Жалпы, Абай шығармашылығы Тәуелсіздік алғалы жыл өткен сайын бүгінгі



жүктеу 0.71 Mb.

бет1/6
Дата13.01.2017
өлшемі0.71 Mb.
  1   2   3   4   5   6

ИӘ

–  Жалпы,  Абай  шығармашылығы 

Тәуелсіздік алғалы жыл өткен сайын бүгінгі 

ұрпаққа  бұрынғыдан  әлдеқайда  түсінікті 

бола  түскендей.  Егемен  еліміздің  бүгінгі 

ұстанып  отырған  идеологиясы  Абайдың 

«Адамзаттың  бәрін  сүй  бауырым  деп» 

сөзіне  сәйкес  келеді  десем,  артық  айт­

паймын.  Абайдың  туған  күні  қарсаңында, 

байқадыңыз  ба,  жұртшылық  Алматыға  ер­

ек ше  назар  аудара  қарайды.  Оның  себебі  

— Абайдың әде биеттегі тікелей ізбасарлары, 

яғни  қазіргі  қазақтың  маңдайалды  ақын­

дарының дені осы қалада. 

Қазақ  халқы  бүгінгі  таңда  Тәуелсіз  ел 

ретінде әлемдік қауымдастыққа ашық бәсе­

кеге  түскен  кезеңде  Абай  меңзеген,  Абай 

ұсынған,  Абай  көргісі  келген  рухани  биік 

адам дардың қоғамын қалыптастыру өте өз­

екті болып отыр.



Жоқ

–  Насихатталмай  жатыр  десем,  ұят 

болар,  бірақ  жеткілікті  дәрежеде  де­

уге  тағы  келмейді.  Әрине,  Абайдың 

өмірін,  сөздерін  мысалға  келтіріп,  ай­

тылып  жатқан  сөздер  аз  емес.  Бірақ  бір 

өкініштісі,  оның  бәрі  көбінесе  жаттанды 

сөздерге  айналып  бара  жатыр.  Тереңіне 

бойлау, жан­жақты молынан қамту, зер­

делеп­зерттеу жағы ойсырап тұр. Шыны 

керек, бүгінде Абайдың бірді­екілі ғана, 

жұрттың  бәрі  білетін  шығармалары  ай­

тылады  да,  ал  оның  әлеуметтік  өмір­

дегі,  қоғамдық  тіршіліктегі  не  адами 

қасиеттердегі болсын сан салалы сөздері 

бар  ғой,  солар  қамтылмай  жатыр.  Тек 

үш­төрт  өлеңі мен  шектеліп,  оның  небір 

жауһарлары көмескі қалып барады. Көп 

айтылмайды. 

Республикалық қоғамдық-саяси ақпараттық газет      

Юлия ЛатынИна, 

ресейлік журналист:

–  Милицияның  атауын  по­

ли ция  деп  өзгерткеннен  гөрі 

«ВАЗ­ды» «БМВ» деп өзгертке­

німіз әлде қайда пайдалы іс..."

(http://echo.msk.ru сайтынан)

№134 (360) 

10 тамыз

сейсенбі


2010 жыл

 

...де



дiм-ай, а

у!

3-бетте

темірхан МЕДЕтБЕК,

ақын:

Мамай аХЕт, Алматы қалалық 

әкімдігінің Тілдерді дамыту 

басқармасының төрағасы:

4-бет

7-бет

7-бет

Ой­КөКпАр 

Шенеуніктерге  

заң жүрмей ме?

Әкім кетті, су жоғалды

C

M

Y

K

C

M

Y

K

C

M

Y

K

C

M

Y

K

поэзия пайғамбарын 

дәріптеу

www.аlashainasy.kz

e-mail: info@аlashainasy.kz

147,24

195,77

4,94

21,76

1,33

10653,56

1526,02

1582,43

81,22

1206

ҚА

ТЕ



р

7­8  тамыз  күндері  Алматы,  Атырау,  Батыс 

Қазақстан,  Қостанай,  павлодар,  Сол түс тік  Қазақстан, 

Ақтөбе  және  Шығыс  Қазақстан  об лыс тарының  өзен­

көлдеріне  13  адам  батып  кеткен.  Олардың  жетеуі  — 

шығыс қазақстандықтар.  Шығыс  Қазақ стан  об лыс тық 

төтенше  жағдайлар  жөніндегі  депар таменті  бас па­

сөз  қызметінің  бастығы  Евгений  Шатур ныйдың  мәлі­

метінше, суға кеткен бес адамның денесі әлі табылған 

жоқ. 


Евгений Шатурный, Шығыс Қазақстан облыстық 

төтенше жағдайлар жөніндегі департаменті 

баспасөз қызметінің бастығы:

—  Облыс  бойынша  суға  кету  оқиғаларының 

көп шілігі Зырян ауданында тіркелді. Мұнда батып 

кет кендердің үшеуінің де денесі әлі табылған жоқ. 

Сол сияқты құтқарушылардың Ұлан ауданындағы 

«Окуньки» өзеніне кеткен 25 жастағы жігіттің және 

Риддердегі өзендердің бірінде су ағызып әкеткен 

20  жасар  шымкенттік  тұрғынның  денелерін  із­

дестіріп жатқандарына осымен екінші тәулік бол­

ды.  Негізінен,  бұл  оқиғалардың  басым  бөлігінде 

тұрғындар  өздері  кінәлі  болып  шықты.  Олар  мас 

күйлерінде  шомылып,  судағы  қауіпсіздік  ере же­

лерін  сақтамаған.  Осыған  байланысты  тұр ғын­

дарға  арнайы  құрал­жабдықтармен  қам та масыз 

етілмеген жағажайларда суға түсуге болмайтынын 

ескерткіміз келеді. 

Жансая СЕрғазықызы

С

үйі



НШ

і!

Ұлы ақынның жаңа әні мен күйі табылды



Біржан салды арнайы қонақ қылып, ап-

талап әнін тыңдап, содан соң ат мінгізіп, 

шапан жауып шығарып салып тұрғанда: 

«Біржан аға, дәл өзіңдей ендігіде әнші ту-

мас» деген абайға Біржанның «Мендей 

әнші туар, бірақ дәл сендей тыңдаушы 

тумас» дегені естеріңізде болар. Сөйткен 

Ибраһим бабамыз Біржан сал бағалағандай 

«есті тыңдаушы» ғана емес, «Бұл дүниенің 

ләззаты бәрі сонда» деп өзі де есті ән-

күйлерді тудырған, өзіндік қолтаңбасымен 

тарихта қалған белді композитор атанды 

да. осы орайда біз өздеріңізге ақжолтай 

хабар айтып, сүйінші сұрағалы отырмыз: 

абайдың біз білетін әндерінен басқа, таяу-

да тағы екі әні мен бір күйі табылды! 

Абайдың  әндері  бізге  «Абайдың  әншісі»  атан­

ған Шыңғыстаудың тумасы Әлмағамбет Қап сәләм ­

ұлы  арқылы  жеткен.  Абайдың  ақын  шәкірт тері 

— Көкбай, Мұқа, Әлмағамбет, Ақыл бай, Тұра ғұл, 

Мағауия лардың қай­қай сысы болсын Абай әнде­

рін жарыса шырқа ған дығын «Абай жолын» оқыған 

адам ның  білері  анық.  Әннің  «Абайы»  Жүсіп бек 

Елебе ковтің  Абай  әндерін  Әлмағамбеттің  аузы­

нан қалай үйренгендігі туралы Хабиба апа мыз дың 

«Ән­аманат» атты кітабында тәптіш теп жазылған. 

Ал енді Абайдың, әлгінде айтқандай, жаңадан 

табылған  әніне  келер  болсақ,  ол  –  «өзгеге  көңі­

лім  тоярсың»  әні.  Бүгінде  біз  білетін  бұл  әннің 

әуе нін  Сыдық  Мұхамеджанов  шығарған,  алайда 

ақи қатында  бұл  өлеңнің  Абай  жазған  өз  әні  бар. 

Оны Қр Мәдениет министрлігінің «Қазақтың 1000 

әні»  жинағына  ән  жинау  барысында  әнші  Ерлан 

рысқали тауып, орындаған.

Ерлан рыСқаЛИ, Арқа әншілік мектебінің өкілі: 

–  Дала  мен  қала  мәдениетін  терең  мең­

герген Абайдың інжу­маржандары құры лы мы 

мен  ырғағы,  әуені  жағынан  алыстан  «мен­

мұндалап»,  тыңдарманын  өзіне  шақырып 

тұрады.  Менің  әнқорымда  Абайдың  барлық 

әні бар. Осы жылы бұлардың қатарын бұрын­

соң ды естімеген, ел білмейтін жаңа екі әні мен 

толтырдым.  Олар  –  «Өзгеге  көңілім  тоярсың» 

және  «Сен  мені  не  етерсің»  әндері.  Мұның 

алғашқысын А.Затаевичтің «Қазақтың 500 әні 

мен күйі» атты ноталық жинағы нан шығардым. 

Затаевич  әнді  Қарқаралы  уезі,  Мендешев 

ауылының  тұрғыны  Мұсыл манқұл  Әбсалықов 

деген  кісінің  аузынан  жазып  алған  екен.  Ол 

жерде  аты  «Өлеңді  қайтіп  қоярсың?»  («Как 

можно не петь?») деп берілген екен. Екіншісін 

Шыңғыстау өңірінің тумасы, абайлық Ниязбек 

Алдамжаров  есімді  ақсақал  әншінің  сапасы 

өте  төмен  көне  таспасынан  естіп  шығардым.  

Ниязбек  ағамыз  Абай  мен  оның  айналасын­

дағы  композиторлардың  әндерін  өте  жақсы 

білген  әрі  жеткізуші  болған.  Абайдың  әнші, 

шебер музыкант ұлы Тұрағұлдың көзін көрген  

Ниязбек  ағамыз  Абай  әндерін  Тұрағұлдан 

үйрен се  керек.  Себебі  ол  өзінің  естелігінде: 

«Тұ раш аға ақын әрі композитор болған. «Әйел 

сыны» атты өлеңі бар, әнін де өзі шығарған» дей 

келе, сол әнді ұмыт болмас үшін магнитофонға 

жазғандығын  айтады.  «Мәдени  мұра»  ая­

сында  жүзеге  асқан  «Қазақтың  1000  әні» 

жинағына  «Өзгеге  көңілім  тоярсың»  өз  орын­

дауымда, «Сен мені не етерсің» әні Астанадағы 

филармонияның әншісі Перизат Тұрарованың 

орындауында еніп отыр. 

Жалғасы 4-бетте

Өткен демалыс күндері республикада 13 адам 

суға кетіп, қаза тапты. оқиғалардың басым бөлігі 

Шығыс қазақстан облысына тиесілі. Бұл туралы 

еліміздің төтенше жағдайлар министрлігінің 

баспасөз қызметінің мамандары хабарлады. 

Хакім мұрасына 

баладан бастап, атаға 

дейін бет бұрса...



Жандос ӘуБӘКір:

 

«қалың елім, қазағым, қайран жұртым» 



деп ұлты үшін күңіренген, күйзелген 

абайдай ұлы тұлғасын қазағы қазір қай 

деңгейде таниды? Ешбір боямасыз шынайы 

өмірде абай әр қазақ үшін кім: кітап, сурет, 

мүсін, ескерткіш, ары кеткенде, «абая» 

деген көше ғана ма, әлде?.. қазақты әлі 

күнге киіз үйден шығармай отырғанымыз 

секілді, біз абайды да «архаизм» ретінде 

қарап отырған жоқпыз ба? Жыл сайын 

«абай оқуларын» өткіземіз, алайда ол, 

шынында, жас ұрпақтың бойына абайды 

сіңіре алып отыр ма? осы сұрақты таразыға 

салып көруді жөн көрдік.

Екі күнде  

13 адам суға кетті

ДАТ!

6-б

етте

абай бүгінгі жеткіншектерге жеткілікті дәрежеде насихатталып жатыр ма?

Ұлт ұстазын рухани брендке 

қашан айналдырамыз?

Жалғасы 3-бетте

Жыл сайын ақынның туған күніне орай 10 

тамыз күні Абай ескерткішінің алдына азғана 

жұрт  жиналып,  улап­шулап  қайтамыз.  Елеу­

сіз ғана өтіп кететін бұл шараны осы уақытқа 

дейін жалпыхалықтық сипаттағы үлкен игілікті 

іске  жұмылдыра  алмай  келе  жатқанымызға 

жол  болсын.  Қажет  болатын  болса,  Абай  ұл­

тымыздың  рухани  брендіне  айналуы  тиіс. 

Ол  үшін  абайтануды  осы  заманға  лайықтап, 

түбірімен  реформалау  қажет.  Әрине,  қазақ 

әр  уақытта  абайтануға  қадам  жасап  келеді. 

Алайда  біз  Абайға  жақындаған  сайын,  ол 

бізден  алыстап  бара  жатқандай  сезіледі. 

Неге?  Мүмкін,  біз  онсыз  да  ашылмаған  сан 

қилы  құпия  қырлары  көп  тұлғаның  болмы­

сын  тануды  тым  күрделендіріп,  аса  бір  ғы­

лыми ландырып  алған  жоқпыз  ба?  Абай  

біздің  санамыздан  орын  алып,  арамызда 

жүрсе  керек  еді...  Әйтсе  де  бұл  сөзімізге 

қарсы  уәж  айтатындар  табылары  хақ.  Бір 

қарағанда,  Абай  мұрасы  насихатқа  кенде 

болып  отырмаған  сыңайлы.  Оқулықтардан 

бастап  түрлі  танымдық  энциклопедиялар­

да  өмірбаяны  мен  шығармалары  бар.  Жыл 

сайын  әртүрлі  баспалар  ұлы  ақынның  жи­

нақтарын  шығарып  тұрады.  Ғаламтор  ар­

қылы  да  Абайға  қатысты  дүниелерді  тауып 

алуға болады. 

Біз абайды ұмыта бастадық... Мұны, сөзсіз, 

мойындау керек. Көп болса, екі-үш өлеңін 

ежіктеп жатқа айта алармыз. Кейбір әндерін 

ыңылдап, нәшіне келтірген болармыз. онда 

да алғашқы бір-екі жолын ғана жатқа білеміз. 

Хакім абай жазып қалдырған қырық бес қара 

сөзден де хабарымыз шамалы. қазақ дейтін 

бүтін бір ұлттың рухани көсемі дәрежесіне 

дейін көтерілген данышпан тұлға жайындағы 

қалың жұртшылықтың жалпылама түсінігі 

басым. ал жаһанданған қоғамда жаңаша 

өмір сүруге бейімделе бастаған кейінгі ұрпақ 

«абайдың жұмбағын» шешуге талпыныс 

жасай қояр ма? 

алмат ИСӘДіЛ

А

бай ОМА



рОВ (к

олла


ж)

тауларда сел жүруі мүмкін

алматы қалалық төтенше жағдайлар жөніндегі 

департаменті  алдағы  тәулікте  алматы  облысы-

ның аумағында қауіпті жағдай қалыптасады деп 

ескертті. 

«Алдағы тәулікте нөсер жауын салдарынан Алматы 

облысындағы  таулы  өзендерде  су  деңгейі  көтеріліп, 

тасу  қаупі  туындап  отыр.  Тауларда  сел  жүруі  мүмкін» 

деп хабарлайды департаменттің баспасөз қызметі.

ШұҒыл ХАБАр



РеспубликалыҚ ҚоҒамдыҚ-саяси аҚпаРаттыҚ газет

№134 (360) 



10.08.2010 жыл, сейсенбі

www.alashainasy.kz

2

e-mail: info@alashainasy.kz

саяси бюро

? Б i л г i м   к е л г е н   Б i р   с џ р а ћ

Б i л г i м   к е л г е н   Б i р   с џ р а ћ

«Қазақстанның бай адамдары бұрынғы Кеңес республикаларының арасында бақуатты 

адамдардың саны жағынан көш бастап тұр» дегенді естіп едім. Сол рас па?

Қанат СЕЙІЛЖАНҰЛЫ, Алматы облысы

ТМД елдері президенттерінің барлығы да саяси партияға жетекшілік ете 

ме?

Динара ЖИЕМБАЕВА, Алматы

Тек  қана  ТМД  мемлекет терінің  бас­

шылары  ғана  емес,  Оңтүстік  Америка, 

Африка  құр лықтарындағы  елдердің 

президенттері  де  билік  партия сының 

жетекшілері  болып  табылады.  Ал  пост­

кеңестік  елдердің  ішінде  президент  әрі 

партия  басшысы  қызметтерін  Елбасы 

Нұрсұлтан  Назарбаев  («Нұр  Отан»), 

Әзірбайжан  Президенті  Ильхам  Әлиев 

(«Жаңа  Әзірбайжан»),  Гүржістан  бас­

шысы  Михаил  Саакашвили  («Ұлттық 

біртұтас  қозғалыс»),  Тәжікстан  лидері 

Эмомали Рахмон (ТХДП), Түрікменбашы 

Құрбанғұлы  Бердімұхаммедов  (ТДП) 

және Армения Президенті Серж Саргсян 

(АРП)  атқарады.  Айта  кету  керек,  Серж 

Саргсян бұл партияға премьер­министр 

кезінен,  яғни  2007  жылдан  бастап 

басшылық жасап келеді. Ресей, Украина, 

Қырғызстан  және  Балтық  жағалауы  ел­

дерінің  президенттері  партия  лидері 

болып табылмайды. Латвия мемлекетінің 

басшысы Валдис Затлерс ешқандай пар­

тияның мүшесі емес.

Президент һәм бас партия жетекшілері

Жоқ,  Қазақстанда  да  дәулетті  адамдар  аз  емес, 

бірақ  олар,  сіз  айтқандай  көш  бастап  тұрған  жоқ. 

Жуырда Ресейдің «Дело» газеті ТМД аумағындағы ең 

бақуатты адамдардың тізімін құрап шықты. Басылым 

таратқан ақпаратқа сүйенсек, ТМД­дағы ең қомақты 

капитал  иелері,  негізінен,  Ресейде  шоғырланған. 

Дегенмен  Бұрынғы  КСРО­ның  қол  астында  болған 

елдердің арасынан Украина азаматы, бизнесмен Ри­

нат  Ахметовтің  байлығы  артық  болып  шықты.  Басы­

лым  сарапшылары  оның  капиталын  17,8  миллиард 

долларға  бағалады.  Бұдан  кейінгі  орында  ресей­

лік  Владимир  Лисин  тұр  –  15,8  миллиард  доллар. 

Дәулеті  тасыған  алғашқы  топқа  Гүржістаннан  Бид­

зина  Иванишвили  еніпті,  оның  байлығы  4,8  милли­

ард  долларға  бағаланды.  Бұл  тізімде  қазақстандық 

Владимир Ким да бар – 3,8 миллиард доллар. Одан 

кейінгі  орында  беларус  Владимир  Пефтиев  тұр  (1 

млрд доллар). Ал молдовалық Анатол Статидің капи­

талы 500 млн долларға шамалануда. 

ТМД  елдеріндегі  байлығы  барынша  әшкере  ел­

дер дің қатарына Ресей мен Украина азаматтары жат­

қызылды. Себебі олардың капиталы жөнінде ақпа рат 

табу жеңіл болып шықты. Ал Орталық Азия бойынша 

активтері ашық елге Қазақстан жатқызылды. 

Байлығы басым кім бар?

үКіМЕТ


БЕЗБЕН

Бүркіт НҰрАСЫЛ

«Әрбір облыс орталығында және сон­

дай­ақ  республикалық  деңгейде  штаб 

құрамыз.  Штабтардың  негізгі  базасы 

Төтенше  жағдайлар  министрлігі  бол­

мақ.  Олардың  арасындағы  үйлес тіру  жұ­

мыстарын  бірінші  орынбасарым  Өмір­

зақ  Шөкеевке  тапсырамын.  Штаб тарға 

барлық министрліктердің өкіл дері кіреді», 

–  деген  үкімет  басшысы  селекторлық 

кеңесте  өртке  қарсы  қауіп сіздік  мәселесі 

алдағы  бірнеше  апта  бойы  бірінші  ке­

зектегі  шаралардың  бірі  болатынын  айт­

ты.  Сондықтан  облыс  әкімдері,  минис­

трліктер,  ұлттық  компаниялар,  тиісті 

шаруа шылықтар  бұл  мәселені  ерекше 

ба қылауда  ұстап,  Ресейдің  орман  өртіне 

қарсы күрес тәжірибесі тыңғылықты зер­

деленуі қажет. 

Төтенше  жағдайлар  министрінің 

орынбасары  Валерий  Петровтың  ай­

туынша,  жыл  басталғалы  бері  мемле­

кеттік  орман  қорының  4000  гектары 

аумағында  363  өрт  шығу  оқиғасы  тір­

келген.  «Былтырғымен  салыстырғанда 

орман  өрті  10  пайызға  азайғанымен, 

отқа  оранған  алқап  көлемі,  керісін­

ше,  19  пайызға  ұлғайып  отыр.  Далалы 

алқапта  болған  169  өрттен  55  мыңнан 

астам  гектар  жер  күйіп  кеткен.  Келген 

шығын көлемі – 4 млн теңге», – деді Ва­

лерий Петров. 

Күннің бірнеше айдан бері ыстық бо­

луы ел аумағында өрт шығу қаупін тіптен 

күшейтіп жіберген. Сол себепті Төтенше 

жағдайлар  министрлігі  ірі  табиғи  өрт 

ошақтары  шыға  қалғандай  жағдайға 

дайын  болу  үшін  барлық  өңірлерде 

өртке  қарсы  жылжымалы  жасақ  топ­

тарын  құрғанын  айтқан  В.Петров  ве­

домствоның  авиапаркін  ресейлік  ат­

ақты  «Амфибия  Бе­200»  ұшағымен  то­

лықтыруды  ұсынды.  «Республикамызға 

осындай  үш  ұшақ  керек­ақ  болып  тұр. 

Бұл ұшақтар Ресейде болып жатқан ала­

пат  өртті  сөндіру  кезінде  аса  тиімділігін 

көрсетті. Табиғи жолмен бұрқ еткен өртті 

сөндіру  үшін  елімізге  кемінде  үш  «Ам­

фибия  Бе­200»  ұшағы  керек.  Ең  алды­

мен, Астанаға бір ұшақ сатып алу керек. 

Ол бүкіл республика аумағын қамти ала­

ды», – деді өз ұсынысын дәйектеген ви­

це­министр.

Өртке қарсы штабтар құрылады

Үкіметтің кешегі өткен 

селекторлық отырысы 

өртке қарсы күрес 

мәселелеріне арналды. 

Үкімет мүшелері ресей 

Федерациясын бір айдан 

бері әбден әбігерге 

салған алапат орман 

өрті біздің ел аумағында 

да болуы әбден мүмкін 

деп қауіптенеді. Себебі 

тамыз бен қыркүйектің 

алғашқы жартысында 

республиканың басым 

бөлігінде аптап ыстық 

орнап, жауын-шашын аз 

жауады деп болжанып 

отыр. Сол себепті Премьер-

министр Кәрім Мәсімов 

әрбір облыс аумағында 

орман-дала өртінің алдын 

алу штабтарын құруды 

тапсырды. 

ыҚПАЛДАСТыҚ



Қазақ пен жапонның 

атомдық тарихы ортақ

Кеңейтілген  құрамдағы  келіссөздер 

бары сында  Қанат  Саудабаев  осыдан  65 

жыл бұрын тамыз айында Жапония жері не 

атом  бомбасы  тасталып,  соның  салдары­

нан  мыңдаған  адам  зардап  шекке нін, 

сондай­ақ қазақ халқы да жапон хал қы ның 

қайғысын бөлісетінін, өйткені Кеңес өкіметі 

кезінде  40  жылға  созылған  Семей дегі 

ядролық сынақтардың салда ры нан Қазақ­

стан  да  орасан  нәубетті  бастан  кешке нін 

айтып өтті. Осы орайда Мем лекеттік хатшы 

Қазақстан  Президенті  Нұр сұлтан  Назар­

баев тарапынан тамыздың 29­ын ядро лық 

сынаққа  қарсы  күрес  күні  деп  жариялау 

бастамасы көтерілгенін еске салып өтті.

Өз кезегінде К.Окада Жапонияға атом 

бомбасы  тасталған  қасіретті  күнді  еске 

алғаны  үшін  Қ.Саудабаевқа  алғысын  біл­

дірді.


«1945  жылы  атом  бомбасын  адам­

зат  баласына  қарсы  қолдану  әрекеті  ең 

соңғысы  болуы  тиіс.  Мұндай  қайғылы 

оқиға  енді  Жер  бетінде  қайталанбауы 

қажет.  Ядролық  жарылыстардан  зардап 

шеккен  мемлекеттер  ретінде  мұндай 

қарудан еркін әлемді құру үшін біз күш­

жігерімізді біріктіріп, бұл бағытта бірлесе 

ынтымақтасуымыз қажет», – деді Жапо­

ния сыртқы істер министрі.

Естеріңізге  сала  кетейік,  1945  жылы 

тамыздың 6­сы күні Жапонияның Хиро­

си ма  және  тамыздың  9­ы  күні  Нагасаки 

қала ларында  атом  бомбасы  жарылған 

еді.

Қазақстан мен Жапония ядролық қарудан еркін әлем құру 

үшін бірлесіп ынтымақтасуы қажет. Бұл туралы кеше Астанада Қр 

Мемлекеттік хатшысы-сыртқы істер министрі Қанат Саудабаевпен 

кездесуі кезінде Жапонияның сыртқы істер министрі Кацуя Окада 

мәлім етті.

Биыл  12  тамыз  да  жастар  үшін  ерек­

ше  болмақ.  Себебі  БҰҰ  осы  күні  2011 

жылдың  12  тамызына  дейін  жалғасатын 

Халықаралық  жастар  жылының  ресми 

басталуын  жариялайды.  Жастар  жылы 

өз  алдына  «Диалог  және  өзара  түсінуші­

лік»  бағдарламасын  басшылыққа  ала 

отырып,  Мыңжылдық  декларациясында 

бе кі тілген  ұрпақтар  арасындағы  қарым­

қатынас,  бейбітшілік  пен  бостандық,  ын­

ты мақтастықты  дамыту  міндеттерін  қоя­

ды.  БҰҰ  жастар  жөніндегі  бағдарлама 

жетек шісі  Никола  Шеферд  «осы  жыл дың 

жастарға  деген,  жастардың  өз  қабілет­

терін дамытуға және бүкіл әлемнің жас тар 

ұйымдарының  ынтымақтастығын  нығай­

туға зор мүмкіндік береді» дейді.

Осы  орайда  Қазақстан  жастары  да 

әлемдік  интеграциялық  үрдістерден  тыс 

қалмайды.  Бүгінде  аймақтық,  халық ара­

лық  жастар  ұйымдарының  белді  мү шесі 

болып қана қоймай, өз Отанымызда да ірі 

халықаралық жастар форумы мен конфе­

ренцияларды ұйымдастырып жатыр.

Жастар қазіргі қоғамның жетекші күші 

ретінде еліміздің дамуы үшін жауапты екені 

мәлім. Еліміздің тарихы мен мәдениетінің 

тағдыры,  дамуы  мен  модернизация­

лануы,  жалпы  бүгіні  мен  ертеңі  де  бізге 

байланысты.  Біз,  жастар,  өз  бойымызда 

басқа  ешбір  топта  кездеспейтін  қабілет 

пен  қоғамда  басқа  ешбір  топ  орындай 

алмайтын  қызмет  атқарамыз.  Басқаша 

айтсақ,  қоғамның  маңызды  әлеуметтік 

стратегиялық  ресурсы  болып  табыла­

мыз, сондықтан да Қазақстанның тұрақты 

әлеуметтік­экономикалық  дамуы  білімді, 

ақыл­ойы терең жастардың қолында.

Жастар  –  жаңашылдықтың  жаршы­

сы.  Сондықтан  болар  ғылым,  техника, 

білім  мен  мәдениеттегі  жаңашыл  ре­

формаларды  қоғам  дамуының  негізі  деп 

қабылдайды.  Осыны  ескере  мемлекет  те 

жастардың  бастамаларын  қолдау  үшін 

түрлі  іс­шаралар  атқарады.  Мемлекеттік 

жастар  саясатында  жас  ұрпақтың  эконо­

микалық,  мәдени,  әлеуметтік,  интел лек­

туалдық,  инновациялық  әлеуетін  да мы­

туға  бағытталған  нақты  шаралар  жүйе сі 

көрсетілген. 

Елбасы  жариялаған  стратегияның  жү­

зеге  асуы  осы  үрдіске  белсенді,  мақсат­

кер,  жаңашыл  ойлайтын  жастардың  қаты­

суынсыз  мүмкін  емес.  Елімізде  ғылым  мен 

техниканың соңғы жетістіктерін насихаттай­

тын жүйелі жұмыс жүргізу керек. Мұнда ин­

теллект, шығармашылық және табыс – бас­

ты құндылықтар болып табылады.

Бүгінгі  күннің  талабына  айналған 

инновациялық  зерттеулерді  жүзеге  асы­

руды  мемлекет  басшысы  жоғары  оқу 

орындарының еншісіне қалдырды. Жастар 

үшін  зор  мүмкіндік  беретін  еліміздің  бас 

қаласында  ашылатын  Н.Ә.Назарбаев 

атындағы университеттің ірі ғылыми орта­

лыққа  айналу  керектігін  айтты.  Елімізге 

заман ның  озық  жоғары  технологияла­

рын  жетiк  меңгерумен  қатар  елiмiзде 

индустриялық  дамудың  ақпараттық  өр­

кен деуiне  белсендi  әрi  қабiлеттi,  патриот, 

рухы  жоғары  интеллектуалдық  ұрпақ  пен 

инженерлі  элитаның  толқынын  қалып­

тастыру қажет. 

Қашан  да  болсын  қоғамның  негізгі 

қозғаушы  күші  және  жаңалықтың  жар­

шысы  –  жастар.  Сондықтан  да  еліміздегі 

болып  жатқан  жаңарулар  мен  қоғамдық 

өзгерістер жастардың назарынан тыс қал­

майды. «Кез келген ел өз келешегін бола­

шақ  ұрпағымен  байланыстырады.  Тәуел­

сіз  еліміз  іргесінің  берік  болуы  білімді 

мамандардың, отаншыл, ұлтжанды, руха­

ни  дүниесі  кең  азаматтардың  қолында», 

–  деп  Елбасы  жастарға  зор  сенім  артады. 

Еліміздің  әрбір  азаматы  басты  байлы­

ғымыздың  Тәуелсіз  Қазақстан  екенін 

әрдайым  естен  шығармауы  тиіс.  Қоғамы­

мыз дың  тұрақтылығын  сақтау,  Қазақстан 

халқының бірлігін нығайту, ұлттық келі сімді 

насихаттау  –  бүкіл  Қазақстан  хал қының 

міндеті. Себебі бірлігі жарасқан елдің ғана 

экономикалық әлеуеті мықты болмақ. 



  1   2   3   4   5   6


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал