Жалпы орта білім беру деңгейінің «Жаратылыстану»



жүктеу 5.01 Kb.

бет1/9
Дата31.03.2017
өлшемі5.01 Kb.
  1   2   3   4   5   6   7   8   9

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖƏНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ 
Ы.АЛТЫНСАРИН АТЫНДАҒЫ ҰЛТТЫҚ БІЛІМ АКАДЕМИЯСЫ 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Жалпы орта білім беру деңгейінің 
«Жаратылыстану» білім саласы пəндерінің 
 
ОҚУ БАҒДАРЛАМАЛАРЫ 
(қоғамдық-гуманитарлық  жəне жаратылыстану-математикалық 
бағыттағы 10-11 сыныптар) 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Астана 2013

 
Қазақстан Республикасының Білім жəне ғылым министрінің 2013 жылғы 
3 сəуірде №115 бұйрығымен бекітілген. 
 
Қазақстан  Республикасының  Əділет  министрлігінде    2013 жылы 10 
сəуірде № 8424 тіркелген. 
 
 
 
 
Жалпы  білім  беретін  мектептің  қоғамдық-гуманитарлық  жəне 
жаратылыстану-математикалық  бағыттағы  10-11  сыныптарға  арналған 
«Жаратылыстану»  білім  саласы  пəндерінің  оқу  бағдарламалары.    –  Астана, 
2013. –  109 б. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Ы.Алтынсарин атындағы  
Ұлттық білім академиясы, 2013 
 
 

«Биология» пəнінен оқу бағдарламасы 
(қоғамдық-гуманитарлық бағыт) 
 
 
1. Түсінік хат 
 
1.  Оқу  бағдарламасы  Қазақстан  Республикасы  Үкіметінің 2012 жылы           
23  тамызда  №1080  қаулысымен  бекітілген  Орта  білім  берудің  (бастауыш, 
негізгі  орта,  жалпы  орта)  мемлекеттік  жалпыға  міндетті  білім  стандартына 
сəйкес əзірленген. 
2. Бағдарлама қоғамдық-гуманитарлық бағытына құрастырылып алдыңғы 
9-сынып  бағдарламасының  күрделендірілген  логикалық  жалғасы  болып 
табылады.  Оқушылардың  алдыңғы  сыныптарда  алған  биологиялық  білімдерін 
жинақтап,  қорыта  отырып,  бұл  бағдарлама  биологиялық  заңдылықтарды, 
заманауи  теорияларды,  концепциялар  мен  ілімдерді  терең  мағынада  түсініп 
қабылдауын  қамтамасыз  етеді.  Бағдарламада  оқушылардың  жаратылыстану-
ғылыми  көзқарасы  мен  экологиялық  мəдениетін  қалыптастыруға  айтарлықтай 
көңіл бөлінген. 
3. Оқытудың мақсаты:  
1)
 
тірі материя, оның биологиялық құрылым деңгейлері туралы негізге 
алынатын түсініктерді қалыптастыру; 
2)
 
тірі жəне өлі материяның жалпы белгілерін оқушыларға ұғындыру; 
3)
 
жасушалық 
теорияның 
негізгі 
қағидалары 
туралы 
білім 
қалыптастыру; 
4)
 
өсімдік  жəне  жануар  жасушаларының  құрылысы  туралы  түсінік 
қалыптастыру; 
5)
 
жасушадағы  органикалық  жəне  бейоргникалық  заттардың  рөлі 
туралы білім қалыптастыру; 
6)
 
организмнің жеке даму заңдылықтары туралы түсінік қалыптастыру; 
7)
 
органикалық  дүние  дамуының  негізгі  ретінде  генетикалық 
заңдылықтар туралы түсінік қалыптастыру(эволюция); 
8)
 
адамның  тұқымқуалаушылығына  қоршаған  ортаның  қолайсыз 
факторларының зиянды əсері туралы түсінік қалыптастыру. 
4. Оқытудың міндеттері: 
1)
 
түр жəне оның критерий туралы түсініктің мəнін ашып көрсету; 
2)
 
эволюциялық ілімнің негіздері туралы білім қалыптастыру; 
3)
 
экология  пəні  жəне  экологиялық  факторлар,  экологияның  міндеттері, 
экожүйелер, биоценоз, биосфера түсініктерінің мəнін ашып көрсету; 
4)
 
экологиялық жүйелерге адамның іс-əрекетінің əсерін ашып көрсету; 
5)
 
табиғатты  қорғау  жайында  қазақ  халқының  салт-дəстүрлерінің  мəнін 
ашып көрсету; 
6)
 
Қазақстанда табиғатты қорғау; 
7)
 
цитология міндеттерін игеру; 
8)
 
жасушаклық теорияның негізгі қағидаларын меңгеру, 
9)
 
энергияның алмасу кезеңдерін жəне оның жасушадағы рөлін сипаттау; 
 
 

10)
 
органикалық  дүниедегі  көбею  əдістерін  жəне  жасушалардың  бөліну 
типтерін игеру; 
11)
 
қоршаған ортамен байланысты организмдердің дамуын сипаттау; 
12)
 
тұқым қуалаушылықтың негізгі заңдылықтарын ашып көрсету; 
13)
 
өзгергіштіктің негізгі заңдылықтарын ашып көрсету; 
14)
 
селекция жəне биотехнология негіздерін сипатта. 
5.  Биологияны  оқып  білу  барысында  мына  төмендегі  оқу  пəндерімен 
пəнаралық байланыстар жүзеге асырылады: 
1)
 
«Қазақ тілімен» сөздік қорларын биологиялық терминдерді байыту; 
2)
 
«Алгебра 
жəне 
анализ 
бастамаларымен» 
биологиялық 
эксперименттердің, 
тəжірибелердің, 
бақылаулар 
мен 
зертханалық 
жұмыстардың нəтижелерін қорытындылауда практикалық есептеу дағдыларын 
қолдану;  
3)
 
«Химиямен»  Д.И.  Менделеевтің  периодтық  кестесін  қолдану;  тірі 
ағзаға кіретін негізгі химиялық қосылыстарды қолдану; жасушаның химиялық 
құрылымы туралы білімдерін қолдану;   
4)
 
«Физикамен»  биологиялық  жүйелердің  өзгерістерінің  динамикасын; 
тірі организмге атмосфералық қысымның ықпалы туралы білімдерін қолдану;   
5)
 
«Географиямен»  географиялық  аймақтылықты  ескере  отырып    Жер 
бетінде  өсімдіктердің  жəне  жануарлардың  таралу  ерекшеліктерін  оқыту 
барысында географиялық білімге сүйену;  
6)
 
«Информатикамен»  жалпы  биологияның  тақырыптары  бойынша 
электронды  презентацияларды  құрастыру;  жұмыс  барысында  электронды 
ресурстарды қолдану арқылы жүзеге асырылады.   
6. Биология пəні бойынша оқытылытын жүктеме көлемі: 
1) 10 сынып – аптасына 1 сағат барлығы 34 сағат; 
2) 11 сынып – аптасына 1 сағат барлығы 34 сағат. 
 
 
2. Оқу пəнінің 10-сыныптағы базалық білім мазмұны 
  
7. 10 –сыныпқа арналған биология пəнінің базалық білім мазмұны келесі 
бөлімдер мен тараулардан тұрады.  
8. «Кіріспе» (1 сағат).  Биология  ғылымы.  Ғылымдар  жүйесіндегі 
биологияның  орны.  Əлемнің  ғылыми  бейнесін  түсініп  білуде  биологияның 
маңызы.  Биологияның  басқа  ғылымдармен  (химия,  физика,  математика, 
география,  астраномия  жəне  басқалары)байланысты.  Жаратылыстануғылыми 
пəндер  жүйесіндегі  “Жалпы  биология”  курсының  алатын  орны,  мақсаты  мен 
міндеттері. Көрсетілімдер: биолог-ғалымдардың суреттері, “Биологияның басқа 
ғалымдармен байланысы” — сызбанұсқа. 
9. «Цитология» (7 сағат): 
1)
 
«Заманауи  цитология  пəні,  міндеттері  жəне  зерттеу  əдістері» (2 
сағат).  Жасушаның  ашылуы  жəне  зерттеу  тарихы.  Жасуша  тірі  тіршілік  иесі 
дамуының, құрылымы мен қызметінің бірлігі. Прокариотар. Эукариотар; 
 
 

2)
 
«Жасушаның  химиялық  құрамы» (3 сағат).Су  жəне  басқа 
бейорганикалық  заттар,  олардың  жасуша  тіршілігіндегі  рөлі.  Органикалық 
заттар: көмірсулар, нəруыздар, липидтер, нуклеин қышқылдары, АТФ, олардың 
құрылысы  жəне  жасушадағы  рөлі.  Ферменттер,  олардың  тіршілік  əрекеттерін 
реттеудегі рөлі; 
3)
 
«Жасушаның  құрылысы» (2 сағат).  Жасушаның  негізгі  құрам 
бөліктері.  Түрлі  жасушалық  құрылымдар  мембраналарының  құрылысы  мен 
қызметінің  ерекшеліктері.  Цитоплазма  органоидтері,  олардың  құрылысы  жəне 
қызметі  (эндоплазмалэық  тор,  Гольджи  жиынтығы  жəне  лизосомалар, 
митохондриялар,  пластидтер,жасуша  орталығы,  рибосомалар)  қозғалту 
органоидтері,  олардың  құрылысы  мен  атқаратын  қызметі;  жасушалық 
қосындылар.  Ядро,  оның  құрылысы  мен  қызметі.  Зертханалық  жұмыс: 
Эукариоттық 
(өсімдік, 
жануар,саңырауқұлақ) 
жəне 
прокариоттық 
(бактериялық) жасушалардың құрылысы. 
10. «Тіршіліктің  жасушалық  емес  формалары.  Вирустар  жəне  фагтар»                 
(1  сағат).  Вирустар  жəне  фагтар.ЖИТС-тің  (жүре  пайда  болған  иммундық 
тапшылық синдромы) вирусы. Оның құрылысы мен тіршілігінің ерекшеліктері. 
Вирустық аурулардың алдын алу. 
11. «Жасушадағы  зат  жəне  энергия  алмасу» (6 сағат).  Жасушадағы  зат 
жəне  энергия  алмасу.  Зат  алмасу  реакцияларының  катализдік  сипаты. 
Пластикалық  жəне  энергиядық  алмасулар.Энергиялық  алмасудың  негізгі 
кезеңдері.  Жасушалық  тыныс  алу  процесінің  ерекшеліктері.  Органикалық 
заттарды  түзу    əдістері:  автотрофтар  жəне  гетеротрофтар.  Фотосинтез,  оның 
сатылары.  Хемосинтез,  оның  биосферадағы  рөлі.  Нəруыз  биосинтезі. 
Генетикалық  ақпараттың  негізі — ген  түсінігі.  Генетиткалық  код.  Нəруыз 
синтезіндегі  матрицалық  принцип.  ДНҚ-лық  матрицаға  сəйкес  а-РНҚ-ның 
түзілуі. Көрсетілім: өсімдік жəне жануар жасушаларының микропрепараттары; 
фотосинтез процесін бейнелейтін тəжірибелер; жасуша модельдері; ДНҚ жəне 
РНҚ-ның,  түрлі  молекулалар  мен  вирустық  бөлшектердің  моделдері; 
жасушадағы 
метаболизм 
жолдарының 
сызбанұсқалары, “Нəруыз 
биосинтезінің”  аппликациялық — моделі.  Зертханалық  жұмыс: «Эукариоттық 
(өсімдік, жануар, саңырауқұлақ) жəне прокариоттық( бактериялар) жасушалар». 
12. «Организмдердің көбеюі жəне жеке дамуы» (6 сағат): 
1)
 
«Өсімдіктер мен жануарлардың жыныссыз көбеюі» (2 сағат). Өзін-өзі 
ұдайы өндіру — тіріге тəн жалпылама қасиет. Митоз жыныссыз көбеюдің жəне 
көпжасушалы  организмдер  өсуінің  негізі,  оның  фазалары  жəне  биологиялық 
маңызы.  Организмдердің  жыныссыз  көбею  формалары:  қарапайымдар 
жасушаларының  митоздық  бөлінуі,  споратүзілуі;  біржасушалы  жəне 
көпжасушалы  организмдердегі  бүршіктену;  вегетативтік  көбею.  Жыныссыз 
көбеюдің эволюциялық маңызы; 
2)
 
«Жынысты  көбею» (2 сағат).  Жынысты  көбею.  Мейоз,  оның 
биологиялық 
маңызы. 
Сперматогенез. 
Овогенез. 
Ұрықтану. 
Гүлді 
өсімдіктердегі  ұрықтанудың  ерекшеліктері.  Ұрықтанудың  биолдогиялық 
маңызы; 
 
 

3)
 
«Жеке  даму  (онтогенез)» (1 сағат).Организмдердің  жеке  дамуы 
(онтогенез)  түсінігі.  Бөліну,  өсу,  жасушалардың  жіктелуі,органогенез,  көбею, 
картаю, организмнің өлуі. Э. Мюллер жəне Э. Геккельдің биогенетикалық заңы; 
4)
 
«Организмнің  дамуы  жəне  қоршаған  орта» (1 сағат).  Организмнің 
эмбриондық жəне постэмбриондық дамуындағы қоршаған орта факторларының 
рөлі.  Улы  заттардың  (токсиндік):  темекі  түтіні,  алкоголь,  есірткі,  түрлі-түсті 
жəне  ауыр  металлдардың,  радиоактивті  заттардың  эмбриондық  жəне 
постэмбриондық  даму  барысына  əсері(  туа  біткен  кемтарлықтар).  Көрсетілім: 
жыныссыз,  жынысты  көбеюді,  жоғары  сатыдағы  өсімдіктердің  эмбриондық 
жəне  постэмбриондық  дамуын  бейнелейтін  кестелер,  сызбанұсқалар; 
омыртқалы  жануарлар  ұрықтарының  ұқсастығы,  митоз  жəне  мейоздың 
сызбанұсқалары. 
13. «Генетика негіздері» (7 сағат): 
1)
 
  «Тұқымқуалаушылықтың 
негізгі 
заңдылықтары» (4 сағат). 
Генетиканың  даму  тарихы.  Белгілердің  Мендель  ашқан  тұқым  қуалау 
заңдылықтары. 
Тұқым 
қуалаушылықтың 
гибридологиялық 
əдісі. 
Моногибридтік  будандастыру.  Басымдылық  көрсету  заңдылығы.Ажырау 
заңдылығы. Толық жəне толық емес доминганттылық. Гаметалар тазалығының 
заңы,  оның  цитологиялық  негіздемесі.  Көптік  аллельдер.  Талдаушы 
шағылыстыру.  Дигибридтік  жəне  полигибридтік  шағылыстыру.  Тəуелсіз 
үйлесімділік  заңы.  Фенготип  жəне  генотип.  Тұқым  қуалаудың  генетикалық 
заңдарының  цитологиялық  негіздері.  Жыныстың  генетикалық  анықталуы. 
Жыныс  хромосомаларының  генетикалық  құрылымы.  Гомогаметалы  жəне 
гетерогаметалы  жыныс.  Жыныспен  тіркес  тұқым  қуалайтын  белгілер. 
Тұқымқуалаушылықтың  хромосомалық  теориясы.  Гендердің  тіркесу  топтары. 
Белгілердің  тіркес  тұқым  қуалауы.  Т.  Морган  заңы.  Гендердің  толық  жəне 
толық емес тіркесулері. Хромосомалардың генетикалық картасы; 
2)
 
«Өзгергіштіктің  негізгі  заңдылықтары» (3 сағат).  Өзгергіштіктің 
негізгі формалары. Генотиптік өзгергіштік: Мутациялар. Гендік, хромосомалық 
жəне геномдық мутациялар. Мутациялардың себептері мен жиілігі, мутагендік 
факторлар.  Мутациялардың  эволюциялық  рөлі.  Үйлесімдік  өзгергіштік. 
Гендердің  түрлі  үйлесімдерініңң  пайда  болуы  жəне  олардың  генетикалық 
алуантүрліліктің  (түрдің  шегінде)  қалыптасиуындағы  рөлі.  Үйлесімдік 
өзгергіштіктің эволюциялық маңызы. Тұқым қуалайтын өзгергіштік. Фенотитік 
немесе  модификациялық  өзгергіштік.  Белгілер  мен  қасиеттердің  дамуы  жəне 
жарыққа  шығуында  сыртқы  орта  жағдайларының  рөлі.  Модификациялық 
өзгергіштіктің  статистикалық  заңдылықтары.  Көрсетілім:  тұқымқуалаушылық 
заңдылықтарын,  хромосомалардың  айқасуын  бейнелейтін  модель — 
аппликациялар; қоршаған орта жағдайларының организм өзгергіштігіне əсерін 
көрсететін  тəжірибе  нəтижелері;  кеппешөп  материалдары,  будандық, 
полиплоидтық  өсімдіктердің  жинақтамалары,  нақпішіндері.  Зертханалық 
жұмыс: «.Өсімдік  фенотиптерін  зерттеу».Практикалық  жұмыс. «Генетикалық 
есептер шығару». 
14. «Адам  генетикасы» (2 сағат).  Адамның  тұқым  қуалаушылығын 
зерттеу  əдістері.  Адамның  генетикалық  əртүрлілігі.  Адамның  жəне  адам 
 
 

нəсілдерінің  шығу  тегі  туралы  генетикалық  мəліметтер  Адам  белгілерінің 
тұқым  қуалау  сипаты.  Денсаулықтың  генетикалық  негіздері.  Адамның 
генетикалық  денсаулығына  ортаның  əсері.  Генетикалық  аурулар.  Популяция 
генофонды.  Биологиялық  жəне  əлеуметтік  тұқым  қуалаудың  арақатынасы. 
Генетиканың  əлеуметтік  проблемалары.  Гендік  инженерияның  этикалық 
проблемалары.  Генетикалық  болжау  жəне  медициналық-генетикалық  кеңес 
беру,  оның  практикалық  маңызы,  міндеттері  жəне  болашағы.  Көрсетілім: 
«Адамның  хромосомалық  аурулары  жəне  олардың  фенотиптік  көрініс  беруі». 
Зертханалық жұмыс. «Шежіре құру». 
15. «Селекция  жəне  биотехнология  негіздері» (4 сағат).  Селекцияның 
міндеттері  жəне  əдістері.  Генетика — организмдер  селекциясының  ғылыми 
негізі.  Селекция  үшін  бастапқы  материал.  Өсімдіктер  жəне  жануарлар 
селекциясы.  Селекциядағы  қолдан  сұрыптау.  Будандастыру — селекциялық 
əдіс екендігі.Шағылыстыру типтері. Өсімдіктер селекциясындағы полиплоидия. 
Заманауи  селекцияның  жетістіктері.  Микроорганизмдер,  саңырауқұлақтар, 
прокариоттар-биотехнологлиялық  нысандар.  Микроорганизмдер  селекциясы 
жəне  оның  микробиологиялық  өнеркəсіп  үшін  маңызы.  Тамақ  өнімдерін, 
дəрумендерді,  ферменттер  мен  дəрілерді  микробиологиялық  өндіру. 
Көрсетілім: тірі өсімдіктерді, кеппешөптерді, нақпішіндерді, кестелер, суреттер 
мен  сызбанұсқаларды,  селекциялық  жұмыстардың  нəтижелерін  бейнелейтін 
басқа  да  материалдарды  тпайдалану.  Белгілі  ғалым  селекционерлердің  
фотосуреттерін, 
микробиологиялық 
өндірістің 
сызбанұсқаларын, 
микробиологиялық синтез өнімдерін көрнекілеу. 
 
 
3. Оқу пəнінің 11-сыныптағы базалық білім мазмұны 
 
16. 11 –сыныпқа арналған биология пəнінің базалық білім мазмұны келесі 
бөлімдер мен тараулардан тұрады.  
17. «Жер бетінде тіршіліктің пайда болуы жəне дамуы» (4 сағат): 
1)
 
«Жер  бетінде  тіршіліктіңпайда  болуы  туралы  алғашқы  көзқарастар»  
(2  сағат).  Тіршіліктіңпайда  болу  процесін  жəне  мəніін  түсіндіретін  алғашқы 
ғылыми  талпыныстар.  Ф.  Редидің  тəжірибелері,  В.Гарвейдің  ой-пікірлері, 
Л.Пастердің  тəжірибелері.  Жер  бетінде  тіршіліктің  пайда  болуы  туралы 
материалистік  көзқарастар.  Жер  бетінде  тіршілік  пайда  болуының 
алғышарттары:  Жер  дамуының  ерте  кезеңдеріндегі  алғашқы  атмосфера  жəне 
химиялық  элементтердің,бейорганикалық  жəне  органикалық  молекулалардың 
эволюциясы. 
Көрсетілім: 
Л.Пастер 
тəжірибелерінің 
сызбанұсқасы; 
ғаламшарлық жүйелердің қалыптасу кезеңдерінің сызбанұсқасы; 
2)
 
«Жер  бетінде  тіршіліктің  пайда  болуы  туралы  қазіргі  көзқарастар»     
(2  сағат).  Тіршіліктің  пайда  болуы  туралы  қазіргі  көзқарастар;  А.И.Опариннің 
теориясы,  С.  Миллердің  тəжірибелері.  Протобиополимерлердің  пайда  болу 
теориясы.  Биологиялық  эволюцияның  бастапқы  кезеңдері:фотосинтездің 
эукариоттардың,жынысты  көбеюдің  жəне  көпжасушалылықтың  пайда  болуы. 
 
 

18. «Эволюциялық ілім» (10 сағат): 
1)
 
«Тірі  табиғаттың  эволюциясы  туралы  көзқарастардың  Дарвинге 
дейінгі  дамуы» (2 сағат).  Биология  дамуының  Дарвинге  дейінгі  кезеңі. 
Ғылымда 
«əуелбастан 
мақсатқасəйкестілік» 
жəне 
тірі 
табиғаттың 
өзгермейтіндігі туралы көзқарастардың үстемдігі.Өсімдіктер мен жануарларды 
жіктеп 
жүйелеу 
бойынша 
К.Линнейдің 
жұмыстары.Ж.Б.Ламарктың 
эволюциялық  теориясы.Алғашқы  эволюционисттер.  Көрсетілім:  эволюциялық 
идеялардың дамуына үлес қосқан ғалымдардың портреттері мен өмірбаяндары; 
2)
 
«Дарвинизм» (3 сағат). 
Ч.Дарвин 
ілімі 
қалыптасуының 
алғышарттары:жаратылыстану 
ғылымдары 
саласындағы 
жетістіктер, 
Ч.Дарвиннің  экспедициялық  материалдары.  Ч.Дарвиннің  қолдан  сұрыптау 
туралы  ілімі.Ч.Дарвиннің  табиғи  сұрыпталу  туралы  ілімі.  Түр - эволюциялық 
бірлік.  Жалпыға  бірдей  жеке  дара  өзгергіштік  жəне  ұрпақтар  сан  мөлшерінің 
артықтылығы.  Тіршілік  үшін  күрес  жəне  табиғи  сұрыпталу.  Көрсетілім . 
Ч.Дарвиннің  «Бигль»  кемесімен  саяхаты  кезіндегі  жүрген  жолдары  жəне 
жинаған  материалдары.Зертханалық    жұмыс. .Мəдени  өсімдіктердің  
іріктемелерінен 
өзгергіштікті, 
қолдан 
сұрыптаудың 
нəтижесін,түр 
критерийлерін зерттеу; 
3)
 
«Микроэволюция» (2 сағат). 
Мутациялардың 
эволюциялық 
рөлі..Табиғи  сұрыпталудың  формалары.  Организмдердің  тіршілік  ортасына 
бейімділігі табиғи сұрыпталудың нəтижесі екендігі.Микроэволюция. Түртүзілу 
туралы  қазіргі  көзқарастар(С.С.Ч  етвериков,И.И.Шмальгаузен).Географиялық 
жəне  экологиялық  түртүзілу.  Көрсетілім:  географиялық  түртүзілу  процесін 
бейнелейтін  сызбанұсқалар;тірі  өсімдіктер  мен  жануарлар,кеппешөптер  мен 
жинақтамалар,жеке дара өзгергіштік пен өсімдіктердің əртүрлі іріктемелерінің 
жəне жануарлардың қолтұқымдарының сонымен қатар организмдердің тіршілік 
ортасына 
бейімделуі 
жəне 
түртүзілудің 
нəтижелерін 
бейнелейтін 
сызбанұсқалар.  Зертханалық  жұмыс  .Организмдердің  тіршілік  ортасына 
бейімділігін зерттеп білу; 
4)
 
«Эволюцияның  негізгі  заңдылықтары.  Макроэвлюция» (3 сағат). 
Эволюциялық  процестің  негізгі  бағыттары.Биологиялық  прогресс  жəне 
биологиялық  регресс  (А.Н.Северцов).  Биологиялық  прогреске  жетудің 
жолдары. Эволюция нəтижелері:тірі табиғат құрылымы деңгейінің күрделенуі, 
түрлердің  көптүрлілігі,бейімділіктің  салыстырмалы  сипаты(органикалық 
мақсатқасəйкестілік).  Көрсетілім:  гомологтық  жəне  аналогтық  мүшелердің 
мысалдары,олардың  құрылысы,  онтогенезде  пайда  болуы,прогрессивті 
эволюция  жолдарының  арақатынасы,  Қызыл  кітапқа  енгізілген    жəне 
мемлекеттік  қорғауға  алынған  өсімдіктер  мен  жануарлардың  өкілдерін 
сипаттайтын мысалдар. 
19. «Жердегі органикалық дүниенің дамуы» (8 сағат): 
1)
 
«Өсімдіктер жəне жануарлар эволюциясының негізгі келбеті»        (5 
сағат).  Архей  жəне  протерозой  замандарында  тіршіліктің  дамуы.  Жердегі 
тіршіліктің  алғашқы  іздері.Қазіргі  барлық  омыртқасыздар  типтерінің  шығуы. 
 
 

2)
 
«Адамның  шығу  тегі» (3 сағат).  Адамның  тірі  табиғаттағы  орны. 
Homo sapiens-түрінің  жануарлар  дүниесіндегі  жүйелік  орны.  Адам 
эволюциясының  кезеңдері:  ежелгі  адамдар,  ертедегі  адамдар  ,осы  заманғы 
алғашқы адамдар. Биологиялық түр ретінде адамның қасиеттері. Homo sapiens-
түрініңпопуляциялық  құрылымы;адам  нəсілдері.  Адамның  биоəлеуметтік 
қасиеттері.Антропогенездің  қозғаушы  күштері.  Ф.Энгельс  маймылдың  адамға 
айналуындағы  еңбектің  рөлі  туралы.  Адамның  қалыптасуында  сөздің,ақыл-
ойдың  жəне  қоғамдық  қатынастардың  рөлі.  Адам  эволюциясында  əлеуметтік 
жəне биологиялық бағыттардың өзара қарым-қатынасы.’’Əлеуметтік дарвинизм 
‘’жəне  нəсілшілдіктің  кертартпалық  мəні.  Адамның  əлеуметтік  дамуындағы 
қоғамдық  тіршілік  заңдарының  жетекші  рөлі.  Көрсетілім:  адамның  жəне  
омыртқалы жануарлардың қаңқаларының модельдері. 
20. «Организм  жəне  ортаның  өзара  қарым-қатынастары  Экология 
негіздері» (11 сағат): 
1)
 
«Биосфера  туралы  түсінік» (3 сағат.)  Биосфера-жердің  тірі  қабығы. 
Биосфераның  құрылымы : литосфера,гидросфера,  атмосфера.Биосфераның 
құрам  бөліктері:тірі  зат,  түрлік  құрамы,  əртүрлілігі  жəне  биомассаға  қосқан 
үлесі,  биожанама  (енжар,биоенжар)заттар  (В.И.Вернадский).  Табиғатта 
заттардың  айналымы.  Көрсетілім:биосфераның  құрылымын  жəне  оның  құрам 
бөліктерін  сипаттайтын  сызбанұсқалар,  биосферадағы  тірі  организмдер 
əртүрлілігі мен түрлік құрамының кестелері, табиғаттағы заттар айналымының 
сызбанұсқасы; 
2)
 
«Организм  жəне  ортаның  өзара  қарым-қатынастары» (5 сағат.)  Тірі 
организмдердің  табиғи  бірлестіктері.Биогеоценоздар  .Биогеоценоздардың 
құрамдас  бөліктері:  тпродуценттер,консументтер,редуценттер.Биоценоздар, 
олардың  түрлік  əртүрлілігі,популяциялар  тығыздығы,  биомассасы.  Ортаның 
абиотикалық факторы.Температураның жарықтың, ылғалдылықтың жəне басқа 
 
 

3)
 
«Организмдер арасындағы қарым-қатынастар» (3 сағат). Организмдер 
арасындағы  қарым-қатынастың  формалары.  Жағымды  қатынастар:  симбиоз, 
кооперация,  мутуализм,  комменсализм.  Антибиотикалы  қ  қатынастар: 
жыртқыштық, 
паразитизм, 
бəсеке. 
Бейтарап 
қатынастар-нейтрализм. 
Көрсетілім:тірі 
табиғат 
дүниелері 
өкілдерінің 
симбиоздық(селбесіп) 
тіршілігінің мысалдары. 
21. «Бионика» (1 сағат).  Өсімдіктер  мен  жануарлардың  құрылымдық 
принциптерін  адамның  щаруашылық  əрекетінде  пайдалану.  Табиғаттағы  тірі 
тіршілік  иелерінің  формалары  жəне  олардың  өнеркəсіптік  аналогтары 
(құрылыстық ғимараттар, машиналар, механизмдер қондырғылар). Көрсетілім: 
тірі организмдер құрылымына ұқсас өнеркəсіптік аналогтардан мысалдар. 
 
 


  1   2   3   4   5   6   7   8   9


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал