Жамбыл Жабаев шығармалары «Нұрлы Press kz»



жүктеу 2.8 Kb.

бет1/12
Дата02.04.2017
өлшемі2.8 Kb.
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12

Жамбыл 
Жабаев
ШЫҒАРМАЛАРЫ
«Нұрлы Press.kz»
Алматы 
2014

УДК 821.512.122
ББК 84 (5 қаз)-5
Ж 25
Қазақстан Республикасының Мəдениет министрлігі
«Əдебиеттің əлеуметтік маңызды түрлерін басып шығару 
бағдарламасы бойынша жарық көрді»
Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті 
Жамбылтану жəне халық ақындары ғылыми-зерттеу институты
Редакция алқасы
С.Пірəлиев, С.Қирабаев, ТКəкішев,
У.Қалижанов, Б.Ыбырайым, Б.Сманов
«Ақындар аманаты» атты қазақтың ауызша
əдебиеті жобасының авторы:
Бекен Ыбырайым
Ж25 Жамбыл Жабаев. Шығармалары. – Алматы: 
«Нұрлы Press.kz», 2014. – 288 б. – (Ақындар аманаты)
ISBN 978-601-80288-6-1
Жамбыл Жабаев шығармаларының оқырмандарға ұсынылып 
отырған жаңа басылымына əр жылдары жарық көрген туын ды-
лары іріктеліп енгізілді. Жыр алыбының айтыстары, жырлары, 
дас тандары – ақындық өнердің, шеберліктің айқын айғағы.
УДК 821.512.122
ББК 84 (5 қаз)-5
ISBN 978-601-80288-6-1
© Б.Ыбырайым
© «Нұрлы Press.kz», 2014

Жамбыл 
Жабаев
(1846 – 1945)

ӨЛЕҢДЕР

ƏКЕМЕ
Сөртінің ұрлап қара атын,
Жазықсыз қиып қанатын,
Жапанда жалғыз қалдырып,
Жайым жоқ қарғыс алатын.
Ел арасын ығыр қып,
Ойым жоқ шұрқан
1
 салатын.
Қоныстан елді бостырып,
Неміз бар енді шабатын!
Өлең мен сөзді дос қылып,
Құрамын ақын санатын!
Батаңды маған бер, əке,
Тіліме менің ер, əке.
Жапаның ұлы ақын боп,
Жақсы істепті дер, əке!
Домбыра алып сөйлейін,
Күнде жасап мереке.
Мерекелі болған соң,
Елде болар береке.
Ұрлық түбі – қорлық деп,
Болармыз құр келеке.

Шұрқан – бүлік, жанжал мағынасында.
5
Жамбыл Жабаев

САРЫБАЙҒА
Сары-еке, салдым бір сөз сыныңызға,
Сіздің сын таразы ғой сырымызға.
Қолыма домбыра алып талап қылдым,
Бересіз қандай баға ұлыңызға?
Жаманның көңілі көкте, жерде басы,
Алыс қой аңғарғанға екі арасы…
Жақсының өзі кішік, ойы биік,
Бірдей ме екеуінің мəртебесі?
Біреулер малмен бəрін бөктеріп жүр,
Айтқанды ақыл, нұсқа жек көріп жүр.
Көтеріп дүниенің көң-қоқырын,
Апарып қай шұқырға төккелі жүр?
Біреулер «қайтемін» деп қалтаңдап жүр,
Əркімнің аузына бір жалтаңдап жүр…
Біреулер біліп тұрып жете алмайды,
Аяғын қандай нəрсе арқандап жүр?
Көңілі кейбіреулердің бұлтта жүр,
Ұстауға күн мен айды жуықтап жүр.
Біреулер қара сөзді қамшы қылып,
Қуды мініп, құланды құрықтап жүр.
Қайсысын маған соның еп көресіз?
Əкетсем өзім таңдап өкпелерсіз…
Сүй-екемнің сүйгенін ойласаңыз,
Өлең болсын серігің деп бересіз!
6
Жамбыл Жабаев

КƏМШАТ ҚЫЗ
Кермиық Кəмшат қыздың көрдік көркін,
Қондырған шекесіне құндыз бөркін.
Секілді алтай түлкі сылаң қағып,
Шеніне келтірмейді-ау емін-еркін.
Қырандай қияннан-ақ ілер едім,
Қырқада қызыл жүзін бұрса бертін.
Шаң жұқпас шашасына саңлақ едім,
Сан жерде шаршы төске самғап едім.
Жұртшыдай жұрт торымай, алысқа ұшып,
Алатын тоятымды таңдап едім.
Айдынның ақ шортанын жібермейтін,
Жасымнан жаза баспас қармақ едім.
Болғанмен сыртым қораш, ішім сұлу,
Сол ғана жүрегіме берген жылу.
Ажары бет пен жанның бірдей емес,
Керек-ау, Кəмшат, соны пайым қылу!
Солмай ма көктемдегі əдемі гүл,
Оңбай ма бетке біткен əдемі түр?!
Еңкейіп екіндіге күн құласа,
Көріксіз көрінбей ме дүние бір?
Осының бəрі мысал ойлағанға,
Кəмшат қыз, ойлан, ойланба, оны өзің біл.
Көңілге келіп бір сөз қалғаннан соң,
Тынар ма, айтып өтпей қу қызыл тіл!..
* * *
Сыртың бір сұлу жан екен,
Сыпайы көзге көрінген.
Сыр-мінезің бар екен,
Сөйлесуге ерінген.
7
Жамбыл Жабаев

Қамқа-қамзол киініп,
Қас-қабағың керілген.
Қарапайым адамнан
Қомытсынып жерінген.
Жұбайыңды есіттім,
Таңдап тапқан еліңнен.
Өзі қарау, тарыншақ,
Қас Қарымбай делінген.
Салғаныңды көрермін,
Соған барып серуен.
Сөйлесермін оралып,
Сонда, Кəмшат, сенімен!
8
Жамбыл Жабаев

ӨЛЕҢШІ ОМАРҒА
Жағынба босқа байға, Омар ақын,
Байлардан саған мынау кедей жақын.
Енеңді мықтап мырза бір боқтайды,
Берерде қойға қоңыр шолақ атын.
Тек отыр, меніменен айтыспай-ақ,
Жетеді саған ақын некен-саяқ.
Үрпиіп жүні түскен қоңыр қаздай,
Соғуға қанатыммен тұрмын аяп!
9
Жамбыл Жабаев

ЖАНЫС АҚЫНҒА
Менің пірім – Сүйінбай,
Сөз сөйлемен сыйынбай.
Сырлы, сұлу сөздері
Маған тартқан сыйындай!
Сүйінбай деп сөйлесем,
Сөз келеді бұрқырап,
Қара дауыл құйындай!
Екпініме кезіккен
Кетер ме екен жығылмай!?
Құлаштап бір кетейін,
Көбен
1
 құсап тығылмай.
Қашсаң қуып жетейін,
Бізге жабы
2
 бұйым ба-ай!
Селтеңдеген ақынды,
Көрмеуші едім шыбындай.
Кəне, сөйлеп жіберші,
Айтыспағың шының ба-ай?!
Деп келдің бе Жамбылды
Күнде жеңген Шыбылдай
3
.

Көбен – арықтап жүріп, ет алған жылқы

Жабы – қарапайым жылқы

Шыбыл – Ұлы жүздегі ру аты
10
Жамбыл Жабаев

ЖЫЛҚЫШЫ
Сары түнге сарылып, кірпік ілмей,
Салқын күзде бір жылы үйді білмей.
Сахарада салақтап күндіз-түні,
Бұралқы ит пен малшының сиқы бірдей.
Саяқ іздеп Саркемер, Сартауқұмнан,
Табылса деп, жонымыз бір тілінбей.
Байтал түгіл бас қайғы болып жүріп,
Қайтпекші едік, төсектен біз түңілмей!
11
Жамбыл Жабаев

ПҰШЫҚТЫҢ ҰРЫҒА АЙТҚАНЫ
Шығып ем бүгін мініп көк байталға,
Кез болдым екеуіңе көк қайқаңда.
Көк байтал өзі семіз, өзі буаз,
Жануар шаба алмаса, өкпе айтам ба? 
Екеуің келе сала пұшықты алдың,
Өкпесін өзі дімкəс қысып та алдың.
Қалғандай қағындысы құрттан əлі,
Пұшықты бартылдатып ұшықтадың.
Олжалап кетерсіңдер байталымды,
Қалмаймын мен де бүгіп айтарымды.
Осы өлең қайда барсаң қиқу салып,
Қуалар бойларыңнан сайтаныңды.
Білемін, бірің Манас, бірің Сырым,
Пұшықты тонағаның жаман ырым.
Атыңды біреуіңнің бірің атап,
Көріп пе ең, адам тонап бұдан бұрын.
Ала бер байталымды, Сырым, Манас
1
,
Байталға мейлің өліс, мейлің талас.
Атыңды екеуіңнің біліп алдым,
Аржағы керегі жоқ, болды қалас!

Сырым, Манас – Қасқарау елінен шыққан ұрылар.
12
Жамбыл Жабаев

ШƏБДЕНГЕ
Уа, шаһибаз, хан Шəбден!
Атым арып келді əбден.
Тоным тозып, жүдедім,
Орын бермей жан төрден.
Ақ ордаңа енейін,
Аман-сəлем берейін,
Аз дамылдап алайын,
Өзіме-өзім келейін.
Жан таң қалған сөзімді
Алдыңа бір төгейін.
Күн қиядан батқанша,
Ай қиядан асқанша,
Ағыл-тегіл тер болып,
Жорғалайын, желейін.
Басы биік Алатау
Жер өмірден көрінер,
Арнап келдім, батыр-ау,
Амандасып қолың бер!
Ауыл алыс болса да, 
Атағыңды көрдім бел.
Атым арық, тон тозық,
Қысып келді аштық, шөл.
Жерімізде жұт болып,
Өспей қалды биыл төл.
Бұйымтайым, мұңым да,
Əзірше айтар сізге сол.
13
Жамбыл Жабаев

СƏТ САЙЛАНАРДА
Лашын құстай таранып,
Сыртың сұлу көрінген,
Неңді медеу саналық,
Жел еседі жеріңнен.
Қайымады түйелер,
Қысырады биелер,
Қыста қырсыз, жұт болдың. 
Елге жүгіңді үйе бер.
Шығынмен де шаршаттың,
Енді қайтіп күй енер?!
Көргеніміз сол болса,
Неміз қалды сүйенер!
Қазбасам да мен онша,
Елдің өзі-ақ жүйелер.
14
Жамбыл Жабаев

ЖАЛҒЫЗБЫН ДЕП ЖҮРМЕСІН
Сəлем айт барсаң Абайға,
Кеңесі кеткен талайға.
Ауырды жеңген қара жер,
Сабырлы болсын қалайда!
Бір жұтқан судай дүниесін,
Ащысын татып күймесін.
Жапанға біткен бəйтерек,
Жалғызбын деп жүрмесін.
Кемелге келген асыл-ай,
Тасқынды тəңір басуы-ай.
Нар көтерген ауырға
Арқасын тоссын жасымай!
15
Жамбыл Жабаев

ТІЛЕМІСКЕ
Ей, Тілеміс, Тілеміс!
Тілің мірдің оғындай.
Тиіп кетсе күйдірген,
Сексеуілдің шоғындай.
Қарсы келген жау болса,
Құтылмайды соғылмай.
Құр сүлдесі қалғанша
Қара терге шомылмай!
Кебекбай мен Ноғайбай,
Тіліңнен-ақ именіп,
Жүр ғой сені соға алмай!
16
Жамбыл Жабаев

АБЫШҚА
Мəмбетəлі ауылында,
Атандым мен абышқа
*
,
Абышқа деп мына қыз,
Тиіп кетті намысқа.
Абышқаның сақалы,
Əлде бұған таныс па?
Абышқаны байқасам,
Емес екен алыста.
Абышқа ма, қарашы,
Біздің əсем дауысқа,
Ұзақ таңға қарлықпас,
Ұлы дүбір шабыста.
Айтқан сөзім шет болса,
Сынатайық қалысқа.
Не болмаса жөнде өзің,
Тұлғаң түзу жан екен,
Түсінетін əр нұсқа…

Абышқа – қырғызша шал деген сөз.
17
Жамбыл Жабаев

АРТЫҚША ТУҒАН АЗАМАТ
Жігіттіктің кезінде,
Жігерлі болса ер болар.
Тұрмаса жігіт сөзінде,
Нəсілі оның кем болар.
Қажырлы болса майданда,
Халыққа сөзі ем болар.
Ел үшін туған ерлердің,
Алды-арты дария кең болар.
Бірлігі кетсе ағайын,
Əркімдерге жем болар.
Білімсіз болса жолдасың,
Қылған қайырың сел болар.
Артықша туған азамат,
Халыққа үлкен бел болар.
Серт адамды байлайды,
Ер жігіт серттен таймайды.
Өршеленген кезеңде, 
Өлімді кім ойлайды.
Жігері болса жігітің,
Орындамай қоймайды.
Атқан оқтан қайтпайтын,
Өтірік сөз айтпайтын.
Кезеңді жерде кез болса,
Қорқып тізгін тартпайтын,
Батыр Қараш, Саурық,
Шапырашты Өтеген,
Батырлардың еңбегі 
Таныс маған ертеден.
Жамбылдың да серті бар,
Əділдік көрмей өмірден,
Жүрегінде дерті бар.
Ішіне Жамбыл түскен дерт,
18
Жамбыл Жабаев

Зұлымның салған өрті бар.
Қырандай Жамбыл қалқыса,
Өзі салған өрт жалын,
Зұлымға қарай шалқыса,
Елдің серті – ер серті.
Дұшпанның басын шарпыса!
19
Жамбыл Жабаев

ҚАБАТ ТУСЫН КҮН МЕН АЙ
«Аумиін» деп қолыңды жай,
Қабат тусын күн менен ай.
Алғаның болсын сайма-сай,
Қапалық болмай кезінде,
Ылғи болсын мамыражай.
Қос-қостан тауып ұл мен қыз,
Мінгені болсын жорға тай.
Ертең ерте біреуі – 
Қойға кетсін қудалап,
Түйеге кетсін біреуі – 
Екі көзін уқалап,
Егін ексін біреуі – 
Су сағасын томалап,
Оттың басын шаңдатып,
Біреуі жатсын домалап.
Жылқы бақсын біреуі –
Асауларды күделеп.
Сөз сөйлесін біреуі –
Көп ішінде сүбелеп.
Жақсы лепес – жарты ырыс,
Ескіден қалған мақалды
Соза беріп, қайтейін,
Бата аяғы тақалды.
20
Жамбыл Жабаев

ШАЛТАБАЙҒА
Салқын келіп тоң-торыс,
Сыртқа сыздап қарайсың.
Сенен басқа жоқ болыс,
Деп өзіңді санайсың.
Шарға түсер шағыңда,
Қара тер боп сабылдың.
Аялған жоқ малың да,
Ақ жем болып шабылдың.
Елге сөзің жеткенше,
«Жамағат!..» деп жалындың.
Қол билікке жеткен соң, 
Салғырттыққа салындың.
Сан рет кеп алдыңда,
Сағым сынып, сарылдым.
Сазаратын Жамбылға, 
Саған сонша не қылдым?!
Бақсы басы қаңғырар,
Бабын таппай тамырдың.
Жанды есінен тандырар,
Қиынын-ай бабыңның!..
21
Жамбыл Жабаев

ҚАЛИҒА
Ей, Ордабай ұлы Қалиым!
Үстіңде тұр ақ үйің.
Қасыңда тұр қара үйің.
Атағыңды білемін,
Сыртыңнан-ақ танимын.
Атан сұрап, ат сұрап,
Деп келгем жоқ жариын,
Байдабектің бірі едің,
Сары бəйбіше ұлы едің.
Сартауқұмды мекендеп
Баяғыдан жүр едің.
Сахарада қонысың,
Малға толы өрісің.
Сойылыңды соғып тұр
Ұлығың мен болысың.
Біздей жаһанкезбені
Қомытсынсаң қомытсын.
Бірақ айтып кетейін,
Жүзім қайтып көрген жоқ,
Сенен қорқып нетейін.
Күле-күле жүрсін ел,
Менменсіген бейліңді
Елге жайып өтейін.
22
Жамбыл Жабаев

ТОҚТАҒҰЛҒА
Келдің бе, ақиығым, алыс жерден,
Өтіпсің самғап ұшып асқар белден.
Алмас пышақ қап түбінде жатпас деген,
Хан-төре айналмай ма сендей ерден.
Ер ғана елін табар іздеп жүріп,
Жүрсе де ғұмырында қорлық көріп.
Құландай ақ бұғауын үзіп қашқан,
Жетіпсің енді, міне, елге келіп. 
23
Жамбыл Жабаев

КЕДЕЙ КҮЙІ
Ұзынағаш, Қаратас,
Қалқабайдай қайран жас.
Бекеттен
1
 нан қоймайды,
Жалаң аяқ, жалаң бас.
Оған ауыз жарымас,
Сонда-дағы ар қылмас.
Қалт-құлт етіп жүргені,
Қысы-жазы қарны аш.
Қайтып жаның ашымас,
Неткен заман қатыбас.
Еткен еңбек, төккен тер,
Қалай түкке татымас.
Болмайды ішкен асың ас,
Қайтіп сүйек жасымас.
Мұныменен Қалқабай,
Сордан көзің ашылмас.
Ағайынмен, бар, сырлас,
Тегін тамақ татырмас.
Жарылқары жалғыз-ақ:
«Жетерсің» дер, «басың жас!»

Бекет – Ұзынағаш бекеті.
24
Жамбыл Жабаев

ƏДІЛДІК КЕРЕК ХАЛЫҚҚА
Ұзынағаш  базарында,  Сарыбайдың  баласы  Қисыбай 
болыс  болып  тұрған  кезде,  қан  базардың  ортасында,  қа-
сында  бірнеше  ұлықтар,  төрелер  бар  Қисыбай  кездесіп: 
«Мынау  Жамбыл  деген  қазақтың  ақыны», – деп  таны-
стырады.  Төрелердің  тілмашы  Жамбылды  қылышымен 
нұсқап:
– Бұл қандай ақын, айғайлап ағаш алғанның бəрі ақын, 
анық ақын болса, бізді өлеңге қосып айтып көрсін, – дей-
ді.
Сонда  ұлықтың  жақтырмағанын  білген  Жамбыл  іші-
нен ызаланып, өлеңдетіп қоя береді:
Қолына қылыш ұстаған,
Ақыл-ойы қысқадан.
Қазақты қорлап жақтырмай,
Қылышымен нұсқаған.
Кедейді көрсе керіліп,
Сөйлесуге ерініп.
Сендерге ермек болуға,
Жүргенім жоқ зерігіп.
Базарға келсем тиын жоқ,
Киетұғын киім жоқ,
Кісі өлтіргіш ұрыға
Ұлықтан да тыйым жоқ.
Байдың бабын таппаған,
Ұлыққа сөзім жақпаған.
Жалған ақын мен емес,
«Жазықсыз төре» сен емес.
Жарлы-кедей халықты
Жамбыл осы жақтаған.
25
Жамбыл Жабаев

Шаруаның күйі жоқ,
Кіруге бүтін үйі жоқ.
Егін салар жері жоқ,
Сөзін сөйлер ері жоқ.
Қолына егер жер тисе,
Байлардан оның кемі жоқ.
Жарлы-кедей жасының,
Күйі жоқ бір басының.
Қадірлемей ұлық жүр
Халықтың нелер асылын.
Байдың орып астығын,
Таба алмай əділ бастығын.
Ақыны байдан ала алмай,
Сорлы кедей, жасыдың.
Байдың малын бағасың,
Күз пішенін шабасың.
Қолына түсіп қалған соң,
Еңбекті қайдан аласың?!
Жарлыны бай жалмасын,
Ұмытқан соң тəубе Алласын.
Ұлықтан сол тілегім:
Анық шындық жүрегім, 
Нашарға салық салмасын.
Сарнасын, ақын сарнасын,
Төреге сөзін арнасын.
Тыңдамаса ол төре,
Халық тыңдар жалғасын.
Жарлыға қорлық көрсетіп,
Əуреге бай салмасын.
26
Жамбыл Жабаев

Ағылсын жырым бұлақтай,
Төгілсін сырым құрақтай.
Болыс-төре жүрген жоқ,
Халықты қорлап, жылатпай.
Шабарманы шаптығып,
Барады елді шыдатпай.
Болыс-төре, билерді
Кедейлер отыр ұнатпай.
Жаз жатақта қалдырып,
Салыққа малын алдырып,
Кедейлерге теңдік бер,
Қысы-жазы шулатпай!
Халықтың сырын терейін,
Қалықтап ұшып көрейін. 
Шындықты айтқан Жамбылды,
Төрелер кетті ұнатпай.
Сонда  төрелер  Жамбылды  жаратпай,  Қисыбайға  ала 
көздерімен  қарап,  базардан  сырғып  кеткен  екен.  Халық 
«тара»  деген  ұлық  сөзін  тыңдамай,  Жамбылды  қоршап, 
«айта  беріңіз»  деп  тұрып  алыпты.  Қызып  алған  Жам-
был халықтың қызығып, сүйсіне тыңдағанына өршелене 
түседі.  Домбырасын  шертіп,  өлеңді  ілгері  қарай  өршіте 
береді:
Төгейін жырды халқыма,
Халық тыңдап сөзіңді, 
Жақсы көрсе өзіңді,
Тартынба, Жамбыл, тартынба!
Бұлбұлдайын сайрайын,
Жігерімді қайрайын.
Сəулемді елге түсіріп
Аспандағы айдайын!
Тас бұршақтай ұшырып,
27
Жамбыл Жабаев

Екпіні күшті сөз дайын.
Жиналып халық тұрғанда,
Тыңдауға көңіл бұрғанда,
Сөз дариясын қозғайын.
Толқыны кетсін серпіліп,
Тоқталмасын іркіліп.
Болыс елді аралап,
Жарлыны шауып, жаралап,
Сөзін сөйлеп малдының,
Көзін ойып жарлының,
Ас берсе бай саралап.
Иттей көрдім төрені,
Тамаққа тойса үретін.
Халықтың ақын перзенті 
Ақтарып сырды беретін.
Жүйріктің ақын өрені
Бəйгеде жауырын керетін.
Айтқандары өтірік 
Ұлыққа кім бар сенетін.
Сыздауық жара секілді,
Денені сыздап керетін.
Жамбыл ақын сөйлесе, 
Жарасы қалар жарылып,
Ел аңғарып көретін.
Қызыл тілім, іркілме,
Шер-құмардан шығайын,
Құмармын жастан шіркінге,
Неден қорқып бұғайын.
Шерімді айтсам арылтып,
Түзелер тасып шырайым!
Іштегі өрт-жалынды,
Жасырып кімнен тығайын.
28
Жамбыл Жабаев

Күннен күнге күшейсе,
Ақтармай қалай шыдайын.
Тыңдасын халқым құлақ сап,
Біраз сөйлеп көрейін.
Халықтан аяп қайтемін,
Алланың берген көмейін.
Жамбыл көрді жасында,
Шабындыны, шаңдарды.
Біреуді біреу талаған,
Жыртқыштықты, заңдарды.
Халықты асқан дараға,
Сатылып тамақ, параға,
Көрдім сондай хандарды.
Жүрсе де халық ашынып,
Осыны қашан аңғарды?
Көрсеткендер қарсылық,
Қайыршылап сандалды.
Сандалдырып малды алды,
Малды алмады жанды алды,
Жарлының батып жанына,
Сермеген ханның қылышы,
Бітіп тірлік тынысы,
Ханның қолы қандалды.
Түн қараңғы дүниенің
Ататұғын таңы бар.
Қараңғының шырағы – 
Жанатұғын шамы бар.
Дүниенің тұрағы – 
Тағдырдың өлшеу сынағы,
Өркендейтін заңы бар.
Бақшалы сарай бағында,
Əділетті шағында,
29
Жамбыл Жабаев

Салтанат құрған халыққа,
Шындық пенен аныққа,
Сайрайтын бұлбұл табылар.
Бақыты үшін заманның,
Халықтың сүйген ақыны,
Бұлбұл болып танылар. 
Базарға келсем ақшам жоқ,
Сүйікті қонар бақшам жоқ.
Сорлы кедей шаруаның,
Қайырлы таңы атқан жоқ.
Қаралы елдің халқына,
Дұрыстықты айтқан жоқ.
Хан-төрелер алдаса,
Би-болыстар арбаса,
Шаққыш жылан уытты,
Халықта шыр қалмаса.
Заманның айғақ ақыны,
Кім айтар Жамбыл болмаса?!
Сөз тыңдар заман кез болса,
Зарықтырмай тез болса,
Жамбыл куə емес пе?!
Сөзімді халқым тыңдаса,
Ақындар жаттап сарнаса.
Жырыма үлес жыр қосып,
Жамбылға да арнаса.
Қисық жол тура шабылса,
Елден қырсық арылса.
Жамбылдың жыры тасқындап,
Селдей болып ағылса!
Алым-салық жинаған,
Жарлыны жаныштап қинаған,
Дұшпанға құрық салынса.
Елдігі кетіп барады,
Хан жайлаған қазақтың,
30
Жамбыл Жабаев

Қорлығы өтіп барады, 
Халық көрген азаптың.
Жарлы-жалшы кедейлер – 
Ермегі күлкі-мазақтың.
Араны байдың ашылған,
Барды жоқ деп жасырған.
Тебеген есек секілді,
Тепкілеп орын бермейді
Бос жатқан жер қасынан.
Осындай азап түрлері,
Жүздеп өтіп келеді,
Замананың басынан!
Жаман əдет халықта,
Бай айтса болды «жарайды».
Бай шығармас жарыққа,
Жаны ашып кімге қарайды.
Жарлыға біткен жалғызды,
Бай өзіне санайды.
Қанын сорып қанайды,
Диуанадай талайды.
Қасқыр көрген жылқыдай,
Шұрқырасар иіскелеп,
Жұлдырып қоңын, тарайды.
Бай жібермес пайдасын,
Өткізіп арбап, айласын.
Міне, осындай сұмдарға,
Жігері Жамбыл қайнасын!
Байлықтың түбі пайдадан,
Өтірік-қулық, айладан.
Ұрлық-зорлық, талаумен
Жүздеп жылқы, мыңдап қой
Байлар судай айдаған.
31
Жамбыл Жабаев

Жарлының көз жасынан,
Жиналған малы зұлымның,
Көпіріп көлдей тасыған.
Бай байлығын мадақтап,
Көзі жетпей осыған,
Тұншығып босқа тұманда, 
Адасып талай халықтар,
Төте жол таппай жасыған.
Бал аштырып бақсыдан,
Адастырып жақсыдан
Көңілі қалды халықтың,
Хан, төре, ұлық-тақсырдан.
Қысым жасап халыққа,
Ары болды қанішер,
Қойға тиген қасқырдан.
Өмір бойы осылар
Аяусыз елге қас қылған.
Екі қазан бір үйге,
Қысым жасап астырған.
Жуан білек қамшымен
Нашарларды қорқытып,
Мазалаған, састырған.
Салындыдай суға аққан,
Қалған халық мажаурап,
Қалың өрт, апат, тасқыннан.
Айтшы халқым, бекер ме,
Өмір өстіп өтер ме?!
Жылжып жылдар өткенмен,
Айлар асып кеткенмен,
Күндер қуып жеткенмен,
Көкейден, сірə, кетер ме?!
Еркіндік жоқ елімде,
Иелік жоқ жерімде,
32
Жамбыл Жабаев

Бағасы жоқ, пайда жоқ,
Бақытсыз сорлы қайда жоқ,
Желмен ұшқан тозаңдай,
Босқа кетті терім де.
Халықпен бірге қалықтап,
Айналаны шарықтап,
Көз көргенді анықтап,
Еңбегім бар менің де.
Асқар тау ғаріп емес пе – 
Айдынды көлі болмаса,
Ер жігіт ғаріп емес пе – 
Белгілі елі болмаса.
Ел де ғаріп емес пе –
Белгілі белге қонбаса.
Ағаш ғаріп емес пе –
Мəуесі өсіп тұрмаса.
Су да ғаріп емес пе –
Арнасы тасып толмаса.
Əйел ғаріп емес пе –
Ерден бағы жанбаса.
Малдар ғаріп емес пе –
Шөп-шүйгінді шалмаса.
Жаз да ғаріп емес пе –
Құрғақшылық торласа,
Қыс та ғаріп емес пе –
Қарсыз тонмен мұздаса.
Көрік ғаріп емес пе –
Салған темір қызбаса.
Ұста ғаріп емес пе –
Темірдің суын таппаса.
Ақын ғаріп емес пе –
Байды өтірік мақтаса.
Заман ғаріп емес пе –
Əділеттен аттаса.


  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал