Жарық дүниеге келген пенденің арман қумауы қандай мүмкін болма



жүктеу 8.12 Mb.

бет1/52
Дата03.02.2017
өлшемі8.12 Mb.
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   52

БЕТАШАР

Жарық дүниеге келген пенденің арман қумауы қандай мүмкін болма-

са, арманға жетуі де сондай мүмкін емес.

Бірақ,  аз  тындыру  бар,  көп  тындыру  бар,  қол  қусырып  құр  отыру 

бар. Көп тындыру үшін құлық керек, білік керек, ыждаhат керек. Құлық 

жарыққа талпынған жан иесінің бəрінде де бар. Оның жүзеге асуы, деген -

ге жетуі білікке байланысты: Білік тапқан кісі ыждаhат та таба алады.

Білік – сана  иесінің  басты  қасиеті.  Бірақ,  оны  молайту  үшін  бір  ба-

сыңның көрген-білгені аздық етеді. Қанша темір өзек жан болса да, адам-

заттың  əлденеше  ұрпағының  ауызын  күйдіріп,  ақылын  молайтқан  ащы-

тұщының бəрін бір басынан өткеріп үлгерер ұзақ ғұмыр сүруі мүмкін емес. 

Сондықтан  есті  құлақ  замандастарының  ауызына,  есті  көз  бұрынғылар-

дың жазуына үңіліп бағады.

Қолыңыздағы  кітапты  сондай  есті  құлақ  пен  есті  көз  тудырған  екен. 

Əлбетте  ол  екеуі  бір  басын  емес,  көптің  қамын  қамдай  жүретін  қайы-

рымды пиғыл иесіне тəн келеді.

Шығарманың  əр  бетінен,  əр  сөйлемінен  сондай  бір  пəтуалы  рахым 

ле бі, парасат əуезі жібектей есіліп тұрады екен.

Тірлікке жаңа ұрпақ жетіліп келіп жатқан, бұрынғы бар ұрпақтың өзі 

тағдыр  мен  тарихтың  талай  таразысынан  қайта  өтіп  жатқан  қазіргідей 

кезеңде бұл тіптен керек кітап.

Қазір қайсымызға да, ақша да, басқа да қат болғанымен, ең басты қат 

нəрсе – ақыл.  Жанашыр  достың  ақылы.  Көргені  көп  кемелдің,  жеткені 

көп беделдің немесе солардың тереңіне бойлай білген зерде мен зейін нің 

айтатындары.

Бұл  сондай  ыждаhатты  зерде  мен  ысылған  тəжірибенің  жиынтығын-

дай  шынайы  шығарма.  Ағын  суға  кері  ағызбай,уақытпен  бірге  алға 

адымдататын абзалдық əліппесі. Кəріге де, жасқа да бірдей қастерлі кітап. 

Өйткені,  өмірдің  алдында  бəріміз  шəкіртпіз.  Ендеше,  бұл  кітапты  оқып 

шығыңыз. Ғасырлар бойы ауызы дуалылар жақ жаппай баршамыз үшін – 

бүгін жер ба сып жүргендеріміз үшін де, бұл дүниеге бізден соң келетін-

дер үшін де қапы жібермей қадағалай тыңдайтындай қып айтып келе жат-

қан  ғибрат  са бағына  тағы  да  бір  құлақ  тосыңыз.  Өкінбейсіз.  Ақылдың 

артық болмайтынына тағы да көзіңіз жете түседі.

Жер бетінде сіз уайымдағанның бəріне дəл өзіңіздей толғанып, дəл өзі-

ңіздей тебіреніп жүрген тағы бір парасат иесі бар екеніне көңіліңіз бітіп, 

бір кенеліп қаласыз. Кітап авторына дəн разы боласыз.

 Əбіш Кекілбаев

© Кемел М., 2013

© «Қазығұрт» баспасы», 2013

УДК 821.512.122 

ББК 84 Қаз-4

К 29


Қазақстан Республикасы Мəдениет жəне ақпарат министрлігі 

Тіл комитетінің тапсырысы бойынша «Қазақстан Республикасында 

тілдерді дамыту мен қолданудың 2011 – 2020 жылдарға арналған 

мемлекеттік бағдарламасы» аясында шығарылды

 

Кемел Мырзагелді. 



К 29  Екі  томдық  шығармалар  жинағы / Мырзагелді  Кемел.   – Алматы: 

«Қазы ғұрт» бас пасы», 2013. 

 1-том. – 848 бет.

  

 



 ISBN 

978-9965-22-459-1 

Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі, экономика ғылымдарының докторы, профес-

сор  Мырзагелді  Кемелдің  руханият  əлеміне  бойлайтын,  парасаттылыққа,  имандылыққа, 

арлылыққа үндейтін көптеген кітаптары жарық көрген. 

Бұл  екі  томдықтың  бірінші  томында  Конфуцийдің,  Луций  Анней  Сенеканың, 

Толстойдың,  Шəкəрім  Құдайбердіұлының,  энциклопедист-жазушы  Əбіш  Кекілбаевтың, 

этнограф-ғалым  Ақселеу  Сейдімбектің,  тарихшы  ғалым  Қойшығара  Салғараұлының 

шығармашылығы  жайлы  еңбектері  мен  «Абзалдық  əліппесі», «Өзіме  сабақ»  атты 

көсемсөздік шығармалары берілген.

Кітапты  жоғарғы  оқу  орындарының  филология,  журналистика,  философия,  əлеу-

меттану,  педагогика,  психология  жəне  өзін-өзі  тану  пəндерінде  қосымша  оқу  құралы 

ретінде пайдалануға болады. 

Кітап көпшілік оқырман қауымға арналған.

УДК 821.512.122

ББК 84 Қаз-4

ISBN 978-9965-22-459-1 (Т.1)

ISBN 978-9965-22-458-4



4

5

КОНФУЦИЙ 

Біздің  дəуірімізге  дейінгі  жетінші  ғасыр  мен  біздің  дəуірдің  он  же-

тінші ғасыры арасында бүгінгі өркениеттің негізі қаланған. Осы аралықта 

жер  жүзінің  əр  мəдени  өлкелерінде  бір  мезгілде  жəне  бір-біріне  байла-

ныссыз адамзаттың рухани өрлеуі жүзеге асқан, жаңа таным туындаған. 

Сол  танымды  ұсынушылар  ретінде  Будда,  Заратуштра,  Палестиналық 

иудей пайғамбарлары мен Грекиядағы алғашқы философтар танылса, со-

лардың бел ортасында қытайлықтар Лао цзы мен Конфуцийдің аты ата-

лады.


Неміс  философы  Карл  Ясперс: «Адамзат  тарихында  ерекше  бір  мер-

зімдер  болады,  болашақ  өркениеттің  тағдыры  соған  байланысты  өрби-

ді», – дейді. Оны өзекті жылдар деп атайды.

Ясперстің  бұл  теориясының  дұрыстығына  жоғарыда  айтқан  өрлеу 

жылдары  дəлел  бола  алады.  Бұл  теорияны  қабылдамағанның  өзінде  де 

адамзаттың  ұстазы  болған  ұлылар  қатарында  Конфуций  ең  басты  тұл-

ғалардың бірі болып қалары анық.

Еуропалықтар  Конфуций  деп  атап  кеткен  Кун-цзы  біздің  дəуірімізге 

дейінгі 551 жылы дүниеге келген. Оның əкесі төменгі аристократтар то-

бына  жатқанымен  қоңыртөбел  күн  кешкен,  əскери  қызметте  болған. 

Ержүректігімен,  адалдығымен,  мемлекет  ісіне  берілгендігімен  көзге 

түскен.


Бірінші  əйелінен 9 қыз  көрген  Шулян  Хэ  күңдікке  келген  қызға  үй-

леніп,  ол  ұл  туған.  Ол  кезде  оның  жасы  жетпіске  таяп  қалған  бола-

тын.  Бала  қол-аяғы  кемтар  болып  туылған.  Көне  қытай  тəртібінде  дене 

кемшілігі  бар  бала  мұрагер  деп  есептелмеген.  Хун  əулетінің  ұрпағы 

жалғаспай  қалу  қаупі  шындап  туғанда  Шулян  Хэ  белгілі  Ян  əулетінің 

кіші қызына құда түсіртіп, үйленеді. Сол некеден туған балаға Цю деп ат 

қояды. Цю Хунге Чжун Ни деген лақап ат қосылады. Екі жасында əкесі 

өліп,  əкесінің  туыстарынан  көп  қысым  көрген  ана  мен  бала  көптеген 

қиындықтарға  ұшырайды.  Цю  бала  жасынан  рəсімдік  жөн-жоралғылар-

ды  жақсы  көреді,  оны  зерттей  бастайды.  Ол  он  жетіге  келгенде 

отыздан жаңа асқан анасы қайтыс болады.

Кун-цзыдың бойы ұзын – 1 метр 91 сантиметр болған, бас құрылысы 

ерекше екен. Маңдайы қайқы, басы үлкен əрі буылтық-буылтық болған.

Бірде  төменгі  аристократтар  тобына  жататын  бір  ауылдасы  банкет 

жасайды.  Оған 17 жасар  Конфуций  (Кун-цзы)  де  барады.  Қақпа  алдын-

да  қарсы  кездескен  үй  иесінің  «сені  ешкім  шақырған  жоқ» – деген  сөзі 

жетімдігі  мен  кедейлігін  мегзегенін  түсінген  ол  маңдайға  соққандай 

əсермен  кері  қайтады.  Осы  оқиғаны  ол  өле-өлгенше  ұмытпайды,  сон-

дай мінездің өзінде болмауына тырысады жəне өз үлгісімен өзгелерді де 

солай болуға тəрбиелейді.

Үйленген  соң  Конфуций  астық  қоймасында  есепші,  соңынан  жайы-

лым қараушысы болады.

Зерттеушілер  Конфуцийдің  ең  алғашқы  қанатты  сөзі  деп 28 жасқа 

келгенде  Лу  патшалығының  бас  храмында  құдайы  беру  рəсімі  кезіндегі 

мына сөздерін үлгі етіп айтады: «Ол əр рəсімнің, жөн-жоралғының қалай 

атқарылуы  жөнінде  қайта-қайта  сұрай  береді.  Оған: «Сен  рəсімдердің 

тəртібін  білмейсің  бе,  неге  қайта-қайта  тəптіштеп  сұрай  бересің?» – 

дейді.  Сонда  Конфуций: «Бұндай  орында  тəптіштеп  сұраудың  өзі  рəсім 

емес пе?» – деген екен». Бұл ой кейіннен ұстаз Кунның оқыту тəсілінің 

негізіне  айналды  десе  боларлық. «Егер  білемін  десең,  онда,  білемін  деп 

айт,  егер  білмейтін  болсаң,  онда  білмеймін  деп  айт» – деген  афоризм 

осы ойдың дамуы секілді.

Бір кездері Кун-цзы жеті ішекті музыка аспабы цинде ойнауды үйре-

нуден  дəріс  алады.  Өзіне-өзі  қатаң  талап  қоятын,  қай  іспен  айналысса 

да,  табандылық  пен  ыждаһат  танытатын  ол  оқудың  он  күні  өткенде  тек 

алғашқы  аккордтарды  қалай  алуды  мұқият  үйрене  бастайды.  Оқытушы: 

«Сен  бұны  меңгеріп  алдың,  келесі  əуенге  көшейік», – десе  ол: «Мен 

əуенді  игергенмен,  оны  орындау  мəнерін  игерген  жоқпын», – депті.  Аз 

уақыт  өткеннен  кейін: «Сен  əуеннің  орындау  мəнерін  де  игердің,  жаңа 

əуен  үйретейін», – десе, «Мен  оның  əлі  ішкі  тереңдеріне  үңіліп  үлгер-

медім», – деп  жауап  беріпті.  Тағы  біраз  мерзім  өткен  соң  «Бұл  əуеннің 

ішкі иірімдерін де игерген боларсың, келесі əуенге көшейік», – деген оқы-

тушы  сөзінен  кейін  Конфуций  ұзақ  ойға  шомыпты.  Сөйтіпті  де: «Мен 

осы  əнді  жазған  адамды  көзіме  елестетіп  отырмын.  Бұны  жазған  кісінің 

дүниенің төрт бұрышынан хабары бар адам екен, сірə, бұл əнді Вэнь-ван 

жазған  болар» – деп  əуенге  қарап  авторын  дəл  тауыпты.  Бұл  мысал – 

оның кез келген істі осындай дəрежеге дейін терең зерттеп, бойына сіңіру-

ге ұмтылатынының дəлелі.

Конфуцийдің  кезінде  білімді  деп  алты  өнерді  меңгерген  адамды  ай-

тады  екен:  рəсімдерді  дұрыс  орындай  алатын,  музыканы  түсінетін, 

садақ  ата  білетін,  арба  айдауды  білетін,  оқи  білетін  жəне  математиканы 

білетін (есептей білетін). Ол осы алты өнерді де жете меңгерген.

Конфуцийдің  «он  бес  жасымда  оқуға  ұмтылдым,  отызымда  кісілікке 

жеттім, қырықта күдіктерім жойылды, елуде Аспанның сырын түсіндім, 

алпыста  менің  түйсігім  тереңдеді,  жетпісте  шектен  шықпай  өз  жүрегім-

нің қалауын жасауды үйрендім» – деген сөзі бар.

Кун-цзы  отыз  жасына  қарай  тұлға  ретінде  қалыптаса  бастайды.  Осы 

жасқа  дейін  ол  ескіқытай  мəдениетінің  жетістіктерін  толық  зерттейді, 



6

7

бұл  білім  оған  кейінірек  цзиндердің  бес  кітабы  деген  кітаптар  топтама-



сын  жазуға  негіз  болады.  Олар: «Өзгерістер  кітабы», «Тарихи  құжаттар 

кітабы», «Өлең  кітабы», «Дəстүрлер  туралы  кітап», «Көктем  мен  күз 

кітабы, яки біздің эрамызға дейінгі 721-480 жылдардағы оқиғалар тізбе-

гі»  деп  аталады.  Осы  жастарда  Конфуцийдің  этикалық-философиялық 

көзқарасы  негізінен  қалыптасты.  Олар  жэнь  (мейірімділік,  адамды  сүю) 

жəне  ли  (ереже,  этикет)  концепциялары.  Бұнда  ли  жэньнің  ең  жоғарғы 

көрінісі ретінде қаралады.

Конфуций «орта жолмен жүру» идеясын ұсынды. Ол Аспанның ырқы-

на  бағыну  керектігін  насихаттауға  саяды.  Кейбіреулер  түсіне  алмай 

«конформизм» деп жүрген – «шенеуніктер билеушінің айтқанынан шық-

пасын» – деген ойын Ғарыш көлеміндегі, яғни кең көлемдегі үндестікке 

жету деп қабылдаған жөн.

Конфуций  ілімінің  діңгегі  болып  оның  рəсімдер  толықтығын  сақтау 

идеясы есептеледі. Байсалдылық, əр нəрсені өз кезегінде орындау өміріңді 

рахатқа  кенелтеді  дейді  ол.  Табиғат  пен  адамды  бірдей  қарайтын  тəртіп 

болуы керек, ол барша тірлікте болатын өрлеу заңының жетілуіне əкеледі 

дейді.

«Егер  заң  арқылы  басқарсаң,  жазалау  арқылы  реттесең,  халық  аяғын 



тартады,  бірақ  ұятты  сезінбейді.  Егер  ізгілік  арқылы  басқарсаң,  оны 

дəстүрге  айналдырсаң,  халық  ұялып  қана  қоймайды,  көндігуге  тырыса-

ды», – дейді.

Өз  елінде  Конфуцийдің  абыройы  уақыт  санап  артқанымен,  билік  са-

ласында  биіктерге  жете  қойған  жоқ.  Бірде  билеуші  Цзин-гун  Конфу-

цийді  қабылдап,  сөйлеседі.  Бірақ  қызмет  емес,  сыйлық  береді.  Сыйлық 

билеушіге тəуелді ететінін білген Конфуций одан бас тартады.

Кейінірек жасы елулерге келгенде Конфуций кейбір мемлекеттік қыз-

меттерді де атқарды: Чжунду қаласына билеуші, кейінірек Жоғарғы сот-

тың кеңсе басшысы болып қызмет етті. Бірақ билеуші топтың ақылдыға 

деген махаббаты көктемдегі мұз секілді өзгергіш, төрт жылдай билік са-

ласында қол қызмет атқарған ақылман сарайды тастап шығады, тіпті Лу 

патшалығынан  Вэй  патшалығына  өтіп  кетеді.  Одан  кейінгі  он  төрт  жыл 

қызмет іздеп, қаңғумен өтеді. Су патшалығына, одан Чэнь патшалығына 

өтіп,  екі  жылдан  соң  Чу  патшалығына,  одан  екі  жылдан  кейін  қайтадан 

Вэй, соңынан Лу патшалығына қайтып оралуға мəжбүр болады.

Өмірінің соңын өзіне шын берілген шəкірттерінің ортасында өткізген 

«ұрпақтың  ұстазы»  Конфуций  біздің  эрамызға  дейінгі 479 жылы 73 жа-

сында дүние салады.

Бүгінде,  дүниеден  өткеніне  екі  жарым  мың  жыл  өтсе  де,  Конфуций 

ілімі  ұмытылмақ  емес,  қайта  жаңарып,  жасара  түсуде.  Мына  сөздер 

бүгінгілерге  де  жол  көрсетіп  тұрғандай: «Егер  Аспан  астында  жол  кө-

рінсе,  қатардан  қалма,  жол  болмаса – жасырынып  қал.  Еліңде  көрініп 

тұрған  жол  болса,  кедей  жəне  елеусіз  болып  қалудан  ұял,  егер  жол 

болмаса, онда бай əрі көрнекті болудан ұял».

Он  сегізінші  ғасырдың  ағартушы  философтары  жер  жүзінде  Қа-

йырымдылық  пен  Ақыл  патшалық  етеді  деді.  Он  тоғызыншы  ғасыр 

ақылмандары: «Ғылым  дамыса,  барлық  əлеуметтік  проблемалар  шеші-

леді»  десті.  Олай  бола  қоймағанына  жиырмасыншы  ғасыр  дəлел.  Ақыл 

пайда  емес,  орасан  зиян  келтіруі  де  мүмкін  екенін,  ғылымның  дамуы 

қару-жарақтың  жер-жүзін  қиратуға  қабілетті  жаңа  түрлерінің  пайда 

болуына  əкеліп  соққанын  өмірдің  өзі  көрсетті.  Жауапкершілік  сезімі 

біздің  өшпенділік  пен  зорлық-зомбылыққа  бейімділігімізден  төмен  бо-

лып  шықты.  Мақсатты  мақсатқа  жету  құралы  алмастырғысы  келді, 

ғылыми-техникалық  дамудың  жетістіктеріне  қуана  қол  соғып  отырып, 

адамзат  сол  ақыл-ой  жемісінің  құрбаны  болуға  айналды.  Автомашина 

өмірді  жеңілдеткендей  болса,  оның  мың  жылға  дейін  бөлшектенбейтін 

түтіні  озон  қабатын  ыдыратып,  адамзатты  қасиетті  Күннің  зиянды 

сəулесінен  қори  алмайтын  жағдайға  апармақшы.  Бұрынғылардан  храм-

дар  мен  мешіт-кесенелер  қалса,  бүгінгі  ұрпақтан  соңғыға  полигондар 

мен  залалданған  жер  қалатын  сияқты.  Батыс  философтары  дəуірдің 

тоқырау  белгілерін  түсіндіргенде,  оған  халықтың  жақсы  өмір  көксеп 

жер-жерде  көтеріле  беруі  себепкер  десе  де,  бұл  адамзат  өркениетіндегі 

терең рухани ауытқудың нəтижесі екені айдан анық.

Атақты психолог Карл Юнг индеецтердің: «Барлық американдықтар – 

есуастар» – дегенін таңырқай жазады. Неге олар бұлай деп есептейтінін 

білгісі  келген  Юнгтың  сұрағына  олар: «Американдықтар  басымызбен 

ойлаймыз  дейді,  дұрысы  адамдар  жүрегімен  ойлауы  керек.  Біз  жүрек-

пен  ойлаймыз» – деп  жауап  берген  екен.  Сол  айтқандай,  ұлы  ойшыл 

Конфуций  ілімінің  осы  кезге  дейін  əспеттелуі  кезінде  жүрекпен  ойла-

ғандықтан десек жарасар.

Конфуциандық Қытайда «синьшу» – «жүрек техникасы» деген бағыт 

бар. Оны игергендерге адамдар арасындағы сенім, шыншылдық пен жар-

қын жүзділік тиесілі деседі.

Бүгін  біздің  өмір  сүріп  отырған  ортамыз  адам  үшін  керектінің  бəрін 

орташа қамтамасыз етуге жетерлік. Тек бөліс дұрыс болуы керек. Əлеумет-

тік  қорғау  шындап  жолға  қойылған  елдерде  ең  аз  табыс  пен  ел  бойын-

ша  орташа  табыс  арасы 1,5-2 еседен  аспайды.  Бүгінгі  батысшылдардың 

пікірінше,  алдыңғы  қатарлы  елдердің  əр  тұрғынының  тұрмыстық  жағ-

дайы  орта  ғасырдағы  ең  бай  адамдардың  халінен  артығырақ.  Адамдар 

жақсы  тұрмысқа  əбден  үйреніп,  одан  да  жақсы  бола  берсін  деп  талап 


8

9

қоюда.  Осы  кезеңде  бүгінгі  ойшылдар  жағдайы  жақсы  кісі  жағдайы  на-



шарға көмектессін, бай елдер кедей елдерге жəрдемдессін, адам баласы-

ның  бəрі  бірдей,  сондықтан  бəрі  бірдей  қамсыз  өмір  сүруге  құқылы 

деген  формуланы  ұсынып  отыр.  Конфуций  заманында  осындай  ұсыныс 

болуы тіптен де мүмкін емес еді.

Бүгінгі  өркениеттің  қатаң  ритмінде,  ауа  райы  жылынып,  адам  жүрегі 

суынып  бара  жатқан  кезде  біз  қаншама  жақсы  өмір  сүріп,  ғылыми-

техникалық  дамудың  нəтижесінде  қолымызды  жылы  суға  малып  қана 

отырсақ  та,  жаяу  жүрмесек  те,  бабалар  көрген  тұрмыстық  қиындықтың 

бірде-бірін  көрмесек  те,  өмірді  толығымен  сезінуден  қалып,  жаратылыс 

біртұтас екенін ұмытып барамыз.

Осы  тұрғыдан  қарағанда  біз: «біздің  білім  үшін  жұмсаған  ақылымыз 

қайда,  біздің  ағартушылыққа  жұмсаған  біліміміз  қайда» – деп  Томас 

Элиоттың айтқанына қосылудан басқа амалымыз жоқ.

«Кім  шектен  тыс  тырысқақ  жəне  икемді  болса,  ондай  адам  өзгені 

айыптауды  жақсы  көреді,  кім  тоқтаусыз  сөзшең  болса,  ол  өзгелерде 

өшпенділік  туғызып,  өзін  қауіпке  итермелейді.  Бірақ  ұл  боп  туған  адам 

тек  өзі  туралы  ғана  ойламауы  керек».  Бұл  сөзді  қытайдың  тағы  бір 

ақылманы Лао цзы Конфуциймен кездескенде айтыпты деседі.

Конфуцийден сұрапты: «басқарудың мəнісі неде?»

– Патша – патша, құл – құл, əке – əке, ұл – ұл бола білсе, басқарудың 

мəні осы», – деп жауап беріпті. «Басқару – байлықты үнеммен жұмсау», – 

депті тағы да.

Конфуцийдің  үш  мыңдай  оқушысы  болыпты.  Ол  оқушыларын  алты 

өнерді  білумен  қатар  білімділікке,  мəрттікке,  адалдыққа  жəне  берілуге 

үйретіпті. Оған мына төрт кемшілік жат екен: күңкіл-сүңкілге сену, үзіл-

ді-кесілді  сөз  бен  қимылға  құмартпау,  кесірлік  жəне  менмендік.  Ұстаз 

пайда  туралы,  тағдырға  үңілу  жайында  көп  айтуды  қаламаған.  Тамақты 

шектеуге, ұрысқа ынтықпауға, аурудың алдын алуға мұқият көңіл бөлген. 

Ауыл  адамдарының  ішінде  қарапайым  болып,  қызыл  сөзге  құмартпа-

ған, ал сарай ішіндегі əңгімелерге қызу араласқан, бірақ қысқа сөйлейтін 

болған.  Жоғарғы  қызметтегілермен  сөйлескенде  табанды,  төмендегі-

лермен  жұмсақ  сөйлескен.  Ескірген  ет  пен  балықты  жемеген.  Қайғы 

болған  жерде  тамақтан  ауыз  тиіп  қана  қоятын  болған.  Жылаған  күндері 

өлең  айтпаған.  Қайғы  жамылған  кісіге,  көзі  көрмейтін  адамға  ерекше 

құрмет көрсеткен.

«Мінезін  жақсартқысы  келмегендерді,  оқығанын  түсінбейтіндерді,  өз 

сеніміне  ермейтіндерді,  кемшіліктерін  жоюға  тырыспайтындарды  көр-

генде қайғы шегемін», – дейді екен.

Ғажайып нəрсе жөнінде, күш көрсету жайында, бұлғақ туралы, жын-

перілер жайлы ештеңе айтқысы келмейтін.

Конфуций өзінің ұрпақтарына болашақ жөнінде таңғажайып болжам-

дар да тастап кеткен. Мұны Қытай билеушілері екі жарым мың жыл жа-

сырын  зынданда  ұстап,  ешкімге  көрсетпей  келді.  Құпия  сақталған  сол 

құжатта  ақылман  Иса  пайғамбардың  дүниеге  келетінін 500 жыл  бұрын 

болжап  жазып  кеткен.  Америка  құрлығының  ашылуын  болжаған,  қайда 

орналасқанын,  көлемін  шамалап  көрсеткен.  Жиырмасыншы  ғасырда 

өкіметті  халық  арқылы  басқару,  яғни  демократия  жүзеге  асырылаты-

нын, жаңадан ашылған құрлықтың билеушілерімен қытай елінің аралас-

құраласы ХХ ғасырдың үшінші бөлігінде барып жүзеге асатынын, Қытай 

сол ғасыр соңында ең ұлы мемлекетке айналатынын жазған. 

Ол  туралы  Янь  Юань  айтады: «Қараған  сайын  биіктейді,  үңілген  са-

йын  тереңін  сеземін,  түбіне  жете  алмаймын,  бірде  алдымда  тұрғандай 

болып  тұрып,  бірде  артыма  шыққандай,  бірде  жанымда  сияқты,  бірде 

ұзап кеткендей. Бəрін бірден ашып көрсетпейді, адамды еліктіріп əкетеді, 

көзімізді  ашқандай,  дəстүрлер  мен  рəсімдерді  сақтай  біледі.  Күшім  аза-

йып  бара  жатса,  маған  жақындағанын  сезінемін.  Артынан  көз  жұмып 

ерейін десем ере алмаймын», – дейді. 

«Аспанға қол жайып біреуді айыптамадым, төменгі істермен айналы-

сып, Жоғарыға жеттім», – дейді данышпан.

«Өзіңді таза қалпымда сақтаймын деп өмірден алшақтама, ештеңемен 

айналыспай ортаңнан қол үзіп қалма», – дейді.

Конфуцийді  Сы  өзенінің  жағасына  жерледі.  Оқушылары  үш  жыл 

қара  жамылды.  Кейбіреулері  мазар  басында  алты  жылға  дейін  қалды. 

Бірте-бірте оның төңірегіне жүздеген үйлер қоныстанды.

Вольтер  Конфуций  туралы  былай  депті: «Қытай  Үкіметі  төрт  мың 

жыл  ішінде  халықты  алдамай-ақ  басқаруға  болатынын,  ақиқат  Құдайға 

қызмет  етуді  алдаусыз  жасауға  болатынын,  соқыр  сенім  пайдасыз  ғана 

емес, дін үшін де зиянды екенін көрсетті жəне көрсетіп келеді. Құдайды 

құрмет  тұту  ешуақытта  Қытайдағыдай  таза  əрі  киелі  болған  емес.  Мен 

халықтық  секталар  туралы  айтып  отырғаным  жоқ,  əңгіме  билеушінің 

діні туралы да емес немесе барлық соттар мен қара халыққа жатпайтын 

барлық  адамдардың  діні  туралы  да  айтып  отырғаным  жоқ.  Осынша 

ғасырлар  бойы  Қытайдағы  ізгі  ниетті  адамдардың  барлығының  дінінің 

беріктігі  не  себеп?  Меніңше  ол  діннің  жолы  қысқартып  айтқанда: 

Аспанға бағын жəне Əділетті бол».

Біз  Конфуций  деп  атайтын  ұлы  Кун-фу-цзы  кейде  көне  замандағы 

заң  шығарушы  ретінде,  діннің  негізін  қалаушы  ретінде  қаралатыны  жиі 

кездеседі,  бұл – үлкен  қателік.  Кун-фу-цзы  салыстырмалы  түрде  айтсақ 

ең  алғашқы  діндерден  кейінірек  өмір  сүрген.  Ол  ешқандай  табынарлық 


10

11

нəрсе  жасамаған,  жаңа  рəсім  шығармаған,  өзін  ешуақытта  Құдай  өкілі 



немесе  пайғамбар  атамаған,  ол  тек  адамгершіліктің  көне  тəртіптерін 

бойына жинаған, жүйелеген, өзінен кейінгілерге жеткізген.

Ұстаз  балық  аулайтын,  бірақ  ау  салмаушы  еді,  ол  қонып  отырған 

құсқа оқ атпаушы еді.

Атқорасы өртенгенде ұстаз: ешкімге зиян келген жоқ па? – деп сұрады. 

Аттар жөнінде ештеңе сұрамады.

Ұстаз  төсекте  жатқанның  өзінде  өліп  қалған  кісі  секілденбей  жина-

қы  жататын.  Өз  үйіндегілермен  отырғанда  қонақ  күтіп  отырған  кісінің 

кейпін кимеуші еді.

Ол адамдарды қорлықты кешіруге жəне тек ізгілікті есте тұтуға, өзін-

өзі ұдайы қадағалауға жəне кеше жіберген қатені бүгін жөндеуге шақы-

рады. Өз сезімін ауыздықтау жəне достықты қолдау, бергенде көп бермеу 

жəне алғанда да аса зəрліні ғана алу, жарамсақтанбау жолын ұсынады.

Ол  «өзіңе  жасағың  келмеген  қиянатты  өзгеге  де  жасама»  деп  үйрет-

пейді,  оны  зұлымдыққа  тыйым  жасау  ғана  деп  түсіндіреді,  одан  да  кө-

біректі,  биігіректі  қалайды: «өзіңе  қалай  жасағанды  қаласаң,  өзгеге  де 

соны жаса» – дейді.

Ол  тек  қарапайымдылыққа  ғана  үйретпейді,  бағынуға,  бар  ізгілікті 

қолдауға үндейді». 

Міне Вольтердің Конфуцийді түсіну деңгейі осылай.

Орыстың  ұлы  перзенті  Лев  Толстой  Конфуцийдің  үлесі  мол  ілімін 

былайша мақұлдайды:

«Шын  ілім  адамдарды  биік  ізгілікке  үйретеді,  ол – адамдардың  жа-

ңаруы. Биік жетістікке жету үшін:

1. бүкіл халықтың тұрмысы жақсы болсын. 

Ол үшін:


2. отбасының жағдайы жақсы болсын.

Ол үшін:


3. жеке өзіңнің жағдайың жақсы болсын.

Ол үшін:


4. жүрегің таза болсын. 

Ол үшін:


5. шыншыл бол, ой саналылығы болсын. 

Ол үшін:


6. жоғары сатылы білімің болсын. 

Ол үшін:


7. өзіңді өзің зертте.

Ақылды  адам  өзі  жалғыз  қалғанда  да  өзіне  сақ,  ол  қашан  да  тепе-

теңдік пен келісімді сақтайды. Оны барлығы бірдей біліп, құрметтемесе 

де ол оған өкінбейді. Оның ісі елеусіз жасалып-ақ ұзаққа жетеді.

Адам  жетілудің  үлгісін  өзінен  табады.  Ізгі  кісі  өзін  жетілдіргенімен 

өзгеден  соны  талап  етпейді.  Өзін  жетілдіруді  қиынсынған  кісі  алдамшы 

жолға  түскен  кісідей:  ылғи  алаңдаумен,  бақытты  сəтті  күтумен  болады. 

Адам ізгілікке жетсе, садақ атып, тимей қалғанда межелеген нəрсеге емес, 

өзіне өкпелеген мерген сияқты, сəтсіздік бола қалса өзгеге өкпелемейді. 

Жетілуге  ұмтылған  адам  ұзақ  жолды  біртіндеп  өтетін,  тауға  өрмеле-

генде төменнен бастаған адам сияқты.

Тоғышар адам бір іс туралы оны білмей тұрып пікір айтады, менмен 

кісі  мəселенің  шешімін  өзі  айтуға  ұмтылады.  Ізгі  кісі  үшін  мəселенің 

ірі-ұсағы  болмайды,  ол  ең  майда  мəселені  де  байқаусыз  қалдырмайды, 

соның  өзін  жетілу  дəрежесіне  жеткізуге  тырысады.  Ол  өзінің  ескі  білі-

мін бағалайды жəне оны толықтырып отырады.

Ізгі  адам  мынаны  уайымдайды:  əркім  өз  жүрегін  ұдайы  тыңдайды, 

онда ешқандай есуастық қалмауын ойлайды.

Ізгі  адам  өзгенің  көре  алмайтын  нəрсесін  көреді.  Аспан  əрекетінде 

жарық та, дыбыс та, иіс те жоқ. Ол тек ізгі кісіге көрінетінінің себебінің 

өзі сондықтан».

Бұл – қытай  ілімінің  Толстойға  еткен  əсері.  Конфуцийді  адамзат 

жаратылғалы биік ақыл деңгейіне жеткендердің ең ұлысы деп бекер ата-

маған.  Бұл  ілім  ескірмейді,  ұмытылмайды,  қашан  болсын  ілгері  жетеле-

уін қоймайды. Оның қасиетінің өзі осында. 

Конфуций соңына көптеген еңбектер қалдырған. Соның ең көрнектісі 

«Луньюй» – «Қанатты сөздер» деп аталады. Енді сол кітаптың ішінен те-

ріліп алынған маржан сөздерге құлақ түріңіз.



Ұстаз айтты:

Оқып  үйрену  мен  оқығаныңды  қайталап,  кемелденуге  ұдайы  ұмты-

лудың  өзі  қуаныш  емес  пе?  Алыстан  келген  досыңа  өзің  барып  аман-

дасқаның жөн емес пе? Ізгі адам деп елге танымал болмағанына өкінбе-

ген адамды айтпаймыз ба?

Ұстаз айтты:

Əкені  құрметтейтін,  үлкенді  қадір  тұтатын  адам  билеушіге  сын  айт-

пайды.  Билеушіге  өшікпеген  адам  бүліншілікке  құмартпайды.  Ізгі  адам 

осының  түбіріне  үңіледі:  əңгіме  əкеге  құрмет  пен  үлкенді  сыйлау – 

адамгершіліктің  негізі  екенін,  бүкіл  болашақтың  тағдыры  осында  жат-

қанын түсіндіруде жатыр.



12

13

Ұстаз айтты:

Сан  құбылған  мəнермен,  күлмеңдеп  сөйлеуге  құмарлардың  адамгер-

шілігі аз болады.



Ұстаз айтты:

Адамдар үшін адал қызмет ете алдым ба? Мінез-құлқым жұртқа жай-

лы  ма?  Достарыммен  қарым-қатынаста  адалмын  ба?  Маған  үйреткенді 

қайталап айтып, өнеге алып отырамын ба? – деп мен өзімнен күніне үш 

рет сұраймын.

Ұстаз айтты:

Тізгін ұстар болсаң, мыңдаған əскери күшің болсын, істе мұқият бол, 

əділ бол, адамның қамын ойла, қаржыны үнемді жұмса жəне адамдарды 

тиімді еңбекке жұмылдыра біл.



Ұстаз айтты:

Егер кімде-кім ізгілікті сезімнен биік қойса, əке-шешесіне беріле қыз-

мет  етсе,  патшаға  қызмет  жолында  өзін  құрбан  етуге  дайын  тұрса,  дос-

тарына адал болса, сауаты болмаса да, оны ғалым десе жарасады.



Ұстаз айтты:

Егер жақсы кісі тамақ үстінде қанағатшыл болып, қалайда асқазанды 

толтыруды  мақсат  тұтпаса,  өз  тұрмыс  жағдайы  үшін  көп  бас  қатырып, 

дүниеқоңызданбаса, істі шебер де шапшаң бітіріп тастауға ұмтылса, абай-

лап сөйлесе жəне өзін-өзі түзете жүрсе, істің шешілу жолын іздесе, оны 

жетілуді сүйетін кісі деуге болады.



Ұстаз айтты:

Жас адамдар ата-анасын ардақтауға, жасы үлкендерді сыйлауға, өз ісіне 

ыждаһаттылықпен  қарауға,  халқына  махаббатпен  қарап,  адамдарды  бір-

бірімен  жақындастыруға  міндетті.  Осы  міндеттерден  артылған  уақытта 

кітап оқысын.

Ұстаз айтты:

Адалдық  пен  туралыққа  ұмтыл,  өзіңе  тең  көрмеген  адаммен  достас-

па, өз қатеңді түзетуден қорықпа жəне тартынба.

Ұстаз айтты:

Адамдар  мені  білмейді-ау  деп  қайғыланба,  мен  адамдарды  білмей-

мін-ау де.

Ұстаз айтты:

Ескіні ұмытпай, жаңаны игерген адамды ұстаз десе болады.



Ұстаз айтты:

Жақсы  кісі  деп  сөзінен  ісі  көрінетін,  айтқан  сөзін  кейіннен  өзі  ұста-

натын кісіні айтады.

Ұстаз айтты:

Баланың ата-анасын сыйлауы оларды заттай қамтамасыз ету ғана деп 

түсінетіндер бар. Бірақ, жануарды да қамтамасыз етеді ғой. Үлкенге құр-

мет дегенде осы айырмашылықты білген жөн.



Ұстаз айтты:

Жақсы кісі түсінуге тырысады, бірақ одан пайда іздемейді. Жай адам 

пайда іздейді, бірақ түсінуге тырыспайды.

Ұстаз айтты:

Ой болмаса, оқудың керегі жоқ. Оқусыз ой қауіпті.



Ұстаз айтты:

Өзгенің айтқанына көзсіз еру зиян келтіреді.



Ұстаз айтты:

Білетініңді  білім  деп  ұқ,  білмейтініңді  білім  деме.  Білім  дегеніміздің 

өзі осы.

Ұстаз айтты:

Балалықты тастадым, білім қудым он бесте

Отыздарға келгенде кісі болу келді еске.

Қырық жасқа келгенде ойдағы желді тастадым,

Елулердің кезінде аға бола бастадым.

Өтірікті шындықтан ажыраттым алпыста

Жетпісімде жетіліп, қария болдым расында.

Халықты қалай бағындыруға болады деген сұраққа Ұстаз айтты:

Егер адал адамды көтермелеп, арамзаларды басшылықтан аластатсаң, 

халық бағынады. Егер арамзаны басшы етіп, адал адамдарды аластатсаң, 

халықты бағындыра алмайсың.



Халық  қайткен  күнде  билеушіні  құрметтейді,  беріле  қызмет  етеді 

жəне көтеріңкі көңіл күйде болады деп сұрағанда Ұстаз айтты:

14

15

Халқыңа байсалды бол, сонда ол сені құрметтейді, ұл мен əкенің па-



рызын  ұстан,  сонда  ел  саған  беріле  қызмет  етеді,  қабілеттіні  көтермеле, 

қабілетсізге үйрет, сонда ел көтеріңкі көңіл күйде болады.

 

Ұстаз айтты:

Көбірек тыңда, түсініксіз сөзді алып таста, қалғаны жайлы сөйле, сон-

да сені айыптай алмайды. Көбірек бақыла жəне қауіптен қаш, басқасында 

асықпай  əрекеттен,  сонда  аз  өкінесің.  Егер  сөзің  үшін  сирек  айыптаса 

жəне əрекетің үшін аз өкінсең, бұның қайтарымы бағалы.

Ұстаз айтты:

Басқаруға  араласқың  келсе,  ата-анаңды  қалай  құрметтесең,  туыста-

рыңа қалай сүйіспеншілікпен қарасаң, соның бəрін ел басқарғанда еліңе 

пайдалан.



Ұстаз айтты:

Адам  əділетті  болмаса  бола  ма?  Бұлай  болуы  мүмкін  екенін  түсіне 

алмаймын.  Арбаға  жегілген  атқа  арбаның  үлкен-кішілігіне  қарамай  мо-

йынтұрық керек қой, онсыз арба жүре ме?!



Он  ұрпақтан  кейінгілердің  не  көретінін  болжай  аласыз  ба  деген  сұ-

раққа Ұстаз айтты:

Ұрпақтан – ұрпаққа,  əкеден – балаға  не  қалып  жатқанын  дəл  білсек, 

оныншы емес, жүзінші ұрпаққа да не қалатынын болжап білу қиын емес.

Ұстаз айтты:

Əділеттілікпен  іс  істейтін  жағдайға  тап  болғанда,  бұғып  қалғанды 

қорқақтық дейміз.

Ұстаз айтты:

Халықты  айтқаныңды  мүлтіксіз  орындауға  зорлап  көндіруге  болады, 

бірақ əлдебір нəрсені үйренуге зорлап көндіре алмайсың.

Ұстаз айтты:

Адамгершілік  бар  жер  жанға  да  жайлы.  Ақылды  кісі  таңдау  бола  тұ-

рып оны таңдамауы мүмкін бе?

Ұстаз айтты:

Адамды  сүйе  де,  жек  көре  де  білетін  адамды  ғана  адамгершілігі  мол 

кісі дейді. 

Ұстаз айтты:

Əрбір  адам  өзінің  əділеттілігіне  қарай  қателеседі.  Адамның  қатесіне 

үңіліп қарасаң оның қаншалықты əділ екенін білуге болады.

Ұстаз айтты:

Адамгершіліктен  ажыраған  адам  ұзақ  уақыт  кедей  боп  қалмас,  бірақ 

мол байлыққа да кенелмейді. Адамдық қасиеті бар кісіге адамгершілік – 

рахат, ал ақылды кісіге ол пайдасын тигізеді.



Ұстаз айтты:

Жақсы  адаммен  кездесе  беру  қиын.  Мінезі  тұрақты  кісіні  кездестір-

сең  де  жетерлік.  Кімнің  сөзі  тұрақсыз  болса,  ол  жоқты  іздейді,  босты 

толы дейді, қажеттілікті асып-төгілгенмен теңгергісі келеді.



Ұстаз айтты:

Күші  жетпегендер  бастаған  ісін  орта  жолда  тастап  кетеді,  бастама-

ғандарды қайтеміз?

Ұстаз айтты:

Білу деген қалау емес, қалаудың бəрі рахат емес



Ұстаз айтты:

Үлкенге демалыс, досқа түсіністік, кішіге мейірім керек.



Ұстаз айтты:

Ізгі кісі адамдарға жəрдемді бай кезінде емес, кедей кезінде береді.



Ұстаз айтты:

Ортадан  жоғарырақ  тұрған  адамға  жоғары  туралы  айтуға  болады,  ал 

ортадан төмен адаммен жоғары туралы айтып əуре болма.

Ұстаз айтты:

Əр ауылда мені адалдығымен орап өтетін кісі табылады, бірақ білім-

ге ұмтылудан олар маған жете алмас.

Ұстаз айтты:

Үндеместен  есте  сақтасам,  талмастан  оқысам,  шаршамастан  үйрет-

сем – осы үшеуінің қайсысы менде бар.

Ұстаз айтты:

Мінезін  жақсартпағандарды,  оқытқанды  ұқпағандарды,  парызды 

ұмытқандарды, кемшілігін жоюға тырыспағандарды көргенде қайғы ше-

гемін.


16

17

Ұстаз айтты:

Білгір  білмегенмен  ақылдасса,  дарынды  дарынсыздан  сұраса,  өзінде 

бар  кісі  ештеңесі  жоқтай  түр  көрсетсе,  толы  нəрсені  бос  десе,  ренжітсе 

жауап қайтармаса – кісі сол, менің бір досым солай жасайтын.

Ұстаз айтты:

Нағыз адам қолжаулық бола алмайды.



Ұстаз айтты:

Шашып  төгуге  құмарлық  бағынбауға  ниеттендіреді,  үнемділік – жү-

деулікке. Бірақ жүдеулік бағынбағаннан жақсы. 

Ұстаз айтты:

Ізгі кісі үш нəрсені ұстанады: 

Құр сыртқы пішін, мінез дөрекілігі мен салдыр-салақтықтан аулақтық;

Бет пішіннің сенім келтірердей байсалдылығы;

Сөз сөйлегенде жалғандық пен ластықтан қашу.

 

Ұстаз айтты:

Жетім-жесірге қарайтын, үлкен отанымыздың тағдырын сеніп тапсы-

руға  жарайтын,  парызын  сатып  кетуге  итермелегенмен  көнбейтін  кісіні 

ізгі кісі дейміз.

Ұстаз айтты:

Ғалым  кісі  табанды  əрі  тиянақты  болмаса  болмайды,  өйткені  оның 

өзіне артқан жүгі ауыр жəне жүрер жолы ұзақ. Оның жүгі – адамгершілік, 

ол ауыр болмай қалай болсын. Ол өз жолын өлгенде ғана аяқтайды – бұ-

дан ұзақ жол бар ма?!

Ұстаз айтты:

Мен кеңес беруді бір тұтам сүр ет берген кісіден бастаймын. 



Ұстаз айтты:

Қайырымдылық бар жерде береке бар.



Ұстаз айтты:

Қайырымы  жоқ  кісі  жарымайды.  Олар  қуаныш  дегеннің  не  екенін 

шындап сезіне алмайды. Мейірімді кісі өзі де мейірім көреді. 

Ұстаз айтты:

Ақылды  кісіні  көрсең,  соған  ұқсауға  ұмтыл.  Ақылсыз  адамды  көр-

сең, өзіңді онымен іштей салыстырып көр де, ойлан.

Ұстаз айтты:

Ата-анаңнан  онша  ұзап  кетпе.  Алыс  кетуге  мəжбүр  болсаң,  хабар 

алып тұр.

Ұстаз айтты:

Сабырлы адам сирек қателеседі.



Ұстаз айтты:

Тек қана өз басының қамын ойлаған адам жеккөрініш туғызады.



Ұстаз айтты:

Қайырымды кісі зұлым бола алмайды.



Ұстаз айтты:

Ата-анаңды аяла, олардың бетінен алма. Олар сенімен келіспесе, қар-

сылық көрсетпе. Бұл жолда шаршасаң да төз.

Ұстаз айтты:

Мансабым жоқ деп қайғыланба, өмірден өз орнымды таба алмадым ба 

деп қайғылан.

Ұстаз айтты:

Ақылды азамат сөзге сараң, іске жомарт келеді.



Ұстаз айтты:

Табиғатынан тəрбиелілігі басым болса – жай адам.

Тəрбиелілігі табиғатынан басым болса – ғалым адам.

Табиғаты тəрбиесімен тең түсіп тұрса, нағыз ақылды азамат сол.



Ұстаз айтты:

Алдыма бір табақ ет əкеліп қойса да, қолымдағы кітабымды тастамай-

мын.

Ұстаз айтты:

Жауға  қарсы  аттанар  болсам,  жолбарысқа  қарсы  шауып  мерт  бола-

тынды;  өзеннен  қайықсыз  өтемін  деп  суға  кететінді  емес,  іске  ойланып, 

есеппен,  сақтықпен  кірісетінді;  алдын  ала  жүрер  жолының  жөн-жоба-

сын барлап алатын байсалды кісілерді алар едім.


18

19

Ұстаз айтты:

Ештеңе  оқып,  үйренбей-ақ  іс  тындыруға  болады  дейтіндер  бар.  Мен 

ондай емеспін. Көп тыңдап, қалағанымды, көңіліме қонғанын таңдап ала-

мын.  Көп  байқап,  қалағанымды,  жаным  ұнатқанды  ойыма  сақтаймын. 

Білімге жету дегеннің өзін осылай түсінемін.



Ұстаз айтты:

Адам  өзі  жүріп  келе  жатқан  жолын  ұлы  ете  алады,  ал  жол  адамды 

ұлы ете алмайды.

Ұстаз айтты:

Ең  алдымен  өзіңді  дұрыс  ұста,  сонда  ел  сенің  артыңнан  ешбір  бұй-

рықсыз  ереді.  Егер  өзіңді  дұрыс  ұстамасаң,  бұйрық  берсең  де  елің  ба-

ғынбайды, бет-бетімен кетеді.



Ел басқарудың мəнісі қалай дегенге Ұстаз айтты:

Патша – патша, құл – құл, əке – əке, ұл – ұл болсын.



Ұстаз айтты:

Егер  мемлекетте  дұрыс  та  əділ  мақсат  іске  асырылып  жатса,  онда 

ойыңды ашық айт, ашық əрекеттен. Егер мемлекетте дұрыс та əділ мақ-

сат жүзеге аспай жатса, онда ашық əрекет жасауға болғанмен, сақтықпен 

сөйлеген жөн.

Ұстаз айтты:

Патша болу қиын. Құл болу да оңай емес.



Ұстаз айтты:

Егер сен қарау əрі қызба болсаң, басқа жақсы мінезіңнен не пайда?!



Ұстаз айтты:

Үш жыл жалақы жөнінде ойланбай оқып-үйренуге талаптанған адам-

ды табу оңай емес.

Ұстаз айтты:

Өзіңді  оның  орнына  қойып  ойлана  алмасаң,  өзгенің  ісіне  араласып 

əуре болма.

Ұстаз айтты:

Іздегеніңді  таба  алмайтындай,  тапқаныңды  жоғалтып  алатындай  бо-

лып ізден.

Ұстаз айтты:

Тамақты  аз  жеп,  бірақ  құдайыны  мол  берсе,  күнделікті  киімді  қара-

пайым  киіп,  діни  рəсімдер  күні  жарқырай  киінсе,  нашар  үйде  тұрып, 

ауылын  топан  судан  қорғайтын  тоған  мен  арық  қаздыруға  ақшасын 

аямаса, ондай кісіден кемшілік іздеме.

Ұстаз айтты:

Үйде  əкем  мен  ағаларыма,  түзде  патша  мен  билеушіге  қызмет  ет-

сем,  өлілерді  ұмытпасам,  шарапқа  мас  болмасам – осылардың  үдесінен 

шығу менің бойымда сақталса – өзіме талабым осы.



Ұстаз айтты:

Төбе жасамақ болып топырақ үйіп, оны бітіру үшін тек соңғы зембіл 

қалғанда  тоқтасам,  бұл  тоқтау  маған  байланысты.  Немесе,  тегіс  жерде 

төбе жасау үшін бірінші зембілді төксем, бұл ілгері жылжу, ол да маған 

байланысты.

Ұстаз айтты:

Менімен  əңгімелескенде  өзгені  ойлап  отыратындарды  көріп  қинала-

мын.

 

Ұстаз айтты:



Көктеп  шыққанмен  гүлдемейтін,  гүлдегенмен  өнім  бермейтін  ағаш-

тар бар.


Ұстаз айтты:

Адам  баласы  жанымыздан  ағып  өтіп  бара  жатқан  өзен  суы  сияқты: 

біздің  жанымыздан  өтіп  кеткенмен  күндіз-түні  өзінің  жүрісін  тоқтат-

пайды.


Ұстаз айтты:

Əділ  сын  айтса,  неге  келіспеске?  Бұл  орайда  өзіңнің  жөнделуің  де 

маңызды.  Сыпайы  айтылған  ақылға  неге  қуанбасқа.  Бірақ  бəрінде  де 

оның  мəнісін  түсіну  керек.  Келісе  тұрып,  өзін  жөндемеген  жəне  істің 

мəнісін түсінбегендерге мен көмектесе алмаймын.

Ұстаз айтты:

Бастысы – адал  əрі  əділ  болу,  өзіңе  тең  болмаса  достаспа,  өз  қатеңді 

түзетуден қорықпа.


20

21

Ұстаз айтты:

Сіздер «бізді бағаламайды» деп шағынасыздар. Егер сіздерді біреу ба-

ғалай қалғанда, оны сіздер қалай пайдаланар едіңіздер?!



Ұстаз айтты:

Қолбасы  мен  сарбазды  айыруға  болады,  бірақ  қарапайым  адамды  өз 

қалауынан қалай айырарсың?

Ұстаз айтты:

Қарағай мен кипарис күн суыған сайын қатая түседі.



Ұстаз айтты:

Ізгі кісі адамдағы ең жақсы қасиеттер жеңіп, нашар қасиеттер жеңіліс 

тапса дейді. Нашар адам керісінше жасайды.

Ұстаз айтты:

Білетін  кісі  күмəнданбайды,  адамгершілігі  бар  уайымдамайды,  батыр 

кісі қорықпайды.

Ұстаз айтты:

Бірге дəріс алған адамның бəрі бірге жол жүруге жарай бермейді, бірге 

жол жүрген кісіңнің өзімен жеме-жемге келгенде ойың бір жерден шыға 

бермейді, ондай кісінің өзімен кей жағдайларда бірге қимылдай алмайсың.



Ұстаз айтты:

Өзіңнен кішіні құрметтеу керек. Оның сенен озып кетпейтінін қайдан 

білесің.  Бірақ 40-50-ге  келгенше  айтарлықтай  ештеңе  жасамағандар 

құрметтеуге лайықсыз.



Ұстаз айтты:

Қалауын шектей білетін адам, сыйлық берсең де ұрлық жасамайды.



Ұстаз айтты:

Адамгершілік  деп  нені  айтамыз?  Егер  кісі  өзін-өзі  ел  ішінде  жүрген-

де  мықты  бір  ұлықты  күтіп  алуға  жүргендей  болып  ұстаса,  өзіне  қала-

мағанды  өзгеге  жасамаса,  ел  ішінде  бүлік  салмаса,  үй  ішінде  де  ұрыс-

керіске себепкер болмаса, онда ол – адамгершілік иесі.

Ұстаз айтты:

Біреулер жақсы көрсе оған өмір тілеп, жек көрсе – өлім тілейді. Біреуге 

өмір не өлім тілеу екеуі де – адасқандық.

Өлім деген не? – дегенге Ұстаз айтты: 

Өмірдің не екенін білмей тұрып өлімді білуге бола ма?!



Ұстаз айтты:

Жиырма пайыз салық алсам да жетпей жатыр, биыл өнім де нашар бо-

лып тұр деген князьге, Ю Жо айтты:

Онда  он  пайыз  салық  ал.  Халыққа  жетсе  Сізге  де  жеткені.  Халыққа 

жетпей тұрса, Сізге қалай жетпек?

Ұстаз айтты:

Басқару мүмкіндігі қолында тұрған адам өзі жақсы істермен айналыс-

са, бүкіл халқы да жақсы іске ұмтылады. Ізгі кісіге ізгілік – жел, нашар 

кісіге ол – желге иілген шөп.



Ұстаз айтты:

Ұлы  деп  айлалылықтан  аулақ  əрі  турашыл,  əділдікті  сүйетін,  адам-

дардың  айтқанын  зерделейтін  жəне  олардың  бет-жүзін  барлайтін,  өзін 

өзгелерден  төмен  қоюға  тырысатын  кісіні  айтамыз.  Ол  өз  елінде  ғана 

емес, өз үйінде де көрнекті.

Цзы-гун сұрады:

Мемлекетті қалай басқаруға болады?



Ұстаз айтты:

– Біріншіден – мемлекетке жеткілікті азық-ауқат болсын.

– Екіншіден – мемлекетке жеткілікті қару-жарақ болсын.

– Үшіншіден – халық өз патшасына сенетін болсын.

Сонда Цзы-гун:

Егер осы үшеуінің біреуін құрбан ету керек болса, алдымен қайсысын 

құрбан етуге болады?

– Онда қару-жарақты құрбан ету керек.

– Қалған екеуінен біреуін құрбан етуге тура келсе ше?

–  Онда  азық-ауқатты.  Себебі,  азық-ауқатсыз  ашығып  қиналғанмен, 

патшаға сенім болмаса, ол ел мемлекет болып қала алмайды.

Ұстаз айтты:

Басқару дегеніміз – жөнделу. Кімде-кім жөнделгісі келмесе Сіз өзіңіз 

қашан жөнделесіз.

Ұстаз айтты:

 – Адамгершілік деген не?

 – Адамдарға махаббат.


22

23

– Білім деген не?



–  Ол  адамдарды  білу.  Адал  кісіні  адал  еместерден  биік  қойсаң,  адал 

еместерді адалдыққа тартасың.



Ұстаз айтты:

Біреуге дос болу үшін оған кеңес бергенде əділ бол. Егер ол тыңдама-

са, тыңдауды талап етпе, көңілің қалады.

Ұстаз айтты:

Ізгі  кісі  достық  байланыстар  жасағанда  өзінің  біліміне  сүйенеді,  ал 

достық байланыстар оның адамгершіл болуына жəрдемдеседі.

Ұстаз айтты:

Ұстамсыз  бен  тəртіптінің  екеуінің  ортасында  жүргендер,  орта  жол-

да  келе  жатқан  кісіні  таппадым  демесін.  Ұстамсыздарда  мақсаттылық, 

тəртіптілерде ұстамдылық бар.



Ұстаз айтты:

Қай елді жүз жыл бойы жақсы кісі басқарса, сол елде зорлық пен кісі 

өлтіру болмайды.

Ұстаз айтты:

Мені  қызметке  шақырған  билеушінің  ісі  бір  жылда  оңала  бастайды, 

үш жылда жетістіктерге жетеді.

Ұстаз айтты:

Билеуші рəсімдерді сақтайтын болса, халық оған құрметпен қарамауға 

батылы  бармайды;  билеуші  əділеттілікті  сүйсе,  ешкім  оны  тыңдамай 

кетпейді; билеуші шындықты сүйсе, ешкім адалдықтан аттамайды. Осы-

лай  болса  бұл  елге  жан-жақтан  балаларын  арқалаған  адамдар  келіп  қо-

ныстанады. Сонда билеуші егінді өзі ормайды.



Ұстаз айтты:

Қарамағыңдағыларға  үлгі  бол,  оларды  аз  ғана  кемшілігі  үшін  айып-

тама, лайықты əрі қабілеттілерді қызметте жоғарылат.

Ұстаз айтты:

Өзіңді  жөндесең,  басқаруың  жеңілдейді.  Өзіңді  жөндемесең,  өзгені 

қалай жөндейсің?

Ұстаз айтты:

Жетістікке  тез  жетемін  деп  есеп  жасама  жəне  аз  табысқа  елікпе. 

Асықсаң – мақсатқа жете алмайсың, азға қанағаттанып қоя салсаң, үлкен 

жетістікке жете алмайсың.



Ұстаз айтты:

Мемлекетті  басқарудағы  жетістік  дегеніміз  жақындағылар  қуанып, 

ұзақтағылардың жақындауы.

Ұстаз айтты:

Оқымысты  кісі  деп  мінезінде  ұялу  бар,  өзге  елге  барғанда  өз  елінің 

абыройына  қызмет  етуге  жарайтын,  ата-анасына,  үлкендерге  құрметпен 

қарайтын, сөзі шыншыл, əрекеті батыл адамды айтамыз.



Ұстаз айтты:

Кімнің ізгілігі тұрақты болмаса, ол кісі ұятқа қалады.

 

Ұстаз айтты:

Кім табанды, тəрбиешіл, алдамайтын болса жəне ойланбастан іс қыл-

маса, ол адам адамгершілікке жақын. 

Ұстаз айтты:

Білімдар  адам  деп  насихат  бере  алатын  жəне  тілектес  бола  алатын 

кісіні айтады. Ол досына насихат беріп, туысына тілектес бола алады.

Ұят деген не деп сұрағанға Ұстаз айтты:

Елде  ілгері  жүрер  жол  көрінбей  тұрған  кезде  еңбегіңе  жалақы  талап 

ету.

Ұстаз айтты:

Жеті жыл оқу оқытқан кісіні дауға жіберуге болады.



Ұстаз айтты:

Ізгі басшының қолында қызмет ету оңай, бірақ оның көңілін табу қиын. 

Көңілін  таппаған  соң  айтқанынан  шығуға  тырыссаң,  ол – бұрыс  жол. 

Ондай басшы əркімнің дарынына қарап бағалайды.

Ортақол  басшының  қолында  қызмет  ету  қиын,  бірақ  оған  жағу  оңай. 

Ондай  басшы  дарынға  қарай  бағаламайды,  ұсақ  ескертпелер  жасауға 

құмар.


24

25

Ұстаз айтты:

Білімді кісі тоқ жəне жайлы өмір көксемейді.

Ұстаз айтты:

Ізгі кісінің қашан болсын айтар сөзі бар, бірақ айтар сөзі бар кісі ылғи 

ізгі бола бермейді.

Ұстаз айтты:

Адамгершіл кісі ержүрек, бірақ ержүректің бəрі адамгершіл емес.



Ұстаз айтты:

Ізгі  кісінің  де  адамгершілігі  кем  болып  кездесетіні  бар,  бірақ  нашар 

адамның адамгершіл болып кездесетіні болмайды.

Ұстаз айтты:

Кедейдің өшпенді болмауы қиын, байдың озбыр болмауы оңай.



Ұстаз айтты:

Жетілген  кісі  деп  əділдікті  өз  пайдасына  жеңдірмейтін,  қиын  кезде 

өзін  қиюға  аянбайтын,  бірақ,  ұзақ  қиыншылықтың  өзінде  мойымайтын, 

уəдесін ұмытпайтын кісіні де айтпаймыз ба?



Ұстаз айтты:

Уақытын  тауып  сөйлесе,  оның  сөзінен  ешкім  шаршамайды;  көңілді 

кезде  күлсе,  оның  күлкісі  ешкімнің  ызасын  туғызбайды;  адал  жолмен 

меншік иесі болса, онда оның меншігін ешкім қызғанбайды.



Жамандыққа жақсылық жасау керек пе – деп сұрағанға Ұстаз айтты:

Онда  жақсылықтың  төлемі  қандай?  Жамандыққа  əділдігіне  қарай  тө-

лем жаса, жақсылыққа – жақсылық жаса.

Ұстаз айтты:

Жасында тəртіпсіз болып үлкенді тыңдамағандар, үлкейгенде ұрпағы-

на  қалдырарлық  ештеңе  жасамағандар,  қартайғанша  солай  жалғастыра 

беретіндер – қарақшылар.



Ұстаз айтты:

Ізгі кісі өз абыройына сай емес іс туралы ойламайды.



Ұстаз айтты:

Сөйлесуге  тұратын  кісімен  сөйлеспесеңіз,  дарындыны  жіберіп  ала-

сыз, сөйлесуге тұрмайтын адамға сөз айтсаңыз, оған айтқан сөзіңіз босқа 

кетеді. Ақылды кісі мүмкіндікті де жіберіп алмайды, сөзін де босқа шы-

ғындамайды.

Ұстаз айтты:

Көне заманда өзін жетілдіру үшін оқушы еді, бүгінде біреуге ұнау үшін 

оқиды.

Ұстаз айтты:

Ізгі кісі көп сөйлеуге ұялады, ал іске келгенде тойымсыз болады.



Ұстаз айтты:

Біреулерге  баға  бергіш  адамды  жетілген  кісі  деуге  болмайды.  Ізгі  кі-

сінің оған уақыты жоқ.

Ұстаз айтты:

Ізгі адам тапшылықта да өзін сақтайды, қиындықта ұстамды келеді, на-

шар адам босаңсып кетеді.

Ұстаз айтты:

Ойы биік адамдар жəне адамгершіл кісілер өз өмірін сақтап қалу үшін 

адамзатқа зиян келтірмейді, тек соңына дейін адамгершіл болу үшін өмірін 

қия алады.



Ұстаз айтты:

Егер  сіздің  сөзіңіз  адал  əрі  əділ  болса,  ісіңіз  ізгі  жəне  құрметке  толы 

болса, сіз жауыздар елінде де өзіңізді көрсете аласыз. Ал сөзі жалған бол-

са жəне əділ болмаса, ісі ізгі жəне құрметке толы болмаса, ондай адам өз 

елінде де өзін көрсете алмайды. Тұрған кезде сіз ойша алдыңызда өзіңізді 

көріңіз, арбада бара жатсаңыз, жақтауға сүйеніп отырған өзіңізді көріңіз. 

Сонда ғана өзіңізді танисыз.

Ұстаз айтты:

Ұзағынан ойлай білмейтін кісі жақын реніштерден құтыла алмайды.



Ұстаз айтты:

Уəде қиындықсыз орындалмайды.



Ұстаз айтты:

«Қалай ету керек?», «Қалай ету керек?» – деп өзінен қайта-қайта сұрай 

білмейтіндерді қалай етуге болатынын мен білмеймін.


26

27

Ұстаз айтты:

Күні бойы ақылды сөздер айтып, əділдік туралы ештеңе айтпау қандай 

қиын!


Ұстаз айтты:

Ізгі  кісі  əділдіктің  мағынасын  əсерсіз  қабылдайды.  Рəсімдер  іс-қи-

мылыңды соған теңгеру үшін керек, көндігу – рəсімнің мағынасы ашық 

көрінуі үшін, шыншылдық – рəсімде жетілу биігіне шығу үшін керек.



Ұстаз айтты:

Ізгі кісі өзінің жетілмегендігі үшін қайғырады, адамдарға белгілі емес-

тігі үшін қайғырмайды. 

Ұстаз айтты:

Ізгі  кісі  өлген  соң  өзінің  аты  атақты  болмай  қалады-ау  деп  уайымда-

майды. 

Ұстаз айтты:

Ізгі кісі өзінің ақылы асып тұрғанын біле тұра оны өзгеге көрсетпейді, 

ол адамдармен тез тіл табысып кетеді, ешкімді алаламайды.

Ұстаз айтты:

Ізгі кісі біреуді сөзі үшін көтермелемейді, бірақ біреудің сөзін кім айт-

қанына қарап қайтарып тастамайды.

Өмір бойы ұстанатын бір сөз бар ма – деп сұрағанға Ұстаз айтты:

Өзіңе тілемегенді өзгеге де тілеме.



Ұстаз айтты:

Егер мен біреуді жұрт алдында мақтасам, тек əбден тексерілген кісіні 

мақтадым.

Ұстаз айтты:

Ізгі кісі өзіне талапшыл. Нашар кісі өзгеге талапшыл.



Ұстаз айтты:

Мүлтіксіз сөз ізгі істі көлеңкелеуі, азғана төзімсіздік ұлы жоспарлар-

ға зиян келтіруі мүмкін.

Ұстаз айтты:

Кімде-кімді бəрі бірдей жек көрсе, оны тексеру керек. Кімде-кімді бəрі 

бірдей жақсы көрсе, оны да тексеру керек.

Ұстаз айтты:

Жөнделмегенді ғана қателік дейміз.



Ұстаз айтты:

Ізгі кісі ұсақ істерде бағалы емес, бірақ ол барлық ұлы істерді игере ала-

ды; жай адам ұлы істі ешуақытта игере алмайды, бірақ олар ұсақ істерде 

бағалы. 


Ұстаз айтты:

Адамгершіл болу мүмкіндігінде өзіңнің ұстазыңа да кезек берме.



Ұстаз айтты:

Өзіне талапшыл өзгеге кешірімді адамға өшпенділік бағытталмайды.



Ұстаз айтты:

Ізгі кісі өз пікірінде тұра біледі, бірақ қасарыспа болмайды.



Ұстаз айтты:

Жолың бір болмаса, бірге жоспар жасама.



Ұстаз айтты:

Бағалы асылзаты болып тұрып, елінің жолдан адасқанына жайбарақат 

қарап отырған адамды адамгершіл дейміз бе? Жоқ. Іске кірісуге ұмтыла 

тұрып, соны жасамаған адамды ақылды дейміз бе? Жоқ. Күндер мен айлар 

өтеді, сонымен бірге біздің өміріміз де өтеді.

Ұстаз айтты:

Көп күндер мен түндерде тамақ ішпей жəне ұйықтамай ойланып едім, 

сөйтсем, пайдалысы – оқу екен.

Ұстаз айтты:

Ізгі кісі пікірді ашық айтпай, оған дəлел табуға тырысатындарды жақ-

тырмайды.


28

29

Ұстаз айтты:

Мемлекетті  немесе  белгілі  əулетті  басқарып  отырған  кісіні  байлық-

тың жоқтығы емес, оны дұрыс бөлмеу, халықтың аздығы емес, оның əл-

ауқаты  тынышсыздандырғанын  көрдім.  Шаманы  білетін  жерде  кедейлік 

жоқ,  үндестік  болса  кемшілік  болмайды,  əл-ауқат  жақсы  болса,  наразы-

лық тумайды.

Ұстаз айтты:

Адамгершілік адамдар үшін от пен судан да маңыздырақ. От пен су-

дан  өлген  кісіні  көрдім,  бірақ  ешқашан  адамгершіліктен  өлген  адамды 

көрмедім.



Ұстаз айтты:

Биік ақыл мен ең үлкен топастық қана ешуақытта өзгермейді.



Ұстаз айтты:

Сырттай қатал көрініп, өзі ұяң болса, оны бір нашар адаммен салыс-

тырсаң,  ол  қабырғадан  ойық  ойып  тұрып,  қабырғаға  ұрынатын  ұрыға 

ұқсамай ма?!



Ұстаз айтты:

Табиғат  адамды  өзгелерге  жақындатады,  əдет  оларды  бір-бірінен 

алыстатады.

Ұстаз айтты:

Кім өсек таратса, ізгіліктен ажырағаны.



Ұстаз айтты:

Нашар  кісімен  бірге  патшаға  қызмет  етуге  бола  ма?  Ондай  адам  əлі 

мақсатына  жетпей  тұрып,  оған  жетуге  мазасызданады.  Жетіп  алған  соң 

оны  жоғалтып  алмауды  уайымдайды.  Жоғарыға  жетіп  алуға  уайымдап 

ол бəріне баруға əзір.

Ұстаз айтты:

Көне  замандарда  адамдарда  үш  кемшілік  болмаған.  Біздің  заманы-

мызда  ондайларды  табу  қиын.  Бұрынғылар  өз  пікірі  болғандықтан 

бағынбаушы  еді,  қазіргілерде  ол  бейбастақтықтан  болатын  болды,  бұ-

рынғыларда  паңдық  ұстамдылықтан  болушы  еді,  қазір  ызадан,  бұрын-

ғылардың ақымақтығы туралықтан болса, қазіргілердікі өтірікшіліктен.



Ұстаз айтты:

Əйелдермен жəне пиғылы нашар адамдармен сөйлесу қиын. Олар жа-

ныңа тым жақындап кетсе əдепсіз бола бастайды, кері ысырсаң өшігеді.

Ұстаз айтты:

Нашар адам қателескенде ылғи ақталарлық себеп табады.



Ұстаз айтты:

Ізгі кісі бəрінен де əділеттілікті жоғары бағалайды. Кім батыл болып, 

əділ болмаса, онда ол бүлік туғызады.

Ұстаз айтты:

Бір оқиға тап келгенде қандай мінез көрсету керектігін мен алдын ала 

болжамаймын. Ол пиғыл менде дайын.

Ұстаз айтты:

Ізгі  кісі  лайықты  адамдарды  құрметтейді,  өзгелердің  бəріне  төзімді-

лік танытады, жақсыларды мақтайды, қолынан іс келмейтіндерді аяйды.

Цзы-гун сұрады: 

Ізгі кісі біреуді жек көре ала ма? Ұстаз айтты:

Жек көре алады. Өсекшіні, жоғарыдағыны жамандайтын төмендегіні, 

батыл болғанмен қиқарларды.

Сен Цы кімді жек көресің?

Мен өзгенің ақылымен өмір сүретіндерді, бағынбауды батылдық, сөз 

тасуды туралық деп түсінетіндерді жек көремін.



Ұстаз айтты:

Жеңіл  істі  лайықты  бітіру  де  дұрыс  іс,  бірақ  ізгі  кісі  үлкен  іске  бет 

алғанда көп еңбектенеді, жеңіл істе онша көп күш шығындамайды.

Ұстаз айтты:

Оқуды  сүйетін  адам  деп  өзінің  жетілмегендігін  күніге  ұғатын,  үй-

ренген нəрсесін айына бір рет есіне түсіріп тұратын кісіні айтады.

Ұстаз айтты:

Оқымыстылық,  ұмтылыстың  табандылығы,  ізденгіштік,  барлық  жа-

қындар үшін қамқорлық. Адамгершіліктің өзі осы.


30

31

Ұстаз айтты:

Ізгі кісі үш жағдайда əртүрлі көрінеді: ұзақтан үлкен болып көрінеді, 

жақыннан сүйкімді, ал сөзі қаталдықпен ерекшеленеді.



Ұстаз айтты:

Қызметіңнен бос кезде оқы, оқудан бос кезіңде қызмет ет.



Ұстаз айтты:

Ізгі кісінің қателігі күн мен айдың тұтылғаны сияқты. Ол қателессе – 

жұрттың  бəрі  көреді,  қатесін  жөндесе – жұрттың  бəрінің  беті  оған 

бұрылады.



Ұстаз айтты:

Ел басқару үшін ізгі кісіге мынадай бес қасиет керек. Ол шапағатты-

лық  көрсетсе  де  шығындамайды,  яғни  өзіне  түскен  пайданы  халыққа 

үлестіреді;  адамдарды  жұмыс  істетсе  де  оларда  өшпенділік  тумайды, 

өйткені  əркімге  шамасы  келетін  іс  береді;  оның  тілек-мақсаттарына  дү-

ниеқоңыздық  жат,  өйткені  ол  тілектер  адамгершіл,  мақсат – биік;  ол 

маңғаз, бірақ өркөкірек емес, өйткені ешкімге менсінбегендей етіп қара-

майды; ол айбатты, бірақ мейірімсіз емес.

Сонымен бірге мынадай төрт кемшілікті жою керек: 

Өлімге айдалатын себебі белгіленбеген кісіні өлтіру – қаталдық, орын-

дауды алдын ала ескертпей, орындалуын талап ету – озбырлық, бұйрықты 

кешіктіріп,  оның  орындалуын  асықтыру – қиындыққа  итермелеу,  адам-

дарды бір нəрсесінен айырылдыра тұрып, қараулық таныту – ойсыздық.

Ұстаз айтты:

Айтқан сөзін түсінбей, адамның кім екенін білу қиын.



Ұстаз айтты:

Кəсіпшілер өз ісін орындау үшін шеберханада еңбектенеді, ал ізгі кісі 

өз ісін орындау үшін оқиды.

Ұстаз айтты:

Ұстамды адамның қателігі аз болады.



Ұстаз айтты:

Тек пайда көздеген адам өшпенділікті өсіреді.



Ұстаз айтты:

Менің  орным  қайда  деп  өкінбе,  өзіңнің  жетілмегендігіңе  өкін.  Мені 

білмей қалатын болды деп өкінбе, мен өзгелерді жете білмедім деп өкін. 

Ұстаз айтты:

Ізгі кісі парызды ойлайды. Төмен адам пайда ойлайды.



Ұстаз айтты:

Өзіңнен жоғарыға қарап, соған жетуге ұмтыл, өзіңнен төменді көріп, 

өз ішіңе үңіл.

Ұстаз айтты:

Ізгі  кісі  қарапайым  адамдардың  сеніміне  кірмей  істі  орындауға  мəж-

бүр  етпейді,  өйтсе  ол  зорлықшы  көрінер  еді;  сенімге  кірмей  ол  насихат 

бермейді, өйтсе оны жалақор деп қабылдауы мүмкін.



Ұстаз айтты:

Билеушімен  келіспесең  көрген  күнің  қиындар,  достарыңмен  келіспе-

сең достықтан айрыларсың.

Ұстаз айтты:

Жетістікке  тез  жетемін  деп  есеп  жасама  жəне  аз  табысқа  елікпе. 

Асықсаң – мақсатыңның  орындалуы  қиындайды,  азға  қанағаттанып  қоя 

салсаң үлкен жетістікке жете алмайсың.



Ұстаз айтты:

Мемлекетті  басқарудағы  жетістік  дегеніміз – жақындағылардың  қуа-

нып, ұзақтағылардың жақындауы.

Ұстаз айтты:

Ұстамсыз  бен  тəртіптінің  екеуінің  ортасында  жүргендер,  орта  жол-

да  келе  жатқан  кісіні  таппадым  демесін.  Ұстамсыздарда  мақсаттылық, 

тəртіптілерде  ұстамдылық  бар,  орта  жолды  ұстанғандар  оның  екеуінен 

де тəлім алғандар.

Ұстаз айтты:

Адам əкесі өлген соң үш жылға дейін əке жолын ұстанса, онда əкесі-

нің аруағын құрметтей алғаны.

Ұстаз айтты:

Кімнің ізгілігі тұрақты болмаса, ол кісі ұятқа қалады.



32

33

Ұстаз айтты:

Оқымысты  кісі  деп  мінезінде  ұялу  бар,  өзге  елге  барғанда  өз  елінің 

абыройына  қызмет  етуге  жарайтын,  ата-анасына,  үлкендерге  құрметпен 

қарайтын, сөзі шыншыл, əрекеті батыл адамды айтамыз.

Ұстаз айтты:

Үш пайдалы жəне үш зиянды қуаныш бар. Пайдалысы – рəсіміне му-

зыкасы сай болса, адамдардың жақсы ісі туралы сөз болса, достасқанда-

рыңның  көбі  лайықты  адамдар  болса.  Зияндысы – өзімшілдікке,  ештеңе 

істемегенге жəне отырысқа қуану.

Ұстаз айтты:

Үш  пайдалы  дос  болады,  үш  зиян  келтіретін  дос  болады.  Пайдалы-

сы – əділ  дос,  шыншыл  дос  жəне  көп  білетін  дос.  Зиян  келтіретіні – 

əділетсіз дос, екіжүзді дос жəне көп сөйлейтін дос.



Ұстаз айтты:

Алты адасуға апаратын алты себеп:

Адамгершілікке  ұмтылып,  оқығысы  келмесе,  бұл  адасу  ақымақтыққа 

алып барады.

Ақылды  екенін  көрсетуге  ұмтылып,  оқығысы  келмесе,  ол  өрескел-

дікке алып келеді.

Əділ болуға ұмтылып, оқығысы келмесе, зиян əкеледі.

Туралыққа ұмтылып, оқығысы келмесе, дөрекілікке алып келеді.

Ержүрек болуға ұмтылып, оқығысы келмесе, бүлікшілікке алып келеді.

Қажымастыққа  ұмтылып,  оқығысы  келмесе,  онда  ол  аңдамаушылық-

қа алып келеді.

Ұстаз айтты:

Ізгі кісі үш жағдайда тебіреніс сезінеді: Аспан Əмірін, Ұлылар əмірін 

жəне  биік  ақыл  иелерінің  сөздерін  естігенде.  Жай  адам  Аспан  əмірін 

түсінбейді,  ұлылар  əміріне  құрмет  сезімі  болмайды  жəне  биік  ақыл  ие-

лерінің сөздерін қабыл алмайды.

Ұстаз айтты:

Ізгі  кісінің  жанында  үш  қателікке  жол  беріледі:  сөйлемейтін  кезде 

сөйлеу – асығыстық, сөйлеуге тиіс кезде сөйлемеу – бұл тұйықтық жəне 

əріптесінің бет-əлпеті өзгеруіне қарамай сөйлеу – көрсоқырлық.



Ұстаз айтты:

Төрт нəрседен бойыңды аулақ сал:

 – өнбес ойға берілу;

 – үзілді-кесілді болу;

 – айтқанынан қайтпайтын қыңырлық;

 – жеке басын ғана ойлау.



Ұстаз айтты:

Ізгі кісі тоғыз ойды есінде тұтады:

қараған кезде анық байқады ма;

естіген кезде дұрыс естіді ме;

өзінің бет-əлпеті тартымды ма;

сөзі шыншыл ма;

іске дұрыс көңілмен қарай ма;

күмəн туса ақылдасуға дайын ба;

ашуланса соңы теріске айналып кетпей ме;

қандай жетістіктерге болса да жеткенде онысы əділетті бола ма.



Ұстаз айтты:

«Жақсыға ұмтыламын, одан айрылып қаламын ба деп қорқамын, жа-

маннан  күйіп  қалатындай  болып  қиналамын» – дегендерді  көп  естідім. 

«Жүрегім неге ұмтылса соны табу үшін өмір сүремін: əділ істі ғана жа-

саймын, солай етіп өз жолымды табамын» – дейтіндерді кездестірмедім.

Ұстаз айтты:

Адамгершіл кісіде мына бес қасиет болуы керек:

Кісіге шын құрмет, кең пейілділік, шыншылдық, зеректік, мейірбандық.

Біріншісі – жарамсақтануға жол бермейді:

Екіншісі – барлығын бағындырады:

Үшіншісі – адамдардың көңіліне сенім ұялатады:

Төртіншісі – жеңіске жетуге мүмкіндік береді:

Бесіншісі – адамдарды басқаруға мүмкіндік туғызады.



Ұстаз айтты:

Ұлы адам – туғаннан біліп туады, келесісі – оқып біледі, одан кейін-

гісі – керек кезде оқиды, ең соңғысы керек кезде де оқымайды.

Ұстаз төрт түрлі нəрсеге үйретті:

Бірінші – кітапты түсініп оқуға;

Екінші – адамгершілікті сақтауға;


34

35

Үшінші – Отанға адалдыққа;



Төртінші – əділдікке.

Міне құрметті оқырман, Конфуций даналығы дегеніміз осы.

Өмірінің соңына қарай ақылман Ұстаз бір сөзінде былай депті: «Бəрі 

бітті. Мен сезім рахатындай етіп ізгілікті сүйетін ешкімді кездестіре ал-

мадым».  Ұдайы  қанағаттанбау,  ұдайы  көңілі  толмаушылық  деген  осы. 

Кісі өмірінің соңына қарай арманшылдықтан гөрі өкінішті ойларға көбі-

рек  ойысатынын  көреміз.  Бұндай  ойларды  Абайдан  да,  Толстойдан  да, 

Баласағұннан да кездестірдім. 

Бұл  шығарма  Конфуцийдің  орыс  тілінде  жарық  көрген  шығармалар 

жинағының негізінде жəне түрлі ақпарат көздерінен оқыған құжаттар не-

гізінде дайындалды. 

Осы жазбаларды оқып, қытай мəдениеті, қытай үлгісі деген тақырып-

ты  бір  досыммен  бірер  сағат  талқылап  отырдық.  Ол  ешкімді  əсіре  үлгі 

етіп, табына берудің керегі жоқ деп бастап, екеуміз ұзақ сонар тартысқа 

түсіп кеттік. Мен оны қыздырмалатып қарсы сұрақтар қойып отырдым. 

Алдымен ол бастады. Екеуміздің əңгімеміз былай өрбіді:

–  Қытай  халқы  бұрын  бір  кішкене  ғана  ауылда  болған,  кейіннен  ба-

рып көбейген.

–  Біз  бəріміз  де  солай  көбейгенбіз  ғой,  қытайлар  бəрібір  біздің  хал-

қымыздан үш-төрт мың жыл бұрын қалыптасқан.

 – Біздер аз болғанымызбен еркіндік сүйгенбіз, кісілік кейпіміз, ірілігі-

міз ешбір елден төмен болмаған.

– Бүгінгі қазақтарда сол мінезден аз ғана қалған сияқты… 

– Олай емес. Рух əлсіреген жоқ, майысты… Немесе жасырынып қал-

ды деуге болар. 86-да бұрқ етіп көрінгенін мойындарсың?!

–  Бəрібір,  еркіндігі  жоғалып – жарамсаққа  айналып,  кісілік  қалыпты 

абайшылдыққа, бақай есепке айырбастап баратқандар көбейді емес пе? 

–  Отырықшылық,  жер  жүзінде  адам  санының  осы  ғасырда  күрт  кө-

беюіне байланысты қазақ секілді еркін ұлтты өркениеттің даму жолында 

адастыра бастады ғой.

– Болашақтан үміт солып бара жатқандай…

– Өзің дəріптеп отырған Конфуций не деді: «Он ұрпақтан кейінгілер-

дің не көретінін болжай аласыз ба деген сұраққа Ұстаз айтты:

Ұрпақтан-ұрпаққа, əкеден-балаға не қалып жатқанын дəл білсек, онын-

шы  емес  жүзінші  ұрпаққа  да  не  қалатынын  болжап  білу  қиын  емес». 

Болашағымыз  жарқын. 86-ның  рухы  қазақты  дүр  сілкіндірді,  аяғы  еге-

мендік пен тəуелсіздікке ұласты.

–  Ұрпақтан-ұрпаққа  жалғасып  келе  жатқан  бесік  жыры  үзіліп  барат-

қанын  қайда  қоямыз?  Оған  памперс  қана  кінəлі  емес,  алдымен  аналар-

дың  көбінің  бесік  жыры  түгілі  өз  ана  тілін  де  білмейтіні  кінəлі.  Ертегі 

айта білетін анадан арақ ішіп отырып бала емізетін немесе тууды тіптен 

қаламайтын əйелдер көбірек болып барады. Сен рухымыз биіктігін көр-

сеттік дейсің. Рухтың биіктігі бір кесек қимылмен ғана өлшене ме екен. 

Базардағы күнделікті күнкөріспен ғана жүргендерді, сол базарда тауарын 

саудалаудан  бойындағы  жалғыз  қымбаттысы – арын  саудалауды  жеңіл 

көріп жүргендерді қайтеміз?

– Қоғамның дамуы дəстүрлер мен рəсімдерге өзгерістер енгізеді, оған 

көндігу  керек.  Өмірдің  мағынасын  түсіндіретін  тəрбиені  қайта  бастау, 

жандандыру керек, оныңмен келісемін.

–  Қытайлықтардың  рəсім  мен  жөн-жоралғыны  ұстануын  мойындай 

бастапсың ғой, сөзіңе қосып қалыпсың.

–  Бүгінгі  қытайлықтарда  мен  білетін  мынадай  кемшіліктер  бар:  олар 

өтірік  сөйлемейді,  тек  шындықты  айтпайды;  олар  «сыртың  биязы,  ішің 

қатты  болсын»  деп  үйретеді.  Мысалы,  еуропалықтарды  «шəйнек»  де-

сек (іші де, сырты да ыстық), қытайлықтар «термос» (іші ыстық, сырты 

суық). Демек, ішкі шын сезім сыртқа шыға бермеуі керек. Барлық жерде 

қайғының  түсі – қара,  Қытайда – ақ.  Бір  кісі,  бұрынырақта,  кəдімгі  қол 

есепшотының бізде көлденең қағылса, оларда тігінен қағылатынын көріп 

таңданғанын айтып еді. Бүгін де солай екен: компьютер сандары барлық 

жерде солдан оңға қарай жазылса, оларда оңнан солға қарай. Компас бізде 

солтүстікті  көрсетсе,  оларда  оңтүстікті  көрсетеді.  Олардың  өзге  елдер-

ден келгендермен сөйлесу мəнерінен астамшылық, менсінбеу, сыйламау, 

жек көру, санаспау, енжар қарау, өздеріне ризалық сезініп тұрады. 

– Бүгінгі қытайдағы дəстүр мен мінездің бəріне Конфуций кінəлі емес 

қой…  Қазақта  дəстүр  мен  жөн-жоралғы  адасып,  қай  əдет  қай  ұлттың 

дəстүрі екені ұмытылып, араласып кеткен.

– Қазақта қасиетті мінездер аз емес. Мысалы, жілікті қазанға саларда 

бөлмей  салудың  өзі  биік  қасиет  емес  пе?  Моңғолдар  етті  шірітіп  жейді, 

қазақ тоңазытқыш деген атымен жоқ заманда етті қалай əдемілеп сақтай 

білген.  Жүректі  тыңдау  деген  ұғым  қазақтан  шыққан.  Қазақтың  баласы 

неге мейірімді, ата-анасын мүлтіксіз тыңдайтын болған? Оның себебі қа-

зақтың əйелі баласын қойнына алып жатқан. Қойында көп жатқан сайын 

бала мейірімді болады.

– Мүмкін оның рас та шығар, бірақ қазір баланы қойынға алып жата-

тындар азайды емес пе, қойынға алмақ түгілі емізбейтіндер көп, уызында 

жарымаған бала қайдан оңсын. Сосын баланы қойынға алып жатар таза-



37

лық  та  қалмады.  Қай  қазақтың  үйінде  ғұсылхана  бар?  Қазақ  зиялыла-

рының  ішінде  өздері  қазақ  тілін  насихаттап,  қорғағансып  жүргендер-

дің бəрінің дерлік балалары қазақша білмейді…

Əңгімеміз аяқталмай қалды.

Бұл бір кеште аяқтала қояр əңгіме емес еді...

Мұндай сұхбатқа жиі орала берудің де сəті түсе бермейді...

IX. 1997 – XII. 1998

XII. 2005



  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   52


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал