мерекелеріңізбен!
10
// «Жамбыл - Тараз» // №10 (1350), 8 наурыз 2017 Жыл //
абысын тату болса, ас көп.
Құралай СЕЙСЕНбЕКҚЫЗЫ
Ал бүгінгі күннің заманауи талабына сәйкес әйел біткеннің
табиғи болмысын толықтыра түсетін сұлулық салондары көптеп
ашылып, қыз біткеннің сұлу болмауына мүмкіндік қалдырмады. Бет
пішінінен бастап, шаш, тіпті қол-аяғына дейін сәннен қалдырмай
әрлеп береді. Бәзбіреудің әсем болмысы мен келбетті көркіне өздерін
жауапты сезінетін мамандық иелерінің еңбегі еленіп жүр ме? Олар
бұл мамандыққа қалай келді? Осы орайда, «Торғын сұлу» сұлулық
салонында қызмет етіп жүрген арулармен тілдесуді жөн санадық.
Зарина есімді қаракөз бала күнінен қолына тарақ алып, үйіне
қонаққа келген туған-туыстарының шашын тарап беруге әуес болғанын
күлімсіреп отырып еске алды. Ал мектеп бітіру кешіне арнайы сәндік
шаш үлгісін жасатқан сәтте қарап отырып-ақ, әсем түйілген шаш үлгісін
жаттап алып, «Қыз сынына» қатысқан құрбысына дәл сол шаш үлгісін
жасап береді. Зарина мектепті аяқтаған соң, Әулиеата университетінің
қазақ тілі мен әдебиеті пәнін тәмамдайды. Бірақ ұстаздық қызмет
етуге ешқашан ынтықпаған ол бүгінде шаштаразшы. Бір қызығы, қыз
біткеннің шаштарын алуан түске бояп, түрлі шаш үлгісін жасап беруге
ынтық қыз өз бұрымына ешқашан қайшы тигізбегенін және басқа түске
бояп көрмегенін айтады.
– Бала күнімде нағашы әжем бұрымымды түске дейін бір, түстен
кейін басқаша өріп беретін. Міне, шаш сәндеуге деген ынтық сезімім
сол күндерден басталса керек-ті. Әсіресе, менің жасаған шаш үлгім
ұнап жатса, нұр үстіне нұр емес пе?! Ал қазақ қыздары ұзын шашы-
мен көрікті көрінеді. Маған шаш қидыруға келетін қыздарға «қыздың
көркі – шаш» екенін айтып, қидырмауға үгіттеймін. «Шаштаразшы
болу маған не беретініне келетін болсам, мен шаштараздыққа екі қызды
үйреттім. Олар бүгінде менің шәкірттерім. Міне, сол қыздар әрбір мере-
кеде алғашқы болып хабарласып, құттықтап, құрмет көрсетіп жатады.
Сол сәтте мен өзімді биік сезініп, төбем көкке жетеді. Шаштаразшы
болу маған шексіз қуаныш сыйлайды, – деді Зарина Ниетбаева.
Ал бет әрлеуші Сәуленің бала кезінде сурет үйірмесіне барғаны
визажист болып қалыптасуына көп септігін тигізіпті. Жетінші сыныпқа
аяқ басқан жылы сұлулыққа құмар, тым талғампаз анасының шашын
әдемілеп, бет-әлпетін әрлеп, мектептегі сурет сабағына арналған
қылқаламмен бояп беретінін айтады.
– Сурет үйірмесінде қаламмен таза жұмыс жасауды, яғни суретті
«тірілтіп», эффект беру үшін қаламның жайылып түсуін үйретеді. Ақ
қағазға қара қаламды сызғанда, анық сызық болмау керек. Бір ғана рет
сызып, соны мұқият жаю қажет. Анам сұлулыққа өте құмар жан. Көлік
апатына түсіп, ауруханада жатқан сәттің өзінде: «Әйел қашанда сұлу
болуы керек» – деп, макияж, маникюр, педикюр жасатып, шашын да
сәндететін. Ең біріншіден, менің бұл салаға келуіме сондай сұлулыққа
құштар адамның қасында өсуім себепші болған шығар. Мектеп бітірген
соң, анам жоғары оқу орнына қаржы және несие факультетіне оқуға
түсірді. 10 жыл банк саласында, қарыз өндіру компаниясында аға
инспектор болып қызмет еттім. Бірақ туған-туыс, абысын-ажынның
бет-әлпетін әрлеу менің қолымда болды. Бірде абысыным: «Сен ви-
зажист мамандығын меңгер» – деп кеңес берді. Мен: «Мен банктегі
жұмысымды қалай тастаймын?» – дегенде: «Оп-оңай» – деген еді.
Сөйтіп, менің макияжға деген махаббатым қаламыздағы ең қымбат
«Аirisbeautyclub» сұлулық салонына барып, дәріс алуыма алып келді.
Мен қыздарды бояндырып жатқанда, ешкімді естімейтін, көрмейтін
жағдайға түсемін. Қанат пайда болғандай күй кешемін, – дейді Сәуле.
Ал Венера жетінші сыныпқа аяқ басқан жылы құрбылары ғана емес,
ұстаздарының да қолдарына түрлі май жағып, нәрлендіріп, тырнақ егеп,
бояғанды ұнатқан. Ол да өзінің бұл салаға деген сүйіспеншілігін бала
кезімен байланыстырады. Қаржы саласы бойынша жоғары оқу орнын
тәмамдаған Венера да дипломын сандыққа салып, сүйікті мамандығы
бойынша тырнақ өңдеу саласына келген жайы бар.
– Мен қаржы саласы бойынша жұмыс істеп жүрдім. Алайда менің
осы бояуға, тырнақ әрлеуге деген құмарлығым жұмысымды тастап,
Алматы қаласына барып, арнайы тырнақ әрлеу орталығынан осы
мамандық бойынша дәріс алуыма себеп болды. Жалпы сұлулық
салонында қызмет еткендердің барлығы әдемі болып жүруге жаны
құмар. Өзім күтіммен жүргенді қалаймын. Тұтынушылар үнемі келіп,
ризалығын білдіріп жатады. Келуші қыз-келіншектердің алғысын естіп,
олардың қалауы бойынша қызмет көрсету ләззат береді, шабыт сый-
лайды. Қаржы саласын тастап, осы қызметті қалағаным да сондықтан
болар. Болашақта өз сұлулық салонымды ашсам деген ниетім
бар, – дейді Венера.
АрУлАрДЫ СҰлУлАНДЫрУ ДА КӘСІп
Әйел –
отбасының
ұйытқысы,
шаңырағының
шырағы, жары
мен балаларының
күтушісі, сонымен
қатар ошағының
шоғын маздата
жаққан аспазы да.
Бір басына бірнеше
міндетті жүктеген
нәзік жандыларға
тиесілі тағы бір
қасиет, ол – қазан
қайнатып тұрып
та қылықты, үй
әктеп жүріп те
әдемі, киім үтіктеп
тұрып та көрікті,
жөргек жуып жүріп
те жұпар исін
жоғалтпауында.
жауған нөсер, дамылсыз дауылдың суығын
нәзіктігімен жауласа, мықтылығымен баурап, жалт
қараған жанды әсемдігімен сұқтандырып қояр
қасиет құлпырған гүлдердің ғана құзыретінде. Күн
көзінің жылуын, бұлақ суының тұнығын, таңғы
шықтың мөлдірін бойына сіңіріп, жайқала өскен
жауқазынға кім қызықпайды?
Татулығы жарасқан абысындар
Диляра ДАРХАН
Н ә з і к ж а н д ы л а р д ы « қ ы з -
қызғалдақ» деп бекер гүлге теңемесе
керек. Табиғи әсемдікті тұла бойына
жиған ару біткен, расында, гүл іспетті
әрі нәзік, әрі отбасының бірлігін
сақтап, баласын бағып, шаңырағының
ұйытқысы бола білер мықтылыққа ие.
Пай-пай, шіркін,
Қазақтың келіндері-ай!
Көл-дария секілді пейілдері.
«Абысын тату болса, ас көп» деген,
Мақалдың айтылуы тегін бе еді?–
деп әуелей шарықтаған әсем ән қазақ
келінінің бар болмысын сипаттап тұр.
Үлкенге иіліп ізет көрсетіп, кішіге
құрметпен қараған қазақ келінінің
иба-инабаты кім-кімді болмасын бей-
жай қалдырмасы анық. Міне, сол ақ
маңдай арулардың арасында кеңінен
тараған басқосу «Алтын сандық»
аталып жүрген көңілді отырысты
бүгінде қазақи нақышта, тұнып тұрған
тәлім-тәрбие ретінде, үлкені кішісіне
үлгі-өнеге көрсету мақсатында өткізіп
жүргендер бар. Ысты әулетінің
абысын-ажындары осы дәстүрді
жаңғыртып отыр. Әулеттің ұлына
жар болған он жеті жеңгесіне қайын
сіңілілері, ән әлемінде танымал
Мадина Сағынбекова әуелетіп ән
салып жүр.
– Алтын сандықты жас келіннің
ортаға тезірек икемделіп, балалардың
жатбауыр болып кетпеуі үшін
ұйымдастырдық. Енді міне, айына
бір кездесетін отырысымызды асыға
күтеміз. Наурыз мерекесіне орай
наурыз көже пісіріп, қазақтың ұлттық
киімімен дәм ұсынуды әдетке ай-
налдырып отырмыз, – дейді белгілі
футболист Ұлан Қонысбаевтың анасы
Асылхан апай.
Айына бір рет бас қосуды негізге
алған абысындар берері мол өнегелі
әңгіме-дүкен құрып, қазан асып, нан
илеп, қамыр жайып, отағасына деген
ізет пен енелерінің өсиетін айтып оты-
рады. Жас келіндердің сәлем салып,
табақ алуы, жол кеспей, үлкендердің
атын атамауы жөніндегі қағида да ал-
тын сандықтың еншісінде. Асылдың
сынығындай болған аяулы жар, асыл
аналар ұлын ұяға қондырып, қызын
қияға ұшырған тәлімі мол, саналы
ұрпақтан. Олардың арасында таны-
мал боксшы Олжас Сәттібаевтың,
футболист Ұлан Қонысбаевтың
анасы бар.
– Райхан мен Ғалия есімді абысын-
дарымыз қажылыққа барды. Меккеден
бәрімізге бірдей ақ жаулық ала келіпті.
Ақ жаулығымыз желбіреп шыға кел-
генде жүзіміз нұрланып, әйелдің
ары орамалына түйіліп тұратыны
жанымызды нұрландырып, мейірім
тасыған әже екенімізді, асыл жар,
аяулы ана екенімізді сезіне түсіп,
мақтан тұтамыз. Біздің ортадағы ең
үлкен қағида – ер азаматты құрметтеу.
Анамыз бала күнімізде «Ерін
сыйламаған үйге бақ тұрақтамайды»
деп айтып отыратын. Енді міне,
сол сөзге лайық болуға тырысып,
«Қызым, саған айтамын, келінім
сен тыңда» деп бар өсиетімізді
кейінгілерге үйретіп отырмыз, – дейді
ақ жаулықты аналар бір ауыздан.
Ендеше, алтын сандықтарыңыз
ашылып, ішінен шуақ шашыла
берсін, аяулы аналар!
қыздарға әсемдік жарасады. Суретті түсірген Н.Тұрғынбек.
// «Жамбыл - Тараз» // №10 (1350), 8 наурыз 2017 Жыл //
айзере
11
ҰлТТЫқ КИІМ –
ҰлТТЫң АЙНАСЫ
Биылғы жылдың көктем және
жаз айларында сәнде болатын
түстер – жасыл мен күрең қызыл.
Құралай Нұрқаділованың ой-
ынша, осы түстердің кез келген
реңкі бір-бірімен үйлеседі әрі
сәнде болады. «Осы екі түстің
үйлесімі, сөзсіз, сәнде болады.
Мысалы, таңқурай қосылған
бургунд шарабының түсіндегі
жейде мен бөтелке түстес жасыл
белдемше киюге болады. Осы
образға үйлестіріп сөмке мен туфли
қосыңыз» – дейді дизайнер.
Қара түс ықылым заманнан бері сәнде, алайда биыл
оның реңкін сұйылтуымыз керек. Себебі биылғы сән
соны талап етеді. Ашық реңкті киімдерге қанық түсті
шарф сияқты аксессуар тақсаңыз, образыңыз ашыла
түспек. «Қарапайым қара киіммен көгілдір немесе сары
түстер сияқты кез келген қанық түсті аяқ киім киюге
болады. Бұл сәнді әрі назар аударуға тұрарлық» – дейді
сәнгер. Сән өндірісі сарапшысының айтуынша, күміс, ал-
тын, қола сынды металл түстес киімдер де сәнде болады.
Сондай-ақ 40-60-жылдардағы Голливуд стилі – Жаклин
Кеннедидің стилі қайта оралады. Тіпті сол кездегі шаш
үлгілері мен аксессуарлары, қарапайым көйлек немесе
қара түсті белдемше қайтадан сәнге айналады.
Сондай-ақ қазір елтаңбасы бар кез келген киім сәнде:
жилеттер, қарапайым спорттық костюмдер, жейделер.
Оның матасы әртүрлі: барқыт, мақпал, күдері болуы
мүмкін. Әйтеуір елтаңбасы болса болды. Бұларды кез
келген киіммен киюге болады. Тіпті қоңыр салқын
кештерде де осындай жакеттер сәнді көрінеді. Мыса-
лы, осындай пиджак киіп, ішінен жеңіл жейде немесе
матростың майкасын, астына ақ түсті шалбар киюге
болады. Бұл образ сәнді әрі қымбат көрінеді. Ал егер
ішіңізден жеңіл жейде кисеңіз, шалбарды аяқ киімнің
қонышына салып қоюға болады. Бұл –
ағылшын ханшайымының стилі.
Аксессуарлар – гардеробтың
маңызды бөлшегі
Түрлі өлшемдегі сақиналар,
сағаттар мен білезіктерді
қорықпай ала беріңіз. Себебі
сәнгердің ойынша, сағатпен
бірге бірнеше білезік тағу,
барлық саусаққа сақиналар
тағу сәнді көрінеді. Сондай-
ақ күміс пен алтын түстес
алқаларды бірге тағуға болады.
Егер образыңызда металл түстес
бөлшектер болса, сондай реңкті
аксессуарлар оны толықтыра түспек.
Платформалы туфли сәнде емес
Платформалы туфлилер сәннен шығып барады. Қазір
үшкір басты, жіңішке өкшелі аяқ киімдер сәнде. Мәселен,
Жаклин Кеннедидің стиліндегі 3-4 сантиметрлік өкше
барлық пішінге әдемі жарасады. Егер оны қара көйлекпен
үйлестірсеңіз, тіпті керемет. Алайда сіздің киіміңізге
платформалы туфли жарасып тұрса, соны киіңіз. Ондай
кезде бұл образ сіздің стиліңіз болады.