Жаратылыстану-математикалық факультеті



жүктеу 0.55 Mb.

бет3/6
Дата01.05.2017
өлшемі0.55 Mb.
1   2   3   4   5   6

5. Дəрістік кешен 

1 дəріс 

Тақырыбы: Қазақстанның ТМД мен əлем картасында орны. 

Мақсаты:  Қазақстанның  ТМД-дағы  жəне  əлемдегі  орның  анықтау,  географиялық  орнына 

сипаттама беру. 



Қарастырылатын сұрақтар: 

1. Қазақстанның экономикалық жəне əлеуметтік георафиясының обьектісі. 

2.  Еліміздің  аумағының  көлемі,  халқының  саны,  табиғат  байлығының  түрлері  мен  қоры, 

өнеркəсіп жəне ауыл шаруашылығының өнім көлемінен ТМД мен əлемде алатын орны. 

3.  Қазақстанның  нарықтық  экономикаға  көшуі:  міндеттері,  елеулі  жетістіктері, 

қиындықтары.  



Мазмұны:  Қазақстан  Республикасының  аумағы  –  2724,9  мың  млн.  шаршы  шақырым.Ол  Иран, 

Ирак  жəне  Түркия  секілді  мемлекеттердің  аумақтарын  қоса  алғандағы  шамасындай.  Қазақстан 

аумағына  Франция,  Испания,  Швеция,  Финляндия,  Италия,  Ұлыбритания  сияқты  Батыс 

Еуропаның  бірқатар  мемлекеттері  еркін  сыйып  кеткен  болар  еді.  Қазақстан  жерінің  кең 

байтақтығы,  ең  алдымен,  оның  солтүстіктен  оңтүстікке  қарай  созылып  жатуы  Қазақстанның 

топырақ-климат жағдайларының алуан түрлі болуына əсер етеді. 



Өзін-өзі тексеретін сұрақтар: 

1.  Қазақстанның аумағы мен географиялық орыны қандай? 

2.  Қазақстанның ТМД-дағы алатын орны қандай? 

Пайдаланатын əдебиеттер: 

1.  Қожахмет  М.  Қазақстаң  Республикасының  экономикалық  жəне  əлеуметтік  географиясы: 

Оқу құралы. – Қарағанды: ҚарМУ, 2006.  

2.  Ахметова  К.  Қазақстанның  экономикалық  жəне  əлеуметтік  географиясы.  –  Алматы: 

«Мектеп», 2001.  

 

2 дəріс 



Тақырыбы: Табиғат жағдайы мен табиғат ресурстарына баға беру. 

Мақсаты: Табиғат жағдайын талдау жəне табиғат ресурстарына баға беру.  

Қарастырылатын сұрақтар: 

1. Қазақстан табиғатына тəн ерекшеліктер, оның шаруашылыққа əсері. 

 

2. Табиғи-ресурстық потенциалы.   



3.  Табиғат  ресурстарының  алуан  түрлілігі,  оның  шаруашылықтың  энергетикалық  жəне 

шикізаттық базасы екендігі. 

4.Табиғатты қорғау, оның ресурстарын ұтымды пайдалану. 

Мазмұны:  Қазақстанның  табиғат  жағдайының  басты  ерекшелігі  –  Еуразия  материгінің  тең 

ортасындағы  континенталдық  орыны.  Республика  территориясы  қоңыржай  белдеудегі  төрт 

табиғи  зоналарында  жатыр:  орманды  дала,  дала,  шөлейт  жəне  шөл  зоналары.  Қазақстан  дүние 

жүзінде  табиғат  ресурстары  қоры  бойынша  6-ші  орын  алады.  Жан  басына  шаққанда  мұнай,  газ, 

көмір,темір, хром мен марганец, көптеген түсті металл рудалары, фосфат қорларымен қамтамасыз 

етілу  көрсеткіші  дүние  жүзілік  орта  көрсеткіштен  жоғары  болып  отыр.  Қазырғы  уақытта  60 

элемент өндіріледі жəне шаруашылықта шикізат ретінде пайдаланылады. Қазырғы кезде 500-ден 

астам  пайдалы  қазбалар  кен  орыны  белгілі,  одан  1225-тен  астам  минералдық-шикізатты  табуға 

болады.  

Өзін-өзі тексеретін сұрақтар: 

1. Қазақстан қандай ресурстарына бай? 



Пайдаланатын əдебиеттер: 

 

22

1.  Ахметова  К.  Қазақстанның  экономикалық  жəне  əлеуметтік  географиясы.  –  Алматы: 



«Мектеп», 2001. 

 

3 дəріс 

Тақырыбы: Табиғат ресурстарына баға беру. 

Мақсаты: Табиғат ресурстарын талдау. 

Қарастырылатын сұрақтар: 

1. Қазақстан табиғатына тəн ерекшеліктер, оның шаруашылыққа əсері. 

 

2. Табиғи-ресурстық потенциалы.   



3.  Табиғат  ресурстарының  алуан  түрлілігі,  оның  шаруашылықтың  энергетикалық  жəне 

шикізаттық базасы екендігі. 

4. Табиғатты қорғау, оның ресурстарын ұтымды пайдалану. 

Мазмұны: Қазақстан Республикасы территориясында маңызы жағынан жер қойнау ресурстарын 

4  топқа:  локалдық,  аймақтық,  мемлекеттік  жəне  халықаралық  деп  бөлуге  болады.  Жалпы  еліміз 

бойынша  соңғы  екі  топтағы  ресурстардың  ролі  басым  жəне  олар  өндірістің  құрылымы  мен  оны 

территориялық  ұйымдастыру  маңызы  зор.  Сондықтан  Қазақстан  экономикасының  стратегиясы 

мен  тактикасын  айқындау,  өндіргіш  күштерінің  дамуы  мен  орналасуын  болжау  табиғат 

ресурстарына  байланысты.  Қазақстан  отын  ресурстары  қоры  бойынша  дүние  жүзінде  сегізінші 

орынды алады. Тас жəне қоныр көмірдің 450 кен орыны бар, оларда 40 млрд. т жуық баланстық 

қоры шоғырланған. Қазіргі уақытта республикада геологиялық барланған жəне барланып жатқан 

14  мұнай-газ  бассейні  жəне  203-тен  астам  көмір  сутегі  шикізаттарының  кен  орындары  бар. 

Республикада  дүние  жүзі  хром  рудасының  30%  қоры,  26  –  марганец,  10%  темір  рудасы 

шоғырланған. 

Өзін-өзі тексеретін сұрақтар: 

1. Қазақстан табиғат ресурстарының экономикада алатын орны қандай? 



Пайдаланатын əдебиеттер: 

1.  Ахметова  К.  Қазақстанның  экономикалық  жəне  əлеуметтік  географиясы.  –  Алматы: 

«Мектеп», 2001. 

 

4-5  дəріс 



Тақырыбы: Қазақстанның халқы мен еңбек ресурстары. 

Мақсаты: Халық еңбек ресурстарын талдау. 

Қарастырылатын сұрақтар: 

1. Қазақстан халқы санының өзгерісі, табиғи өсімі жəне миграция. 

2. Туу көрсеткішінің төмендеу себебі. 

3. Халықтың тығыздығы, оның аумақтық айырмашылықтары. 

4. Шетелдердегі қазақ диаспорасы, олардың өз отанына оралуы, оның қиындықтары. 

5. Халықтың ұлттық құрамы, ұлтаралық қатынас, ұлт ассамблеясының ролі. 

6. ҚР конституциясы Қазақстанды қоныстанған барлық ұлттар жəне халықтар тілдерінің тең 

құқығы жайлы. 

7. Елді мекен типтері, орналасу ерекешеліктері. 

8. Еңбек ресурстары жəне олардың ұтымды пайдалану мəселелері. 



Мазмұны:  Еңбек  ресурстары  деген  түсінік  ғылым  мен  практикаға  алдемен  Кеңестер  Одағында, 

одан соң басқа социалистік елдерде де енді.Ол жоспарлы экономикалық мүддесіне қызмет етуге 

бейім болды. Оның көмегімен мемлекет өз азматтарының еңбегін басқарады. Елді, аймақты, елді 

мекендерді  зерттеу  үшін,  халықтың  санын,  оның  жыл  сайынғы  өзгерісі  мен  жынысқа,  жасқа 

байланысты  таралуын,  қала  мен  ауылда  қанша  халық  тұратынын,  олардың  ішіндегі  еібекке 

жарамды  адамдар  санын,  олардың  шаруашылықтың  қай  саласымен  айналысатынын,  ұлттық 

құрамын, еңбек ету дағдысын,əдет-ғұрпын білудің маңызы зор. 

Өзін-өзі тексеретін сұрақтар: 

1. Қазақстанның еңбек ресурстарының қалыптасуына қанадй жағдайлар əсер етеді? 



Пайдаланатын əдебиеттер: 

 

23

1.  Ахметова  К.  Қазақстанның  экономикалық  жəне  əлеуметтік  географиясы.  –  Алматы: 



«Мектеп», 2001. 

 

6-7  дəріс 



Тақырыбы: Қазақстан шаруашылығының дамуы. 

Мақсаты:  Қазақстан  шаруашылығының  революцияға  дейінгі  дамуы  жəне  қазіргі  кезеңдегі 

дамуын талдау. 



Қарастырылатын сұрақтар: 

1.  Қазақстан шаруашылығының дамуы. 

2. Шаруашылықтың дамуына əсер ететін жағдайлар. 

3. Қазақстан шаруашылығының салалары. 

4. Өнеркəсіп саласы. 

Мазмұны:  Революцияға  дейіңгі    Қазақстан  шаруашылығының  негізгі  белгілері,  Қазақстан 

республикасында  жаңа  шаруашылық  географиясының  құрылуы.  Қазақстанның  теттиториясында 

адамдар  көне  дəуірден  бастап  қоныстанған.  Мыс:  Семей  қаласының  маңында  Каспий  теңізінің 

сарытас  шығанағы  жағалауында  Бұқтырма  өзені  аңғарында.Қазақстанның  алғашқы  тарихи  даму 

кезеңдерінде  шаруашылықтың  дамуына  əр  елдің  сауда  мен  мəдениет    байланыстары  əсер  еткен 

ұлы  Жібек  жолы    Қазақсаның  жерін    ресей  империясының  отарлауы  16  ғ.  басталды.солтүстік 

шығыс  аңғарларының  құнарлы  аймақтарында  орыстар  орын  тепті.17  ғ.  орталықтарында  бекініс 

Орал  өзенінің  жағалауы  бойынша  Ертіс  бойымен  омбы  қаласының   Семей  мен  Өскеменге  дейін 

Тобылдан Павлодар қаласына дейін созылды. 18 ғ. орталық шығыс қазақстанда мыс полиметалл 

кен  орындарың  ашылуы  Тау  кен  өнеркəсібінің  дамуына  бұқтырма,  риддер,  Зырьяновск 

рудниктері пайдалануға берілді.ресейдің саяси  экономикалық ықпалының күшеюіне байланысты 

Қазақстан  экономикада  салалық  жəне  территориялық  құрылымдық  өзгерістер  бола  бастады. 

Тауарлық өндірістер мен сауда дамыды.  

Өзін-өзі тексеретін сұрақтар: 

1. Қазақстан Республикасының шаруашылығын дамуына қандай жағдайлар əсер етті? 



Пайдаланатын əдебиеттер: 

1.  Ахметова  К.  Қазақстанның  экономикалық  жəне  əлеуметтік  географиясы.  –  Алматы: 

«Мектеп», 2001. 

 

8  дəріс 



Тақырыбы: Отын энергетика кешені. 

Мақсаты: Отын энергетика кешендерін салаларға бөлу. 

Қарастырылатын сұрақтар: 

1. Энергетиканың құрамы жəне оның шаруашылық маңызы. 

2. Қазақстанның энергетикалық ресурстары, оның түрлері жəне өнеркəсіптегі орны, қазіргі 

даму жайы. 

4.  Каспий қайраңы мұнайын зерттеу жəне бұл жөнінде мемлекетаралық келісімдер. 

Мазмұны:  Отын-энергетикалық  кешен  (ОЭК)  отын  өнеркəсібі  мен  электр  энергетикасын 

біріктіреді. Оның негізгі міндеті – халықты, шаруашылықтың барлық салаларын қамтамасыз ету 

үшін  энергияның  əр-түрлі  өндіру  жəне  сыртқа  шығару  (экспорт).  ОЭК  отынды  өндіру  мен  оны 

алғашқы  өңдеуді,  электр  энергиясы  мен  жылу  өндіру,  тұтынушыларға  электр  жеткізу  желісі 

(ЭЖЖ)мен  құбыр  арқылы  жеткізіп  беру  процестерін  қамтиды.    Өндірілетін  отын  түрлерінің 

көптеген  бөлігі  электр  энергиясын  жəне  жылуды  бөліп  шығару  үшін  электр  энергетикада 

пайдаланылады.  Энергияның  басқа  түріне  Қарағанды  электр  энергиясының  көптеген  қолайлы 

жақтары  бар.  Оны  механикалық,  жарық  жəне  жылу  энергиясына  түрлендіріп  сым  арқылы 

тасымалдауға болады. 

Өзін-өзі тексеретін сұрақтар: 

1. Отын энергетика қандай салаларға бөлінеді? 



Пайдаланатын əдебиеттер: 

 

24

1.  Ахметова  К.  Қазақстанның  экономикалық  жəне  əлеуметтік  географиясы.  –  Алматы: 



«Мектеп», 2001. 

 

9  дəріс

 

Тақырыбы: Электрэнергетика шаруашылығы. 

Мақсаты: Электрэнергетика шаруашылығын талдау. 

Қарастырылатын сұрақтар: 

1.  Электрэнергетиканың шаруашылық маңызы. 

2.  Қазақстанның  энергия  көздері:  электр  станцияларының  типтері,  олардың  қазіргі  даму 

жайы, қиындықтары жəне болашағы. 

3.Қазақстанның  біртұтас  энергетикалық  жүйесін  құру  шаралары,  ТМД  елдерімен 

байланысы. 

4.ТМД елдерімен өндірістік байланысы. 

Мазмұны: Электроэнергетика басты ерекшеліктерінің бірі оның өнімі қолма-қол тұтынушыларға 

жеткізіп  отыру  керек  (ішкі  жəне  сыртқы  тұтынушылар).  Сонымен  қатар  ол  жан-жақты 

территориялық  байланыс  жəне  сұранысқа  байланысты  тұтынушылардың  тұрақтылығына, 

экономика  мен  əлеуметтік  саланың  дамуына  жəне  өндіргіш  күштерінің  орналасуына  үлкен  əсер 

етуімен  ерекшеленеді.  Көптеген  территориялық  өндіріс  кешендерінің,  өнеркəсіп  жəне  көлік 

орталықтары  мен  тораптарының  құрылу  негізі  электр  жəне  жылу  энергиясы  пайдалану 

факторларына байланысты. Электр энергиясы өндіруден Қазақстан ТМД елдерінің ішінде үшінші 

орын  алады.  Соңғы  жылдары  электр  энергиясы  өндіру  қарқыны  орта  есеппен  жылына  5-6%-ға 

өсіп келеді. Қазақстанда өндірген энергияның негізгі пайдаланушылар: өнеркəсіп – 61,4%, көлік – 

5,6%,  ауыл  шаруашылығы  –  4,9%  басқа  салалардың  үлесі  (əсіресе  коммуналдық-тұрмыстық 

қажетке) – 15% жалпы пайдалануда электр жүйелерінде жоғалған энергия  12%-ға теғ болады. 

Өзін-өзі тексеретін сұрақтар: 

1. Электрэнергетиканың топтасуы салаларға бөлінуі қандай? 



Пайдаланатын əдебиеттер: 

1.  Ахметова  К.  Қазақстанның  экономикалық  жəне  əлеуметтік  географиясы.  –  Алматы: 

«Мектеп», 2001. 

 

10  дəріс

 

Тақырыбы: Түсті металлургия өнеркəсібі. 

Мақсаты: Түсті металлургия өнеркəсібіне талдау. 

Қарастырылатын сұрақтар: 

1. Металлургияның республика шаруашылығындағы орны. 

          

2.  Металлургияның  салалық  құрамы,  кəсіпорындарының  түрлері  жəне  олардың  орналасу 

ерекшеліктері. 

Мазмұны:  Түсті  металдардың  көп  бөлігі  аз  уақыттан  бері  ғана  пайданыла  бастады.Ғылыми-

техникалық  революцияның  нəтижесінде  олар  кеңінен  қолданыла  бастады.  Реактивті  ұшақтар, 

ғарыш  кемелерін,  атом  реакторларын  жасау  үшін  ерекшеқасиеттері  бар,  мүлдем  жаңа 

конструкциялық материалдарды қажет етеді.Ондай қасиеттер тек түсті металдарда ғна бар. 



Өзін-өзі тексеретін сұрақтар: 

1.  Қазіргі  өндірісте  түсті  металдар  мен  олардың  қорытпалары  неліктен  маңызды 

конструциялық материялдар болып саналады? 

Пайдаланатын əдебиеттер: 

1.  Ахметова  К.  Қазақстанның  экономикалық  жəне  əлеуметтік  географиясы.  –  Алматы: 

«Мектеп», 2001. 

 

11  дəріс

 

Тақырыбы: Қара метеллургия өнеркəсібі. 

Мақсаты: Қара метеллургия өнеркəсібін талдау. 

Қарастырылатын сұрақтар: 


 

25

1. Қазіргі даму жайы. 



2. Шетел компанияларымен байланысы. 

Мазмұны:  Қара  металлургия  ең  жаппай  қолданылатын  конструкциялық  материал  –  болат 

шығарады.  Ол  негізінен  шойынан  алынады.  Болат  пен  шойын  темірдің  көміртектік 

қорытпасы.Болат қорыту үшін шикізат пен отын қажет. 

Өзін-өзі тексеретін сұрақтар: 

1.  Қара  металлургияның  комбинаттары  қаңдай  бастапқы  шикізат  пен  отын  көзін 

пайдаланылады, қаңдай дайын өнім өндіреді? 

Пайдаланатын əдебиеттер: 

1.  Ахметова  К.  Қазақстанның  экономикалық  жəне  əлеуметтік  географиясы.  –  Алматы: 

«Мектеп», 2001. 

 

12  дəріс

 

Тақырыбы: Машина жасау өнеркəсібі. 



Мақсаты. Машина жасау өнеркəсібін талдау. 

Қарастырылатын сұрақтар: 

1.  Қазақстанда  машина  жасаудың  соғыс  жылдарында  қалыптасу  ерекшелігі  жəне  еліміз 

экономикасында алатын орны. 

2. Салалық құрамы, кəсіпорындарының орналасу ерекшелігі. 

3. Қазіргі даму жайы жəне болашағы. 

4. Кей салаларының кейін қалу себебі. 



Мазмұны:  Қазақстанның  машина  жасау  өнеркəсібінің  дамуының  жаңа  кезеңі  соғыс  жылдарына 

(1941-1945)  байланысты.  Бұл  кезенде  КСРО-ның  батыс  аудандарына  Қазақстандағы  ондыған 

машина  жасау  зауыттарына  эвакуация  жасалды.  Соғыстың  алғашқы  жылдары  Мəскеу, 

Ленинград, Подольск, Мичуринск, Харьков, Воронеж, Донецк, Махачкала жабдықтарымен жəне 

техникалық-инженерлік,  жұмыскер  кадрлары  көшіп  келді.  1941-1945  жж.  Машина  жасау 

өнеркəсібінің  өндірістік  қоры  12%-ға,  ал  еңбек  өнімділігі  14%-ға  ұлғайды.  Технологиялық 

процестің стадияларына (сатыларына) жəне орналасу ерекшеліктеріне байланысты машина жасау 

өнеркəсібі мынадай топтарға бөлінеді: ауыр машина жасау өнеркəсібі; жалпы машина өнеркəсібі; 

орта  машина  жасау  өнеркəсібі;  дəл  машина  жасау  өнеркəсібі;  металдық  дайын  құрамалар  мен 

жабдықтар өнеркəсібі; машиналар ремонттау мен құрал-жабдықтарды жөндеу.   



Өзін-өзі тексеретін сұрақтар: 

 

1. Көліктің дамуына географиялық жағдай, жер бедері, климат жəне ішкі сулар қалай əсер 

етеді? 

Пайдаланатын əдебиеттер: 

1.  Ахметова  К.  Қазақстанның  экономикалық  жəне  əлеуметтік  географиясы.  –  Алматы: 

«Мектеп», 2001. 

 

 



13  дəріс

 

Тақырыбы: Химия жəне құрылыс материалдары өнеркəсіптері. 



Мақсаты: Химия өнеркəсібін салаларға бөлу. 

Қарастырылатын сұрақтар: 

1.Бұл салалардың республика шаруашылығындағы орны. 

2.Салалық құрамы, шикізат базасы, кəсіпорындарының орналасу ерекшелігі. 

3.Қазіргі даму жайы, қиындықтары. 

4.ТМД елдерімен өндірістік байланысы. 

Мазмұны:  Бұл  кешен  əр  түрлі  химиялық  заттармен  қатар  конструкциялық  материялдар 

шығарады.  Ол  өнеркəсіп  пен  құрылыстың  шикізат  базасын  керңейтіп,  ауыл  шаруашылығының 

интенсивті дамуына ықпалын тигізеді. 

Өзін-өзі тексеретін сұрақтар: 

1. Химия кешені қаңдай конструкциялық материялдар өндіреді? 



 

26

Пайдаланатын əдебиеттер: 

1.  Ахметова  К.  Қазақстанның  экономикалық  жəне  əлеуметтік  географиясы.  –  Алматы: 

«Мектеп», 2001. 

 

14  дəріс

 

Тақырыбы: Ауыл шаруашылығы шикізаттарын өңдейтін  тамақ өнеркəсібі. 



Мақсаты: Ауыл шаруашылығы шикізаттарын өңдеу салалары. 

Қарастырылатын сұрақтар: 

1. Ауылшаруашылық шикізаттарын өңдеп, агроөнеркəсіп кешенінің соңғы өнімдерін 

шығаратын өнеркəсіп кəсіпорындарының орналасу ерекшеліктері.  

         2. Қазіргі даму жайы,оның қиындықтары. 



Мазмұны:  Аграрлық-өнеркəсіптік  кешенге  ауыл  шаруашылығы  шикізатын  қайта  өңдеу,  сақтау, 

тұтынушыға  жеткізу  жатады.  Аграрлық-өнеркəсіптік  кешеннің  дамуын  қамтамасыз  ететін  басқа 

да  салалары  бар.  Аграрлық-өнеркəсіптік  кешен  –  республика  шаруашылығының  жетекші 

саласының  бірі.  Агарарлық  өнеркəсіп  кешен  1950-60  жылдардаң  бастап  дүние  жүзінде 

экономикасы дамыған елдерде құрыла бастады. 

Өзін-өзі тексеретін сұрақтар: 

1. Ауыл шаруашылығын дамытудың негізгі жолдары қаңдай? 



Пайдаланатын əдебиеттер: 

1.  Ахметова  К.  Қазақстанның  экономикалық  жəне  əлеуметтік  географиясы.  –  Алматы: 

«Мектеп», 2001. 

 

15  дəріс

 

Тақырыбы: Жеңіл өнеркəсіп салалары. 

Мақсаты: Жеңіл өнеркəсіп салаларын талдау. 

Қарастырылатын сұрақтар: 

1. Жеңіл өнеркəсіп салалары. 

            2.Тоқыма өнеркəсібі. 

Мазмұны:  Жеңіл  өнеркəсіп  республика  аумағында  əркелкі  орналасқан.Өйткені  оның  түрлі 

салалары  мен  кəсіпорындары  щикізат  көзіне,  маман  жұмысшы  күші  мен  тұтынушы  аудандарға 

жақын  орналасқан.  Жеңіл  өнеркəсіптің  аса  маңызды  салааарының  бірі  –  тоқыма  өнеркəсібі.  Ол- 

шаруашылықтың  ежелгі  саласы.Қазақстанда  тоқыма  өнеркəсібінің  дамуы  басқа  да  елдердегі 

сияқты  қолмен  тоқу  өндірісі  қазіргі  техникамен  жабдықталған,  жетік  техналогиялық  процеске 

негізделген машиналы өңдіріске айналып отыр. 



Өзін-өзі тексеретін сұрақтар: 

1.  Тамақ  жəне  жеңіл  өнеркəсіптері  республика  аймағында  қаңдай  принциптер  бойынша 

орналасқан? 

Пайдаланатын əдебиеттер: 

1.  Ахметова  К.  Қазақстанның  экономикалық  жəне  əлеуметтік  географиясы.  –  Алматы: 

«Мектеп», 2001. 

 

16  дəріс

 

Тақырыбы: Қазақстанның көлік өнеркəсібі.  

Мақсаты: Қазақстанның көлік өнеркəсібіне сипаттама. 

Қарастырылатын сұрақтар: 

1. Көлік өнеркəсібінің салалары. 

            2. Темір жол өнеркəсібі. 

Мазмұны:  Көлік  қатынасы  республика  аудандары  арасындағы  өндірістік  байланысты,  өнім 

алмасуды  жəне  сыртқы  сауданы  қамтамасыз  етеді.  Өнеркəсіп  пен  ауыл  шаруашылығы  сияқты 

көлік  өнім  өңдірмейді.  Бірақ  жүк  пен  жолаушы  тек  көлік  көмегімен  ғана  қозғала  алады. 

Сондықтан  жүк  пен  жолаушының  көлік  арқылы  қозғалысын  оның  шығаратын  өніміне  тең  деп 

есептеп, көлікті материалдық өндірістік салаға жатқызады. 


 

27

Өзін-өзі тексеретін сұрақтар: 

1. Көлік кешені неліктен өндірістік салаға жатқызылады? 

Пайдаланатын əдебиеттер: 

1.  Ахметова  К.  Қазақстанның  экономикалық  жəне  əлеуметтік  географиясы.  –  Алматы: 

«Мектеп», 2001. 

 

17  дəріс

 

Тақырыбы:  Көлік өнеркəсібінің даму деңгейі.  



Мақсаты: Көлік өнеркəсібінің даму деңгейін талдау. 

Қарастырылатын сұрақтар: 

1. Автомобиль, су жолы транспорты. 

            2. Əуе жолы. 

Мазмұны:  Көлік  еліміздің  əр  түрлі  аудандары  мен  тұтынушылар  арасындағы  өнім  алмасуын 

қамтамасыз 

етіп, 

аумақтық 



еңбек 

бөлінісін 

қалыптастырып, 

елдер 


мен 

аудандар 

шаруашылығының  мамандануын  треңдетеді.Автомобиль  көлігі  жүрдек,  анағұрлым  ыңғайлы, 

жүкті қайта тиеусіз біррден тұтынушыға жеткізеді. 



Өзін-өзі тексеретін сұрақтар: 

1. Автомобиль көлігінің басқа көлік түрінен ерекшелігі неде? 



Пайдаланатын əдебиеттер: 

1.  Ахметова  К.  Қазақстанның  экономикалық  жəне  əлеуметтік  географиясы.  –  Алматы: 

«Мектеп», 2001. 

 

18  дəріс

 

Тақырыбы: Сыртқы экономикалық байланыс. 

Мақсаты: Сыртқы экономикалық байланысна сипаттама. 

Қарастырылатын сұрақтар: 

1. Сырқы экономикалық байланыс. 

            2. Қазақстанның жеке елдермен байланысы. 

Мазмұны:  Мемлекеттік  сыртқы  экономикалық  қызметтегі  саясатты  Қазақстанның  көрші 

елдерімен  жəне  əлемнің  басқа  мемлекеттері  арасындағы  өзара  тиімдісауда  жəне  қаржы 

қатынастары үшін қолайлы жағдай туғызады. 

Өзін-өзі тексеретін сұрақтар: 

1. Қазақстанның сыртқы экономикалық байланыстарын неге таяу жəне алыс шетелдер деп 

бөлеміз? 

Пайдаланатын əдебиеттер: 

1.  Ахметова  К.  Қазақстанның  экономикалық  жəне  əлеуметтік  географиясы.  –  Алматы: 

«Мектеп», 2001. 

 

19  дəріс

 

Тақырыбы: Қазақстанды экономикалық аудандастыру. 

Мақсаты: Экономикалық аудан ұғымы жəне аудандастырудың мақсаты. 

Қарастырылатын сұрақтар: 

1.Экономикалық аудан ұғымы жəне аудандастыру. 




1   2   3   4   5   6


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал