Жастар газеті жастар – болашақтың кепілі №8 (45) 30 қыркүйек, 2013 ж. Газет 2005 жылдың



жүктеу 330.98 Kb.

бет1/4
Дата10.09.2017
өлшемі330.98 Kb.
  1   2   3   4

Cана

Мүдде


Салауат

ЖАСТАР ГАЗЕТІ

Жастар – болашақтың кепілі



8

 (45)

30 қыркүйек, 2013 ж.

ГАЗЕТ 2005 ЖЫЛДЫҢ 

28 ҚАЗАННАН БАСТАП 

ШЫҒА БАСТАДЫ

Әбу Сәрсенбаевтың 

жиені Ұзақәлі 

Жанмұқаш 

Құмарұлы:

ҮЙЛЕСІМДІЛІГІН 

ТАПҚАН БАҚЫТТЫ 

ЖҰП


БАҚЫТТЫ ОТБАСЫ – 

МЕМЛЕКЕТТІҢ ТІРЕГІ

АЛТЫННЫҢ 

«КҮЗЕТШІ БҮРКІТІ» 

КІМ?

5

-бет

6

-бет

4

-бет

КЕРЕКУЖАР 

АУЫЛЫНДА ТҰЗ 

ӨНДІРІЛЕТІН 

БОЛА МА?

Ал болашақта Құрмантұз 

көлін қайта өндірсе не болар 

еді? Бұл сұрақтың шешімі де 

қиын. Осы мәселенің филосо-

фиялық мағынасына үңілсек, 

бұл болатын өзгеріс тек Ке-

рекужар ауылына ғана емес

онымен көршілес ауылдар 

Заңғар, Мойылды, Красноар-

мейкамен, тіпті Павлодар қа-

ласына да үлкен пайдасын 

әкеледі. Қандай пайда әкеледі? 

Павлодар қаласы мен жаңағы 

аталған ауылдардың арасын-

дағы жұмыссыз жүрген қа-

рапайым халықты жұмыспен 

қамтамасыз етер еді.

3

-бет


2

SMS-ақпарат



ПМУ-да «Әйел және дін» 

республикалық форумы өтті

2013 


жылдың 

17 


қыркүйегінде 

С.Торайғыров 

атындағы  Павлодар  мемлекеттік  университетінің 

концерттік 

залында 

Қазақстан 

Республикасы 

Дін  істері  агенттігінің,  Қазақстан  Республикасы 

Президенті  жанындағы  Әйелдер  ісі  мен  отбасылық-

демографиялық саясат ұлттық комиссиясының, Пав-

лодар  облысы  әкімдігі  мен  Қазақстан  Республикасы 

Білім  және  Ғылым  министрлігінің  қатысуымен  «Әйел 

және дін» атты республикалық форумы өтті.

Форумның  мақсаты:  қоғам 

жəне саясат ғылымдарының 

көзқарасымен дін жəне əйел-

дер  қарым-қатынасының  əр 

алуан аспектілерін талқылау 

мақсатында  пікір  талас  ала-

ңын ұйымдастыру.

Павлодар  облысы  əкімі 

Ерлан  Арынның  айтуын-

ша,  бүгінгі  форумға  арқау 

болған  тақырып  күрделі  де 

өзекті.  «Шынайы  дін  ешқа-

шанда  қателеспейді,  өйт-

кені сенім шаңырақ, отбасы 

деген  киелі  ұғымнан  бастау 

алады».

С.Торайғыров  атындағы 



ПМУ ректоры, э.ғ.д., С.Өмір-

баев өз сөзінде «Əйел жəне 

дін»  республикалық  фору-

мының  Павлодар  мемле-

кеттік  университетінде  өтіп 

жатқандағы  ЖОО-ның  жаңа 

белестерді  бағындыруының 

белгісі  екендігін  жəне  мем-

лекетіміз  үшін  тарихи  ма-

ңыздылығын айырықша атап 

өтті.

Пленарлық  отырыстарда 



заманауи  қоғамдағы  əйел 

мəртебесі  мен  əйел  теңдігі 

қағидаттарының іске асыруы 

турасында 

баяндамалар 

оқылды.


С.Торайғыров  атындағы 

ПМУ-да  ұлттық  бойжет-

кендерді  ұлттық  дəстүрлер 

негізінде  жəне  дүниетаным-

дық өрісін кеңейту үшін тəр-

биелеу  мақсатында  «Қыз 

Жібек»  клубының  ашылу-

мен форум өз жұмысын аяқ-

тады.

Алдағы  уақытта  «Қыз  Жі-



бек»  клубы  базасының  ая-

сында  өскелең  ұрпақ  пен 

алдыңғы  буын  апа,  əпке-

лерімізбен  кездесу  алаңы 

болатын ұлттық тəрбие мек-

тебін құру жоспарлануда.



Тіл мәселесіне ерекше 

назар аударылатын 

болады

Қазақстан  халқы  Ассамблеясы-

ның  ғылыми-сарапшылық  кеңесі 

тіл мəселесіне ерекше назар аудара-

тын болады. Ақордада Мемлекеттік 

хатшы Марат Тəжиннің қатысуымен 

өткен  Қазақстан  халқы  Ассамблея-

сы  Ғылыми-сарапшылық  кеңесінің 

кеңейтілген  отырысы  барысында 

журналистерге кеңес төрайымы Ай-

гүл Сəдуақасова осылаймəлімдеді.

Шара  аясында  атқарылған  жұмыс-

тарға тоқталған кеңес төрайымы, тер-

минология ісін бір жүйеге келтіру мəселесіне 

ерекше  назар  аударылғанын  айтты.  Оның 

сөзіне  қарағанда,  бұл  бағытта  он  шақты 

ғалым  жұмыс  істеп,  былтырғы  жылы  «Қа-

зақстан  Республикасының  мемлекеттік  эт-

носаясат  императивтері»  атты  мемлекеттік 

қызметшілерге  жəне  сарапшыларға  арнал-

ған баспа өнімін шығарған.

«Ғылыми-сараптамалық кеңес қолға алған 

тағы бір жоба – «Тарих үшін тағзым» жобасы. 

Осынау үлкен жобаны 2009 жылы Ассамблея 

қолға алған болатын. Соның ішінде депорта-

цияға  ұшыраған  халықтар,  саяси  қуғынмен 

келген  азаматтардың  өмірі  туралы  дерек  із-

деп, жинап, ұрпағынан сұхбат алып, үлкен екі 

кітап шығардық. Деректі фильм де түсірдік», – 

дейді  А.  Сəдуақасова.  Оның  айтуынша,  ғы-

лыми-сараптамалық  кеңес  тіл  мəселесіне 

де  ерекше  назар  аударады.  Атап  айтқанда, 

Кеңес  ғалымдары,  лингвистер  мемлекеттік 

тілді жетілдіруге бағытталған жобалар ұсын-

ды.  «Олар  қазіргі  таңда  жарық  көрді,  соның 

негізінде  қазір  тікелей  практикалық  ұсыныс-

тар  дайындалып  жатыр.  Сонымен  қатар 

саясаттану ғылымы да назарымызда. Саяси 

жүйені жаңғырту кезеңінде қандай өзгерістер 

болады, қоғам оған қалай бейімделеді, саяси 

жүйенің ішіндегі Ассамблеяның рөлі жəне ат-

қаратын қызметтерін анықтап берген жұмыс-

тарымыз баршылық», – деді А. Сəдуақасова.

Baq. Kz

Шарбақтыдағы қарбыз 

фестивалі

Осы жылдың қыркүйек айының 14 күні 

Аққу  ауданының  Шарбақты  ауылында 

шаруа  қожалықтарының  қатысуымен 

«Ырысы мол дəулетті туған өлкем» атты 

аудандық  қарбыз  фестивалі  өткізілді. 

Оннан  астам  шаруа  қожалықтары  аудан 

орталығына салмағы 15 келіге дейін же-

тетін ала, қара жəне ақшыл жасыл, дөң-

гелек жəне сопақ, қызыл жəне жасыл ұл-

палы  шырынды  жидектің  ондаған  түрін 

əкелді.

Фестиваль  барысында  қарбыздан  жасал-

ған  туындылар  көрмесі  өтіп,  «қарбыз  боу-

лингінен» жарыстар ұйымдастырылды. Қар-

быз жеуден тартымды жарыс болып, көңілді 

ойындар,  концерттік  бағдарламалар  ұсы-

нылып,  көркемөнерпаздар  ұжымдары  өнер 

көрсетті.  Көпшілікке  ұнаған  аталмыш  фес-

тивальді дəстүрлі ету жоспарлануда. Фести-

вальге келген жұртшылық көтеріңкі көңіл-күй-

мен тарқасты.

Абылай ханның тойына 300 

шырша отырғызылды

Биылғы  жылдың  21  қыркүйегінде  Көк-

шетау  қаласында  «Біз  –  таза  қала  үшін» 

ұранымен  айлық  сенбілік  басталды,  деп 

хабарлайды 24.kz сайтынан.

Шара  аясында  алда  келе  жатқан  Абы-

лай ханның 300 жылдық тойына арнап, 300 

шырша  отырғызылды.  Көкшетауда  мұндай 

сенбілік  өткізу  жыл  сайын  дəстүрге  айнал-

ған.  Алайда,  осы  жылғы  шараның  маңызы 

ерекше  болып  отыр.  Хан  Абылайдың  300 

жылдығы жақындап қалды. Бұған дейін мек-

тепте,  жоғарғы  оқу  орындарында,  түрлі  ме-

кемелерде мерейтой аталып өтсе, енді бүкіл 

қала  тұрғындары  тазалыққа  кірісті.  Сенбілік 

аясында  қала  қоқыстан  жəне  жапырақтар-

дан  тазартып, ағаштар əктеледі. Сондай-ақ, 

көшедегі  жарық  беретін  шамдар  қалыпқа 

келтіріледі. Бүгін орталық саябақтағы «Менің 

Қазақстаным» сəулет композициясы мен ау-

ған  жауынгерлеріне  арналған  ескерткіштің 

маңына  жəне  Абай  көшесі  бойына  барлығы 

242 түп терек отырғызылды.

ҚазАқпарат

Дайындаған Амангүл ТИЛЕЙ

 



ДҮРБІ

Д

ені саудың – 



жаны сау

2013 жылдың 7 қыркүйегінде Усолка 

мөлтек ауданында орналасқан көпірін-

де  С.  Торайғыров  атындағы  Павлодар 

мемлекеттік  университетінің  1  курс 

студенттерінің  қатысуымен  Денсаулық 

күніне арналған мерекелік шара ұйым-

дастырылды.

Шараның  мақсаты:  салауатты  өмір 

салтымен  шынығып  еліміздің  рухани 

ерекшеліктерін  құрметтеуге,  сақтауға, 

мəдениеті  мен  дəстүріне  зор  ілтипат 

танытуға,  тəрбиенің  басты  бағыттары: 

ақыл-ой өрісін кеңейтуге, адамгершілік 

қасиеттерін  сіңіруге,  үлкенге  сый-құр-

мет  көрсетуге,  отбасын  құрметтеуге 

жəне патриоттыққа бағыттауға тəрбие-

леу.


Мерекелік  шараны  ашқан  С.  Торай-

ғыров  атындағы  Павлодар  мемле-

кеттік  университетінің  ректоры,  э.ғ.д., 

профессор Серік Өмірбаев өз сөзінде: 

«Біздің  халқымыз  «Денсаулық  –  зор 

байлық» – деп тегін айтпаған. Елбасы-

мыз  Н.Ə.Назарбаев  Қазақстан  халқы-

на  арнаған  «Əлеуметтік-экономикалық 

жаңғырту-Қазақстан  дамуының  басты 

бағыты»  атты  Жолдауында  халқымыз-

дың  денсаулығына  үлкен  мəн  беріп, 

азаматтардың  денсаулығына,  қорша-

ған  ортаның  таза  болуына  күш  салу 

қажеттілігін  атап  айтқан»,  –  деп  баса 

қадап айтты.

«Денсаулық  күні»  атты  шараның  ба-

рысында  Павлодар  мемлекеттік  уни-

верситеті  студенттерінің  қатысуымен 

əр  түрлі  спорттық  ойындар  өтті.  Шара 

соңында белсенді əрі спорт сүйер сту-

денттерді марапатқа бөленді.

Шараға  С.Торайғыров  атындағы 

Павлодар  мемлекеттік  универси-

тетінің  əкімшілігі,  профессорлық-

оқытушылар  құрамы,  бөлімшелердің 

қызметкерлері жəне 1500 студент қа-

тысты.

Халқымыз «Денің сау болса, жарлымын деме» деген, бұл ешқандай түсіндіруді керек етпейтін ақиқат. 



Сондықтан  болар,  қай  халықта  болмасын,  қай  заманда  болмасын  денсаулықты  бірінші  байлыққа 

балаған. Оған қоса ҚР Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев жыл сайынғы Қазақстан халқына жол-

дайтын Жолдауларында денсаулық, медицина мәселелеріне ерекше көңіл бөліп келеді. Мысалы, Елба-

сымыз  өз  сөзінде:  «Бүгінде  «Саламатты  Қазақстан-2015»  мемлекеттік  бағдарламасы  жүзеге  асы-

рылуда.  Денсаулық  сақтау  жүйесі  сапалы  дамып  келеді.  Халық  денсаулығы  көрсеткіштерінің  жақсы 

серпінділігіне қол жеткізілді», – деген жолдар осының нақ айғағы.



3

Шаңырақ


Адам  баласының  тұлға  болып 

қалыптсуына  отбасы  институты-

ның  алар  рөлі  айрықша.  Ата  – 

ана  баланың  бойына  ізгілік  пен 

сенімділікті,  мейірім  шапағатын 

төгетін  тұлғалар.  Қазақ  халқы 

үнемі  отбасы  құндылықтарына 

жіті  мән  беріп,  ерді  ер  деп,  ана-

ны  ана  деп  қастерлеген.  Осыдан 

болар  қазақ  халқы  «Жетім  көр-

сең жебей жүр» – деп әр баланың 

сүйіспеншілік  пен  мейірімділікте 

өсуін  қамтамасыз  еткен.  Сол  се-

бепті болар қазақ халқында отба-

сы мәселесінде қиындықтар туын-

дағандары кем де кем болған.

БҰҰ-ның  Бас  Ассамблеясы  1993 

жылы  мамырдың  15  жұлдызын  халы-

қаралық  отбасы  күні  деп  жариялады. 

Осыған  орай  ҚР  Тұңғыш  Президенті 

Н.Ə. Назарбаевтың жарлығымен ағым-

дағы жылдың 8 қыркүйегінде «Отбасы» 

мерекесі  мемлекеттік  деңгейде  алғаш 

тойланды.  Бүгінгі  қоғамда  отбасы  құн-

дылығын  дəріптеп,  бағалау  көкейкесті 

мəселеге  айналды.  Өкініштісі  де  осы. 

Ақ əженің ертегісін тындамаған, ананың 

бесік  жырын  əуелетпегені,  əке  қамқор-

лығын  сезіне  алмаған  балалар  көбею-

де.  «Ұяда  не  көрсен,  ұшқанда  соны 

ілесің»  –  демекші,  қоғамның  күрт  өзге-

руі  отбасындағы  тəрбиеге  байланысты 

болса керек.

Мейірім шапағатын көрмеген жастар-

дың  көбеюі  қоғамда  ажырасулардың 

кең  етек  жаюына  ықпал  етіп  келеді. 

Шаңырақ  шайқалып,  отбасының  бір 

күнде  берекесінен  айырылуы  қазіргі 

уақытта  жұршылықты  таң  қалдыратын 

жай  емес.  Мəселен,  Қазақстан  Рес-

публикасында  АХАТ  органдарының 

статистикасына  жүгінсек  2013  жылдың 

қаңтар-сəуірде  47  (46,2)  мың  неке  тір-

келді. Олардың саны 2012 жылдың сəй-

кес  кезеңімен  салыстырғанда  1,7 %-ға 

көбейді.  Некенің  жалпы  коэффициенті 

1000 адамға шаққанда 8,4 (8,3) құрады. 

16,5  (15,1)  мың  ажырасулар  тіркеліп, 

олардың  саны  9,3 %-ға  өсті.  Ажырасу-

дың жалпы коэффициенті 1000 адамға 

шаққанда 2,9 (2,7) құрайды екен.

Ал  бір  ғасыр  артқа  шегінсек,  ол  за-

манда  «ердің  көңілін  сақта,  лебізін 

сатпа»  деп  ер  адамның  рөлін  ерекше 

айқындаған.  Сол  себепті  қазақ  отба-

сын киеліге балап, шаңырақты шайқалу 

ұлтымыздың  менталитетіне  жатпайтын 

құбылыс  есептелген.  Ал  əкені  «Асқар 

тауға»  балаған.  Осы  күнде  əкелердің 

орнына  аналар  балаларын  тəрбие-

леп,  асырауда  шырыл  қағып  жүргенін 

өз  көзімізбен  көріп  жүрміз.  Ертеректе 

əкенің  қас  –  қабағына  қарап  не  ойлап 

отырғанын  оқитын  болса,  осы  күнгі 

əкелердің  көпшілігі  өз  жауапкершілігі-

нен  қашып,  қоғамдағы  «жалғыз  басты 

аналар»  мен  «жетім»  деген  ұғымның 

пайда  болуына  өз  септігін  барынша 

тигізіп жүр. Баласынан қашқан əке бы-

лай  тұрсын,  ендігі  аналар  да  жүрегінің 

астында тоғыз ай өсірген нəрестелерін 

күл-қоқысқа тастап кете барады. Əрине, 

бес саусақ бірдей емес əкелер бар ұла-

ғаты  мен  əкелік  махаббатын  ұялатып 

жүрген, ана мейіріміне шомылып өскен 

балаларымызда  баршылық.  Бірақ  ас-

қар  тау  болып  жүргендердің  барынан, 

жоғы  көп.  Балалар  үшін  əке  қаржыгер 

ретінде  емес,  бала  үшін  əкенің  сезімі, 

əкенің мейірімі мен оның болғаны бəрі-

нен маңызды. Ал бүгінгі əкелер алимент 

төлеуден  қашып,  өз  баласынан  қашып 

жүргені.  Ақшаның  болмағаны  қасірет 

емес, əкенің əке рөлінде бола алмаға-

ны қасірет болса керек. Себебі əр əке өз 

отбасының қорғаны болуы тиіс еді ғой.

Сөз  түйін.  Президент  –  əке  болса, 

премьер – министр ана. Ал бала ба-

қыты  отбасының  жемісі  болса  игі. 

Қазақ  үнемі  жиын  тойда  «киелі  ша-

ңырақ»  деген  сөзді  көп  қолданады. 

Өйткені біздің ұлт үшін отбасы үнемі 

мəңгі  ала  алмайтын  қамалдай.  Се-

бебі бір-бірін жақсы көретін, ырысты 

отбасы  үлкен  əулеттің  иесі  болады. 

Сол  себепті  əр  отбасы  бақытты  да 

баянды өмір кешсін.

 



БІЗДІҢ САУАЛ



 



ШАҢЫРАҚ

БАҚЫТТЫ ОТБАСЫ – 

МЕМЛЕКЕТТІҢ ТІРЕГІ



Назгүл РАБИЛОВА

Хасенова Роза Жомартқызы,

ЖАА «Арна» ЖШС Ирбис телеарнасының 

қазақ редакциясының редакторы:

Бір  күні  жағаның  арғы  бетіне  өту  үшін  қайыққа 

ұстазы  мен  шəкірті  отырған  екен.  Сонда  шəкірті 

біраз ойланып ұстазына: «Алла тағала мына əлем-

ге  өзінің  сүйікті  құлы  ретінде  бізді  жіберді.  Менің 

түсінбейтінім, Алла Тағала осы өмірге періштеден 

артық ете отырып пендені жаратқаннан кейін неге 

тек  жақсылықпен,  қуанышпен  ғана  көмкермейді. 

Неге  жамандықты,  қайғыны  береді?»  –деп  налы-

ған  екен.  Сонда  жаңағы  ұстазы  алады  да  қайық-

ты тек бір ескекпен ессе керек. Сонда жаңағы жігіт 

тұрып: «Ұстазым, сізге не болды, қолыңыз ауырды 

ма,  бір  ескекпен  жағаға  қалай  жетеміз,  екіншісін 

маған беріңіз мен есейін» – деп мəн жайын білмек 

болғанда, ұстазы отырып: «Міне, көрдің бе бір ес-

кекпен екінші жағаға бару мүмкін емес, əр нəрсенің 

екі жағы бар, жамандық пен жақсылық та əркез қа-

тар  жүреді»,  –  деген  екен.  Мұндағы  айтпақ  ойым 

мен  үшін  отбасылық  құндылық  ерлі-зайыптылар-

дың арасындағы түсіністік деп ойлаймын. Кез кел-

ген нəрсені алып қарасақ оның міндетті түрде екі 

ұшы  болады.  Отбасындағы  құндылық  та  сол  екі 

ұшына кеп тіреледі, яғни ер адам мен əйел адамға. 

Екеуінің  арасында  сыйластық  болса,  отбасының 

құндылығы  арта  түспек.  Отбасы  белгілі  дəстүр-

лердің, жағымды өнегелердің, мұралар мен салт-

дəстүрлердің сақтаушысы. Отбасында бала алғаш 

рет  өмірмен,  қоршаған  ортамен  танысып,  мінез-

құлығы қалыптасып, бой түзейді. Отбасы баланың 

азамат болып өсуінің негізі болып табылады. Бо-

лашағымыз баянды болсын десек отбасымыздың 

құндылығын сақтауымыз керек!

ОТБАСЫ ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫ 

ДЕГЕНДІ ҚАЛАЙ ТҮСІНЕСІЗ?



Қазақстандағы  мерекелер  тізімі  тағы  бір  мерекемен  толықты.  Нақтырақ  айта  кететін  болсақ,  Елбасы-

ның  жарлығымен  «Кәсіптік  және  өзгеде  мерекелер  туралы»  жарлығына  өзгертулер  мен  толықтырулар 

енгізіліп, соның нәтижесінде енді қазақ жұрты жыл сайын қыркүйек айының екінші жексенбісінде мереке-

лер қатарын толықтырған «Отбасы» күнін тойлайтын болады.

Отбасы  –  өткеніміз  бен  бүгінімізді,  бүгін  мен  ертеңімізді  сабақтастыратын  құндылықтарымыздың  ма-

ңыздысы. Отбасы – болашақ ұрпақ бойына адамзаттық құндылықтарды және ұлттық рухани байлықтарды 

сіңіретін тәрбие ошағы. Егемен еліміздің болашағы ұрпағымыздың білімі мен тәрбиесіне тікелей қатысты 

екенін ескерсек, бұл мерекенің маңызы бір төбе. Демографияны ұлттық саясатымыз деп санайтын қазақ 

халқы үшін аталмыш мерекенің алар орны қандай деген сауалнама жүргіздік.

Сауалнаманы 

дайындаған 

Мереке АМАНТАЙ

Күнішай 

ШАЙЗАДА,

Ұстаз, көпбалалы жас ана

Тəрбие  маз мұ ны ның  не гі-

зі  –  адамзаттық  құн дылық, 

ал адамзаттық құн дылық де-

геніміз – ел, жер, Отан, еңбек, 

білім, мəдениет жəне, əрине, 

отбасы.  Отбасы  құндылығы 

мен  үшін  ең  алдымен  отаға-

сы  мен  отанасының  арасын-

дағы  ерекше  сыйластық,  көз 

жанарларынан  көңіл  хошы 

мен  тыныштықты,  бақыт  пен 

қуаныш  нұрын  сезінуі,  сезім 

мен  сенімге  толы  бір-біріне 

деген  арда  құрмет  деп  ой-

лаймын.


«Тəрбие  басы  тал  бесік» 

деп дана халқымыз бекер айт-

паған  болар.  Шаңырақтағы 

ата-ананың  берер  тəлімі  мен 

тəрбиесі  жетіліп  келе  жатқан 

ұрпаққа əсер етері сөзсіз. Бұл 

мемлекетіміздің  де  іргетасы-

ның  берік  қалануына  себепші 

болар  бірден-бір  фактор.  От-

басы  қоғамның  негізі.  Отба-

сы – мемлекетіміздің ұстанып 

отырған  басты  саясаты.  От-

басы  құндылығын  болашаққа 

жіті дəріптеу біздің басты мін-

детіміз  болуы  қажет  деп  са-

наймын.


Үйсін ИМАШХАН, Наурызгүл САҒИДОЛЛА

ЖАС ОТБАСЫ

Біздің  ойымызша,  «Отбасы  құндылығы»  дегеніміз  – 

отбасы  мүшелері.  Себебі  Қазақстан  Республикасының 

Конституциясында көрсетілгендей мемлекеттің ең бас-

ты байлығы – еліміздің халқы, əр отбасы, əр азаматы. 

Отбасы құндылығы дегенді біз негізінен моральдық көз-

қараста  қарастырамыз.  Моральдық  деп  отбасы  мүше-

лерінің денсаулығы, бір-бірімен ара қатынасы, нақтырақ 

айтқанда  отбасы  мүшелерінің  сыйластығы,  бір-біріне 

деген мейірімділігі жəне сүйіспеншілігі деп білеміз.

Біз  өзіміздің  отбасымызды  мақтан  тұтамыз.  Себебі, 

біз жаңадан студенттік өмірге қадам басқан шағымыз-

да  шаңырақ  көтердік.  Оқумен  бірге  отбасының  ішкі 

жəне  сыртқы  мəселелерін  бірлесе  жəне  түсіністікпен 

шешіп  бір-бірімізді  терең  түсінуге  тырысамыз.  Қазіргі 

таңда  С.Торайғыров  атындағы  Павлодар  мемлекеттік 

университетінде  оқимыз.  Ғылым,  біліммен  қатар 

өмірлік тəжірибені салаластырып алға қойған мақсатқа 

ұмтылудамыз жəне соған жететінімізге кəміл сенеміз.


4

Сапардан түйген ой



–  Сəлеметсізбе  ата!  Қай 

жылдан  бастап  тұз  өндіру 

ісіне араласа бастадыңыз?

–  «1824  жылдары  марқұм 

əкем  өмірін  осы  тұз  өндіруімен 

өткізді»  –  деп  сөзін  бастады 

Байтемір  ата.  Керекужардың 

Құрманкөл  тұз  өндірісінде  1947 

жылдан бастап 1973 жылға дейін 

қызмет істедім.



– Жұмысшылар саны шама-

мен қанша болды жəне қанша-

лықты тұз өндірдіңіздер?

–  Біз  жұмыс  орнында  жылы-

на  50-100  мыңдай  тонна  тұз 

өндірдік,  сондықтан  жұмысшы-

лар  өте  көп  болды.  Тəулігіне 

төрт  ауысым  арқылы  қызмет 

атқардық.  Бір  ауысымда  25-30-

дай  адам  жұмыс  істедік.Жұмыс 

та  жұмысшы  да  көп  болған  соң 

жаз айынан бастап, күн суытып, 

қыс түскенше жұмыс істеуді тоқ-

татпадық.



–  Еңбек  ақыларыңыз  мар-

дымды болды ма?

– Қызметіміздің төлемі есебін-

де бізге əр түрлі жерлерден тұр-

мысымызға  қажетті  заттар  мен 

азық-түлікпен  қамтамасыз  етті. 

Маған  тұз  өндіруші  бір  маман 

айтты.  3  ғасыр  бұрын  болжам 

туындаған  екен:  «Тұзды  төгіп 

алсаң, үйіңде ұрыс туындайды», 

деген  өйткені,  бұл  тағам  өте 

қымбатқа бағаланған.

– Тұзды көл астынан қалай 

шығарып аласыздар?

–  Тұзымызды  қалай  өң-

дейтініміз  жайлы  айта  кетер 

болсақ,  бірінші  арнайы  техника-

лық  көліктермен  тұзды  су  түбі-

нен опырып алып, сосын үш рет 

жуып, тазартып тиісті орындарға 

вагондар  арқылы  жіберіп  отыр-

дық.

–  Халық  арасында  Құрман-

көлден  өндірілген  тұздан 

адамдар  уланған  деген  пікір 

қалған. Бұл туралы сіз не ай-

тасыз?

– Бұл жалған пікір. Құрманкөл 

улы  болуы  мүмкін  емес.  Егер 

уланатын  болса  сол  кезге  дейін 

Керекужарда  неге  ешқандай 

адам уланбады? Бұл Құрманкөл-

ден тұзды алғаннан кейін тұзды 

тазартатын кезде техникалық құ-

рылғылардан қате жіберіп алған 

шығар.



  1   2   3   4


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал