Жалпы, Марченко мырза осы айтқанымен аяқастынан жаңалық



жүктеу 0.64 Mb.

бет2/6
Дата09.09.2017
өлшемі0.64 Mb.
1   2   3   4   5   6

ЕКІНШІ ҰСЫНЫС

Тілді кодификация жасау. Мемлекеттік қызмет өкілінің белгілі бір сөздік қоры болуы 

керек, «қызмет саласындағылар осыншама сөз білуі керек» деген заңның қосымшасы 

болуы қажет. Дүкендерде, банк жүйесінде, халыққа қызмет көрсету орталықтарында 

мемлекеттік тілде сөйлеуді заңдастыру қажет. 

САЛДАРЫ

Бұл тек заң қосымшасы ғана болып қоймай, табандаған талапқа ұласқанда, 

адамдарда тілге деген сұраныс артады. Себебі істің барлығы қарапайым нәрселерден 

басталады.

ҮШІНШІ ҰСЫНЫС

Ағылшын тілін үйренемін дейтіндер АҚШ-қа барып, америкалық отбасында 

тұрады ғой, дәл сондай әдістерді біз де қолдануға тиіспіз. Ауылдарда, мәселен, қазақ 

тілін үйренемін дейтін талапкерлерге арнап неге тіл мектептерін ашпасқа? Қазақша 

мүлдем білмейтін басқа ұлт өкілі қазақша үйренемін десе, ауылда бір-екі ай тұрып, тек 

қазақтармен сөйлесетін жағдай жасау керек. 



САЛДАРЫ

Қазақ тілін білмейтіндер үшін бұл таптырмас көмек болар еді. 

ТӨРТІНШІ ҰСЫНЫС

Менің ойымша, Алматыда қазақ тілінің біраз мәселесі бар. Оның негізгі себебі, 

Алматы – урбанизацияға мейлінше мол ұшыраған, жаһандану мәдениеті еркін дамыған 

халықаралық қалалардың бірі. Сондықтан Алматыда тіл мәселесін шешудің мүлдем 

басқа формалары жасалуы қажет. Алматыда көптеген сауда орындары бар: «Мега-

орталық», «Рамстор» және басқа да осы жаһандану мәдениетінің объектілері, халықтың 

мәдени кодын бұзатындар да осылар. Осы жерлерде қазақ тілін пайдаланудың аясын 

кеңейте отырып, ішіне қазақ мәдениетінің элементтерін енгізу керек. Ол үшін алдымен 

сол орталықтардың қожайындарымен ашық әңгіме болуға тиіс.

 

САЛДАРЫ



Осындай мәмілелерге қол жеткізсек, халық көптеп баратын орталықтар арқылы да 

халықтың санасын қазақы тәрбиелей аламыз. 

Біздің басылымда 

қазақ тілінің болашағына 

алаңдап, өзінің өткір 

пікірлерін білдіріп жүрген 

азаматтардың ұсыныстары 

апта сайын тұрақты түрде 

беріліп отыратынын тағы 

да бір мәрте естеріңізге 

саламыз. Алдағы 

уақытта өздеріңізден 

ұтымды ұсыныстар 

күтеміз, құрметті Алаш 

азаматтары!

Ерлан САИРОВ, Мәдени саясат және 

өнертану институтының директоры:

Басқа ұлт өкілі қазақша үйренемін десе, 

ауылда бір-екі ай тұрып, тек қазақтармен 

сөйлесетін жағдай жасау керек

Басы 1-бетте

Кеше Алматыдағы 

Қазақстан стратегиялық 

зерттеулер институтында 

«Қожа Ахмет Ясауидің 

мұрасы және қазіргі 

заманғы ислам» 

тақырыбында ғылыми-

тәжірибелік конференция 

болып өтті. Оған еліміздің 

аймақтарынан Қожа 

Ахмет Ясауидің мұрасын 

зерттеп жүрген ғалымдар 

мен мәдени қайраткерлер 

жиналды.

Конференция барысында Қожа Ахмет Ясауи философиясының 

қазақ халқына идеология бола аларлық астары бар екені айтылды. 

Біз «елімізге Батыс мәдениеті, Шығыс мәдениеті, түрлі идеологиялар 

мен діни ағымдардың ықпалы қауіп төндіріп тұр» деп жиі 

шулаймыз. Олардың әрбіріне қарсы аттандап жеккөрінішті 

болғанша, төл мәдениетіміздің иммунитетін арттыра түскеніміз 

абзал шығар. 

ОЙ-ТҮЙІН

Сәкен НҰРҚАБЕКҰЛЫ

Нұрғис


а ЕЛЕУБЕК

ОВ (фо


то

)

немесе мемлекет дамуының төрт қағидасы қандай?



РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ-САЯСИ АҚПАРАТТЫҚ ГАЗЕТ

№40 (266) 12.03.2010 жыл, жұма



www.alashainasy.kz

3

e-mail: info@alashainasy.kz



Басы 1-бетте

ОЙ-КӨКПАР



Ілияс ИСАЕВ, 

экономист-сарапшы

Григорий МАРЧЕНКО, 

Ұлттық банктің төрағасы

Экспорттық тауарлардың қымбаттауынан туындайтын 

инфляциядан ішкі нарықты қорғаудың жолдары бар ма?

көп болса, теңге де орнықты болады. Баға 

да төмендейді. 

Ал сауалға жауап беретін болсақ, елдегі 

инфляцияны құрықтаудың бір-ақ жолы 

бар. Ол – шикізат өнімдерін экспорттаумен 

ғана шектелмей, керемет, әлем бойынша 

тең


 

десі жоқ, тұтынуға дайын тауарды экс-

порт тауға көшу. Мәселен, Франция өзінің 

иіссуымен әлемге әйгілі. «Тойота» десе, 

Жапония есімізге түседі. АҚШ тауық тың 

сирағын экс порттайды. Сол арқылы олар 

өз еліндегі кәсіпорындардың дамуына 

жағ дай жа сайды. Ал бізден мұнайды 80 

дол ларға сатып алады да, одан таза бензин 

жасап, 160 долларға өзімізге қайта сатады. 

Көр шілес Ресейдің өзі сөйтіп отырған жоқ 

па? Сондықтан бұдан былай шикізат экс-

пор тына сүйенуді қойып, тұтыну нарығында 

жо ғары сұра нысқа ие, жоғары техноло гия-

мен жасалған сапалы тауарларды экс порт-

тауға көшу керек. Одан басқа жол жоқ. 

Сондықтан мұнайдың бір барре лінің 

бағасы 70-80 доллар аралығында 

болуы біз үшін тиімді деп есептейміз. 

Ал уранның бағасы көтерілсе, онда ол 

біздің ішкі инфляциямызға әсер ет-

пейді. 


Инфляцияның шарықтауына жол 

бермеу мәселесіне келсек, экспорттық 

тауар бағасы өскен кезде оған тосқауыл 

қою – қиын шаруа. 90-жылдары біз мұн-

дай жағдайды бастан кешіргенбіз. Ол 

кезде бірқатар тауарлардың ішкі бағасы 

әлемдік бағадан төмен болды. Осыған 

байланысты лицензиялау жүйесі енгізіліп, 

ол өз кезегінде сыбайлас жемқорлықтың 

белең алуына әкелді. Мұндай жағдайда 

біз өз көзқарасымызды өзгертіп, бірқа-

тар азық-түлік өнімдеріне субсидиялан-

ған бағалар енгізуіміз керек. Онда біздің 

НАРЫҚ


Ағымдағы жылдың ақпан айында еліміздегі инфляция 0,9 пайызды 

құрады. Азық-түлік тауарларының бағасы — 1,3% , өзге тауарлар – 

0,4%, ақылы қызмет 0,7 пайызға өсті. 

Азық-түлік нарығында өткен айда көкөніс пен жеміс – 4,4 % , қант – 

2,5%, ет және сүт өнімдері – 1,6%, кофе, шай, какао - 0,8%, жұмыртқа 

0,6% пайызға жоғарылады. 

Көлік қызметі – 1%, мектепке дейінгі білім беру мен денсаулық 

сақтау – 0,7%, киім мен аяқ киім 0,4 пайызға көтерілді. 

Тұрғын үй-коммуналдық саласында орталық жылу - 0,3%, ыстық 

су – 1,1%, электр қуаты 2,3 пайызға өсті. Ақпан айының қорытындысы 

бойынша, жылдық инфляция орташа есеппен 7,1 пайызды құрады. 

 Болжамға сенсек, биылғы инфляция деңгейі 6-8 пайыз төңірегінде 

болады деп күтілуде. Айтпақшы, Г.Марченко жуырда берген бір 

сұхбатында: «Біз былтыр инфляция жоғары болмайды деп берген 

уәдемізді орындадық», – депті. Бас банкирдің биылғы сөзінен ондай 

уәдені байқамадық. 

ТҮЙІН

Дайындаған Гүлнар АХМЕТОВА

Атамұрат 

ШӘМЕНОВ, 

экономика ғылымы-

ның докторы, 

профессор:

Розақұл 

ХАЛМҰРАДОВ, 

Мәжіліс депутаты:

Рахымжан 

ЕЛЕШОВ, 

ауыл шаруашылығы 

ғылымының докторы, 

академик:

? А Л А Ш Т Ы   А Л А Ѓ Д А Т Ћ А Н   С А У А Л

А Л А Ш Т Ы   А Л А Ѓ Д А Т Ћ А Н   С А У А Л

Дайындаған Серік ЖҰМАБАЕВ

— Біз қазір биоэтонол зауыттарын жер-жерлерде 

көптеп аштық. Ол зауыттар сапасыз, төменгі сортты астық-

ты қабылдайды. Қабылдағанда да өте жоғары, көтеріңкі 

бағамен қабылдайды. Ал біздің астық өсірушілер мұны 

ақша табудың оңтайлы амалы ретінде қабылдауы мүмкін. 

Тіпті пайдаға кенелу мақсатында сапалы өнімді зауытқа 

тапсыруы немесе әдейі сапаға көңіл бөлмеуі мүмкін. Сон-

дықтан осы мәселені тиісті органдар мемле кеттік реттеу 

ретінде бақылауға алып, шектеу қоюы қажет. Әлемдік 

тәжірибеге сүйенсек, қай жерде биоэтонол зауыты көп 

бол са, сонда өндірілетін өнімдердің бағасы да қымбаттап 

кетеді. Әрине, әлемдік тәжірибеге байла нысты бір ғана 

биоэтонол зауы тын салып, соның төңіре гінде сапасыз 

өнімдерді жақсарт қанымыз дұрыс шығар. Бірақ био-

этонол зауытының Қазақстанда көптеп салынуы келешекте 

бізге үлкен зиян әкеледі. 

Астық сапасын көтермейінше, экспорттан өз орнымызды ала аламыз ба?

– Әрине, астық сапасын көтермейінше, экспорттан өз орнымызды ала 

алмаймыз. Өйткені астықты өсірудің өзіндік халықаралық стандарттары 

бар. Ұнның да, бидайдың да сапасы жақсы, клейковинасы жоғары болуы 

қажет. Егер клейковина сапасы халықаралық стандарттардан төмен болса, 

халықаралық рынокта бәсекелестікке төтеп бере алмаймыз. Сондықтан, ең 

бірінші, санға емес, сапаға баса назар аударған жөн. Халықаралық стандартқа 

астық сапасы сай болмаса, ертеңгі күні оны ешкім алмайды, ал алған күнде 

өте төмен бағамен алады. Егер сапаны көтермесек, онда халықаралық 

рынокта беделіміз жоғалады. Сондықтан астық сапасын көтеруді мықтап 

қолға алған жөн. Ол үшін мына үш факторға көңіл бөлу керек. Біріншіден, 

астықты қоректік заттармен қамтамасыз ету, яғни топырақтың құнарлылы-

ғын жақсарту арқылы астыққа қажетті қоректік заттарды беріп отыру керек. 

Екіншіден, әрбір өңірдің ауа райына бейімделген жоғарғы сапалы сорттар 

дайындау қажет. Мәселен, оңтүстік немесе оңтүстік-шығыста клейковинасы 

жоғары бидай өндіре алмаймыз. Клейковинасы жоғары бидай тек солтүстік 

өңірде жақсы өседі. Үшіншісі, агротехниканы күшейтуіміз қажет. 

– Әрине, өзімізге қарағанда экспортқа шығарылатын, басқа 

елдерге таратылатын астықтың сапасына талап күшті болады. 

Мәселен, Қытай астықтың клейковинасы 28 пайыздан кем бол-

мауы қажет деп отыр. Сондықтан экспортқа шығаратын кез де 

сапа өте маңызды рөл ойнайды. Бірақ елімізде астықты өндіруді 

ұйымдастырудың кемшілігінен, сапаға көңіл бөлмеудің сал-

дарынан дәнінің маңызы жоғары астық үлесі 28 пайызға 

төмендеп отыр. Далада қардың астында, мұздың астында 

астығымыз жатса, одан қандай сапа сұраймыз? Кезінде өзіміз 

астығымызды сатуды ертерек қолға алмадық, келісімшарттарға 

дер кезінде тұрмадық, осының салдарынан астығымыз далада 

судың астында қалды. «Азық-түлік» корпорациясы астықтың 

барлығын орып, жинап, қырманға үйіп біткеннен кейін сатуды 

ойластырады. Бұл — дұрыс емес. Оның барлығын алдын ала 

жоспарлап, тиянақты шешімдер жасауы тиіс. Сондай-ақ астықты 

сақтайтын қоймаларды көбейту қажет деп есептеймін. 

ҚАР

ЖЫГЕР


ЛЕР ФОР

УМЫ


Банкроттыққа жетелейтін 

серкелердің қара тізімі жасалады

Кәмшат САТИЕВА

Соңғы кездері отандық 

банк секторы жіті 

қадағалауға алынып, 

қатаң тәртіптердің 

тезіне салынуда. Мұны 

біреулер «асыра сілтеу» 

деп бағаласа, тағы 

біреулер «баяғыда қатаң 

тәртіпке көшу керек еді» 

дегенді айтады. Осы 

қарама-қайшы пікір 

қаржыгерлердің өзін 

де айналып өте алмаса 

керек. Наурыздың 

10-11-і аралығында 

Алматыда өткен Қазақстан 

қаржыгерлерінің форумы 

да нақ осындай пікірталас 

талқысы аясында өрбіді. 

ҚАРЖЫЛЫҚ ТӘРТІП



Заңсыз кіріске 

қарсы заң 

күшіне енді

Енді заңсыз жолмен алынған 

кірістердің бәрі бақылауда 

болады. Қазақстанның қаржы 

мониторингі комитетінің 

төрағасы Мүсірәлі Өтебаев кеше 

Қаржы министрлігінде өткен 

брифингте 9 наурыз күні «Заңсыз 

жолмен алынған кірістерді 

заңдастыруға және терроризмді 

қаржыландыруға қарсы іс-қимыл 

туралы» Заңның күшіне енгенін 

мәлімдеді.

БАНК СЕКТОРЫН ҚҰРТҚАН – 

ӘКІМШІЛІК ҚЫСЫМ

Форумдағы ашық талқыдан әкімшілік 

тарап қашқандай ыңғай байқатты. Өйткені 

бағдарламада баяндама жасайды деп 

көр сетілгенімен, қаржыгерлер үшін жыл-

дың ең маңызды болып табылатын оқи-

ғасына еліміздің қаржы министрі мен Қар-

жылық қадағалау агенттігінің төрайымы 

келмеді. Осылайша, басшысыз аталған 

жиынды бастаған құзырлы органдардың 

қосшылары дағдарыстан кейінгі эконо-

миканы қалай реттеу керектігі жөнінде 

пікірлерін ортаға салды. Олардың айту ын-

ша, қайта қаржыландырудың ставкасы өз-

гермейді, инфляцияның шарықтауына жол 

берілмейді, ал теңге нығаятын болады. 

Яғни бір сөзбен айтқанда, қаржылық жағ-

дайымыз жақсарып, бұрынғы қалыпқа 

қайта ораламыз. Ол үшін аталған салада 

бірқатар реттеу мен тәртіпке шақыру негі-

зінде заңдар өз күшіне енгізіледі. Мысалы, 

Қаржылық қадағалау агенттігі төрайы-

мының орынбасары Алина Алдамберген-

нің айтуынша, енді қаржы субъектілерінің 

банкроттығына тікелей қатысы барлардың 

қара тізімі жасалады, бұрын осындай кү-

мән ді іске қатысы барлар бес жыл көле-

мінде бұрынғы қызметіне жолатылмаса, 

енді оларды мүлде қаржы секторына аяқ 

баспайтындай қылады. 

 «Бизнестің жол картасы – 2020» 

бағдарламасы бойынша шағын және орта 

бизнесті екінші деңгейлі банктер несие-

лендіретін болып шешілген. Онда да сол 

Ал ондай инфляцияны құрықтауға 

Ұлттық банктің шамасы келмейді. Сон дық-

тан инфляцияның шарықтауын осы банк-

тің іс-қимылы деп емес, сыртқа сатылатын 

шикізат бағасының күрт өсуі салдарынан 

ақша массасының көбеюінің нәтижесі деп 

білуіміз қажет. Ұлттық банк валютаны тең-

геге сатып алады, яғни айналысқа да ақша 

массасы теңге түрінде түседі. Ондай бол-

маса, ішкі нарығымызда теңге құнсызданып 

кетер еді. Ішкі нарықта доллар көп болса, 

теңге нығая береді. Сонда теңге бекіді, 

қымбаттады деп айтамыз. 

Иә, теңгенің қымбаттауы мен арзандауы 

сыртқы факторлармен байланысты. Біздің 

отандық кәсіпорындардың өндірген өнімі-

нің бағасымен есептеу керек. Егер тауар 

экономикамыз ашық болмай қалады. 

Еуроодақ пен АҚШ бізді осылай деп 

таныды. 


Біз әлемдік экономикалық қоғамдас-

тықтан бөліне алмаймыз. Сондықтан 

сыр т тағы өзгерістер қалай болғанда да 

елдің ішкі экономикасына ықпалын тигі-

зеді. Бізде ашық экономика, сыртқы сау-

да үлкен рөл атқарады. Ал шикізат тауар-

ларын ғана экспорттайтынымыз — бас қа 

әңгіме. Егер астық пен мұнайдың әлем-

дік бағасы өсетін болса, онда бұл біз-

дің экспорттаушыларымыз үшін жақсы 

болғанымен, инфляция үшін жаман. Ерте 

ме, кеш пе бұл тауарлардың ішкі бағасы 

бәрібір көтеріледі. 

«9 наурыз күні 120-дан аса операция 

тіркелді. Ал 10-ы күні мыңға жуық опе-

рация мониторингтен өтті. Біздің есеп-

теуіміз бойынша, күніне үш мыңға жуық 

операциялар тіркелуі керек. Келешекте 

тіркелетін операциялар саны үш мыңның 

о жақ, бұ жағында болады деп ойлаймыз», 

– деді Мүсірәлі Өтебаев. Осы түскен опе-

рациялар минимумдық шектен асса, онда 

комитет бұларды зерттеп, тексеріп, бақы-

лап, бұл операцияның иелері жайында 

жан-жақты мәлімет жинайды. «Қазақ стан-

ның қаржы мониторингі әкімшілік типте 

құрылған. Мұның үш түрі бар: аралас тип; 

құқық қорғау органдары типі; әкімшілік 

тип. Әкімшілік тип дегеніміз – келіп түскен 

операциялар бірнеше талдаулардан өткі-

зіледі. Яғни жедел түрдегі талдау, такти-

калық және стратегиялық талдау», – деді 

Мүсірәлі Өтебаев. Тіпті комитет шетел-

дердегі әріптестерімен де байланыс жасап, 

солардан ақпарат ала алады екен. «Бұл 

талдаулар арқылы тек Қазақстандағы 

операция ларды талдап, жинап қана қой-

май, со 


нымен қатар шетелдегі әріп-

тестермен де байланыс жасап, солармен 

тығыз қарым-қатынаста боламыз. Олардан 

да мәлі мет терді жинап, толықтырып, құ-

қық қорғау органдарына береміз», – деді 

комитет төрағасы. 



Салтан СӘКЕН,

Астана

ТҮЙТКІЛ


Кеденде 

кептеліп 

тұрған тауар 

қырғыздікі ме, 

қазақтікі ме? 

Қырғызстанның кәсіпкерлері 

қазақстандық кеденшілер екі 

елдің арасындағы сауда-саттыққа 

байланысты халықаралық 

шарттарды өрескел бұзып отыр 

деп есептейді. Олардың айтуынша, 

8 ақпаннан бері «Қалжат» 

кеден бекетінің басшылары 

Қытайдан Қырғыз еліне қарай 

жол тартқан елуден астам 

жүк көлігін ешқандай себепсіз 

ұстап отырған көрінеді. Осыған 

наразылығын білдірген айыр 

қалпақты кәсіпкерлер Алматыда 

арнайы баспасөз мәслихатын 

ұйымдастырды. Кеденшілер де 

қалыс қалмай, журналистерге өз 

уәждерін жеткізді.

Қырғыз кәсіпкерлері Қазақстанның 

құзырлы органдарына бірнеше мәрте 

шағым хат жазған. Дегенмен олар бұл 

шағымдарына ешкім құлақ аспай отыр 

деген уәжді алға тартады. «Кеденшілер 

бұл әлдебір алаяқтардың жүктері және 

Қырғызстанға бағыт алмаған деп отыр. 

Олай емес. Қырғызстанда «Дордой» 

де ген сауда орны бар, онда мыңдаған 

адам жұмыс істейді. Қазір мыңнан астам 

кәсіпкер тауарларын күтіп отыр. Біз егер 

қажет болса, сол кәсіпкерлер туралы да 

анықтама бере аламыз», – дейді қыр-

ғызстандықтардың бірі. Сондай-ақ олар 

бұл мәселені шешіп беру үшін белгісіз 

біреулер кәсіпкерлерден ақша талап ет-

кендерін айтады. Қырғыз кәсіпкерлері 

қазіргі күні кеден басшыларына екі 

ұсыныс қойып отыр. Не көліктерді Қыр-

ғызстанға қарай жіберу, не болмаса бар-

лық тиісті құжаттарды жинап, Қытайға 

кері қайтару. Кәсіпкерлердің осы наразы 

ойларынан кейін Алматы облысы Кедендік 

бақылау департаментінің басшылары да 

Алматыда арнайы баспасөз мәслихатын 

ұйымдастырды. Аталған департамент 

бас тығы Құрманбек Артықбаевтың сөзіне 

қарағанда, жүк көліктерін осы күнге дейін 

ұстап отырудың негізгі себебі – департамент 

тауарлардың нақты қайда бағытталғанын 

білу үшін Қытайдан арнайы құжаттарды 

күткен. Құжат нәтижесі көрсеткендей, бұл 

көліктердің 14-і қазақстандық азаматтарға 

тиесілі болып шықты. Қалған 18 көлікке 

қатысты құжаттар Қытайдан әлі келмеген, 

ал басқалары тексеріліп жатыр. Сонымен 

қатар екі көлікке қатысты ҚР Қылмыстық 

кодексінің 209-бабы бойынша қылмыстық 

іс қозғалды. «Біз неге Қытайға сенеміз? 

Себебі екі елдің арасында осы мәселеге 

қатысты жасалған шарттар бар. Қазіргі 

уақытта сол шарттарға байланысты Қы-

тай тарапы аталған тауарларды тексеріп, 

Қырғызстанға бағытталмағанын айғақ-

тайтын құжаттарды жіберіп отыр. Біз 

қалған көліктерді жіті тексеріп, қажетті 

шара қолданамыз. Егер олар, расында 

да, Қырғызстанға бағытталған болса, он-

да оларды ұстамаймыз», – дейді Қ.Ар-

тықбаев. Сонымен бірге тексеріс бары-

сында мынадай жайттар анықталған, яғ-

ни Қытай тарапының мәліметі бойынша, 

Алматы қаласына бағыт алған автокөлікте 

26 тауар түрі, жалпы, кедендік құны 300 

мың АҚШ долларына тең 490 орынды 

алып тұруы тиіс еді. Ал тасымалдаушылар 

болса «аталған көлік Бішкек қаласына 

бармақшы, онда 10 түрлі тауар, жалпы, 

кедендік құны 26 378 АҚШ доллары 

тұратын 262 орынды алып тұр», – деп 

көрсеткен. «Осыған ұқсас сәйкессіздіктер 

қалған автокөлік құралдарында да анық-

талды», – дейді кеден басшысы. Әзірше 

мәселенің қалай өріс алары белгісіз. Бі-

рақ қырғызстандықтар «бұл дау екі ел 

арасындағы ынтымақтастыққа салқынын 

тигізеді» деп, сес көрсетіп отыр.



Нұрмұхаммед МАМЫРБЕКОВ

банктердің өз ақшасымен әрі төмен пайыз-

бен. Бұл жаңалық алғашқы кезде көптеген 

коммерциялық банктерге төбеден жай 

түскендей әсер қалдырған-тұғын. Алайда 

субсидиялаудың тетіктері жайлы қоғамда 

түбегейлі әлі ашық талқы болған жоқ. Бұл 

тұрғыда Ұлттық банк төрағасының орын-

басары Данияр Әкішев «нақты сектордағы 

жобаларды жүзеге асырудағы банк-

тердің қауіп-қатер тәуекелі сақтан ды-

рылады» деген жаңалығымен оларды 

тыныш 

тандырғысы келгендей болды. 



Алайда бұл шараның тетіктері әзірге Үкімет 

қабырғасында әлі талқылануда екен.

Отырыстың екінші бөлігіне қатысқан 

«Тәңірі Қаржы» АҚ Сараптама департа-

ментінің директоры Бауыржан Төлеповтің 

жоғарыда аталған мәселелерге қарсы 

айтар уәжі мол болды. Бір өкініштісі, ол 

құзырлы мекеме басшыларының өкілде-

рімен бетпе-бет жолығысып, ашық пікір-

талқыға түсе алмады. Тақырыбы тоқайлас 

келгенімен, оны екінші бөлімге ысыруына 

қарағанда, осы форумды ұйымдас ты-

рушылар да қаржы министрі мен Қар-

жылық қадағалау агенттігінің төрайымы 

секілді басын даудан ала қашқанды жөн 

көрген секілді. 



ДЕФОЛТҚА ҰШЫРАҒАН 

ЭМИТЕНТТЕР МӘСЕЛЕСІН 

ҚАЛАЙ ШЕШЕМІЗ?

Қаржылық қадағалау агенттігінің мәлі-

метінше, былтырғы жылдың қорытын-

дысы  бойынша, отандық 26 эмитент 63 

мемлекеттік емес облигацияны шығару 

бойынша дефолтқа жол берген. Бұл – 

айналымда жүрген мемлекеттік облига-

циялардың 12,1 пайызы, яғни 623 мил-

лиард теңге деген сөз. «Эксперт РА 

Қазақстан» рейтинг агенттігі де біздің қор 

биржамызға зерттеу жүргізіп, ондағы 

эмитенттердің жағдайы мәз емес деген 

қорытындыға келген. «Біз қор биржасына 

қатысушы 57 қазақстандық компания-

эмитенттердің қаржылық жағдайына зерт-

теу жасадық. Эмитент-компания лар дың 

12-сінің жағдайы жақсы, 21-інің жағдайы 

орташа, ал төртеуінің несие төлеу бойынша 

мәселелері бар, бірақ жағдайын реттеуге 

болады, ал қалған 24-інің жағдайы қиын. 

Онда да бүгінгі таңда екеуі банкроттық 

алдында тұр. Бұл, негізінен, компания-

эмитенттер мойнына киілген қарыз-қа-

мыттың уақыт өткен сайын ауырлап бара 

жатқандығын көрсетеді. Ал өндіріс рента-

белділігі байқалмайды. Тіпті кейбір ком-

панияның қарызы табысынан төрт есе көп 

екен», – дейді аталған рейтинг агенттігінің 

директоры Игорь Нуждин Қазақстан 

қор биржасындағы жағдайды си-

паттауда. Аталған саланың жағдайы 

қиын екенін Қазақ стан қор биржасының 

тө рағасы Қадыржан Дамитов та мо-

йындайды. 

– Былтырғы жылдың қорытындысы 

бойынша, қор биржасындағы тауар айна-

лымының көлемі 44 пайызға төмендеген. 

Әрине, оған әлемдік қаржы дағдары-

сының, оның еліміздің қаржы секторына 

тигізген залал-зардаптарының ықпалы 

бар. Қалай дегенмен де осы жағымсыз 44 

пайыз көрсеткіштің басым бөлігін шетелдік 

валюта нарығы мен РЕПО операциясы на-

рығы құрайды. Осы аталған екі нарыққа 

биржадағы сауданың 94 пайызы тиесілі. 

Былтырғы ақпан айындағы теңге деваль-

вациясының салдарынан шетелдік валюта 

нарығы өзінің тартымдылығын жойып 

алды. Сондай-ақ оған экспортқа шыға-

рылатын тауар бағасының төмендеуі 

белгілі бір деңгейде әсер етті. Ал екінші 

нарық еліміздің ақша нарығының күрт 

нашарлауы салдарынан өзінің тиімділігін 

белгілі бір деңгейде жоғалтты, – дейді ол. 

Ал бұл мәселені Қаржылық қадағалау 

агенттігі, әдеттегідей, қатаң тәртіпті ны-

ғайту арқылы шешу керек десе, «Тәңірі 

Қаржы» АҚ Сараптама департаментінің 

директоры Б.Төлепов: «Елімізде инфля-

цияның күшею қаупі бар кезде ұлттық 

валютаны нығайтудан бас тартқанымыз 

жөн. Бұған қол жеткізсек, қор биржасында 

жаңа қаржы құралдары пайда болар еді. 

Ол өз кезегінде биржадағы келеңсіз 

мәселелерді шешуге әсер етеді», – дейді. 

Жалпы, еліміздегі қаржы тапшылығын 

жоюға Кеден одағы белгілі бір деңгейде 

үлес қосуы керек деп күтіліп отыр. Сонымен 

қатар ислам қаржыландыру көздерінен де 

көп үміт күтеміз. Форумның екінші күні 

«Алматыны ислам қаржыландыру ай-

мақтық орталығы ретінде өркендету» деген 

тақырып аясында өтті. Оған ислам қаржы 

әлемінің серкелері: DirectFN басқарма 

басшысы — Мұхаммед әл-Балла, Zaid 

Ibrahim&Co. басшысы — Мұхаммед Хус-

сейн қатысты. Ал бұл тақырып талқысына 

кейін жеке-дара тоқталатын боламыз. 

Нұрғис

а ЕЛЕУБЕК



ОВ (фо

то

)



РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ-САЯСИ АҚПАРАТТЫҚ ГАЗЕТ

№40 (266) 12.03.2010 жыл, жұма




1   2   3   4   5   6


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал