Жамбыл облысы әкімінің



жүктеу 1.3 Mb.

бет1/14
Дата13.03.2017
өлшемі1.3 Mb.
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14

ТАҒАЙЫНДАУ

  Жамбыл  облысы  әкімінің 

2017  жылғы  2  наурыздағы                                                                          

№68-ө  өкімімен  Рүстем 

Р ы с б а й ұ л ы   Д ә у л е т                                               

Тараз қаласының әкімі болып 

тағайындалды. 

Рүстем  Рысбайұлы  Дәулет 

1974  жылы  туылған.  Ұлты 

қазақ, білімі жоғары. 1996 жылы 

«Элтекс»  Жамбыл  жоғарғы 

кәсіпкерлер  мектебін  «Мар-

кетинг  және  коммерция»,                                                                        

2 0 0 3   ж ы л ы   Қ а з а қ с т а н                                                                              

Республикасы  Президенті 

жанындағы  Мемлекеттік 

б а с қ а р у   а к а д е м и я с ы н 

«Мемлекеттік  басқару»  және 

2010  жылы  М.Х.Дулати 

атындағы  Тараз  мемлекеттік 

университетін  «Құқықтану» 

мамандықтары  бойынша 

бітірген.  Еңбек  жолын  1994 

жылы «Бостандық» акционерлік 

қ о ғ а м ы н д а   ж ұ м ы с ш ы                                                                                

болып  бастаған.  1995-2000                                                                                

жылдары  Талас  ауданы, 

Бостандық  ауылдық  округі 

әкімінің  орынбасары,  әкімі, 

2000-2002  жылдары  Қаратау 

қаласы әкімінің орынбасары, 

2002-2003 жылдары Қазақстан                                                                                

Республикасы  Президенті 

жанындағы  Мемлекеттік 

б а с қ а р у   а к а д е м и я с ы н -

да  тыңдаушы  болған.  2003-

2004  жылдары  Қазақстан                                      

Республикасы  Парламенті 

С е н а т ы   а п п а р а т ы н ы ң                                                                      

консультанты,  Қазақстан                             

Республикасы Индустрия және 

сауда  министрлігінің  Сауда 

комитетінде басқарма бастығы, 

2004-2011 жылдары Қазақстан 

Республикасы  Парламенті                           

Сенаты  Төрағасының  орын-

басары,  Сенат  депутатының 

көмекшісі,   2011-2013 жылдары                              

Жамбыл  ауданы  әкімінің                                                                     

орынбас ары,  2013-2015                          

жылдары Жамбыл ауданының 

ә к і м і   ж ә н е   2 0 1 5 - 2 0 1 7                              

жылдары Шу ауданының әкімі 

қызметтерін атқарған. 



Мерекелеріңіз

құтты болсын!

Мерекелеріңіз

құтты болсын!

АяУлЫлАр, АрДАқТЫлАр!

құрметті тараздықтар!

1 наурыздан бастап қала аумағында 

көріктендіру, көгеріштендіру және 

тазалықтың екі айлығы бастау алды. Алдағы 

Наурыз мерекесіне орай 16-17 наурыз 

күндері жалпықалалық сенбілік өтеді. Осы 

елдік шараға барша тараздықтарды бір 

кісідей атсалысуға шақырамыз!

www.z-taraz.kz



 №10 (1350) 8 наурыз

 

2017 жыл, сәрсенбі



Газетіміздің келесі саны 17 наурыз, жұма күні шығады. 

құрметті Тараз қаласының арулары!

Сіздерді көктемнің алғашқы мерекесі – 

Халықаралық әйелдер күнімен құттықтаймын. 

Әйелдер қашанда аяулы ана, сүйікті жар, 

сенімді жолдас, білікті маман ретінде қоғамда 

үлкен рөлге ие. Сіздердің әрқайсыларыңыз өз 

шаңырақтарыңыздың отын маздатып, ұрпақ 

тәрбиелеумен қатар, өңіріміздің дамуына 

өлшеусіз үлес қосып келесіздер. Сонау ерте 

заманнан-ақ нәзік жандылар тарихта, қоғамды 

өркендетуде, мемлекет қалыптастыруда 

зор үлес қосқан. Осыған орай, Елбасымыз 

Нұрсұлтан Назарбаев: «Әйелдер өмірдің кез 

келген саласында аса маңызды жұмыстар 

атқарып, елдің қалыптасуында ерекше рөлге 

ие болуда. Бұдан бөлек, аналардың жан жылуы 

арқасында үй, жанұя, бала сынды құндылықтар 

өмірде мәңгілікке сақталады» – деп атап өткен 

болатын. Сондықтан Сіздерге 

бүгінгі көктемнің жайма шуақ 

күнінде ізгілік пен мейірімге 

толы пейілімізді жеткізуге 

рұқсат етіңіздер.

Сіздердің сарқылмас күш-

қуат, ынта-жігерлеріңіз кез келген 

кедергілерді еңсеруге, биік-биік белестерді 

бағындыруға талпындырады.

Аяулы аналар мен арулар!

Денсаулықтарыңыз мықты, отбасыларыңыз 

аман, ғұмырларыңыз шаттыққа толы болсын. 

Әрқашан жүздеріңізден қуаныш нұры кетпесін. 

Мерекелеріңіз құтты болсын, қымбатты аналар!

Рүстем ДӘУЛЕТ, 

Тараз қаласының әкімі.

қала-қарбалас

2

//   «Жамбыл - Тараз»  //  №10 (1350), 8 наурыз  2017 Жыл  //



АяУлЫлАр, АрДАқТЫлАр!

 

„

Халықаралық әйелдер күні мерекесіне орай облыс басшысы Кәрім Көкірекбаев Достық  үйінде 



қоғамның әр саласында сүбелі еңбек етіп жүрген әйелдер қауымымен кездесті.

 

„

«Нұр Отан» партиясы Тараз қалалық филиалында 1 наурыз – 



партия және Алғыс айту күніне орай салтанатты жиын өтіп, онда 

саяси ұйым белсенділері марапатталды. 

Белсенділерге құрмет көрсетілді

Сейділдә ТӨРЕН

  Жиынды  ашқан  «Нұр  Отан»  партиясы  Тараз 

қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары 

Арын Асқарбеков шараға қатысушыларды партияның 

құрылғанына 18 жыл толуымен құттықтап, ұйымның 

еліміздің қозғаушы күші ретінде егемендігіміздің тұғырын 

биіктетуге қосқан үлесінің зор екендігін тілге тиек етті. 

Сондай-ақ ол тағы бір айтулы мереке – Алғыс айту күнінің 

еліміз үшін маңыздылығына тоқталып, көпшілікке ізгі 

тілегін жеткізді. 

– Бір миллионға жуық партия мүшесі бар саяси 

ұйым бұл күнде елімізде де, алыс-жақын шетелде де 

мойындалған партия  ұйымы. Елбасының бастамасымен 

құрылған және оның төрағалығымен осы 18 жыл ішінде 

кемеліне келген «Нұр Отан» партиясы елімізде биылғы 

«Қазақстанның Үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге 

қабілеттілік» атты Жолдауды насихаттап, оны іске 

асыруға кірісіп те кетті. Сондай-ақ бүгін Қазақстан халқы 

Ассамблеясының құрылған күні, яғни Алғыс айту күні. 

Бұл күн – халықтың бірлігін өзара сенімі мен құрметінің 

орнығуына негіз болған Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың 

бейбітшілік пен келісім саясатын айшықтайтын айтулы 

мереке. Алғыс айту күнін мерекелеудің жаңа форматы 

«Мәңгілік Ел» бірлігін ортақ тарихи сана негізінде 

нығайту, қазақстандық құндылықтарды насихаттау, 

азаматтардың Отанға деген патриоттық сезімін, бір-

біріне деген құрметін қалыптастыру, ұрпақтың аға 

буынға алғысын, туған жеріне деген ықыласын туғызуға 

бағытталады, – деді Арын Ілиясұлы. 

салтанатты сәт.   Суретті түсірген Н.Тұрғынбек.



Нұржан СЕРІКХАНҰЛЫ

Кездесуге  Ардагерлер  кеңесінің 

белсенді мүшелері, білім, денсаулық 

с а қ т ау,   м ә д е н и е т,   ө н е р к ә с і п  

салаларының белгілі өкілдері, кәсіпкер, 

депутат  әйелдер  және  көп  балалы 

аналар қатысты. Нәзік жандылардың 

қуанышымен бөліскен облыс басшысы 

ардақты аналарды, қоғамның дамуына 

үлесі үлкен қыз-келіншектер мен аяулы 

қарындастарды  мейірім  мерекесімен 

құттықтап, олардың бірқатарын ерекше 

атап өтті. 

– Көктем – қашанда мерекенің айы. 

Сол мерекелердің бастауы Халықаралық  

әйелдер  күнінің  орны  бөлек.  Облы-

сымызда жұмыс атқаратын үкіметтік 

емес ұйымдардың 45 пайызына әйелдер 

басшылық  жасайды.  Әйелдердің 

саяси  көшбасшы  мектебі,  Іскер 

әйелдер  қауымдастығы  айтарлықтай 

жұмыс  жүргізуде.  Облыстағы  5145 

мемлекеттік қызметшінің 43,8 пайызы 

әйелдер.  Шағын  бизнестің  40  пайы-

зы, мұғалімдер мен дәрігерлердің 85 

пайызын  әйелдер  қауымы  құрайды. 

Облысымызда 21236 көп балалы ба-

тыр аналар тұрады. Жыл өткен сайын 

аналарымыздың өмірі жарқын болуы 

үшін  Үкімет  тарапынан  қамқорлық 

пен  әлеуметтік  көмектер  көбеюде. 

Сіздер  қандай  да  болсын  құрметке 

лайықсыздар.  Жылына  бір  келетін 

мерекеде  Сіздердің  еңбектеріңізді 

бағалап, сый-құрмет көрсету – біздер 

үшін  үлкен  қуаныш.  Себебі  бәріміз 

үшін  ғазиз  ананы  ардақтау  –  биік 

парыз,  ананы  құрметтеу  –  мәртебелі 

міндет, – деген Кәрім Нәсбекұлы адал 

еңбегімен ел құрметіне бөленген Еңбек 

Ері  Мәрзия  Ибрагимова,  жүзуден 

Паралимпиада  ойындарының  чем-

пионы Зульфия Габидуллина, режис-

сер  Досхан  Жолжақсынов  түсірген 

«Құнанбай»  көркемфильмінде  Зере 

анамыздың рөлін сомдаған Нұрсифат 

айтулы күннің марапаты.   Суретті түсірген Н.Тұрғынбек.

Тараз қалалық 

мәслихаты 

депутаттарының

назарына!

Қазақстан Республикасының 2001 

жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан 

Республикасындағы  жергілікті  

мемлекеттік  басқару  және  өзін-

өзі  басқару  туралы»  Заңының 

10-бабының  3-тармағының 

негізінде, алтыншы шақырылған 

Тараз  қалалық  мәслихатының 

кезекті он жетінші сессиясы қала 

әкімі аппаратының мәжіліс залында 

2017 жылдың 17 наурызында, сағат 

11:00-де  болады  деп,  Сіздердің 

назарларыңызға хабарлаймын.

  Кезекті  сессияның  қарауына 

келесі мәселелер ұсынылады:

1.  «Мемлекеттiк  жастар  сая-

с а т ы   т у р а л ы »   Қ а з а қ с т а н 

Республикасының Заңының орын-

далу барысы туралы.

2.  Тараз  қалалық  мәслихат 

хатшысының мәслихат алдындағы 

есебі.

3. Заңдылық, азаматтар құқығын 



қорғау,  құқылық  тәртібі  және 

гендерлік саясат жөніндегі тұрақты 

комиссиясының есебі. 

4. Әртүрлі.

Тұрақты комиссиялардың отыры-

сы 2017 жылдың 17 наурызында 

сағат 10:00-де өтеді.

Ғазизжан Мадимаров,

Тараз қалалық мәслихаты 

хатшысының міндетін 

атқарушы.                                         

Салықова,    жеке  балабақша  ашып, 

жас  ұрпақты  тәрбиелеу  бағытына 

да  өз  үлесін  қосып  жүрген  Іскер 

әйелдер қауымдастығының төрағасы  

Гүлдара  Нұрымова,  жағдайы  төмен 

отбасыларға,  мүмкіндігі  шектеулі 

азаматтарға  2015  жылы  дәрі-дәрмек 

түрінде 29,4 млн теңгеге, 2016 жылы 

27 млн теңгеге қайырымдылық көмек 

көрсеткен «Амир и Д» ЖШС-і  дирек-

торы Қарлығаш Қаймолдаеваны және 

қазақ халқының мақтанышына айналған 

Бейбіт Ыстыбаев, Елдос Сметов, Олжас 

Сәттібаев секілді спорт саңлақтарын 

өмірге алып келген батыр аналарды, 

Халық қаһарманы Ғазиз Байтасовтың 

жары  Гүлжамал  Тәжиеваны  ерекше 

атап өтті. Бұдан әрі аймақ басшысы 

салтанатты  шараға  әр  саладан,  әр 

ауданнан  келген  әйелдер  қауымын 

мерекемен құттықтап, сыйлықтар та-

быстады. Марапаттау рәсімінен кейін 

облыстық  қазақ  драма  театрының 

актрисасы Нұрсифат Рақымбайқызы, 

«Мейірім» медициналық орталығының 

директоры  Гүлдара  Алданышқызы, 

Жамбыл гуманитарлық колледжінің 

оқытушысы Шолпан Мауленова, Жам-

был ОІІД ЖПҚ-ның әйелдерді зорлық-

зомбылықтан қорғау бөлімшесінің аға 

инспекторы, полиция подполковнигі 

Ақмарал Жанисова, «Оңтүстік» өңірлік 

қолбасшылығы әскери басқармасының 

медициналық  қамсыздандыру 

қызметінің  аға  офицер-провизоры 

Гулзия Онгарбаевалар сөз алып, облыс 

басшысына өз алғыстарын жеткізді.  



Отанның шуағы, отбасы шырағы

Мерекелік  шара  «Баласағұн» 

орталық  концерт  залында  жалғасты. 

Салтанатты шараны облыс басшысы 

Кәрім Көкірекбаев құттықтау сөзімен 

ашып беріп, отбасының құты болып, 

Отанға да адал қызмет етіп жүрген нәзік 

жандылардың қуанышымен бөлісті. 

–  «Әйел  –  өмірдің  тірегі  ғана 

емес, әйел – өмірдің өзі» деп Елбасы 

Нұрсұлтан Назарбаев атап өткендей, 

жер бетіндегі барлық тіршілік күннің 

нұры мен ананың ақ сүтінен нәр алады. 

Бүгінгі мерекеде ерен еңбектің үлгісін 

көрсеткен,  асылдың  сынығындай 

Еңбек  Ері  Мәрзия  Ибрагимованың 

есімін  ерекше  құрметпен  айтамыз. 

Облыстың  қоғамдық-саяси  өміріне 

белсене  атсалысып  жүрген  Лидия 

Ахметова,  Нілзия  Рахышева,  Күләш 

Назарбекова,  Күләш  Әбдікешова, 

Бәтес Егембердиева, Самиха Қоңырова 

секілді  еңбек  ардагерлері  біздің 

мақтанышымыз. Ортамызда отырған 

Рио Олимпиадасының күміс жүлдегері 

Елдос Сметовтің анасы Тоқтагүл Сме-

това, үш дүркін «Қазақстан барысы» 

Бейбіт  Ыстыбаевтың  анасы  Ләззат 

Жұматаева, бокстан әлем чемпионы Ол-

жас Сәттібаевтың анасы Әмина Дүзеева, 

армрестлингтен  әлемнің  үш  дүркін 

чемпионы Дмитрий Трубиннің анасы                                                                                              

Наталья Трубинаның есімдерін айрықша 

атап өткен жөн. Өлкелі өңірімізде жыл 

санап жарық дүние есігін ашқан жас 

сәбилер қатары артып келеді. Соның 

айқын  дәлелі  бүгінде  шежіресі  мол, 

жарасымды  дәстүрі  жалғасқан  киелі 

Әулиеата өңірінде 8 351 «Алтын алқа» 

және 12 885 «Күміс алқа» иегерлері– 

батыр  аналар  тұрады.    Көктемнің 

шуақты мерекесінде барлықтарыңызға 

дүниенің  барлық  жақсылығын, 

қуанышы  мен  шаттығын,  деннің 

саулығы  мен  амандығын  тілейміз,– 

деді  Кәрім  Нәсбекұлы.  Сондай-ақ 

өңір  басшысы    10-нан  астам  бала 

тәрбиелеп отырған және мәдениетте, 

өнерде  ел  мақтанышына  айналған, 

кәсіпкерлік саласында жемісті қызмет 

етіп жүрген нәзік жандыларды жеке-же-

ке атап өтті. Мерекелік шара концерттік 

бағдарламаға ұласты.

Сондай-ақ  шара  барысында  Мемлекеттік 

банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету 

қызметкерлері  кәсіподағы  Жамбыл  облыстық 

комитетінің  төрағасы,  партия  ардагері  Оңласын 

Есіркепов бүгінде қоғамымыздың қозғаушы күшіне 

айналып, өзін саяси күш ретінде танытқан «Нұр Отан» 

партиясы күнімен жиынға қатысушыларды құттықтап, 

саяси ұйымның тарихына тоқталды. Ол өз сөзінде 1999 

жылдың 21 ақпанында облыс орталығында жаңадан 

құрылған «Отан» партиясының құрылтай жиналысы 

өткенін, онда Тараз қаласы мен аудандардан келген 

делегаттар жаңа саяси құрылымның міндеттерін 

талқылап, оның аумақтық деңгейдегі мақсаттары мен 

стратегиясын тиянақтағанын айтты. Саяси ұйымның аз 

уақыттың ішінде облыста 115 бастауыш партия ұйымы 

құрылып, олардың қатарында 1,5 мыңнан астам мүше 

болғандығын жеткізді. 

– 18 жыл уақыт ішінде партия облыс аумағындағы 

үлкен саяси күшке айнала алды. Бүгінде партияның 

облыстық филиалына қарасты 401 бастауыш партия 

ұйымы 70 мыңнан астам партия мүшесін маңайына топ-

тастырып, Елбасы еліміздің алдына қойған міндеттерді 

жүзеге асыруға жұмылдыруда. Мемлекет басшысының 

«Қазақстанның Үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге 

қабілеттілік» атты Жолдауынан туындайтын міндеттерді 

орындауда да «нұротандықтардың» көш басында 

жүретіні анық, – деген Оңласын Қарабайұлы қалалық 

филиалдың қызметкерлеріне бірқатар ұсыныстарын 

жеткізді. 

Сондай-ақ жиында сөз тізгіндеген партия ардагері, 

қалалық қоғамдық кеңестің төрағасы Қаржаубай              

Бекболатов филиалдың өзі жетекшілік еткен кезеңіндегі 

ілкімді істерге тоқталып, партияның ертеңгі болашағына 

сеніммен  қарайтындығын  білдірді.  Ал  қалалық 

мәслихат депутаты Жанар Орынбаева партияның 

ауқымды жұмыстарының арқасында үлкен беделге ие 

болып отырғанын тілге тиек етіп, партия ардагерлерінің 

жұмысына тоқталып өтті. 

Салтанатты шарада партия күніне орай қалалық 

филиалдың төрағасы Нұржан Календеровтің Құрмет 

грамотасымен  Кемел  Қаржаубай  марапатталды. 

Сондай-ақ «Нұр Отан» партиясының бағдарламалық 

мақсат-міндеттерін іске асыруға қосқан үлесі үшін 

филиал төрағасының Алғыс хаты қалалық «Жамбыл-

Тараз» газетінің директор-бас редакторының міндетін 

атқарушы, қарымды журналист Ерман Әбдиев пен 

«Арайстроймаркет-2003» ЖШС-і қызметкері Бейсен 

Бөгенбайұлына табыс етілді. 

Жиын соңында «Нұр Отан» партиясы Тараз қалалық 

филиалы төрағасының бірінші орынбасары Арын 

Асқарбеков саяси ұйым ардагерлеріне партияның 

жаңартылған билеттерін табыс етті. Сонымен қатар 

қалалық филиал атынан Жолдасбековтер жанұясына 

компьютер жабдығын сыйға тартты.    


//   «Жамбыл - Тараз»  //  №10 (1350), 8 наурыз  2017 Жыл  //

қала-қарбалас

3

АрУлАр, АСЫл жАНДАр!

 

„

8 Наурыз – Халықаралық әйелдер күніне орай қала әкімі рүстем Дәулет нәзік 



жандыларды мерекемен құттықтады. 

құрметке бөленген ханымдар.    Суретті түсірген Н.Тұрғынбек.



Арайлым ШАбДЕНовА

М е м л е ке т   б а с ш ы с ы   Н ұ р с ұ л т а н 

Назарбаевтың  тікелей  бастамасымен 

елімізде әйелдерге үлкен қолдау көрсетіліп, 

қамқорлықтар  жасалуда.  Әлеуметтік 

көмектер  көлемі  жыл  сайын  артуда. 

Елбасының «Әйел – өмір тірегі ғана емес, 

әйел  –  өмірдің  өзі»  деп  атап  өтуі  біздің 



 

„

Халықаралық 



әйелдер күніне орай 

«Нұр Отан» партиясы 

облыстық филиалы 

төрағасының бірінші 

орынбасары Мұратхан 

Шүкеев пен қала әкімі 

рүстем Дәулет  отыз жыл 

шойын жолда еңбек 

еткен теміржолшылар 

әулетінің анасы 

Бүбісара жаңабаеваның 

шаңырағына ат басын 

бұрып, мерекемен 

құттықтады.

Ана алғысын арқалап...

Нұржан СЕРІКХАНҰЛЫ, Толғанай АТАбАЙ

  Сала  тарихында  бір  әулеттен  үш  бірдей  Құрметті 

теміржолшы шыққан Жаңабаевтар әулетінің орны ерекше. 

Әулеттің анасы Бүбісара Жаңабаеваның өзі отыз жылдай 

темір жол саласында сүбелі еңбек етіп, жұмыс барысында 

25 жүк вагонын тиеген пойызды апаттан құтқарып қалғаны 

үшін «Құрметті теміржолшы» атағын алған. Өмірден ерте 

озған отағасы Ергеш Жаңабаев та Құрметті теміржолшы. 

Бүгінде ақ жаулықты, алтын құрсақты ана он ұл-қыздан 25 

немере, 25 шөбере сүйіп отыр. Сексенге аяқ басқан қарт 

ананың құрсағынан тараған ұл-қыздардың барлығы бүгінде 

темір жол саласында абыройлы еңбек етуде. 8 Наурыз – 

Халықаралық әйелдер күніне орай «Нұр Отан» партиясы 

облыстық филиалы төрағасының орынбасары Мұратхан 

Шүкеев пен қала әкімі Рүстем Дәулет қарт ананың қара 

шаңырағына ат басын бұрып, облыс әкімінің алғысын 

жеткізіп, плазмалық теледидар сыйлады. 

– Жас кезде еңбек еттім. Қазір немерелерімнің қызығына 

тоймай, еліміздің амандығын, ұрпақтың саулығын тілеп 

отырған жайым бар. Шалым да құлап бара жатқан пойыз-

ды дер кезінде тоқтатып, Құрметті теміржолшы атанған. 

Мен Күркіресу станциясында вагонның дөңгелегі қызып, 

өзінің майы отқа оранып бара жатқан тұста машиниске 

ескертіп, «Құрметті теміржолшы» атағына ие болдым. 

Елбасыға да, әкімшіліктегі азаматтарға да алғысым шексіз. 

Жұмыстарыңның жемісін көріңдер, – деді «Алтын алқалы» 

ана. 

Бүгінде  Бүбісара  ананың  ұл-қыздарының  барлығы 



шойын жолда еңбек етуде. Қолында тұрып жатқан ұлы 

машинист, тіпті келіні де еңбек жолын жалғастырып келеді. 

Екінші қызы Гүлбахира Жаңабаеваның айтуынша, қарт ана 

қазір құрақ құрап, киіз басып, ши тоқиды екен. Сексеннің 

сеңгіріне аяқ басқан Бүбісара ананың әлі де тірлігі тың. 

Мереке қарсаңында мерейі тасыған қарт ана қуанышымен 

бөлісіп келген атқамінер азаматтарға ақ батасын беріп, 

алғысын айтты.

Сондай-ақ  осы  күні  облыс  әкімінің  орынбаса-

ры  Ғалымжан  Әбдрайымов  Арзанкүл  Упекованың 

шаңырағында болды. Он сегіз жасында тұрмыс құрып, 8 

ұрпақ өсіріп, бүгінде  ұлын ұяға, қызын қияға қондырып 

отырған ана «Күміс алқа» және «Алтын алқа» иегері. 

Кіндігінен тараған ұл-қыздан 22 немере, 4 шөбере сүйіп 

отыр. Жастайынан Ақбастау ауылдық округіне қарасты 

Шоқай  ауылында  22  жыл  қызылша  егумен  айналы-

сып, тіршіліктің ыстық-суығын кешкен қарт ана әлі де 

үй  шаруасына  тың  екен.  Сүт  кенжесі  Ғалидан  көрген 

немерелерін  бағып, олардың сабақ үлгерімінің назарынан 

тыс қалмайтынын айтады. Немерелерінің тәрбиесінен өзге, 

тігін тігіп, құрақ құрау – Арзанкүл ананың негізгі кәсібі. 

Тіпті қыз жасауы секілді бұйымдарды да әзірлеп, әулетінде 

кішігірім шеберхана ісін дөңгелетіп отыр. «Бойымда қуат 

барда неге еңбектене бермеске» – дейді ана. Келіндерін 

қызындай көретін ананы қара шаңырақтағы келіні Бағила 

үлгі тұтады.  «Ертелі-кеш қызметте жүрген соң, анамыздың 

балалар  тәрбиесіне  қосқан  үлесі  зор»  –  дейді  келіні. 

Арзанкүл ана  газет-журнал ақтарып, кітап оқып, қоғам  

жаңалықтарын біліп отырады. 

Тіршіліктің туы болған ақ жаулық.   Суретті түсірген Н.Тұрғынбек.

қоғамдағы  әйел-аналарға  деген  сый-

құрметтің  биіктігін  көрсетеді.  Сондай 

салтанаттың бірі қала әкімдігінің мәжіліс 

залында  өтті.  Жиынды  ашып,  жүргізіп 

отырған  шаһар  басшысы  аруларды  төл 

мерекелерімен  құттықтап,  жүрекжарды 

лебізін білдірді. 

– Еліміздің қалыптасуы мен дамуындағы 

әйелдердің рөліне баға жетпейді. Сіздердің 

бойларыңыздағы  нәзіктік  пен  сұлулық, 

ақыл  мен  парасат,  төзімділік  пен  ерлік 

сияқты қасиеттер үндесе үйлесіп жатады. 

Халқымызда  «Жұмақтың  кілті  қайда,  ол  

ананың табанының астында» деген аталы 

сөз  бар.  Бұл  –  анаға  деген  құрметтің  ең 

биігі,  шығар  шыңы.  Сіздер  әйелге  тән 

қайсарлық пен қажыр-қайраттарыңыздың 

арқасында  еліміздегі  орасан  зор  істерді 

ер азаматтармен қатар еңсеріп келесіздер. 

Егемен  еліміздің  бүгінгі  қол  жеткізген 

жетістіктерінің  барлығында  сіздердің 

қолтаңбаларыңыз бар, – деді Рүстем Дәулет. 

Құттықтаудан  кейін  әр  салада  жемісті 

еңбегімен  танылып,  қоғамдық  өмірге 

белсене араласып жүрген аналар мен қыз-

келіншектерге сый-сияпат көрсетілді. Жи-

ында қала әкімінің құттықтауына ие болған 

40-қа  жуық  қыз-келіншектердің  ішінде 

әріптесіміз,  «Жамбыл-Тараз»  газетінің 

менеджері  Айдын  Байділдаева  да  бар. 

Сондай-ақ  салтанатты  жиында  қалалық 

қоғамдық  кеңестің  төрағасы  Қаржаубай 

Бекболат та жүрекжарды лебізін білдірді. 

Ал қалалық мәслихат хатшысының міндетін 

атқарушы  Ғазизжан  Мадимаров:  «Қазақ 

әйелінің,  қазақ  қыздарының  қайсарлығы 

мен ақыл-парасаты, тағылымды тағдырлары 

мен еңбектері мақтан тұтарлық. Отбасында 

бала тәрбиелеп, жұбайларына сүйеу болған, 

әр  салада  тынбай  еңбек  етіп,    қоғамның 

дамуына  үлес  қосқан  аналар  еңбегі  – 

әрқайсымыз  үшін  үлгі-өнеге»  –  деді. 

Шара соңында қаланың Құрметті азаматы 

Қосайкүл Сейдалина қыз-келіншектердің 

атынан алғысын білдірді. 



  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал