Жалпы, Марченко мырза осы айтқанымен аяқастынан жаңалық



жүктеу 0.64 Mb.

бет5/6
Дата09.09.2017
өлшемі0.64 Mb.
1   2   3   4   5   6

концерті өтті. Бұл өзі бір 

ерекше сипатта көрініс 

тапқан әдемі де әсерлі 

музыкалық кеш болды.

Екі мыңжылдықты артқа тастап, жаңа дәуірге аяқ басқалы 

тұрған ғасыр айрығы, яғни 1999 жылы қазақ ақпарат 

кеңістігіндегі «Ана тілі» бастаған га зет  тер мен «Ақиқат», «Мысль» 

секілді бірнеше басылымдардың басын бір арнаға тоғыстыратын 

«Қазақ газеттері» атты жауапкершілігі шектеулі серіктестік 

құрылған бола тын. Осынау үлкен ұжымның онжылдық 

мерейтойы кеше қара шаңырақ – Әл-Фараби атындағы Қазақ 

ұлттық университетінің журналистика факультетінде атап өтілді. 

Оған «Қазақ газеттері» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне 

қарас ты басылымдардың басшылары мен «Қаламгер» Медиа 

ЖШС бас редакторы, Халықаралық «Алаш» сый лығының иегері 

Жанарбек Әшім жан және оқырман сүйіп оқитын «Алаш айна сы», 

«Айқын», «Қазақ әде биеті», «Түркістан» сын ды газеттердің бас 

редак торлары түгел дерлік қаты сты. 

Майдангер 

жазушылар көрмесі

Биыл ерекше салтанатпен 

аталып өтілетін Ұлы Жеңістің 

65 жылдығы қарсаңында 

еліміздің түкпір-түкпірінде 

түрлі мәдени-көпшілік шаралар 

ұйымдастырылуда.

ШАР


А

Мәриям ЖАГОРҚЫЗЫ

Асылх


ан ӘБДІР

АЙЫМОВ (фо

то

)


РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ-САЯСИ АҚПАРАТТЫҚ ГАЗЕТ

№40 (266) 12.03.2010 жыл, жұма                   



www.alashainasy.kz

6

e-mail: info@alashainasy.kz

ДАТ!

АЛАШ АЗАМАТЫ



Нұржұман ЫҚТЫМБАЕВ,

 Қазақстанның Халық артисі:

Нұржұман аға, күтпеген 

жерден өзіңіз редакциямызға келіп 

қалдыңыз. Әйтпесе біз өзіңізді 

Шымкентте Жерар Депардьемен 

бірге жаңа киноға түсіп жатыр деп 

жүрміз ғой. Демек, осылай сәл де 

болса мойын бұруға шамаңыз 

келсе, киноның түсіру 

жұмыстарының біткені ғой? 

– Менің «Алаш айнасына» ат басын 

бұруыма сіздер таңғалсаңыздар, мен осы 

ретте қыз-келіншектерді өткен мерекесімен 

құттықтаудың сәті түскеніне қуанып жатыр-

мын. «Әйел бір қолымен бесік, екінші қо-

лы мен әлемді тербетеді» деп бекер айтпа-

ған. Қазіргідей күліп-ойнап жүргеніміз де, 

мына жарық дүниеге келгеніміз де барлығы 

аналарымыз бен әпке-қарындас, әйелдері-

міздің арқасы екенін мойындауымыз қажет. 

Әйел затынсыз тіршілік жоқ. Осылай шап-

қы лап жүргеніміз де, киноға түсіп, біріміз-

дің соны түсіріп әлек болып жүргеніміз, 

әй теуір, бір жағынан болса да сол нәзік 

жан  дылардың көңілінен шығу ғой. Ең бас-

ты сы – үйдегі апаңның көңіл хошын табу. 

Мынау соңғы түскен кином да – әйелдер 

қауымынан алыс емес, жалпы, махаббат 

жайлы. «Кешіккен махаббат» деп аталады. 

Фильмнің сценарийін Ақтан және Сәбит 

Құрманбеков деген жігіттер жазған. Басты 

рөлде мен және француздың атақты актері 

Жерар Депардье ойнайды. Сондай-ақ 

Болат Қалымбетов деген қазақтың белгілі 

актері әрі режиссері, дарынды тұлғасы бар. 

Фильмде екі басты рөлде сондай-ақ қос 

Наташа: бірі – Наталья Арынбасарова, екі н-

шісі – Наталья Гвоздикова, екеуі де менің 

жақсы көретін келіншектерімді сомдайды. 

Түбі соның бірі, Наташа Гвоздикова сом да-

ған кейіпкер Ресейге кетеді де, мен Арын-

ба сарованың кейіпкерімен бірге қаламын. 

Фильм сюжеті бойынша ол алғашында ме-

ні менсінбейді, кейін өзі келеді. Киноның 

қысқаша мазмұны мынандай: Жерар ой-

най тын Гера есімді неміс пен Сатыбалдының 

соғыс кезіндегі достығы арқылы екі халық-

тың бір-біріне деген бауырмалдығын, 

жана шырлығын көрсету. Сатыбалды бо лып 

Болат Қалымбетов ойнайды. Ал мен онда 

«Сталинге сыйлықтағы» басты кейіп кермен 

аттас Қасым болып ойнаймын. Мен ол 

кинода да осы кездегі өз жасымдағы қа-

рия  мын, барамын да, өзімнің үйленгім 

келетінін айтамын ғой. Содан соң, «кеш бо-

лып кеткен жоқ па?» деп кеңес сұраймын. 

Ал Сатыбалды мен Гера достарымның әйе л-

дері бар, сондықтан оларға менің жалғыз-

дан жалғыз жүргенім қатты батады. Сон-

дық тан «қартайдың» демей, екеуі бірдей 

«қан дай келіншек болса да, саған алып 

бер мей қоймаймыз» деп өре түрегеледі 

ғой. Содан бір кейуанаға барса, ол о дүние-

лік боп кеткен болып шығады. Екінші бірі 

бас қа біреуге тұрмысқа шығып кеткен. 

Үшін ші рет әлгі Наташаның бірі Ресейге кө-

шіп барады. Содан не керек, Наталья Арын-

басаровамен тағдыр қосады ғой. Бірден 

бәрі бола қоймайды, сондықтан киноның 

соңына дейін үш дос түрлі хикаяларды бас-

тан кешіреміз. 



– Киноның басты мақсаты не? 

Және неліктен Жерар Депардье 

сынды төрткіл дүниеге белгілі 

актерді шақырып ойнатып отыр? 

– Кинода түрлі ұлттардың достығы 

көрсетілгенімен, тағдырластығы баяндал-

ғанымен, бастысы, қазақ елінің байлығын 

көрсету мақсаты алдыңғы орында тұрады. 

Бұл фильмді қазақ елінің сұлулығына тіл 

жетпейтін табиғатын дүниежүзіне көрсету 

үшін әдейі түсірілген кино деп те айтуға 

болады. Жерар сынды әлемге әйгілі актерді 

шақыруда да сол мақсат жатыр, яғни әлем 

назарын қазақ киносына аударудың бұл да 

бір әдіс-тәсілі. Өйткені Жерар Депардье 

түскен киноны дүниежүзі халқы міндетті 

түрде көреді. Сол арқылы қазақтың 

байлығын, жерінің сұлу табиғатын, суының 

тазалығын көреді. Жерардың өзін, шыны 

керек, жеріміздің ажарлы келбеті, астын-

дағы балығы көрінетін мөлдір суы таңғал-

ды рып, тамсандырды. Тіпті таза табиғат 

ая сына шығып, түсіру жұмыстарын баста-

ған да, Жерар өзінің сондай үлкен тұлға 

екенін де ұмытып, лақ секілді тізер лей жата 

қалып, суға бас қойды. Ма ған оның ең 

ұнағаны да сол қарапайым дылығы болды. 

Өзім көзімді ашқаннан осындай өзен, көл, 

бұлақ дегендерді көріп келе жатқан соң ба, 

ананы түсінбей, «өй, тұр, бұлай ішуге бол-

май ды» деп желкесінен тартқылаймын 

келіп. Оныма мойын бұрып жатқан Жерар 

жоқ, қолымды кері сілкіп тастап, қайта 

кіріседі. Мен осы киноны тү сіру барысында 

сондай бір қарапайым, кеңпейіл, ақжүрек 

Жерардай дос таптым. 

– Айтпақшы, біріңіз – қазақ, 

екіншіңіз – француз, киноны түсіру 

кезінде қастарыңыз да үнемі тілмаш 

жүре бермейді ғой. Олай болса, 

қалай тіл табыстыңыздар? 

– Жұрттың көбі менен де,  одан да соны 

сұраса керек. Екеуміз тағы да ақылдасқандай 

бірдей жауап беріппіз ғой. Ол: «Үлкен 

актерлер бір-бірін жүрекпен түсінеді», – 

десе, мен: «Жерар секілді актер лер ді 

сөзінен емес, көзқарасы мен емеу рінінен, 

тіпті тыны сынан-ақ түсінуге бола ды», – 

дедім. Шынында да, біз тіл жағынан еш 

қинал ғанымыз жоқ, емін-еркін ойна дық. 

Бір-бірімізді сөз арасындағы паузалар 

болады ғой, тіпті соған дейін де түсініп 

жүрдік. Бірінші күні ғана бір-бірімізді бай-

қап, сынап жүрдік. Қанша дегенмен де 

әлем дік киноларда ойнап жүрген актер 

ғой, аздап осы жағынан қысылыңқырадым. 

Сөйтсем, оған да мен жайлы «біздің ең 

мықты актерлеріміздің бірі» деп айтып 

қойса керек, ол да сосын біраз менің қас-

қабағыма қарады. Екеумізде де алғашқы 

күні «қалай болар екен?» деген ой болды. 

Ең қызығы, менде ондай ойдың барын ол 

білген, онда сондай ойдың барын мен 

сездім. Бірақ бірінші дубль бітіп, екіншісі 

басталған кезде-ақ көңілдегі түйін шешіліп 

сала берді. Сосын съемкамыз май жағатын 

қасықтай сырғып жүріп кетті. 

– Сіз Жерар Депардьенің 

бойындағы қарапайымдылығына 

тәнті болдым дейсіз, ал ол сіздің 

қандай қасиетіңізді байқағанын 

айтпады ма? 

– Неге айтпады? Айтты. Ол өзі бір ақкө-

ңіл, бала секілді таза жан екен дедім ғой. 

Екеуміз бір-бірімізге «ғашық» болдық ( қа р-

қылдай күліп алды). Сырт кейпі сондай 

денелі, алып тұлғалы болса да, іші сондай 

жап-жас нәресте сияқты. Ойнап, еркелеп 

жүргені қандай?!. «Мынау бөтен жер-ау, 

бұл жерде бала секілді шауып жүргенім 

ұят- ау» деген ой онда мүлдем жоқ. Біздің 

кеңпейілдігімізге риза болды. Кетерінде 

былай деді: «Мен бұрын Қазақстанда 130-

дан астам ұлт өкілдері тұратынын еститінмін. 

Қазақтарды сонау ашаршылық, соғыс ке-

зін де талай ұлттарды паналатқан ел деп 

ай тушы еді. Менің соған осы жолы көзім 

жетті. Шынында да, сіздер кеңпейілді 

халық екенсіздер», – деді. Ал маған «сенің 

үстіңнен пойыз өтіп кетсе де жата береді 

екенсің» деп, сабырлы, төзімділігімді алға 

тартты. Бұл мен ғана емес, атам қазаққа 

тән қасиет қой. Оның үстіне менің кинода 

да қанша жылдық тәжірибем бар, талайды 

көргенмін. Баяғыда кино түсіру барысында 

талай рет күннің аптабын да көрдік, жетіс-

пеушілікке де шыдадық. 



– Жалпы, қазақ актерлеріне 

қатысты қандай ой түйіпті? 

– Өте жоғары баға берді. Ол әрқай-

сымызбен бірге ойнаған сәттерде өзіндік 

ерекшелігімізді көкейіне түйіп жүрген екен 

ғой. Мен, мәселен, әуен мен сазға жақын-

мын және қандай әнді кім орындайтынын 

жазбай танимын. Сосын құлағым естіген 

саздың ырғағын жоғалт пайды. Киноның 

өзі ырғақтан тұрады ғой. Киноға тек кино 

деп қарауға болмайды, ол деген – бір 

симфо ния. Біріне-бірі жалғасып жатқан 

дүниені тігісін жатқызып шебер құрастыра 

білу керек. Сонымды байқаған ол бірде 

мен жоқта мені «сазгер актер» десе, Болат 

Қалым бе товті «табиғи актер» деп бағалап, 

Алматыда үлкен бір жиналыста ірі тұлғалар 

мен өнер саласының басшыларының 

алдында бәріміз жайлы «Қазақстанда мен 

көрген осындай мықты актерлеріңізбен 

нашар кино түсіруге қақыларыңыз жоқ» 

депті. Бұдан артық қандай баға болуы 

мүмкін?!. 



– Өзіңіз айтып отырғандай, 

Жерар Депардьенің өзін 

таңғалдырған кәсіби мықты 

актерлерді өзінің киносына шақы-

руды қаламайтын да режиссерлер 

бар екен. Осының себебін сіз қалай 

түсіндірер едіңіз? 

– «Алуан-алуан жүйрік бар, әліне қарай 

шабатын» деген сөз бар ғой қазақта. Түсіріп 

жатқан киносына кәсіби актерлерді 

шақырмаған режиссерлерге де кінә артуға 

болмайды. Ол – тек өзі көтере алмайтын 

шоқпарды беліне байлаудан қорқатын 

адам екендігін мойындағаны. Сондай-ақ 

біз секілді кәнігі тарландарды ойнатса, 

мысы басылып қалудан қорқады. Ал мысы 

басылған режиссер – режиссер емес. Кино 

түсірудің бұл да бір – өзіндік құпия заңы. 

Режиссер де – бақсы. Мен, мысалы, Рақы-

шев деген режиссерді танымаймын да. 

Бірақ бір емес, бірнеше рет байқағаным, 

соны кәсіби режиссерлер жерден алып, 

жерге салып кінәлап жатады. Өзінің бір 

сөзін құлағым шалып қалды: «Мен дү-

ниежүзіне атағымды шығарайын деп жүр-

генім жоқ, тек өз халқымның жүрегіме жол 

тапсам, сол жетеді», – дейді. Осы сөзінен 

кейін мен бұл жігітті сыйлай бастадым. Ең 

алдымен, не жасасақ та, бірінші қазағымыз-

дың жүрегіне жол таба білуіміз керек. 

Халқымыз бізді бағаласа, ең үлкен сыйлық 

– сол. Менің түсінігім солай. Қазағым мені 

«бұл біздің қазақтың ішінен туған Нұржұ-

манымыз» десе, маған одан артық бағаның 

керегі жоқ. 

Әртістердің де ішінде Құдай берген 

дарын иелері бар да, құр оны оқып 

шыққандар да бар. Жай бір-екі шақырым 

жерге жүгіріп, киноға дайындалғанын үл-

кен бір іс тындырғандай көретін әртістеріміз 

де бар. Олар бір-екі киноға түседі де, сол 

бойы қалып қояды. Менімен бірге талай 

киноларға қатар түскен актерлер де болды, 

бірақ кейін солардың көбінің қайда кет-

кендерін білмей де қалдық. Ал Құдай өзі 

ерекше қабілетті етіп жаратқан Нұрмұхан 

Жантөрин, Ыдырыс Ноғайбаев, Әнуар 

Мол  дабеков, Есболған Жайсаңбаев, Шәкен 

Айманов, Кәукен Кенжетаевтарды біз ұмы-

тамыз ба? Жоқ, қазақ осылардың қай-қай-

сысын болсын қастер тұтады. 

– Осындай бір кездері қазақ 

киносын биік белеске көтеріп кеткен 

осындай алыптар шоғырының ізін 

басып келе жатқан ұрпақ бар ма 

қазір? 

– Ол кісілер, мысалы, мені арнайы 

оқыт қан жоқ. Мен тек солардың қасында 

жүріп, көргенімнің бәрін көкейіме тоқи 

бердім. Олар халықтан алған дүниесінің 

бәрін ақырындап көрсете бастады. Мен 

ақырындап жинай бердім, жинай бердім. 

Қазір мен сол кісілердің жиған-тергендерін 

солардың соңында қалған тұяқ ретінде 

хал қыма қайтарып жатырмын. Оны қай-

тару ға қанша уақыт кетеді, он жыл ма, 

жиы р  ма жыл ма, оны Құдайдың маған бе р-

ген жасы мен күш-қуаты біледі. Мен  өзімді   

сол кісілердің алғаш қалыптас тыр ған қазақ 

актерлік мектебінен дәріс алған дардың 

бірімін десем де болады. Мен Құрманбек 

Жандарбеков, Елубай Өмірза қов сынды 

саңлақтардың көзін көр дім. Олар менің 

өнер ғана емес, өмір мек те бім де болды. 

Қазір қарап отырсам, сон дай ұлы актер-

лер ден тәлім алған мен де бақыт ты екенмін. 

Шәкен Аймановты айт па ғанда, Кәукен 

Кенжетаев, Қасым Жәкі баевтың өзі неге 

тұрады?! 



– Әңгімеміздің әу басын өзіңіз 

әйелдерден бастадыңыз. Өзіңіз 

алғаш киноға түсе бастағаннан бері 

бірге киноға түскен әйел әртістердің 

қайсыбірі ерекше есіңізде қалғанын 

айта аласыз ба? 

– Қазақ әйелдерінің арасынан өнер 

сахнасына, киноға алғаш жарқ етіп шыққан 

Әмина Өмірзақова апамыз ғой. Ол кісі мені 

«қайным» деп қалжыңдаса беретін. Мен ең 

алғаш өнерге келгенде ұялшақ болатынмын. 

Сол Әмина апам жұлқылап жүріп қатарға 

қосты. Ол кісі маған қалжыңдасуды, елмен 

қаймықпай сөйлесуді үйретті. «Ана туралы 

аңыз» деген фильм бар. Әмина апамыздың 

сол дүниесі менің жүрегімде, жалпы, 

көрерменнің жүрегінде десем де болатын 

шығар, тасқа басылған таңбадай қалып 

қойды. Ол кісінің егіс алқабында майданға 

кеткен баласын ойлап, құлазыған келіншек 

кейпінде келе жатқаны, баласы ның хат та-

рын алғандағы сәті бәрі-бәрі қандай шына-

йы еді десеңші. Ал мен сол соғыстың кезін 

көрген адаммын. 1945-1947 жылдары, 

соғыс жаңа біткен жыл да ры мен жесір қал-

ған әйелдердің зарлап жылағанын көрдім. 

Сол себепті ме, Әмина апамның сол киносы 

жүрегімде өмір бақи қалды. 8 наурыз сол 

бір аяулы апамыздың туған күні еді. Әйел 

актрисалардан ең жоғары қоятыным – сол 

кісі. Ол кісінің, әрине, жөні бөлек, сондай-

ақ қазақ актри саларының ішінен Сәбира 

Майқанова, Бикен Римова, Майра Қосы-

баева, Фарида Шәріповаларды да қастер 

тұтамын. Бұлар дың әрқайсысының өнерде 

өзіндік төбесі, шоқтығы биік шыңдары бар. 

Қайсысы болсын халқы үшін жаралған 

жандар. Алла олардың өмір жастарын ұзақ 

қылып, әдемі көркінен айырмай, қайғы-

қасіретке душар қылмасын. 

– Сіз сондай өнер саңлақтары 

кезіндегі қазақ киносымен қатар, 

қазақ театр өнерін де көрдіңіз, 

ішінде жүрдіңіз. Сол кезбен 

салыстырғанда, бүгінгі қазақ театр 

өнеріне қандай баға берер едіңіз?

 – Мен қазіргі қазақ театрына баға бере 

алмаймын. Себебі театрға кейінгі кездері 

бара алмай қалдым. Біріншіден, киноға 

түсіп анда-мұнда жүремін, ал қолым боса-

ған да келесі бір туындының сцена рий-

лерімен таныса беремін. Қазір қолымда екі 

бірдей жаңа киноның сценарийі жатыр. Ал 

қолыма сценарий түсті ме, бітті, мен ешқай-

да бармаймын. Өнер адамдарымен көп 

жолықпауға тырысамын. Неге? Өйткені 

менің жақсы да жаман бір қасиетім бар: не 

көрсем де, не естісем де, мөр басқандай, 

таспаға басқандай, санама жазылады да 

қалады. Ал ол кейін менің ойнаған рөліме 

кедергі жасайды. Қазіргі кездегі жүлде 

алып жатқан дүниелерді оқуыма, көруіме 

болады, бірақ жаңағы айтқан себепке бай-

ланысты мен олардан аулақ жүруге тыры-

самын. Бірақ енді бір айтатыным, қазақта 

«сын түзелмей, мін түзелмейді» деген бар 

ғой. Кейінгі кезде сыншыларымыз театрдың 

мінін ғана айта бастады, сынды айтпайды. 

Сыншымын деп мінді бетке баса беруге 

болмайды, сын ақылшы болуы керек, пікі р-

лес, тілектес болуы керек. Сонда ғана мін 

өзінен-өзі түзеледі. Кейінгі кезде театрдың 

жараларын тырналай береді. «Ел бармай-

ды, анау-мынау» дейді. Құдайға шүкір, ел 

барып жүр. Театрды да, өнердің қай түрін 

болсын халқымыз жақсы көреді. Тек кейде 

ауыртпалы кезеңде кейбіреуге театр түгіл, 

нан тауып жеу, тұрмысын түзеу мұң болды 

ғой. Ол түгіл, мұсылманның парызы – 

ораза мен намаздың өзін тоқтықта дейді 

ғой. Сондықтан, менің ойымша, театрдың 

көрерменін жоғалтуы ол – уақытша ғана 

құбылыс. 



– Театрға бармай, өзге дүниеден 

бөлек теніп, өзіңізді өзіңіз қоршаған 

ортадан шектейтініңізді айтып 

жатырсыз. Алайда сізге жаңа бір 

кейіпкерді сомдау үшін қандай да 

бір азық керек қой. Сол азықты 

қайдан аласыз? Кейіпкерді қайдан 

іздейсіз? 

– Ортам ол – халқымның арасы. Театрға 

бармағаным, кино көрмегенім, ол менің 

ешқайда шықпай жатып алатындығымды 

білдірмейді. Ел ішіне шығамын, өзім ғана 

жалғыз шығып, кейде қоғамдық көліктерге 

отырып алып, өзіме қажет нәрсені, мінез-

құлықты іздеймін. Жас кезімнен көзіме түс-

кен ді қағып ала қоямын. Бір ерекше адам-

дар болады ғой, сондайларды көрдім бе, 

бітті, мен соның қылықтарын айна-қатесіз 

өзіме көшіріп ала қоямын. Керек кезінде 

әлгіні шығарамын. Ол үшін тыраштанып, 

өзіңді-өзің қинаудың еш қажеті жоқ. Шын-

дап ол бейне келді ме, бойыңда бар қабі-

лет, әлдеқайдан алған бейнең өзі-ақ келе 

қояды. Беріліп ойнасаң, бәрі де шынайы 

шығады. «Ел іші – өнер кеніші» деп тегін 

айт паған, расында, халық деген  – таусыл-

майтын қор.



 – «Кешіккен махаббат» фильмі 

толығымен түсіріліп бітті ме? 

Тұсаукесері қашан болады, яғни 

көрермен оны қашан көре алады? 

– Иә, оны бітіріп, міне, өзің көріп отыр-

ғандай, сақал-мұртымды өсіріп, келесі бір 

фильмге дайындалып жатырмын. Ал «Ке-

шік кен махаббатты» жұртшылық мау сым ға 

таяу көріп қалар. 



– Киноның тілі қандай болады? 

– Қазақ, француз, неміс – осы үш тілде 

шығады. Қазір Еуропада құрастырылып 

жатыр. Әлемнің кез келген елінде ұялмай 

көрсететін дүние болады деп жатыр. Біз 

барымызды салып ойнап шықтық, бағасын 

халқымыз көрген соң бере жатар. 

– Осылай редакциямызға 

кездейсоқ қонақ болғаныңызға, 

жаңалығыңызбен бөліскеніңізге 

рақмет. Қазаққа береріңіз 

таусылмасын!

Әңгімелескен 

Мәриям ӘБСАТТАР 

Бас прокурорға хат жазуға болады

Шығыс айналма жолы кептелісті 30 

пайызға азайтады



Қандыағаш қаласында үш жыл бұрын болған қылмыстық оқиға әлі ашылар емес. 

Аудандық полиция да, прокуратура да істі жылы жауып қойғысы келеді. Өйткені 

мұның артында дөкейлер тұр. Мен бұл туралы Бас прокуратураға шағымданайын 

деп едім. Оның жеке блогына жазсам, өзгелер оқып қояды. Бас прокурормен жеке 

кездесуге тағы мүмкіндік жоқ. Оған шағымданудың басқа қандай жолы бар?

 

Г. С., Ақтөбе облысы

ҚР бас прокурорының 2003 жылғы 11 

маусымдағы №43 бұйрығына сәйкес, аза-

маттардың құқықтары мен бостан дық тарын 

қорғау мақсатында прокуратура еліміздің әр 

аймағынан анонимді үндеу-өтініштер қабыл-

дай алады. Қазіргі уақытта құзырлы орган өз 

қызметін одан әрі жетіл діруге көңіл бөліп 

отыр. Бас прокурату раның gp-rk@mail.online.

kz электронды сенім поштасы құқық қада-

ғалау саласы өкілдері мен тұрғындарды жа-

қын  дастыруды көздейді. Мұнда түскен ақпа рат 

прокурорлық  әсер  ету-тексеру  жұ м ы с   тарына 

негіз бола алатыны сөзсіз. Бірақ тексерулердің 

нәтижесі жайлы Бас проку ратураның ресми 

жауабын алу үшін про куратура органдарына 

қол қойылған, мекенжайы көрсетілген қара-

пайым хат жолдануы тиіс. Онсыз қандай да 

бір жауап қайтарылмайды. 

Алматыда көлік кептелісін азайту үшін шығыс айналма автожолы салына бастап 

еді. Оның құрылысы қашан аяқталады екен?

Дидар СЕРІКҰЛЫ, Алматы қаласы

Алматы қалалық жолаушылар көлігі 

және автокөлік жолдары басқармасы ма-

ман да ры ның  хабарлауынша,  Алматы  шығыс 

айналма жолы құрылысының бірінші кезеңі 

биыл аяқталады. Достық даңғылынан Бал-

табаев көшесіне дейінгі аралықты алып 

жатқан бұл жолдың ұзындығы 5,6 шақы-

рым ды құрайды. Бірнеше шақырымға созы-

латын жолдың құрылысына биыл респу б-

ликалық бюджеттен 14,8 миллиард теңге 

бөлінген. Мамандардың сөзіне қарағанда

тас жол толығымен пайда лануға берілетін 

болса, қаладағы көлік кеп телісі 30 пайызға 

азаяды. Себебі шығыс ай нал ма жолы қала-

ның іші мен сыртындағы көлік жолдарының 

біразымен қиылысады. Нақтырақ айтқанда, 

шығысында Талғар трас сасынан басталатын 

жол солтүстігінде Алматы халықаралық 

әуежайы, Алматы-Ұзынағаш көлік жолы, 

әл-Фараби, Сайын және Жандосов көшеле-

рі мен қиылыса отырып, Құлжа трассасына 

дейін гі аралыққа созылмақ.

ЭКОЛОГИЯ


Алматының ауасын 

автокөліктер улы 

газбен ластап жатыр

СОТ ІСІ


Диагнозды дұрыс 

қоймаған дәрігер 

сотты болды 

? Б I Л Г I М   К Е Л Г Е Н   Б I Р   С Џ Р А Ћ


1   2   3   4   5   6


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал