Жанат елшібектің шығармаларындағы диалогтық дискурс қаршығина Р



жүктеу 74.14 Kb.

Дата03.03.2017
өлшемі74.14 Kb.

WWW.ENU.KZ

 

 



 

ЖАНАТ ЕЛШІБЕКТІҢ ШЫҒАРМАЛАРЫНДАҒЫ ДИАЛОГТЫҚ 

ДИСКУРС 

 

Қаршығина Р. 

2-курс студенті 

Ғылыми жетекшісі: ф.ғ.к., доцент Ж. Қ. Өмірбекова 

Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, Астана қаласы 

 

Қазіргі  лингвистикада  адам  танымы  мен  ой  құрылымын  тіл  арқылы,  ой 



құрылымынан  тілге  қарай  бағытталған  зерттеулер  қарқынды  сипат  алып 

келеді.  Тіл  жүйесі  лингвистиканың  зерттеу  нысаны  болғанымен,  оны  жеке 

дара  зерттеу  бүгінгі  ғылым  сұранысына  жауап  бере  алмайды.  Тіл  – 

адамдардың  қарым-қатынас  құралы.  Тілдің  кӛмегімен  адамдар  бір-бірімен 

араласып, тіл арқылы ӛзара пікір алысып, қарым-қатынас жасайды. 

Тіл дегеніміз қатысым (коммуникация) үшін аса қажетті саналатын тілдік 

құралдар және олардың қолдану ережелерінің жүйесі. Тілдік қарым-қатынас, 

коммуникацияның қай-қайсысы да тек диалогтық сӛйлесудің арқасында ӛмір 

сүреді. 

Диалог  арқылы  тіл  меңгеру-сӛйлеу  кезінде  сӛзді  дұрыс  айта  білу  және 

қажетті ойын тілдік қарым-қатынаста дұрыс қолдану арқылы түсінікті сӛйлеу 

тәжірибелерін  жан-жақты  игеру болып  табылады. Диалогты дүниеге келтіре 

отырып,  сӛйлеуші  сол  диалог  мазмұнына  ӛзінің  қатынасын  кӛрсетеді,  сол 

арқылы  тыңдаушыға  әсер  ету  мақсатын  бағамдап  отырады.  Диалогта 

сӛйлеуші  мақсатының  әртүрлі  болуы,  түзілетін  мәтіннің  құрылымы  мен 

мазмұнына  әсер  етеді.  Диалогта  тыңдаушының  ең  бірінші  кӛңілін 

аударатыны  –  сӛз  мазмұны.  Тіл  бірліктері  сол  үшін  қолданылады,  қызмет 

жасайды.  Сӛйлеуші  сӛйлеу  жағдаятына  және  коммуникативтік  мақсатына 

байланысты  тақырып  бойынша  дискурс  құрып,  оны  түсініп,  қабылдауы 

қажет. 


Енді дискурс теориясына қатысты зерттеулерге қарасақ дискурс түрліше 

анықталып  келеді.  Мәселен,  Ж.Кеншінбаева:  «Дискурс  –  қолданыстағы 

мәтін,  яғни  сӛйлеу  тілінің  нақтылы  коммуникативтік  қарым  –  қатынас 

орнатудағы  қызметі»,  -  десе,  профессор  Н.Уәли:  «фреймі  «автор»,  «сӛз 

актісі» - «адресат» және сӛз жағдаяты ( сӛздің қандай ситуацияда айтылғаны) 

деген құрылымдардан тұратын коммуникативтік  «уақиға»,  - деп  түсіндіреді. 

Г.Г.Бүркітбаеваша, дискурс дегеніміз – мәтін мен интеракцияға қатысушылар 

және  коммуникативтік  жағдаят  қосындысы  [1].  Біздің  анықтауымызша, 

дискурс дегеніміз – шынайы ӛмір үзігіндегі кӛріністің сӛйлеу әрекеті арқылы 

санаға  кӛшуі  мен  тілдік  бірлікте  таңбалануы.  Дискурс  дегеніміз  –  дайын 

мәтіннің  сӛйлеу  әрекетін  туғызушылар  мақсатына  сай  күрделі  әрі  нақты 

коммуникативтік  жағдайға  айналуы.  Ал  Ш.А.Нұрмышеваша,  дискурс 

дегеніміз  –  коммуниканттардың    сӛз  жағдаятын  ескере  отырып  шынайы 

ӛмірдегі  оқиғаларды  ӛздерінің  когнитивтік,  тілдік,  аялық  білімін, 



WWW.ENU.KZ

 

 



прагматикалық мүмкіндіктерін пайдалану арқылы коммуникативтік мақсатқа 

орай  ӛз  тілдеріндегі  лексикалық,  грамматикалық,  фонетикалық  жүйелер 

арқылы  тілге  кӛшіруі,  диалогқа  түсу  әрекеті.  Ғалымдардың  дискурс 

терминіне берген анықтамалары түрліше болғанымен, олардың барлығының 

да  дискурсқа  тән  деп  кӛрсеткен  белгілері  бар:  бұл  –  дискурстың  диалогтік 

сипаты,  сӛз  жағдаятына  сай  орындалатын  сӛйлеу  әрекеті  екендігі. 

Дискурстың диалогтік сипатына коммуникацияға қатысушылар санының кем 

дегенде екеу болуы жатпайды, сӛйлеуші түзіп, қолданысқа түсірген мәтіннің 

қандайда  бір  тыңдаушыға  бағытталуы  жатқызылады.  Ал  бұл  тыңдаушы  сӛз 

түзушінің  ӛзі  болуы  да  ықтимал.  Мысалы,  адамның  ӛзіне  арнап  жазатын 

күнделігі (сӛзді түзуші де, түзілген сӛзді қабылдаушы да бір субъект), ӛзімен-

ӛзі кеңесуі т.с.с. 

Дискурс  пен  мәтіннің  белгілері  ажырататын  болсақ  дискурс  белгілі  бір 

уақыт  аясында,  белгілі  бір  орында  ӛтетіндіктен  шартты  түрде 

тұйықталғандығы, 

сӛйлеушілер 

бір-бірінің 

сӛзін 


күтпей 

сӛйлей 


бермейтіндіктен  дискурстағы  мәтін  біреуге  бағытталғандығы,  сӛйлеушілер 

санасы  әрекеттескендігі  арнайы  мақсатпен  мәтінді  тұйықтауы  оның  ӛмір 

сүруіне  мүмкіндік  беруі  т.б.  Дискурстық  уақытқа  ие  «ӛмірдегі  тіл» 

сипатында  болады,  оған  тән  белгілер:  авторлары  сӛз  жағдаятына 

қатысушылар, бірінші деңгейдегі сӛйлеу жанры, қозғалыста болуы, айтушы – 

қабылдаушы  тарапынан  алғанда  ӛзгеріссіз  бір  бағытты,  эмоциясы  біртуар, 

ауызша сипатта болуы т.б. 

Мәтін  дүниежүзі  лингвистерінің  назарына  іліккен  кезде  қазақ  тіл 

білімінде  де  бұл  мәселеге  қатысты  қазақ  тіл  білімінің  негізін  салушы 

А.Байтұрсынұлы  еңбектерін  де  мәтінді  «шығарма  сӛз»  деп  атап,  сӛйлеудің 

бірлігіне жатқызады. Ғалым шығарманың тақырыптан, ал мәтін мазмұнының 

үш  мүшеден,  яғни  аңдату,  мазмұндау,  қорытындыдан  тұратынын  кӛрсетеді 

[2].  Сондай-ақ  мәтіннің  қатысымдылық  қызмет  тудыруға  негіз  болатынын, 

айтушының  ойының  ӛзге  үшін  бағытталатынын  алғашқылардың  бірі  болып 

айтты. 

Бұдан  басқа  да  кӛптеген  ғылыми  ойларды  зерделей  отырып,  мәтінтану 



қазақ тіл білімінде А.Байтұрсынұлы еңбектерінен бастау алады деуге болады. 

Қандайда  болмасын  хабар-қатынас  мәтін  арқылы  жүзеге  асады.  Қандай 

болмасын мәтін аяқталған бір бүтін құрылымнан тұрады. Мазмұны, қатынас 

жасау  жағдайлары,  оның  бағыт-ӛрістері  әр  түрлі  болатындықтан,  мәтін 

құрамындағы  тілдік  тұлғалардың  тіркесу,  байланысу  сипаттары  да  түрліше 

болады.  Алайда  ол  айырмашылықтар  жалпыланған,  біртектес  сипатқа  ие. 

Сондықтан  оларды  жинақтап,  топтап,  ол  топтардың  ӛз  ішіндегі  ортақ 

қасиеттері  мен  бір-бірінен  айырмашылықтарын  тауып  зертеу  –  мәтін 

стилистикасындағы 

басты 


міндеттердің 

бірі. 


Мұның 

ӛзі 


тілдік 

шығармалардың 

(мәтіндердің) 

түрлерін, 

дәлірек 

айтқанда 

тілдік 

қолданыстардың типтенген формаларын зерттеу болып шығады. 



Тілдік 

тұлғалардың 

қолданыс 

кезіндегі 

ерекше 

сипаттарын 



экстралингвистикалық  факторлар  анықтайды.  Оларға  тілдік  қолданыстың 

WWW.ENU.KZ

 

 



коммуникативтік  міндеттері:  қатынас  жасаудың  мақсаты  мен  айқындамасы, 

хабардың  кімге  арналғандығы  т.б  жатады.  Шығарманың  мазмұндық  жағын 

құрайтын  бұлар  тілдік  тұлғаларды  таңдауға  негіз  болады  да,  ӛзіндік  жалпы 

сипатын, стилін айқындайды. 

Дискурстың  негізі  бірнеше  түрлері  бар.  Қарым-қатынас  аясына 

байланысты  күнделікті-тұрмыстық,  оқу,  әңгіме,  сот,  жиналыс,  әлеуметтік-

салттық  т.б.  Стиліне  байланысты  ғылыми,  кӛсемсӛз,  іскери,  әдеби  болып 

келеді.  Ақпаратты  тасымалдауына  сәйкес  ауызша,  жазбаша,  электронды, 

яғни интернет –дискурс деп бӛліп айтуымызға болады [3; 26 б ]. 

Дискурстың  стилдерінің  ішінен  әдеби  стиліне  тоқталатын  болсақ  Жанат 

Елшібектің  «Қош  бол,  теңіз...»  шығармалар  жинағында  (А,  2001)    енген 

туындылар  тақырыптарына  талдау    жасаудың  ӛзі  бізге  тілдік  форма 

қатарындағы 

жасырынған 

когнитивтік 

құрылымдарды, 

автордың 

санасындағы  тақырып  таңдауға  итермелеген  когнитивті  құрылымдарды, 

себеп,  мақсаттарды  тануға,  оқырмандардың  оны  қабылдаудағы,  түсінудегі 

қолданысқа  түсетін  заңдылықтарды  айқындауға  жол  ашады.  Жинақтағы 

тақырыптардың  құрылымдық  сипаты  түрлі:  1)  атауыштық  сипатта,  бұл 

қатарға мысал ретінде мынадай тақырыпдарды алуға болады: Кербез Кӛкше, 

Киіктің  киесі,  Ауылдағы  дос,  Сӛйлейтін  піл  т.с.с    Тақырып  құрамындағы 

сӛздердің  ӛзін  семантикалық  топтарға  жіктеуге  болады:  1)  жануарларға 



қатысты  атаулармен  берілгендер:  Иттің  кӛз  жасы,  Балық  жегіш  түйе, 

Жылан  жұтқа  тауық,  Кекшіл  аю,  Қасқыр  күзеткен  түн,  Түлкі  қалай 

адасты;  2)Табиғат  құбылыстары  атауларымен:  Қоңыр  күз  еді,  Қысқы 

кеш, Күзде де күн күркірейді, Күншуақ, Кӛктем ырқақтары т.с.с. 

Автордың    «Ауылдағы  дос»  әңгімесіне  тоқталатын  болсақ  әңгіме  басы 

«Жыныс тоғайды қақ жара ағып жатқан Қаратал ӛзенінің табиғаты әсем-

ақ.  Ӛзеннің  қос  жағалауын  қуалай  ӛскен  мәуелі  жиде,  ақ  терек,  ешкітал, 

кӛктал,  қызыл  изен,  ұшар  басына  кӛз  жеткісіз  заңғар  қарағаштар  оқалы 

тонды  кӛмкерген  құндыздай  ӛзара  астасып,  айрықша  құлпырады.  Кӛздің 

жауын  алады  ай.  Ит  тұмсығы  батпайтын  ағаштың  ара-арасынан  су 

үңгіген  тіп-тік  жарқабақтар  белдеуленіп  шалынады»  деп  басталады. 

Әңгімені  оқыған  кезде  ең  алдымен  кӛз  алдымызға  табиғаттың  әсем  суреті 

елестейді.  Мәтіндегі  мәуелі  сӛзінің  мағынасы  қазақ  тілінің  түсіндірме 

сӛздігінде 1.Жеміс – жидекті, миуалы. 2. Ауысп. Нәтижелі, табысты, жемісті 

деген мағынасында берілген. Сонымен қатар фразелогизм сӛздерде кездеседі. 

Солардың бірі ит тұмсығы батпайтын фразелогиялық сӛздікте қалың, ну 

орман ноғай деген мағынада қолданылған. 

Алғашқы  диалогтарда  атасы  мен  немересі  Әзімбектің  екеуінің  сұрақ 

жауабы арқылы қарым-қатынасқа түскен.  

Автордың  «Жазылмайтын  жара»  повесінде  де  кейіпкерлер  арасында 

кӛптеген диалогтар кездеседі. Мысалға: 

Бір қап  аязды  алдына  сап  айдап  кірген  Тоқметбай  ақсақал  даңғырлаған 

күйі тӛрге озды. 


WWW.ENU.KZ

 

 



-  Құдайдың  күні  бүгін  де  қақап  тұр-ау,  -  дейді  алақанын  ысқылап. 

Түкірігің  түспейді  түкірген.  Бәрінен  де  балықшыларға  қиын  болды.  Түрі 

жаман.  Мұз  үсті  жыланша  ысқырып  тұрған  шығар.  Балдар  да  кәнекүліне 

шығып, мәре-сәре.  

Тоқаңның 

сӛзі 

кӛрпе 

астындағы 

Сандуғашты 

одан 

сайын 

бүрістіргенедей. Кӛзін аша алмаған Дана да құрбысының құшағына тығыла 

түсті. 

-  Отырсаңызшы.  –  Пештегі  шатыр-шұтыр  гүрілдеп  жанған  отты 

қузап қойған шешесі дӛңгелек үстелді жайғастыра бастады. 

- Сәкең қайда? – Бағанадан түрегеп тұрған Тоқаң тізе бүгіп. 

- Атам мал жайғап жүр [4; 198 - 199] . 

Яғни  бұл  мысалдан  біз  сӛйлеушінің  қарым-қатынасқа  түскенде,  ой 

жарыққа  шыққанға  дейін  Дананың    (сӛйлеушінің)  санасында  тілдік  емес 

құрылымдар  жүргізіледі.  Яғни,  сӛйлеудің  тәсілдері  мен  амалдары 

қарастырылады  Дана  «нені  айтсам?»,  «  қалай  айтсам?»,  «  кімге  айтсам?» 

деген  ойша  сӛзі  қорытылып,  сӛз  актісіне  айналады.  Жарыққа  шыққан  сӛзін 

тыңдаушысы қабылдап, түсініскен соң ғана бұл қарым – қатынас аяқталады. 

Дискурс  құрылымы  тақырыптық  бірліктердің  саны  арқылы  анықталып, 

мұнда  «коммуникативтік  оқиға  не  жайында  ӛтіп  жатыр»  деген  ӛзара 

байланыс арқылы іске асырылады. Алғашқы тақырыптық бірлік дискурстың 

басқы бӛлігіне қатысты болып келеді. Дискурстың негізгі иесі – сӛйлеуші. Ол 

дискурс  құрылымында  ерекше  белсенділік  танытады.  Үнемі  ӛзінің 

сұрақтарына  жауап  іздейді.  Адамның  білім  қорының  ӛзі  құрылымдық  үлгі 

ретінде  қарастырылады.  Адам  ӛзіне  жаңа  жағдайды  тану  барысында  немесе 

таныс нәрсеге жаңаша қарауда ӛз санасындағы дайын құрылымды таңдайды.  

-  Әй,  Қалимаш  шырақ,  әркімге  ӛскен  жері,  туған  елі  мысыр  шаһары,  - 

деді  Тоқаң  байсалды  үнмен.  –  Мына  біз  Сара  екеуміз  де  әлдеқашан  тарап 

кеткен  колхоздың  орнын  күзетіп  отырмыз  емес  пе?  Ата  –қоныс  іздесек, 

арғабаққа –Шұбартауға кӛшсек несі айып?! Сонау Алматыға барсақ кемпір-

шал  Мешкеннің  қолына  да  сиярмыз.  Тіпті  ӛзің  білесің,  иек  астындағы 

Қоржынкӛлдегі  Боташ  келген  сайын  «  жұрттан  ұят»  деп  қыңқылдап 

қояды.  Ал,  Жамал  кемпірдің  жӛні  мүлдем  бӛлек-ау,  бӛлек...  Шалы  кӛз 

жұмғаннан  кейін  шалық  соқты  ғой,  әйтеуір.  Ӛз-ӛзінен  сӛйлеп  жүретінді 

шығарды. 

- Қайтсін-ай! « Екі жарты – бір бүтін». Омарбек марқұмның орны ерек 

еді ғой. 

-  О  не  дегеніңіз...  Ӛле  ӛлгенше  хабар-ошарсыз  кеткен  Әлиін  күтіп, 

алаңдағанын айтсаңызшы.  

- «Қарақағаз» алғанда не арман. Жалғыз жапырақ қағазы да бұйырмады, 

- деуші еді кейуана сонда. 

Лағнет атқыр, зұлмат соғыс кімді зарлатпады! 

-  Ия,  талайдың  кӛз  жасы  кӛл  боп  тӛгілді  ғой.  Соғыс  лаңы,  соғыс 

зобалаңы салған жүректердегі беріш – жазылмайтын жара. Е-е… не дерсің 


WWW.ENU.KZ

 

 



басқаша… Қалимаш, мен малды ӛргізейін. Балаларды оятпашы, ұйықтасын 

алаңдамай [4; 243] Немесе: 

-Сӛйтсе  ғой,  қарағым.  Қой  үстіне  бозторғай  жұмыртқалаған  мына 

заманда  ата-бабамыз  істемеген  кәсіппен  айналысып,  не  қара  кӛрініпті 

маған. Кәне, әкел шелегіңді. Суды ӛзім алып толтырып берейін[4; 266]. 

Сонымен қатар: 

Басе, басе… Қамар барған бойда жӛпелдетіп жіберген тәрізді. Ӛзіңнен 

басқа  кімі  бар  жұмсайтын.  Шүкір  де...  Қарға  адым  жер  мұң  болып, 

тӛсегінің маңынан ұзай алмағаннан құдай сақтасын[4; 14]. 

Бұл  диалогтардан  біз  қаратпа  сӛзді  де,  эмоция,  интонация,  дауыс 

созылыңқылығын  аңғаруымызға  болады.  Мәтіндегі  иек  астындағы,  лағнет 

атқыр,  қой  үстіне  бозторғай  жұмыртқалаған,  қарға  адым  деген  сӛздерге 

түсініктеме  беріп  кететін  болсақ  қазақ  тілінің  түсіндірме  сӛздігінде  және 

фразеологизм  сӛздіктерінде  жуық  маңда,  жақында  деген  мағына  береді  деп 

берілген. Ал  лағнет – жек  кӛрген адамға айтылатын теріс тілек; қарғыс. Ал 



лағнет  атсын  дегеніміз  қарғыс  ұрсын  деген  мағынаны  береді.  Қой  үстіне 

бозторғай  жұмыртқалаған  деген  тіркес  түсіндірме  сӛздікте  бейбіт  орнады, 

тыныштық  болды  мағынасында  жұмсалады  делінсе,  қарға  адым  дегеніміз 

фразеологиялық  сӛздікте  халықтық  ӛлшем.  «Ӛте  жақын»  деген  мағынадағы 

сӛз деп түсіндірілген. 

Бұдан  шығатын  қорытындыдискурста  қаратпа  сӛз,  эмоция,  интонация, 

дауыс  созылыңқылығы  барлығы    маңызды  рӛл  атқарады  деп  айта  аламыз. 

Тілімізде  кездесетін  қаратпа  сӛздер  тыңдаушының  назарын    аудару, 

айтылмақшы  болған  пікірді  тыңдаушыға  жеткізу,  дәл  болу  үшін  қызмет 

етеді.  Қаратпалар  сӛйлеуші  мен  тыңдаушы  арасындағы  байланысты  іске 

асыру  болып  табылады.  Қаратпалар  ӛз  бағытталған  тыңдаушысының  атын 

атау арқылы оны басқалардан бӛліп, дарала кӛрсетеді. Ал, сӛйлеуші ойында 

ол  жайында  ұғым  пайда  болып,  қалыптасқан  ұғым  қаратпа  арқылы  сыртқа 

шығып,  тыңдаушыға  жетеді.  Қарым-қатынас  кезінде  қаратпалар  тек  пікір 

білдіріп қана қоймайды, сӛйлеушінің түрлі эмоциясын қоса кӛрсетеді. Ал тіл 

үш түрлі қызмет атқарады, олар:  пікірді хабарлау, эмоцияны білдіру, үндеу. 

Қаратпа  қызметінде  жиі  қолданылатын  сӛздер  жалқы  есімдер  болып 

табылады.  Жалқы  есімдер  қаратпа  қызметінде  әр  түрлі  жағдайларда  түбір 

күйінде  де,  туынды  түрінде  де,  тәуелдік  жалғаулары  мен  де  қолданылып 

келеді. Мысалы повестегі диалогта: 

-  Қарғам-ау,  келдің  бе?  Сағындырған  Әлиім-ау,  сені  де  кӛретін  күн 



болады  екен  ғой!  Қарғам-ау,  қайдан  түстің?  Кӛктен  бе,  әлде,  жердің 

астынан  шықтың  ба?!  Ӛзіңді  күтумен  ғұмырым  таусылды-ай.  Үзілдірген 

қарғам  менің!  Әкеңнің  кӛз  жұмғаны  қашан?  Тӛзімі  шыдамады-ау,  қарғам? 

Бәрін-бәрін маған тастап кетті [4,255]. 

Тілдің  тіл болуы  үшін ең  қажетті шарт  – ойлау, пайымдау. Адамның ми 

қабатына  жинақталған  ой  тіл  арқылы  сыртқа  шығады;  сӛйлесім  арқылы 

бейнеленеді,  кӛрініс  табады.  Адамның  ойы  тілдік  тұлғалар  арқылы  неше 

мәрте айтылса да белгілі бір сӛйлесім жүйесіне бағынбаса, түсініксіз болады. 


WWW.ENU.KZ

 

 



Тағы  бір,  тілге  қажетті  маңызды  фактор  –  қарым-қатынастың  болуы,  яғни 

қатысымдық.  Тілдің  ең  маңызды  атқаратын  қызметі  –  дыбысталу  арқылы 

ойды  сыртқа  шығару.  Кез  келген  сыртқа  шыққан  сӛйлеу  үлгісі  белгілі  бір 

ортаға  тап  болады.  Сӛйтіп,  айналасындағы  затпен,  құбылыспен  байланысқа 

түседі. 

Қорыта айтқанда,  Жанат Елшібектің шығармалар жинағын талдай отыра 

әңгімелеріндегі  диалогтарда  диалогтық  тілдесім  тек  ниет  күйінде  ғана 

қалмайды, 

әрекет 

жасауға 


ынталандырады,сӛздің 

ықпалын 


күшейтеді,тілдесімнің  стратегиясын  жасауға  әсер  етеді,  оның  алдын  алушы 

қызметімен бірге, болашақты, нәтижені, белгілеушілік қызметі де бар. Мәтін 

дискурсқа қарағанда ұзақ ӛмір сүреді, себебі мәтін кітапта, қолжазбаларда т.б 

болады.  Егер  адам  мәтінді  алып  ӛз  ойлау  қабілетін  қосса,  онда  мәтін 

дискурсқа  айналады.  Сонымен  болашақта  дискурс  пен  мәтін  белгілері 

сараланып,  қазіргі  ғылымда  мәтін  кең  мағынада  жеке  аспект  дискурс 

құбылысы  ретінде  зерттеліп,  дискурс  термині  түрлі  ғылым  салаларымен 

қатар тіл ғылымы салаларында кеңінен қолданылады деген ойдамыз. 

 

Пайдаланылған әдебиет 

1.

 



Буркитбаева Г.Г. Текст и дискурс. Типы дискурса. Учебное пособие. – 

Алматы: Дайк – Пресс, 2006. – 379с 

2.

 

Байтұрсынов А.  Тіл тағылымы – Алматы: Ана тілі, 1992.  



3.

 

Смағұлова  Г.,  Күркебаев  К.,  Жұмағұлова  Ә.  Шешендік  сӛздердің 



дискурсы. – Алматы: Арыс, 2008. 

4.

 



Елшібек Ж. Қош бол, теңіз...повестер мен әңгімелер. – Астана. Елорда, 

2001. 


5.

 

Абдрахманова  Ж.  М.  Тіл  мен  дүниетаным  сабақтастығы.  Авт.  – 



Алматы, 2004. 

6.

 



Жұмағұлова А. М. Шешендік сӛздердің дискурсы. Авт. – Алматы, 2008. 

7.

 



Қабдолов З. Сӛз ӛнері. – Алматы: Қазақ университеті, 1992. – 352 б. 

8.

 



 Диалектологиялық сӛздік. – Алматы: Арыс, 2007. – 800 б. 

9.

 



Қазақ тілінің түсіндірме сӛздігі. – Алматы: Дайк-Пресс, 2008. – 968б. 

10.


 

Фразеологиялық сӛздік. – Алматы: Арыс, 2007. – 800 б.  



 

 

 






©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал