Жалпы хирургия



жүктеу 114.83 Kb.

Дата12.03.2017
өлшемі114.83 Kb.

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ 

МИНИСТРЛІГІ 

 

А. Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университеті 

 

Ветеринариялық медицина кұжырасы 

 

 

 

 



 

 

 



А.М.Нәметов, М.Т. Байкенов,А.Ж.Рагатова  

 

ЖАЛПЫ ХИРУРГИЯ 

 

Оқу құралы 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

Қостанай, 2014 



 

 

ББК 48.75.73 



Н 20 

УДК 619:617 

 

Рецензенттер:  

Мустафин  М.К.  ветеринария  ғылымдарының  докторы,  ҚОФ  РМК 

«Республикалық ветеринариялық лаборатория» директоры 



Мустафин  Б.М.  ветеринария  ғылымдарының  докторы,  «ҚазҒЗВС  ЖШС» 

«Қостанай ғылыми-зерттеулік ветеринариялық станция» директоры 



Қайыпбай Б.Б. ветеринария ғылымдарының докторы, Қостанай облысы ауыл  

шаруашылық басқармасы  бастығының орынбасары 



 

Авторлары: 

Нәметов Асқар Мырзахметұлы, ветеринария ғылымдарының докторы, 

А.Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетінің ректоры 



Байкенов  Марат  Тоқмеилович,  ветеринария  ғылымдарының  кандидаты, 

доцент,  А.Байтұрсынов  атындағы  Қостанай  мемлекеттік  университетінің 

Ветеринария және мал шаруашылық технологиясы факультетінің деканы 

Рагатова  Айнұр  Жолтаевна,  ветеринария    ғылымдарының  магистрі, 

ветеринариялық медицина кафедрасының аға оқытушысы 

Н  20  Нәметов  А.М.,  Байкенов  М.Т.,  Рагатова  А.Ж.  «Жалпы  хирургия»  пәні 

бойынша оқу құралы. – Қостанай, 2014. – 124 б. 

Оқу  құралында  кӛрсетілген  материал  кез  келген  студентке  уақытында 

зертханалық  –  тәжірибелік  сабаққа  дайындалуға,  хирургиялық  аурудың 

клиникалық  кӛрінісін  және  патогенезін  анықтауға,  балау  және  ажыратып 

балауға, дұрыс ем және алдын алу шараларды қолдануға мүмкіндік береді.  

Оқу  құралындағы  кӛрнекі  материал  тақырыптарын  түсінуге,  оқу 

бағдарламасында теориялық сұрақтарды шешуге кӛмектеседі.   

Әр  зертханалық-тәжірибелік  сабақ  келесі  негізгі  бӛлімдерден  тұрады:  1) 

тақырыптар; 2) сабақтың мақсаты; 3) материалмен қамту; 4) сабақтың ӛту орны; 

5)  тақырыптың  мазмұны,  мұнда  теориялық  сұрақтар  қысқаша  кӛрсетлген.  6) 

студенттердің  ӛзіндік  жұмыстары  үшін  бақылау  сұрақтары  және  емтихан 

билеттері.  

ББК 45.2 

А.  Байтұрсынов  атындағы  Қостанай  мемлекеттік  университетінің  оқулық-

әдістемелік кеңесінің 

 

06.03.2013 ж, № 4 



   

хаттамасымен басылымға бекітіліп, 

ұсынылды. 

А.  Байтұрсынов  атындағы  Қостанай  мемлекеттік  университетінің  Ғылыми-

кеңес  отырысында  22.04.13,  №

 

4  хаттамасымен  басылымға  бекітіліп, 



ұсынылды. 

ҚазҰАУда  11.02.14.  №2  хаттамасымен  5В120100  Ветеринариялық  медицина 

мамандығының  студенттеріне  арналған  оқу  құралы  ретінде  аграрлық 

мамандықтар бойынша РОӘКмен ұсынылған.

 

 

 



© Нәметов А.М., Байкенов М.Т., Рагатова А.Ж. 2014 

 

 

Мазмұны 

 

Кіріспе ..............………………………………………………………………………….............  4 



Сабақ 1.    Хирургиялық ауруға шалдықан малды клиникалық зерттеу әдістері….............  5 

Сабақ 2.    Хирургиялық аурулар туралы жалпы мәліметтер, оларды емдеу және алдын 

алу әдістері.....................……………..………......................................................... 

 

10 



Сабақ 3. 

Организмнің жарақатқа жалпы және жергілікті реакциясы................................  23 

Сабақ 4. 

Қабыну процесстері ……………………………………........................................  27 

Сабақ 5. 

Хирургиялық инфекция және оның клиникалық кӛріністері ……….................  36 

Сабақ 6. 

Жарақатталған жануарды және жараны зерттеу әдістері ………………....... 

50 

Сабақ 7. 



Қан ағулар және оны тоқтату әдістері …………………………...........................  55 

Сабақ 8. 

Жараны хирургиялық ӛңдеу. Біріншілік және екіншілік тігістерді салу.….......  59 

Сабақ 9. 

Операциялық және кездейсоқ жараларды емдеу ............….......…………..........  62 

Сабақ 10.  Жабық механикалық жарақаттар (жарақаттар)……............…….......………......  68 

Сабақ 11.  Термикалық және химиялық жарақаттар ...........………………….......……........  72 

Сабақ 12.  Тері аурулары ……………….............……………………………..........................  77 

Сабақ 13.  Ойық жаралар және қаяулар............…………………………………….......….....  81 

Сабақ 14.  Қан және лимфа тамырлар аурулары ...............…….............................................  84 

Сабақ 15.  Бұлшық ет  аурулары ........……………………………………………….............  86 

Сабақ 16.  Перифериялық  жүйке  жүйесін  балау  және  емдеу.  Жартылай  салданулар 

және салданулар……………................................................................................... 

 

89 



Сабақ 17.  Тарамыстар, тарамыс қынаптары мен бурсалардың аурулары ……………......  94 

Сабақ 18.  Буын аурулары……………………………………………………..........................  98 

Сабақ 19.  Сүйек аурулары …………….........…………………………………......................  101 

Сабақ 20.  Ісіктер.....……………………………….........…………........…..............................  120 

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ……………………………………………..........................  123 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 


 

 

Кіріспе 



 

Бұл оқу құралы жоғары және орташа арнайы оқу орындарында теориялық 

материалды  жүзеге  асыру  мақсатымен  ветеринариялық  ғылым  докторы, 

А.Байтұрсынов  атындағы  Қостанай  мемлекеттік  университетінің  ректоры 

Нәметов  Аскар  Мырзахметұлы,  ветеринариялық  ғылым  кандидаты,  доцент, 

А.Байтұрсынов  атындағы  Қостанай  мемлекеттік  университетінің  ВжәнеМТФ 

деканы  Байкенов  Марат  Токмеилович  және  ветеринариялық  ғылым  магистрі,  

ветеринариялық  медицина  кафедрасының  аға  оқытушысы  Рагатова  Айнұр 

Жолтаевнамен жасалған. 

Оқылатын  пәнді  терең  және  жан-жақты  ұғынуға,  оқу  және  оқудан  тыс 

кезінде  студенттің  ӛз  бетімен  оқуына  тәжірибелік  кӛмек  кӛрсетеді.  Бұндай 

дайындық  студенттің  оқытушы  жетекшілігі  астында  әдістерді,  құрал-

жабдықтарды,  аппараттарды,  диагностикалық,  емдік  және  тағы  басқа 

процедураларды игеруге тәжіребелік түрде үйретеді. 

Оқу  құралында  кӛрсетілген  материал  кез  келген  студентке  уақытында 

зертханалық  –  тәжірибелік  сабаққа  дайындалуға,  хирургиялық  аурудың 

клиникалық  кӛрінісін  және  патогенезін  анықтауға,  балау  және  ажыратып 

балауға, дұрыс ем және алдын алу шараларды қолдануға мүмкіндік береді. 

Оқу  құралындағы  кӛрнекі  материал  тақырыптарды  түсінуге,  оқу 

бағдарламасында теориялық сұрақтарды шешуге кӛмектеседі.   

Әр зертханалық-тәжірибелік сабақ келесі негізгі бӛлімдерден тұрады:  

1) тақырыптар атаулары; 2) сабақтың мақсаты; 3) материалмен қамту; 4) 

сабақтың  ӛту  орны;  5)  тақырыптың  мазмұны,  мұнда  теориялық  сұрақтар 

қысқаша  кӛрсетлген.  6)  студенттердің  ӛзіндік  жұмыстары  үшін  бақылау 

сұрақтары және емтихан билеттері ұсынылған. 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 


 

 

ЖАЛПЫ ХИРУРГИЯ 

 

Жалпы  хирургия  (Chirurgia  communis)  аурудың  пайда  болуын  жобалап, 



аурудың  сипаты  мен  себептерін,  жағдайын,  сонымен  қатар  олардың  даму 

механизмін,  жалпы  және  жергілікті  клиникалық  суретін,  этиотропты  және 

патогенетикалық ем қағидаларын оқып зерттейді.  

Жалпы  хирургия  сонымен  қатар  жануарлардың  сыртқы  ортаның 

жарақаттаушы  факторларына  түрлі  реактивтілігін,  емдік  және  алдын  алу 

шараларын  іске  асыруды,  мал  шаруашылық  кешен  жағдайында  жаппай 

хирургиялық  емдік  шаралар  жүргізумен  хирургиялық  жұмыс  ұйымдастыру 

қағидаларын қарастырады.  

 

САБАҚ 1 

 

ХИРУРГИЯЛЫҚ АУРУ МАЛДЫ КЛИНИКАЛЫҚ ЗЕРТТЕУ 

ӘДІСТЕРІ 

 

Сабақтың мақсаты. Жануарға клиникалық зерттеу жүргізуді үйрену.  



Материалдар,  құралдар,  жануарлар:  бекітуге  арналған  үстелдермен 

станоктар,  жіптер,  қысқыштар,  жалпы  клиникалық  зерттеуге  арналған  құрал; 

дезинфекциялық ерітінділер, мақта, су, сабын, сүлгі, дәкелер. 

Сабақ  ӛту  орны.  Университет  клиникасында,  ветеринариялық  емханада, 

ет  комбинатында,  мал  шаруашылығы  фермасында    ӛткізеді.  Ауру  жануарды 

жоспар  бойынша  зерттейді:  анамнез,  жасау  жалпы  зерттеу,  қарау,  пальпация, 

перкуссия, 

аускультация, 

ӛлшеу; 

зертханалық 



диагностикалық, 

бактериологиялық  және рентгенологиялық зерттеулер.  

Сабақтың  мазмұны.  Анамнез  (anamnesis)  жинау  барысында  келесі 

сұрақтарға жауап алынады.   

1.  Жануар  қашан  ауырды  және  ауру  қалай  пайда  болды.  Патологиялық 

процесстің ӛту (жіті және созылмалы) ағымы түсіндіріледі.   

2.  Ауру  қайда  және  қандай  жағдайларда  пайда  болды.  Бұл  әсіресе  ұлпа 

зақымдануының  сыртқы  белгілері  байқалмай,  бірақ  жануарда  аурудың 

симптомдары (ақсау, мойынның қисаюы, ) бар болғанда маңызды болып келеді. 

Барлық нақты жағдайларда белгілі бір хирургиялық зерттеу әдісі қолданылады. 

Кейбір  жағдайларда  жануардың  жұқпалы  және  ішкі  жұқпайтын  аурулармен 

ауырған немесе ауырмағандығы, улану болды ма жоқпа анықтау керек.  

3. Қандай ем әдісі қолданғандығын анықтау керек.  

Анамнез мәліметтерін жинағанда аурудың кӛлемді симптомдарына кӛңіл 

аудару қажет.  

Жалпы  зерттеу.  Жануардың  тұқымын,  жынысын,  жасын,  жағдайын, 

салмағын есепке алады. Жануардың тұқымы хирургиялық аурудың пайда болу 

ерекшелігіне  байланысты  келеді.  Жылқылардың  ауыр  тұқымында  кӛбінесе 

дистальді  бӛліктері,  ал  мініс  аттарында  буын  байламдарының  аппараттары 

зақымданады.  Мініс  аттарында  созылмалы  артрит  кӛбінесе  иық буындарында, 

ал ауыр жүк таситын аттарда – тізе буындарында кездеседі.   



 

 

Буаз  жануарларға  диагностикалық  зерттеуді  байқап  жүргізу  керек. 



Жануарлардың  түстерімен  кейбір  аурулары  арасында  генетикалық  корреляция 

анықталған.  Сұр  түсті  жылқылар  меланосаркомаға,  сұр  түсті  қозылар 

созылмалы  тимпанияға  сезімтал  келеді.  Жануардың  жасы  ауруды  анықтауда, 

емдеуде  үлкен  мәнге  ие  болып  келеді.  Карцинома,  катаракта  сияқты  аурулар 

кәрі  жануарларда  жиі  кездеседі.  Жас  жануарлар  кәрі  жануарларға  қарағанда 

оперативтік қол сұғуда жақсы кӛтереді.  

Жануардың салмағын наркотикалық, емдік заттарды тағайындағанда білу 

керек.  Ауыр  салмақты  жануарларда  (ірі  қара  мал,  жылқыларда)  болжам  аз 

қолайлы  болып  келеді.  Клиникалық  зерттеу  кезінде  барлық  жағдайларда 

міндетті  түрде  жануардың  жалпы  жағдайын  (қоңдылық,  конституция, 

темперамент,  мінез)  есепке  алу  керек.  Жануардың  қатты  конституциясы  мен 

орта  қоңдылығы  жарақаттардың  ағымында  және  басқа  да  процесстер  кезінде 

қолайлы  болып  келеді.  Жануардың  темпераменті  мен  мінезін  оперативтік  қол 

сұғуда,  диагностикалық  манипуляцияларда  есепке  алады.  Ұзақ  емдеуді  қажет 

ететін тӛмен құнды және кәрі жануарларды етке ӛткізеді. 

Қарау  (inspесtio).  Анамнез  мәліметтерін  жинап  болған  соң  қараудан 

басталатын  жануарды  жалпы  клиникалық  зерттеуге  кіріседі.  Сыртқы 

патологиялық  ӛзгерістер  аз  байқалғанда  симметриялық  дене  бӛліктеріне 

салыстыру бағасын жүргізу маңызды болып келеді. Жануарды тыныш тұрғанда 

және  қимыл  кезінде  қарайды.  Жануардың  қимылдарына  (қозуына),  денесінің 

орналасуына,  терінің  және  кілегей  қабықтардың  жағдайына  және  басқа  да 

жалпы  және  локальді  немесе  жергілікті  ӛзгерістерге  (дерматит,  экзема, 

тыртықтар,  ісіктер,  қалыңдығына,  қасаң  қабықтың  лайлануына)  назар 

аударады. Қарау арқылы зақымдану аумағын, ұлпаның патологиялық ӛзгеруін, 

пішінін, түсін (құрғақ, ылғалды, тегістігін, кедір-бұдырлығын ), ақсауды (типін, 

сатысын) анықтайды. 

Пальпация  (palpatio)  -  саусақтармен  сипалау.  Жергілікті  температураны, 

ауырсыну аумақты, патологиялық процесстің жиналуын, оның қозғалуын және 

сезімталдығын,теріасты  және  тері  клечаткасының  жағдайын,  артерия 

пульсациясын,  тығыздығын,флюктуациясын,  крепитациясын  анықтайды.Бұл 

кезде  ауырсынуды  дұрыс  анықтау  қажет.  Жануардың  денесіндегі 

симметриялық аумақтарды аналогиялық зерттеумен жояды.   

Тұяқ  ауруларын  диагностикалағанда  қарапайым  пальпацияның  орнына 

(тұяқ)  қысқыштарын  қолданады,  ол  ауырсынудың  дәрежесін  және  оның 

локализациясын  анықтайды.  Бір  тарамын  зерттеуде  қысқыштарды  мүйізді 

қабырғаға  салады,  ал  екіншісін  тұяқтын  табан  бӛлігіне  салып  оларды 

жақындастырады.  Мүйіз  капсуласына  кӛрсетілген  қысым  терең  жатқан 

ұлпаларға  әсер  етіп,  оларды  туындаған  патологиялық  реакцияда  жауапты 

ауырсыну  реакциясын  тудыртады.  Ол  тұяқты  зерттеуде  және  тұяқ 

қысқыштарының кӛмегінің арқасында, артқы аяқтың қимылдауымен кӛрінеді.  

Жылқылардағы  арнайы  зерттеу  –  пассивті  қимылдар,  шпатқа  сынама, 

сынаны зерттеу кӛмегі кезіндегі шынтақ сынамасы.   

Пассивті  қимылдар  –  сүйек,  буын,  байлам  және  артқы  аяқ  аппаратының 

сіңір-бұлшықет ауруларын анықтаудағы клиникалық зерттеу әдістері. Бұл әдіс 



 

 

жануарда бүгу жолымен ауырсыну реакциясын тудыруға негізделген. 



Шпатқа  сынама  созылмалы  деформацияланған  остеоартритте  және 

остеоартрозда  қолданылады.  Бұл  ауруды  анықтау  үшін  буынды  максималды 

бүгу  керек.  Ауырған  артқы  аяқты  жануардың  құрсақ  қуысының  астында 

қалатындай  етіп  бүгі  керек.  3  минуттен  кейін  артқы  аяқты  бірден  жіберіп, 

жылқыны  жүгіртеді.  Ақсақтықтың  күшеюін  оң  сынама  ретінде,  немесе 

керісінше  бағалайды.  Ақсақтықтың  тізе  және  жамбас  буындарының 

ауруларынан  болуына  болғандықтан,  бұл  мүшелердегі  және  ревматизмдегі 

локализацияларды,  патологиялық  процесстерді  жойған  дұрыс.  Шынтық 

сынаманы сәуле жүйкесінің жартылай салдануы кезінде нақты балау қою үшін 

қолданады.  Ауырған  аяқты  табанына    тік  тұрғызып,  сау  аяқты  кӛтеріп,  оның 

басынның тұрысын ӛзгертеді. Бұдан кейін жануарда алға немесе артқа тартады. 

Жүйкенің  жартылай  салдануында  шынтақ,  кейін  тӛмен  жатқан  буындар 

бүгіледі.  Егер  кӛтерілген  аяқты  түсірсе,  жануар  құлап  қалуы  мүмкін.  Бұл 

шынтақ  бүгуінің,  фаланг  буындарының  функциясынң  тӛмендеуімен 

сипатталады. 

Сына  кӛмегімен  зерттеуде  маңдай  ауруларын  диагностикалау  қиын 

болғанда  қолданады.  Жануардың  ауру  аяғын  ұзындығы  25  см,  ені  15  см  ағаш 

клинқа, тұықтың ілгіш бӛлігін клиннің негізіне, ал табанын – оның бас жағына 

қояды. Содан кейін сау аяқты кӛтереді. Бұл кезде ауру аяқтың тұяқ буына қатты 

бүгіледі, бұл  кезде клин маңдай блокқа  қатты  қысым  кӛрсетеді.  Бұл  жағдайда 

патологиялық  процесстің  болуына  байланысты  жануар  ауырсынады,  аяғын 

босатуға тырысады.   

Тұяқ  балғашасы  арқылы  жануардың  бұлшық  еттерін  зерттеу.  Ірі  қара 

малдарда қарапайым пальпацияны қолданудың тиімділігі тӛмендегідей болады: 

саусақпен  басу  кӛп  жағдайларда  ауру  жануарларда  ауырсыну  реакциясын 

тудырмайды.  К.  Шудловский  жылқыларда  бұлшықеттерді  зерттеу  үшін  

ұзындығы  28  см,  ені  28  мм,  қалыңдығы  14  мм  резеңкелі  футляры  бар  тұяқ 

балғашасын  ұсынды.Жағдайға  байланысты  зерттеу  бұлшық  етке  балғашамен 

қысым  келтіріп,  жануардың  реакциясын  бақылайды.  Балғашаның  ортаңғы 

бӛлігімен  қысым  кӛрсеткенде,  тұяқ  кӛбесін  және  буындар  аумағындағы 

тұяқтың  сіңірін  зерттеуге  болады.Балғашаның  ұру  аумағымен  мүйіз 

қабырғасын  перкуторлы  зерттеу  үшін  қолданады.  Бұл  әдіс  созылмалы  және 

әлсіз  байқалатын  патологиялық  процесстер  локализациясында  тиімді  болып 

келеді.  

Зонд  қолдану:  -  жануарлардың  жаралы,  табиғи  қуыстар  және  ӛзек 

каналдарын  диагностикалық  зерттеу  әдісі.  Зондтаудың  кӛмегімен  дефектің 

тереңдігін,  қабырғаның  сипатын,  бӛгде  денелердің  болуын  анықтайды. 

Саусақпан  зондтау  және  зондтау  (металлитикалық  немесе  эластикалық) 

ажыратылады.Ол  үшін  зондтау  жиынтығы  қажет:  фистул  және  қуыстарды 

зерттеу  үшін  стальді,  эбонитті,  сонымен  қатар  іш-қарынды,  жатырды,  сүт 

емізікшелерін зерттеу үшін арнайы қолданылады.   

Зондтаута кӛрсеткіштер мен кері кӛрсеткіштерді қатаң бақылайды. Жеке 

жағдайларда  ӛзек  каналдарын,  іріңді  жараларды,  іш-қарынды,  несеп  каналын 

және қуықты, сонымен қатар отты жараларды міндетті түрде зондтайды. 



 

 

Зондтау кезіндегі негізгі ережелер:  



1) қолды, зондты және жерді  дезинфекциялау;  

2) табиғи қуыстардың аумағынның қауіпсіздігін қатаң бақылау.  

Перкуссия  (percussio)  –  жануардың  сәйкес  дене  бӛліктерін  тоқылдату. 

Оны  фронтитте,  гайморитте,  мұрын  қуыстарында  жаңа  түзілулер  пайда 

болғанда,  сонымен  қатар  тұяқ  ауруларын  ажыратып  балауда  қолданады.  Ол 

үшін саусақтарды, перкуссиялық балғашаны, тұяқ қысқыштарын пайдаланады.  

Сүйек 

сынуларында 



перкуссияны 

фонендоскоп 

кӛмегімен 

аускультациямен бір мезгілде жүргізеді. Бұл кезде сау және зақымданған сүйек 

дыбыстарын салыстырады.  

Аускультация  (auscultatio)  -  патологиялық  процесс  пайда  болған  дене 

бӛліктерінің  дыбыстарын  тыңдау.  Хирургияда  аускультацияны  сүйек 

сынуларында,  буын,  сіңірлі  қынап,  шырышты  қапшық  (бурситтер, 

тендовагиниттер,  фибринозды  синовиттер)  ауруларында  жиі  жүргізеді. 

Сонымен  қатар  мұрын  қуыстарын  (жаңа  түзілулер)  ,  кӛмейді  (тарылу),  ұма 

маңайындағы  ісіктерді,  құрсақ  қабырғасын,  сыртқы  есту  түтігін    зерттегенде 

қолданылады.  

Ӛлшеуді  патологиялық  процесстің  нақты  таралуын  анықтау  үшін 

қолданады;  жараның  мӛлшерін,  ісіктерді,  домбығуларды,  қалыңдықты,  қасаң 

қабықтың лайлануын, тұяқтағы ӛзгерістерді және т.б. Осы әдіс арқылы ауруға 

болжам  жасауға  болады.  Әдістің  нәтижесі  арқылы  процесс  ағымының 

күшейетінін  немесе  тӛмендейтінін  анықтауға  болады.  Ӛлшеу  үшін  ленталар, 

зондтар, циркульдер, шпагат немесе дәкелер қолдануға болады. 

Динамикада  жарақатты  ӛлшеу  үшін  целлофанда  карандашпен  белгілеу 

әдісі  кеңінен  қолданылады.  Ауыз  қуысын  «тіс  жегі»  немесе  сүйекті 

(некробактериоз) зерттеуде ӛте маңызды болып келеді.  

Материалды  зертханалық  зерттеуді 

(сур.1)  нақты  балау  және  жануардың 

жалпы  жағдайы  туралы  толық  мәлімет 

алу  үшін  қолданады.  Талдау  үшін 

мынадай  материалдар  болуы  тиіс:  1) 

іріңді 

экссудат, 



іріңді 

процесстің 

қоздырушысын  анықтау  керек  болса 

немесе 


бұл 

процесске 

қандай 

ұлпалардың  қатысты  екені;  2)  жаңа 



түзілулер  –  ажыратып  балау  үшін;  3) 

теріден қырынды алу – паразитарлық ауруларды анықтау үшін; 4) жаралы іздер 

–  организмнің  реактивті  тізімі  иммунобиологиялық  күш  және  жарадағы 

регенеративті  -  қалыптастыру  процесстер  үшін;  5)қан  –  гемопоэтикалық 

ӛзгерістерді  бӛлу  және  организмнің  қорғаныштық  реактивтілігі  жӛнінде 

талқылау 6) буынның пунктаты, сіңірлі қынап немесе кілегейлі қап, сүйек майы 

және т.б. 

Диагностикалық  операцияны  терең  жатқан  патологиялық  процесстерді 

нақты анықтай алмаған жағдайларда қолданылады. Бұл операцияға жатады: 

1)

 



тесу сынамалары–абсцессті, гематоманы, лимфоэкстравазатты 

Сурет 1- Жартылай автоматты 

биохимиялық анализатор.  Randox. 

реактивтері 



 

 

ажыратып балау үшін; 



2)

 

гаймор  трепанациясы  және  маңдай  қуысы  –  эмпиема  және 



жаңа түзілулер кезінде; 

3)

 



саусақтың  артқы  бӛлік  некрозын,  іріңді  бурсит  және  тұяқ 

буынының іріңді артритін анықтау үшін кесулер қолданады; 

4)

 

биопсия – онхоцеркоз, жаңа түзілулерге балау қою үшін; 



Диагностикалық  жылқылардың  және  ірі  қара  малдардың  артқы  жағына 

жасайды.  Егер  ӛткізгіштік  анестезия  нақты  немесе  орындауға  мүмкіндік 

болмағанда,  ақсақтықты  ескертуде,  процесстің  локализациясын  анықтау 

мақсатында  интраартикулярлы,  интрасиновиальды  және  интрабурсалды  

анестезиялар  қолданылады.  Анестезиялық 

ерітіндіні  (новокаин)  шеміршекті  қынапқа 

немесе  кілегей  қаптың  буын  қуысына 

енгізеді. 

Ақсақтықтың 

жойылуын 

немесе 

азаюын  оны  енгізгеннен  кейін  оң  эффект 



ретінде қарастырады.  

Ыстық ванналар әдісімен зерттеу (сур. 

2)  Бұл  әдіс  қосымша  ажыратушы  балау 

болып  табылады.  Оны  сүйек-байлам  және 

артқы жақтың дистальді кесігінде сіңірлі аппарат ауруларында қолданады. 40°С 

температуралы сулы ваннаны қолданғаннан кейін сіңір және байлам аурулары, 

уақытша  тоқтайды  немесе  ақсақтығы  аз  байқалады;  сүйектің  толық  емес 

сынықтарында және ақсақтықтың остеоартрозында,керісінше күшейеді. 

Интраректальді  зерттеуді  жамбас  аумағы  ауруларын  анықтау  кезінде 

жүргізіледі:  жамбас  сүйегінің  сынуларында,  бел  және    құйымшақ

 

омыртқаларында,  гематома,  аорта  құрсағының  тромбозы  және  оның 



тармақтарында, абсцесстер және ісіктер.  

Рентгенологиялық  зерттеулері  сүйек  дұрыс  кӛрінбейтін  ауруларын 

анықтауда  маңызды  болып  келеді  (сынулар,  периостит,  остит,  остеомиелит, 

сүйек  және  шеміршек  ұлпалардың    некрозы,  периартрит,  остеоартрит, 

остеоартроз, анкилоз, буындардың шығуы), сонымен қатар жұмсақ ұлпалардың 

бӛгде заттардың қатайып қалуында.  

Бактериологиялық  зерттеулерді  патологиялық  процесстің  қоздырушысын 

және оның вируленттілігін анықтау кезінде қолданылады. Зерттеу үшін қабыну 

экссудаты  немесе  зақымдалған  ұлпаның  кесіндісі  зерттеу  материалы  болып 

табылады.  

 

  Бақылау сұрақтары: 

1Клиникалық зерттеу әдістерін атаңыз  

2. Анамнез дегеніміз не? 

3. Анамнез жинау кезінде малдың жасын және тірілей салмағын не үшін 

анықтайды? 

4. Клиникалық зерттеу неден басталады? 

5. Малды қараудың негізі неде? 

Сурет 2-Тұяқ ауруларын алдын-алу, 

анықтау және емдеуге

 

арналған.



 

 


 

 

6. Пальпация дегеніміз не, оны қолдануда нені анықтайды? 



7. Перкуссия дегеніміз не? 

8. Жылықыларды арнайы зерттеудің әдістерін атаңыз. 

9. Дененің жеке бөліктеріндегі дыбыстарды тыңдау қалай аталады? 

10. Зертханалық талдау үшін не зерттеу материалы болып табылады? 

11.  Қандай  ауруларда    рентгенологиялық  зерттеу  шешуші  әдіс  болып 

табылады? 

 

 

 

 

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі  



 

1.

 



Лебедев В.А.,Лукъяновский В.А.,Семенов Б.С. Общая ветеринарная 

хирургия. М.: Колос, 2000 

2.

 

Семенов Б.С. Оперативная хирургия у животных. – М.: Колос, 2012 



3.

 

Уша  Б.В.  Клиническая  диагностика  внутренних  незаразных 



болезней животных.-М.: Колос, 2003 

4.

 



Петраков К.А. Оперативная хирургия с топографической анатомией 

животных: учеб.для студентов вузов – М.: Колос, 2004 

5.

 

Практикум  по  клинической  диагностике  болезней  животных.-  М.: 



Колс 2004 

6.

 



Авроров В. Н., Лебедев А. В. Ветеринарная офтальмология. - М.: 

7.

 



Агропромиздат, 1985. 

8.

 



Акаевский  А.  И.      Анатомия  домашних  животных.  -  М.:  Колос, 

1984. 


9.

 

Герцен П. П. Профилактика и лечение травм в промышленном жи-



вотноводстве. - Кишинев, 1981. 

10.


 

Калашник А. И., Лабунский В. М., Передера Б. Я. и др. Практикум 

по общей хирургии. - М.: Колос, 1982. 

11.


 

Кашин А. С. Профилактика и остановка кровотечений у животных. 

- М.: Колос, 1982. 

12.


 

Кононов Г. А. и др. Учебник по незаразным болезням для оператора 

по ветеринарной обработке животных. - М.: Колос, 1982. 

13.


 

Кузнецов  А.  К.,  Семенов  Б.  С.,  Высоцкий  Д.  И.  Ветеринарная  хи-

рургия, ортопедия и офтальмология. - М.: Агропромиздат, 1986. 

14.


 

Магда  И.  И.,  Иткин  Б.  3.,  Воронин  И.  И.  Оперативная  хирургия  с 

основами  топографической  анатомии  домашних  животных.  -  М.: 

Колос, 1983. 

15.

 

Панько  И.  С.  Болезни  конечностей  у  крупного  рогатого  скота.  - 



Киев: Урожай, 1982. 

16.


 

Плахотин М. В., Белов А. Д., Есютин А. Б. и др. Общая ветеринар-

ная хирургия. - М.: Колос, 1981. 

17.


 

Поваженко  И.  Е.,  Борисевич  В.  Б.  Болезни  конечностей  и  копыт.- 

Киев: Урожай, 1987. 

18.


 

Уша  Б.  В.,  Фельдштейн  М.  А.  Первая  помощь  животным  при  не-

заразных болезнях. - М.: Агропромиздат, 1988. 

19.


 

Целищев Л. И. Практическая ветеринарная андрология. - М.: Колос, 

1982. 

20.


 

Шакалов  К.  И.,  Башкиров  Б.  А.,  Поваженко  И.  Е.  и  др.  Частная 

ветеринарная хирургия.  - Л.: Агропромиздат, 1986 г. 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

Нәметов Асқар Мырзахметұлы, 

Байкенов Марат Тоқмеилович, 

Рагатова Айнұр Жолтаевна 

 

 

 



 

 

«Жалпы  хирургия» 



5В120100 – Ветеринариялық медицина мамандығының студенттеріне арналған 

зертханалық –тәжіребиелік сабақтарға арналған ветеринариялық хирургия пәні 

бойынша оқу құралы 

 

 



 

 

 



 

Тапсырыс, тираж 500  

Гарнитура Times New Roman Times/Kazakh 

Формат 60*84/18 Қағаз SvetoCopy 

 А. Байтұрсынов атындағы ҚМУ типографиясында басылды 

  ______________________________________________________ 



110000, Костанай қ., Байтұрсынов кӛш., 47 




©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал