Жалпы оқырман қауымға арналады



жүктеу 482.44 Kb.

бет1/3
Дата30.05.2017
өлшемі482.44 Kb.
  1   2   3

                           

НАЗАРБАЕВ УНИВЕРСИТЕТІ

 

 

 

                 

ГҮЛТАС САЙЫНҚЫЗЫ ҚҰРМАНБАЙ 

 

 

 

 

 

 

                    

 

                    



СӨЗТӘРБИЕ 

 

                         



(МАҚАЛ-МӘТЕЛДЕР ТАҒЫЛЫМЫ) 

 

 



 

 

 

 

 

 

 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

АСТАНА, 2011 

 



 

Халқымыздың  асыл  мұрасы  мақал-мәтелдерді  сақтау,  кейінгі  ұрпаққа 

аманаттау  –  ұстаздың  ғана  емес,  барша  қауымның  ата-бабалар  алдындағы 

парызы.  Автор бұл еңбегінде  өзі дәріс беретін  студенттерге,  атап  айтқанда, 

қазақ тілінен практикалық сабақта қолданып жүрген мақал-мәтелдерін және 

ол  мақал-мәтелдерді  өмірде  қолдануға  септігін  тигізетін  сұрақ-

тапсырмаларды ұсынған.  

Еңбек  мектеп  оқушыларына,  студенттерге,  ұстаздар  мен  ата-аналарға, 

жалпы оқырман қауымға арналады.  



 

 

 

 

Ұрпақ тәрбиесi –  ұлттың тағдыры. Өз ұрпағының тәрбиесiн өз 

жолына қоя алған ұлт қана өз тағдырын өзi ойдағыдай қамдай алмақ. 

 

 

 

 

 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

Автордан  



 

 

 



Бүгінгі  Қазақстан  –  адамдардың  халықаралық  қарым-қатынасы  мен 

ақпарат  алмасуына  шекарасы  ашық,  дүниежүзілік  саяси-әлеуметтік, 

экономикалық ықпалдастық шараларына белсене араласатын демократиялық 

және  зайырлы  мемлекет.  Еуразия  құрлығының  дәл  ортасында  орналасқан 

біздің  еліміз  қазірдің  өзінде  Батыс  пен  Шығыс  мәдениеттерінің,  ірі  діни 

конфессиялар мен әр түрлі саяси көзқарастар арасындағы бейбіт сұхбаттың 

алтын  көпіріне  айналып,  жаһандану  мен  бүкіләлемдік  рухани  жақындасу 

үдерісінің  асау  иіріміне  тартыла  бастады.  Қазақстанның  жер  қойнауының 

табиғи  шикізаттарға  байлығы,  әлемдік  ірі  державалардың  геосаяси  және 

геоэкономикалық  мүдделерінің  дәл  осы  аймаққа  тоғыса  шоғырлануы 

болашақта  біздің  елімізді  жаһандану  үдерісінің  қазанында  қайнатып, 

дүниежүзілік ақпарат және тасымал жүйесінің маңызды буыны жасауы әбден 

ықтимал.  Әрине,  біз,  қазақстандықтар,  әр  түрлі  саяси,  діни,  мәдени, 

экономикалық  көзқарастар  мен  мүдделер  арасында  бейбіт  сұхбаттың,  өзара 

келісім орнағанын қалаймыз. Алайда, еліміздің барлық мүдделер қақтығысын 

бейбіт  жолмен  шешуді  жақтайтын  гуманистік  саясаты  мен  халқымыздың 

бойындағы қонақжайлық біздің өз ұлттық мүддеміз жоқ дегенді білдірмейді. 

Қазақстанның  мемлекеттік  және  аймақтық  қауіпсіздігі,  ішкі  рухани 

келісімнің бұзылмауы – көздің қарашығындай қорғайтын құндылықтарымыз. 

Білімі  мен  білігі  жағынан  шетелдердегі  замандастарымен  бәсекеде 

жеңілмейтін,  сонымен  қатар,  бойында  ұлттық  ділі  сақталған,  отаншылдық 

рухы  кемел  қазақстандықтардың  жаңа  ұрпағын  тәрбиелеу  қажеттігі 

туындауда.  Тек  осындай  ұрпақ  қана  еліміз  мерейін  бүгінгі  жеткен  биігінен 

аласартпай,  жаһандану  деп  аталатын  үдерістің  теріс  ықпалын  бойына 

дарытпай,  әлемдік  даму  көшіне  ілеспек.  Жас  ұрпақ  Отанын  жанындай 

сүйетін,  ұлттық  тарихы  мен  мәдениетін  қастерлейтін,  рухани  кемелденген 

болып өсіп жетілуі қажет. Жастардың бойында ұлттық дүниетаным мен діл 

мәйегін сіңіріп, оларды нағыз отаншылдық рухта тәрбиелеп өсіруге қажетті 

қазіргі  заманғы  оқу  құралдары  мен  технологиялары  жасалуға  тиіс.  Теңіз 

тамшыдан  құралатыны  сияқты  жас  ұрпақтың  елжандылық  сезімінің 

қалыптасуына осы бір дидактикалық құралдың пайдасы болар деп ойлаймыз.   

 

 



 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 



100 мақал-мәтелдің сырын ашайық 



 

 

1. 

Сөз қадiрiн  бiлмеген өз қадiрiн бiлмейдi. 

 

Сөзді дұрыс сөйлеу де, сөзді дұрыс түсіну де өте маңызды. Адамдардың 

қарым-қатынасының  баянды  болмағы,  бір-бірін  түсінуі,  жұмыстың  алға 

басуы – сөзге байланысты. Орынсыз сөзді айтып, адам жанын қатты жаралап 

алу  да  оңай.  Орынды  айтылған  сөз,  біріншіден,  өзіңіздің  беделіңізді 

арттырады, екіншіден басқа адамдардың ар-намысына тимей, олармен жақсы 

қарым-қатынастың негізін салуға көмектеседі.  

 

Сұрақтар мен тапсырмалар: 

1) 

Қадір сөзінің синонимдерін айтыңыз. 



2) 

Ойдан жағдаят құрап, жоғарыдағы мақалды қолданып сөйлеңіз. 

3)

Осы  мақалға  ұқсас  мақалды  білесіз  бе?  Немесе  өзіңіздің  ой-



тұжырымыңызды қанатты сөз түрінде жазып көріңіз. Мысалы, «Ата-ананың 

қадірін – балалы болғанда білесіз», «Туған жердің қадірін ... 



 

2. 

Халқын сүйген – салтын да сүйедi. 

Әр халықтың өзінің салт-дәстүрі, сенім-нанымы болады.  Ол  – халықтың 

көне  тарихымен  бірге  жасасып,  озығы  қалып,  тозығы  ескіріп  ұмытылып 

жатады. Салт-дәстүрі жоқ ел болмайды. Қандай ел болмасын өз  халқының 

салт-дәстүрін  сыйлайды,  құрметтейді.  Халық  арасында  мынадай  аңыз  бар: 

Ертеде,  біздің  дәуірімізге  дейінгі  заманда  біздің  ата-бабаларымызды  жау 

шауып ала алмапты. Әскери дағдылары дамығаны сонша жау әскері ортаға 

келгенше  тиіспей  тұрады  екен  де,  олар  ортаға  келгенде  жан-жағынан 

шабуылдайтын  көрінеді.  Сонда  түріктердің  салт-дәстүрін  жақсы  білетін  бір 

азғын, жаудың әскер басына: «Түріктер ата-бабаларының  аруақтарын қатты 

қадірлейді,  егер  ата-бабаларының  бейітін  талқандасаңыз,  бүкіл  түрік  сонда 

жиналады. Сол кезде соғыса аласыз» депті.   

 

Сұрақтар мен тапсырмалар:  

1)  


Қазақ халқының қандай салт-дәстүрлерін білесіз? 

2)  


Халық пен салттың қандай байланысы бар? 

3) 


Ойдан  жағдаят  құрап,  жоғарыдағы  мақалды  қолданыңыз.  Мысалы, 

шетелдік қонаққа қазақ дәстүрі бойынша қойдың басын қойдыңыз... 

 

3.  «

Үйдiң жылы, суығын  

Қыс түскенде бiлерсiң. 

Кiмнiң алыс-жақынын  

Iс түскенде бiлерсiң» 

 

Халқымыз  «Ер  жігіт  кейде  малды,  кейде  малсыз»  демекші,  адам 

баласының  басынан  небір  күндер,  әр  түрлі  жағдайлар  өтеді.  Жақсы  күнде 


 

жаныңнан  табылатын  жақындарды,  басыңа  қиындық  түскен  кезде  іздеп 



таппай  қаласың.  Ал  қиындықта  қасыңыздан  табылған,  қол  ұшын  беріп 

көмектескен  адам  –  сіздің  адал  досыңыз.  Сондай  достарыңздан  айырылып 

қалып  жүрмеңіз.  Халық  даналығы  қарапайым  үйіңіздің  жылы  болғанын  да, 

адамдарды тани білуді де үйретеді.  

 

Сұрақтар мен тапсырмалар:  

1)  


Мұндағы негізгі айтылмақ ой не? Үйдің жылы, суығы ма? 

2)  


«Іс түскен» деген сөз тіркесін қалай түсінесіз?   

3) 


Ойдан жағдаят құрап, жоғарыдағы мақалды қолданыңыз. 

 

4.



 

«Ата ­ асқар тау, 

Ана ­ бауырындағы бұлақ, 

Бала ­ жағасындағы құрақ» 

 

Біздің халық көбінде ер азаматты асқар тауға балайды. Ол – ер азаматқа 

деген сенім, құрмет. Осы мақалда да сол ойды меңзеп тұрғаны анық. Ананы 

суға,  бұлаққа  теңеуде  де  үлкен  мән  бар.  Сусыз  тіршілік  бола  ма?  Құраққа 

теңеген  бала  асқар  таудың  етегінде  болса,  бұлақтан  нәр  алса,  ол  тамаша 

болып  өспей  ме?  Ақылды,  берекелі  ата-ананың  балалары  да  өз  әке-

шешесіндей ақылды, көргенді, адамгершілігі, кісілігі мол болады.  

 

 

Сұрақтар мен тапсырмалар:  

1) Осы мақалға ұқсас өзіңіздің қанатты сөзіңізді жазыңыз. 

2) 

Мақалды қолданып, шешендік сөз үлгісінде монолог жасаңыз. 



3) 

Ойдан жағдаят құрап, жоғарыдағы мақалды қолданып сөйлеңіз. 

 

5.       «

Тозбасты ұста соқпайды, 

 

Өлместі Құдай  жаратпайды» 

Өмірдің  өтпелі  екенін  ұқтыратын  осындай  қанатты  сөздерді  ата-

бабаларымыз ежелден-ақ білетін болған. Сөзбен қайғылыны тоқтатып, басу 

айтқан, жұбатқан. Ал біздің халық қашаннан да сөзге тоқтаған. Сондықтан да 

бір  жағдай  болғанда,  қимас  заттыңды  жоғалтып,  сындырып  алғанда  қатты 

ренжімеу  керек.  Зат  болған  соң  ол  сынады,  тозады.  Ал  қайғы  келгенде  де 

қарсы тұра білу керек. Абайдың сөзі бар емес пе: «Қайғы келсе, қарсы тұр, 

құлай берме, қызық келсе, қызықпа, оңғаққа ерме» деген.   

 

Сұрақтар мен тапсырмалар:  

1) 


Осы мақалды қандай жағдайда айтады деп ойлайсыз? 

2) 


Мақалдың философиялық мәні туралы диалог құрастырыңыз. 

    3) 


Өзіңіздің  қанатты  сөзіңізді  жазыңыз.  Жағдаятты  досыңызбен  бірге 

құрыңыз.  

 

 


 



6.       «



Кешегi күннен алыс жоқ, 

Ертеңгi күннен жақын жоқ» 

Халық даналығы ұрпағына қандай асыл сөзді, тәрбиені осы бір мақал 

арқылы қалдырғанын түсінейік. Тоқсан ауыз сөз айтуға болатын еді. Өткенге 

өкінбеуді, оның ешбір пайдасы жоқ екенін, ертеңгі күннің, мейлі ол 20,30,40 

жыл болса да, оның жақын екенін тобықтай түйінмен жеткізіп тұрған жоқ па? 

Сондықтан да,  өткенге өкіне берудің қажеті жоқ. Бүгінгі күнмен өмір 

сүру  керек.  Ал  болашақтағы  жақсылықтың іргесін  ереңге  қалдырмай,  бүгін 

қалаған дұрыс.   

 

Сұрақтар мен тапсырмалар:  

 

1) 



Ойдан жағдаят құрап, жоғарыдағы мақалды қолданып сөйлеңіз. 

2) 


Осы мақал сізді қандай ойға түсірді? 

3) 


Сіз осы мақалды кімдерге айтар едіңіз? Не үшін? 

 

7.

 

«

Айрылмастай досыңа қайырылмастай сөз айтпа» 

 

*  «


Қайырылмастай  сөз»  деген  –ауыр  сөз.  Жүректі  жаралайтын  сөз.  Достық 

дегенді  мінсіздікпен  шатастыруға  болмайды.  Адам  –  пенде.  Пенденің 

әрекетінің дұрысы да, кей-кейде бұрысы да бола береді. Досыңа өз басың өте 

адал  бол.  Ал  дұшпандықпен  біреулер  араларыңызға  сына    қақса,  ауыр  сөз 

айтпас  бұрын,  ойланыңыз.  Уақыт  –  емші.  Өзіңізді  сабырға  шақырыңыз.  

Мінсіз  адам  болмайтынын  ойлап,  достық  қарым-қатынасыңызды  сақтап 

қалуға тырысыңыз.  

 

Сұрақтар мен тапсырмалар:  

1) Түсінуге қиын сөздер болса, сөздіктен қараңыз. 

2) 


Дос туралы монологыңызда жоғарыдағы мақалды қолданып сөйлеңіз. 

3) 


Достық туралы, дос, жолдас туралы өз қанатты сөздеріңді жазыңыз. 

 

8.      « 



Бiлiмдiмен дос болсаң, 

Сасқанда ақылын айтар. 

Бiлiмсiзбен дос  болсаң, 

Топ iшiнде бетiң қайтар» 

 

Білімді  тар  ұғымда,  білімі  бар  адам  деп,  ал  кең  мағынада  көргенді, 

ақыл-парасаты мол, білімді, жақсы мінезді адам деп білеміз. Бұл мақалдағы 

«

білімді»  осы  екіншіге  дәл  келеді.  Сондай  адаммен  дос  болған  адамдар 



өздерін бақыттымын  десе болады.  Ал «білімсіз»  дегендер  білімдіге қарама-

қарсы  адамдар.  Адамгершілігі,  кісілігі  төмен  адамды  білімсіз  адам  дейді. 

Абай: «... білімсізге қылған жақсылық өзі адамды бұзады» дейді емес пе 

 

 



 

 



Сұрақтар мен тапсырмалар:  

1)

 

Білімді досыңыз бар ма? Оның қандай пайдасын көрдіңіз? 



2)

 

Досыңызға мінездеме беріңіз. 



3)

 

Сіз өзіңіз жақсы доссыз ба? 



4)

 

Жағдаят құрап, арасында мақалды қолданып сөйлеңіз. 



 

8.

 

«

Ұясын ұнатпаған  құс – оңбас» 

Қазақ  халқы  тұрақтылықты,  адалдықты  жақсы  көреді.  Құсқа 

байланысты да олардың қалыптасқан пікірлері бар: Сауысқанды бірлігі жоқ 

деп  ұнатпайды,  қарғаны  тілеуі  жаман  деп  ұнатпайды,  көкекті  өз  атын  өзі 

шақырады  дейді,  қарлығаш  құстың  еңбекқорлығын,  адалдығын  ұнатады, 

қараторғайды,  бозторғайды    әнге  қосады,  бұлбұлды,  қыранды  үкіні  қатты 

бағалайды.  Құс  тіршілігін  бақылаған  бабаларымыз,  адамдардың  жөнсіз,  өз 

үйінен  безген  жаман  әрекетін  бетіне  айтпай,  құстың  жаман  қасиетін  айту 

арқылы түсіндіреді. 

 

Сұрақтар мен тапсырмалар:  

 

1)

 



Мақалды  жастар  тәрбиесіне  қатысты  жағдаятта  пайдаланып,  диалог 

құраңыз.  

2)

 

Сізге қандай құстар ұнайды? Неге? 



3)

 

Өз үйінен адамдар неге безеді? Сіз ондай жандарға не айтар едіңіз?  



 

10    « 

Жақсы жолдас ерттiм дегенше, 

Жарты жолдан өттiм де» 

Адамның  жас  күнінде  жолдастары  көп  болады.  Бірге  ойнаған  да 

жолдас, бірге жүрген де жолдас. Егер баланың сол жолдастары жақсы болса, 

талапты,  мәдениетті  болса,  бала  соларға  еліктеп,  өзі  де  жақсы  болуға 

тырысады.  Ал  егер  керісінше  тәртіпсіз,  бұзақы  болса,  ол  қиын  жағдайға 

ұшыратуы  мүмкін.  Сондықтан  әр  ата-ана  баласының  жанындағы 

жолдастарын  танып,  біліп  жүргені  абзал.  Жора-жолдастары  жақсы  болса, 

көмектессе,  қиындықты  жеңуге  болды.  Мақалдың  бізге  айтпағы  да  мүмкін 

сол шығар.   

   


Сұрақтар мен тапсырмалар:  

 

1. Мақалдың дәл сізге берері не? 



  2.

Осы мақалды тақырып етіп алып, шағын киносценарий жазып көріңіз.   

 

11      «



Ақылды қайғырған жерде, 

 

Ақымақ той қылады» 

Қайғы әр түрлі болады, ел қайғысы да болады, ер қайғысы да болады. 

Яғни,  қайғы  жалпы  да,  жеке  де  болады.  Қайғы  мен  қуаныш  бір-біріне 

антоним сөдер, антоним ұғымдар.  Бір біріне жанаспайтыны да сондықтан.  



 

 



Сұрақтар мен тапсырмалар:  

 

1.

 



Дәл осындай жағдайды естіп, көрдіңіз бе? 

2.

 



Жақының қайғырып жатқанда, той жасап, ойнап күлген адамгершілікке 

жата ма? 

3.

 

Мақал сізді неге тәрбиелейді? 



 

12     «

Әр күннiң өз таңы бар, 

Әр жанның өз қамы бар» 

Тіршілікте  адамдар  бір-біріне    жүк  артып,  міндет  қылып  жүреді. 

Жалпы  ол  дұрыс  емес.  Әр  адам  «мен  бір-ақ  рет  айтқанда  істей  қоймады, 

келісе қоймады»,– деп ренжіп жатады. Сіз бір рет айтсаңыз, басқа қаншама 

адамдар  да  бір  рет  айтқан  болады.  Сол  себепті  де  сол  адамның  орнына 

өзіңізді қойып көріңіз. Егер сіз сол жақсылықты, сол істі қиналмай жасайтын 

болсаңыз,  сонда  өкпелеңіз.  Олай  ете  алмаған  жағдайда,  ренжімеңіз.  Әр 

адамда өз тіршілігі, өз қамы бар.  

 

Сұрақтар мен тапсырмалар:  

 

1.

 



Мақалдың мәнін түсіндіріп айтып беріңіз. 

2.

 



«

Қамы» деген сөздің орысша баламасы қандай?  

3.

 

Мақалды қолданып, шағын өнегелі әңгіме жазыңыз.  



 

 

13     «



Араға ерсең  балдан татарсың, 

Қоңызға ерсең  қиға батарсың» 

Мына  тіршілікте  аралардың  өмір  сүру  тәртібі  өте  ерекше  көрінеді. 

Олардың  ортасында  жалқау  аралар  болса,  олар  оны  қатты  жазалап,  тіптім 

өлтіріп тастайды екен. Аралар тынбай гүлден нәр тасып, еңбек етеді. «Араға 

ерсең»  дегенде  адамның  араға  ермейтіні  –  түсінікті.  Ара  сияқты  еңбекқор 

адаммен бірге жүрсең, бірге еңбек етсең деген мағынада айтылып тұр. Қоңыз 

да еңбекқор ғой дерсіз. Бірақ қоңыз әрекеті өз қарабасының игілігі үшін. Ол 

бал арасы сияқты адамдарға тамақ әзірлемейді.   

 

Сұрақтар мен тапсырмалар:  

 

1.



 

Мақалдың мәні ара мен қоңыз туралы ма, әлде адамға қатысты ма?  

2.

 

Мақалдың мәнін өз сөзіңізбен түсіндіріп беріңіз.  



3.

 

Диалог құрастырыңыз. 



 

14.      «

Түйеқұсқа: - Жүк артамын, ­ десе, 

– 

Мен құспын, ­ дептi. 

 



Ұш, ­ десе, 

 



Мен түйемiн, ­ дептi» 

 

Түйеқұстың  тіл  қатып  сөйлей  алмайтынын  бәріміз  білеміз.  Мұндағы 



айтылмақ  ой  біздерге,  адамдарға  қатысты.  Мойны  еш  жұмысқа  жар 

бермейтін, жалқау адамның сөзі де, сылтауы да көп болады емес пе? Кейде 

өзіміздің бойымыздан да жалқаулықты көреміз. Егер сол жалқаулық болмаса, 

біз  қаншама  істерді  атқарар  едік,  талай  биіктерге  де  көтеріліп  қалар  едік... 

Келісесіз бе? 

 

Сұрақтар мен тапсырмалар:  

 

 



1)

 

Осы  мәтелді  оқығанда,  көз  алдыңызға  не  елестеді  не  болмаса  кім 



туралы ойладыңыз? 

2)

 



Дәл  осы  мәтелді  қолданып,  сахналық  қойылым  сценарийін  жазып 

көріңізші.  

3)

 

Осы  мәтелге  ұқсас  мақал-мәтелдерді,  қанатты  сөздерді  жазыңыз. 



«Еріншектің ертеңі таусылмас» т.с.с. 

 

15.    



Бiр тауды  төңкеретiн де бар, 

Бiр дәндi зiл көретiн де бар. 

Адамдардың  адамгершілік  қасиеттері  еңбекке  қатысынан  білінеді. 

Біреулер бар кішкентай шаруа тапсырсаңыз, соны таудай етіп, қабығы түсіп 

жүріп  орындайды.  Сондай  кескін-келбетін  көргенде  сол  кісіге  аз  шаруаны 

тапсырғаныңызға  өкінесіз.  Ал  кейбіреулер  аз  тапсырмаңызды  молынан 

орындайды.  Жоғарыдағы  халық  даналығы  сондай  адамдарға  айтылған  сөз 

болса керек.  

1.

 



Мақалдың мәнін достарыңызға түсіндіріп беріңіз. 

2.

 



Мультфильм  сценарийін  жазып,  кейіпкерлеріңізге  жоғарыдағы 

мақалды айтқызыңыз.  

 

16     

Ақылды қасыңнан қорықпа, 

Жарымес досыңнан қорық. 

Достың да, қастың да жарымес емес, ақылды болғаны жақсы екен-ау.  

Досың болса да, ақылы жетпегендіктен жамандық жасауы мүмкін екен.            

Ойланып, көрейік. 

1.

 

Мақалдың мәні не? Неден сақтандырады? 



2.

 

Ойдан жағдаят құрап, жоғарыдағы мақалды қолданыңыз. 



 

17     

Адамды тұрар адам қып, 

Ақжүректiлiк пен адалдық

Адам баласының жақсы қасиеттері көп. Солардың ішінде ақжүректілік 

дегені  қандай  қасиет  деп  ойлайсыз?  Ақжүрек  адамдар  көп  жағдайда 

өздері көп қиындық көріп жатпай ма? Сіздің ойыңыз қандай? 

 

1.

 



Ақжүрек, адал адамды кездестіріп көрдіңіз бе? Ол кім? 

2.

 



Өнегелік шағын әңгіме жазыңыз. 

 

10 


 

18

 

  

Шеге тағаны сақтайды, 

Таға тұлпарды сақтайды. 

Тұлпар ерiн сақтайды, 

Ер елiн сақтайды. 

 

Ердің елін сақтауының арқасында біздер бүгінгі күнге жетіп отырмыз. 

Тарихымызға  көз  жүгіртіп  көріңізші.  Қазақ  халқының  ұлан  байтақ  жерін 

жаудан  қорғауда  ер  азамат  пен  тұлпардың  рөлі  ерекше  болды.  Халық 

даналығы  осы бір  ауыз  сөзбен халқымыздың  тарихынан да,  тіршілігінен де 

хабар беретіндей.   

 



Мақалды  жаттап  алдыңыз,  оны  қандай  сәтте  қолданамын,  пайдаланамын 



деп ойлайсыз? 

Егер суретші болсаңыз, осы мақалға қандай сурет салар едіңіз? 



Өзіңіздің қанатты сөзіңізді жазыңыз.  



 

 

19.



 

   

Алтыныңа сенгенше, ақылыңа сен. 

Адам  баласы  тек  өзіне,  өзнің  біліміне,  ақылына,  күшіне  сену  керек. 

Біреулерден  жақсылық  болса,  ол  –  жақсы.  Бірақ  соған  сеніп  кетіп,  өзіңді 

жетілдірмей, еңбек етуге ерінсең, нәтижесінде түксіз қаласың.  



 

1.

 



Мұндағы «алтын» деген сөздің орнына басқа қай сөзді қолдануға 

болады? 


  

2. Ақыл адамға не береді? Санамалап айтыңыз.  

 

20. Жаманға сөз қатпағанның өзi ­ жауап. 

Жалпы адамды «жақсы», «жаман» деп бөлуге болмайды. Жаман деген 

түсінік  –  парықсыз,  сөздің  мәнін  түсінбейтін,  сөз  сөйлей  білмейтін.  т.  б. 

ұнамсыз  қасиеттері  көп  адам  туралы  айтылған  болу  керек.  Жоғарыдағы 

мақал  сондай  адамммен  сөйлесіп,  пікірлесіп,  түсінісу  қиын  болғандықтан 

шыққан.  

1.

 

Мақалдың мәнін өз сөзіңізбен түсіндіріп беріңіз. 



2.

 

Жағдаят ойлап, сөз арасында қолданыңыз. 



 



  1   2   3


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал