуалына  ықпалын  жан-

жақты зерттеу негізінде, дифференциалды тұрғыда қараған жөн. Қазіргі әлемге 

тән  діндерді  «деприватизациялау»  үдерісі  діндердің  қызметін  идеологиялық 

мазмұнмен  толықтырып  отырғанын  ескеру  қажет.    Сондықтан,  Қазақстандағы 

«дәстүрлі  емес»  діндердің  таралуын  діни  плюрализмнің  көрінісі  ретінде  ғана 

емес,  сонымен  бірге  қазақстандық  қоғам  өміріне  және  қазақстандықтардың 

санасына  енгізілген  жаңа  идеологиялық  ой,  қағидат  ретінде  қарастырған  жөн. 

Бұл  жаңа  қағидаттар  рухани-өнегелілік  үлгілерге  қаншалықты  сәйкес,  олар 

адамның  Құдайға  рухани  өрлеуіне  қаншалықты  ықпал  етеді,  демек,  олар 

қазақстандық  қоғамның  рухани  қауіпсіздігін  сақтауға  немесе,  керісінше,  оны 

қиратуға,  қаншалықты  талпыныс  жасайды  деген  мәселелерді  зерттеу  өте 

маңызды.  

Жобаны  құрастырушылар  конфессиялық  саладағы  айқынсыздық  пен 

толқуларды бәсеңдететін тұтастай кешенді іс-шаралар қажет деп ойлайды.    

 

 



   

 

 



 

 

 



 

 

 



 

10 

 

2. Жастар әлеуметтік-демографиялық топ есебінде 

 

Жастар  –  кең мағынада жас ерекшелігіне қарай және соған байланысты 



қызметтің    басты  түрлері  негізінде  құрылған  топталған  қауымдастықтардың 

ауқымды жиынтығы. Анағұрлым тар, әлеуметтанулық, мағынада жастар − жас 

адамдардың  жасына  қарай  анықталған  әлеуметтік  жағдай  ерекшелігі,  олардың 

қоғамның  әлеуметтік  құрылымындағы  орны  мен  қызметі,  өзіне  тән  мүдделері 

мен  құндылықтары  негізінде  дараланатын  әлеуметтік-демографиялық  топ. 

Жастар  –  әлеуметтену  сатыларынан  өтетін,  жалпы  білім  беру  және  кәсіби 

қызметті,  қабылдау  және  орындау  үшін  қоғам  тарапынан  дайындалатын  есті 

адамның әлеуметтік рөлін игеретін адамдар ұрпағы.   

Жастық  шақ,  балалық,  жас  өскін,  есейген  шақ  тәріздес,  –  бұл  әрі  жас 

кезеңі, әрі тұлғаның даму сатысы, әрі нақты айқындалған әлеуметтік статус.  

Басқа  әлеуметтік-демографиялық  топтармен  сәйкестіргенде  жастар,  қай 

жақтан алса да, тұтастық, қауымдастық ретінде айқындалады. Сондай-ақ оның 

ішкі  құрылымдық  жіктеулері  (дифференциация)  де  бар.  Мұндай  жіктеудің  үш 

түрі беріледі:  

-  стратификациялық,  әрбір  қауымдастықта,  топта,  класта  белгілі  бір 

жастар  табын,  ортасын  айқындағанда  (ауыл  жастары,  жас  инженерлер,  жас 

кәсіпкерлер, жұмысшы жастар және т.б.), немесе жас ұрпақ аясында белгілі бір 

топтарды ерекшелеу; 

-  жас  ерекшелігі,  тұтастай  әлеуметтену  мен  даралану  процесі  белгілі  бір 

уақыт  кезеңдеріне  және  оларға  сәйкес  жастар  ішіндегі  жас  топтарына 

ажыратылғанда; 

- субкультуралық, жіктеудің өлшемі ретінде өмір сүру тәсілі мен үлгісіне, 

құндылықтық  бағыт-бағдары  мен  ұстанымдарына  қарай  белгілі  бір  жастар 

тобының ерекшелігі мен айырмашылығын  көрсеткенде. 

Сонымен,  жастар  әлеуметтік-демографиялық  топ  ретінде  өзінің  құрамы 

жағынан  біртекті  емес:  олар  жасына,  жынысына,  қызмет  түрлеріне  (білім 

алушылар, жұмыс істеушілер), тұрғылықты жеріне (қалалық, ауылдық) және б. 

қарай  әр  түрлі  таптарға  бөлінеді.  Бірақ  жастардың  жіктелуін  тым 

абсолюттендіру  қажет  емес.  Жастардың  басым  бөлігі  оны  тұрғындардың  өзге 

топтарынан  ұтымды  түрде  ерекшелендіретін  жұмылыс  деңгейі,  зияткерлік 

белсенділігі мен денсаулығы жағынан айрықша қасиетке ие. Сонымен қатар кез 

келген  қоғамның  алдында  жас  адамдарды  әлеуметтендірудегі  және  оларды 

тұтас  экономикалық,  саяси  және  социомәдени  кеңістікке  біріктірудегі  елдің 

шығындары мен жоғалтқандарын шамалау (минимизация)  қажеттілігі мәселесі 

тұр. Неміс социологы Карл Манхеймнің анықтауы бойынша, өзгермелі  немесе 

жаңа  сапалы  жағдайларға  бейімделу  үшін  мұндай  жанданулар  қажет  болған 

кезде  жастар  үнемі  алдыңғы  қатарда  жүретін  өзіндік  бір  резерв  болады. 

Динамикалық  қоғамда  ерте  ме  әлде  кеш  пе  оларды  жұмылдыру,  тіпті 

ұйымдастыру 

қажет 


(дәстүрлі 

қоғамда 


жұмылдырылмайтын 

және 


біріктірілмейтін, көбінесе тұмшаланатын ресурстар). 

11 

 

 Жастар жас шамасымен ерекшеленетін айрықша әлеуметтік топ  ретінде 



мәдениет  құндылықтарын  әр  уақытта  өзінше  қабылдап,  түрлі  кезеңдерде 

жастар сленгісін және субмәдениеттің кереметтей үлгілерін тудырып отырады. 

Олардың өкілдері қатарында хиппилер, битниктер, стилягалар болды, ал КСРО 

және  постсоветтік  кеңістікте  –  неформалдар.  Жастар,  Манхеймнің  пікірі 

бойынша, өз табиғатына қарай прогрессивті де емес, консервативті де емес, ол 

–  кез  келген  бастамаларға  дайын  тұратын  қарым  (потенция),  сондықтан  біз 

мемлекеттік  жастар  саясаты  тиімді  және  осындай  қиын  сәттерде  жастарға 

көмек бере алатын болуға тиіс екенін айрықша көрсетпекпіз.  

Жаңа 

идеяларды 



қабылдауға 

бейімділігіне 

және 

әлеуметтік-



демографиялық топ ретінде ерекше сипатына байланысты жастар дәстүрлі емес 

діни ұйымдар қызметінің басты көздеген нысанасы  болып отыр.    

Қазақстандағы  жастардың  жалпы  саны  2008  ж.  1  қаңтарда  4,5  млн-ға 

жуық    адамды  құрап  отыр,  бұл  есеп  бойынша  қазақстандық  қоғамның 

құрылымында  жас  азаматтар  ҚР  халықтарының  жалпы  санының  27,8%-ын 

құрайды.  ҚР  статистика  агенттілігінің  мәліметіне  сәйкес  жұмыссыздар 

арасында  жастар  үлесі  (15-24  жас  аралығында)  18,5%-ды  құрайды.    Біз 

жұмыссыз  жастардың  пайыздық  үлесі  әлемдік  қаржы-экономикалық 

дағдарысқа байланысты артып отыр деп ойлаймыз.  

Жастар  құрылымында  студенттік  жастардың  үлесі  аз  емес.  Студенттік 

жастар  −  бұл  білім  алған  соң  ертеңгі  күні  экономикалық,  әлеуметтік-саяси, 

мәдени,  білім  салаларында  ұстанымға  (позиция)  ие  болатын  жастар  табы, 

сондықтан  ол  белгілі  бір  дәрежеде  көптеген  тоталитарлық  және  деструктивті 

дәстүрлі емес діни ұйымдардың басты нысанасы болады.  

«Қазақстан  Республикасындағы  жастар  ортасында  дәстүрлі  емес  діни 

ұйымдардың  таралуы»  тақырыбында  ғылыми  жобаны  орындаушылар 

тарапынан  «Жастар  және  Қазақстандағы  дәстүрлі  емес  діндер»  атты 

социологиялық  зерттеу  жүргізілді.  Сауалға  Астана,  Алматы,  Қарағанды, 

Шымкент,  Петроапавл,  Семей  және  Ақтөбе  қалаларында  1495  адам  қатысты. 

Зерттеушілер  социологиялық  сауалға  еліміздің  барлық  төрт  аймағын  қамтуға 

тырысты.  

Зерттеу  студенттердің  83,3%  өздерін  дінге  сенушілер  қатарына 

қосатындығын,  күмәнданушылар  мен  дінін  анықтамағандар  –  7,3%, 

сенбейтіндер  мен  атеистар  –  7,6%  құрайтындығын  анықтады.  Сенушілердің 

ішінен  75,1%  ислам  дінін  ұстанушылар,  бұл  жерде  респонденттердің  75,4% 

қазақтарды  құрайды;  14,8%  респондент  православтық  сенімді  ұстанушылар, 

бұл  жерде  сауалға  қатысқандардың  ішінде  орыстар  17,4%.  құрайды.  0,5% 

респондент өзінің діни сенімі туралы сұраққа жауап беруден бас тартты.   

Қазақстанда  шоғырлынған  және  таралып  жатқан  жаңа  діни  ұйымдарға 

өздерінің  оң  көзқарасын  респонденттердің  7,9%  білдірді;  2,1%  дәстүрлі  емес 

діни  ұйымдарға  кіргенін  көрсетті.  Респонденттердің  9,5%  оларға  деген 

өздерінің немқұрайлылығын білдірді,  егер 20,0% дәстүрлі емес бағыттағы діни 

ұйымдар  туралы  еміс-еміс  естіген  болса,  бейтараптылық  танытқандардың 

жалпы  саны  29,5%  құрайды;  27,5%  дәстүрлі  емес  діндерді  адам  және  қоғам 



12 

 

үшін  қауіпті  деп  көрсетсе,  сауал  бергендердің  28,5%  «барлық  діндер  қауіпті» 



деген  жауап  берді;  3,7%  жауап  беруге  қиналса,  0,3%  исламнан  өзге  ешқандай 

дінді 


мойындамайтынын 

білдірді. 

Біздің 

көзқарасымыз 



бойынша, 

респонденттердің үштен бір бөлігі білдірген дәстүрлі емес діндердің адам және 

қоғам  үшін  қауіптілігі  туралы  пікірі,  сондай-ақ  «барлық  діндер  қауіпті»  деген 

жауап  Сайентология  Шіркеуі  мен  Кришна  Санасының  Қоғамы  төңірегінде 

болған  аты  шулы  оқиғалармен  және  кез  келген  дінді,  соның  ішінде  дәстүрлі 

діндер  –  ислам  мен  праославиені,  түбегейлендіру  (радикализация)  қауіптілігін 

түсінумен байланысты.  

Жастардың  Қазақстан  үшін  ең  тиімді  діни  жағдайға  қатысты,  атап 

айтқанда,  «барлық діндер еш шектеусіз тең құқыққа ие болуға тиіс пе, немесе 

дәстүрлі  діндер  ғана  басыңқы  орында  болуы  тиіс  пе»  және  «мемлекет 

дінаралық төзімсіздікті насихаттайтын ілімдерге тосқауыл қоюға тиіс пе» деген 

сауалға қатысты көзқарасы былайша бөлінді: респонденттердің 9,0% Қазақстан 

жерінде еш шектеусіз барлық діндер, дәстүрлі діндермен қатар жаңа діндер де, 

тең  құқыққа  ие  болуға  және  толыққанды  еркін  дамуға  тиісті  деп  санайды;  

29,4%  - барлық діндер,  дәстүрлі діндермен қатар жаңа діндер де, тең  құқыққа 

ие  болуға  тиіс,  бірақ  мемлекет  зорлықты,  дінаралық  төзімсіздікті 

насихаттайтын  діни  ілімдерге  тосқауыл  қоюға  тиіс;  32,5%  -  Қазақстанда 

дәстүрлі  діндер  −  ислам    мен  христианшылдық  басты  орынға  қойылып, 

дәстүрлі емес діндердің таратылуына жол бермеу керек;  Қазақстан тек бір ғана 

дінді  басты  орынға  қойған  ел  болуға  тиіс  –  20,0%  (оның  ішінде  исламды  – 

96,7%, христианшылдықты – 3,3% көрсетті); жауап беруге қиналғандар – 8,4%; 

немқұрайлылық білдіргендер – 0,3%; адамға дін қажет емес деген пікірді  0,3% 

білдірді.   

Социологиялық  зерттеу  көрсеткендей,  жастар  дәстүрлі  емес  діни 

ұйымдардың  қызметі  мен  ғибадаттар  туралы  аз  ақпараттанған,  бұл  олардың 

тоталитарлық  және  деструктивті  діни  ұйымдар  мен  ғибадаттарға  кіру  қаупін 

тудырады, әсіресе жас адамдардың сыни ойлау деңгейінің төмен болуы мұндай 

қауіптің  артуына  ықпал  етіп  отыр.  Жастардың  60%  −  75%  харизмалық 

бағыттағы  жаңа  діни  ұйымдар  туралы  мүлдем  естімеген  болса,  сауалға 

қатысқандардың  18,1%  –  23,7%  белгілі  бір  жаңа  діни  ұйым  туралы 

ақпараттанғандығы жайлы сұраққа жауап беруге қиналғанын білдірді. Әсіресе, 

жастардың  сыни  ойлау  деңгейінің  төмендігін  келтірілген  мына  мәліметтер 

айғақтайды:  «Діни ұйымға кіруге шешім қабылдаған сәтте Сіз қандай ақпарат 

деректеріне  сүйендіңіз»  деген  сұраққа  респонденттердің  30,2%  белгілі  бір 

ұйымның  әдебиетімен  таныстым  деп  жауап  берді;  19,0%  -  өз  таныстарының 

айтқандары  бойынша  шешім  қабылдаса,  30,2%  -  белгілі  бір  діни  ұйымның 

мүшелерінің айтқандарына сүйенген, 11,1% жауап беруге қиналған. Ақпаратты 

7,9%  БАҚ  арқылы  алғанын  көрсетсе,  ал  «ешқайсынан  емес»  деп  1,6%  жауап 

берген.   

Тәжірибе  көрсеткендей,  белгілі  бір  діни  ұйым  туралы  айтқандардың, 

оладың  іс-шараларына  қатысуға  шақырған  «таныстардың»  өздері  сол  діни 

ұйымдардың  мүшелері  болған.  Сондықтан  49,2%-ға  сәйкес  респонденттердің 



13 

 

жалпы  үлесі  дәстүрлі  емес    бағыттағы  діни  ұйымға  кіруге  шешім  қабылдаған 



сәтте  өз  таныстарының,  сол  ұйым  мүшелерінің  пікіріне  жүгінген.  Ал,  егерде 

30,2%  белгілі  бір  діни  ұйымның  әдебиетімен  танысқандығын  ескерсек,  онда 

жастардың сыни ойлау деңгейінің төмендігі туралы қорытындымыз дәлелденіп 

отыр.  «Ешқайсынан  емес»  деген  жауап,  ең  алдымен,  жастардың  өздері  қалай 

дәстүрлі  емес  діни  ұйымдардың  мүшесі  болғанын  түсінбегенін  білдіреді.  Бұл 

жерде  респонденттердің  42,9%  дәстүрлі  емес  ағымдағы  діни  ұйымдарға  кіру 

жөніндегі  шешімді  ұзақ  толғаныстан  және  талдау  жасағаннан  кейін  ғана 

қабылдаған; 17,5% шешімді діни топтар мүшелерінің өз  ілімдеріне сендіруінің 

нәтижесінде  қабылдағанын  мойындайды;    20,6%  өмірдегі  қиын  жағдайларды 

атап  өткен  (7,9%  -  жанның  терең  күйзелісі;  3,2%  -  ауруға  шалдығуы;  9,5%  - 

өмірдің  қиын  жағдайлары  (жұмыссыздық,  қаржылық  қиындықтар,  баспана 

мәселесі); 12,7%. – жауап беруге қиналғандар.  

Социологиялық  зерттеудің  нәтижелері  дәстүрлі  емес  діни  ұйымдар 

мүшелерінің  белсенділігін  көрсетіп  отыр.  Респонденттердің  50,6%  діни 

ұйымдардың мүшелерімен көшеде, 1,7% - кафеде кездескен, ал 16,1% олардың 

үйге  келгендігін  көрсетіп  отыр.  Бұл  өз  алдына  жобаны  құрастырушылардың 

пайымдауын  нақты  айғақтайды:  жаңа  діни  ұйымдар    мүшелерінің  белсенді 

қызметі жастарды өздеріне қаратудың негізгі факторларының бірі екені анық.      

Жоғарыда  келтірілген  мәліметтер  мен  «Жастар  және  Қазақстандағы 

дәстүрлі  емес  діндер»  тақырыбындағы  социологиялық  зерттеудің  ғылыми-

аналитикалық  есебінде  жарияланған  басқа  көрсеткіштер,  зерттеушілер 

тарапынан жасалған қорытындылар мемлекеттік жастар саясатының тиімділігін 

арттыру  және  жетілдіру  мақсатында  төмендегідей  практикалық  ұсыныстар 

жасауға мүмкіндік береді.   

 

 



  1   2   3   4   5


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал