Жамбыл облысы Газет 1937 жылғы



жүктеу 349.61 Kb.

бет1/4
Дата16.06.2017
өлшемі349.61 Kb.
  1   2   3   4

C

M

Y



K

14 наурыз     сенбі         2015 жыл      №24-25 (7645-46)   

Сарысу ауданы (Жамбыл облысы)

Газет 1937 жылғы

5 мамырдан

шығады

 

www.gazeta-sarysu.kz



sarysu_02@mail.ru

Тарих бетіне өзінің қанды ізін қалдырған ауған 

соғысы Кеңес Одағына абырой да, даңқ та әпермегені 

белгілі. Саяси болжамдардың құрбаны болған ауған 

халқына да, басқыншылық әрекетті он жылға тарта 

уақыт бойы жүргізген Кеңес Одағына да бұл соғыс 

қасірет үлгісі ретінде жүректерге өшпес жара сал-

ды. Бұл оқиға, әсіресе, кеңес билігінің сапында болған 

мұсылман елдеріне де ауыр сын, үлкен сабақ болғаны хақ. 

Өткен аптада аудан әкімшілігінің мәжіліс залында 8 

наурыз-Халықаралық әйелдер күні қарсаңында аудан әкімі 

Қ.Мәдібек  ауған соғысында қаза болған жауынгерлердің 

туыстарын, жесірлерін қабылдады. сый-сияпат жасап, 

мереке күндерімен құттықтады. 

Бүгінде ауданымызда Ауған соғысының ардагерлеріне 

олардың отбастарына әкімшілік тарапынан әрдайым 

құрмет көрсетіліп келеді. 

Жиын соңында аудандық ауған соғысы ардагерлерінің 

төрағасы М.сыздықбаев марапат пен қошеметке бөлеген 

аудан әкіміне ризашылығын білдіріп, ауданның гүлденуіне 

атсалысып жатқан барлық басшылардың жұмыстарына 

сәттілік тіледі.



(«Сарысу»-ақпарат)

Осындай ет жүректері елім деп соққан ардагерлер 

біздің ауданымызда да аз емес. Оларға қанша құрмет 

көрсетсек те көптік етпейтінін баршамыз білеміз.  Ұлы 

Жеңістің  70 жылдығына орай өткен аптада аудандық ар-

дагерлер кеңесінің төрағасы Қ.Әбілов, Жаңатас қалалық 

ардагерлер кеңесінің төрағасы Б.Рыспанов, Жаңатас 

қаласының әкімі Д.Шалбаев, аудан әкімдігінің ішкі саясат 

бөлімінің бас маманы З.сейдалиев және «сарысу жаста-

ры» КММ директоры Б.Байділдаевтар ауданымыздағы 

ардагерлердің үйлеріне барып, сезімтал дабылдатқыш 

орнатылған «SOS» ұялы телефондарын тарту етті. со-

нымен қатар, арнайы телефонды қалай қолдану керектігі 

жөнінде түсіндіріп, операторға қосып берді. Бұдан 

басқа, телефондағы дабыл түймесін басқан соң белгі 

сall-орталыққа түсіп, содан кейін 15 секунд ішінде тиісті 

аумақтағы медициналық мекемелерге, ішкі істер бөліміне 

және төтенше жағдай мекемесіне т.б. тиісті орындарға 

түсетіндігін, ол жерде отырған операторлар сапалы және 

жедел қызмет көрсету үшін барлық ардагерлер (олардың 

туысқандары, көршілері) туралы толық мәліметтер 

жинақталғандығын түсіндірді. 

Бірегей құрылғылар республиканың барлық 

өңірлеріндегі ҰОс ардагерлеріне «самұрық-Қазына» 

ҰӘҚ, «Еуразиялық медиа-форум» халықаралық қоры 

мен «Өмір жолы» қоғамдық қорларының қолдауымен та-

бысталып жатыр. сондай-ақ, Beeline абонентіне қосылған 

ұялы телефонның бірлігі 0-ге теңессе де, ардагерлер 

оператор жүйелеріне қоңырау шала алады. 

Аталған қызмет түрінен бөлек телефонда алғашқы 4 

минуты тегін, қалған минуттары 1 теңгеден тұратын ерек-

ше тариф жүйесі орнатылған. Барлық жедел қоңырау 

соғулар мен дабыл түймесі телефон балансына қатыссыз 

жүргізіле береді. Бұл сый-сияпатқа ардагерлер өздерінің 

шексіз алғыстарын білдірді.

Гүлнара БайБОСынОва, «Сарысу»

-Біз еңбекте шыңдалған жандармыз,-деді 

аудандағы ең жасы үлкен ана. –Кешегі екінші 

дүниежүзілік соғысқа дейін де, одан кейін де тылда 

тынбай еңбек еттік. Колхоздастыру, одан кейін 

кеңшарға бірігу секілді ауыр жылдарды бастан 

өткердік. Қоғамдық мал азығын дайындау үшін 

ертелі-кеш дала қосынында жұмыс істедік. Аудан 

көлемінде менің қолтаңбам қалмаған жер жоқ десем 

артық айтқандық емес. 

«Ынталы» су қоймасының құрылысына да 

қатынастым. Арбамен топырақ тасыған кездеріміз 

әлі күнге ұмытылар емес. Одан кейінгі жылдар да 

жолдасым Балтабай екеуміздің тағдырымыз осы 

Жайлаукөл кеңшарының құрылуымен тоғысты. 

Ұзақ жыл осы елді мекенде еңбек еттім. Жолдасым 

әуелі саяси басшы, одан соң ферма меңгерушісі және 

кейіннен мал дәрігері болып қызметтер істеді. Қазір 

мен жастарға өз білгенімді үйретуден еш жалыққан 

емеспін.

Сөзі ширақ қарт ананың әлі де кейінгі ұрпаққа 

тағылым болар істері бар екенін көзбен көрдік. 

Ауылдық округтегі ардақты аналардың өмір 

жолдары сан қилы. Ұйым елді мекеніндегі Қалдыбаева 

Мейрам Әбішқызының да өмір жолы ұстаздықпен 

ұштасып жатыр. Жолдасы Мейрамқұл екеуі қол 

ұстасып, жұп құрып, Ы.Сүлейменов атындағы 

орта мектептің іргетасын қалыптастырса, 

кейіннен Ақтоғай орта мектебінде ұстаздық жо-

лын жалғастырған. Үлгілі әке-шеше жолы қашанда 

балаға өнеге. Кіші ұлы Бауыржан әке жолын қуып, 

шәкірттерге тәрбие беріп келеді. Көпбалалы қарт 

ұстаздың бірнеше немересі мен шөбересі де бар. 

Аудан әкімі Қ.Мәдібек ұстаз анаға гүл шоқтарын 

Аудан әкімі Қ.Мәдібек 



аналарды ардақтады

аудан әКімі 

Қ.мәдіБеК 8 наурыз-

ХалыҚаралыҚ 

әйелдер мереКеСі 

Күні ҚарСаңында 

БарлыҚ ауылдыҚ 

ОКруГТерде БОлып, 

ардаҚТы аналар-

ды марапаТТап 

ҚайТТы. Оларға Гүл 

шОҚТарын ұСынып, 

Бағалы СыйлыҚТар 

Берді. 

ҚамҚалы 

ауылдыҚ ОКруГіне 

ҚараСТы ЖайлауКөл 

елді меКенінде 

ТұраТын ЖаСы 105-Ке 

КелГен Кейуананы 

ҚұТТыҚТаған аудан 

әКімі Қ.мәдіБеК ҚарТ 

анаға Түрлі-ТүСТі 

Теледидар Сыйға 

ТарТТы. 

беріп тұрып былай деді:

-Аудан бойынша 1240 көпбалалы ана бар. 

Олардың бәріне бір мезетте кіріп-шығу мүмкін 

емес. Бір округтен бір ананы құттықтағанымыз 

сол аймақтағы аналарға деген құрметіміз бо-

лып табылады. Жалпы аудан әкімшілігі және 

тиісті мекемелер көпбалалы аналарға арналған 

мемлекеттік бағдарламалардың орындалуын  үнемі 

қадағалап отырады. 

Аудан әкімі ауданның әлеуметтік-экономикалық 

дамуына аймақтағы қыз-келіншектердің қосып 

отырған үлесі аз емес екенін күн санап олардың 

белсенділігі артып келе жатқандығын ерекше атады. 

Өңір басшысы Жаңатас қаласы 1-шағынауданда 

тұратын 12 баласы бар Нұрсұлу Бейсенбекованың 

отбасында болған кезде де мемлекеттік жәрдемді, 

жәрдемақыларды кешіктірмей алып тұрудың 

маңызы зор екенін түсіндірді. Әсіресе осы отба-

сына қатысты үй мәселесі сөз болды. Отырған 

үйлерін кеңейту үшін тиісті құжаттарын рәсімдеу 

қажеттігін алға тартты. 

Тоғызкент ауылдық округіндегі көпбалалы 

қарт ана былай дейді: «14 құрсақ көтеріп, оның 

онын мәпелеп өсірдім. Балалардың алды алпыс-

ты алқымдап отыр. Немере-шөбере бар. Өткен 

ғасырда жолдасым екеуміз кеңшарда мал бақтық. 

Кейіннен отағасы дүниеден өткен соң да балала-

рыммен бірге шопан таяғын тастаған жоқпыз. Осы 

тірлік зейнетке шыққанға дейін жалғасты». 

Аудан әкімі бұл күні аудан бойынша 13 отбасын-

да болып, халықаралық әйелдер күні мерекесімен  

құттықтап, оларға бақыт, денсаулық және береке 

тіледі. 

Ж.өзБеКОв, «Сарысу» 

Тарихымыздың 

ең қасіретті 

жылдарының 

бірі ұлы Отан 

соғысында бүгінгі 

ардагерлеріміз  

жалындаған 

жастық шақта-

рында қару ұстап, 

ерлік көрсете білген. Кең байтақ жерімізде бейбіт 

аспан астында өмір сүру үшін миллиондаған 

жас ғұмыр қыршынынан қиылса, миллиондаған 

өрімдей жастар мүгедек болып қалды. есесіне елде 

азаттық орнап, бейбітшілік заманда ғұмыр кешуге 

нәсіп етті.

Ардагерлерге дабыл түймесі бар 

ұялы телефондар сыйға берілді

      Құрмет

Ерліктері ел есінде



Суретте: аудан әкімінің орынбасары д.асанова 

ә.Бүркітбаев ауылының тұрғыны көпбалалы ана 

нурия Тагиеваға гүл шоқтарын беруде.

Суретте: Жаңарық ауылдық округіне 

қарасты ақтоғай елді мекенінің тұрғыны, тыл 

ардагері Жұмакүл ынтымақова.

асыл ару, ардақты ана

Жайлаукөл елді мекенінің 

тұрғыны 105 жастағы абыз ана 

аманбала аманжолова

Жаңатас қаласының тұрғыны 

12 бала тәрбиелеп өсіріп отырған  

нұрсұлу Бейсенбекова

№24-25, 14 наурыз, 2015 жыл

2

Ана-әрбір адам баласы 



үшін ең ыстық, жанға жақын, 

мағыналы да қастерлі сөз. 

Адамзат баласы алғаш дүние 

есігін ашқанда ананың ақ сүтімен 

бойына нәр алады, ана құшағына 

еніп, мейіріміне бөленеді. Адамның 

аузынан шығатын ең алғаш 

сөзі де-«ана». Міржақып Дула-

тов ағамыз айтқандай, бізді 

сүйетұғын, күйетұғын, әрқашан 

қамымызды ойлап жүретұғын аб-

зал жанды адам, бұл-ана. Алдыңа 

қойған мақсатына жетуі үшін 

ана жанын қиюға да дайын. Ана 

баласының үлгілі азамат боп 

өсуі үшін бар күшін салып, тер 

төгеді. Ананың ұл-қызына деген 

мөлдір махаббатына, құдіретіне 

тамсанған  ақындар жырын, 

сазгерлер әнін арнаған. Ардақты 

аналарымыздың мерекесі ауданымызда кеңінен тойланып өтті.

Жаңатас қалалық әкімдігінің ұйымдастыруымен тыл және еңбек ардагерлері, «Алтын 

алқа» және «Күміс алқалы» аналар қала әкімінің қабылдауында болды. Мерекелік басқосуда 

қала әкімі Дәурен Шалбаев, қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы Байтуған Рыспанов

қала әкімі аппаратының нұсқаушысы Алтай Аймақов, қала әкімінің орынбасары Талғат 

Төлебаевтар құттықтау сөз сөйледі. Сондай-ақ, көп балалы аналар Назым Тастанбеко-

ва, Кулхадиша Қалбаева, Күлдан Абдалиева, Шолпан Бұхарбаевалар аналық ақ тілектерін 

жеткізді. Мерекелік іс-шара барысында аяулы аналарға арналып ақ дастархан жайылып, 

сый-сияпаттар табыс етілді. 

Аудандық орталық ауруханада 

мерекеге орай салтанатты жиын 

өтті. Басқосуда аудандық орталық 

аурухананың бас дәрігері Сағынбек 

Бегеев, орталық аурухананың 

«Нұр Отан» партиясы бастауыш 

ұйымының төрағасы Дәулет Дария-

беков, аудандық тұтынушылардың 

құқықтарын қорғау басқармасының 

басшысы Ержан Есіркепов, Салау-

атты өмір салтын қалыптастыру 

орталығы басшысының міндетін 

атқарушы Айдос Қыдыралиевтер 

аруларды мерекелерімен 

құттықтады. Емхана бөлімінің 

фельдшер онкологі Нұрсұлтан 

Рыспаев, Салауатты өмір салтын 

қалыптастыру орталығының опера-

торы Ғабит Қозыбай, САОА есепшісі 

Ғани Сердалиевтер ән-жырларын 

арнады. 

Басқосу соңында ұзақ жылдар 

еңбек еткен ардагер және аяулы 

аналарымызды, осы мерекемен қатар келген мерейтой иелерін, зейнет жасына толған 

аналарға С.Бегеев пен кәсіподақ ұйымының төрайымы Айткүл Бөлегеновалар сый-

сияпаттарын табыстап, марапаттады. Аналар мерекесі қарсаңында аудандық сот-

та «Қамқорлық» акциясы өтті. 

Акция аясында аз қамтамасыз 

етілген  отбасы балаларына  

киім-кешек және  басқа да  оқу  

құрал-жабдықтарды  алу  үшін  

ақшалай   және  заттай  көмектер  

көрсетілді. Есту, сөйлеу қабілеті 

жоқ, материалдық көмекке мұқтаж 

аз қамтамасыз етілген отбасында 

3 бала тәрбиелеп отырған зағип 

ана  Әлия Қыдырбаева сот судьяла-

рына өз алғысын ақ параққа жазып 

білдірді. 

Осындай басқосу Жаңатас 

көпсалалы колледжінде 

директордың тәрбие ісі жөніндегі 

орынбасары Майра Молтаева мен 

жастар ісі жөніндегі комитетінің 

төрайымы Назира Шалғынбаеваның 

ұйымдастыруымен «Ана-өмір, ана-

бақыт, ана-жыр» тақырыпта болып 

өтті. Мерекелік шарада білімгерлер 

ұстаздарына арнап мерекелік 

жырларын арнаса, Руслан Бекбау, Мұхамбет Құдайбергеновтер әннен шашу шашты. Ал, 

қалжың құмар жастар әзілдің түйінін ағытты. Мерекелік кеш өте көңілді болды. 

«Қарлығаш» балабақшасының меңгерушісі Д.Ильясованың ұйымдастыруымен «Қызым-

қызыл гүлім» атты балалар ертеңгілігі болып өтті. Онда балалар ән айтты, би биледі, 

өлең-жыр оқудан жарысқа түсті. Оза шауып үздік атанған бүлдіршіндер сыйлықтармен 

марапатталды. 

Жаңаарық ауылдық округі әкімі аппараты қызметкерлерінің ұйымдастыруымен 

округтегі жеті көпбалалы және кәсіпкер әйелдерге құрмет көрсетілді. Мерекелік жиында 

ауыл әкімі О.Мұқашов құттықтау сөз сөйлеп, сыйлықтар тапсырды.

Сарысу орта мектебі мен балалар өнер мектебі ұжымдарының ұйымдастыруымен 

Ұ.Сыздықбайұлы ауылдық клуб үйінде «Сыйынар ем ана деген тәңірге» атты кең көлемде 

іс-шара жүзеге асырылып, түрлі ойындар мен концерттік бағдарламалар өткізілді. 

Сондай-ақ, Ақтоғай ауылының клуб үйінде ауыл мекемелерінің ұйымдастыруымен ауыл 

тұрғындары «Аналар-өмірдің гүлі» атты концерттік бағдарламаны тамашалады. 

Сән-салтанат

Жаңатас

Жаңаарық

Түркістан

Өндіріс ауылдық кітапханасында аналар мерекесіне орай  «Аналар өмірдің гүлі» 

атты кеш болып өтті.Кешке күміс алқа иегері Гүлзейнат Жолтаева, Раушан 

Қожагелдиевалар қатысты .Сонымен қатар Игілік ауылдық округінің бас маманы 

С.Нұрмаханов пен Сарысу жастары КММ-нің нұсқаушы маманы У.Жұматаевтар аяулы 

аналарға ақ тілектерін арнап, сыйлықтар берді.Іс-шара мерекелік әнмен басталды. Сөз 

сөйлеген ардақты аналар ізгі тілектерін айтып, ризашылықтарын білдірді.Байқадам 

орта мектебінің 4 «А» сынып оқушылары Ақкербез Тұрар , Айдана Орақ, Аңсаған 

Балқыбековалар жырдан шашу шашып, үндінің биін мың бұрала билеп, көпшіліктің 

көңілінен шықты. Кеш соңында кітапхана қызметкері Г.Садуақасова «Шуағын шашқан 

аналар»-атты кітап көрмесіне библиографиялық шолу жасаса, кітапханашылар 

К.Тұрмаханова, Ф.Байділдаева кешті қорытындылап, келген қонақтарға алғыс білдірді. 

Клуб меңгерушісі А.Жолмаханов музыкамен көркемдеді.

Камели СүлейменОва, «Сарысу»

игілік

Халықаралық әйелдер күні мерекесіне орай, Шығанақ ауылында салтанатты жиын 

ұйымдастырылып, ауылдық округ әкімі А.Тілемісов ауыл тұрғындарын мерекемен 

құттықтады. Бір топ әйел азаматшаларды Алғыс хаттар және мақтау грамоталарымен 

марапаттады.

Салтанатты жиын Шығанақ, Қамқалы, Жайлаукөл ауылдарының клуб меңгерушілері 

және мектеп ұжымының ұйымдастырған ауыл өнерпаздарының концертімен жалғасты. 

С.Сейфуллин атындағы орта мектебі ұжымының ұйымдастырған «Қара бала» атты 

театрландырылған көрінісі өте әсерлі шықты.

Осы күні әйелдер арасында волейболдан жарыс өткізілді. Жарыс қорытындысы бойынша 

бірінші орынды Қамқалы, екінші орынды Шығанақ, үшінші орынды Жайлаукөл ауылының коман-

далары иеленді. Жарыс жеңімпаздары аудан әкімдігі дене шынықтыру және спорт бөлімінің ди-

пломдары және заттай сыйлықтармен марапатталды.8 наурыз күні көпбалалы аналар,тыл 

еңбеккерлері және ардагер ұстаздарды құттықтаулар ұйымдастырылды.

Қамқалы

Түркістан ауылдық 

округіндегі М.Әуезов 

атындағы орта мектебінде 

«Сыйынар ем ана деген 

тәңірге» атты тәлімгермен 

бірлескен концерттік 

бағдарлама ұйымдастырылды. 

Концерттік бағдарламаға 

ұстаздар, ардақты аналар 

және оқушылар қатысты. 

Мектеп директоры Ерік 

Жұмаділдаев мерекемен 

құттықтап, дендеріне саулық, 

еңбектеріне жеміс, отбаста-

рына амандық тіледі.

Кеш соңында аяулы анала-

рымыз бен аруларымызға гүл 

шоқтары табысталды.

Мерекеге орай «Сарысу Жастары» КММ және Тоғызкент ауылдық округ әкімі 

аппараты мен ауылдық мәдениет үйі қызметкерлерінің «Ана біздің-бақытымыз!» 

атты ауыл аралық «Қыз сыны-2015» байқауы өткізілді. Аталған байқауға Түгіскен, 

Досбол орта және Үшарал негізгі мектептерінен барлығы 5 үміткер сайысқа түсті. 

Нәтижесінде бас жүлдені Түгіскен орта мектебінен Айғаным Ұланова, 1-орынды Досбол 

орта мектебінен Жұмабекова Ұлжан, 2-орынды Түгіскен орта мектебінен Ақерке Ныша-

нова, 3-орынды Үшарал негізгі мектебінен Аружан Оразова иеленді. 

Байқау жеңімпаздарын жастар саясатын іске асыру мақсатында өз үлесін қосып 

жүрген бірнеше азаматшаларды «Сарысу Жастары»КММ-нің директоры Б.Байділдаев 

заттай бағалы сыйлықтар және арнайы Алғыс хаттарымен марапаттады. 

Сондай-ақ,Төреқожа мәдениет үйінде «Аналар-асыл қазына» атты салтанатты 

мерекелік жиын болып өтті. Ауылдық округ әкімі С.Ниязов жиынға қатысушы аналар 

мен қыз келіншектерді мерекесімен құттықтады. 37 еңбек ардагерлері және алтын 

алқа иегерлеріне заттай сыйлықтар тапсырды. Мереке қарсаңында білім, денсаулық 

сақтау және өнер саласында ұзақ жылдар бойы қызмет істеп жүрген бірқатар қыз-

келіншектерге де құрмет көрсетілді.Салтанатты жиын соңынан  ауылдық саз 

мектебінің көркемөнерпаздарының  концерттік бағдарламасы тамашаланды.

Тоғызкент

Саудакент ауылдық кітапханасының оқу залында «Ана-өмірдің гүлі» атты әдеби 

сазды кеш болып өтті. Кешке еңбек ардагерлері Нағима Бектібаева, Қалдан Сәрсенова, 

Дариға Тасыбаевалар қонақ болды. Іс-шараны кітапханашы Гүлшат Пашанова жүргізіп, 

«Ана-өмірдің шуағы» атты кітап көрмесімен таныстырды. Кеште Байқадам ауылдық 

әкімдігінің бас маманы М.Төлеутай, саз мектебінің директоры Мұрат Аубакиров, «Ақ 

босаға» клубы мүшелері Ж.Даулетиярова, Т.Ибраева аналарға ақ тілектерін жеткізсе

Б.Адамбаев атындағы тірек мектебінің оқушылары А.Кемелбекова, А.Қуанышбекова, 

Б.Жағдаевалар аналарға арналған әндерін нақышына келтіре орындады. Сондай-ақ, 

бағдарламашы Ә.Дарменова «Ана сыры», кітапханашы А.Досаева «Ана сағынышы» 

атты өлеңдерін арнады. Кешті кітапхана меңгерушісі А.Абдралина қорытындылап, 

аналарға сыйлықтар табыстады.

Саудакент

Досбол ауылдық клуб үйінде аналар мерекесіне орай ауылдық округ әкімі аппараты 

мен «Сарысу жастары» КММ-нің Досбол ауылдық округі бойынша нұсқаушы маманы 

А.Сардектің, Досбол орта мектебінің, ауылдық клуб үйінің меңгерушісі А.Пернебектің 

ұйымдастыруымен «Гүлдей жайна, арулар» атты қыз сыны байқауы болып өтті. Сайы-

ста 4 ару бақтарын сынап, өз өнерлерін ортаға салды. Бас жүлдені Ұлжан Жұмабекова 

қанжығаға байлады. Сайысқа қатысқан басқа аруларымыз Еңлік Маметова екінші орын-

ды иеленсе, үшінші орынды Айғаным Шалбек пен Жансая Сейітқазылар өзара бөлісті. 

Жеңімпаз Ұлжан Жұмабекова Тоғызкент ауылында өткен «Қыз сыны» байқауында да 

бірінші орынды иеленіп қайтты.

Сондай-ақ, Досбол ауылдық округі әкімі аппаратында «Сыйынамын ана де-

ген тәңірге» атты концерттік бағдарлама ұйымдастырылды. Кеште ауыл әкімі 

Е.Ұзақбеков аналарды құттықтап, концертке қатысқан ардақты аналарымызға, ал-

тын және күміс алқа иегерлеріне, ауылдық округте өз салалары бойынша жетістіктерге 

жетіп, қоғамдық жұмыстарға белсене қатысып жүрген аналарымызға бағалы 

сыйлықтар мен Алғыс хат табыстады. Аналарымыз ерекше көңіл күймен концерт 

тамашалады. Мұнан соң ауыл әкімі Шағалалы, Көкдала ауылдарына барып, көпбалалы 

аналарды мерекемен құттықтап, сыйлықтар табыстады.

досбол

Арыстанды ауылдық 

кітапханасының 

кітапханашысы На-

зира Досболаеваның 

ұйымдастыруымен «Ана-біздің 

күніміз, біз ананың гүліміз» 

атты әдеби-сазды кеш болып 

өтті. Кешке ардақты аналар 

А.Ормаханова, Т.Шыңғысбаева, 

М.Қоңырбасова, П.Амитова, 

Х.Хасанова, Р.Айдарова, 

А.Ибрагимовалар шақырылды. 

Оқушылар Гүлдана Түймебаева, 

Жолан Айдаровтар ән 

шырқаса, Исахан Досхан, 

Назерке Түймебаевалар би 

биледі. Аналарға сыйлықтар 

табыс етілді. Жиын соңында 

Н.Досболаева «Ана деген 

тіршіліктің тірегі» атты кітап көрмесіне библиографиялық шолу жасады.

арыстанды

Әйел-отбасы ұйытқысы, шаңырақтың тірегі

Әйел-отбасы ұйытқысы, шаңырақтың тірегі



  1   2   3   4


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал