Жанқұтты шешеннің қартайған шағында



жүктеу 385.76 Kb.

бет1/4
Дата09.01.2017
өлшемі385.76 Kb.
  1   2   3   4

Жанқұтты шешеннің

қартайған шағында

айтқандары

«Жезтаңдай мен

қазақтың ШаШубайы»

www.anatili.kz

e-mail: anatili_gazetі@mail.ru

www.twitter.com/anatilikz

www.facebook.com/anatilikaz

№32 (1290) 

13 – 19 тамыз 

2015 жыл


Сөзi жоғалған 

жұрттың 

өзi де жоғалады

1990 жылғы 

наурыздың 22-сiнен 

бастап шығады

6-7

сүті кеуіп үлгермеген қыз бала-

ларды жезөкшелік жолға салған 

адамдардың қатыгездігіне не айтуға 

болады? Бүлдіршіндерге қиянат 

жасайтын азғындарды қайткенде 

ауыздықтаймыз? Сөз жоқ, балаларға 

қатысты зорлық-зомбылықтардың 

қай-қайсысы да жантүршігерлік 

оқиға болып есептеледі. 

Еліміз бойынша жыл сайын 

түрлі құқық бұзушылықтар жасаған 

100-120 мың кәмелетке толмаған 

жеткіншектер полиция өкілдерінің 

қолына түсіп, тіркеуге алынады 

екен. Бұл дегеніміз, осы балалардың 

барлығы да жауапкершілікке тар-

тылып, құқығы шектеледі деген 

сөз емес. Десек те, біліп те, білмей 

жасаған әрекетін тәртіпке салудың 

түрлі тетіктері мемлекеттік деңгейде 

іске асырылуда. Қазіргі кезде Ішкі 

істер органдары 17 мыңнан астам 

бала мен 12 мыңнан астам жай-

сыз отбасымен профилактикалық 

жұмыстар жүргізіп келеді. 

Соңғы кезде педофилдер тара-

пынан жасалып жатқан қыл мыс-

тарды естігенде денең түршігеді. 

Мұндай қылмысқа тіптен ақыл-

е с і   д ұ р ы с   а д а м д а р д ы ң   б а р ы п 

жатқаны қорқынышты. Мысалы, 

Қарағандыда ірі компаниялардың 

бірінде жұмыс істейтін жоғары 

білімді 21 жасар жігіт үш бірдей 

бүлдіршіннің тағдырын тас-талқан 

етті. Бұндай жағдайлар еліміздің 

әр жерінде көрініс беріп жатқаны 

өкінішті жағдай. 

Несін жасырамыз,  балаларға 

қатысты жасалған зорлық-зом-

былық деректері көбейіп бара-

ды. Мәселен, Қызылорда облы-

сы, Қармақшы ауданы, Төретам 

ауылының тұрғыны 7 жастағы 

баласы Әлішер Темірашевты 



Бала құқығын қорғау – ортақ міндет

бұзықтығы үшін аяусыз жаза-

лап тұрған (24.kz/kz/zhanalyktar). 

Туған анасы от көсейтін темір 

құралмен ұлының денесін жара-

лап, оқтаумен аяусыз сабайтындай 

басына не күн туды десеңізші! 

Ата-ана мен бала арасындағы 

мейірімнің жоғалуы соңында 

орны толмайтын қасіретке апа-

ратынын тереңірек ойлансақ еді. 

Демек, балалар құқығын қорғау 

мәселесі бала өмір сүріп отырған 

қоғамның мәдениеті мен даму 

сатысына тікелей тәуелді екенін 

естен шығармағанымыз жөн. Ба-

лалар өмірін жақсартқанда ғана 

келешегіміз жарқын болмақ.

Бала тәрбиесімен айналысуға 

уақыт таппайтын, баласының не-

мен айналысып, қайда және кіммен 

жүргенін бақылауда ұстамайтын 

ата-аналар қаншама?! Осының бәрі 

айналып келгенде болашағымызға 

нұқсан келтіретінін ересектер 

ескермейтіні өкінішті. 



Нұрлан ҚҰМАР

«Ана тіліне» жазылыңыз, ағайын!

сырлы әлем

Бет қатталып жатқанда:

Баспасөз – 2015

 Алматы жастары қазақтың 

бас ақыны, ұлы ойшыл Абай 

Құнанбайұлының 170 жыл ды-

ғына орай шығарма шы лық кеш 

өткізді. Кеш бары сында ақынның 

өлеңдері оқылып, «Желсіз түнде 

жарық ай», «Көзімнің қарасы», 

«Айттым сәлем, Қаламқас» 

әндері шырқалды.

 Қызылорда облысы, Сырда-

рия ауданы, Шіркейлі ауылында 

Со циалистік Еңбек Ері Балдырған 

Мұстафаеваның еңбек жолына 

арналған «Балдырған және оның 

замандастары» атты еске алу 

кеші болып өтті.

  П а в л о д а р д а   д ә с т ү р л і 

Қымызмұрындық мерекесі 

өтті. Мерекеде тұрғындар мен 

қонақтарға 700 литрден ас там 

қымыз және 200 келідей бауыр-

сақ ұсынылды.

 Солтүстік Қазақстан об-

лы сында  жас  ма ман дарға  ар-

нал ған тұрғын-үй құры-

лысына және олардың 

несие рәсімдеуіне 416 

млн. теңгеден астам 

қаржы бөлінді.

Қ

А

зП

о

Ш

тА

Индекс


мерзімі

алматы


аймақ/қала

аудан/ауыл



Жеке жазылушылар үшін

65367

3 ай


692, 16

740, 10


778, 32

Мекемелер мен ұйымдар үшін

15367

3 ай


1324, 56

1372, 50


1410, 72

Біртүйер


12

Өмірдің сәні – балалар ғой. олардың балғын бейнелері, ертеңгі 

күнге деген сенімі, оқу-тоқуға деген зейіні, ойынға берілгендегі шат 

дауыстары, алаңсыз күлкілері қандай, шіркін! Алайда қоғамда бо-

лып жатқан неше түрлі келеңсіз оқиғалардың барлығы да бақытты 

балалық шаққа қаяу түсіретіні анық. Мәселен, жазғы демалыс, 

яғни қат-қабат шаруаның қызған кезінде жас балалардың дала 

жұмыстарында, саяжайлар мен жекеменшік үйлердің құрылысында, 

қоғамдық көліктерде билет сатушы болып жүргендері қаншама?! 

«От тұяқ кең даланы

дүбірлетіп...»

Алматыда суретші 

М.Кенбаевтың көрмесі өтті

Ұлттық рухтың қайта жаңғырып түлегені 

рухани егемендікке қол жеткізгеннің бір 

айғағы. Халқымыздың дәстүрлі таным 

түсінігінен бастау алатын кәсіби кескіндеме 

өнерінде сананы селт еткізер туындыларды 

өмірге әкеліп ұлттық көркем мектепті жаңа бір 

деңгейге көтерген суретші Молдахмет Кенбаев 

есімі ел ішінде ғана емес, өзге елдерде де 

жақсы таныс. 1950-жылдары қазақ бей

нелеу өнерінде өзіндік із қалдырып, 

бейнелеу өнерінің ұлттық көрінісін жасаған 

суретші шығармалары бүгіндері Ресейдің 

третьяков галереясында және тМД елдерінің 

мұражайларында сақталған.

Байқау


Талдықорғанда «Bala Turkvizyon» байқауы-

ныңіріктеу кезеңі өтті. Оған Жетісу өңірінің әр 

аймағынан 100-ге тарта үміткер қатысты.

Сайыстың шарты бойынша, таңдап алынған 

талапты өнерпаздар екі апта бойы республикалық 

ширек финал мен ақтық сайыста бағын сынай-

ды. Аймақтық кастингтер еліміздің барлық об-

лыс орталықтарында өткен болатын. Жетісулық 

талапкерлер де тыңғылықты дайындалды. Ән 

байқауының ақтық сыны күз мезгілінде Астана-

да өткізіледі. Оның қорытындысы бойынша ең 

таңдаулы орындаушы өнерпаз «Bala Turkvizyon» 

байқауының Гранд-финалына Қазақстан атынан 

қатысады.



Ең таңдаулы өнерпаз анықталады

4-бет

11-бет

3-бет

алты алаштың ардағы



Қазаққа қандай

ток-шоу қажет?

тамыры бір

түркі тілі

Абай және 

әлемдік өркениет

атадан жеткен асыл сөз

Бір сөз айтсаң жақсыға,

Аталы сөзге тоқтайды.

Бір сөз айтсаң жаманға,

Өмірінде ұқпайды.

Надандықтың белгісі,

Өзін-өзі мақтайды.

Көкірегі соқырға,

Өмірде таң атпайды.

Шешеннің сөзі шын асыл,

Қап түбінде жатпайды.

Тон бітпеске тон бітсе,

Қағуменен тоздырар,

Жаман болса алғаны

Ер жігітті аздырар.

Жақсыменен сөйлессең,

Құмарыңды қандырар.

Жаманменен сөйлессең,

Көңіліңді қалдырар.

Кез болсаңыз суайтқа,

Өтірік айтып нандырар.

Өсекшімен сөйлессең,

Ұрмай-соқпай талдырар.

Жолдас болсаң сараңмен,

Жол үстінде қалдырар.

Жаман болса достарың

Өзіңді жауға алдырар.

Жаман болса, жақын – жау,

Шайпау болса, қатын – жау.

Шабан болса, атың – жау.

Тартыншақ болса, түйең – жау,

Тебеген болса, биең – жау.

Күнде келсе, күйеу – жау,

Жымысқы болса, жиен – жау,

Тіл алмаса, ұлың – жау,

Арсыз болса, қызың – жау.

***


Ә й е л і ң   ж а қ с ы   б о л с а ,   қ о -

нағыңмен үйіңнің тұрағы, балаң 

жақсы болса, екі көздің шырағы, 

атың шабан болса, бұл жалғанның 

а з а б ы ,   ә й е л і ң   ж а м а н   б о л с а , 

дүниенің дозағы, балаң жаман 

болса, көрінгеннің мазағы.

Буындары бекімеген балғындар 

мен қараусыз қалған балалар ба-

зарларда арзан жұмыс күші ретінде 

жалданып жүк тасып жүреді. Ауыл-

ш а р у а ш ы л ы ғ ы н д а ,   ж е р г і л і к т і 

базарлардағы ұсақ саудада, үй 

шаруашылығында еңбекке ерте 

араласатын балалардың басым бөлігі 

тұрмыстық деңгейі төмен немесе 

толық емес отбасыларынан шығып 

жатады. Аңдаусызда ұрлық жасап, 

қылмыскер атанатындар да солар.

Ал ата-аналарының маскүнем-

д і к к е   с а л ы н у ы   с а л д а р ы н а н 

үйлерінен еріксіз қашып, қаңғы-

б а с т а р   қ а т а р ы н а   қ о с ы л ғ а н 

жеткіншектеріміздің болашағына 

неге алаңдамасқа? Аузынан ана 

«...Шашубайдың «Майда қоңыр»,

«Ырғыма-сырғыма», «Мамық

қызға», «Ақ қайың», «Сырлы

қайың», «Жамалға», «Кербез

кер», «Бес Балқан» және т.б.

өлеңдері көпшілікке мәлім.

Бұл әндерде махаббат, өнер,

табиғат туралы ой тербейді.

Қай әні болмасын адам жанын

мөлдір сезімге бөлейді. Қазақ

даласындағы жәрмеңкелер

халық ішінен суырылып шыққан

таланттардың ойын-сауығының

куәсі болғаны баршаға мәлім.

Сол жиындар Шашубай

шығармашылығына кең өріс

болғаны ақиқат.

ол – айтыс ақыны, композитор,

әнші, сырнайшы, жонглерлік-

клоундық өнердің де иесі, халық

ойындарын асқан шеберлікпен

орындайтын болған. Айталық,

басындағы тақиясын көз

ілестірмей маңдайынан секіртіп,

желкесіне әкеліп ойнатады

екен. төбесімен жүргенде

аяқтыдан кем соқпаған көрінеді.

Доңғалаққа ұқсап дөңгеленгенде,

таяқтың ұшына таяқ қойып

дөңгелеткенде, аттың үстінде

төбесімен шаншылып тұрып

шапқанда, құрықты бес саусағына

кезек қондырып қарына дейін

жеткізгенде «мынау дию ма, пері

ме» деп жұрт қайран қалысады

екен».

Суретте солдан оңға қарай (бірінші қатарда): Ғ.Мүсірепов, Ж.Жабаев, Ж.Шаяхметов, Ш.Қошқарбаев (Алматы, 1943 жыл, 4-желтоқсан. Бірінші республикалық айтыс)



2

3

№32 (1290) 



13 – 19 тамыз 

2015 жыл


№32 (1290) 

13 – 19 тамыз 

2015 жыл

АНА ТІЛІ

АНА ТІЛІ

Байғозы, Баян, Оразымбет, Шынқожа, Жауғаш, 

Мәлік, Бердіқожа тәрізді батырларымен бірге 

тағы да атқа қонды. Бұл жолы жорық қырғызға 

қарсы болды. Қырғын соғыста қырғыз бас иді. 

Ел арасы тынышталды. Осындай ахуалда 1771 

жылы кезінде қазақ ханы атанып, біртіндеп 

елден оқшауланып, елеусіз қалған Әбілмәмбет 

қайтыс болды. Енді қазақ Абылайды хан сайлау 

жағын қызу ойластыра бастады. Осы оқиғаға 

тікелей куәгер болған Қазыбек бек Тауасарұлы 

мұны төмендегіше жазып кеткен: «Сол жылдың 

жазында Қожа Ахмет бабаның мәсжідінде үш 

жүздің игі жақсылары, билері мен ел басылары, 

хандары мен сұлтандары жиналып, Абылайды 

хан сайлады. ...Ұлы жүз 24 шар, Орта жүз  31 шар, 

Кіші жүз  14 шар, Қарақалпақ 2 шар, төре 1 шар, 

барлығы 73 шар салынды. Орта жүзден Абақ Ке-

рей бір шар, Тарақты бір шар даулап алды. Кіші 

жүзден алты Әлім, төрт Шөмекей, Жетірудан 

Тама мен Жағалбайлы, Байұлынан Алаша 

мен Жаппас қана шар салды. 29 таңбалы Кіші 

жүздің басқасы хан сайлауына қатыспады. Ұлы 

жүз Бәйдібектен тараған 7, Сіргелі,Шақшам 

2, Қаңлы, Шанышқылы  2, Жалайыр  12, бәрі  

24 шар салды. Сол 73 шардан Абылайға  69 

адам қол берді. Шапырашты атынан шарды 

мен салдым. Хандар мен сұлтандар арасында 

да қарсылар болды. Нұралы інісі Ералының да 

хандықтан дәмесі бары көрініп қалды. Бірақ 

қазақ билері олардың сөзін құлағына ілмеді 

де, елемеді де. Өйткені қазақтың жүзге тарта ел 

билеушілері Абылайдың сөзін сөйлеп, сойы-

лын соқты. Абылай ақ киізге отырғызылып, 

үстіне шентон, басына мұрақ кигізілді. Сонан 

соң сегіз жігіт көтеріп, он шақты қадам жүрді 

де, ақ боз атқа мінгізді. Міне, ол енді хан болды. 

«Сақылардан сұлтан ал, құтпан жалдан ұлтан 

ал, пат құндыздан ұлпан ал» осылай болды». 

Міне, Абылайдың қазаққа қалай хан болғанын 

көзі көрген адамның сөзі. Қалай десек те, бұдан 

байқайтынымыз, көптеген қарсыластарының 

қолдамағанына қарамастан Абылай 1771 жылы 

шынында да бүкіл қазаққа хан болып сайланды. 

Қазаққа хан болған Абылайдың елге сіңірген 

еңбегі қисапсыз, ол қандай құрметке де лайық. 

Қытай қазақтары арасына таралған  «Шыңғыс 

хан шежірес»і деген дастанда оның халық 

алдындағы еңбегі төмендегіше жырланады: «...

Қырық екі жыл ел сұрады Абылай да, Хандар 

өткен тарихта әрбір жайда. Ел қорғауда жау-

ынгер Абылайдай, Ержүрек батыр хандар болу 

қайда?! Айлакер, соғыс маман парасатты. Ойы 

терең болжаған болашақты. Табанды қайсар 

болып, дипломат, уысында ұстады бар қазақты. 

Абылай елді түзеп жолға салды. Жоңғардай 

жуан жауға тыйым салды. Бір мың жеті жүз 

жетпіс жетінші жыл, ажал құрғыр қояр ма, дүние 

салды». Мұндай әділетті  бағаға  әрине,  алып-

қосарымыз жоқ.



Талас ОМАРбекОв, 

әл-Фараби атындағы ҚазҰУ жанындағы 

Орталық Азиядағы дәстүрлі өркениеттерді зерт-

теу орталығының директоры, профессор, ҚР 

ҰҒА құрметті академигі

АбылАй


  (Әбілмансұр) хан

Қазақтың ел болып, Үш жүздің басының қосылуына, қазақ даласын жатжерліктерден 

қорғап қалуда қисапсыз еңбек сіңірген Абылай хан еді (суретті салған автор – т.о). оның 

дүниеге келгенде азан шақырып қойған аты Әбілмансұр болатын. замандастары оның 

қарадан шығып хан болғаны туралы тарихи деректер қалдырған. олар бүгінгі күнге келіп 

жетті. Алайда ол деректердің Абылайдың қайраткерлік тұлғасына көлеңке түсіре алмай-

тынын, жалпы алғанда Абылайдың халқының алдындағы жанқиярлық қызметін ашып 

көрсетуге де көмектесе алмайтынын түсінуіміз керек. Қалай десек те, халық оны төре 

тұқымы ретінде қабылдап, хан көтерді. олай болса тарихи зерттеулерде оның шығу тегін 

қазып зерттегеннен гөрі, қазаққа жасаған қызметіне назар аударғанымыз жөн болады. 

Сыр елінде Алаш зиялысы Мұстафа Шоқайға арналған еңселі 

ескерткіш бой көтермек. 

Ескерткішті белгілі мүсінші Насыр Рүстемов жасамақ. Қазір 

туындыны ұлттық комиссия талдап, мән-маңызын құнттап жатқан 

көрінеді. Ал автор мүсіннің сәтті шығуы үшін 6 ай уақытын сарп еткен. 

Бүгінге дейін 100-ден астам еңбекті жасап үлгерген Н.Рүстемов жаңа 

шығармасында Мұстафа Шоқайдың кейпін, түр-тұлғасын ғана емес, 

оның өмірдегі шынайы болмысын бейнелейтінін атап өтті. 

Жамбыл облыстық «Нұр Отан» партиясы  филиалының Мәжіліс 

залында облыс әкімдігі жастар саясаты басқармасының «Жастар орта-

лығы» мекемесінің ұйымдас тыруымен «100 нақты қадам – бола шақтың 

бағдары» атты шара аясында жұмыс сыз жастармен кездесу өтті.

Ұлт Жоспарының 100 нақты қадамын жұмыссыз жастарға түсін-

діруді мақсат тұтқан шарада алғаш сөз тізгінін облыс әкімдігі жастар 

саясаты мәселелері бас қармасының «Жастар орталығы» мекемесінің 

директоры Талғат Шайхиев алып, Елбасының бес институттық 

реформаны жүзеге асыру жөніндегі 100 нақты қадамындағы көзделген 

мақсат тарға тоқталып өтті. Сондай-ақ 100 нақты қадамды жастар ара-

сын да кеңінен насихаттап, оны іске асыру жолдарын ұсынды. «Бір 

Болашақ» жастар қоғамдық бірлестігінің төрағасы Сұлтан Те мірлан, 

«Қазақстан – 2050» Жал пыұлттық қозғалысының Жамбыл облысы 

бойынша үйлестірушісі Әлібек Шәмші 100 қадамның 3-4 бағыттары 

туралы жастарға қысқаша мәлімет беріп, пікір алмасты. 



Дж.вашингтон атындағы университетте 

Қазақстанның АҚШ-тағы елшілігінің қолдауымен 

және Қазақ ғылыми-зерттеу институтының 

ұйымдастыруымен Қазақ хандығының 550 

жылдығына орай «Дешті-Қыпшақ: құпия 

белгілер» атты екі бөлімді деректі фильмнің 

тұсаукесері өтті. 

Тұсаукесерде сценарийдің авторы және 

жоба режиссері, Шәкен Айманов атындағы 

« Қ а з а қ ф и л ь м »   А Қ   п р е з и д е н т і   Б а қ ы т 

Қайырбеков пен продюсер ретінде Қазақ 

ғылыми-зерттеу институтының директоры Андрей Хазбулатов сөз 

сөйлеп, оның шығарылу тарихы мен жалпы жобаның мақсаты туралы 

баяндап берді. Смитсон институтының Азия мәдениеті және тарихы 

бағдарламасының директоры Пол Тейлор, америкалық продюсер, 

GPC компаниясының өкілі Реймонд Чавез Қазақ хандығының 550 

жылдығына арналған деректі фильмге жоғары баға берді. 

Шымкентте аула клубтарының спартакиадасы аяқталды. Жарыстың 

соңғы күні шеберлік сыныбын әнші-сазгер Марат Омаров өткізді. 

Шара барысында М.Омаров үстел теннисін бала кезінен жақсы 

көретіндіктен, аталған шараға қатысуға қуана-қуана келіскенін 

жеткізді. Сазгер жақында осы спорт түріне арнап әнұран жазғанын 

атап өтті. Аталған шараға 6 аула клубынан 100-ге жуық бала қатысты. 

Жалпыкомандалық есеп бойынша «Денсаулық» аула клубы жеңімпаз 

деп танылды.

Алматыда көркемсурет және графика өнері шеберлерінің «Қош бол, 

жаз мезгілі! Армысың алтын күз...» атты көрмесі өз жұмысын бастады. 

«Вернисаж» үкіметтік емес мәдениет және ағарту меке-

месі  ұйымдастырған көрме осымен алтыншы рет дарынды авторлар-

дың басын қосып отыр. Шарада сондай-ақ кәсіпқойлармен қатар, 

сурет өнерімен енді-енді айналысып келе жатқан жас таланттар да өз 

туындыларын көрерменге ұсынды. Көрмеге Светлана Козлова, Сабина 

Сарыева, Анна Петракова,  Евгения Бабич, Александра Воронцова, 

Диана Серкина, Наталья Павлетенко, Анатолий Никонов, Юрий 

Бурмистров, Борис Крупский, Анна Усова,  Виктория Самаркина, 

Санжар Сарыев сынды суретшілердің туындылары қойылып отыр.  

Аталмыш көрме 26-шы тамызға дейін жалғаспақ. 

Талдықорғанда өткен заманауи би фестивалі өтті. Оған Қазақстан, 

Ресей, Өзбекстан және Қырғызстан елдерінен 250-ден астам өнерпаз 

қатысты. 

Елімізде тұңғыш рет ұйымдастырылып отырған байқау өте биік 

деңгейде өтті. Үміткерлердің өнеріне Еуропаның белгілі бишілері 

бағаларын берді. Фестивальдің таңдаулы бишісі болып өзбекстандық 

Диёр Юлдашев танылды. Ал үздік команда атағын астаналық топ 

жеңіп алды. Үздік атанған бишілер жақында Лондонда өтетін әлем 

чемпионатына қатысып, ел намысын қорғайды.

Омбы қаласында Шоқан Уәлихановтың 

180 жылдығына орай ғалымның атына берілген 

көшеде ауқымды іс-шаралар өтті.

Қ а л а   б а с ш ы с ы   В . Д в о р а к о в с к и й 

жұртшылықты қала күнімен құттықтап, 

алғыс білдірді. Шара барысында  «Этно-

жаз» шығармашылық жобасы, «Достық 

жағалауы» ұлттық мәдени мерекесі мен 

Ш.Уәлихановтың 180 жылдығына арналған 

экскурсия ұйымдастырылды. «Достық 

жағалауы» шарасына 40-қа жуық ұлттық-

мәдени ұйымының өкілдері қатысты. Қатысушылар қала тұрғындары 

мен қонақтарын Омбыда өмір сүріп жатқан түрлі ұлт өкілдерінің салт- 

дәстүрімен, мәдениетімен таныстырды. Мерекелік бағдарламалар 

Қазақстан Республикасының Консулдығының қасында «Ұлы даланың 

перзенттері» атты әдеби-музыкалық кешімен жалғасты.

Шекарадағы кедендік бақылау 

учаскелерін алып тастау рәсімін екі 

елдің басшылары Нұрсұлтан Назарба-

ев пен Алмазбек Атамбаев Ыстықкөл 

жағасындағы Шыңғыс  Айтматов 

а т ы н д а ғ ы   « Р у х   О р д о »   м ә д е н и 

орталығынан бақылады. Қазақ-

қырғыз шекарасында Қырғызстанның 

Премьер-министрі Темір Сәриев 

пен Қазақстан Үкіметі басшысының 

бірінші орынбасары Бақытжан 

Сағынтаев барлық атқарылған іс жай-

лы баяндады. Тауар тасымалданған 

жағдайда, арнайы құжаттар ресімделіп, 

артынша салық органдарына тапсы-

рылады. Барлық өзге тұрғыдан алғанда 

екі арада қозғалыс емін-еркін болмақ. 

Енді қырғызстандықтарға көші-қон 

карточкаларын толтырудың қажеті 

жоқ. Еңбек мигранттары мәртебесі 

Қазақстандағы жергілікті жұмыс 

күшінің мәртебесіне теңестірілді.

Е л б а с ы   Н ұ р с ұ л т а н   Н а з а р б а е в 

интеграциялық ұйымның шекарасы 

кеңейіп, Қырғыз елінің де Еуразиялық 

Экономикалық Одаққа толыққанды 

мүше болғанымен құттықтап, екі елдің 

ынтымағы артатынына сенім білдірді.

Сонымен бірге сапар аясында Ел-

басы Қырғызстан Республикасының 

П р е з и д е н т і   А л м а з б е к   А т а м б а -

евпен кездесті. Кездесу барысын-

да екі мемлекеттің көшбасшылары 

еуразиялық ықпалдастық мәселелерін 

және Қырғызстанның Еуразиялық 

Экономикалық Одаққа кіруіне байла-

нысты өзара іс-қимылдың, сондай-ақ 

оған ЕАЭО аясында қолдау көрсетудің 



апта-шолу

абай құнанбайұлының туғанына  – 170 жыл

А

қпараттар ағыны



А

қпараттар ағыны



 Әзірлеген Нұрлан ҚҰМАР

тағзым


Шоқан есімі ұлықталды 

құрмет


Басқосу 

тұсаукесер

спорт

қылқалам


сайыс

Мұстафа Шоқай ескерткіші бой көтермек 



  1   2   3   4


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал