Жанатаев Данат Жанатайұлы, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің профессоры, доцент Советова Меруерт


«Қазіргі қазақ әңгімесіндегі әлеуметтік символика»



жүктеу 28.88 Kb.
бет2/2
Дата09.02.2022
өлшемі28.88 Kb.
#17081
1   2
мақала ғылым
«Қазіргі қазақ әңгімесіндегі әлеуметтік символика» атты екінші тарауда прозалық туындыларда жаңаша мән иеленіп отырған фольклорлық образдар жүйесі – қасқыр-тотемі, ағаш-дүние тірегі, су-өлім, т.б. қазіргі тәуелсіздік тұсындағы өмір шындығын танытудың тәсілі ретінде тексерілді.

«Тәуелсіздік жылдары» деп аталатын кезеңнен басталған жаңашыл пайымдаулар рухани түлеудің жаңа бір кезеңі болды да,  қазақ әдебиетіне көркем ойлаудағы жаңа ұстанымдарды алып келді. М.Мағауиннің «Құмырсқа қырғын», «Коммунистік реализм»,  «Қасқыр – Бөрі», «Қисық ағаш», «Қос Ағаш», Т.Нұрмағамбетовтің «Кене», А.Алтайдың, т.б. шығармалары әлеуметтік өмірдің ең бір өзекті мәселелерін, сыншылық-философия саралайды. Жазушыларымыз өз шығармаларындағы айтар ойын, суреткерлік көзқарасын тұспалдап, психологиялық тұрғыда жеткізуі немесе әлеуметтік символикаға ден қоюы – заңдылық. «Астарлап, ишарамен сөйлеу, сөзге сараңдық, үкім айтудан, соңғы ақиқатпен кездесуден қашу – постмодернистік рухтағы бүгінгі қазақ прозасына тән басты қасиеттердің бірі».



Жаңашылдық қашан да соны идеялық-көркемдік ізденістермен толығады. Тақырыптың жаңалығы барша табысқа кепіл емес. Жаңалық жазушының өмір құбылыстарына келу тұрғысынан, көз көрген, құлақ естіген фактілерді қорыту, ойлау ұстанымы мен суреттеу принциптерінен, белгілі бір идеяны жеткізу ерекшелігінен, әлеуметтік талдау пайымынан аңғарылмақ. Бұған кейіпкер таңдау, сюжет, композиция құру тәрізді суреткердің дара стиль өзгешеліктері де қосылады. Алайда, әр автордың қайталаудан алыс, жаңалығы мол тың шығарма беруге ұмтылысы әрдайым дәстүр сабақтарымен астасып жатқанда ғана жемісті.

Пайдаланылған әдебиеттер

  1. Сәукетай, Т. Айқараңғысы [Мәтін] : романнан үзінді / Т. Сәукетай // Отбасы және денсаулық. - 2012. - № 6. - Б. 16-17, 30.

  2. Елеукенов, Ш. "Семсерін сілтеп намыстың..." [Мәтін] : жазушы Тұрысбек Сәукетаевтың "Айқараңғысы" романы туралы / Ш. Елеукенов // Егемен Қазақстан. - 2014. - 28 тамыз. - Б. 5.

  3. Дәдебаев Ж.Д. Қазіргі қазақ әдебиеті. Оқу құралы. - Алматы: Қазақ университеті, 2002.

  4. Қазақ әдебиеті Энциклопедиялық анықтамалық - Алматы «Аруана» 2005ж.-73 б.

жүктеу 28.88 Kb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   2




©emirb.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет