Жалпы, Марченко мырза осы айтқанымен аяқастынан жаңалық



жүктеу 0.64 Mb.

бет4/6
Дата09.09.2017
өлшемі0.64 Mb.
1   2   3   4   5   6

БҮКІЛ ЕЛ ТАҒДЫРЫ ШЕШІЛГЕН 

ТАРИХИ ФОШ ВАГОНЫ 

1940 жылдың ақпан-наурыз айларында 

АҚШ Президенті Ф.Рузвельт Еуропаға өзінің 

кеңесшісін жіберіп, соғысты тоқтату мүмкіндігін 

іздеді. Рузвельттің кеңесшісі Муссолиниден 

соғысты ары қарай өр шіт пеуге болады деген 

сөзді естіп, үмітпен Гер манияға келгенде, 

Гитлер оған соғысты тоқ татпайтындығы туралы 

үзілді-кесілді ше шімін мәлім етті. 1940 жылдың 

көктемiне қарай Германия Батыс Еуропаны 

тiкелей жау лап алу әрекетін бастады. Әрине, 

Гер манияның бұл бағыттағы басты қарсыласы 

ағылшын-француз әскерлерi болатын.

Германия ағылшын-француз әскерлерiне 

қарсы соғыс қимылдары табысты болуы үшiн 

Солтүстік Атлантикадағы тиiмдi стратегиялық 

база болып табылатын Дания мен Норвегияны 

басып алу керек деп шешті. 1940 жылы 9 сәуірде 

Дания мен Норвегияның бейтараптылығын 

бұзып, олардың жерiне немiс әскерлерi басып 

кiрдi. Дания жеңiлгендiгiн бiрден мойындады. 

Ал Норвегия барлық қарулы күштерiн соғысқа 

жұмылдырып, қарсылық көрсеттi. Алайда күшi 

басым немiс әскерлерi елдiң көп бөлiгiн жаулап 

алып, өкiмет билiгiн жергiлiктi фашистерге 

бердi. Норвегия королi мен үкiметi талқандалған 

әскерiнiң қалдығын алып, Англияға кеттi. 

Норвегия үшiн болған соғыста немiс әскери-

теңiз күштерiне ағылшындар бiрнеше ауыр 

соққылар бердi. Екi жақтың да соғыс флоты 

үлкен шығынға ұшырады. 

Франция 30-жылдарда Германиямен ара-

сын дағы шекараға «Мажино шебi» деп аталған 

мық ты бекiнiс кешенін салған едi. Немiс әскер-

ле рінің бас штабы бұл шепке соқпай, Францияға 

шабуылды Бельгия мен Люксембург жерi ар қы-

лы жүргiзудi жоспарлады. 10 мамырда не мiс 

әс керлерi бейтарап Бельгия мен Нидерланды 



РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ-САЯСИ АҚПАРАТТЫҚ ГАЗЕТ

№40 (266) 12.03.2010 жыл, жұма



www.alashainasy.kz

5

e-mail: info@alashainasy.kz



Алмат ИСӘДІЛ

 

? Б I Л Г I М   К Е Л Г Е Н   Б I Р   С Џ Р А Ћ



Б I Л Г I М   К Е Л Г Е Н   Б I Р   С Џ Р А Ћ

Атауынан адасып қалған ұлттар

Бекмамбетов бізді ұмытып кетті ме?

Біздің қазақты кезінде өз атымен атамай, қырғыз-қайсақ деп келді 

ғой. Сол секілді әлі де өзі атымен аталмайтын ұлттар бар ма? 

Ерлан САБЫРҰЛЫ, Жетісай 

Көптеген этнонимдер өздері ме-

кен деген жердің атын иемденіп, нақ-

тырақ айтқанда, сол жердің атауы 

оларға сыртынан телініп, солайша 

өз 


дерінің байырғы атауларынан 

айы 


 

рылып қалған. Мәселен, авс-

трия лықтар,  албандықтар,  бра зи-

лиялықтар, македондықтар де 

ген 

секілді. Осы македондықтар деп 



жүргеніміз – шын мәнінде VI ғасыр-

да Балқан аралына қоныс аударған 

славян халықтары. Сондай-ақ вен-

грлер деп жүргеніміз – шын мәнінде 

ғұн текті мажар халқы. Сондай-ақ 

әлем неміс, герман атап кеткен ха-

лық тың тарихи атауы – дойч. Тіпті қы-

тайдың өзі китай да емес, чин де емес 

– хэнь болса, армяндардың өз атауы 

– найри, финдердің тарихи атауы – 

суоми. Тіпті француз халқының өзі де 

бір кездегі галл деген халықтың мұ-

рагері деген деректер бар. 

Осыдан біраз бұрын «белгілі режиссер Тимур Бекмамбетов 

«Қазақфильмнің» тапсырысы бойынша «Алтын адам» атты фильм 

түсіреді екен» деп естіп едік. Соның аяғы сұйылып кеткен сияқты. 

Жалпы, Тимур өзі қазір қайда жүр? «Алтын адамды» экраннан көре 

алатынымыз анық па? 

Мүсілім ҚҰРМАНБАЙҰЛЫ, Талдықорған қаласы 

ТМД елдерін былай қойғанда, 

бірегей туындыларымен бүкіл әлемді 

мойындатуға бет алған қандасымыз 

Тимур Бекмамбетов қазіргі уақытта 

Голливудта жұмыс істеп жатыр. Өнер де 

ғана емес, күнделікті өмірде де үлкен 

іс тындыруды мақсат ет кен ол Лос-Ан-

же лес маңайынан қа зақ мәдениетінің 

сая 


бағын құру 

ды ойластыруда екен. 

Сөйтіп, аме 

рикалықтардың ондағы 

киіз үйге келіп демалып, қымыз ішуіне, 

сон дай-ақ қазақ музыкасын тыңдап, 

ұлт 

тық қолөнер бұйымдарының ес-



к ер т кіш  нұсқаларын  сатып  алуына 

жағ 


дай туғызбақшы. Мұндай ойға 

ке 


луіне Америка қаласы аймағынан 

туған жерінің табиғатына ұқсас жер ді 

көріп қалуы себепкер бо лыпты. Содан 

«осы арадан саябақ аш 

сам, мұнда 

келіп тынығушылар өзде ріне беймәлім 

қазақ халқының мә 

дениетімен етене 

танысатындай мүм 

кіндік алса...» деп 

ойлапты. 

Ал «Алтын адам» жобасын ре-

жис  сер ойында пісіріп жатқанға ұқ-

сайды. Яғни ол бүгінде фильмнің 

сце  нарийін жазып, көркем образдар 

мен арнайы эффектілерін саралап, 

сал  мақтау үстінде. Сондай-ақ ол ки-

ноның түсіру жұмыстарын биыл дан 

кешіктірмей бастамақ. Негізі, фильм-

ді түсіру идеясы «әлем ха лық тарына 

Қазақстанның қандай жетістігін, 

қан дай құндылығын баса көрсетуге 

болады?» деген ойдан туындапты. 

БА

Қ



ТҰСАУКЕСЕР

КӨРМЕ


Алаш жайлы 

төрт кітап 

жарық көрді

Қытай жібегі - 

Алматыда 

Осы орайда Павлодардағы Бұқар жы-

рау атындағы облыстық әдебиет және өнер 

мұражайында жергілікті майдангер-жазу-

шылардың туындыларының көрмесі өтуде.

Көрмеде қазақ қаламгері Қалмұқан 

Исабаевтың шығармаларымен қатар, 

бірнеше майдангердің жазбалары мен 

сирек кездесетін фотосуреттері қойылған. 

Қанды күндерде от кешкен ардагеріміздің 

бірі, Лебяжі ауданында туған Всеволод 

Ивановтың шығармашылығына арналған 

экспозицияға әскери очерктер мен су-

рет темелер қойылған. Ол – әскери тіл ші 

болған танымал жазушы, кеңес әскер-

лерімен бірге батысқа дейін жеткен. 

В.Иван 

ов – нацистердің қылмыстарын 



айып таған Нюрнберг процесі туралы жаз-

ған тілшілердің бірі болған.

Павлодарлықтар, әсіресе, жерлес-

те 


рі Қалмұқан Исабаевтың әдеби шы-

ғар машылығымен жақсы таныс екендік -

терін аңғартты. Майдангер жазушы 

Қал мұқан ақсақал соғыстан кейін Гер  ма-

нияның шағын бір қаласында комен дант 

болып қызмет еткен, ол жерде бей біт-

шілік тіршілікті қалпына келтіруге кө мек-

тескен және немістерді өзінің туған елі 

– Қазақстанның мәдениетімен таныс-

тырған. Өмірінің осы бір кезеңін жа зушы 

өз кітабында жазған. Жазушының бас-

тамасымен кезінде Берлиндегі көшелердің 

бірі не ұлы Абайдың есімі берілген. 

«Мұндай тақырыптық шаралар алдағы 

уақытта да жалғасын табады» дейді ұйым-

дастырушылар.



Таңатар АЙТҰЛЫ

Қытай жібегінің қашаннан-ақ әсемдігі-

мен, құндылығымен әлемде жоғары 

баға ланып келгендігі анық. Сондықтан да 

айтулы мәдени оқиға болып саналатын бұл 

көр ме Қазақстан мен Қытай мемлекетінің 

екіжақты қарым-қатынасының әрі қарай 

дамуына оң ықпал етеді, сонымен бірге 

Алматы тұрғындарына қытай халқының 

мәдени дәстүрімен жақынырақ танысуға 

мүмкіндік береді деген сенім зор. 

Қытайдың жұрт аузындағы екінші 

атауы – «Жібек елі» екендігі белгілі. Ал 

жі бек өндірісі Қытайда шамамен 5000 

жыл бұрын пайда болды және б.д.д. II-

III ғасырлардың өзінде өте жоғары қар -

қынмен дамыды. Және ол кездің мата-

ларында, негізінен, айдаһарлар, аңдар 

мен құстар, гүлдер мен шөптер және бұлт-

тар бейнеленді. Көрмеге қойылған 145 

экспонаттың ішінде түрлі дәуірлердің жібек 

бұйымдары, қазіргі заманғы киімдер, 

жібек өндіруге арналған сан алуан құрал-

жабдықтар да бар. Көрме бес бөлімнен 

тұрады. Біріншісінде – XI-XII ғасырларда 

пай даланылған жібек өңдеу станоктары, 

екін шісінде – Қытайда бұдан бес ғасыр 

бұ 


рын болған жібек өңдеу станоктары 

бөлік 


терінің көшірмелері, үшіншісінде 

– аспан асты елінде үлкен маңызға ие 

болған киімдер қойылған. Иесінің қандай 

қоғамдық топқа жататынын немесе мем-

ле 

кетте қандай дәрежеге ие екендігін 



кезін де оның киіміне қарап-ақ анықтауға 

болады екен. Көрменің төртінші бөлігі 

Жібек жолының құрамдас бөлігі есебінде 

Қазақстанға арналған. Цинь елінің жібек 

сатушы саудагерлері ерте замандардан-

ақ қазақтармен тығыз байланыс ор нат -

қан. Бұл туралы деректерді ҚХР мем 

 

-



лекеттік мұрағаттарынан көптеп кез  дес-

тіруге болады. Экспозицияның бе 

сінші 

бөлімі тігін өндірісінің заманауи сан дық 



технологиясының даму барысын сипат-

тайды. Мұнда «Көктемгі шежіре» ака-

демиясының профессоры Цю Хай Суоның 

қазіргі заманғы арнайы техниканы пай-

да 

лана отырып жасаған киімдерінің 



коллекциясы ұсынылған. Көрме 15 сәуірге 

дейін жалғаспақ. 



Сәруар САҒЫМ

Алматыдағы Ә.Қастеев 

атындағы Өнер мұражайында 

«Жібек жолы – Қытайдың жібек 

өнері» атты көрме өтеді. Көрмені 

Ханьжу қаласындағы «Қытай 

жібегі» мұражайы Қазақстандағы 

Қытай елшілігімен бірлесе 

отырып, Мәдениет және ақпарат 

министрлігінің қолдауымен 

ұйымдастырып отыр. 

Жаңа еңбектердің жарыққа шығуына 

мұрындық болған – Алаш идеясын өскелең 

ұрпаққа кеңінен насихаттап зерттеуші, 

тарих ғылымының докторы, профессор, 

Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік 

университетінің ректоры Ерлан Бәтташұлы 

Сыдықов. Ғалымның өткен жылы 



«Шәкәрім және Алашорда» атты кітабы, 

биыл «Алаш қаласының тарихы» атты 

зерттеуі жарық көрді. Кітапта бүгінгі таңға 

дейін арнайы зерттелмеген Алашорда 

үкіметінің саяси орталығы болған Алаш 

қаласының тарихы туралы тың деректер 

жазылған. Ондағы тың деректер Алаш 

ұлт-азаттық қозғалысы мәселесін одан әрі 

қарай ғылыми түрде кешенді зерттеудің 

бастамасы іспетті. 

Жұртшылық назарына ұсынылған 

«Вос  точные  отделение  Правительства 

Алаш орды. Сборник документов» атты 

екінші кітап ШҚО Қазіргі заман тарихын 

зерттеу орталығының директоры Г.Т.Қа -

сымова мен тарихшы ғалым Е.Б.Сы дықов-

тың авторлығымен жарыққа шыққан. 

Оған хронологиялық негізде берілген 188 

тарихи құжат енгізілген. Кітапта Алаш-

орда үкіметінің Шығыс бөлімі қызметіне 

қатыс ты осы уақытқа дейін ғылыми ай-

на лымға енгізілмеген тың деректер жи-

нақ талған. Кітапқа берілген қосымшада 

«Алаш орда» партиясының көрнекті өкіл-

дерінің жеке істерінің көшірмелері ен-

гізіл ген. М.Тұрғанбаев, Е.Итбаев, Н.Нұр-

мақовтардың жеке істері тұңғыш рет жа-

рияланып, Шыңғыстау ауданының жаппай 

жер аудару мен тәркіленуге түскен ауқатты 

байлары туралы, «Алаш» партиясының 

мү шелері жайлы мәліметтер келтірілген.

Гуманитарлық бағыттағы терең па-

расат-пайыммен жазылған тағы бір 

зерт теу еңбек – филология ғылымының 

док торы, профессор Арап Сләм ұлы Ес-

пен бетовтің  «Шәкәрім және Сұлтан-



мах мұт» атты ғылыми-зерттеу еңбегі. 

Кітап тың алғашқы бөлімінде әдебиеттану 

ғы лы мының өзекті мәселелерімен қоса, 

Шә кә рімнің  әдеби-сын  публицистикалық 

еңбектері терең толғамды ойлар өрісінде 

зерделенген.

Зерделі оқырманға ұсынылып отырған 

тағы бір жаңа кітап Алаштану ғылыми-

зерттеу орталығының директоры, ғалым 

Тұрдықұл Шаңбайдың «Ұғым мәдениеті» 

деп аталады. Онда Шәкәрімнің ғылы ми 

еңбектері мен философиялық шығар ма-

ларындағы ұғым қалыптастыру мәселесі 

қарастырылады. Кітап авторы Шәкәрім 

қалыптастырған мәдени-философиялық 

ұғымдарды ғылыми жүйеге түсіруге тал-

пы ныс  жасаған. 

Б.КӘРІМОВА, 

Шәкәрім атындағы Семей 

мемлекеттік университетінің 

аға оқытушысы

Шәкәрім атындағы Семей 

мемлекеттік университеті 

жанындағы Алаштану 

ғылыми-зерттеу орталығы 

Алаш арыстарының әдеби, 

тарихи, ғылыми еңбектерін 

зерттеп, зерделеп, халыққа 

танытып, насихаттау 

мақсатында жазылған 

кітаптардың тұсаукесер кешін 

өткізді.

ӨРКЕНИЕТ


САРЫН

Жүректі сазбен тербеген «Тұран»

«Қазақ газеттері» 10 жылды 

артқа тастады

Кеш қашан басталады деп тағатсыздана 

күтіп отырған көрермен бір сәт дүр сілкінді. 

Әдеттегідей баяндама, құттықтау лебіздері 

мен жүргізушінің жаттанды сөздері ай-

тыл  мастан, «Бақсы» атты авторлық-ме-

дитативтік көрініспен шымылдығын ашқан 

кон церт ешкімге ұқсамайтын топтың қол-

таң басы айқындалып қалғандығын аң-

ғартты. Одан соң жас музыканттар бірін-

бірі қайталамайтын «Қазақ елі», «Дала 

са рыны», «Ана алақаны», «Аққу» сынды 

ком п озицияларды жаңаша, тың үлгіде 

орын дап, көрерменді сиқырлы әуенмен 

әлди леп отырды. Тұсаукесер концерттің 

соңын да орындалған «Той» композициясы 

театр ландырылған көріністермен толық-

ты рылып, сахнада шын мәнінде той бас-

та лып кеткендей әсер туды. Екі сағатқа со-

зыл ған кеште «Тұран» таланттары жан ды 

дауыспен шынайы өнер көрсетіп, әр түрлі 

аспаптарда шебер ойнай алатын мүм-

кіндіктерін көрсете білді.

Ұлттық өнерді жандандыруға шын 

ықыластарымен берілген ансамбль Мақсат 

Медеубек, Бауыржан Бек 

 

мұханбетов, 



Хорлан Кәртенбаева, Се рік Нұрмолдаев, 

Абзал Арықбаев есім ді жас таланттардан 

құралған. Ал жа ңа тұсауы кесіліп, өз 

тыңдарманымен  қа уы шып  отырған 

«Тұран» деп аталатын жа ңа CD жинақта 

бас-аяғы 11 шығарма топ т астырылған. 

Консерватория ректоры, әй гілі музыкант 

Жәния Әубәкірованың қам қорлығымен 

үлкен өнерге жаңа қадам ба сып келе 

жатқан топтың бұл тұңғыш жи 

нағын 

шығаруға «Классик. КZ» ақылы ра диосы, 



«EL» продюсерлік орталығы, «Қазақстан-

Ақпарат құралдарының қай түрі бол-

сын – халық пен билік арасындағы көпір, 

еке уін дәнекерлеуші, бірақ өзі халықтың 

жа ғындағы тегеурінді күш. Жер-жаһанды 

жау лап алуды көздеген жаужүрек қол бас-

шы Наполеонның өзі кезінде қарсы кел ген 

мың найзадан гөрі төрткіл дүниеге та-

райтын төрт газеттен қорқу керектігін бе-

кер ге айтпаса керек. Мерейлі басқосуды 

осын дай сөзді семсер еткен «жауынгер 

қа 


уым 

ды» жасақтап шығаратын киелі 

ша ңы рақта өткізудің мәнісі ақпарат май-

данына жаңадан еніп жатқан жас буын 

мен майданның бел ортасында қол бас-

тап жүрген «қолбасшыларды» бірін-бірі 

жақынырақ тануына жол ашу болса керек. 

ұсынды. Консерваторияның үлкен 

залына көрермендер көп жиналды. 

Қаншама адамдар «Тұранның» 

өнерін тік тұрып тамашалады! Бұл, 

ең алдымен, ұлт өнеріне деген 

құштарлықты оятты.

Мақсат САҒАТБЕКҰЛЫ, 

«Тұран» тобының мүшесі:

– Ансамбльдегі бесеуміз де 

Құрманғазы атындағы Қазақ 

ұлттық консерваториясының 

тәрбиеленушілеріміз. Біз белгілі 

бір жетістіктерге жетсек, ол – ең 

алдымен, ұстаздарымыздың арқасы. 

Жалпы, репертуарымыздағы 

музыкалық композициялар 

синкретті өнерге құрылған. Ол – 

поэзия, қарасөз, көмеймен қайлау, 

дәстүрлі ән мен бидің және табиғи 

дыбыстардың бір арнада тоғысуы 

сынды бірнеше жанрдың жиынтығы. 

Біздегі сазсырнай, шаңқобыз, 

домбыра, қылқобыз, күнтаяқ 

(сылдырмақтың бір түрі), жетіген 

секілді қазақтың көне аспаптарынан 

бөлек, заманауи аспаптар жоқ. Оның 

өзі топтың ерекшелігін көрсетеді. 

Дегенмен бізге әлі де тынбай 

еңбектену қажет. 

соны кәдімгідей дәріптегеніне 

таңғалдым. Араға төрт жыл салып, 

1990 жылы дәл осы Ұлыстың ұлы 

күні қазір өзім басшылық жасап 

отырған «Ана тілі» басылымы 

дүниеге келді. Халық ана тіліне 

сусап отырған тұста бұл бір үлкен 

оқиға болды, бірден таралымы өсіп 

шыға келді. Биыл – газетіміздің 20 

жылдық мерейтойы.

Басқосу барысында сондай-ақ қазір-

гі кездегі жастардың кітап, газет-журнал 

оқуға деген ынтасының төмендігі жайлы 

да мәселелер көтеріліп, басылым бас-

шы лары болашақ мамандарға осы олқы-

лықты дұрыстауға, яғни іргелі білімнің 

теледидарда емес, интернетте де емес, 

кітапта, газет-журналдарда екенін айтып 

өтті. 


Рекордс» студиясы қол ұшын берген.

Түркі дүниесінің музыкалық мұрасын 

ары-бері ақтарып, көне сарындарды бү гінгі 

тыңдарман талғамына ыңғайлап же тілдіріп, 

дамытуға үлес қосып жүрген «Тұ ран» тобы 

осыдан екі жыл бұрын ғана дү ниеге келсе де, 

Еуропа мен АҚШ-тың бе  дел ді сахналарында 

шеберліктерін  бай қа тып,  талайлардың 

таңдайын қақтырып ке леді. 

«Тұранның» бір шығарма орындау 

ке зінде дауылпаз дүрсілі, домбыра үні, 

қобыз сарыны, көмеймен ән салу, жетіген 

дыбысы, шаңқобыз бен сазсырнай сазы, 

өсімдік сыбдыры мен бұлақ сыңғыры – бір-

бірімен ғажайып үндесіп жатады. Абайдың 

«сылдырап өңкей келісім» дейтін сөзін осы 



жағдайда қолдануға болатындай...

Ақтоты РАЙЫМҚҰЛОВА, 

композитор, Қазақ ұлттық 

консерваториясының проректоры:

– «Тұран» фольклорлық-этногра-

фия лық ансамблі бүгінгі күні эт ному-

зыка сала сындағы ең жас топ бо лып 

саналады. Құ рылғанына аз уақыт болса 

да біраз жетіс тік тер ге жетіп, әлемдік 

сахналарда өнер көр  сетіп жүрген 

болашағы зор ан сам бльдің алар 

асулары әлі алда. Өздерінің ішкі руха ни 

дүниелері бай талантты жастардан құ-

ралған бұл топ біреудің тапсырысымен 

Жұмабек КЕНЖАЛИН, 

«Қазақ газеттері» ЖШС-інің бас 

директоры:

– Осы 10 жыл ішінде «Қазақ 

газеттері» ЖШС атаулы даталарға 

байланысты әртүрлі ресми-бейресми 

іс-шаралар өткізіп келеді. Тіпті қазақ 

БАҚ-тары арасында футбол мен 

бильярд секілді спорттық ойындардан 

турнирлер өткізген кезіміз болды. Ал 

енді бүгін біздер өзіміздің ізімізден 

ерген жас буынмен етене жақын 

араласу үшін әрі өзіміз түлеп ұшқан 

білім ордасына тағзым ету мақсатында 

осындай жиын өткізіп отырмыз. 

Жалпы, газет үшін өз тілшілерімен 

қатар, авторларының да маңызы өте 

зор. Ал біздің көптеген авторларымыз 

– осы оқу орнының ұстаздары мен 

студенттері. 

не месе белгілі бір ресми қағаздарға 

сү йеніп жасақталған болса, онда 

оның келе шегіне күмәнмен қарауға 

болар еді. Алай да «Тұранның» тірегі 

саналатын бес бір дей өнерпаз үлкен 

өнерге өз жүрек қалауларымен келіп 

отыр. Топ мүшелері үнемі бірін-бірі 

толықтырып отырады. Мысалы, бірінің 

ақындығы бар болса, екіншісінің 

актерлік қабілет тері бар. Ал енді бірі 

би өнерін мықты меңгерген, бірінің 

көмеймен ән айтатын артықшылығы 

бар. Бір ғажа бы, олардың бәрі де 

бірнеше аспапта ойнауды шебер 

меңгерген. Бұл –  тынымсыз еңбек пен 

ізденістің нәти жесі. 

Бір айта кететін жағдай, ұлттық 

тамырдан нәр алып, көктеп келе 

жатқан осындай өнерпаздарға 

әзірге атқамінер азаматтар мен 

Атымтайлардан қолдау болмай отыр. 

Десек те, біз әркімге алақан жайып 

қарап отырған жоқпыз. «Тұран»  өзінің 

негізін ұлттық консерватория жанынан 

қалағандықтан, біздің оқу орны осы 

топқа үнемі қамқорлық жасап келеді. 

Қазірдің өзінде шетелдерден жақсы 

ұсыныстар, шақыртулар келіп жатыр.

Күні кеше ғана ансамбль өзінің 

тұңғыш альбомдарының тұсаукесерін 

концерттік бағдарлама ретінде 

Самат ИБРАИМ, 

«Ана тілі» газетінің бас редакторы: 

– 1986 жылы мен бірде 

«Лениншіл жас» газетінің бас 

редакторы Сейдахмет Бердіқұлов 

ағамыздың кабинетіне бір 

шаруамен кірдім. Наурыз айы 

болатын. Қарасам, үстел үстінде 

көк түспен шығарылған «Лениншіл 

жас» газеті жатыр екен. Ол тұста 

атаулы мерекелерде газет біткен 

қызыл бояулы боп шығатын. Сосын 

таңғалып, газеттің неге көк түспен 

шығарылғанын сұрадым ғой. Сөйтіп 

ем, ағамыз: «Наурызға арналған 

нөмір ғой», – деп жауап берді. Ол 

кезде бұл мейрамның әлі халық 

арасына қайтарылмаған кезі, бірақ 

соған қарамай белді басылымның 

 Алматыдағы 

Құрманғазы атындағы 

Қазақ ұлттық консер-

ваториясының Үлкен 

концерт залында  елге 

енді танылып келе жатқан 

«Тұран» фольклор-

лық-этнографиялық 

ансамблінің алғашқы 

күйтабағының тұсаукесер 


1   2   3   4   5   6


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал