Жамбыл облысы әкімінің



жүктеу 1.3 Mb.

бет3/14
Дата13.03.2017
өлшемі1.3 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14

Айдана НҰРМАН

Жәрмеңкеде  өнімдер  тұрғындарға  

арзандатылған бағада ұсынылды. Мәселен, қой 

етінің келісі – 1200 теңге, қарақұмық – 270, 

шекер – 220, бал – 1200, «Солнечная» өсімдік 

майы  (5  л)  –  1750,  «Асату»  жаймасы  –  135, 

кептірілген балықтың келісі 1300-1400 теңге 

болса, картоп – 110-120, орамжапырақ – 100, 

алма 180-300 теңге аралығында саудаланды. 

Жәрмеңкеге «Шалқаров» ЖШС-і сүт өнімдерінің 

бірнеше түрін ала келіпті. Оның ішінде сүзбе, 

қаймақтан өзге, пастерленген сүт пен айраны 

бар. Аталған серіктестіктің сатушысы Феруза 

Мақсұтова: «Мұндағы өнімдердің бағасы ба-

зармен салыстырғанда төмен. Мысалы, бізде 

сүзбенің келісі – 700 теңге, қаймақ – 1000, сүт 

пен айранның литрі – 150-160, сары майдың 

келісі 1400 теңгеден сатылуда» – деді жәрмеңкеге 

қойылған өнімдерінің бағасы төңірегінде.

Ал  жәрмеңкеге  келген  халық  ауыл 

шаруашылығы өнімдерін арзандатылған бағада 

алуға мүмкіндік беріп отырған билік өкілдеріне 

алғыстарын білдіріп жатты.

– Бүгінгі жәрмеңкені ұйымдастырушыларға 

рахметімді айтқым келеді. Саудаланып жатқан 

өнімдердің сапасы жоғары, бағасы қолжетімді. 

Өзім сүзбе мен қаймақ сатып алдым. Көңілімнен 

шықты,  –  дейді  қала  тұрғыны  Қызайым 

Әбілдақызы.

Алғыс айту күніне орай ұйымдастырылған 

бұл игі шара халық үшін өте тиімді әрі үлкен 

көмек болды.  

берері мол басқосу.    Суретті түсірген Н.Тұрғынбек.


қОғам

6

//   «Жамбыл - Тараз»  //  №10 (1350), 8 наурыз  2017 Жыл  //



ТИГУ-ДІң Өз СпОрТ КЕШЕНІ БАр

 

„

Тараз инновациялық-гуманитарлық университетінің базасынан жаңа спорттық-



сауықтыру кешені ашылды. 

 

„

Әлемдік саяси-экономикалық 



даму үдерісін бағамдай отырып

Елбасымыз Бес институттық 

реформаны жүзеге асыру 

бойынша «100 нақты қадам» Ұлт 

жоспарын ұсынды. 

Ел дамуындағы 

маңызды бетбұрыс

Енді, міне, Ұлт жоспарының аясында Президентіміз 

жаңа конституциялық реформа туралы Қазақстан 

халқына Үндеу жариялады. «Қазір заманның дидары 

өзгерді. Біз де өзгеруге тиіспіз» деген Елбасы жаңа 

реформаның не үшін қажеттігін айқын да ашық 

саралап берді. 

Елбасымыздың Үндеуінде айтылған өзгерістерге 

келетін  болсақ,  біріншіден,  бұл  еліміздегі 

демократиялық процестің ары қарай жалғасын 

тапқандығын  көрсетеді.  Екіншіден,  бұл  саяси 

биліктегі  екі  негізгі  тармақ  –  Үкіметтің  және 

Парламенттің тепе-теңдігін қамтамасыз етеді. Соны-

мен қатар, үшіншіден, бұл Үкіметтің де, Парламенттің 

де жұмысының кәсібилігін, олардың жауапкершілігін, 

елдің саяси экономикалық дамуын арттыруға, со-

нымен қатар тиімді жұмыс істеуін қамтамасыз 

етеді.  Бұл  реформалардың  халықтық  талқыға 

салынуы негізінен биліктің ашықтық принципін, 

әрбір бастаманы халықпен бірлесіп талқылауға 

дайындығын көрсетеді. Сонымен бірге бұл талқылау 

азаматтық қоғамның қатысуын да қажет етеді. Яғни 

әрбір топ бұл талқылауға белсенді қатысып, өзінің 

пікірін білдірсе, бұл қоғамдағы азаматтық сезімнің 

артқандығын көрсетеді. Мемлекет басшысының 

билік тармақтарын өз еркімен үлестіруі – әлемдік 

қауымдастықтың саяси өмірінде сирек кездесетін 

жағдай. Конституцияға жоспарланған өзгерістерді 

енгізу арқылы еліміздегі демократиялық процестерді 

жетілдіре алатынымыз және жалпы мемлекетіміздің 

дамуына әсер ететіні айқын болып тұр. Президенттік 

реформаның тағы бір үлкен саяси мәні бар. Ол  –

Үкімет пен Парламенттің үйлесімді жұмыс істеуін 

қамтамасыз ету. Конституциялық өзгерістер ішінде 

Конституциялық Кеңес, Жоғарғы сот,  прокуратура 

қызметіне қатысты өзгерістер де бар. Мұның бәрі 

билік тармақтарының үйлесімді әрі жауапкершілікпен 

жұмыс істеуінің кепілі болады. Президенттің өзі 

бүгінгі әлемнің өзгергенін, қазіргі заманның дидары 

басқаша болып отырғанын айтып отыр. Ал мұндай 

өзгерістер дүние жүзінде өріс алды және біздің елді 

де қамтыды. Осыған сәйкес Отанымыз дәстүрлі 

қоғамнан гуманистік қоғамға қарай бет бұрды. Жалпы 

Қазақстан әлемдік құбылыста өз орнын алу керек, ал 

бұл үшін біз өзгеруге тиіспіз. Бұл қағида – Президент 

Үндеуінің негізгі желісі.  Міне, жаңа заманның жаңа 

талаптарына сәйкес Президент ұсынған реформа 

халық қолдауына ие болатыны сөзсіз. 



Жақып ЖЕКСЕМбИЕв,                                  

Жамбыл облыстық наркологиялық 

диспансерінің бас дәрігері.

студенттердің игілігіне.    



Шынболат СЕЙДУАЛИЕв

Ғимараттың  салтанатты    ашылуына    Жамбыл  облысы  әкімдігінің             

аппарат басшысы Нұржан Календеров, «Қазақстан-Тараз» телеарнасының 

директоры, облыстық мәслихаттың депутаты Мейрамбек Төлепберген, 

облыс  әкімдігі  дене  шынықтыру  және  спорт  басқармасының  басшы-

сы Гамлет Қайнарбеков пен университет ректоры Ерболат Саурықов 

қатысты. Ал нысанның лентасын Нұржан Календеров пен Мейрамбек 

Төлепберген қиды.

– Облысымызда бұқаралық спортты дамытуға барынша  көңіл бөлініп 

келеді.  Сондай-ақ  Тараз  қаласында  да  бұл  бағытта  талай  тірліктер 

атқарылып  жатыр.  Енді  міне,  Тараз  инновациялық-гуманитарлық 

университетінің  жеке  қаржысына  тағы  бір  ғимарат  бой  көтерді.  Бұл 

жаңа нысан шаһардағы үлкен спорт кешендерінің біріне айналатыны-

на  сенімдімін.  Және  бұл  жерден  жас  чемпиондардың  түлеп  ұшуына 

тілектеспін.  Барлықтарыңызды  жаңа  спорт  кешенінің  ашылуымен 

құттықтаймын! – деді Нұржан Сәбитұлы.

Бұдан  кейін    «Қазақстан-Тараз»  телеарнасының  директоры                                     

Мейрамбек Төлепберген мен  облыс әкімдігі дене шынықтыру және спорт 

басқармасының басшысы Гамлет Қайнарбеков сөз алып, жаңа нысанның 

жұмысына сәттілік тіледі. Және аталған оқу орнының ректоры Ерболат 

Саурықов ТИГУ студенттеріне барынша жағдай жасалып жатқандығын 

айтып, алдағы жоспарлармен бөлісті. 

Одан соң, ЖОО арасында волейболдан облыстық турнир өтіп, басқарма 

басшысы Гамлет Төреханұлы алғашқы соққыны жасап, жарысты ашып 

берді. Тартысты өткен бәсекенің нәтижесінде 1-орынды ТарМПИ ко-

мандасы жеңіп алса, 2-орын ТарМУ командасына бұйырды. Ал үздік 

үштікті Байзақ ауданы, Көктал ауылының жастары қорытындылады.

Жалпы спорт кешенінің құрылысы Тараз инновациялық-гуманитарлық 

университетінің өз қаражатына салынды. Жалпы көлемі – 1553,07м

2



Спорт кешенінде профессор-оқытушылар құрамы мен студенттердің 

дене  шынықтыруына,  сонымен  қатар  секциялар  жүргізуге  арналған 

көлемі  42х24  м  болатын  спорт  залы,  шынығу  бөлмесі,  гимнасти-

ка  бөлмесі,  дәрігерлік  пункт,  жаттықтырушылар  бөлмесі,  қыздар 

мен  ерлердің  киім  ауыстыру  бөлмелері,  жуыну  бөлмелері  және 

вентиляциялық шахта бар.



 

„

жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және 



құжаттама басқармасы, «Тараз қаласының мемлекеттік архиві» 

коммуналдық мемлекеттік мекемесі Халықаралық әйелдер 

мерекесі қарсаңында облыс мақтанышына айналған, еліміздің 

әлеуметтік-саяси жолында тер төккен, елге белгілі аналардың 

фотокөрмесін ұйымдастырды. 

Аты аңызға айналған аналар

Толғанай АТАбАЙ

Мерекелік    шараға  облысымыз  бен  Тараз 

қаласының  Құрметті  азаматтары,  Социалистік 

және ҚР Еңбек Ерлерімен қатар, жоғары марапатқа 

ие  болған  асыл  аналарымыз  арнайы  қатысты. 

Аты аңызға айналған аналарымыздың есімдерін 

тарих  бетінде  қалдыру  мақсатында  өткізілген 

фотокөрмеде олардың өмірбаяндары мен еңбек 

жолында  жеткен  жетістіктері  айтылды.  Айту-

лы күн аясында жиналған қонақтарды аталған 

басқарма басшысының орынбасары Сара Мәдиева 

мерекелерімен  құттықтап,  ақжарма  тілегін 

жеткізді. 

– Құрметті аналар, қыз-келіншектер! Көктеммен 

келіп жеткен асыл жандыларымыздың мерекесімен 

баршаңызды  шын  жүректен  құттықтаймын. 

Еліміздің өсіп-өркендеуіне септігін тигізіп, халық 

болып  қалыптасуымызға  сүбелі  үлес  қосқан 

аруларымыздың есімі тарих беттерінде сақталуы 

тиіс. Бұл шараның да негізгі мақсаты – сіздердің 

тектік-өмірбаяндық құжат топтамаларыңыздың 

мұрағатымызда мәңгілік сақталуын қадағалап, 

жолдарыңыз келешекке үлгі болса дейміз, – деді.

Сондай-ақ шарада Бразилияда өткен ХV жазғы 

Паралимпиада  ойындарының  алтын  медаль 

иегері  Зульфия  Габидуллина,  Қазақстанның 

Халық  әртісі  Мәкен  Рахымжанова,  Мәдениет 

қайраткері Нұрсифат Салықова, «Тараз қаласының 

Құрметті азаматы» атанған Кульбарам Султанова, 

«Қазфосфат» ЖШС басқарма төрағасының қаржы 

және экономика жөніндегі орынбасары Нүрзия 

Лесбекова және қалалық әділет басқармасының 

басшысы Гульнара Кушекова секілді ерен еңбек 

иелеріне  жеке  қор  құжаттарының  қалалық 

мұрағатқа өткізілгені туралы төлқұжаттар табыс 

етілді. Басқосу барысында кеш қонақтары облы-

сымыздан  осындай аяулыларымыздың шыққанын 

мақтанышпен айта жүру керектігін тілге тиек етті.

– Құжат деген сөздің өзі – адамды растайтын 

нәрсе. Біздің ел тарихында көптеген ақтаңдақтар 

болғанын  білесіздер.  Осы  мәселе  төңірегінде 

тарихшылар  алдында  «Тарихымызды  қалай 

танып білеміз?» деген сауал тұрды.  Мәскеуде 

патшалық Ресейдің отарлау саясатының кезеңінде 

Ресей мемлекетінің мұрағатының құжаттамалық 

топтамасында біздің тарихымыздың елу пайызы 

жинақталған. Осыған орай, Елбасының тапсырма-

сымен ел тарихшылары үлкен сапарларға шығып, 

тарихымыздың  ақтаңдақ  беттерін  танып  білу 

жолында тер төгеміз, – дейді  Тараз мемлекеттік 

педагогикалық  институтының  ректоры  Дария 

Қожамжарова. Мерекелік кеш соңында сексеннің 

сеңгірінен асып бара жатқан Кульбарам Султанова 

жиылған қауымға батасын берсе, өңір өнерпаздары 

әсем әннен шашу шашты. 

 

„

«Нұр Отан» партиясының 



«Кедергісіз келешек» 

партиялық жобасы 

аясында «Мейірім шуағы» 

еріктілер қозғалысының 

ұйымдастыруымен қалалық 

мәдениет үйінде «Ару ана» 

байқауы өтті. 

Ақ маңдайлы ақ анам

Айдана НҰРМАН

Байқаудың ерекшелігі – мұнда қаламыздағы 

церебральды сал ауруымен (ДЦП) ауыратын 

балалардың аналары өзара бақтарын сынады. 

Олар 5 кезең бойынша өз өнерлерін ортаға 

салды.  Алғашқы  кезеңде  аналар  өздерін 

көпшілікке таныстырса, қолөнер бөлімінде 

қатысушылар  он  саусақтан  шыққан  туын-

дылары

н  көрсетті.  Ал  шаш  өру,  сән  үлгісі 



аталымдары бойынша аналар сахнада сәнді әрі 

қолайлы шаш үлгілері мен кешкі киім үлгілерін 

ұсынды. Сондай-ақ соңғы өнер сайысы бойын-

ша қатысушылардың бірі ән айтса, енді бірі 

биден шашу шашты. Байқауға Тараз қалалық 

мәслихатының депутаты Серікбол Берікқожа, 

қала әкімдігі жұмыспен қамту және әлеуметтік 

бағдарламалар  бөлімінің  басшысы  Гаухар                                                                                                     

Олжабаева,  қалалық  мәдениет  үйі 

директорының  орынбасары  Темірлан 

Жаманқұлов төрелік етті.

– «Мейірім шуағы» еріктілер ұжымының 

атқарып жатқан жұмыстары ауқымды. Бүгінгі 

байқаудан  өзге,  қалалық  мәслихаттың  де-

путаты  Серікбол  Қайратұлы  «Дос-Нар» 

сауда орталығынан әлеуметтік дүкен ашып, 

жұмысын жүргізіп келеді. Дүкеннің ашылу 

мақсаты – тұрмысы төмен отбасыларына киім-

кешек, кеңсе тауарлары мен балаларға арналған 

ойыншықтарды тегін тарату. Аталмыш тауар-

лар  қаламыздағы  қайырымды  азаматтар-

дан  жиналатынын  ескерсек,  баршаңыздың 

аталмыш жобаға үлес қосу мүмкіндіктеріңіз             

бар, – деді қала әкімдігі жұмыспен қамту және 

әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы 

Гаухар Олжабаева.

Ал сайыстың қорытындысы бойынша бас 

жүлде Роза Каримоваға бұйырды. «Қолөнер» 

аталымын  Назгүл  Жұмабаева  иеленсе,               

Валентина Ткаченко «Өнерлі ана» атанды және 

«Бұрымды ана» аталымымен Анара Кошекова 

марапатталды. Жеңімпаздарға демеушілердің 

қолдауымен  қаржылай  сыйлықтар  мен 

Мадақтама қағазы 

тапсырылды.  


 

„

Ағымдағы жылдың екі айында кісінің мүлкіне қиянат жасағандар саны 



1186-ны құраған. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 8 пайызға төмен. 

Дегенмен пәтер ұрлығы толастамай тұр.

пӘТЕр ТОНАУ – 

ҰСАқ қЫлМЫС ЕМЕС

Шынболат СЕЙДУАЛИЕв

Бұл  туралы  қала  прокуроры                            

Бекзат Сейілхановтың төрағалығымен 

«Бөтеннің мүлігі және мал ұрлығына 

қарсы тұру жұмыстарының деңгейі» 

тақырыбында  өткен  салааралық 

жиналыс  барысында  айтылды. 

Басқосуға облыстық прокуратураның, 

қалалық полиция бөлімдерінің және 

Кәсіпкерлік палатасының өкілдері 

мен  қала  әкімінің  орынбасары                   

Кенжебек Олжабай қатысты. 

Жиында  қала  прокуроры  өзі 

басқаратын құзырлы орган жүйелі 

түрде бөтеннің мүлкін ұрлау деректері 

бойынша  тіркелген  қылмыстарға 

талдау жасап отыратындығын тілге 

тиек етіп, статистикалық мәліметтер 

келтірді. Оның сөзінше, ағымдағы 

жылы қала аумағында 1 086 бөтеннің 

мүлкін ұрлау деректері тіркелген, 

яғни өткен жылмен салыстырғанда 

8%-ға төмендеген. Бұдан бөлек, мал 

ұрлығы да 14-тен 9-ға дейін азайған. 

Сондай-ақ қазіргі таңда өзекті болып 

отырған ұялы телефон ұрлығы да 495-

тен 324-ке дейін төмендеген. Алайда 

аталған санаттағы қылмыстардың 

едәуір төмендегенімен, пәтер ұрлығы 

154-тен 209-ға дейін өсіпті. Сонымен 

қатар өткен жылы бөтеннің мүлкін 

ұрлау  дерегімен  тіркелген  6  152 

қылмыстық істің 4 619-ы ашылмаған. 

Осы жағдайға байланысты тергеу 

мерзімі үзілген. Бұл мәселенің үлкен 

алаңдатушылық тудырып отырғанын 

қадап айтқан Бекзат Сағатұлы по-

лиция бөлімдерінің басшыларына 

жұмысты  күшейту  қажет  екенін 

ескертті.

Жиында  хабарлама  жасаған 

қалалық  прокуратураның  бөлім 

басшысы Болат Мұстафаев бүгінгі 

күні жасалып жатқан әрбір ұрлықтың 

екіншісі  ұялы  телефонмен  байла-

нысты екенін мәлім етті. Мәселен, 

шаһарда жыл басынан бері ұялы теле-

фон ұрлығы бойынша 324 қылмыстық 

құқық  бұзушылық  тіркелгенімен, 

оның 80 пайызы ашылмаған. Осы 

мәселеге орай «Мобильник» жобасын 

жүзеге асыру мақсатында қала проку-

ратурасымен қалалық білім бөліміне, 

білім ордаларында ұялы телефон пай-

далануды шектету туралы хат жолда-

ныпты. Мұндай қылмыстың ең көп 

болатын жері – қоғамдық көліктер. 

– Қала аумағында жолаушы та-

сымалдаумен айналысатын барлық 

қоғамдық  көліктерге  аталған 

санаттағы  қылмыстары  үшін 

жауапқа тартылған тұлғалар туралы 

мәліметтер  орнатылған.  Сонымен 

қатар ОІІД және хаттама толтыруға 

уәкілетті  жергілікті  атқарушы 

органдарға хаттама толтыруда ұялы 

телефонның міндетті көрсету тура-

 

„

Тараз қалалық мәслихатының тұрақты комиссиясы отырысында шаһарда жаңадан бой көтеретін 



шағын аудандар мен аты жоқ, заты бар көшелердің мәселесі қаралды.

Атау беруде де ойланған жөн!

//   «Жамбыл - Тараз»  //  №10 (1350), 8 наурыз  2017 Жыл  //

7

 

„

Елбасы Н.Ә.Назарбаев 



қазақстан халқына өз 

үндеуін жолдағаны 

белгілі. Ол үндеуден біз 

нені біліп, нені ұқтық? 

жолдауға қолдау 

жастардан!

Елбасымыздың Үндеуінде айтылған 

өзгерістерге келетін болсақ, біріншіден, 

бұл еліміздегі демократиялық процестің 

ары  қарай  жалғасын  табатындығын 

көрсетеді. Екіншіден, бұл саяси биліктегі 

екі негізгі тармақтың – Үкіметтің және 

Парламенттің тепе-теңдігін қамтамасыз 

етеді.  Үшіншіден,  бұл  Үкімет    пен 

Парламент  жұмысының    кәсібилігін, 

жауапкершілігін,  елдің  әлеуметтік-

экономикалық  дамуындағы  беделін 

арттыра отырып, тиімді жұмыс істеуін 

қамтамасыз етеді. 

Сонымен  қатар  жаңа  жылға  жаңа 

бастама,  жаңашыл  жаңалықтардың 

жаршысы  ретінде  Елбасы  Қазақстан 

халқына өзінің кезекті Жолдауын жол-

дады. 

«Еліміз  өзінің  25  жылдық  даму 



кезеңінен абыроймен өтті. Біз елімізді 

мақтан  тұтамыз.  Табыстарымыз  бен 

жетістіктеріміз туралы Тәуелсіздігіміздің 

25 жылдық мерейтойында атап өттік. 

Оларды бүкіл әлем біледі және жоғары 

бағалайды»  –  деп  бастаған  Елбасы 

Жолдаудың тақырыбын «Қазақстанның 

Үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге 

қабілеттілік» деп атап көрсетті. 

  «Бұл  жаңғыру  қазіргі  жаһандық 

сын-қатерлермен күрес жоспары емес, 

болашаққа, «Қазақстан-2050» Страте-

гиясы мақсаттарына бастайтын сенімді 

көпір болмақ. Ол Ұлт жоспары - «100 

нақты  қадам»  базасында  өткізіледі» 

деген  сөздері  арқылы  ел  келешегі  –                

жастар бола отырып, қолдайтынымызға 

сенімім  мол.  Елбасының  сарабдал 

саясатының  арқасында  бүгінгі  ел                            

жастары толыққанды білім алып, заман 

талабына  сай  өсіп,  өркендеп  келеді. 

Жаңа  жылда  жаңа  бастамалар  мен 

игілікті істердің куәсі бола алатындай, 

ел  тірегі  –  жастардың  жағдайы  мен 

келешегі, қандай қоғамда өмір сүріп, 

білім алатынын Елбасымыз әр жолдаған 

Жолдауында ұмыт қалдырған емес.

  Қазіргі  Қазақстан  әлемдік  саяси 

сахнаға  көрермен  көзімен  қарайтын 

үйренуші елден өсіп, енді үйретуші ел 

деңгейіне жетті. Бұл – бұлжымайтын 

байлам. Сол сияқты осы жиырма бес 

жылда жастардың да санасы өсті, ойы 

серпілді,  қоғамға  деген  көзқарасы 

өзгерді.

 Елімізде қазіргі таңда әр жас азаматтың 

толыққанды  дамуына  арналған  жан-

жақты тетіктер жасақталғандығы белгілі. 

Мәселен,  әлеуметтік-экономикалық 

тұрғыдан,  мемлекет  жастар  мен  жас 

отбасылардың экономикалық ахуалын 

жақсарту мен табыс деңгейін көтеру, ұзақ 

мерзімді несие берудің кезеңдік жүйесін 

енгізу, басқа да экономикалық көмек 

түрлері арқылы білім алу мүмкіндігін 

кеңейту, іскерлік белсенділігін арттыру, 

тұрғын жайы мен үй шаруашылығын 

толыққанды жабдықтау үшін құқықтық, 

ұйымдастырушылық жағдай жасаудың 

барлық  шараларын  қолдануда.  Мы-

салы,  жас  мамандарды  жұмыспен 

қ а м туд а ғ ы   же ң і л д і кт е р ,   ау ы л                                                               

жастарына берілетін көп салалы кво-

та,  ауылға  барған  жастарға  көтерме 

көмектер, жетім балаларға және мүгедек 

жандарға көрсетілетін көмек түрлерін 

атап өтуге болады. Елбасы жастардың 

бүгіні  мен  болашағына  қамқорлық                                                                               

жасауды өз саясатының негізгі мәні деп 

санайды.  Себебі  сарабдал  саясаттың 

арқасында  бәсекеге  қабілетті  білімді 

ұрпақ  тәрбиелеу  жолында  жасампаз 

істеріміз бен Мәңгілік Елдің тұтқасын 

берік қалайтынымыз сөзсіз. Ол үшін Ел-

басымыз айтқандай: «Атқарылған істер 

аз емес, десек те бірге жалғастырайық!».



Елдос ТӨЛЕНДИЕв,

 

Тараз қаласы әкімдігі ішкі 

саясат бөлімінің «Жастар ресурстық 

орталығы» КММ директоры.

Нұржан СЕРІКХАНҰЛЫ

Бұл  жиынға  комиссия  мүшелерінен  бөлек, 

ономастика мамандары, аты жоқ немесе атауы 

түсініксіз көшелердің тұрғындары шақырылыпты. 

Жиынды ашып беріп, күн тәртібіндегі мәселемен 

таныстырған  қалалық  мәслихат  хатшысының 

міндетін атқарушы Ғазизжан Мадимаров алғашқы 

сөзді қала әкімдігінің мәдениет және тілдерді да-

мыту бөлімінің басшысы Бақыт Тоқсанбаеваға 

берді. 


– Тараз қаласы, «Шалғай Қарасу»  алқабындағы 

атауы жоқ 24 көше, 13 бұрылыс, 2 ықшам аудан, 

1 шағын аудан және «Арай» алқабындағы атауы 

жоқ 1 көшеге атау беру бойынша ҚР Үкіметінің 

2014  жылғы  24  ақпандағы  №138  Қаулысымен 

бекітілген «Әкімшілік-аумақтық бірліктерге, елді 

мекендердің құрамдас бөліктеріне атау беру, олар-

ды қайта атау, сондай-ақ олардың атауларының 

транскрипциясын нақтылау мен өзгерту кезінде 

тиісті аумақ халқының пікірін ескеру қағидалары» 

талаптарына сәйкес жұмыстар жүргізілуде. Ко-

миссия қарауына «Шалғай Қарасу» алқабындағы 

жаңа  көшелерге  атау  беру  ұсынысы  бойын-

ша,  ұзындығы  1300  метрді  құрайтын  атауы 

жоқ  2  көшеге  Кәукен  Кенжетаевтың,    Қайым 

Мұхамедхановтың,  ал  ұзындығы  900  метр 

3-көшеге  Қазақстанның  Халық  жазушысы                    

Хамит  Ерғалиевтің  атын  беруді  ұсынып                                                                                                  

отырмыз,  –  деген  бөлім  басшысы  жиырма-

дан  астам  жаңа  көше  атаулары  мен  ықшам 

аудандардың  атын  да  тізіп  айтты.  Көшелерге 

есімі  берілейін  деп  отырған  тұлғалардың 

тағылымды  тағдырымен  де  таныстырды. 

Мәселен,  500  метрлік  4-көшеге  Жерұйық, 

5-көшеге (800 м) Аңырақай, 6-көшеге (400 м) 

Игілік,  7-көшеге  (600  м)  Ханшатыр,  8-көшеге 

(450 м) Темірқазық, 9-көшеге (450 м) Керуен, 

10-көшеге  (450  м)  Болашақ,  11-көшеге  (450 

м) Бірлік, 12-көшеге (450 м) Тұран, 13-көшеге 

(450  м)  Отырар,  14-көшеге  (450  м)  Ұлытау, 

15-көшеге (450 м) Ақсұңқар, 16-көшеге (450 м) 

Атлах, 17-көшеге (450 м) Өркениет, 18-көшеге 

(400  м)  Сарыарқа,  19-көшеге  (350  м)  Жалын, 

20-көшеге  (330  м)  Аламан,  21-көшеге  (320 

м)  Шапағат,  22-көшеге  (300  м)  Айнабұлақ, 

23-көшеге (550 м) Алтын Орда,   24-көшеге (450 

м) Наркескен, ал «Арай» алқабындағы ұзындығы 

2100  метрді  құрайтын    2-көшеге  Марау  ана 

есімі  ұсынылды.  «Көлтоған»  жеке  тұрғын  үй 

құрылысына арналған (250 га) шағын ауданға 

«Шаңырақ», «Автобекет» маңындағы (100 га) 14 

ықшам ауданға «Тәуелсіздік», ал Ы. Сүлейменов 

көшесінің соңындағы (362,2 га) 15 ықшам ауда-

нына «Мәңгілік Ел» атауы жоспарланыпты.  Және 

бұл  аталған  көше  аттары  қалалық  деңгейдегі 

Қоғамдық кеңестің, облыс әкімдігі жанындағы 

Ономастика  комиссиясының  отырысында  да 

қаралып, мақұлданған екен. Дегенмен тұрақты ко-

миссия мүшелері тарапынан Жалын, Аламан, Ке-

руен, Ақсұңқар деген атаулар сынға ілікті. Қазіргі 

заңдылық  бойынша  көшелерге  кісі  аттарының 

атын беруге де тыйым салынған екен. Тек қана 

100, 150 жылдығы секілді мерейтойларында ғана 

белгілі тұлғалардың атын беруге мүмкіндік бар.  

Сондықтан кейбір жай сөздер көше атына ұсыныс 

ретінде беріліп отырған көрінеді. Ал аты жоқ көше 

тұрғындары  бұл  мәселе  ертерек  шешілсе  деп 

отыр. Себебі жедел жәрдем қызметіне аты жоқ 

көшедегі үйлерді табу расымен қиын. Тұрғындар 

жедел  жәрдемді  үлкен  жолдың  бойынан  күтіп 

тұруға мәжбүр екен. Сонымен қатар қалада аттары 

қайталанатын көшелер де аз емес көрінеді. Бұл 

да мәселені қиындатып отыр. Жоғарыда аталған 

22-көшеге  ұсынылған  «Айнабұлақ»  атауы  да 

«Астана» мөлтек ауданындағы «Айнабұлақ» аял-

дамасымен аттас. Осы секілді бірқатар мәселелер 

жиында қызу талқыға түсті. Дегенмен  комиссия 

мүшелерінен де, тұрғындар тарапынан да шағын 

және  ықшам  аудандар  мен  қалған  көшелердің 

атаулары мақұлданып, бір ауыздан қолдау тапты.

лы нұсқау жолданған, – дейді Болат 

Мұратұлы.  

  Шаһарда  «Стоп  кражам»  жо-

басын  жүзеге  асыру  барысында 

қаланың  картасы  әзірленіпті.  Ол 

картада қала аумағында орналасқан 

ломбардтар,  түрлі-түсті  ме-

талл  қабылдау  орындары,  базар-

лар,  ойын-сауық  орталықтары, 

бейнебақылау  камераларымен 

жабдықталған орындар және ұрлық 

дерегі  көп  орын  алатын  аумақтар 

көрсетілген. Осы мәселе бойынша 

қала прокуроры Бекзат Сейілханов 

шаһар  басшысының  орынбасары                                                                    

Кенжебек Олжабайға 5 және 7 мөлтек 

аудандардағы мектептердің маңында 

орналасқан  көп  қабатты  үйлерге 

қосымша бейнебақылау камерасын 

орнату  қажет  екендігін  жеткізді. 

Өйткені  бөтен  мүліктің  ұрлану 

деректерінің басым бөлігі қаланың 

осы  мөлтек  аудандарында  орын 

алуда екен. Себебі аталған аудандар 

сырт  бейнебақылау  камералары 

және жарықпен қамтылмаған. Бұл 

ұсынысты қолдайтындығын айтқан 

Кенжебек Мамашбайұлы көтерілген 

мәселенің ортақ екендігін мәлім етіп, 

қоғамдық кеңесте көтеретіндігін атап 

өтті. Сондай-ақ ол кешенді жоспар 

дайындау жөнінде өзінің ұсынысын 

білдірді.  

Сонымен  қатар  басқо суда 

бүгінгі  таңға  дейін  Ішкі  істер 

басқармасының криминалдық поли-

ция бөлімшелерімен бөтеннің мүлкін 

ұрлаумен  айналысатын  бірде-бір 

қылмыстық ұйым әшкереленбегені 

сөз болды. Мәселен, өткен жылдың 

қазан айында облыс прокуратура-

сымен қоғамдық көліктерде жаса-

латын  ұрлық  деректеріне  қатысы 

бар  қылмыскерлерді  әшкерелеу 

мақсатында  ОІІД-ге  «Безопасный 

транспорт»  атты  науқан  өткізуді 

жүктеген болатын. Алайда аталған 

тапсырма Тараз қалалық ІІБ-мен және 

оның бөлімдерімен орындалмаған, 

яғни  қоғамдық  көлікте  бірде-бір 

қылмыскер ұсталмапты. 

Жиын соңында профилактикалық 

жұмыстың  жоқтығы  және  тиісті 

талдаудың жүргізілмеуі қылмыстық 

қудалау органдарының жұмысының 

төмен деңгейде екенін көрсететінін 

жеткізген Бекзат Сағатұлы полиция 

бөлімінің басшыларына жұмысты 

барынша күшейту қажет екендігін 

баса айтты.

айна


ДаТа

8

//   «Жамбыл - Тараз»  //  №10 (1350), 8 наурыз  2017 Жыл  //




1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал