«ЖАҚсының аты өшпейді»



жүктеу 28.45 Kb.

Дата09.09.2017
өлшемі28.45 Kb.

Хакімжан Наурызбаев 

«ЖАҚСЫНЫҢ АТЫ ӨШПЕЙДІ» 

Қ

арағандыға шамалы уақытқа  Қазақ ССР-інің халық суретшісі, республика Мем-

лекеттік сыйлығының лауреаты Хакімжан Есімханұлы Наурызбаев келді дегенді 

естіп, атақты өнер саңлағымен кездесуге асықтық. Жолыққанымызда ол кісі мұнда-

ғы шаруасын аяқтап, Алматыға  қайтқалы тұр екен. Сонда да кішіпейіл аға әңгіме-

лесуге уақыт тапты. 

—  Қадырлы аға, сіз  қазақтың тұңғыш про-

фессионал мүсіншісісіз. Алматыға барақал-

ғанда халңымыздың өшпес жарық жұлдыз-

дары: Абай, Шоңан, Жамбыл бейнелерін 

көрсек есіміңіз еріксіз еске туседі. Айта 

берсек, сіздің туындыларыңыз туралы  ұзаң 

әңгіме  құруға болады. Сондықтан  қысқаша 

осы жолғы  Қарағандыға келу сапарыңызға 

тоқталсаңыз! 

— Мен кеншілер астасында талай рет 

болдым. Бірақ осы сапарымның жөні бас-

қ

алардан ерекше дер едім. Біздің  қазақ 



халқы үшін былтырғы және биылғы жыл 

ерекше  құтты жыл болды ғой. Бес арысы-

мыз ақталып, халқымен табысты.  Қазақ тілі 

мемлекеттік статус алды.  Ұзағынан сүйіндір-

сін деңіз, бұдан артық  қуаныш бола ма сірә? 

Мұның бәрін тәптіштеп айтып отырған се-

бебім, осы жылдың апрель айында маған 

Торғайдағы Әліби Жангелдин атындағы му-

зейдің директоры Ғазиз Әмірханов, Ахаң-

ның (Ахмет Байтұрсынұлы) жақын туысы 

Самұрат Кәкішев және 

қ

азақтың атақты 



ақыны Сырбай Мәуленов келді. Әңгіме-

дүкеніміз жарасып кетті.  Қоштасар сәтте 

олар: 

—Хаке, ана тілін түрлеген, туған халқына 



өшпес мұра  қалдырған Ахмет Байтұрсын-

ұ

лына арнап Торғайда бұрын өзі тұрған үйі-



нен музей ашпақшы едік. Соған байланыс-

ты сізге  қолқа салуға келдік. Ардақты аға-

ның бейнесін мүсіндеп берсеңіз екен?—де-

ді. 


Басқа да  қыруар шаруам болса да мен 

оларға келісім бердім. 

Қ

онақтар аттанып 



кетісімен осы бір игілікті шаруаны дереу 

қ

олға алдым. Ахаңның Алматыда тұратын 



қ

ызы Шолпанмен әңгімелестім. Ірі  қоғам 

қ

айраткері, КазПИ-дің профессоры, аудар-



машы, этнограф, фольклор жинаушы, «Қа-

зақ» газетінің түңғыш редакторы Ахаңның 

шығармаларымен, өлеңдерімен, аудармала-

рымен таныстым. Ахаңмен білетін адамдар-

мен тілдестім. Неге екенін білмеймін осы-

ның бәрі маған әлі де болса жетімсіз кө-

рінді. Ахаңның: 

Жөн көрсеттім  қазақ деген намысқа, 

Жол сілтедім, жақын емес, алысқа. 

Өзге жұрттар өрге  қадам басқанда 

Дедім: сен де  қатарыңнан 

қ

алыспа, — 



деп өзі жырлағанындай, осы ғалым аға-

ның туып-өскен жерін көрейін деген ниет-

пен май айында Торғай жеріне — Жангел-

дин ауданына бардым. Бұл араның әр жері 

тұнып тұрған тарих, шежіре екен. Револю-

цияның кіндік кескен 

қ

асиетті даласында 



Ыбырай, Әліби, Амангелді сияқты ардақты 

азаматтар, Сырбай Мәуленов, Ғафу  Қайыр-

беков сынды белгілі ақындар, басқа да еліне 

елеулі, халқына  қалаулы болған аяулы азам-

аттар дүнйеге келген. 

Ұ

шы 



қ

иырына көз 

жетпейтін кең даланы көріп, оның жарқын 

жандарымен әңігімелесіп, сонда ғана мен 

Ахаң рухының тереңдігін, керемет ерен да-

рын, иесі екенін түсінгендей болдым. Ағалы-

інілі Байтұрсын мен Ақтастының жазықсыз 

15 жылға «ит жеккенге» айдалуы, әкеден 

тірі жетім  қалуы Аханды ерте есейткен 

сияқты. Бұл да бір пара  ұзақ әңгіме.  Қыс-

қ

асы, Торғай жерінен Алматыға жан дүнием 



тебірене толқып, үлкен шабытпен оралдым. 

Келісімен Ахаңның бейнесін жазуға  құл-

шына кірістім. Сол мүсін дайын болған соң 

оны  қолаға аударту үшін осы  Қарағандыдағы 

көркемсурет өндірістік шеберханасына жі-

берген едім. Мүсін әзір дегенді естіп оны 

әдейі көруге және авторлық өңдеу жасауға 

келіп едім. Шаруам бітті, енді Алматыға 

қ

айгамын. 



— Алдағы творчестволық жоспарыңызды 

айта кетсеңіз! 

— Мен Темірбек Жүргенов атындағы Ал-

маты мемлекеттік көркемсурет — театр ин-

ститутында мүсіннен сабақ беремін. Доцент-

пін, профессордың міндетін уақытша атқарып 

жүрмін. Бізде бос уақыт деген болмайды, 

қ

азірдің өзінде асығып тұрмын. Бүгінде мен 



жаңағы Ахаңның рухтас інісі болған, керемет 

ақын Мыржақып Дулатовтың мүсінін жасап 

жатырмын. Міржақыптың өлеңдері әлі бас-

падан шыққан жоқ.  Қолжазбасын оқып едім, 

ірі ақынның талантына ғажап сүйсіндім. Ах-

мет Байтұрсынұлы мен Міржақып Дулатов-

тың мүсіндері алдағы жазда Торғайда Ахаң 

музейінің алдындағы ашық алаңда 

қ

атар 


қ

ойылады. Ал осы мүсіндердің тұғырларын 

қ

азір Алматыдағы «Гранит» кооператорының 



шеберлері жасап жатыр. Менің  Қарағанды-

ға келуім, алдағы творчестволық жоспарым 

осындай... 

Осы кезде есік  қағылды. Арсалаңдап кір-

ген корей жігітін Хакең баласындай  құшақ-

тап, бетінен сүйді. 

— Менің шәкіртім ғой,  қарағандылық мү-

сінші, СССР Суретшілер одағының мүшесі 

Алексей Цой, — дейді Хакең. 

— Менің кіндік әкем ғой, — дейді Алек-

сей езуін жимай. 

— Біздің үйдегі шешең поселке салып еді, 

алдың ба? — деп атақты мүсінші Цоймен 

шүйіркелесіп кетті... 

— Аға, енді шеберханаға барып, Ахаң 

мүсінінің жанында тұрып, суретке түссеңіз? 

— Оп үшін автобусқа отыру  қажет, екі 

аралық 6ірталай жер.  Қазір өте асығыспын. 

Айып етпеңдер, шеберханаға бара алмай-

мын. Мені суретке тартып,  қайтесіздер, одан 

да сол мүсінді түсіріңдер, — деп Хакең ат-

тонын ала  қашты. Мұны да біз кішіпейілді-

піктің бір үлгісі деп түсіндік. 

Біздің фототілшіміз Юрий Михайлович 

Хейфиц сол сәтте Хакімжан ағаны «ескерт-

к

:



ш үшін» деп суретке түсірген еді. Ал, 

бейнелеу өнері хас шеберінің  қолынан шық-

қ

ан Ахмет Байтұрсынұлының  қола мүсіні 



мына өздеріңіз көргендей. Ол бүгінгі түле-

ген  қазақ даласына таңырқай  қарап, ой тол-

ғап түрған сияқты... 

Ш. ЖАНДАЕВ. 

Қ

АРАҒАНДЫ  қаласы. 



Орайы келген әңгіме 

Орталық Қазақстан. - 1989 ж. - 5 желтоқсан (№279). 4 - б. 






©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал