Жапырағы мен жемісін асқынған асқазан



жүктеу 0.94 Mb.

бет4/11
Дата01.04.2017
өлшемі0.94 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

КЕНТ ТАУЫ – Сарыарқаның шығысындағы таулы-

орманды  алқап.  қарағанды  обл.  қарқаралы  ауд-нда, 

қарқаралы тауынан оңт.-шығысқа қарай 40 км жерде 

орналасқан.  Бірнеше  жекелеген  қырқалы  және  күм- 

безді  аласа  таулар  тізбегінен  тұрады.  Олар  оңт.-ба-

тыстан солт.-шығысқа қарай 30 – 35 км-ге бір-біріне 

тіркесе  созылып  жатыр.  ені  20  км-ге  жетеді.  Ай- 

наласындағы белесті, төбелі, ұсақ шоқылы келген жа- 

зықтан 200 – 500 м биік тұр. Алқаптың ең биік бөлі- 

гі  –  қатпарлы  таулар  тізбегінен  тұратын  Кент  тауы  

(абс. биікт. 1469 м). Одан солт-ке қарай тауаралық жә- 

не өзен аңғарларымен бөлінген Доңғал (1188 м), Най-

затас (1293 м), жамантау (1411 м), Босаға (1066 м), т.б. 

таулар  орналасқан.  тау  беткейлері  көптеген  жартас- 

ты  шатқалдармен,  сайлармен,  аңғарлармен  тілімден-

Кеңгір

Кент тауының кереметтері



276

(сазтастардан)  құралған.  мұнайдың  тығызд.  0,876  – 

0,909 г/см

3

, құрамындағы күкірттің мөлш. 0,43 – 0,81%, 



парафині 0,37 – 2,97%, шайыры 6,2 – 11,4%. 

КЕҢСАЙ, ү л к е н  т ү й е қ ұ й р ы қ т ы  – Күнгей Ала-

тауы жотасының солт. беткейіндегі қазаншұңқырлық 

мұздық.  шілік  алабындағы  жаңғырық  өз-нің  бас-

тауында  өзімен  аттас  тауда  орналасқан.  мұздық  

4440 м биіктіктен басталып, 3490 м-ге дейін төмен-

дейді. Ұз. 3,9 км, оның ішінде ашық жатқан бөлігі 3,3 

км. жалпы аум. 6,7 км

2

. мұздықтың тілі 3,1 км



2

 жерді 


алып жатыр. Орташа қалыңд. 70 м, көл. 0,47 км

3

. К. 



мұздығы жылдан-жылға еріп, аумағы қысқаруда.

КЕҢТАРЛАУ – Сарыарқаның оңт.-шығыс бөлігіндегі 

аңғар. қарағанды обл. Ақтоғай ауд-нда Балқаш көлінен 

солт-ке қарай 40 км жерде, еспе және қарақұдық өзен-

дерінің аралығында. Оңт-тен солт.-шығысқа қарай 90 

км-ге созылып жатыр. Аңғар табаны өзен шөгінділері-

нен, құмсаз, гипс, саз, құмайтты жыныстардан құрал-

ған.  қоңыр,  бозғылт  қоңыр  топырақ  жамылғысында 

жусан, баялыш, көкпек, тобылғы, қараған өседі. жер 

асты суы (ащы) әр түрлі тереңдікте кездеседі. Аңғар 

күзгі, қысқы, көктемгі жайылым.



КЕҢТҮБЕК – Балқаш көлінің солт.-шығысындағы 

түбек. Алматы обл. Алакөл ауд-нда орналасқан. Абс. 

биікт.  365  м.  жер  бедеріне  төрттік  кезеңнің  ойпат-

ты аккумуляттық жазығы тән. жер бедері батыстан 

шығысқа  қарай  еңістеніп,  аласарады.  Солт.-батыс-

тан оңт.-шығысқа қарай ұз. 20 км-ге созылып жатыр, 

енді жері 12 км. түбектің жағалауына қамыс өскен. 

Оңт. және батыс жағалауларын қайық тұрақтарына 

пайдаланады.

КЕҢҮҢГІРТАС  –  қаратаудағы  карст  құбылы- 

сынан  пайда  болған  үңгір.  жамбыл  және  Оңт. 

қазақстан  облыстары  аралығымен  ағатын  Сүйін- 

дік өз-нің сол жағалауында орналасқан. Ұз. 30 м, ені 

4 – 5,5 м, биікт. 14 м. үңгір ішінде үлкендігі әр түрлі 

бірнеше бүйірлік камералар (үңгір) және жолдар бар. 

Бұлар жер асты жарықтарынан шыққан күкірт қыш-

қылды  ерітінді  сулардың  шаюынан  пайда  болған. 

қабырғалары үнемі дымқылданып тұрады. үңгірде 

шіркей,  маса  болады,  жарқанат,  жабайы  көгершін 

мекендейді.

КЕҢШАҒЫЛ  –  Арал  маңы  қарақұмының  солт.-

шығысындағы құмды алқап. қарағанды обл. Ұлытау 

және Ақтөбе обл. ырғыз аудандары жерінде орналас-

қан. Солт.-шығыстан оңт.-батысқа қарай 16 км, енді 

жері 5 – 7 км-ге созылып жатыр. Абс. биікт. 101 м. 

жер бедері тізбекті төбелерден, белесті құм жалдар-

дан тұрады. жер асты су көздерінің тереңд. 1 – 25 м 

аралығында. Бор және палеоген шөгінділерінен тү-

зілген. Сортаңды қоңыр топырақ жамылғысында ер-

кек шөп, жусан, ақ селеу, жүзгін, қияқ, көкпек өседі. 

мал жайылымы ретінде пайдаланылады.

КЕПТЕР  (Columbіdae)  –  кептертәрізділер  отряды-

ның бір тұқымдасы. жер шарында кең таралған (тек 

полюстік облыстарда кездеспейді). 43 туысы, 285 түрі 

белгілі. Дене тұрқы 15 – 89 см. Денесі тығыз, мой-

ны қысқа. қанаттары негізінен ұзын, үшкір, жақсы 

ұшады. Халықар. табиғат қорғау одағының «қызыл 

кітабына» 16 түрі және 9 түр тармағы енгізілген. қа-

зақстанда  2  туысы:  кептер  (6  түрі)  және  түркептер 

(4 түрі) бар. К-лердің қолға үйретілген түрін халық 

арасында  –  к ө г е р ш і н   деп  атайды.  Республи-

каның  оңт.  жартысында  көк  К.  (Columba  lіvіa);  Ал-

діріс кешенін сумен қамтамасыз етуге, егін суғаруға 

пайдаланылады. Алабы – мал жайылымы. 

КЕҢГІР  БӨГЕНІ,  қарағанды  обл-ның  жезқазған 

өңіріндегі қаракеңгір өз. арнасына салынған бөген. 

1952 ж. іске қосылған, 1961 – 65 ж. қайта кеңейтіліп 

салынды.  жағасында  жезқазған  қ.  орналасқан.  Бө-

геннің ұз. 3 км, ені 1,6 км шамасында, орташа тереңд. 

8,5 м (ең терең жері 21 м). Аум. 37,3 км

2

, суының көл. 



319  млн.  м

3

.  Бөген  негізінен  жезқазған  өнеркәсіп 



кешенін тех. және ауыз сумен қамтамасыз ету үшін 

салынған,  сондай-ақ  қала  төңірегіндегі  шаруашы-

лықтарды сумен қамтамасыз етеді. Бөген суы тұщы, 

минералд. 0,4 г/л-ден (көктемгі су тасуы кезінде) 1,7 

г/л-ге дейін (қысқы саба кезінде) өзгереді. Деңгейінің 

жылдық ауытқуы 2,5 – 3,0 м шамасында. 



КЕҢҚИЯҚ МҰНАЙ КЕНІ, Ақтөбе обл. темір ауд-

нда,  Ақтөбе  қ-нан  оңт.-батысқа  қарай  250  км  жер-

де  орналасқан.  Кен  орны  1959  ж.  ашылған.  К.  м.  к. 

құрылымдық  жағынан  тұз  күмбезімен  байланысты. 

тұз үстіндегі қимада белгілі болған 9 мұнайлы қабат 

юра,  триас  және  пермь  кезеңі  жыныстарында  орна-

ласқан. 1971 ж. тұз астындағы төм. пермь кезеңі шө-

гінділерінде тағы 5 өнімді қабат, ал 1979 ж. ортаңғы 

тас  көмір  кезеңінің  карбонатты  қабаттарында  үлкен 

мұнай шоғыры анықталған. өнімді мұнай қабаттары 

160 м-ден 4300 м-ге дейінгі тереңдікті қамтиды. қима 

құмтас, алевролит, гравелит, саз және аргиллиттерден 



Кеңгір

Кеңгір өзені

Кеңгір бөгені


277

тай,  тарбағатай,  Сауыр,  жетісу  (жоңғар)  Алатауы 

және Батыс тянь-шаньда құз К. (Columba rupestrіs); 

жайық  өз-нің  аңғарында  дыркептер  (Columba 

palumbus),  Арал  т-нен  Алакөл  қазаншұңқырына 

дейінгі  шөл  далада  қоңыр  К.  (Columba  eversmannі) 

таралған.  Сондай-ақ  республиканың  таулы  аймақ-

тарындағы  жалпақ  жапырақты  орман  белдеуінің 

етегінде  түркептер  (Streptopelіa  turtur);  шығыста, 

оңт. аймақтағы тауларда, орманды далада, далалық 

жерлерде  үлкен  түркептер  (Streptopelіa  orіentalіs) 

кездеседі.  К-лердің  қанатының  ұз.  180  –  250  мм, 

салм.  240  –  350  г  (дыркептер  –  600  г-дай).  Басы 

кішкентай, тұмсығы түзу, сирағы қысқа болады. К-

лердің  көпшілігінің  қауырсындары  құлпырып  тұ-

ратын  алуан  түсті  келеді.  үнемі  топталып  жүреді. 

жұбын жазбайды. Дыркептер, түзкептер, қоңыр К., 

түркептер, үлкен түркептер – жыл құсы, қалған түр-

лері отырықшы құстар. 2 ақ жұмыртқасын мекиені 

мен қоразы 14 – 30 күн бойы кезектесіп басады, ба-

лапандарын  екеулеп  қоректендіреді.  Ағаш  басына, 

жартасқа, жардағы інге, қора-жайға, кейбір түрлері 

жерге ұялайды. Көбі жылына 2 рет, кейбіреуі 4 – 5 

рет  жұмыртқалайды.  жұмыртқаны  жарып  шыққан 

қызылшақа балапан әбден қанаттанғанша (25 тәулік 

бойы)  ұядан  ұшпайды.  өсімдік  тұқымымен,  астық 

тұқымдастарының  дәнімен,  шошқа  жаңғақпен  қо-

ректенеді. 



КЕРБҰЛАҚ  –  Алматы  обл.  талғар  ауд.  аума-

ғындағы  аңғар.  малайсары  жотасы  мен  Іленің  оң 

жағалық аңғарында жатыр. ендік бағытқа созылып 

жатқан  аңғардың  ұзындығы  шамамен  40  км,  енді 

келген шығысы 15 км-дей. Аңғардың орта тұсында 

ұз. 20 км, ені 250 м болатын терең сай жатыр. Оңт-

ндегі  итжон  үстіртінің  шетінде  Кербұлақ  қыстауы 

орналасқан. тауалдының бозғылт сұр топырағында 

жусан,  астық  тұқымдас  шөптесіндер,  эфемероидты 

өсімдіктер өседі.



КЕРБҰЛАҚ АУДАНЫ – Алматы обл-ның орт. бөлі-

гінде орналасқан әкімш. бөлініс. жер аум. 11,5 мың 

км

2

. тұрғыны 51,8 мың адам, орташа тығызд. 1 км



2

-ге 


4,5 адамнан келеді (2010). Аудандағы 64 елді мекен 14 

ауылдық және 1 кенттік әкімш. округке біріктірілген. 

Аудан орт. – Сарыөзек кенті. Аудан 1973 ж. ұйымдас-

тырылған. 1997 жылға дейін талдықорған обл. аума-

ғында болып келген. Бұрынғы Гвардия және Кербұ-

лақ аудандары негізінде 1997 ж. қайта құрылып, қа-

зіргі атымен аталады. К. а-ның шығыс, солт.-шығыс 

бөлігі таулы. жетісу (жоңғар) Алатауын екіге бөліп 

тұрған  Көксу  депрессиясы  мен  тауаралық  ойыста 

орналасқан.  Ауданның  биік  таулы  бөлігі  қоянтау, 

Алтынемел,  тоқсанбай  жоталарынан  тұрады.  Оңт., 

оңт.-шығысында  шолақтау,  Сарышыбын,  Дегерес, 

қотырқайың,  матай,  оңт.-батысы  мен  батысында 

аласа  келген  малайсары  жотасы  орналасқан.  Ау-

данның ең биік жері жетісу Алатауының оңт. сілемі 

саналатын тоқсанбай жотасында (4062 м). қиыр оңт. 

мен оңт.-батысы жазық (Іле ойысы) келген. Батысын-

да мойынқұм құмы жатыр. жер қойнауынан алтын, 

күміс  (Арқарлы,  Бетбастау,  игілік,  Керімбек  кен 

орындары), цеолит, шунгит (шанханай, Көксу кен 

орындары),  алунит  (ашудас  алынатын  минерал), 

қорғасын,  мырыш,  мыс  кен  орындары,  одан  басқа 

әктас, мәрмәр, габбро-диабаз, қиыршықтас кендері 

барланған. майтөбе кен орнынан цеолит өндіріледі. 

Ауданның климаты тым континенттік. қаңтар айы-

ның жылдық орташа темп-расы –10 – 15°С. қыстың 

кейбір күндерінде ауа темп-расы –37°С-қа дейін тө-

мендейді. шілденің жылдық орташа темп-расы 22 

– 24°С; оңт.-батыстағы жазық өңірлерде кейбір жыл-

дары темп-ра 38 – 40°С-қа дейін көтеріледі. жауын-

шашынның жылдық орташа мөлшері ауданның ба-

тысындағы жазық өңірлерінде 150 – 200 мм-ден шы-

ғыс, солт.-шығысында 650 – 800 мм-ге дейін жетеді. 

Басты өзендері: Іле, Быжы, Көктал, қаратал, Көксу. 

шағын  өзендері:  қызылжар,  майтөбе,  Сарыбұлақ, 

жартас,  шолақ,  тайшақ,  қоянкөз,  т.б.  Іле  өз-нде 

қапшағай бөгені салынған. тау бөктерлері мен тау-

аралық ойыстарда таудың қара, күңгірт қоңыр, қыз-

ғылт қоңыр, жазық өңірінде ашық қоңыр, қоңыр, сұр, 

сортаңды сұр топырағы қалыптасқан. мойынқұмда 

құмды  топырақ  таралған.  өсімдіктерден  жазық 

өңірде  жусан,  көкпек,  жыңғыл,  сексеуіл,  боз,  бете-

ге, теріскен, изен, т.б. астық тұқымдас шөптесіндер 

өскен.  тау  аңғарлары  мен  бөктерінде  шайқурай, 

бидайық,  бүлдірген,  тобылғы,  арша,  итмұрын,  до-

лана, жабайы алма ағашы, самырсын, шырша, альпі 

шалғыны  өседі.  жануарлардан  қасқыр,  түлкі,  жа-

байы  шошқа,  қоян,  борсық,  суыр,  сарышұнақ,  биік 

таулы өңірде қоңыр аю, марал, арқар; құстардан бүр-

кіт, ителгі, құр, кекілік, дуадақ тіршілік етеді. Аудан-

да  аум.  42,6  мың  га  «Алтынемел»  ұлттық-табиғи 

саябағы  орналасқан.  Онда  Барсакелмес  аралынан 

көшіріліп әкелінген құландар мекендейді. Ауданның 

шығысындағы «жоғарғы Көксу» мемл. қорықшасын 

марал  және  таутеке  мекендейді.  Ірі  елді  мекендері: 

Сарыөзек  кенті,  қоғалы,  шанханай,  қарашоқы, 

қызылжар,  Басши,  жоламан,  қарағаш,  қоянкөз. 

А.  ш-ның  жарамды  жерлерінің  жалпы  аум.  (2008), 

1,116 млн. га, оның ішінде егістік жерлері 142,4 мың 

га,  көп  жылдық  егістіктер  0,2  мың  га,  шабындығы 

19,8 мың га, жайылымдар 751,1 мың га, бақшалар 0,4 

мың  га-ны  құрайды.  Алтынемел  жотасының  солт. 

баурайында,  еліміздің  көрнекті  ғалымы,  саяхатшы 

ш.уәлихановтың  өмірінің  соңғы  жылдары  өткен 

шанханай  а.  жанындағы  Көшентоған  қонысында 

ғалымға орнатылған ескерткіш-бейіт және мұражай 

орналасқан.  Аудан  жерімен  Алматы  –  Семей  авто-

моб. жолы және түрксіб т. ж. өтеді. 



КЕРЕГЕЖАЙҒАН – Сарысу және жаманкөң өзен-

дерінің аралығындағы тау. қарағанды обл. жаңаарқа 

ауд. қызылжар а-ның солт-нде 26 км жерде орналас-

Керегежайған

шолақ тауы



278

қан. Абс. биікт. 425 м. Беткейі көлбеу келген. етегі-

нен  Бала  Сарыөзен,  Сарыөзен  өзендері  ағып  өтеді. 

тас  көмір  жыныстарынан  және  гранитоидтарынан 

түзілген. қызғылт қоңыр топырағында шілік аралас 

дала өсімдіктері өседі.



КЕРЕГЕТАС  –  қарағанды  обл.  Ақтоғай  ауд.  же-

ріндегі  тау.  жыланды,  Ақсай,  қаршығалы  өзенде-

рінің аралығында. Солт.-батыстан оңт.-шығысқа қа- 

рай  20  км-ге  созылып  жатыр,  ені  12  км.  Абс. 

биікт.  991  м.  Беткейлері  сай-жыралармен  тілімден-

ген бірнеше ұсақ шоқылардан тұрады. таудың шы-

ғыс етегінде қорымтастың мол үйіндісі бар.  Силур 

жүйесінің жыныстарынан түзілген. қоңыр топырақ 

жамылғысында  жусан,  бетеге,  сұлыбас,  бұталар 

өседі.  жайылымдық  және  шабындық  жерлер  мен 

қыстаулар бар.

КЕРЕГЕТАС – қарағанды обл. шет ауд. жеріндегі 

тау. Ақжал кентінен батысқа қарай 18 км жерде ор-

наласқан. Батыстан шығысқа қарай 20 км-ге созыл-

ған, ені 5 км. Абс. биікт. 888 м. Беткейлері тегістеу 

келген  бірнеше  ұсақ  шоқылардан  тұрады.  Солт. 

беткейінде қорымтастың мол үйіндісі бар. өзендер 

мен  жылғаларға  Ащыөзек)  және  бұлақтарға 

(Ноғайқазған, мұқтар, тастықұдық, т.б.) бай. Девон 

жүйесінің ортаңғы және төм. бөлігінің жыныстары-

нан түзілген. шала дамыған қоңыр топырақ жамыл-

ғысында  жусан,  боз,  бетеге,  бұталар  өседі.  жазғы 

жайылымдық пен мал қыстатуға пайдаланылады.



КЕРЕГЕТАС – ерейментау тауларының солт.-шығыс 

тізбегі,  ауданның  шығыс  бөлігінде  орналасқан  тау. 

Ақмола  обл.  ерейментау  ауд-нда.  Абс.  биікт.  461  м. 

Оңт.-батыстан солт.-шығысқа қарай 7 км-ге созылған, 

енді жері 2 км-ге жетеді. К-тың пішіні дөңгелек келген 

аласа тау. Эрозиялық-тектоник. әсерден беткейлері ті-

лімденген. Солт.-батыс беткейінің түпкі жынысы жер 

бетіне шығып жатыр және тіктеу келген; оңт. шығысы 

– көлбеу. тау бастары бірнеше оқшау шыңдардан тұ-

рады.  Солт.-батыс  етегінде  көлдер  мен  сор  жерлер 

бар. Девон тау жыныстарынан түзілген жер қыртысын 

қиыршықтасты-кесектасты коллювий және коллюви-



Керегетас

йлі-делювийлі  шөгінділер  жапқан.  Нашар  дамыған 

сортаңдау қызғылт қоңыр топырағында қараған, то-

былғы аралас бетегелі-бозды өсімдіктер өседі.



КЕРЕГЕТАС – Сауыр жотасының оңт.-батыс сілем-

дері  жүрек  және  шағаноба  тауларының  аралығын-

дағы асу. шығыс қазақстан обл. зайсан ауд. жерінде 

орналасқан. Абс. биікт. 2011 м. Асу орта палеозойлық 

құмтастардан, алевролиттерден, конгломераттардан, 

базальт  құрамды  жыныстардан  түзілген.  Орт.  бел-

деуі  орманды,  ал  ең  жоғары  шегінде  альпілік  шал-

ғынды жазықпен ұласады. мамыр – қараша айлар-

ында салт атты адам өте алады.

КЕРЕЙ – теңіз көлі алабында, қарағанды обл. Нұра 

ауд-ның солт.-батысындағы ағынсыз тұзды көл. те-

ңіз  көлінің  оңт.-батысынан  6  км,  қыпшақ  көлінің 

шығысынан  16  км  жерде,  теңіз  деңгейінен  312  м 

биіктікте  орналасқан.  Ауд.  34,7  км

2

  (кей  жылдары 



62,8 км

2

-ге жетеді). Ұз. 7,7 км, енді жері 6 км, жағалау 



бойының ұз. 30,3 км, орташа тереңд. 0,4 м. Су жина-

латын алабы 3680 км

2

. Көл шарасы шығысқа қарай 



таға тәрізді иілген, саяз сулы, түбі тұнбалы.  жаға-

лауы жазық, саздақты. шығыс жағынан К. өз. құяды. 

Көл қар, жауын-шашын, жер асты суларымен толы-

сады. Суының деңгейі сәуірде көтеріліп, қыркүйекте 

төмендейді. Кей жылдары тартылып қалады.

КЕРЕЙ  –  теңіз  көлі  алабындағы  өзен.  қарағанды 

обл. Нұра ауд-ның батысынан ағып өтеді. Бастауын 

Ұлытаудың  солт-ндегі  желдіадыр  тауының  солт. 

беткейінен  алады.  Керей  көліне  шығысынан  құя- 

ды. Ұз. 100 км, су жиналатын алабы 3490 км

2

. Негіз- 



гі салалары: талсай, қарасу, Басыақтұма. жайылма- 

сының ені 50 – 300 м, иректеліп келетін арнасының 

ортаңғы, төм. ағыстарындағы ені 30 – 40 м. Негізінен 

қар және жер асты суларымен толығады. қарашада 

суы қатып, сәуірде ериді. жылдық орташа су ағымы 

сағасында 0,55 м

3

/с. Суы ауыз су ретінде, жайылым-



дарды суландыруға, мал суаруға жарамды. Алабын-

да  жайылмасын  көлдете  суғару  үшін  салынған  бө-

геттер (жалпы су көл. 1,23 млн. м

3

) бар. 



КЕРЕМЕТ КВЕЛЕЦИЯ (Queletіa mіrabіlіs) – базиди-

омицеттер класы, гастеромицеттер қатарына жататын 

жоғары сатыдағы саңырауқұлақ. қазақстанда Алма-

ты және қызылорда облыстарының саздақ топырақты 

жерлерінде  ғана  ұшырасады.  жемістік  денесінің 

биікт.  25  см-дей.  Оның  ұшындағы  шоқпар  тәрізді 

басының ені 3 – 7 см. К. к-ның жұқа сыртқы қабығы 

(экзоперидий) біртіндеп түсіп қалады да, тек басының 

Керегетас тауы

Керей өзені



279

жемістік  денесіне  бекіген  жерінде  ғана  жаға  тәрізді 

сақталып қалады. Басын жауып тұратын ішкі қабығы 

(эндоперидий) қалың, қатты болады. Ол қатты шыты-

нап бөлшектерге бөлініп түседі де, төм. дөңес бөлігі 

сақталып қалады. Аяқшасы жуан, биікт. 16 – 19 см, ені 

3 – 4 см, цилиндр тәрізді келеді. Аяқшасы бастапқы 

кезде  етжеңді,  әбден  піскен  кезде  ағаштанып  кеуіп, 

талшық  сияқты  болады.  Споралары  мамыр  –  шілде 

айларында жетіледі. К. к. – тағамға жарамсыз саңы-

рауқұлақ. өте сирек кездесетін, жойылып бара жат-

қан түр болғандықтан қорғауға алынып,  қазақстан-

ның «қызыл кітабына» енгізілген. 

КЕРҚҰЛАН, п р ж е в а л ь с к и й  ж ы л қ ы с ы  (Equ- 

us  przewalskіі  Poljakov)  –  тақтұяқты  сүтқоректілер-

дің  жылқы  тұқымдасына  жататын  жабайы  жылқы 

түрі.  Кейде  оны  жойылып  кеткен  тарпан  жабайы 

жылқысының  түр  тармағы  деп  те  есептейді.  Дене-

сінің  ұз.  230  см,  шоқтығына  дейінгі  биікт.  130  см, 

салм. 300 кг-дай. Биелері айғырларынан кіші. Дене-

сін бозғылт қызыл сары түк басқан, жон арқасында 

ұзына  бойы  созылған  жіңішке  түкті  белдік  тәрізді 

қара  қошқыл  жолағы  болады.  К-ды  1878  ж.  Орт. 

Азияға жасаған саяхаты кезінде Н.м.пржевальский 

қытайдағы  жоңғарияның  шөлді  аймағынан  кез-

дестіріп, терісі мен бас сүйегін Ресейге алып келген. 

Оны  зерттеген  орыс  ғалымы  и.С.поляков  (1845  –  

1887)  мұның  жабайы  жылқының  жеке  түрі  екенін 

анықтап, Н.м. пржевальскийдің құрметіне «прже-

вальский  жылқысы»  деп  атаған.  19  ғ-ға  дейін  К. 

қазақстанның,  моңғолияның,  қытайдың  құрғақ 

далалы,  шөлейтті-шөлді  аймақтарында  кең  тарал-

ған.  жылқы  малының  білгір  маманы,  қытайлық 

қазақ  ғалымы  м.қалиасқарұлының  «қазақтың 

жылқы  шаруашылығының  шежіресі»  деген  кіта-

бында: «тұрқы 2 м, биікт. 1,5 – 1,3 м, мойны қысқа 

әрі жуан, жалы – тік, қысқа әрі сирек, қайратты ке-

леді. Басы үлкен, кеңсірігі жалпақ. танауы, астыңғы 

ерні  мен  иегіне  сояуша  түк  өседі.  құлағы  қысқа, 

қалың,  ұшында  жарты  ай  тәрізді  ойығы  болады...» 

деп  сипаттама  берген.  К.  –  өте  қағылез  сақ  жа- 

нуар. 10 – 20-дан топталып үйір құрады. қыс мезгілін-

де шағын үйірлер бірігіп қос құрайды. Олар бетеге, 

ақшөп, теріскен, итсигек, сексеуіл, ермен, жыңғыл, 

тасбүрген, селеу, дүзгенді, т.б. сүйсініп жейді. К., кө-

бінесе  қақ  суларын  ішеді.  «қағынан  жеріген  құлан 

қаңғырып  өлер»  деген  қазақтың  дана  сөзі  соған 

байланысты  айтылған.  қазақстанда  1868  –  71  ж.  

К-ның  Іле  мен  қаратал  өзендерінің  аралығында, 

ертіс өңірінде таралғандығы туралы да мәліметтер 

кездеседі. Бірақ 20 ғ-дың 60 – 70-жылдарынан кейін 

К. қазақ даласында мүлде кездеспеген, кейін қытай 

мен моңғолия жерінен де біржола жойылған. қазіргі 

кезде К. дүние жүзінің кейбір зоол. бақтарында ғана 

сақталған.  К-дарды  сақтап  қалу  және  көбейтіп,  бұ-

рынғы тарихи таралған аймақтарына қайта жерсін-

діру  шараларын  жүргізу  мақсатында  Нидерланд 

мемлекетінде  арнайы  қор  құрылды  (1977).  К-дарды 

қайта жерсіндіру жұмыстары моңғолия жерінде де 

қолға  алынған.  мюнхен  зоол.  бағында  (Германия) 

К-дарды  қорғау,  санын  көбейту  жұмыстары  жүргі-

зілуде.  2002  ж.  осы  бақтың  директоры  в.Хеннинг 

Алматыға арнайы келіп, Алматы зоол. бағынан таза 

қанды  К-ның  «липа»  атты  биесін  мюнхенге  алып 

кетті. К. Халықар. табиғат қорғау одағының «қызыл 

кітабына» енгізілген. 

КЕРМЕК  (Lіmonіum)  –  қорғасыншөптер  тұқымда-

сына жататын көп жылдық шөптесін өсімдік, шала 

бұта.  200-ден  артық  түрі  белгілі.  қазақстанда  Бал- 

қаш – Алакөл ойысы мен Іленің сусымалы құмдары 

мен сортаң топырақты жерлерінде, Сөгеті, Сарытоғай, 

Көртоғай,  шарынның  тастақты  беткейлері  мен  тау 

етектерінде  өсетін  18  түрі  кездеседі.  Биікт.  15  –  80 

см,  сабағының  түбі  қатайып  сүректенген,  ұшына 

қарай  көптеген  бұтақтар  тарайды.  қабыршақты, 

ине  немесе  желпуіш  тәрізді  жіңішке,  тегіс  жиекті 

жапырақтары өркенге сағақты кейде сағақсыз (отыр-

малы) кезектесіп орналасады. Сабағының түбіндегі 

ірілеу  жапырақтары  жертағандап  сабақты  айнала 

дегелектеніп  жатады.  жеке  гүлі  ойыс  немесе  түтік 

тәрізді  жұқа  жарғақты  5  тостағаншадан,  күлгін, 

қызғылт,  сары  түсті  5  күлтеден,  5  аталық  және  бір 

аналықтан  тұрады.  майда  гүлдері  жиі  бұтақталып 

тарамдалған  біржақты  масақ  гүлшоғырына  жинал-

ған.  шілде  –  қыркүйек  айларында  гүлдейді.  жемі- 

сі  –  құрғақ,  өте  жұқа  жарғақ  қабықты  жақтауынан 

немесе  қақпақшасынан  ашылады.  томарбояулы  К. 

(L. gmelіnі), кермексабын (L. otolepіs), Каспий К-інің 

(L. caspіum) шаруашылық маңызы зор. К-тің тамы-

рынан  тері  илейтін  зат  –  жүн,  кілем  бояйтын  бояу 

алынады. тамырының қайнатпасын халық медици-

насында жас сәбилердің іші өткенде ішкізеді. К-тің 

2 түрі михельсон К-і (L. mіchelsonіі) мен Резничен-

ко  К-і  (L.  reznіczenkoanum)  реликт  түрлер  ретінде 

ерекше  қорғауға  алынып,  қазақстанның  «қызыл 

кітабына» енгізілген. 




1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал