Жапырағы мен жемісін асқынған асқазан



жүктеу 0.94 Mb.

бет9/11
Дата01.04.2017
өлшемі0.94 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

КӨКШОЛАҚҚОПА  –  шежін  (шыжың)  қонысы- 

ның  оңт.-шығысындағы  көлтабанды  жайылма.  Ба-

тыс қазақстан обл. Казталов ауд. талдықұдық а-ның 

шығысында 27 км жерде орналасқан. Солт.-батыстан 

оңт.-шығысқа қарай 20 км-ге, енді жері 4 км-ге созы-

лып жатыр.  Көшім өз. аңғарында. теңіз деңгейінен  

5 – 7 м биіктікте. Саз балшықты теңіз шөгінділерінен 

түзілген. жер бедері тегіс жазық келген. маңындағы 

Балықты көлі көктемде қар және жауын-шашын су-

ларымен көтеріліп, жайылмаға таралады. жайылма-

да шалғын, еркек шөп, қамыс, құрақ, т.б. өседі.

Көлеңкелі

«Көкшетау» ұлттық табиғи саябағындағы қарағайлар



296

Көлсай

созылып жатыр, ені 5 – 7 км. Абс. биікт. 214 м. Солт-

нде желтау тауы жатыр. К. сармат ярусының әктасты 

қабатшаларынан түзілген. Батыс беткейі тік жарлы, 

көлбеу  келген  шығысы  өзен  аңғарларымен  (жақсы 

қарасай,  жаман  қарасай)  тілімденген.  қыраттың 

төбесі  тегіс,  жазық.  құнары  нашар  топырағында 

сораң  өсімдік,  аздап  жусан,  сай-жыраларда  бұта-

лар  өседі.  тау  баурайында  Ақкетік,  қарашыңырау 

бұлақтары жатыр.



КӨЛСАЙ КӨЛДЕРІ – Алматы обл. Райымбек ауд. 

жерінде,  Күнгей  Алатауының  Күрметі  және  Саты 

асуларынан бастау алатын кішігірім өзендер суынан 

пайда  болған  3  көл.  жоғ.  Көлсай  теңіз  деңгейінен 

3000  м-ге  жуық,  Орта  Көлсай  (қайыңды)  2600  м 

және төм. Көлсай 2130 м биіктікте орналасқан. төм. 

Көлсайдың  су  айдыны  басқаларына  қарағанда  үл-

кен. табиғаты әсем тау шатқалындағы К. к-н шырша, 

қарағай, қайың, т.б. тау ағаштары мен шалғындары 

көмкерген. Көлдердің туристік маңызы зор.



«КӨЛСАЙ  КӨЛДЕРІ»  ҰЛТТЫҚ  САЯБАҒЫ

Алматы  обл-ның  Райымбек  және  талғар  ауданда-

рында орналасқан. 2007 ж. ұйымдастырылған. Аум. 

161,04 мың га (1,6 мың км

2

), шығыстан батысқа қа-



рай  98  км,  солт-тен  оңт-ке  қарай  23  км-ге  созыл-

ған.  Аум-ның  23%-ы  орман  алқаптары.  Саябақты 

ұйымдастырудың негізгі мақсаты – Алматы обл-ның 

биік  таулы  алқабы  мен  Көлсай  көлдерінің  ерекше 

табиғи  бірлестігін  кешенді  түрде  сақтап  қалу  және 

қорғау.  Саябақтың  құрамына  жалаңаш,  Көкбастау 

а-дарының оңт-ндегі таулы алқаптар, қарақия, Көк- 

жазық,  Сарынауа,  Ақбұлақ,  үшкіл,  қырқобы,  жа- 

манбұлақ, Көлсай өңірі, талды жайлауы және шілік 

өз-нің бастауы кіреді. Саябақ аумағындағы қайыңды 

көлі  көрікті  табиғатымен  көз  тартады  және  оның 

суының шипалы қасиеті бар. Саябақ аумағында жо-

ғары сатыдағы өсімдіктердің 710-ға жуық түрі өседі. 

Оның 12 түрі қазақстанның «қызыл кітабына» ен- 

гізілген  (мыс.,  Күнгей  қауы,  жылтыр  жанаргүл, 

тянь-шань  жанаргүлі,  Семенов  кортузасы,  т.б.). 

Негізгі  қорғалатын  нысан  –  шренк  шыршасы.  Бұл 

ағашты  сымбаттылығына  қарап,  «қызқарағай»  деп 

атайды. Саябақ жануарлар дүниесіне де бай. 1968 ж. 

бахтах  балығы  жерсіндірілген.  Бауырымен  жорға-

лаушылардан Алтай жалаңаш көзі, әр түсті жылан, 

қалқантұмсық жылан, т.б. кездеседі. құстардың 200-

ге жуық түрі бар: олардың ішінде сирек кездесетін 

түрлері – көк құс, құмай, орақтұмсық, ұлар, т.б. Сүт-

қоректілердің  30-ға  жуық  түрі  мекендейді.  Сирек 

кездесетін түрлері – барыс, тянь-шань қоңыр аюы, 

арқар,  сілеусін,  сабаншы,  т.б.  Саябақтың  туризмді 

дамытудағы маңызы зор.



КӨПТІСТІ ЖЕРТЕСЕР (Suncus etruscus) – жәндік- 

қоректілер  отряды,  жертесерлер  тұқымдасына  жата-

тын  кішкентай  аң.  қазақстанда  үстіртте  және  Арал 

т-нің солт-нде кездеседі. Дене тұрқы 3,5 – 4,5 см (басы 

мен  құйрығын  қосып  есептегенде).  Бас  сүйегінің  ұз. 

10 – 13 мм, салмағы орта есеппен 1,5 г-дай. Негізінен 

тіршілігі түнде белсенді. әр түрлі омыртқасыздармен 

(жәндіктермен,  олардың  дернәсілімен,  жауын  құр- 

тымен, т.б.), сондай-ақ ұсақ омыртқалылармен (бақа- 

лармен,  кесірткелермен,  тышқандармен)  қоректене- 

ді.  тәуліктік  қорегінің  мөлшері  өз  салмағынан  1,5  –  

2 есеге артық болады. Арнайы ін қазбайды, басқа ке- 

мірушілердің бос інін пайдаланады. Оңт. аймақтарда 

жыл бойына бірнеше рет көбейеді. әр жолы 2 – 5-тен 

балалайды, алғашқы кезде балалары әлсіз, соқыр бола-

ды. Бірақ тез өседі, 3 – 4 аптада балалары ересек аңға 

айналады. К. ж-дің жылдан-жылға таралу аймағының 

азаюына байланысты қорғауға алынып, қазақстанның 

«қызыл кітабына» енгізілген.

КӨРКЕМ АҚЖАПЫРАҚ (Jurіnea exіmіa) – күрделі-

гүлділер тұқымдасы, ақжапырақ туысына жататын көп 

жылдық өте сирек кездесетін эндемик өсімдік. қара-

таудың жолсай қонысында таудың тасты шатқалдары 

мен құздардың жарылған жерлерінде өседі. Биікт. 15 – 

45 см, өсімдікті қалың түк жауып тұрады. Сүректенген 

тамырының  топырақ  бетіндегі  бөлігін  қалың  тамыр 

түбінен  шығатын  жапырақшалары  жауып  жатады. 

Сабағы тік, көп жапырақты. Сабақ бойындағы жапы-

рақтары ұзын сағақты, сопақша, ланцет тәрізді бола-

ды.  қанық  қызғылт  гүлі  дара  себет  гүлшоғырында 

жетіледі. тұқымынан көбейеді. маусым – шілде айла-

рында гүлдеп, шілде – тамызда жемістенеді. жемісі – 

тұқымша, оның қысқа қылшықты айдаршасы болады. 

К. а. – гүлі өте әдемі сәндік өсімдік. жылдан-жылға 

санының азаюына байланысты қорғауға алынып, қа-

зақстанның «қызыл кітабына» енгізілген. 

КӨСЕ  –  Арқалық  тауларының  солт.-шығысындағы 

оқшауланған  тау  массиві.  қарағанды  обл.  шет  ауд. 

Ақжал кентінің батысында 45 км жерде орналасқан. 

Абс. биікт. 1014 м. Солт.-батыстан оңт.-шығысқа қарай 

13 км-ге созылып жатыр, енді жері 6 км. Оңт.-шығыс 

беткейі  тіктеу,  қалғаны  көлбеулеу,  беті  тегістелген 

бірнеше  ұсақ  шоқылардан  тұрады.  Девон  жүйесінің 

тау  жыныстарынан  түзілген.  шала  дамыған  қоңыр 

топырақ жамылғысында жусан, боз, бетеге, бұталар 

өседі. Солт.-шығыс баурайында таудың қорымтастары  

жер  бетіне  шығып  жатыр.  етегі  жазғы  жайылымға 

пайдаланылады, мал қыстаулары бар.



КӨШІМ – жайық өз-нің оң тармағы. Батыс қазақ-

стан обл-ның зеленов, Ақжайық аудандары жерімен 

ағып өтеді. Ұз. 375 км. Көшім а. тұсында жайықтан 

бөлініп  шығады  да  қамыс-Самар  жайылмасының 

(жаңақала  ауд.)  солт-ндегі  Бірқазан  көліне  құяды. 

1947 ж. іске қосылған жайық-Көшім суғару-сулан-

дыру  жүйесінің  салынуы  К-нің  табиғи  гидрол.  ре-

жимін өзгертті. өзен алабы 250 км ауданаралық бас 

каналдан, Бітік бөгені, Дөңгелек бөгені, Киров бө-

гені сияқты жасанды айдындардан тұратын көк ба-

лаусалы ирригациялық кешенге айналған. өзеннің 

оң жақ алабы тік жарлы, сол жағасы көбіне жайпақ. 

жылдық орташа су ағымы 4,4 м

3

/с. Суында қаракөз, 



Орта Көлсай көлі

297

сазан, табан балық бар. Суы бау-бақша суғаруға, аң-

ғары мал жайылымына пайдаланылады.

КӨШІМ ЖЕР АСТЫ СУ КЕНІ, Орал қ-нан оңт-ке 

қарай  40  –  50  км  жердегі  су  көзі.  Батыс  қазақстан 

обл.  зеленов  ауд.  Көшім  а.  маңында  орналасқан. 

жер асты суының деңгейі 1,5 – 10 м тереңдікте бай-

қалады. Ұңғымалардың су шығымы 2,6 – 2,8 л/с-қа 

дейін жетеді.  Суы ішуге жарамды, минералд. 0,6 –  

0,8  г/л.  Арақашықтығы  315  м  болатын  10  су  шыға- 

ру  ұңғымасы  орнатылған.  Бір  ұңғымадан  тәулігіне  

2160 м

3

 су шығады. Оның суын Ақжайық, тасқала, 



зеленов аудандарының елді мекендері пайдаланады.

КРАСНОЯР  ТАБИҒАТ  ЕСКЕРТКІШІ,  Солт.  қа- 

зақстан обл. қызылжар ауд. Краснояр а. маңында орна-

ласқан. есіл аңғарының оң жағалаулық жыраларымен 

тілімденген. Облыстағы құрып кету жағдайында тұр-

ған орхидейлік (сүйсіндік) өсімдіктер өсетін жалғыз 

жер. Бұған шолпаншаш кебісгүлінің үш түрі: ірігүлді, 

нағыз  және  теңбілдісі  жатады.  Олар  қазақстанның 

«қызыл кітабына» енгізілген. Сирек кездесетін басқа 

өсімдіктерден  бұйра  лалагүл,  екі  үйлі  мысықтабан, 

қырыққұмақты қыран от, лалагүлді қоңырауша, дөң-

гелек  жапырақты  алмұртша,  шұбар  инек,  жұмсақ 

балқурай,  орман  аюбалдырғаны,  құлмақ,  т.б.  анық-

талды.  жер  бедерін  едәуір  дәрежеде  делювиймен 

жабылған неогеннің кешенді тау жыныстары шөгінді-

лері қалыптасқан. ескерткіш 1982 жылдан облыстық 

мәндегі ботаникалық қорықша саналады.



КСЕРОМОРФТЫ САСЫР, қ ұ р ғ а қ   с а с ы р  (Fe- 

rula xeromorpha) – шатыршагүлділер тұқымдасы, са-

сыр туысына жататын көп жылдық шөптесін өсімдік. 

қазақстанда  тек  Алитауда  (Ақтөбе  обл.  Байғанин 

ауд.) кездеседі. таудың қиыршықты және ұсақ тасты 

беткейлерінде өседі. Биікт. 70 см-дей, жуан тамырлы, 

оның сыртын бұрынғы болған жапырақтары жауып 

жатады. Сабағы орта шенінен бұтақтанады, бұтағы 

жоғарылаған  сайын  қысқара  береді.  жапырақтары 

қалың, етжең, ұзақ уақыт солмайды. тамыр түбінен 

шығатын  жапырақтары  ромб  сияқты,  оның  үш  рет 

тілімденген  жапырақ  тақталары  болады.  Гүлдері 

сары түсті, олар шатырша гүлшоғырына топтасады. 

шатыршасы  10  гүлден  тұрады.  тұқымынан  көбе-

йеді. мамыр айында гүлдеп, маусымда жемістенеді. 

жемісі эллипс тәрізді (ұз. 10 мм, ені 5 мм), бізге ұқсас 

қырлары болады. К. с. өте сирек кездесетін эндемик 

өсімдік болғандықтан қорғауға алынып, қазақстан-

ның «қызыл кітабына» енгізілген.

Күзен

КУЗНЕЦОВ  ЖЕРСАҒЫЗЫ  (Chondrilla  kusnezo- 

vii) – күрделігүлділер тұқымдасы, жерсағыз туысы-

на  жататын  көп  жылдық  шөптесін  өсімдік.  қазақ-

станда жамбыл обл. мойынқұм құмында кездеседі. 

малтатасты  және  үйілген  құмдарда  өседі.  Биікт. 

1  м-дей,  сабағы  бұтақтысыртын  қылтандар  жап-

қан.  төм.  жапырақтарының  ұз.  9  см,  ені  1  см-дей, 

жоғарғыларының  мөлшері  ұсақ,  қандауыр  немесе 

таспа тәрізді. Гүлдері сары түсті, 9 – 11-ден бірігіп, 

себет  гүлшоғырын  құрайды.  тұқымынан  көбейеді. 

маусым  айынан  қыркүйекке  дейін  гүлдеп,  жеміс-

тенеді. тұқымы (ұз. 7 мм), алдыңғы жағында екі қа-

тарлы аздап тілімденген қабыршақтары болады. Ка-

учук түзетін өсімдік. К. ж. сирек кездесетін эндемик 

түр болғандықтан қорғауға алынып, қазақстанның 

«қызыл кітабына» енгізілген.



КУЛЬТИАСОВ АЩЫТАМЫРЫ (Sphaenolobium kul-

tiassovii)  –  шатыршагүлділер  тұқымдасы,  ащытамыр 

туысына жататын көп жылдық шөптесін өсімдік. қа-

зақстанда қаратау жотасы мен талас Алатауында кез-

деседі.  таудың  шалғынды  беткейлерінде,  қиыршық 

және ұсақ тасты жерлер мен бұталар арасында өседі. 

Биікт.  15  –  30  см,  шалғынды  жерлерде  1  м-ге  дейін 

жетеді.  тамырын  қалың  солып  қалған  сағақтар  тал-

шықтары жауып жатады. Сабағы дара, түзу өседі, жоғ. 

жағы бұтақталған. жапырақтары жұқа, тамыр түбінен 

шығатындары  ұзын  сағақты,  екі  рет  тілімденген 

жапырақ тақташалары болады, сабақ бойындағылары 

ұсақ.  Гүлдері  ақ  түсті,  7  –  13-тен  бірігіп,  шатырша 

гүлшоғырын құрайды. шатыршалары 5 – 10 сәулелі. 

тұқымынан көбейеді. шілде айында гүлдеп, тамыз –  

қыркүйекте  жемістенеді.  жемісі  жіңішке  эллипс  тә-

різді, ұз. 10 мм, ені 3 мм-дей. К. а. – өте сирек кездесе-

тін эндемик түр, сондықтан қорғауға алынып, қазақ-

станның «қызыл кітабына» енгізілген.

КУШАКЕВИЧ  ШИҚЫЛДАҒЫ  (Juno  kuschake- 

wiczii) – құртқашаштар тұқымдасы, шиқылдақ туы-

сына  жататын  көп  жылдық  жуашықты  өсімдік.  қа-

зақстанда  шу-Іле  тауларында,  қаратауда  кездеседі. 

таудың  тастақты  беткейлері  мен  қызыл  түсті  бал-

шықты жерлерінде өседі. Биікт. 7 – 15 см, жуашығы 

жұмыртқа тәрізді, қалыңд. 1,5 см. Сабағы қысқа, оны 

жапырақтары жауып тұратындықтан көрінбейді. жа-

пырақтары доға сияқты иіліп келген, шеттерінде ақ 

жолағы болады. Гүлі ақшыл күлгін түсті, дара жеті-

леді. тұқымынан көбейеді. Наурыз – сәуір айларында 

гүлдеп, мамыр – маусымда жемістенеді. Гүлдері әдемі 

болғандықтан сәндік үшін өсіріледі. К. ш. – сирек кез-

десетін  эндемик  түр.  Сондықтан  қорғауға  алынып, 

қазақстанның «қызыл кітабына» енгізілген.

КҮЗЕН (Mustela) – сусар тұқымдасының бір туысы. 

қазақстанда орманды далалар мен шөлейт аймақтарды, 

әсіресе, жусанды және астық тұқымдас өсімдіктер өс-

кен  жерлерді  мекендейтін  7  түрі:  сарғыш  күзен,  ақ 

қалақ, ақкіс, сары күзен, еуропа қара күзені, сасық кү-

зен, су күзені бар. Бұлар көбінесе сарышұнақтардың, 

қосаяқтардың,  аламандардың  індерін  пайдаланады. 

өздері  ін  қазбайды.  тұрқы  13  –  53  см,  салм.  0,1  –  

2,2  кг.  Денесі  ұзынша  келген.  жүні  үлпілдек,  жұм-

сақ, түсі алуан түрлі. қорегін іңірде, түнде аулайды. 

Ақпанда ұйығып, мамыр айында 8 – 12-ден (кейде 19 –  

20-дан)  балалайды.  К-дердің  ішінде  ең  ірісі  –  дала 

К-і  (M.  eversmannі),  оның  тұрқы  29  –  52  см.  Бұлар 

өздеріне қауіп төнгенде аналық безінен жағымсыз иіс 

Көшім өзені


298

шығарады, сондықтан оларды сасық К. деп те атайды. 

К. – терісі бағалы, кәсіптік маңызы бар аң. Сондай-ақ 

олар зиянкес кемірушілерді жеп пайда келтіреді. 



КҮЙГЕНСАЙ, Г о р е л ь н и к  – Кіші Алматы өз-нің 

саласы. Бастауын Іле Алатауының солт. беткейіндегі 

3000 м биіктіктен алады. Ұз. 6 км-ге жуық, су жина-

латын алабы 12 км

2

. жалпы ұз. 4 км болатын шағын 



екі саласы бар. өзеннің бастауында 3 мореналық көл 

жатыр. К-дың арнасының ені 1,8 – 2,0 м, тереңд. 0,15 – 

0,2  м.  жылдық  орташа  су  ағымы  0,24  м

3

/с,  су  жыл 



бойы болады. К. сел жүретін қауіпті өзендерге жата-

ды. өзен аңғары Алматы қ. тұрғындарының демалыс 

аймағына жатады.

КҮНГЕЙСАНДЫҚ  –  қырғыз  Алатауындағы 

Боқтікен тау сілемінің оңт.-шығысындағы асу. жам-

был  обл.  меркі  ауд.  меркі  а-ның  оңт.-шығысында 

29 км жерде орналасқан. ең биік жері 2870 м. мамыр 

– қазан айларында салт атты адам өте алады. Беткей-

лік шайылу әрекеттері дамыған. К. асуының батысы-

нан меркі, шығысынан Аспара өзендерінің салалары 

таудың биік жоталарынан бастау алады. Беткейлері 

жатық  кең  өзен  аңғарлары  жоғары  қарай  біртін-

деп  құламалы  тік  шатқалдарға  ұласады.  Солт-нде 

үшемшек, оңт-нде тұйықтөр, батысында қызылқия 

асулары орналасқан.



КҮЙЕЛІ ҚАРАТАУ – Айтау тауларының солт-ндегі 

тау массиві. жамбыл обл. шу ауд-нда. Хантау таула-

рының солт.-шығыс сілемі. Абс. биікт. 804 м. Оңт.-

батыстан  солт.-шығысқа  қарай  15  км-ге  созылып 

жатыр, енді жері 6 км. Батысында Хантау, солт-нде 

қызылбастау  тауларымен  шектеседі.  Каледон-гер-

циндік  тау  жаралу  процесінде  қалыптасқан.  па-

леозойдың  гнейстерінен,  кристалды  тақтатасынан, 

каледондық  граниттен  түзілген.  Солт.  беткейі  көл-

беу,  оңт.  қырқалы  төбе  болып  келеді.  тау  етегінің 

саздақты  бозғылт  топырағында  жусан  бітік  өседі. 

етегінен Күйеліқара, Ботабөрім өзендерінің салала-

ры бастау алады.

КҮЙКЕНТАЙ  (Falco  tіnnunculus)  –  сұңқартәрізді-

лер  отрядына  жататын  жыртқыш  құс.  қазақстанда 

кең  тараған.  Орманды  далада,  дала  және  шөлейтті 

аудандарда  мекендейді.  шәулісінің  қанатының  ұз. 

23 – 26 см, салм. 160 – 200 г, ал ұябасарында 24 – 28 

см және 190 – 280 г. К-дың аталығының басы, арқасы, 

құйрығының  үсті  сұр,  көкшіл,  ал  бауыры  тамшы 

тәрізді теңбілі бар бурыл реңді. Ұябасарының басы, 

арқасы  және  құйрық  үсті  теңбілді  қызғылт  сары, 

бауырында тамшы тәрізді теңбілі ұзына бойына ор-

наласқан.  жас  К-лардың  реңі  ұябасарларына  ұқсас, 

бірақ бауыры тұтас қара теңбілді келеді. К-лар – жыл 

құсы. Наурызда ұшып келеді. топталып ағаш басына 

ұялайды. Сәуірдің 2-жартысында ұяда 3 – 8 (көбіне  

4 – 5) бурыл дақты сарғылт жұмыртқа салады. Олар-

ды ұябасары 30 күндей шайқайды, балапандары бір 

айдан соң ұядан ұшады. қорегі – майда кеміргіштер, 

құстар, кесірткелер мен жәндіктер. тамыздың аяғы – 

қазанның басында жылы жаққа ұша бастайды. Кей-

біреулері қазақстанның орт. (Наурызым қорығында) 

мен  Орта  Азияда,  ал  басым  бөлігі  Оңт.  Азия  мен 

Африкада қыстайды. А. ш. зиянкестерін жеп пайда 

келтіреді. 

КҮЙМЕТАС    шығыс  қазақстан  обл.  Абай  ауд-

ндағы тау. Арқат тауларының шығысында орналас-

қан. Абс. биікт. 914 м. жер қыртысы палеозой жы-

ныстарынан түзілген. Солт-тен оңт-ке қарай 6 км-ге 

созылған, енді жері 4 км. Оңт. және шығыс беткей-

лері  тік  жартасты,  солт.  бөлігі  көлбеуленіп  далаға 

ұласады. шығысы мен солт-нде үлкен көлі, шағын 

өзен  және  бірнеше  қыстаулар  (қопа,  қаратөбе,  т.б.) 

орналасқан. К-тан шығысқа қарай 4 – 5 км жерде бұта, 

тал, теректерден тұратын шағын орман алқабы бар. 

тау  баурайы  мал  жайылымына  және  шабындыққа 

пайдаланылады.



КҮМІСТІКӨЛ – есіл алабындағы ағынсыз көл. қа-

рағанды обл. Ұлытау ауд-нда, терісаққан өз-нің са-

ласы – Бала терісаққанның жоғ. ағысының оң жаға-

лауында, қоскөл а-нан солт-ке қарай 3 км жерде ор-

наласқан. Ауд. 10,5 км

2

, су жиналатын алабы 130 км



2

Ұз. 4,7 км, енді жері 3 км-ге жетеді, орташа тереңд. 



0,6 м. қар, жер асты суларымен толығады. Суы жаз-

дың  ыстық  айларында  кермек  татиды.  жағасында 

қамыс,  құрақ  өседі.  мал  суаруға,  жайылымдарды 

суландыруға қолайлы.



КҮНГЕЙ  АЛАТАУ  –  Солт.  тянь-шаньдағы  жота. 

қазақстан  мен  қырғызстан  Республикасы  шекара-

сында ендік бағытқа шамалас 280 км-ге созылып жа-

тыр. ені 30 – 35 км, абс. биікт. 4760 м (шоқтал шыңы, 

қырғызстанда). Солт-ндегі Іле Алатауынан жотаны 

шоңкемін және шілік өзендерінің аңғарлары бөліп 

жатыр.  Оңт.  ыстықкөл  қазаншұңқырымен  шекте-

леді. шілік-Кемін асуы суайрығы саналады және ол 

К. А-ын екіге – батыс (ұз. 150 км шамасында) пен шы-

ғысқа (ұз. 130 км шамасында) бөледі. қазақстанмен 

шектесіп  жатқан  шығыс  бөлігінің  солт.  беткейлері 

Күйгенсай

Күйкентай

Күйметас тауының жақпартастары


299

(ең биік жері 4653 м) Алматы обл-ның еңбекшіқазақ 

және  Райымбек  аудандары  жерімен  өтеді.  Орташа 

биікт. 3800 – 4200 м болатын К. А-ының жер бедері 

биік тау сілемдерімен, сүйір пирамида тәрізді жеке 

таулар  мен  асу,  шыңдардан  тұрады.  Бастылары: 

қуғантыр  (3924  м),  Бұрғансу  (3775  м),  шоңөрікті 

(3705 м), қыземшек (4032 м), Күрметі (3552 м), Саты 

(3281  м),  қорымды  (3174  м),  тоқымбұлақ  (3185  м). 

жер қыртысы протерозой және каледон тау жаралу 

қатпарлығы  кезінде  көтерілді.  палеозойлық  дәуір 

герцин  қатпарлығымен  аяқталды.  тектоник.  қозға- 

лыстар нәтижесінде тау жасалу процесі осы уақытқа 

дейін  жалғасуда.  К.  А-ының  климаты  тым  конти-

нентті.  Биік  тау  сілемдері  ауа  райына  тікелей  әсер 

етеді. таулардың жоғ. биік белдемдерінде жыл бойы 

дерлік темп-ра 0°С-тан төмен болады.  қаңтар айы-

ның орташа темп-расы таудың жоғ. белдемінде – 40 –  

45°С, төм. белдемінде – 20 – 25°С, шілде айында тау 

бастарында 0 – 5°С-тан, төм. етегі мен тау аңғарла-

рында  15  –  20°С  аралығында.  жауын-шашынның 

мөлшері тау аңғарында 400 – 550 мм, қыратты батыс 

беткейлерінде 800 – 900 мм-ге жетеді. жотадан (қа-

зақстандық бөлігінен) бастау алатын өзендерге ші-

лік өз. және оның оң салалары: жаңғырық, түлкісай, 

қарасай, қарақия,  үлкен өрікті,  құтырған,  талды, 

Күрметі (Күрменті), Көлсай, Саты, қайыңды; шарын 

өз-нің сол салалары шетмерке, Ортамерке, т.б. жата-

ды. өзендердің гидроэнергет. ресурстары мол. К. А-

ында ірі мұздықтар (жалпы аум. 237 км

2

), тектоник. 



және  мореналық  шағын  көлдер  бар.  жота  сейсмик. 

ауданға жатады. Сондықтан жер сілкіну, қар көшкіні, 

сел тасқыны, т.б. қауіпті табиғат құбылыстары жиі 

болып  тұрады.  қазақстандық  бөлігіне  қарайтын 

солт. жоғ. белдеулік беткейлерінде шырша, қарағай 

өскен.  шілік  өз.  аңғарының  қара,  таудың  қызғылт 

қоңыр топырақтарында альпілік шалғындар мен әр 

түрлі астық тұқымдас шөптесіндер, шатқалдар мен 

тау баурайларында тал, терек, қайың, жабайы алма 

мен өрік, долана, арша, тобылғы ағаштары өседі. К. 

А-ының аңғарлары малға қолайлы тау жайлауы са-

налады. Биік таудың құз жартастарында арқар, тау-

теке, барыс мекендесе, одан төменде қасқыр, түлкі, 

елік, марал, сілеусін тіршілік етеді.



КҮНГЕЙ ЖОТАСЫ – жетісу (жоңғар) Алатауының 

солт.-шығыс  сілеміндегі  жота.  Алматы  обл.  Алакөл 

ауд. жерінде. Батыстан шығысқа, солт.-шығысқа қарай 

55 – 60 км-ге созылып жатыр, ені 15 – 20 км. ең биік 

жері 3014 м. К. ж. төм. тас көмірдің саздақты тақтатас, 

құмтас жыныстарынан түзілген. Оңт. беткейі тік. жо-

таны өзен аңғарлары қатты тілімдеп шатқал жасаған. 

Көксуат  өз-нің  аңғары  оңт-тегі  тастау  жотасынан 

бөліп  тұрады.  Солт-нде  жүнжүрек,  Арқалық  және 

жабық таулары орналасқан. Алакөл көліне қарайтын 

солт. беткейлерінен Көкмойын, жаманты, қызылтал, 

қаратал өзендері бастау алады. Аңғарларында қайың, 

тал, терек, орта белдеуінде қылқан жапырақты орман, 

жоғ. жағында тау шалғыны, арша өседі. етегі жазғы 

жайлау.

КҮНГЕЙ ҚАУЫ (Stіpa kungeіca) – астық тұқымдасы, 

қау туысына жататын көп жылдық шөптесін өсімдік. 

қазақстанда Күнгей Алатау жотасы Саты өз-нің жа-

ғалауындағы құрғақ беткейлерде өседі. Биікт. 60 см-

дей, қалың шым түзетін өсімдік. Сабағының бойына 

иіле орналасқан бұдыр жапырақтары қылтанды бола-

ды. Гүлшоғыры – қысыңқы, көп масақты. тұқымынан 

көбейеді. мамыр – маусым айларында гүлдеп, жеміс-

тенеді. К. қ. – құнарлы мал азығы. өте сирек кездесе-

тін эндемик өсімдік. қорғауға алынып, қазақстанның 

«қызыл кітабына» енгізілген.

КҮНЖІТ,  с е з а м   (Sesamum)  –  өзімен  аттас 

тұқымдасқа  жататын  бір  жылдық  шөптесін  өсім-

діктер. қазақстанда 1 түрі – ү н д і  К-і (S. іndіcum) 

бар. Бұл биікт. 1 – 2,5 м-дей, өте тез өсетін бір жыл-

дық өсімдік. Сабағы тік, 4 – 8 қырлы, тамыры 1 м 

тереңдікке  дейін  жетеді.  төм.  жапырақтары  қысқа, 

жалпақ  болады.  Орта  тұсындағылары  ірі  келеді. 

Ашық қызғылт, күлгін не ақ түсті, дара гүлі жапырақ 

қойнауынан  жетіледі.  Гүлі  оймаққа  ұқсайды. 

маусым  –  тамыз  айларында  гүлдеп,  жемістенеді. 

вегетациялық мерзімі 2,5 – 5 ай. жемісі – көп қырлы 

қорапша, ұз. 3 – 5 см, піскенде қақырап ашылады да, 

тұқымы  жерге  төгіледі.  Бір  қорапшада  80-ге  жуық 

дән болады. К. май алу үшін өсіріледі. Оның дәнінде 

50 – 65% май болады (құндылығы жағынан зәйтүн 

майынан  кем  түспейді).  К.  майы  тағам  өндірісінде, 

сабын  қайнату  үшін,  парфюмерияда  қолданылады. 

Сондай-ақ  К.  дәнін  шығыстың  тәтті  тағамы  –  ха-

луа  жасау  үшін  пайдаланылады.  қайнатқандағы 

шығатын майының күйесінен жоғары сапалы қытай 

тушы (сурет салатын бояу) жасалады.



1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал